Инфоурок География СтатьиЭссе «Әлемдегі кереметтің барлығы ұстаздан»

Эссе «Әлемдегі кереметтің барлығы ұстаздан»

Скачать материал

               Эссе тақырыбы: «Әлемдегі кереметтің барлығы ұстаздан»

 

Ұстаз адамның жан-жақты түсінігі мол,

қандай істі болса да тез шешіп,

тұжырымдай алатын, ұшқыр ойлы,

көреген, батыл һәм шешен болуы керек.

Ұстаз шындық пен әділдіктың қажымас

жақтаушысы, қайратты күрескері болуы

Тиіс,-дейді

Әбу Насыр әл-Фараби

             

Шындығында  мұғалім  барлық  мамандық   иесін  тәрбиелейтін,  оқытып үйрететін  абзал  жандар.  «Мұғалім  мамандығы-барлық  мамандықтың  анасы»  деп  қалай  дәл  тауып  айтқан. Ұстаз  алдынан  тәрбие  алмайтын  жан  жоқ. Ұстаз  берген  тәрбие  әрбір  жанның  өміріне  жол  сілтер  шамшырақ  болары  анық.Ғылым  иесі  ғалым  да,  ел  қорғаған  батыр  да,тілінен  бал  тамған ақын  да,  тегеуріні   темір   балқытқан   жұмысшы  да, егін  салған диқан да, мал  бағып   терін   төккен  шопан  да, көк  күмбезінен  әрі  өткен ғарышкер  де  бәрі-бәрі  ұстаздан  білім,  тәлім  алған,  сондықтан ұлағатты  ұстаздарға  бүкіл адам баласы  құрметпен  бас  иеді.Қиындығы  да, қызығы  да  жетерлік, ең  бастысы-жауапкершілігі   жоғары  мамандықтың бірі  ұстаздық  ету  екені  ақиқат. Өйткені  бұл  мамандық  иелерінің  мойнына ешнәрседен хабары  жоқ, мыңдаған  тарыдай   ғана   бүлдіршіндердің   бойына  білім  нәрін  сеуіп, тәрбие  ұрығын  егіп,  таудай  азамат  етіп  шығару  міндеті  жүктелген. Сондықтан  басқа мамандық  иелерінің  баршасы да  ұстаздарға борыштар деп  ойлаймын. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.

Ұстаз болу-сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу-жүректің батылдығы.
Ұстаз болу-өмірдің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның асылдығы, -

деп ақын Ғафу Қайырбеков жырлағандай, сөзі-маржан, үні-ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз. Әрине, ұстаз жүгі-ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен асықпай, мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу-бұл нағыз шеберлік емес пе?!
Қыран  түлегіне  қайтпас  қанат  сыйлайды, ұстаз  шәкіртіне  талмас талап сыйлайды»  демекші,  ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның  тірегі. Қоғам тұлғаны  қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты  дәрежеде дамытады. Сондықтан  қоғам  дамуында  білім  беру ең маңызды  мәселе  болып табылады. «Келер  ұрпақ алдында  зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде мұғалімдер алдында үлкен жауапкершілік жүктеді. Әрбір  тұлға  өмірінде  үлкен  тәрбие  мен таусылмас білім ошағын санасына ұялатқан ұстазын  мәңгілік  есінде  сақтайды. Нағыз  мұғалім,  міне, осы. Өйткені, әрбір мемлекеттің  өсіп  өркендеуінің,  бәсекеге  қабілетті болуының ең басты ошағы-ұстаз берген білімде. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен  көрінгісі  келген  кез  келген мемлекет  ең  алдымен, білім  беру саласын дұрыс  жолға  қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше, осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ  тәрбиелеу  жаңа  формация мұғалімінің  еншісіне  тиері  анық.  Адам  тәр­бие­леу-ұлы міндет.  Ол  міндетті  атқарушы-ұстаз. Жаһандану  заманында  ұлт­­тық  бәсекеге  қабілетті  болудың  көр­сет­кіші-білім деңгейімен  өлше­неді.  Сондықтан,  әлемдік  білім  кеңістігіне  кірігіп,  білім  беру  жү­йе­сін  халықаралық  биікке  көтеру  кезек күттірмейтін  өзекті  мәселе. Бұл  мәселені шешудің  кілті  ұс­таз  қолында.Менің  түсінігімдегі  ұстаз-рухы  таза,  ой-өрісі  биік,  ұлты  мен Отанының болашағы үшін  тер  төгіп,  шыдамдылық  пен  та­бандылықтың  үлгісін  көрсетуші,  өз бойындағы асыл  қасиеттері  мен білімін  болашақ  ұрпақтың  бақыты  мен  кәдесіне жаратып, қоғамды өрге  өркендетуші,  жа­ңа­шылдықтың  бастаушысы,  жү­ре­гі-жылы, көңілі-дарқан  адам.Ұстаздан  дәріс  алмаған  адам  қазір  жер  бетінде  жоқ  десе  де болар.  Бұл мамандық содан  да  киелі.  Жан-Жак  Руссоның  «Ұстаз  болу-өз  уақытыңды  аямау, бас­қаның бақытын  аялау»  деген  нақыл  сөзі жаныма  өте  жақын.Ұстаз  білгенін  үйретушіғана  емес,  тұла  бойы  тұнған  өнеге,  ақ  тілеулі  ана  тәрізді барлық  адамның  бойынанақсылық  іздейтін  ізгі  ниет  иесі.  Шәкірті  өзінен  оз­ған ұстаз-еңбегі  ақталған  ұстаз.
Өйткені, өмірдің заңы даму, ілгерілеу, озу. Өзінен озған шәкірт тәрбиелейтін  шебер  ұстаз үз­дік­сіз  ізденісте  болып,  қоғам  сұ­ра­нысына сай  білімді, шығарма­шыл, өзін-өзі дамытып,  жетілдіре  алатын  болуы қажет  деп  ой­лай­мын.  Мен  ұстаздықтың  ауыр  жү­гін  арқалауды  өз  жүрегімнің қа­лауымен таңдадым. Маман ұс­таз ретіндегі негізгі ұстанымым: ба­ланы тұлға деп тану, оның  пікірімен  санасу, оқушының кішкентай қуанышын,  табысын  ба­ғалай  білу.Ұстаз мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл-әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі.Ол өзінің барлық жігерін, білімін, бойындағы барлық бағалы қасиетін өзінің оқушыларына, халыққа беріп отырады.
Сондықтан  бүгін  білім  бе
рудің  сапалы  болуы  үшін:біріншіден,  ұстаздың  жан-жақты  ака­демиялық  білімінің  бо­луы;

екіншіден,  мұғалімнің  өз  ма­ман­ды­ғы­на  деген  шынайы  сүй­іс­пенші­лігінің  және  ешқандай  дипломмен  бірге  берілмейтін  шығармашылық  қабілеті,  балаға  деген  кіршіксіз адамгершілік  қа­сиет­тері  болуы  шарт.

Осындай  жаңа  даму  үрдісі  ал­ға  басып  отырғанда  Елбасы Н.Назарбаев  «Болашақта еңбек  ет­іп,  өмір  сүретіндер-бүгінгі  мектеп оқушылары,  мұғалім  оларды қалай тәрбиелесе,  Қазақстан  сол  деңгейде болады.  Сондықтан  ұс­тазға  жүктелетін міндет ауыр»-деген  еді.  Біз  осы  сөзге  сай  болуымыз  керек. Ұстаз мамандық әлеміндегі ең ғажайып мамандық. Көзі жаудырап алдында отырған шәкірттер ертеңгі ел басқаратын, ғылымның тылсым сырын ашатын, қоңыр даланың ғарышқа самғайтын немесе ақылдың нұрымен суарып кітап жазатын еліңнің ертеңгі қожалары емес пе!

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Эссе «Әлемдегі кереметтің барлығы ұстаздан»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий филиалом музея

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 983 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.04.2016 1544
    • DOCX 22 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Омарбекова Ботагоз Камзановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Омарбекова Ботагоз Камзановна
    Омарбекова Ботагоз Камзановна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15941
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Педагогика и методика преподавания географии в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 731 человек

Курс повышения квалификации

Методика обучения географии для детей с ОВЗ с использованием туристических приемов

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 63 человека

Курс профессиональной переподготовки

Технологии географического образования

Педагог в сфере географического образования (учитель географии)

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление проектами и стоимостная оценка в современном бизнесе

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методы анализа и прогнозирования по финансовой отчетности

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Политология: теория, практика, законодательство

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе