Инфоурок Другое СтатьиЭссе на тему: "Көптілді оқыту"

Эссе на тему: "Көптілді оқыту"

Скачать материал

Бәрімізге белгілі біздің мемлекетте 130 дан артық ұлт өкілдері өмір сүреді.  Біз бәріміз тату-тәтті өмір сүретінімізді барша ғалам адамдары біледі және қоныстануға тырысады. Әрине  бұның барлығы елбасымыздың ұстанған дұрыс жолында.Елімізде барлық ұлт өкілдері өз ана тілдерінде білім алуға құқылы. Кейінгі жылдары  еліміздің биік шыңдарға көтерілуіне негізгі себептердің бірі бұл-көп тілді меңгеру болып жатыр. Сондықтанда қазір әр мектепте билингвалдық оқыту үрдістері жүріп жатыр. Сондай-ақ бір мектепке көптеген ұлттардың балалары білім алса,  әр ұлт өкілдері бір-бірінің мәдениетін құрметтейді, сыйлайды. Бұл жерде әрине полимәдени қоғам өмір сүреді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көптілді білімді дамытуға назар аударып «Еліміздің маңызды құндылықтарының бірі және басты артықшылығы – көпұлттылық пен көптілділік» деп атап

көрсеткені белгілі. Президент жүктеген тапсырмаларға сәйкес, Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени бағдарламасында, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, 2020 жылға қарай «Барша қазақстандықтар қазақ тілін, орыс тілін 95%  меңгеруі тиіс» делінген.

Көптілді оқыту білім берудің қоршаған әлемде болып жатқан үдемелі өзгерістерге бейімделгіштігін күшейтетін лингвистикалық біліктілігі жоғары дамыған, бәсекеге қабілетті жастардыңқалыптасуына септігін тигізетін тұжырымдамалық тұрғыдан жаңа үлгісін құруды көздейді. Осы

орайда үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) бірдей оқытуды білдіретін көптілді оқыту бағдарламасының бірегейлігін атап өту керек.Кез-келген қоғамда азаматтық пен ұлтжандылыққа тәрбиелеудің негізгі факторлары өз елінің тіліне деген құрмет болып табылады. Бала тілді неғұрлым ерте жастан үйренсе, соғұрлым ол оны жеңіл меңгереді.

1

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңартуға сәйкес мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзыреттіліктерін дамытуға және терең білім беруге, соның ішінде тілді үйретумүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылады.

Көптілділік , мультилингвизм, полилингвизм – нақтылы коммуникативтік жағдайдың әсер етуімен белгілі бір әлеуметтік ортада, мемлекетте бірден үш, одан да көп тілде сөйлей білушілік.

Қазіргі заманның талабы - көптілділік. Адам баласының рухани байлығы,тәрбиесі,білімі бәрі де тіл арқылы жетіледі. Яғни, жақсылық та -тілден ,жамандық та- тілден. «Тілменнен түйілген, тіспенен шешілмес.» демекші,әр адамның сөздік қоры бай болуы үшін тілін,ой өрісін жан-

жақты дамытуы керек.

«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» демекші,жас ұрпаққа саналы,мағыналы,өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің басты талабы.Ең бастысы сол талапқасай ұстаздар даярлау жоғары оқу орындарына тікелей байланысты.Қазіргі уақытта Қазақстан

білімінің жақсы қарқынмен дамуына үкімет тарапынан көп қаржы бөлініп отыр.

Көптілді тұлғаны қалыптастыру – бәсекеге қабілетті қоғам құрудың негізі. Бүгінгі күні көптілді білім беру – заман талабы. Тілдің адам өміріндегі ең шешуші рөл атқаратыны әркімге де түсінікті. Ол танудың, түсінудің, дамудың құралы. Көп тіл білу біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатына-

стардың аса маңызды құралы болып табылады.

Көптілді және билингвалды білім беру үлгісін енгізудің идеялық негізіне Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында айтқан: «Бізге кейбір пәндерді оқыту бір мезгілде қазақ тілінде де, орыс тілінде де жүргізілуі туралы ойласу керек.

2

 Бұл-біздің бүкіл білім беру жүйеміз үшін жаңа міндет» деген сөздері басшылыққа алынды.

Біздің тәжірибемізге сәйкес келетін нұсқалар төмендегіше болды:

- көптілді білім беру- бұл мектепте оқу пәндерінде екі немесе одан да көп тілдерде аудармасыз оқыту;

- билингвалды білім беру – оқу және оқудан тыс жұмыстардың негізгі бағыттарын екі тілде іске асыру, педагогикалық үрдісте екі тілді оқыту құралы ретінде пайдалану.

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерде үш тілді білім беру моделін енгізудің өзектілігі мынада:

- бүгінгі қазақстандық қоғамда көптілді, көп мәдениетті тұлғаға деген сұраныстың артуы;

- ұлттық мектеп бітірушілерін жалпы қазақстандық және әлемдік білім және ақпарат кеңістігіне кіріктірудегі мәселелерді шешу қажеттілігі;

- болашақ ұрпақты қазақстандық патриотизмге, ұлтаралық қатынас мәдениетіне тәрбиелеудің өзекті мәселеге айналуы;

- аз ұлт өкілдерінің этникалық ерекшеліктерін сақтаумен бірге олардың жалпы қазақстандық экономикалық, әлеуметтік-мәдени үрдістерге толыққанды қосылуына жағдай жасау;

- мектеп бітірушілерінің коммуникативтік және ақпараттық құзырлықтарының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу;

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Эссе на тему: "Көптілді оқыту""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель образовательного подразделения

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 016 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.04.2016 1274
    • DOCX 16.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Масимова Гульмира Алимжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Масимова Гульмира Алимжановна
    Масимова Гульмира Алимжановна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16782
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой