Инфоурок Физика Другие методич. материалыЭлектромагниттік сәулелінің адам ағзасына әсері

Электромагниттік сәулелінің адам ағзасына әсері

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ ДОКЛАД.docx

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

Техникалық физика және

жылуэнергетика кафедрасы

 

 

 

 

БАЯНДАМА

 

 

 

Тақырыбы: Электромагниттік сәулелердің адам ағзасына әсері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ғылыми жетекші: Жилгильдинов Ж:С

Орындағандар: Толықбаева Е., Калиева Ұ.

Тобы: ТФ-107


 

Электромагниттің сәулеленудің адам ағзасына әсері

 

Бұл тақырыптың өзектілігі: Қазіргі таңда қоршаған ортаны, адамдарды электромагниттік сәулелену көзі болып табылатын тұрмыстық техникаларсыз елестету  мүмкін емес. Бірақ та олардың адам ағзасына тигізіп жатқан әсері қаншалықты  екенін көбі біле бермейді...

Бүгінгі қоғамда адамдар радиотехникалық және радиоэлектроникалық  құрылғылардың электромагниттік желісі  құрамына кіріп, соның  қармауында қалып бара жатыр...

Кернеуі жоғары және өте жоғары қуатты электр беру желілері, көптеген қуатты жоғары радио- және теле- хабарлаушы станциялар, ғарыштық ретрансляторлар – осылардың барлығы дерлік электромагниттік өріс ықпалының әсері болып табылады.

Осынау өзекті мәселені шешудегі біздің мақсатымыз экранда көрсетілгендей:

·          Тұрмыстық техника және ұялы телефон шығаратын электромагниттік сәуленің адам ағзасына әсері мәселесін зерттеу;

·          Күннен-күнге белең алып келе жатқан электромагниттік сәулеленуден қорғану амалдарын қарастырып, оның ішінде Қазақстанда жүзеге асуы  мүмкін жолдарын сараптау және адамдар назарына ұсыну.

Ал осы мақсатты іске асыру үшін біз алдымызға келесідей міндеттер қойдық:

ü  Тұрмыстық техника және ұялы телефон шығаратын электромагниттік сәуленің адам ағзасына әсерін әдебиеттерден зерттеп тану;

ü  Студенттер арасында әлеуметтік сауалнамалар мен аталған тақырыпта талқылаулар жүргізу;

ü  осы қауіп жайлы адамдарға ақпарат беру және оның әсерін азайту тұрғысында барынша тиімді ұсыныстар келтіру.

Мақсат міндеттерімізді айқындап алдық, ал енді бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің біріне көшейік. Алдымен электромагниттік өрістің сәулеленудің адам ағзасына әсері туралы айтпас бұрын ең алдымен электромагниттің, электромагниттік өріс/сәулелену деген ұғымдарға тоқтала кетсек.

Электромагниттік өріс электр және магнит өрісінен құралады Ол толқын түрінде таралады.

:Электромагниттік сәулелену дегеніміз (электромагниттік толқын) – айнымалы электромагниттік өріс тербелістерінің кеңістікте таралуы (яғни магнит өрісі мен элект өрісінің бір-бірімен әсерлесуі).

Магнит өрісі дегеніміз өткізгіштердің электр тогымен өзара әрекеттесуі жүзеге асатын материяның түрі

Электр өрісі дегеніміз кез-келген зарядталған денелердің айналасында пайда болатын, материяның ерекше түрі

Электромагниттік сәулелену өзінің көріну жиілігіне қарай инфрақызыл, радиотолқын, көрінетін жарық, ультракүлгін сәулелер, рентгендік  және гамма сәулелері.

Электромагниттік сәулелену толқын ретінде таралатындықтан поляризация, толқын ұзындығы және жиілік оның негізгі параметрлері болып саналады.

Электромагниттік өріс кеңістіктің барлық бағытында 3*108 м/с жылдамдықпен электромагниттік толқын түрінде тарайды.

Жоғарыда айтылған анықтамалар мен ережелер бұл электромагниттік сәулеленудің физикадағы түсініктемелері.

Ал қоғамдағы, күнделікті біздің өміріміздегі электромагниттік сәулелену дегеніміз ол күні бойына көз алдымызда болатын тұрмыстық техникамен құралдар, қолымыздан түспейтін ұялы телефон және т.б.Сырт көзге байқалмаса да бұлар адам ағзасына белгілі бір мөлшерде зиян келтіруде.

 Дегенмен де бұл орайда жаңаша бір мәлімет бере кетсек:

Жердегі кез-келген ағза сияқты адамның денесінде  де өзіндік электромагниттік өріс болады, ол ағзаның барлық жасушаларының үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Адамның электромагниттік  сәулесін биоөріс (көрінетін бөлігі – аура) деп  атайды. Бұл өріс ағзаны кез-келген негативті әсерлерден қорғайтын негізгі қабықша болып табылады.

Адамның биоөрісі бұзылған жағдайда ағзамыздың мүшелері мен жүйелері кез-келген ауру факторының тууына жол береді. Егер бізге электромагниттік өрістен басқа сәулелену көздері әсер етсе, яғни біздің биоөрісімізден қарқындырақ, онда ағзамыз  бейберекет күйге тап болады. Бұл дегеніміз денсаулықтың   түбегейлі нашарлауының бастамасы.

Ғылыми деректерге:

Бірқатар елдерде жүргізілген клиникалық зерттеулер электромагнитік өріспен ұзақ уақыт ұштасу «радиотолқынды ауру» деген атқа ие аурудың дамуына алып келетінін көрсетті.  Бұл аурудың клиникалық сипаты, ең алдымен жүйке және жүрек-қантамырлары жүйесінің қызметі нашарлап, бастапқы күйінен ауытқиды. Ұзақ уақыт аралығында сәулелену аймағында болған адамдарда келесідей белгілер байқалады:

ü   Әлсіздік

ü   Ашуланғыштық

ü   Тез шаршау

ü   Есте сақтау қабілетінің төмендеуі

ü   Ұйқының бұзылуы

ü   Жүйке жүйесінің вегетативті қызметінің бұзылуы

ü   Гипотония

ü   Жүректің ауруы

ü   Тамыр соғысының бұзылуы

ü   Мазасыздану

ü   Есте сақтауы және зейін қоюы бұзылады.


ЭЛЕКТРОМАГНИТТІ СӘУЛЕЛЕРДІҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ӘСЕРІ

 

Жүйке жүйесіне әсері Тіпті жылулық әсер байқалмайтын электромагнитті сәулелену деңгейі ағзаның ең маңызды деген қызметтік жүйелеріне әсер етеді. Осы саладағы мамандардың көпшілігінің ойынша жүйке жүйесі ең осал ағза болып табылады. Әсер ету механизмі өте қарапайым – анықталған, электромагнитті өріс кальций иондары үшін торлы мембрана өткізгіштігін бұзады. Нәтижесінде жүйке жүйесі қалыпты қызметінен ауытқи бастайды. Аталған процесстер барысында туындайтын ауытқулар ауқымы кең – жүргізілген тәжірибелер барысында есте сақтау қабілетінің төмендеуі, реакцияның төмендеуі, депрессиялық өзгерітер және т.б. сынды құбылыстар тіркелген.

Имундық жүйеге әсері  Имундық жүйеде әсер ету аймағына ұшырайды. Бұл бағыттағы тәжірибелік зерттеулер ЭМС сәулелендірілген жануарларда инфекциялық процесс сипаты өзгеретінін көрсеткен ( инфекциялық процесстің жүруі ауырлайды).

ЭМС әсер еткен кезде соңы жойылуға әкеп соғатын иммуногенез процессі бұзылады. Бұл процессті аутоиммунитет туандауымен байланыстырады.

Жоғары қарқындылықтағы электромагниттік өрістің ағзаның имун жүйесіне әсері имунитеттің торлы Т-жүйесінің жойылу эффектісінен байқалады.

Эндокринді жүйеге әсері Эндокринді жүйе де электромагниттік сәулеленуге ұшырайды.  Зерттеулер электромагниті өрістің әсер етуі кезінде гипофизарлы-адреналинді жүйенің стимуляциясы болатынын және ол қандағы адреналин көлемінің артуымен  қатар жүретінін көрсетті.

Жүрек қан тамырлар жүйесіне әсері ЭМӨ әсер ету нәтижесі ретінде жүрек қан-тамырлар жүйесі қызметінің бұзылуын қарастыруға болады. Ол артерия қысымының және тамыр соғысының тұрақсыздығынан байқалады. Периферлік қан құрамының фазалық өзгеруі белгіленеді.

Жыныс жүйесіне  Туа бітті кемтарлық пен кемістік жағдайларының көбеюі, қыз жынысты балалардың дүниеге келу ықтималдығының артуы, спермакинездің жойылуы байқалады.

Электромагниттік сәулеленудің қалай әсер ететінің айттық, енді электромагнитті сәулелену көздерінің қаншалықты әсер ететіні турасында өзіміздің сараптамамыздың нәтижесі 1- диаграммада  көрсетілген.

 

1 - диаграмма. Әр түрлі тұрмыстық құралдардың электромагниттік сәулелерінің әсері, мкВт/ см2  (қуат ағынының тығыздығы)

 

Жиі қолданылатын электромагниттік сәулелену көзі ұялы телефон пайдасы не зияны туралы Халықаралық Денсаулық сақтау ұйымы ұялы телефоннан шығатын электромагнитті толқындар адам денсаулығына зиян келтіреді деп отыр. Оған негіз де жоқ емес. Себебі, жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде ғалымдар телефонмен көп сөйлесетін жандарда бас ауруы, ұйқышылдық, ашушаңдық белгілері кездесетінін анықтаған. Сондай-ақ, ұялы телефоннан бөлінетін электромагниттік толқындардың есте сақтау қабілетін нашарлататынын, қатерлі ісіктің пайда болуына әкеп соқтыратыны  да дәлелденген болатын.

Осы орайда біз университетіміздің студенттері арасында бақылау жүргізген болатынбыз. Оның нәтижесі 2-диаграммада көрсетілген.

Біздің университетіміздің студенттерін бақылай келе, келесідей қорытындыларға келдік. Студенттердің көпшілігі ұялы телефонды әлеуметтік желілерде отыру үшін, қоңыраудың қашан болатынын қарау үшін, кейбірі математика сабақтарында калькуляторды қолдану үшін қосады. Және де студенттердің біразы ұялы телефонды қоңырау шалу немесе қоңырауға жауап беру мақсатында қолданады. Студенттердің аз бөлігінен ғана ұялы телефонды мүлде қолданбайтынын байқадық.

 

2- диаграмма. Студенттер арасында ұялы телефонды қолдану жиілігі

 

Электромагниттік сәулелену көздерінің қазіргі қоғамдағы рөлінің қаншалықты екенін білу үшін студенттермен оқытушылар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізген болатынбыз.

Сауалнама сұрақтары келесідей:

Біз 1 курс студенттерімен ұстаздар арасындағы қоғамдық пікірді білу үшін жазбаша түрде әлеуметтік сауалнама жүргізген болатынбыз:

1)Курс_______________________________________________________

Жасы    __________________________________________________

Қазіргі таңда қандай тұрмыстық техникасыз жүре алмайсыз және неліктен? ______________________________________________________

Күніне неше рет телефонмен сөйлесесіз және қаншалықты ұзақ уақыт? _________________________________________________

Сіздің ойыңызша, тұрмыстық құралдар адам ағзасына қалай әсер етеді? Қысқаша ойыңызды айтсаңыз. _______________________________

2)Қызметіңіз___________________________________

Жасыңыз____________________________________________________

Қазіргі таңда қандай тұрмыстық техникасыз жүре алмайсыз және неліктен? ________________________________________________________

Күніне неше рет телефонмен сөйлесесіз және қаншалықты ұзақ уақыт? _______________________________________________

Сіздің ойыңызша, тұрмыстық құралдар адам ағзасына қалай әсер етеді? Қысқаша ойыңызды айтсаңыз.

 

Сауалнама нәтижесі 1-қосымшада көрсетілген.


 

НӘТИЖЕ

 

Енді жұмысымыздың басты міндеті болып саналатын - Күннен-күнге белең алып келе жатқан электромагниттік сәулеленуден қорғану амалдарын қарастырып, оның ішінде Қазақстанда жүзеге асуы  мүмкін жолдарын сараптау және адамдар назарына ұсыну. Біздің ұсынар ойымыз шетелде қолданылуы дамып келе жатқан шунгит минералын қолдану. Бұны қалай қайда қолдануға болады еген сауалға жауап берер болсақ:

Шунгит дегеніміз – метаморфизданған тас көмір, кембрий дәуіріне дейінгі тау жынысы. Шунгит миералының ежелгі русь еліндегі басқа атауы «аспидті тас». Таюиғатта түсі қара, қою сұр және қоңыр болып келетін шунгит түрлері кездеседі..

Шунгиттің қасиеттері. Электрөткізуші. Құрамындағы көміртегінің үлесі  99% дейін барады. Жылу қайтарғыштық қабілеті  7500 кал. Шунгит құрамында ванадий, никель, молибден, мыс және т.б. элементтер бар. Жеке сипаттамалары:

ü  Тығыздығы   2,1 - 2,4 г/см3

ü  Қаттылығы — 3,5 - 4,0.

ü  Көпіршіліктігі (пористость) - 0,5-5 %

ü  Қысу кезіндегі беріктілігі - 100—276 МПа

ü  Серпімділік модулі (Е)- 0,31×105 МПа

ü  Электрөткізгіштігі - (1-3)×103 См/м

ü  Жылуөткізгіштігі - 3,8 вт/м·K

Таза шунгит табиғатта сирек , көбінесе оның ені шамамен 30 см  болатын жіңішке түрі бар . Ол көбінесес шунгитті сланцтар мен доломиттер қоспасы ретінде кездеседі.

Шунгиттің негізгі қоры Онежское көлінің солтүстік шетіндегі Заонеж түбегінде сақталған. Оның өндірістік құны есептеліп, «Нигозерское» және «Мягрозерское» сияқты бірнеше алу орындары ашылып қойған. Бұл шетел бойынша мағлұмат. Шунгит минералы әлемде тек Карелияда ғана бар деп есептелініп,  құны жоғарлап тұрған кезде бертін келе шунгиттің ресми түрде тіркелген қоры есептелінген тағы бір қоры, осы арада атап өтетін жайт ауқымды қоры,  өзіміздің Қазақстандағы Көксу жоталарынан табылды. Бұл жердегі шунгит қоры 49 млн. тонна.

Осы жайтты пайдалан отырып өз елімізде неліктен электромагниттік сәулелерден қорғауыштарды жасамасқа. Шунгит дегеніміз ауыр немесе аса қауіпті емес. Одан заманауи ұялы телефондарға тағып жүретін түрлі жапсырғыштар, пластиналар, және т.б. әшекейлер жасауға болады. ЭМС бәрін дерлік жойып жібермесе де біраз бөлігін адам ағзасына жібермейді.


 

Электромагниттің сәулеленудің адам ағзасына әсері

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Электромагниттік сәулелінің адам ағзасына әсері"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Бизнер-тренер

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ Калиева У Толыкбаева Е.pptx

Скачать материал "Электромагниттік сәулелінің адам ағзасына әсері"

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Семей қаласының Шәкәрі...

    1 слайд

    Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
    Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
    Инженерлік – технологиялық факультеті

    «Техникалық физика және
    жылуэнергетика» кафедрасы
    Электромагниттік сәулелердің
    адам ағзасына әсері
    Орындаған:
    Жетекші:
    Жилгильдинов Ж.С.
    Калиева Ұ
    Толықбаева Е.
    Тобы:
    ТФ-107

  • Тұрмыстық техника және ұялы телефон шығаратын электромагниттік сәулеленудің а...

    2 слайд

    Тұрмыстық техника және ұялы телефон шығаратын электромагниттік сәулеленудің адам ағзасына әсері мәселесін зерттеу;
    Күннен-күнге белең алып келе жатқан электромагниттік сәулеленуден қорғану амалдарын қарастырып, оның ішінде Қазақстанда жүзеге асуы мүмкін жолдарын сараптау және адамдар назарына ұсыну.
    Осынау өзекті мәселені шешудегі біздің мақсатымыз:

  • 1. Кіріспе 
2. Электромагниттік сәулелену физикалық тұрғыдан
3. Электромагни...

    3 слайд


    1. Кіріспе

    2. Электромагниттік сәулелену физикалық тұрғыдан

    3. Электромагниттік сәулелену аралығы (диапазоны)


    4. Тұрмыстық жағдайдағы электромагниттік сәулелену


    5. Кері әсер етуші сәулелер көздері


    6. Ғылыми деректер


    7. Электромагниттік сәулеленудің адам ағзаларына әсері:


    8. Ұялы телефонның адам ағзасына әсері


    9. Әлеуметтік сауалнама


    10. Нәтиже


    11. Қосымшалар


    12. Қорытынды

    Ғылыми жұмыс жоспары

  • Электромагниттік сәулелену физикалық тұрғыданЭЛЕКТР өрісі – кез-келген зарядт...

    4 слайд

    Электромагниттік сәулелену физикалық тұрғыдан
    ЭЛЕКТР өрісі – кез-келген зарядталған денелердің айналасында пайда болатын, материяның ерекше түрі
    МАГНИТ өрісі – өткізгіштердің электр тогымен өзара әрекеттесуі жүзеге асатын материяның түрі
    ЭЛЕКТРОМАГНИТТІК СӘУЛЕЛЕНУ (электромагниттік толқын) – айнымалы электромагниттік өріс тербелістерінің кеңістікте таралуы (яғни магнит өрісі мен элект өрісінің бір-бірімен әсерлесуі)

  • Электромагниттік сәулеленулердің жіктелуі:РадиотолқынИнфрақызыл сәулелер Көрі...

    5 слайд

    Электромагниттік сәулеленулердің жіктелуі:
    Радиотолқын
    Инфрақызыл сәулелер
    Көрінетін жарық
    Ультракүлгін сәулелер
    Ренгендік сәулелер және гамма сәулелер

  • Электромагниттік  сәулелену диапозоныРадиотолқын 
Көрінетін
 инфроқызыл 
сәул...

    6 слайд

    Электромагниттік сәулелену диапозоны
    Радиотолқын

    Көрінетін
    инфроқызыл
    сәулелер

    Ультракүлгін
    сәулелер
    Ренгендік

    Гамма

    Атмосфералық
    және
    магнитосфералық
    көріністер.
    Радиобайланыс
    Жылулық және
    электрлік
    әсерлерден
    молекулалар мен
    атомдардың
    сәулелеленуі
    Жылдам
    электрондар
    әсерінен
    атомдардың
    сәулеленуі
    Жылдам
    зарядталған
    бөлшектер
    әсеріндегі
    атомдық
    процестер
    Ядролық және
    космостық
    процестер.
    Радиоактивты
    ыдырау

  • Электормагниттік өріс кеңістіктің барлық бағытында 3*108 м/с жылдамдықпен эле...

    7 слайд

    Электормагниттік өріс кеңістіктің барлық бағытында 3*108 м/с жылдамдықпен электромагниттік толқын түрінде тарайды.
    Поляризация
    Толқын ұзындығы
    Жиілік
    Электромагниттік толқынның негізгі сипаттамалары

  • Оларға сипаттама:Бірдей фазада тербелетін ең жақын екі нүктенің арақашықтығы...

    8 слайд

    Оларға сипаттама:
    Бірдей фазада тербелетін ең жақын екі нүктенің арақашықтығы электромагниттік толқын ұзындығын береді:
    Электромагниттік толқын бір ортадан екінші ортаға өткенде толқын ұзындығы өзгереді, ал жиілігі өзгермейді.
    Өріс тербелістері бір бағытта өтетін электромагниттік толқынды поляризацияланған толқын деп атайды.

  • Тұрмыстық жағдайдағы электромагниттік сәулелену 		Жердегі кез-келген ағза сия...

    9 слайд

    Тұрмыстық жағдайдағы электромагниттік сәулелену
    Жердегі кез-келген ағза сияқты адамның денесінде өзіндік электромагниттік өріс болады, ол ағзаның барлық жасушаларының үйлесімді жұмыс істеуін қамтамсыз етеді. Адамның электромагниттік сәулеленуі биоөріс (көрінетін бөлігі – аура) деп те аталады. Бұл өріс ағзаны кез-келген негативті әсерлерден негізгі қорғайтын қабықша болып табылады.
    Ол бұзылған жағдайда, біздің ағзамыздың мүшелері мен жүйелері кез-келген ауру факторының тууына жол береді.
    Егерде біздің электромагниттік өріске басқа сәулелену көздері әсер етсе, яғни біздің денеміздің сәулеленуінен көп есе қуатты, онда ағзада бейберекетсіздік басталады. Яғни ол денсаулықтың түбегейлі нашарлауына алып келеді.

  • Адамның биоөрісі

    10 слайд

    Адамның биоөрісі

  • Электромагнитті сигналдың бірден байқалмай, адам ағзасында белгілі бір уақыт...

    11 слайд

    Электромагнитті сигналдың бірден байқалмай, адам ағзасында белгілі бір уақыт аралығында жинақталуы оның негативті қасиеті болып табылады. Күнделікті техниканы қолдану жиілігі жоғары адамдарда – иммунитеттің төмендеуі, жиі күйзеліске ұшырау және басым шаршаңғыштық байқалады.
    Қуаты 100-1000 Ватт болатын жоғары жиілікті әлсіз электромагниттік өрістің адамға қауіптілігі, оның қарқындылығының адамның биоөрісінің қарқындылығынан асып түсуінен байқалады.
    Бұл әсерлесу кезінде адамның жеке өрісі бұзылып, түрлі ауруларға себеп болатын орта тудырады.

  • Негативті сәулелену көздері:Негативті сәулелену көздеріГеопатогенді зоналарТе...

    12 слайд

    Негативті сәулелену көздері:
    Негативті сәулелену көздері
    Геопатогенді зоналар
    Теледидар
    Ноутбук және компьютер
    Социопатогенді сәулелену: адамдардың бір-біріне
    Психотронды қару
    Транспорт
    Ұялы байланыс және ұялы телефон
    Қысқа толқынды пеш

  • Электромагниттік сәулеленудің адам биоөрісіне әсеріАдамның қалыпты жағдайдағы...

    13 слайд

    Электромагниттік сәулеленудің адам биоөрісіне әсері
    Адамның қалыпты жағдайдағы биоөрісі

  • Компьютерде 6 сағат жұмыс істеген адам биоөрісіНоутбукпен жұмыс істеген адамн...

    14 слайд

    Компьютерде 6 сағат жұмыс істеген адам биоөрісі
    Ноутбукпен жұмыс істеген адамның биоөрісі

  • Негативті ортада орналасқан адамның биоөрісі2 сағат рөлде отырған адамның био...

    15 слайд

    Негативті ортада орналасқан адамның биоөрісі
    2 сағат рөлде отырған адамның биоөрісі

  • Көптеген елдерде жүргізілген клиникалық зерттеулер электромагнитік өріспен ұз...

    16 слайд

    Көптеген елдерде жүргізілген клиникалық зерттеулер электромагнитік өріспен ұзақ уақыт ұштасу «радиотолқынды ауру» деген атқа ие аурудың дамуына алып келетінін көрсетті. Бұл аурудың клиникалық сипаты, ең алдымен жүйке және жүрек-қантамырлары жүйесінің қызметі нашарлап, бастапқы күйінен ауытқиды. Ұзақ уақыт аралығында сәулелену аймағында болған адамдарда келесідей белгілер байқалады:
    Әлсіздік
    Ашуланғыштық
    Тез шаршау
    Есте сақтау қабілетінің төмендеуі
    Ұйқының бұзылуы
    Жүйке жүйесінің вегетативті қызметінің бұзылуы
    Гипотония
    Жүректің ауруы
    Тамыр соғысының бұзылуы
    Мазасыздану
    Есте сақтауы және зейін қоюы бұзылады.
    Ғылыми деректер

  • Электромагнитті сәулеленудің 
жүйке жүйесіне әсері Тіпті жылулық әсер байқалм...

    17 слайд

    Электромагнитті сәулеленудің
    жүйке жүйесіне әсері
    Тіпті жылулық әсер байқалмайтын электромагнитті сәулелену деңгейі ағзаның ең маңызды деген қызметтік жүйелеріне әсер етеді. Осы саладағы мамандардың көпшілігінің ойынша жүйке жүйесі ең осал ағза болып табылады.
    Әсер ету механизмі өте қарапайым – анықталған, электромагнитті өріс кальций иондары үшін торлы мембрана өткізгіштігін бұзады. Нәтижесінде жүйке жүйесі қалыпты қызетінен ауытқи бастайды. Сонымен қатар, айнымалы электромагнитті өріс ағзаның сұйық құраушысы болып табылатын электролиттерде әлсіз ток тудырады.
    Аталған процесстер барысында туындайтын ауытқулар ауқымы кең – жүргізілген тәжірибелер барысында есте сақтау қабілетінің төмендеуі, реакцияның төмендеуі, депрессиялық өзгерітер және т.б. сынды құбылыстар тіркелген.

  • Имундық жүйе де әсер ету аймағына ұшырайды. Бұл бағыттағы тәжірибелік зерттеу...

    18 слайд

    Имундық жүйе де әсер ету аймағына ұшырайды. Бұл бағыттағы тәжірибелік зерттеулер ЭМС сәулелендірілген жануарларда инфекциялық процесс сипаты өзгеретінін көрсеткен ( инфекциялық процесстің жүруі ауырлайды).
    ЭМС әсер еткен кезде соңы жойылуға әкеп соғатын иммуногенез процессі бұзылады. Бұл процессті аутоиммунитет туандауымен байланыстырады.
    Жоғары қарқындылықтағы электромагниттік өрістің ағзаның имун жүйесіне әсері имунитеттің торлы Т-жүйесінің жойылу эффектісінен байқалады.
    Электромагнитті сәулеленудің
    имундық жүйеге әсері

  • Эндокринді жүйе де электромагниттік сәулеленуге ұшырайды.  Зерттеулер эл...

    19 слайд

    Эндокринді жүйе де электромагниттік сәулеленуге ұшырайды. Зерттеулер электромагниті өрістің әсер етуі кезінде гипофизарлы-адреналинді жүйенің стимуляциясы болатынын және ол қандағы адреналин көлемінің артуымен қатар жүретінін көрсетті.
    Электромагнитті сәулеленудің Эндокринді жүйеге әсері
    ЭМӨ әсер ету нәтижесі ретінде жүрек қан-тамырлар жүйесі қызметінің бұзылуын қарастыруға болады. Ол артерия қысымының және тамыр соғысының тұрақсыздығынан байқалады. Периферлік қан құрамының фазалық өзгеруі белгіленеді.
    Жүрек қан-тамырлар жүйесіне әсері

  • Туа бітті кемтарлық пен кемістік жағдайларының көбеюі, қыз жынысты балал...

    20 слайд

    Туа бітті кемтарлық пен кемістік жағдайларының көбеюі, қыз жынысты балалардың дүниеге келу ықтималдығының артуы, спермакинездің жойылуы байқалады.
    Ер адамдарға қарағанда әйелдердің жыныс аймағы компьютер және басқа да кеңселік немесе тұрмыстық техника салдарынан туындайтын электромагнитті өрісті қабылдауы жоғары болып келеді.
    Бас тамырлары, бауыр, жыныс аймағы,қалқанша без – бұлар әсер етудің критикалық аймағы. Бұл ЭМС әсерінен болатын негізгі және анық зардаптары болып табылады. Нақты әсер етулер әр адамға әрқалай болады. қандай деңгейде болмасын бұл жүйелер әр уақытта тұрмыстық техникамен жұмыс атқарған барлық қолданушыларда байқалады.
    Жыныс жүйесіне әсері

  • Әр түрлі тұрмыстық құралдардың электромагниттік сәулелерінің әсері, мкВт/ см2...

    21 слайд

    Әр түрлі тұрмыстық құралдардың электромагниттік сәулелерінің әсері, мкВт/ см2
    (қуат ағынының тығыздығы)

  • Ұялы телефонның адамға әсерін зерттеу     Қазіргі таңда араласатын ортаңды өз...

    22 слайд

    Ұялы телефонның адамға әсерін зерттеу
    Қазіргі таңда араласатын ортаңды өз ұялы телефоныңмен таңқалдыру мүмкін емес, себебі адам дамыған сайын техникада дамып отырады. Бірақ күнделікті қолымыздан түспейтін «соткамыз» бізге қалтқысыз қызмет етіп жүр ме?
    Біз өзіміз жастардың өкілі болғандықтан қазіргі таңда қолданыстан кетпейтін «сотканың» бізге қалай әсер ететіні қызықтырды.

  • Халықаралық Денсаулық сақтау ұйымы ұялы телефоннан шығатын электромагнитті...

    23 слайд

    Халықаралық Денсаулық сақтау ұйымы ұялы телефоннан шығатын электромагнитті толқындар адам денсаулығына зиян келтіреді деп отыр. Оған негіз де жоқ емес. Себебі, жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде ғалымдар телефонмен көп сөйлесетін жандарда бас ауруы, ұйқышылдық, ашушаңдық белгілері кездесетінін анықтаған. Сондай-ақ, ұялы телефоннан бөлінетін электромагниттік толқындардың есте сақтау қабілетін нашарлататынын, қатерлі ісіктің пайда болуына әкеп соқтыратыны да дәлелденген болатын.

  • Біздің университетіміздің студенттерін бақылай келе, келесідей қорытындыларғ...

    24 слайд

    Біздің университетіміздің студенттерін бақылай келе, келесідей қорытындыларға келдік. Студенттердің көпшілігі ұялы телефонды әлеуметтік желілерде отыру үшін, қоңыраудың қашан болатынын қарау үшін, кейбірі математика сабақтарында калькуляторды қолдану үшін қосады. Және де студенттердің біразы ұялы телефонды қоңырау шалу немесе қоңырауға жауап беру мақсатында қолданады. Студенттердің аз бөлігінен ғана ұялы телефонды мүлде қолданбайтынын байқадық.

  • Әлеуметтік сауалнамаБіз 1 курс студенттерімен ұстаздар арасындағы қоғамдық пі...

    25 слайд

    Әлеуметтік сауалнама
    Біз 1 курс студенттерімен ұстаздар арасындағы қоғамдық пікірді білу үшін жазбаша түрде әлеуметтік сауалнама жүргізген болатынбыз:
    1)Курс______________________________________________________________________
    Жасы ____________________________________________________________________
    Қазіргі таңда қандай тұрмыстық техникасыз жүре алмайсыз және неліктен?
    ___________________________________________________________________________
    Күніне неше рет телефонмен сөйлесесіз және қаншалықты ұзақ уақыт?
    ___________________________________________________________________________
    Сіздің ойыңызша, тұрмыстық құралдар адам ағзасына қалай әсер етеді? Қысқаша ойыңызды айтсаңыз.
    ___________________________________________________________________________
    2)Қызметіңіз_________________________________________________________________
    Жасыңыз____________________________________________________________________
    Қазіргі таңда қандай тұрмыстық техникасыз жүре алмайсыз және неліктен?
    ___________________________________________________________________________
    Күніне неше рет телефонмен сөйлесесіз және қаншалықты ұзақ уақыт?
    ___________________________________________________________________________
    Сіздің ойыңызша, тұрмыстық құралдар адам ағзасына қалай әсер етеді? Қысқаша ойыңызды айтсаңыз.
    Сауалнама нәтижесінде келесі нәтижелер алынды.


  • Қосымша №1. Жүргізілген әлеуметтік сауалнаманың 3 сұрағына жауап диаграммасы

    26 слайд

    Қосымша №1. Жүргізілген әлеуметтік сауалнаманың 3 сұрағына жауап диаграммасы

  • Қосымша №2. Жүргізілген әлеуметтік сауалнаманың 4, 5 сұрақтарына берген жауап...

    27 слайд

    Қосымша №2. Жүргізілген әлеуметтік сауалнаманың 4, 5 сұрақтарына берген жауаптарының қорытынды диаграммасы

  • Тұрмыстық техникадан бөлінетін электромагниттік
сәулеленуден қорғану  ескертп...

    28 слайд

    Тұрмыстық техникадан бөлінетін электромагниттік
    сәулеленуден қорғану ескертпелері
    Тұрмыстық техниканы алған кезде оның «Рұқсат етілетін физикалық фактор деңгейлерінің халықаралық санитарлық нормаларына» сай болуына баса назар аударыңыз;
    Тұрмыстық құралдың қуаты неғұрлым аз болса, соғұрлым тигізетін зияны да аз болатынын есте сақтаңыз;
    Мүмкіндігіше автоматты басқарылатын аппаратураны алыңыз;
    Тұрмыстық техниканы өзіңіз жиі жүретін орындардан 1,5 метрге алщақ орналастырыңыз;
    Электрлік қыздыру қызметі бар едендерді орнату кезінде магниттік өріс деңгейі төмен едендерді таңдағаныңыз жөн;
    Бірнеше магнит өрісінің көздерін бір уақытта өшірмеңіз;
    Сымдардын «сақина» пішінді немесе орытылып жатпауын қадағалаңыз;
    Құралдардан қауіпсіз қашықтықта орналасыңыз;

  • Электромагнитті сәулелену монитордың бар бөлігінен бөлінетіндіктен компьютерд...

    29 слайд

    Электромагнитті сәулелену монитордың бар бөлігінен бөлінетіндіктен компьютерді бөлменің бұрышына орналастырған жөн;
    Компьютерді немесе мониторды ұзақ уақыт қосулы күйінде қалдырмаңыз. Егер компьютер қолданылмайтын болса оны өшіріп тастаңыз.
    Балаларыңыздың компьютер экранынан мүмкіндігінше алшақ отыруын қадағалаңыз. (кем дегенде 50-70 см);
    Техниканы түнгіге stand-by режимінде қалдырмаңыз (қысқаша айтқанда панельдегі қызыл түс өшуі керек);
    Кір жуғыш машинаны жуынатын бөлмеге орналастырған жөн;
    Қабырғалар электромагнитті сәулеленуден қорғамайды, сол себепті бөлмеге төсегіңізді қоймас бұрын көршілеріңіздегі тұрмыстық техниканың қайда, қалай орналасқанын біліп алсаңыз жақсы болар еді.

  • Шунгит дегеніміз – метаморфизданған тас көмір, кембрий дәуіріне дейінгі тау ж...

    30 слайд

    Шунгит дегеніміз – метаморфизданған тас көмір, кембрий дәуіріне дейінгі тау жынысы. Шунгит миералының ежелгі русь еліндегі басқа атауы «аспидті тас». Табиғатта түсі қара, қою сұр және қоңыр болып келетін шунгит түрлері кездеседі..
    Шунгиттің қасиеттері. Электрөткізуші. Құрамындағы көміртегінің үлесі 99% дейін барады. Жылу қайтарғыштық қабілеті 7500 кал. Шунгит құрамында ванадий, никель, молибден, мыс және т.б. элементтер бар. Жеке сипаттамалары:
    Тығыздығы 2,1 - 2,4 г/см3
    Қаттылығы — 3,5 - 4,0.
    Көпіршіліктігі (пористость) - 0,5-5 %
    Қысу кезіндегі беріктілігі - 100—276 МПа
    Серпімділік модулі (Е)- 0,31×105 МПа
    Электрөткізгіштігі - (1-3)×103 См/м
    Жылуөткізгіштігі - 3,8 вт/м·K
    Біз ұсынатын ЭМС әсерінен қорғану тәсілі

  • 31 слайд

  • Таза шунгит табиғатта сирек , көбінесе оның шамамен ені 30 см  болатын жіңішк...

    32 слайд

    Таза шунгит табиғатта сирек , көбінесе оның шамамен ені 30 см болатын жіңішке түрі байқалады. Ол көбінесе шунгитті сланцтар мен доломиттер қоспасы ретінде кездеседі.

    Шунгиттің негізгі қоры Онежское көлінің солтүстік шетіндегі Заонеж түбегінде сақталған. Оның өндірістік құны есептеліп, «Нигозерское» және «Мягрозерское» сияқты бірнеше алу орындары ашылып қойған. Бұл Ресейдегі жағдай. Шунгит минералы әлемде тек Карелияда ғана бар деп есептелініп, құны жоғарлап тұрған кезде бертін келе шунгиттің ресми түрде тіркелген, есептелінген тағы бір қоры (осы арада атап өтетін жайт ауқымды қоры) өзіміздің Қазақстандағы Көксу жоталарынан табылды. Бұл жердегі шунгит қоры 49 млн. тонна.

    Осы жайтты пайдалана отырып өз елімізде неліктен электромагниттік сәулелерден қорғауыштарды жасамасқа. Шунгит дегеніміз ауыр немесе аса қауіпті минерал емес. Одан заманауи ұялы телефондарға тағып жүретін түрлі жапсырғыштар, пластиналар, және т.б. әшекейлер жасауға болады. ЭМС бәрін дерлік жойып жібермесе де біраз бөлігін адам ағзасына жібермейді.

  • Электромагнитті өрістердің адам ағзасына әсері – ғылымның зерттелетін мақсаты...

    33 слайд

    Электромагнитті өрістердің адам ағзасына әсері – ғылымның зерттелетін мақсаты болып табылады. Технологиялар мен құралдардың сағат санап дамуына байланысты қазіргі әлемде ЭМӨ әсеріне қашып құтылу мүмкін емес.
    Бұл көкейтесті мәселе, себебі электронды құралдарды (компьютерлер, теледидарлар, радиотелефондар, оргтехникалар мен тұрмыстық құралдар)қолдану күннен-күнге артуда, бұнымен қатар күннен-күнге электромагнитті сәулелену салдарынан десаулығы сыр бере бастаған адамдар да көбеюде. Бұл жағдай ұзақ жылдар бойы электронды техникамен жұмыс істеп, күнделікті компьютерде отыратын қызметкерлерге тікелей байланысты.
    Көптеген мемлекеттік және халықаралық ұйымдар электромагниттік сәулелердің адам ағзасына әсер етуінің алдын алу үшін бірқатар стандарттар мен талаптар құрастырған.
    Электромагниттік сәулелену деңгейін шектейтін қазіргі қызмет етіп тұрған санитарлық нормалармен ережелер соңғы жылдары ғалымдар анықтаған жоғары жиілікті электромагнитті толқын қауіптілігімен сай келмейді.
    Сол себепті де біздің мақсатымыз адам өзі күнделікті қабылдап жатқан электромагниттік сәулелену мөлшерін біраз да болсын азайтатын, алдын алатын шараларды анықтап, оларды сіздерге ұсыну.
    Жоғарыда біз сіздермен біраз мағлұматпен бөлістік. Өзіміз қолайлы деп санайтын электромгнитті сәулеленудің алдын-алу жолын ұсындық, және оның біздің еліміздегі мүмкіншіліктерін қарастырдық.
    Ұсыныс бізден, ал шешім қабылдау сіздерден болмақ ағайын!!!!
    Қорытынды

  • Назарларыңызға рахмет!!!

    34 слайд

    Назарларыңызға рахмет!!!

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 296 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.01.2016 20086
    • RAR 13.7 мбайт
    • 118 скачиваний
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Калиева Ұлпан Бақытбекқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Калиева Ұлпан Бақытбекқызы
    Калиева Ұлпан Бақытбекқызы
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 98005
    • Всего материалов: 20

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов физики в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 660 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания физики в школе в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 209 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 003 человека

Курс повышения квалификации

Теоретическая механика: векторная графика

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические основы профессиональной деятельности педагога-психолога

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Тревожные расстройства: диагностика и причины

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Методики воспитания и развитие в СПО

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек