Инфоурок Литература Научные работы"Елбасы және тарих" тақырыбында 7 сынып оқушысы Қарынбав Алдиярдың ғылыми жобасы

"Елбасы және тарих" тақырыбында 7 сынып оқушысы Қарынбав Алдиярдың ғылыми жобасы

Скачать материал

                                      Қызылорда облысы  Шиелі ауданы

                              Шеген Қодаманов ауылы №158 орта мектебі

 

 

 

    Ғылыми жоба

     Тақырыбы: «Елбасы және тарих»

 

 

 

 

 

                                      Авторы: 7 «Ә» сынып оқушысы Қарынбаев Алдияр

                                     Жетекшісі: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  

                                             Кетепова Жаухар Қобланбекқызы

 

 

 

 

 

 

                                             

                                            2020-2021 оқу жылы

Тақырыбы: «Елбасы және тарих»

Сыныбы: 7 «Ә »

Мектебі: Қызылорда облысы Шиелі ауданы 158 орта мектебі

Авторы: Қарынбаев Алдияр Кенжебайұлы

Жетекшісі: Кетепова Жаухар Қобланбекқызы

 

Мазмұны

Кіріспе

1. Н.Ә. Назарбаев- көшбасшы

Негізгі бөлім

1.1 Өмір жолы-өнеге (Елбасының елі үшін жасаған істері және өмірі)

1.2  Елбасына деген құрмет сезімі

1.3  Тұңғыш Президент – Елбасының Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан  Республикасының тәуелсіздігін қалыптастырудағы маңызды рөлі.

1.4 Астана –Тәуелсіздік нышаны. ЭКСПО-2017 көрмесі

Қорытынды

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

Аннотация

Н. Назарбаев — түп атасынан, арғы тегінен батырлық үзілмеген, қазақ тарихында қолбасшылығымен, билігімен, шешендігімен өшпестей із қалдырған қайраткерлердің ұрпағы. Бабалары — еңсегей бойлы Есімханның туын ұстаған қолбасшы Қарасай батыр, Қарасайұлы Көшек батыр, Назарбай би. Әкесі Әбіш пен анасы Әлжанның тұла бойы тұңғышы, әулиеге түнеп жүріп, Құдайдан тілеп алған баласы. Ол ел тізгінін алмағайып, аумалы-төкпелі, ең қиын кезеңде қолына алды. Тарихтың да, тағдырдың да сынынан абыроймен өтіп, халқын да қыл көпірден, жанып тұрған өрттен аман алып шықты. Азаматтың теңдесі жоқ осы қаһармандығын, даналығын кейінгі ұрпақтың келешекке аңыз етіп жеткізетіндігінде еш күмән жоқ. Тарихқа есесі кеткен халқымыздың бүгінгі тағдыры туралы ойлау — Президентіміз туралы ойлаумен сабақтас. Бағы тайған қазақтың есесін қайтарып, қабырғалы ел етіп, осыншама құдіретті жасап беріп отырған Елбасының кемеңгерлігі туралы қалай айтсақ та жарасады.

 

Annotation

President heroic grandfather original ancestors, unbroken rule in the history of the Kazakh command, figures left an indelible mark on generations of eloquence. Fathers - to keep the flag of eñsegey height Esimkhan commander on Karasay St., Qarasayulı Koshek, taking into account the dance. For his father and mother Alzhan painful Abish's firstborn son was begging God Saints were going to spend the night. Almağayıp the reins of the country, troublesome, the most difficult period of his hands. The advantage stood the test of history and destiny, and people make the bridge of his burning fire. Citizen unprecedented heroism, wisdom, there is no doubt get to the next generation of future legend. Thinking about the fate of the people who today make amends for the history associated with the president's thinking. Kazakh revenge for departing from the garden, walls, and talk about how the President who has made such a powerful wisdom in the face.

 

Кіріспе

Жұмыстың мақсаты:

1. Оқушылардың ғылыми жобаға қызықтырушылығын арттыру

2. Шығармашылық қабілетін таныту және дамыту

3. Ғылыми ізденудің әдістерін оқыту

Зерттеу жұмыстарының міндеттері:

 

1. Елбасымыздың Қазақстан үшін жасаған еңбегін үлгі ету

2. Қазақстанның  даму тұтастығы

3. Елбасы қызметі

Ғылыми жұмыстың мәселесі: Елбасымыз Н.Ә Назарбаевтың көрегенділігін елге таныту.

Ғылыми жұмыстың гипотезасы: Елбасымыз Н.Ә Назарбаев жайлы  мағлұмат беретін дерек көздеріне сүйеніп, терең зерттеулер жүргізілгенде, ол туралы сізге осы күнге дейін белгісіз болып келген қырлары жөнінде ой қорытуға болады.

Бұл ғылыми жұмыстың гипотезасы мынандай міндеттерді қояды.

Зерттеу әдісі: 

1. Н.Ә Назарбаев жайлы мәлімет беретін беретін зерттеулерге ғылыми жұмыстарға шолу жасау.

2. Ізденіс денгейіне түсінік беру.

Ғылыми жұмыстың жаңалығы: Елбасымыздың өмір жолының тың парақтары. Қазақстанның  көркейіп өсуі, аз уақыт аралығында дүниежүзіне әйгілі болуы, жаңа құрылыстардың күнсайын бой көтеруі. Астана қаласының құрылуы.

Зерттеу жүргізу кезі: 

Кіріспе

1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды. Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын». Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Нұрсұлтанның анасы Әлжан Мырзабаланың балалары мен келіндеріне ақыл-кеңес беріп, халықтың байырғы дәстүрлері мен жоралғылары туралы әңгімелейтінін, немересі Нұрсұлтанның тәрбиесіне аса белсеніп кіріскенін еске алады. Мырзабаланың ұлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.Назарбаевтың анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді. Иә, расымен де бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздікке дейін қазақ халқы қандай еді? Қаншама сыртқы жаудың шапқыншылығы, «Елім-жерім» деген жан дауыстың , қасық қандарын қиып, ел үшін жанын пида еткен ата-бабаларымыздың тәуелсіздік үшін күресі, онан бертін келе азаттық жолындағы зиялы қауымдарымыздың күресі. Болашақтан үмітін үзбеген аға ұрпақ тағдырлары қаншама рет тағдыр таразысына түсіп, қыл үстінде тұрса да «құт дарып, қыдыр қонған» туған жерді көздің қарашығындай сақтай білді. Міне, бұл тарих. Сол бабалар аңсаған тәуелсіздік таңы атты. «Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттерінің: қатер төнген сәтте бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ басқа халықтармен бейбітшілік, келісім мен тату көршілік жағдайында тұруға деген ынты-ықыласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің мемлекеттігін қалпына келтіре алды»,-деп Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, Қазақ халқының тәуелсіздік үшін көп ғасырлық күрес жолында ұлы жеңістерін бағалаймыз. Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еңбегінің арқасы деп айтсам қателеспейміз. Бүгінгі менің жұмысымда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  қазақ халқына жасаған қажырлы еңбегін дәріптеу. Тәуелсіздігімізді алып, егемендігімізді бекіткеннен кейінгі еліміздің дамуы, оның әлем алдындағы беделінің өсуі қазақ ұлтының үлес-сал­ма­ғының артуы, қазақ тілінің қол­даныс аумағының кеңеюі, ілім-білім іздеймін деген адамға туған кең мүмкіндіктердің болуы бұл алдымен  Тұңғыш Президентіміздің еңбегінің арқасы.

 ІІ. Негізгі бөлім. 1. Н.Ә. Назарбаев көшбасшы

    Нұрсұлтан Назарбаев – тәуелсіз мемлекеттің негізін қалап, оның өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан біртуар тұлға, экономиканы қарқынды дамыту мен халықтың әл-ауқатын арттыруда айрықша табыстарға қол жеткізген кемел көшбасшыға айналды. Ол – бабаларымыздан  келе жатқан ұлы арман – тәуелсіздігімізді  тұғырлы ету жолындағы қиын белестерден халқын аман алып өтіп, тарих төрінен өз орнын алды. Қаншама қиын  көштерден өтіп, нәубетті жылдарды артқа тастап, өткен ғасырдың аяғына қазаққа бақ дарығанда, көшбасшылық тізгінді Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз қолына алды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап елдің әл—ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар атқарылды. Экономикалық-әлеуметтік және саяси қиыншылықтарды еңсере білген қазақ елі әлем мойындаған мемлекеттер қатарына қосылды. Небір ұлы көштерден өтіп, нәубетті жылдарды артқа тастап, өткен ғасырдың аяғына қазаққа бақ дарығанда, көшбасшылық тізгінді Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз қолына алды. Еліміздің саяси өмірі жаңартылып, түбегейлі өзгерістер жасалды. Мемлекеттіліктің барлық институттары құрылып, экономикамыз нарықтық жолға түсті. Халықтың әл-ауқаты жаңа деңгейге көтерілді, әлеуметтік салада жаңа асулар бағындырылды. Мемлекеттік шекарамыз айқындалып, елдің тұтастығы, жердің бүтіндігі қамтамасыз етілді. Елбасының көрегендігі мен ерік-жігерінің нәтижесінде Қазақстан әлемде тұңғыш рет ядролық қарудан бас тартып, Семей сынақ полигонын жабуы бүкіл дүниежүзінің назарын өзіне еріксіз аударған болатын. Осы бір батыл қадамның нәтижесінде мемлекетіміздің тәуелсіздігінің қауіпсіздігіне әлемнің іргелі мемлекеттері кепілдік берді.  Әлем елдерімен терезесі тең тәуелсіз мемлекет құрып, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы ұлы арманы мен мақсаты орындалды. Ішкі тұрақтылық қалыптасқаннан кейін Ел Президенті сыртқы саясатқа да қыруар істер атқарды. Елбасы Н.Назарбаев әлемдік экономикалық және саяси жүйеге белсенді кірігіп келе жатқан ірі, қарқынды дамып келе жатқан, болашағы зор мемлекеттің әлем қауымдастығы мойындаған көсемі саналады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы АҚШ конгрессмені Крис Кэннон былай деген еді: «Мен жас Қазақстанның дамуын үлкен ықылас қоя қадағалап жүрмін, 1991 жылы бұрынғы Кеңес Одағынан тәуелсіздік алған сәтінен бастап, бұл ел таңғаларлық саяси және экономикалық жаңғыруларды басынан кешірді. Қазақстан қарыштап алға басып келеді, әрі дұрыс бағытта келе жатыр. Қазақстан қалыптасты, бұған оның басшысы Н.Назарбаевтың сіңірген еңбегі үлкен. Мен Қазақстан табыстарының сәулетшісі Президент Н.Назарбаевтың саяси көрегендігін жоғары бағалаймын, ол айтылып жатқан сындарға қарамастан, елін қуатты экономикалық мемлекеттердің қатарына қосып, бұрынғыдан да ауқымды саяси реформалар жасауға кірісті». Біздің Елбасымыздың бүкіл еңбегі осы бірнеше жолда тамаша көрініс тапқан сияқты. Халықаралық қауымдастық тұтас, әлемнің ірі мемлекеттік қайраткерлері жекелей алғанда Елбасы Н.Назарбаевты тең құқылы, өзіндік беделі бар, жағдайға өз көзқарасы бар әріптес ретінде бағалайды. Ақ білектің күшімен асыл ерлеріміз қорғап қалған дархан даламызда шекарамыздың заңды түрде қазығы қайта қағылып, төрт бұрышымызды түгендеп алдық. ТМД, БҰҰ, ШЫҰ т.б. халықаралық беделді ұйымдарға мүше болу арқылы мемлекетіміздің әлемдік аренадағы саяси салмағы артты. Тұңғыш Президент өзінің бүкіл ғұмырын Қазақстан халқына арнады, ол Қазақстанды үшінші әлем елдері қатарынан Азия әлемінің көшбасшылығына алып шықты. Елбасы Жарлығымен жер бетіндегі ең үлкен ядролық сынақ алаңдарының бірі – Семей полигоны жабылды.40 жыл бойы 500-ге жуық ядролық жарылыс жасалған полигонның үні біржола өшті. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Семей ядролық сынақ полигоны жабылған болатын. Кейін тағы да сол Қазақ көшбасшысының бастамасымен БҰҰ бұл күнді «Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні» ретінде белгіледі. Тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап Қазақстан ядролық қауіпсіздік саласындағы бастамаларға белсенді түрде қатысып, қарусыздану және ядролық қаруды таратпау саласында жүйелі әрі жауапты саясат жүргізіп келеді. Бұрынғы Кеңес Одағының құрамында болған уақытқа қарамастан, 1991 жылғы 29 тамызда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі ең ірі Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды. Осылайша, халқымыз тәуелсіздік таңы атар сәтте бейбітшілік жолын таңдайтынын барша әлемге паш етті. Бұл Қазақстанның жаһандық қауіпсіздік көшін бастаған теңдессіз қадамдарының бастауы болды. Қазақстан ширек ғасырдан бері тұтас жер беті бейбітшілікке бөленуі үшін бар күш-жігерін салып келеді. Біз қуаты жөнінен әлемде төртінші орын алатын ядролық қарудан өз еркімізбен бас тарттық. Әлемдік қауіпсіздікті нығайту жолында көптеген тың бастамалар көтердік. Сондықтан осы мәселеге бастама болған Елбасы Н.Назарбаев – ХХІ ғасырдағы кедергілер мен қауіп-қатерді жоюға бағытталған көсем. Президент Назарбаевтың тұсында Қазақстанда жоғарғы заң шығарушы орган - парламент бірнеше рет таратылды. Парламентті кезекті рет таратқан соң, 1995 жылдың наурыз айынан 1996 жылдың қаңтарына дейін президент Назарбаев заң шығару өкілетін өзіне алып, заң күші, тіпті, конституциялық заң күші бар ондаған жарлық шығарды. Осы кезеңде Қазақстанда Негізгі заң қайта жазылып,            1995 жылы 30 тамыз күні бүкілхалықтық референдум арқылы жаңа Конституция қабылданды. Тәуелсіз Қазақстанға халықаралық деңгейдегі сапалы білімі бар кәсіби кадрлар өте қажет болды. Ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан бастап Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы экономикамен бірге білім және ғылым саласын дамытуға айрықша көңіл бөліп келеді. 1993 жылдан бері қабылданған «Болашақ» стипендиясы дүниежүзіне танылды.Қазақстандық жастар 13 мың жастың шетелде білім алуына жағдай жасап, олардың заман талабына сай білікті маман болуына жол ашылды. Бүгінгі таңда еліміздің білім жүйесі жаңа заманға лайық әрі халықаралық стандартқа сәйкес  жетіліп келеді және оның отандық үлгісі қалыптасуда десек, мұнда Елбасы Н.Назарбаевтың инновациялық ой-тұжырымдары мен тікелей қамқорлығының маңызы зор болғанын атап өтуіміз қажет. Жас ұрпақ тәрбиесі, білімі, олардың басқа да мәселелері-Елбасы назарынан тыс қалған емес. Қоғамды рухани, патриоттық тәрбиелеу ісіне, ұлттық тарих пен тілді, мәдени дәстүрді сақтап,оның жаңа қырларын ашуға Елбасының тынымсыз назар аударуы үлкен жасампаздық жолға бастайды. Білім саласында жаңа серпіліс Елбасының «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты дәрісі. Бұл дәрістің негізгі мақсаттарының бірі Қазақстанда беріліп жатқан білім сапасын арттыру болып табылады. Кез келген елдің ұлттық бәсекелестікке қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады. Сондықтан да «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» демекші жастарымыз мыңды жығатын білімді болу керек деді. «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін қадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз. Демек, барлық деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған тиісті шаралар қолдануымыз шарт». Бүгінде Президенттің осы тапсырмасын ұстанған еліміздің білім саясаты әлемдік аренадан өз орнын нақтылауда. Себебі білімді де білікті маман-кадрлар экономиканы қарқынды дамытуда маңызды ресурс болып табылады. Республиканың саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өмірінде болған аса маңызды өзгерістерге басшылық жасады. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті, "Елбасы" мәртебесінің иегері, "Нұр Отан" партиясының төрағасы, ҚР Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы, Қазақтардың дүниежүзілік қауымдастығының төрағасы, Назарбаев Университеті Жоғарғы қамқоршылық кеңесінің төрағасы. Экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі. Құрметті профессор және бірқатар шетелдік және отандық университеттің құрметті докторы. Көптеген кітап пен ғылыми мақала авторы. Қазақстанда Назарбаевтың кітаптарына арналған көрмелер, ғылыми-практикалық жиындар, байқаулар мен тағы да басқа көптеген шаралар тұрақты өткізіліп тұрады. Сонымен бірге, тұңғыш президент ән шығарған, тіпті Қазақстанның мемлекеттік әнұранына да өлең жолдарын жазған автор ретінде аталады. Қазақстанда елдің тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атында универститет пен зияткерлік мектептер, бірнеше қор, мұражайлар, саябақтар мен тарихи-мәдени орталықтар жұмыс істейді .Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша Астана «Бейбітшілік қаласы» атағына ие болды. 2000 жылдан бастап Қазақстанның басты қаласы астаналар мен ірі қалалардың Халықаралық Ассамблеясының мүшесі болып табылады. 2019 жылғы 23 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта аталды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Отаны мен халқы үшін бар ынта-ықыласын салып, адал қызмет етудің нышанына айналды. Барша қазақстандықтар Тұңғыш Президентті Елбасы деп атап кетті.Осы ұғымның мән-мағынасы-жаңа мемлекетті құрып, қазақ халқының ұзақ ғасырлар бойғы арманын орындағаны, әлемнің жетекші елдерімен терезесін теңестірген тәуелсіз Қазақстанның жаңа буынын тәрбиелеп өсіргені үшін халқымыздың Н.Ә.Назарбаевқа деген үлкен сүйіспеншілігі ризашылығы деп білеміз.
Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қызметі және оның Қазақстан тарихындағы рөлінің санқырлылығы соншалық, оның елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік негіздерін құрудағы үлесін жарқын бейнелеп көрсетті. Елбасы арқасында біздің еліміз бар жоғы екі онжылдықта кеңестік экономикалық жүйенің жай ғана қосымшасынан-халықаралық сахнада өзін-өзі көрсете білген, қарқынды дамып келе жатқан тәуелсіз мемлекетке айналды. Барлық сөзі мен барша іс-әрекет, халық қамы, ұлт мүддесіне қызмет ететін Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев-Ұлы Тұлға! Елбасы «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының ІІ сьезінде сөйлеген сөзінде: «Мәңгілік-байлық-білім, ең басты бақытымыз - Тәуелсіздік!» - деген еді. Дүниежүзілік экономикалық форум мәліметтеріне жүгінсек, соңғы бір жылда Қазақстан 21 сатыға көтеріліп, 51-орынға табан тіреді. Түрік Республикасының бұрынғы Президентті Абдулла Гүл де: «Әр келгенімде гүлдене түскеніне куә болып жүрген Астана қаласы-Қазақстанның динамизмі мен Президент Назарбаев мырзаның көргенділігін бейнелейтін ең үлкен туынды»-деп ішкі сырын ақтарып еді.
Біз бүгінгі жобамызда осы тарихы айтылған жас Астананың бастамашысы елбасымыз жайлы және әсем қала жайлы сөз қозғаймыз. Н.Назарбаев – түп атасынан, арғы тегінен батырлық үзілмеген, қазақ тарихында қолбасшылығымен, билігімен, шешендігімен өшпестей із қалдырған қайраткерлердің ұрпағы. Бабалары – еңсегей бойлы Есімханның туын ұстаған қолбасшы Қарасай батыр, Қарасайұлы Көшек батыр, Назарбай би. Әкесі Әбіш пен анасы Әлжанның тұла бойы тұңғышы, әулиеге түнеп жүріп, Құдайдан тілеп алған баласы. Ол ел тізгінін алмағайып, аумалы-төкпелі, ең қиын кезеңде қолына алды. Тарихтың да, тағдырдың да сынынан абыроймен өтіп, халқын да қыл көпірден, жанып тұрған өрттен аман алып шықты. Азаматтың теңдесі жоқ осы қаһармандығын, даналығын кейінгі ұрпақтың келешекке аңыз етіп жеткізетіндігінде еш күмән жоқ. Тарихқа есесі кеткен халқымыздың бүгінгі тағдыры туралы ойлау – Президентіміз туралы ойлаумен сабақтас. Бағы тайған қазақтың есесін қайтарып, қабырғалы ел етіп, осыншама құдіретті жасап беріп отырған Елбасының кемеңгерлігі туралы қалай айтсақ та жарасады. Елбасын көп ретте Абылай ханмен салыстырып та жатады. Сөз жоқ, Алаштың айбыны болған Абылай халық жадында, ел тарихында мәңгілік қалады. Дана қайраткер, кемел тұлғаның: “Үш жүздің басын қоссам, қала салсам, сөйтіп көшіп-қонған жұртымды ел етсем” деген арманы асқақ болатын. Абылайдың да сол арманын жүзеге асырған, аманатқа адал болған адам — тағы да сол Нұрсұлтан Назарбаев. “Тымақ — төбесінен, ел төресінен тозады” дейді халық. Құдайға шүкір, қазақтың тымағы бүтін, төресі төрінде.    Н. Назарбаев ешқашан халқына жалған уәде берген жоқ, ақиқаттан айныған емес. Оны халқы бағалады. Астананы көшіргенде де халқы қолдады, қазір де қолдап отыр. Енді осы жаңа Астанаға қалай жеткеніміз туралы шолу айтып кетейік. Шынында да, Астана-біздің мақтанышымызға айналды. Бұл қала Елбасының «өз туындысы» және орындалған арманы. Астана тәуелсіз Қазақстанның брендіне айналды, біздің болашақтағы таңқаларлық жетістіктеріміз бен ұмтылысымыздың символы. Елбасының саяси жігері мен көрегендігі болмағанда, қазақтың кең даласында салынған тамаша қала да болмас еді. Астана келбеті-ұлт келбеті,мемлекет дидары, халық мерейі.Есілдің жағасын ел жайлады, атының басын қазыққа байлады. Елбасы Астананы көтерді,Астана Елбасыны абыройға бөледі. Егер, сол жеке тұлғаның болмыс –табиғатына Тәңірі – шебер айырықша қабілет пен қасиет дарытса, ол қабілет қасиет тек қана жасампаздыққа, тек қана биік мұраттарға бағышталатын болса, ондай тұлға өз өмірін ғана мазмұн-мағынаға кенелтіп қоймайды, ең бастысы ,өзі ғұмыр кешкен қоғамы мен уақытын да сәулелендіріп,оның мерейін өсіріп,мәртебесін биіктететін болады. Осындай жан -Н.Ә.Назарбаев.
«Сендердің бүгіндерің мен ертеңіңнің қамы әрқашан менің саясатымның мәні болып келді» -деп Н.Ә.Назарбаев «Жас Отан» жастар қанатының ІІ сьезінде. Бұл-Елбасының жастарға деген көзқарасының айқын белгісі. Н.Ә.Назарбаевтың есімі инновациялар тұрғысынан алдыңғы қатарлы білім беру жобасы –Назарбаев Университеті иеленді. Бұл жоба ел Президентінің нұсқауларына сәйкес «Қазақстандық ұқсастық, үздік халықаралық білім беру моделі, ғылыми тәжірибені» үйлесімді байланысатын ұлттық брендке айналды.

Астана ЭКСПО-2017

Экспо-2017 иесі 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Астана үшін ХКБ-ның 103 мүше-мемлекеті дауыс берген, ал бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинады.Экспо 2017 — Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылатын Халықаралық көрме. Көрме 2017 жылдың 10 маусым мен 10 қыркүйек дейін аралығында өтті.  ЭКСПО бүкіл әлемнің интеллектуалдық және технологиялық әлеуетін көрсетуге зор мүмкіндік берді. Мұнда жаңартылатын энергия көздері саласындағы 140-қа жуық ғылыми жаңалық көпшілік назарына ұсыныды, — деді Президент. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті ЭКСПО аясында қазіргі заманғы энергетикалық саясаттың басымдылықтары жөнінде жаһандық диалог ұйымдастырылғанын және энергетика мен экология саласындағы заманауи проблемаларды шешуге арналған ұсынымдар әзірленгенін атап өтті. ЭКСПО көрмесін өткізу арқылы біздің ел “жасыл” технологияларды дамыту идеясына берік екенін тағы да дәлелдей түсті. Жалпы,біздің көрме “таза энергетиканы” жаһандық деңгейде дамытуға айрықша үлес қосатынына сенімдімін,-деді мемлекет басшысы. Сонымен бірге, Н.Назарбаев ЭКСПО инфрақұрылымын көрмеден кейін пайдалану жоспары жөнінде ой бөлісті. -“Нұр Әлем” және көрме тақырыбы көрініс тапқан басқа да бірқатар павильондар “ЭКСПО мұрасы” ретінде сақаталады. Көрменің аяқталуы бірнеше ауқымды жаңа жобаларды бастауға мүмкіндік береді .Ең алдымен,мұнда “Астана” халықаралық қаржы орталығы орналасады. Ол қаржы хабына,инвестиция тартатын орталыққа айналып, халықаралық қаржы жүйесінде лайықты орынға ие болуға тиіс, — деді ҚР Президенті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы “жасыл” технологиялар мен инвестициядарды дамыту жөніндегі халықаралық орталықты және IT-стартаптар халықаралық технопаркін құруға арналған жобаларға тоқталды. — “ЭКСПО” көрме кешені толығымен тнновациялық және орнықты дамудың мақсаттарына одан әрі қызмет етеін болады. Баршаңызды жаңа орталықтардың жұмысына белсенді атсалысуға шақырамын, — деді Нұрсұлтан Назарбаев. Соңында Қазақстан Президенті көрмені өткізуге үлекс қосқандардың бәріне алғыс айтып, келген қонақтарға ерекше ризашылыған білдірді. — Осымен халықаралық “ЭКСПО-2017” мамандандырылған көрмесін жабық деп жариялаймын! Оның идеясының толығымен жүзеге асуына қолдау көрсеткен Қазақстан халқына ризашылығымды білідремін.Көрменің сәтті өтуіне мыңдаған адам атсалысып, еңбек етті. Баршаңызға Қазақ жеріндегі айтулы шараға белсене қатысқандарыңыз үшін алғыс айтамын,-деді Мемлекет басшысы. 2012 жылғы 26 қарашада Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» №436 Жарлыққа қол қойды.2012 жылғы 26 қарашада Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» №436 Жарлыққа қол қойды.

Қорытынды

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматты  білмейтін адам баласы жоқ. Алты жастағы баладан алпыс жастағы қартта амандығын тілеп, тілеулес болып отырады.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1 желтоқсанды «Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Күні» ретінде атап өтетін заңға қол қойды. Оған сай 1 желтоқсан енді мемлекеттік ресми мерекелер қатарына енеді. Бұл біздің үлкен қуанышымыз, үлкен жетістіктеріміздің бірі.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алды. 1991 жыл 1 желтоқсан ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАНДЫ.

Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып – «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын.

Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.  Менің Отаным –ҚАЗАҚСТАН. Тәуелсіздік елімізде салтанат құрған береке-бірліктің, достық пен ынтымақтың айғағы.

1991 жылы 16-желтоқсанда Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев қол қойған Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданды. Тәуелсіз мемлекет болды.

Тәуелсіз мемлекеттің тұңғыш Президенті сайланды. Ол Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Тұңғыш Президенттің тәуелсіз елдің іргетасын қалап, шаңырағын көтерген, баржоғын түгендеп, іргесін кеңейткен, оны әлем елдері мойындаған мемлекетке айналдырған, онымен санасуға мәжбүр еткен қолтаңбасы, қабылдаған тарихи шешімдері, ұстанған саясаты, өзіндік дара жолы ел тарихында алтын әріптермен жазылуда. Жасы, қарқындап дамып келе жатқан тәуелсіз мемлекеттің ұлттық мүдделері мен әлем дамуының жаһандық үрдістері арасынан тең байланыс орнатты. Қуатты Қазақстанды құрып, елді алдыңғы қатардағы мемлекеттер сапына қосудың ұзақ мерзімді жоспарын ұсынған Елбасы Н.Ә.Назарбаев қазақ халқының тәуелсіз, тұрақты және беделді мемлекет құру жөніндегі ғасырлар бойғы арманын жүзеге асырды. Қазақстанның дамуының негізгі бағыттарын анықтаған Тұңғыш Президент қазақстандықтардың ертеңгі күнге деген сенімінің негізін қалады. Қазақстан мемлекетінің жетістігі де – осы. Елдің елдігі мен жердің тұтастығын сақтап қалу, болашақ ұрпаққа атабаба мұрасын мирас ету жолында жүргізілген Ұлт Көшбасшысының салмақты саясатының жемісі әркез жоғары құрметке лайық. Нұрсұлтан Әбішұлы — ұлттың көшбасшысы. Көріпкелі. Ұлт намысының қамшыгері.Қазір әлемдік саясатты игеруде, экономиканы еңсеруде, өз халқының тарихын, тілін, мәдениетін білуде Президентке тең келетін адам жоқ. Еуразия кіндігінде ұлт пен ұлысты сүттей ұйытып, күнбе-күн келісім мен жарасым шамшырағын жағып отырған қарқарадай Президентіміздің еңбегі. Н.Назарбаев — адамзат тарихын терең білетін, замана ағымын жіті ойлайтын, әлемнің озық тәжірибесін ұтымды пайдаланып, ата-бабадан қалған асыл өнегені әдемі ұштастырып келе жатқан стратег, тәуелсіздік заманының бірнеше ұрпағын өсіріп келе жатқан тәлімгер. Назарбаев — әлем мойындаған, жаһанға атағы жеткен, жер жаһанға сөзі өтіп, айтқанын істетіп отырған бүгінгі заманның лидері; тумысынан кие дарыған қайраткер; табанды күрескер; гуманист, туған халқының Бәйтерегі, Көсемі, Кемеңгері. Елінің аманатын арқалаған тірегі, алтын діңгегі. Көк түрктің кіндігінен жаралғандардың ішінен озып туғаны да, түрк тектес халықтардың лидері де – Н.Назарбаев. Осы бетімізден таймай көптеген жетістіктерге жете берейік! Болашағымыз-бірлікте!

      Пайдалынылған әдебиеттер тізімі.

1.Н.Ә Назарбаев  «Қазақстан жолы» кітабынан «Жаңа дәуірдің Жаңа Астанасы» 2007 ж, 335 бет.
2. Н.Ә Назарбаев  «Қазақстан жолы» кітабынан «Қазақстанның астанасын ауыстыру туралы шешімнің қабылдануы» , 2009 ж, 337 бет.
3. Н.Ә Назарбаев  «Еуразия жүрегінде» кітабынан, 2009 ж 26 бет
4. Н.Ә Назарбаев  «Еуразия жүрегінде» кітабынан, 2009 ж 122 бет
5.Интернет
желісі.
6. Суреттер интернет желісінен алынды
.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Елбасы және тарих" тақырыбында 7 сынып оқушысы Қарынбав Алдиярдың ғылыми жобасы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Руководитель реабилитационного подразделения

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 643 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Сценарий литературной гостиной "Откинув бремя повседневности..."
  • Учебник: «Литература (в 2 частях)», Коровина В.Я., Журавлёв В.П., Збарский И.С. и др./ Под ред. Коровиной В.Я.
  • Тема: Литература XX века
Рейтинг: 5 из 5
  • 24.11.2020
  • 241
  • 1
«Литература (в 2 частях)», Коровина В.Я., Журавлёв В.П., Збарский И.С. и др./ Под ред. Коровиной В.Я.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.11.2020 958
    • DOCX 44.8 кбайт
    • 29 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кетепова Жаухар Кобланбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кетепова Жаухар Кобланбековна
    Кетепова Жаухар Кобланбековна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 3
    • Всего просмотров: 22230
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Кондитер: изготовление кондитерской продукции в организациях питания

72 ч.

1750 руб. 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Курс повышения квалификации

Профессиональные аспекты деятельности токаря 8-го разряда

72 ч.

1750 руб. 1050 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методы изучения национально-психологических особенностей и межнациональных отношений в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Мини-курс

Технологии и анализ в медиакоммуникациях

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методы и подходы проведения трекинга и менторства

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление техническими ресурсами и экономикой предприятия

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе