Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Файл "Қиын балалармен әлеуметтік педагогикалық-психологиялық жұмыс"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Файл "Қиын балалармен әлеуметтік педагогикалық-психологиялық жұмыс"

библиотека
материалов

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министірлігі

Е.А. Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Универститеті



Әлеуметтік педагогика және Әлеуметтік жұмыс кафедрасы



КУРСТЫҚ ЖҰМЫС


Тақрыбы: «Қиын балалармен әлеуметтік педагогикалық-психологиялық жұмыстың әдістері мен технологиясы»







Орындаған:

студенті Саттыбаева А.И.







Қарағанды қ. 2007ж.




ЖОСПАР

Кіріспе ..........................................................................................................

І. Тарау. «Қиын» балалар әлеуметтік педагогикалық-психологиялық іс-әрекеттің объектісі ретінде

    1. «Қиын» балалар ұғымының мәні және жағымсыз факторлары

    2. Мінез-құлықтың бұзылу себептері және жағымсыз әдеттердің пайда болуы

ІІ. Тарау. Бастауыш мектептегі «қиын» балалармен кәсіби іс-әрекеттегі қайта тәрбиелеу әдістері және технологиясы

2.1. Бастауыш мектептегі «қиын» балалардың алдын-алудың негізгі бағыттарының жұмысы

2.2. Қазақстан Республикасындағы жасөспірімдер ортасында құқық бұзу жағдайының өсу динамикасы

2.3. Қиын балалармен педагогикалық-психологиялық жұмыстың қайта тәрбиелеу әдістері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер














Кіріспе

Жалпы білім беретін орта мектептерде тәрбие жұмыстарын одан әрі жетілдіру, оқушылардың тәртіп бұзушылығын болдырмауды алдын алудың формалары мен әдістері белгіленген. Әрине, жекелеген оқушылардың қоғамға жат мінез-құлықтар көрсетуі және заң тәртібін бұзуы, мектеп және жұртшылықтың тәрбие жұмыстарынан кеткен кемшіліктерден демекпіз.

Қиын балаларды қайта тәрбиелеу, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау және заң нормаларын ұстау, оқушылардың күнделікті әдет-дағдыларына сіңіру мемлекеттік міндет ретінде қарастырылып отыр. Бұл істі шаруашылық, әкімшілік ұйымдар, қоғамдық ұйымдар, мектептер мен отбасылардың бірлесе отырып атқаруы қажет.

«Қиын» оқушыларды тәрбиелеу мәселесі мұғалімдердің, ғалымдардың, педагогтардың, психологтардың әрдайым назарында. Ал елімізде оларды тәрбиелеу мен бірнеше ондаған арнаулы мектеп-интернаттар айналысады. Өйткені, мектептердің оқушылар ұжымында балалардың осындай арнаулы категориялары әлі де кездесіп қалып отырады.

«Қиын» балалар қатарына психикалық дамуы уақытша баяулаған тез ашуланшақ, уайымшыл, өзін төмен санайтын, мінез-құлқында психопатиялық формалар кездесетін, кейде ашулары «қайнағанда» дәрі-дәрмек беру арқылы қозу күйін тежейтін балалар жатады. Осындай оқушыларға педагог тарапынан гуманистік қасиеттер мен этикалық талап тілектер қоя білетін педагогтік шеберліктер қажет.

«Қиын» балаларды қайта тәрбиелеу мәселелері жаңадан ғана қаралып отырған проблема емес, революциядан бұрынғы орыс және шетелдік педагогикалық ойлардың қайраткерлерінің бірі П.Г.Бельский, А.Богдановский, А.Я.Герд, Д.А.Дриль, Д.Р.Тальберг, А.А.Фидлер және т.б.

20-30 жылдары құқық бұзушы және баспанасыз қалған балалардың проблемасын қолға алып, зерттеу жұмыстарын жүргізе бастады. Бұл мәселелермен еліміздің аса көрнекті педагогтері мен психологтары Н.К.Крупская, С.А.Макаренко, С.Т.Шацский, А.С.Выготский т.б. шұғылданды.

30-50 жылдар аралықтарында объективтік жағдайларға байланысты тоқтап қалып, тек 50-60 жылдардан кейін ғана қиын балалар мәселелері меншұғылданушылардың ғылыми еңбектерінде В.А.Сухомлинский, Л.С.Славина, Г.П.Медведев, Л.М.Зюбин, Э.Г.Костяшкин, Г.А.Уманов, М.А.Невский, З.И.шыныбеков, В.В.Трифонов, Р.К.Мәмбетова, Л.К.Керімов т.б. жарық көре бастады. Бұл ғалымдардың зерттеу жұмыстарының дәлелдеуінше, «қиын» балалардың пайда болуына үш фактор себеп болады:

1) отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, яғни тұрмыстағы ұрыс-талас, дау-жанжал баланың психологиялық ерекшеліктерін ескермеу, маскүнемдік, ата-ананың біреуінің болмауы т.б. жағдайлар себепші болған;

2) мектептегі оқу – тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда кеткен кемшіліктер, яғни жекелеген оқушылардың мінез-құлық ерекшеліктерін, ынта-ықыласын, қызығушылығы мен талап-тілегін ескермеу мүмкіндік берген;

3) жұртшылықтың тәрбие процесіне толық көңіл аудармауынан, яғни балалардың тұратын ықшамаудандарында әр түрлі үйірме жұмыстары мен спорт секцияларына тиянақты тартылмауы, бос уақыттарын дұрыс ұйымдастырылмау салдары да негіз болған.1

«Қиын» балалардың жекелік ерекшеліктерін өмір жағдайымен, тәрбие мен өзара әрекеттігін есепке алып, кешенді құрама түрінде зерттеп, іске асырған П.П.Блонский (1936 ж) болды. Оның зерттеуінің негізгі мақсаты балалардың өмірін анықтау. Ол «қиын» балалардың мінез-құлық тарихын мектеп, отбасы арқылы ашып көрсетеді. Бұл балаға былайша мінездеме береді: объективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы мынандай, ол мұғалімнің жұмысының жемісті еместігіне байланысты, ал субъективті көзқараспен қарағанда «қиын» оқушы мынандай, онымен мұғалімдерге жұмыс істеуге қиын, мұғалімнен көп жұмысты істеуді талап ететін оқушы «істі бүлдіруші» оқушыларға толыққанды мінездеме бере отырып, П.П.Блонский өз жұмыстарында мектепті, сыныпты ұйымдастыруға баса көңіл бөледі. Оның пікірі бойынша қайта тәрбиелеудің нағыз тура жолы тәртіп бұзушыларды мәдениетсіз ортадан мәдениетті балалар ұжымына біртіндеп әкелу болып табылады.

Көп жылдық оқу мен бақылау негізінде И.А.Невский қиындықпен тәрбиеленетін баланың пайда болуын, балалар мен отбасында, мектепте жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының жеткіліксіздігінен, кемеліне жетпеген педагогикалық практика нәтижесінен деп түсіндірді. Әрі қарай ойын былай көрсетеді: «бұл қыңыр құбылыспен күресу бағытының шешімі мұғалімнің тиімді әдістерді меңгеру қабілетіне қарай емес, сол әдістерді дұрыс пайдаланып, дұрыс игеруіне негізделеді.

Курстық жұмысымыздың мақсаты:

Қиын бала ұғымын, факторларын, бұзылу себептерін және жағымсыз әдеттерінің пайда болуын талдау.

  • Жалпы білім беретін бастауыш мектептерде «Қиын» балалармен кәсіби іс-әрекетіндегі қайта тәрбиелеу жұмысын жүргізудің әдістерінің механизмдерін жетілдіру.

  • Жалпы білім беретін бастауыш мектептердегі педагогтың практикалық жұмысында қолданбалық модель жобасын өңдеу және оған тәжірибелік нұсқауларды беру.

Курстық жұмысымыздың міндеттері:

  • Мәселенің ғылыми-теориялық, ғылыми-әдістемелік негіздерін тұжырымдау.

  • Бастауыш мектептегі «қиын» оқушылармен педагогикалық-психологиялық жұмыс істеу технологиясының негіздерін дәлелдеу, талдау.

  • Эксперименттік жұмысты жүргізуге байланысты зерттеу объектісінің қалыптасу процесін нақтылау, әдістерін айқындап, нәтижелерін қорытындылау.

Бірінші тарау. Бастауыш мектептегі «қиын» балалар педагогикалық іс-әрекетінің объектісі ретінде.

    1. «Қиын» балалар ұғымының мәні және жағымсыз

факторлары.

Біздің қоғамдық дамуының күрделі әлеуметтік экономикалық жағдайға және нақты қоғамдық тығырыққа тірелуі, адам ағзасына қауіпті экологиялық ортағ дәрігерлік қызметтің нашарлығына тағы басқа балалардың денсаулығына, мінез-құлқына, оқытуға байланысты әлеуметтік психологиялық бейімделуге қатысты қиын мәселелерді тудырып отыр.

Көптеген ғалымдардың пікірінше бала мінез-құлқының қиындығы 6-8 сыныптарда, әсіресе ұл балаларда байқалады делінген. Бірақ соңғы жылдары мінез-құлқы қиын балалардың арасында «жасару» тенденциясы байқалады. Олардың қатарын енді бастауыш сынып оқушылары толықтырып отыр. Мінез-құлқы қиын оқушылар арасында жүргізілген көптеген зерттеулер қорытындысы бойынша үлгермеушілер қатарын бастауыш сынып оқушылары толықтырылып отыратын көрінеді. Мінез-құлықтың мұндай белгілерінің пайда болуының өзі болашақта әлеуметтік психологиялық дезадаптацияның тұрақты түрлерінің қалыптасуына, мінез-құлқының бұзылуының клиникалық және криминологиялық белгілерінің пайда болуына әкеп соқтырады.1

Қиын балалардың психологиялық ерекшеліктері теориялық тұрғыда Выготский Л.С. \1928ж\ еңбектерінде талқыланады, сондай-ақ Макаренко А.С.тәжірибелерінен де үлкен орын алды. Бұл мәселенің әрі қарай талқылануына үлес қосқан зерттеушілер қатары да біршама.

Бастауыш мектеп кезеңі балалардың жеке басының қалыптасуы үшін аса маңызды рөл атқарады. Оның өмірінде мектеп табалдырығын алғаш аттаған күннен бастап айтарлықтай өзгерістер пайда болды, дамудың әлеуметтік жағдайы түп-тамырымен өзгереді, бала үшін жетекші орын алатын оқу әрекеті қалыптасады.

Баланың жеке қасиетінің психикасының дұрыс дамып жетілуі үшін педагогтік ұжымдардың кәсіптік білгірлігі, ата-аналардың саналы көзқарасы және осы принциптерге негізделген мектеп пен отбасы арасындағы тығыз одақ нәтижелі жұмыс қажет.

Мысалы, бұл тұрғыда Әл-Фарабидің айтқан пікірі бар. Баланың жасы өскен сайын, оның ақылы да, яғни тәні мен жаны да өсіп отырады. Мұның бәрі оның тіршілік қажетінен туындайды. Мысалы, балада ең алдымен өсіп-өну қуаты пайда болады. Бұл оның дене бітімінің қалыптасуында үлкен рөл атқарады. Ана құрсағында-ақ тән түйсігі, біртіндеп дәм, иіс айыратын түйсіктер заттың түрін, түсін түйсіне алу қабілеті қалыптасады. Жан қуаттары өмір барысында, оқу-тәрбие үстінде дамиды. Бұл үшін адамның өз бетінше, әрекеттену, өзіндік белсенділігі ерекше маңызды. Адамның адамгершілік, имандылық қасиеттері де оның өмірден алатын тәжірибесінен, үлкендердің жақсы өнегесінен туындайды. Адамның дүниеге ақылды, не ақылсыз, зұлым, не ақниетті болып келмейді, мұның бәрі жүре пайда болады.

Бастауыш мектеп кезеңіндегі оқушының жеке басына тән қасиеттерді тек «мен» деп қасиет тұрғысынан ғана бағалап қоймай, тиісті мөлщерлерге қалайша бағынады, мінезі, ерік-жігері, қандай, ашуланғыш, не сабырлы келе ме, әсемдікті ажыратудағы талғамы және өзгелермен қатынасы қандай – осы жөнінен де алып қарауға болады. Мінез-құлқы қиын оқушылар көбінесе ашуланшақ болып келеді. Баланы үй-іші көп еркелетсе, онда ол болмашы нәрсеге тез ашуланып, күйіп-пісетіні кездеседі.

Керісінше күтпеген жағдайда «жақсы», «өте жақсы» баға алса, жұрттың көзінше соған қатты қуанғанын жасыра алмайды.

Мінез-құлқы «қиын» бастауыш мектеп оқушылары мектеп мотивациясының төменгі деңгейімен, оқу әрекетіне құлықсыз қатысымен сипатталады. 4 – сыныпқа қарай мектеп мотивациясының төмендеу тенденциясы байқалады.

Мінез-құлқы қиын балалармен жұмыс істеу барысында олардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алып отыру керек.

Конформды түрге жататын балаларға қайырымдылық жақсылық жасалынатын қатынастар, олардың адалдық және ынталықтарын мадақтап, дем беретін қолайлы орта болуы қажет.

Мазасыз түрге жататын балалар тыныш, қайырымды жағдайға қажетсінеді. Мұндай балалардың денсаулығына қатты көңіл бөлінгені абзал.

Мұғалімдер мен тәжірибешілер, әсіресе, интровертивті түрге жататын балалардың жеке ерекшеліктерін есепке алуы шарт, олардың ақыл-ой функцияларын дамытуға әрекеттенуі, бұл балалармен адамгершілік және мөлшерді меңгертуге қабілеттендіру, өз құрбы-құрдастарымен өзара қатынастарын «жақсартуға» көмек қолын тигізуі керек.

Өзінен өзі бағалау ең алдымен жеке тұлғаның әрекеті арқылы қалыптастырылады. Бірақ бағаны әрдайым айналадағы адамдар береді. Өзіне деген сенімі өзгелердің пікірі арқылы қалыптасады. Егер айналасындағы адамдар балаға үнемі дұрыс қарым-қатынас жасаса, онда ол өзін осы сыйластыққа лайық екенмін деп санайды. Ал егер керісінше, оның жасаған істерінің кемшіліктерін бетіне басып, ұрысып, жаратпай жатса, оған өзіме лайық емеспін дегеннен басқа түк қалмайды және бұл жағдайда баланың реакциясы әр түрлі (апатия, ценизм) шектен шыққан арсыздық (агрессия т.б.)

Қазіргі зерттеулерге қарағанда, тәртіп бұзуға ең бірінші түрткі болған оқиға баланы тікелей тәртіпсіздікке әкелмейді, әуелі қайғыға ұшыратады да, ол қайғы баланы ашуланшақтыққа әкеліп соқтырады, міне тәртіп бұзу содан пайда болады. Тәртіп бұзушылықтың салдарының негізі-сабаққа үлгере алмаушылық, кейбір оқушы қатар-құрбыларынан сабақта артта қалып, тәртіп бұзуын өзінше батырлық деп санайды. Мұны өзгелердің көзінше көрсеткісі келеді. Бұл мінез көбінесе менменсуден, бала мінезінің дұрыс тәрбиеленбеуінен болады. Бірақ осылай болған жағдайда, тәртіпсіздікті баланың бойына біржолата сіңіп кеткен әдет деп, барлық себепті содан іздестіруге болмайды, ойын тәртіп бұзу баланың тек өзіне байланысты емес, оның үй-ішіндегі жағдайларға да, айталық ата – ана бірлігінің жоқтығына және баласына қойған талаптың әртүрлі болып келуіне байланысты.

Бала үнемі жақсы психологиялық жағдайда тәрбиеленуі, оқуы, өсуі қажет. Сонда балада жағымды «мен» бейнесі қалыптасады, өзіне деген сенімділігі, сезімі туады. Мұндай «мен» бейнесі кез-келген баланың жақсы жағдайда, нәтижеге жетуіне, дұрыс дамуына мүмкіндік береді.1

Жалпы білім беретін орта мектептерде тәрбие жұмыстарын одан әрі жетілдіру оқушылардың тәртіп бұзушылығын болдырмаудың алдын алудың формалары мен әдістері белгіленген. Әрине, жекелеген оқушылардың қоғамға жат мінез-құлықтар көрсетуі және заң тәртібін бұзуы отбасы , мектеп, жұртшылықтың тәрбие жұмыстарынан кеткен кемшіліктерден демекпіз.

Қиын балаларды қайта тәрбиелеу, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау және педагогикалық әдебиеттерде кәмелетке жасы толмаған құқық тәртібін бұзушылар, педагогикалық тәртібі нашар «қиын» балалар сияқты терминдік ұғымдар кездеседі. Біріншісіне кәмелетке жасы толмаған құқық тәртібін бұзатындар небір жағымсыз жағдайларға байланысты дау-жанжалдар шығаратын, арақ-шарап ішіп жеке меншік пен қоғамдық мүліктерге қол сұғатындар жатады. Олардың мінез-құлықтарында , жүріс-тұрыстарында жалқаулық, қатігездік, бастаған ісін аяғына дейін атқармау, әр түрлі ұрлық жасау т.б. қылықтар кездесіп отырады.

Ал педагогикалық тәртібі нашар балаларға айналасымен қарым-қатынастарында жоғарыда айтылған жағымсыз қылықтар мен әдет-дағдылар көрсеткенімен, бұндай ерекшеліктер мінез-құлықтарында тиянақты қалыптаспағандар жатады.

«Қиын» балалар қатарына психикалық дамуы уақытша баяулаған, тез ашуланшақ, уайымшыл, өзін төмен санайтын, мінез-құлқында психопатиялық формалар кездесетін, кейде ашулары «қайнағанда» дәрі – дәрмек беру арқылы қозу күйін тежейтін балалар жатады. Осындай оқушыларға педагог тарапынан гуманистік қасиеттер мен этикалық талап – тілектер қоя білетін педагогтік шеберліктер қажет.

Қиын оқушыларды қайта тәрбиелету мәселелері жаңадан ғана қаралып отырған проблема емес, революциядан бұрынғы орыс және шетелдік педагогикалық ойшылдардың, қайраткерлердің бірі Г.П. Бельский, А. Богдановский, А.Я. Герд, Д.А. Дриль, Д.Р. Тальберг, А.А. Фидлер және т.б. еңбектерінде көтерілген. Осылардың кейбіреулерінің идеялары осы күнге дейін өз құнын жоғалтқан жоқ. Мысалы, П.Г. Бельский және Д.Л. Дриль құқық бұзушы жасөспірімдерді зерттеп-тану, олардың психологиялық ерекшеліктерін анықтауды талап етеді. П.П. Пусторослов болса, педагогикалық тәртібі нашарланған балалардың заң құқығын бұзу дәрежесіне орай әртүрлі типті оқу – тәрбие мекемелерін ұйымдастыруды жөн көрген. Е. Альбитский, А. Ширген, А. Герд тәрбие-еңбек еолонияларында оқу процесін жандандыруды қарастырады. Н.Н. Горонович құқық бұзушы жеткіншектерді қайта тәрбиелеу процесін жақсартудағы тәрбиешінің ролін көрсетуге кеңес берген.

20-30 жылдары құқық бұзушы және баспанасыз қалған жасөспірімдердің проблемасын қолға алып, зерттеу жұмыстарын жүргізе бастады.

Бұл мәселелермен еліміздің аса көрнекті педагогтары мен психологтары Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, С.Т. Шацкий, Л.С. Выготский, Л.В. Заньков, В.Н. Мясишев т.б. шұғылданды. Сонымен, бұл зерттеушілер балалардың тәртіптерінің нашарлау себептерін екі мағынада түсіндірді: топтағы ғалым-педагогтар, қоғамдық жағдайлар мен күнделікті өмірдегі тұрмыс – жағдай негіз болады десе, екінші топтағы педагогтар баланың психикадағы табиғи ерекшеліктері мен мінез-құлқыныңжағымсыз факторларға бейімділігінен деп санады.

Айтылып отырған мәселе 30-50 жылдар аралықтарында объективті жағдайларға байланысты тоқтап қалып, тек 50-60 жылдардан кейін ғана қиын балалар мәселелерімен шұғылданушылардың ғылыми еңбектерінде \В.А. Сухомлинский, Л.С. Славина, Г.П. Медведьев, Л.М. Зюбин, Э.Г. Кюсташкин, Г.А. уманов, М.А. Невский, З.И. Шыныбекова, В.В. Трифанов, Р.К. Мәмбетова, Л.К. Керімов т.б.\ жарық көре бастады. Бұл ғалымдардың зерттеу жұмыстарының дәлелдеуінше, қиын оқушылардың пайда болуына үш фактор себепші болатыны анықталған.

  1. отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, яғни тұрмыстағы ұрыс-талас, дау-жанжал, баланың табиғи психологиялық ерекшеліктерін ескермеу, маскүнемдік, ата-ананың біреуінің болмауы т.б. жағдайлар себепші болған

  2. мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда кеткен кемшіліктер, яғни жекелеген оқушылардың мінез-құлық ерекшеліктерін, ынта-ықыластарын, қызығушылығы мен талап-тілегін ескермеу мүмкіндік берген.

  3. жұртшылықтың тәрбие процесіне толық көңіл аудармауынан, яғни оқушылардың тұратын микроаудандарында әр түрлі үйірме жұмыстары мен спорт секцияларына тиянақты тартылмауы салдары да негіз болған.1

Мінез-құлқындағы қиындық және қиын балалар ұғымы 1920-30 ж. Пайда бола бастады. (Блонский П.П.). Бастапқыда ғылым саласында емес, күнделікті өмірде жүрді. Біраз уақыт ұмытылып, 1950-60 жылдардың басында қайтадан қолданысқа енді. Қазіргі кезде бұл терминдер ғылыми сөздіктерде нақты орын алып отыр.

Сөз етіп отырған бұл мәселе әрдайым социолог, психолог, заңгер, дәрігер, педагог мамандарының зейінін өзіне аударып, оларды алаңдатып отыратын үлкен мәселе екенін айтып өту керек.








1.2. Мінез-құлықтың бұзылу себептері және жағымсыз әдеттердің пайда болуы.

Қазіргі қоғамда кәмелетке жасы толмаған балалардың заң тәртібін бұзуы және педагогикалық тәртіптерінің төмендеуі көп ретте кейбір объективтік және субъективтік жағдайларға байланысты. Сонымен, қазіргі социологтар мен психологтардың еңбектерінде жеке адамды қалыптастыруға екі топ факторлар: макрожағдай мен микрожағдайлар себепші болады деп санайды. Макрожағдай негізінде қоғамдағы экономикалық қарым-қатынас, партиялық басшылық, қоғамдық сана формалары, тап және ұлттар қатынастары т.б. жеке адамның қалыптасуына объективтік мүмкіндік туғызып, жастардың адамгершілік белгілерді сақтап құқық тәртібін бұзуға жол бермейді. Ал, жасөспірімдердің заң нормаларын мойындамайды, қоғамдық орындарда тәртіп сақтамауы, үлкен-кішіні сыйламау қылықтары коллективте, топта, жанұяда, жора-жолдастарының арасында т.б. Микрожағдай ортасында ғана қалыптасады. Өйткені баланың алғашқы қадамы отбасында, мектепте, жора-жолдастары мен ата-аналарының арасында жасалынады.

Психологиялық және психофизиологиялық ауытқулармен байланысты себептер

М.Раттер (1987) деректері бойынша балалардың 5-15 пайызы психологиялық ауытқулары бар. Ал бұған эмоционалды бұзылулармен қоса, онда мәселенің негізі және себептері түсінікті болады. Бұл балалардың тек қана аз бөлігі психиатрға барады (ал біздің елде психиатрға бару мүлдем аз). Сол М.Раттердің айтуы бойынша бұл мәселелерді шешуде медицинамен байланысы жоқ педиатрлар мен педагогтар, әлеуметтік педагогтар, психологтар ат салысуы керек. әрине, бұлар диагноз қоя алмайды, бірақ симптомдарын көрсетіп, қажет болған жағдайда баланың ата-аналарына дәрігерге бару керектігін айтады. Симптомдар арасында М.Раттер ең алдымен мыналарды атап көрсетеді:

  • оның жасына және жынысына сәйкес баланың адеквантты қорқыныш сезімі. Мысалы: жақын адаммен айырылысу кезіндегі, сәби кезде бұл қалыпты, ал жасөспірімдік кезде бұл қалыпсыз;

  • қорқыныш сезімнен көп уақытқа дейін арылмау, қысқа мерзімді қорқыныш сезімі, ештеңе естігісі келмеуі, балалардың көбісінде болады. Бірақ бұл сезімдер көп уақыт бойы сақтала берсе, онда қалыптан ауытқу деп саналады;

  • баланың тәртібінде күнделікті тәртібінен ауытқу пайда болуы, егер бұны қалыпты даму жағдайынан түсіндіру қиын болса;

  • ауыр және қайталанатын симптомдардың пайда болуы. Мысалы: ата-аналары балада түнгі қорқыныш сезімі пайда болады деп санайды. Егер олар мұны баланың сөзінен айтса, бұған аса көңіл аударып керек жоқ. Ал егер ол түнде жылап оянатын болса және бұл жиі қайталанып тұрса;

  • бұл симптомдардың біреуі ғана болса, бұған аса көңіл аударып қажеті жоқ. Ал бұлардың барлығы да бір уақытта болып, психологиялық өміріне әр жақтарына кесірі тиіп тұрса.

Әрине жоғарыда көрсетілгендердің барлығы да баланың дамып жатқан ортасына байланысты. Бұған қоғамдағы этикалық, әлеуметтік және мәдени ерекшеліктерді ескерту қажет.

Психологтар мен психиаторларда ауытқудың қандай деңгейде екенін анықтайтын әдістемелер бар. Олар педагогтармен бірге тәртіптегі педагогикалық түзетулер әдістерін құрастыра алады. Мұғалімнің медицина саласына байланысты мағлұматы болса да ол балаға диагноз қоя алмайды. Ал егер де ол баланың қандай жағдайда екенін білсе, бұл жөнінде балаға және оның ата-аналарына айтпауы керек, себебі олардың сенімін жоғалтыпалмас үшін.

Ересектер дағдарысымен байланысты себептер.

Мектеп жылдарындағы баланың дамуы барлық кезде де жайлы өтпейді. 7-17 жас аралықтарында өсіп келе жатқан адам бірнеше даму сатысынан өтеді, олардың әрқайсысында коммуникативті қабылдау өзгеріске ұшырайды. Жиі түрде қалыптасқан ұғымдар мен жағдайлардың, армандар мен әдеттердің өзгерісі тез арада туындайды. Онда бала бұл жағдайда неліктен мұндай өзгеріс болғанын түсіне алмай, бейімделе алмай қалады. Осылай балалар мен жасөспірімдер мектептік кезеңде бірнеше дағдарыстық жағдайларда болады. Осыған сай балалардың көбісі бұл кезде «қиын» балалар қатарынан шығады.

Психолог Р.С.Немовтың айтуы бойынша бір физикалық және психологиялық жастың екіншісіне өткен кезде жастық дағдарыстар туындайды. Осылай әрбір дағдарыста қиратушылық және құрастырушылық мін бар.

Мектеп жасындағы балалардың дамуын екі этаппен айтып көрсетуге болады: кіші мектептік жас (6-7 жастан 10-11 жасқа дейін) және орта, үлкен мектеп жастары (10-11 жастан 16-17 жасқа дейін). Екінші этап жасөспірімдік (10-11 жастан 13-14 жасқа дейін) және ерте жеткіншектік жастарға (13-14 жастан 16-17 жасқа дейін) бөлінеді.

Кіші мектептік жастан жасөспірімдікке өту дағдарысы ағзадағы физиологиялық өзгерістерге, ересектиермен қалыптасып жатқан қатынастарға және тұлғаның дамуына интеллектуалды дамып жатқандығымен байланысты.

Бірақ жасөспірімдік жаста да, ерте жеткіншектік жаста да дағдарыс оқушыларда әрбір жерде «тосып тұрады». Жасөспірімдік жас - өсу, даму, ержету жасы. Өзгерістер, оның ішінде қарым-қатынастағы өзгерістер тез арада болады. Американ психологы А.Гезелл жасөспірімдік жастың классификациясы мен периодтылығын құрастырады.

10 жас – бұл алтын жас, осы кезде бала өмірді оңай қабылдайды, ата-аналарымен тең, сыртқы келбетімен байланысы жоқ.

11 жаста ағзада өзгерістер бола бастайды, бала импульсивті, көңіл-күйі жиі өзгереді, құрбыларымен, ата-аналарымен қақтығысы мол.

12 жаста мұндай қатынас кішкене басылады, әлемге қатынасы оңалады, отбасынан алыстайды, сол уақытта құрбылармен жақын болады. Бұл жастың негізгі ерекшеліктері – ақылдылық, әзілқойлық, шыдамдылық, сырт келбеіне көңіл бөлушілік және өзіне қарсы жынысқа қызығушылық.

13 жаста балалар өз-өздеріне сынды және сынға төзімді, өз-өздеріне еніп кетеді, психологиямен қызыға бастайды, ата-аналарына сынды қарайды, достықта таңдаулы болады. Көңіл-күйіндегі өзгерістер жоғары болады.

14 жаста интроверсия экстроверсияға ауысады, жасөспірім экспонсивті, көпшіл, жылдам, өз-өзіне сенімді бола бастайды. Экспонсивтілік көпшілік болуымен, адамдарға әдейі неше түрлі сұрақтар қоюымен көрінеді.

15 жастағылары бір формада бөліп көрсетуге болмайды, себебі тұлғалық ерекшеліктері мол. Бұл жастағы ерекшелік жасөспірімнің мектептен, ата-анадан тәуелсіз болуға ұмтылумен белгілі. Тәуелсіздікке ұмтылудың оңтайлысы баланың өзін-өзін қадағалаумен және тәрбиелеуінің алғашқы кезеңінің басталуы. Бұл оның кері әсерлерге бейім болуы қаупін жоғарылатады. Топқа қосылу қажеттілігі туындайды.

16 жаста қайтадан тепе-теңдік туындайды, өмірге деген құштарлық өседі, адамдармен қарым-қатынасы жоғарылай бастайды, келешекке ұмтылыс болады.

Әрине автор бұл жастардағы ерекшеліктердің кейбір жақтарын ғана көрсете білді. Шындыққа келсек, жасөспірімнің жылдам өсуі және мәдени - әлеуметтік өзгешеліктер мәні өте жоғары. Бірақ осы анықтамаларға сүйене отырып жасөспірімдерді жастарына қарай топтап, олармен қарым-қатынас жасау жүйесін құруға болады.

Сонымен бірге психофизиологиялық және әлеуметтік себептер де араласып кеткен классификациялықта болады. Осылай Т.Клай (1991) жеткіншек қылмыскерлердің бес типін бөліп көрсетеді.

  1. Ол «жағдайына ақымақтық» жасап жүр. «Тәртіптеріндегі ауытқуларды, кішкене бұзақылық» деп айтатын жасөспірімдер бар. Бұл жерде не айтқымыз келіп тұр? Үйге кеш келу, өтірік айту, мектепке бармау, киноға билетсіз кіру. Мұндай жасөспірімдер үнемі ағаларын, не апаларын ызаландырады, көршісінің машинасының балонын жарыа тастайды, мектеп би кешінде «түтіндеткіштер» тастайды, есірткі қолданып көреді. Олар куәліксіз автомобильді айдап кете алады, «көрші үйді, не болмаса мектеп ғимаратын бүлдіріп тастай алады».

  2. Ата-аналар жауы. «Мұндай жасөспірімдердің тәртіптерінің себебі олардың ата-аналарының біреуіне, не екеуіне де қастандық ойлаумен түсіндіріледі. Уақыт өткен сайын мұндай қатынас кішкен соғысқа айналып кетеді. Жасөспірім – ұлдың қастандығы ата-аналар үшін ашық аспандағы найзағай тәріздес болады. Олар баланың осы жылдар бойы қастандығын ішіне сақтап келіп, қазір сыртқа шыққанын түсінбейді».

  3. Бұзылған бала. «Мұндай баланы ассоциалды бағыттағы тұлға деп атайды. Онда интеллектуалды, эмоционалды дамуына ауытқулар жоқ. Бірақ тәртібінде оның ауытқуы бар. Бұл баланың сәтсіз отбасында өскенін білдіреді. Енді ол сол жердің ережелері бойынша өмір сүреді. Олар қылмыс өмірін қабылдап, соның ережелеріне бағынады».

  4. Органик. «Бұл баланың миында ауытқу бар, не дамуында кеш қалған. Оның тәртібіндегі бұзақылықтар интеллектінің төмен болуына және өзінің жүріс-тұрысына баға бере алмауымен түсіндіріледі. Бұл балаларды өкінішке орай құрбылары мазақтайды, себебі олар барлығы тәрізді емес».

  5. Түбінің жаман болуы. «Мұндай жасөспірімдер типін психопаттар деп те атайды. Олар өмір бойы қылмыс жасауға тән. Мұндай ауытқу мектепке дейінгі кезде пайда бола бастайды. Мұндай жасөспірім ұсталынып қалса да бұзақылық жасай береді. Оны қорқыныш сезімі де тоқтата алмайды. Ол ешқашан да шын жүректен жақсы көре алмайды. Оған ұят, кіне деген сезімдер белгісіз. «Мен оған ұрысамын, оны жазалаймын»,-дейді осындай баланың әкесі. Ал оған бәрі бір. Ол ештеңе болмаған тәрізді қайтадан бастайды».2




ІІ. Тарау. Бастауыш мектептегі «қиын» балалармен кәсіби іс-әрекеттегі қайта тәрбиелеу әдістері және технологиясы

2.1. Бастауыш мектептегі «қиын» балалардың алдын-алудың негізгі бағыттарының жұмысы

Тәртібіндегі ауытқуларды зерртеу, оларға әсер ететін факторларды іздестірумен шектелмейді. Ғалымдардың, криминалисттердің, социологтардың, психологтардың, саясаткерлердің жұмысы жасөспірімдерге әсер ету стратегиясын шығару болып табылады. Осы жақта ауытқуы бар тәртіпті әлеуметтік қадағалау қандай да болмасын қоғам үшін өзекті болып табылады.

«Әлеуметтік қадағалау» - терминін, алғаш рет айналымға Г.Тард енгізген, ол алғашқыда бұл терминді қылмыскерлердің қоғамға қайтып оралуы ретінде қарастырады. Содан кейін Г.Тард бұл ұғымды кеңейте отырып, тұлғаның әлеуметтену факторы ретінде түсіне бастады. Ғалымдардың жұмыстарында әлеуметтік қадағалау ұғымы басынан бастап, тұлға тәртібіндегі қоғам үшін келеңсіз жайттарды жою болып табылады. Әлеуметтік қадағалау мәселесін құрастыра отырып, бұл социологтар оны әлеуметтік институттар жүзеге асыратын бағыт деп түсінді. Әлеуметтік қадағалау теориясын Э.Росс және Р.Парк бір-бірімен келіспей құрастырған. Э.Росс бойынша әлеуметтік қадағалау бұл «сау» әлеуметтік тәртіпті орнату мақсатында тұлғаның тәртібіне қоғамның әсер етуі. Р.Парк әлеуметтік қадағалауды әлеуметтік күштер мен адам табиғатының бірігіп қамтамасыз ететін құрал ретінде түсінеді. Ол әлеуметтік қадағалаудың үш формасын бөліп көрсетеді:

  1. элементарлы санкциялар

  1. қоғамның пікірі

  1. әлеуметтік институттар

Әлеуметтік бақылаудың кең теориясын Р.А.Лапьер құрастырды, ол әлеуметтік бақылауды тұлғаның мәдениетті және оны ұрпақтан – ұрпаққа беріп отыру процесі ретінде түсіндірді. Ол әлеуметтік қадағалаудың үш әмбебап механизмі бар дейді:

  1. физикалық санкциялар (тұлғаны топтық нормаларды бұзғаны үшін жазалау);

  1. экономикалық санкциялар («қорқыту»);

  1. әкімшілік санкциялар;

Т.Парсонс әлеуметтік қадағалаудың үш құралын бөліп көрсетті:

1. норманы бұзушыларды оқшауландыру және ақтауды қарастырмау. Бұл әдіспен ең жаман қылмыскерлерге әсер ету; 2. бұзушының қатынасуын шектеумен байланысты, оқшаулау, бірақ қоғамнан толығымен оқшауламау, ол қоғамға өзінің қателігін түсінгеннен кейін қайтып келе алады; 3. ақтау, бұзақының қалыпты өмірге оралуын және өзінің әлеуметтік рөлін ойнауға қайтып оралуы. Көптеген түзеу мекемелерінде, психикалық клиникаларда ақату бағдарламалары кеңінен қолданылады, ал әлеуметтік қамтамасыз орталықтарымен, әртүрлі ұйымдармен бұзақылардың ақталу жұмысымен айналысуда.

Әлеуметтік қадағалаудағы әлеуметтік және әлеуметтік-психологиялық проблемалар кеңестік әлеуметте 70-80 жылдары басталды. Әлеуметтік қадағалау деп қоғам мүшелеріне әртүрлі мәселелерді шешу үшін әсер етуімен түсіндіріледі.

М.И.Бобнева және Е.В.Шорохова әлеуметтік қадағалау функцияларын бөліп көрсетеді. Бұл әлеуметтік бақылау жүйесінің реттеу функциясы және әлеуметтік бақылаудың динамикалық функциясы. Г.А.Предвечный және Ю.А.Шеркович әлеуметтік қадағалау жүйесінде жеке іс-әрекеттерді қарастырады. Олар оны «адамның немесе оның басқа адамдарға қатынасындағы субъективті жағдайын көрсететін әлеуметтік-коммуникативті іс-әрекеттер» деп сипаттайды. Яғни, әлеуметтік қадағалау жүйесіндегі әлеуметтік іс-әрекет – бұл жеке тұлғалардағы келеңсіз жағдайларды жою мақсатында оны жазалау, не көтермелеу, мадақтау не айыптау.

Әлеуметтік әдебиеттерде әлеуметтік қадағалау бір жағынан жүйенің төзімділігімен және онымен басқаруды қамтамасыз ететін процестер бірегейлігі ретінде қарастырылса, ал екінші жағынан тәртіпті реттеудің әртүрлі жүйесі: мемлекеттік және қоғамдық институттар, құқық нормалары, мораль, салт-дәстүр ретінде қарастырылады.

Әлеуметтік қадағалау әсер етудің арнайы құралдары арқылы жүзеге асырылады: жауапкершілік және жазалау, көтермелеу және тәртіпті ынталандыру. Көтермелеу әлеуметтік қадағалаудың негізгі әдістері ретінде көбінесе тұлғаны әлеуметтендіруде, заңды қадағалауын қалыптастыруда қолданылады.

Әлеуметтендіруде әлеуметтік саясаттың үш негізгі бағыты ерекшеленеді: ақпараттық санкцияларды қолдану, медико-биологиялық және әлеуметтік-профилактикалық.

Ақпараттық қолданыс олар әлеуметтік нормаларды білмегендіктерінен туды деген ұсыныстан туындайды. Адамдардың нормативті талаптарды білуі түсінікті және оны қоғам қолдайды.

Келесі қолданыс – жаза. Бұл әдісті қолдану көне және дәстүрлі болып табылады.

Медико-биологиялық қолданыс девиантты мінез-құлықты тұлғаның биологиялық, психологиялық, физиологиялық ерекшеліктерін ескеруді талап етеді. Бұл талаптар адамның екі сипатты болуынан, яғни биологиялық және әлеуметті болуынан туындайды.

Әлеуметтік-профилактикалық қолданыс объективті себептердің әсер етулерінің нәтижесінен туындайды. Әлеуметтік-профилактикалық қолданыстың мақсаты әлеуметтік нормалардан ауытқулардың болмауы және оның алдын алуы.

Жоғарыда көрсетілген бағыттарының әр қайсысының өз кемшіліктері және жетістіктері бар. Бірақ осы бағыттардың барлыын бірге алып жұмыс істесе, онда олар күрделі қалыптасқан жүйені құрайды.

Қазіргі уақытта көптеген өркениетті елдерде «жаза дағдарысы» жөнінде түсінік қалыптасқан, қылымыстық саясат және қылмыстық әділет дағдарысы, мемлекеттік және полициялық бақылау дағдарысы. Қазақстанда әлеуметтік бақылаудың бұл түрінің сараптамасы қалыпты жағдай онша емес екендігін көрсетеді. Қазақстанның қылмыстық саясатының тамыры 80 жылдардың аяғына кетеді.Кейінгі 25 жыл ішінде Қазақстанда 450 000 адам бас бостандығынан айырылды. Ал бұл халық саны 15 млн. Бола тұра ,әр бір 35-қазақстандық жазасын өтеу орындарында отырып шыққан.Сотталғандардың 90% 18 жасқа дейін болса, онда әр бір 18- азамат және орта есеппен алғанда әр бір 9-отбасында түрмелік «мектеп» бар, ал бұл азаматтардың психологиясына кері әсер етеді. Жаңа ҚК қабылданғаннан кейін бас бостандығынан айырушылар саны кемімей , керісінше өскендігін тәжірибе көрсетеді. Статистикаға сүйенсек осы көрсеткіштер бойынша Қазақстан ТМД елдерінің арасында бірінші орында, ал әлемдік тәжірибе бойынша АҚШ пен Ресейден кейін үшінші орында.

Жасөспірімдерге де қатысты қатаң үкім шығару мысалдары бар, бүгінгі күні заң соттары жеткіншек қылмыскерлерге рақымшыл болуға мүмкіндік береді және орта немесе ауыр емес қылмыс жасаған жазасын өтеу жасына жетпегендерге жазасын өтеуден босатады.Бірақ тәжірбе көрсететіндей көпнесе жасөспірімдермен олардың қорғаушыларының құқықтары көпнесе ескерілмейді.Жеткіншектерді қамау тек ерекше жағдайда ғана болуы қажет.Ал органдар болса жеткіншекке ауыр кылмысты жала тағып оны қамап тастайды. Қорытындысында жасөспірімді айлар бойы қамауда ұстайды.

Қазіргі әлемдік әдебиеттерде превенцияның үш деңгейі көрсетіліді: primary prevention («жалпы әлеуметтік алдын алу» ұғымына жақын – ортаға, экологияға, экономикаға, әлеуметке, өмірді жақсарту мақсатында саяси жағдай әсер ету) secondary prevention («арнайы алдын – алу» баламасы, қауіпсіздікті қорғауға, «қауіпті топқа » әсер етуге, қылмыс пен құқық бұзушылықты туындайтын жағдайларды жоюға бағытталған), tertiary prevention немесе отандық криминолгияда «жеке алдын алу». Қазірі уақытта Қазақстанда мінез- құлқында ауытқуы бар жасөсперімдер ісі бойынша полиция ұйымдары айналысады. Біздің ойымызша әлеуметтік алдын алу тәжірбесінде ең басты қателік әлеуметтік-педагогиқалық және құқықтық органдарының бірігіп жұмыс істемеуінде.

Қалыптасқан әлеуметтік алдын алу тәжірбесінде негізгі рөл жеткінщек қылмыскерлердін алдын алу және сәйкес қылмыстық іздестіру бөлімшелеріне бөлінген. Бұл бөлімшелердін іс- әрекеті нормативті құжаттармен реттелген және ҚР заңы бойынша жүзеге асырылады.

Білім беру мекемесінде әлеуметтік педагог әлеуметтік- педагогикалық функциясынан басқа нақты бір категория бойынша оқушыларды мектепшілік бақылауға тіркеп олармен жеке бір бағыттар бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Олар есепке алу карточкаларын және алдын-алу істерін жүргізу, арыз берген материалдармен жұмыс жүргізу, әртүрлі құжаттарды толтыру, аумақта профилактикалық жұмыс жүргізу іс-шараларын орындауы керек.

Жасөспірімнің құқық бұзушыға айналу процесі көп уақытты алады. Жасөспірімнің девианттылығын алдын-алу төменде көрсетілген төрт категорияға бөлінеді:

    1. Алғашқы әлеуметтік алдын-алу мекемесі (балалар бақшасы, мектептер, қосымша білім беру мекемесі, медицина мекемелері) олардың іс-әрекеті балаларды адеквантты тәрбиелеу болып табылады.

    2. алғашқы арнайы алдын-алу мекемесі (мүмкіндіктері шектелген балаларға арналған бейімделу орталықтары, балаларға және отбасыларына көмек көрсету орталықтары, психолого-медико-әлеуметтік орталықтар т.б.) қиын жағдайға түскен балаларға және жасөспірімдерге көмек көрсету орталықтары. Бұл қылмыс жасауға жоғары деңгейде қауіпті балалармен жұмыс істеу.

    3. кейінгі арнайы алдын-алу мекемесі (ішкі істер орындарында жасөспірімдердің құқық бұзушылықтарын алдын-алу, арнайы оқыту тәрбиелеу мекемелерін ашу-жабу) қылмыстық жауапқа тартылатын жасқа жетпеген балалар мен құқық бұзушы жеткіншектерді қайта әлеуметтендіру.

    4. қылмыстық құқық және қылмыстық атқару мекемелері (тәрбиелеу колониялары) жеткіншектердің аса ауыр қылмыс жасауларын алу.


Жасөспірімнің девиантты мінез-құлқын алдын-алу бойынша негізгі бағыттар.

Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы мәселесі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі. Европа елдерімен Америка елінің статистикасы бойынша жасөспірімдер арасындағы тәртіпті ауытқулар ауыр қылмыспен аяқталады. Қазақстанның жасөспірімдер мен жастарының девиантты мінез-құлықтарының динамикасы және тенденциясы біздің елде де өзекті мәселе болып отыр. Криминолог, социолог, психолог ғалымдардың негізгі мәселелерінің бірі девиантты тәртіптің түріне қарсы тұрудың нәтижелі бағытын ойлап табу. Осы қатынаста әлеуметтік қадағалау және девиантты тәртіпті алдын-алу саясаты қандай да болмасын қоғам үшін өзекті мәселе болып табылады.

Девиантты әсер етудің алдын-алу бойынша жұмыстар кешенді іс-шараларды қажет етеді. Аранйы бағдарламаны құрастыруды талап етпей-ақ жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқын алдын-алуға келесі бағыттар бойынша ұсыныстар құрастырайық:

  1. Жалпы білім беретін мекемелерінде және кәсіби училищелерде оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру және сәтсіз отбасынан шыққан жасөспірімдердің ерекшеліктеріне қарай бейімделуді қолдану.

Жалпы білім беру мекемелерінде және кәсіби училищелерде оқу-тәрбие жұмысын жетілдірудің алғашқы принциптері біздің ойымызша келесілер болуы қажет:

  • оқушылардың өз қызығушылықтарын әртүрлі салада дамыта алулары үшін жағдай жасау, сонымен бірге оқыту-тәрбиелеу процесінің біріңғайлығын бұзатын оқытудың альтернативті әдісін табу, бұл оқыту процесінің әртүрлі модификациясымен мектептер жүйесін құрастыруды қажет етеді;

  • мектептен тыс және білім беру мекемелерін құру. Мектептен тыс білімді және тәрбиені баланың рухани, интеллектуалды, эмоционалды, эстетикалық талғамдарының дамуының үзілмес жүйесі ретінде қарастыру қажет.

Біздің ойымызша бұл жерде жекешелендіру және дифференциация негізінде, оқытудың ерекше регламентімен, степендия төлеумен (қызықтыру мақсатында) сәтсіз отбасыларынан шыққан, оқу деңгеі төмен балалар үшін мектеп құру қажет. «Қиын» жасөспірімдер мектебінде жекешелендірудің бірнеше бағыттары бойынша өткізу қажет, мысалы:

  • оқытудың жеке түрі бойынша (оқыту, білім алу үшін оңай оқыту әдістерін таңдау, оқу құралдарының барлығын қолдану);

  • психико-педагогикалық болжау әдісі бойынша (педагогикалық көмекке арнайы сыныптар);

  • мұндай арнайы мектептерді, жалпы білім беру мекемелерімен бірге кәсіби дифференциялды білім беру арқылы құру;

оқу орындарында педагогикалық кадрлармен жұмыс істеу бағдарламасында олардың квалификациясын көтеру бойынша келесілерді ұсынады:

  • жасөспірімдік жастағы оқушылармен жұмыс істейтін кадрлардың кәсіби квалификациясын үнемі көтеріп тұру үшін жағдай жасау;

  • «қиын» жасөспірімдермен тіл табыса білетіндіктері бойынша педагогтардың жұмысын квалификациялау;

  • Арнайы сыныптарды «қиын» жасөспірімдермен қалыпты мектептерде осындай балалармен қосымша жұмыс істейтін педагогтарды материалды көтермелеу;

Мектептен тыс мекемелердің жұмысының нәтижелі және дұрыс жүрудері үшін ең аз дегенде келесілер қажет:

  1. қалаларда, ауылдарда, бар мәдени және спорттық мекемелердің материалды-техникалық базасын көтеру;

  2. мектептен тыс білім берудің әр түрлері бойынша авторлық бағдарламаларды енгізу үшін жағдай жасау;

  3. жасөспірімнің бос уақыты, мәдени білім беру қажеттіліктері бойынша нақты әлеуметтік тексерістер өткізу;

  4. төмен қамтылған отбасылардан шыққан жасөспірімдер үшін жеңілдетілген, ақысыз, бос уақытын өткізетін ұйымды іздеу;

  5. оқыту орындарында қарым-қатынас үшін оқушылардың мүмкіншіліктерін кеңейту;

  6. мектептерде кеңес беретін сыныптары бар кәсіби бағдары жақсы қойылған, әр салалы қызметтерді құру.


Құқық қорғау органдарында балалармен және жасөспірімдермен атқарылатын жұмысты жетілдіру.

Құқық қорғау органдарында жастармен жұмыс істетйтін мамандардың мәртебесін көтеру қажет. Бұл мақсатта бұқаралық ақпарат құралдарында құқық қорғау органдарының жастар мен ересектер қылмыстарын алдын-алу бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде мақалаларды көбірек басу қажет.

Ішкі істер басқармаларында және бөлімдеріне әлеуметтік – құқықтық қызметтерді ұйымдастыру қажет. Балалардың қадағалаусыз қалуларын алдын-алу жұмыстары бойынша құру. Келесілерді негізге ала отырып жасөспірімдердің девиантты мінез-құлықын алдын-алу саясатын құрастырып, қалыптастыру қажет.

  1. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, жасөспірімдер тәртібіндегі ауытқулармен байланысты факторлардың көрсетілуімен оның кері және оң тенденциялары;

  2. Тұрғындардың әлеуметтік – психологиялық жағдайы және жасөспірімдердер қалпы;

  3. жасөспірімдердің құқық бұзушылық әрекеттеріне әсер ететін криминогендік жағдайлар;

  4. әлеуметтік институттар жүзеге асыратын әлеуметтік бақылаудың жағдайы;

  5. қаржысымен, ұйымдастырушылығымен, құқығымен байланысты қалыптасқан инфраструктура.

Жасөспірімдер девианттылығын алдын алудың алғашқы саласында нәтижелікті тек балаларға қатысты мемлекеттік саясаттағы кешенді бағдарламалардан ғана күту қажет. Бүгінгі күні балаларға және жасөспірімдерге қатысты қабылданған мемлекеттік шешімдер толығымен орындалмайды. Елдегі әлеуметтік – экономикалық жағдай әлі де қиын, ресурстар жетіспеушілігі балаларға қатысты бағдарламаларды жүзеге асыруға, әсіресе аймақтардағы саясаттың мүмкіндіктерін шектейді.

Қазіргі қалыптасқан жағдайда балаларға қатысты мемлекеттік саясатты жетілдіру үшін кешенді шаралар қолданған жөн, соның ішінде:

  • елдегі әділетті, соның ішінде сотты және прокуратураны ұйымдастыру қажет;

  • жасөспірімдерге және оның ата-аналарына әлеуметтік көмекке арнайы қызметтерді құрастыру қажет;

  • Қазақстан Республикасы жағдайында балаларға өмір сүру іс-әрекеттерінің қалпын құрастыру қажет;

  • Балалардың өмір сүрулеріне кері әсер ақпараттар ағымынан қорғау механизмін құрастыру;

  • Мемлекеттік деңгейде қысқа мерзімдік және балалық шақ болжамын құрастыру;

  • «отбасы және бала» атты арнайы – ақпараттық бланк құрастырып, ондағы ақпараттар үнемі жаңартылып отыру қажет.

Ұсынылып отырған бұл әдістер біздің ойымызша баланың девиантты мінез-құлқының алдын алуда неғұрлым көмек көрсетеді.


2.2. Қазақстан Республикасындағы жасөспірімдер ортасындағы құқық бұзу жағдайының өсу динамикасы.

Қылмыс бұл әлеуметтік ортаға енген, нақты уақыт пен ортада болатын, әлеуметтік тұрмыс ретінде, қоғамда болып жатқан құбылыстарға байланысты талданады. 1980-90 жылдардың аяғында қоғамда болған құбылыстардың барлығы да қылмыстың өсуіне, оның құрылымының өзгеруіне әсер етеді.

Статистикаға сүйенсек, қылмыс дамып келе жатқан социалистік елдерде емес, экономикалық дамыған елдерде бір саты жоғары тұрады. Қылмыстың 9-10 есе көбірек болуын, дамыған елдерде қылмыстарды тіркейді (ол елдерде де бұл салада көптеген мәселелер бар) дегенімен ғана түсіндіруге болмайды. Қылмыстардың көбірек болуы қылмыс құрылымымен түсіндіріледі. Дамыған елдерде мүліктік қылмыстар басым. Айтылған қылмыс нарықтық экономикамен, жеке меншіктің басымдылығымен және еркін бәсекелестікпен байланысты. Еркін бәсекелестік қоғамында кримогендік потенциал жоғары деңгейде. Осыған байланысты біздің елде нарықтық экономиканы таңдаған кезде, қылмыстың да өсетінін ескеру керек еді. Қазақстандағы қазіргі қылмыстың болуы нарық экспансиясының қорытындысы болып табылады.

Барлық құбылыстар тәрізді, қылмыс та адам тәртібінен туындайды. Бұл жағдай да олардың заң бұзушылық тәртіптерінен болады. Бұндай адамдардың саны халықтың әлеуметтік құрамына байланысты. Оның құрылымы екі түрлі әлеуметтік топтардың абстрактілі қарама-қайшылықтарын анықтайды. Қаңғыбас және қайыршы жеткіншектер арасындағы қылмыс, әлеуметтік қамтылған жасөспірімдер арасындағыға қарағанда басым болып келеді. Халық арасында «қауіпті топтың» болуы және бұл топтардың саны қоғамның қылмыстық потенциалын анықтайды. Бұл потенциал топтың «әлеуметтік сипатына», олардың әлеуметтік орнына және материалды қалыптарына байланысты.

Қазіргі қоғамның қылмыстық потенциалы жоғары деңгейде деп санауға болады. Оны осылай сипаттауға Қазақстанның келесідей әлеуметтік құрылымы негізделеді:

    1. тұрғындардың көбісін «кедейлер» қатарына жатқызуға болады;

    2. негізгі бөлігі жұмыссыздар және жалған қолы бос еместер;

    3. кедейлерден, қаңғыбастардан, панасыз балалардан тұратын «әлеуметтік түптің» болуы.

Көрсетілген бұндай типтегі адамдар барлық қоғамда бар, бірақ Қазақстанда шексіз көп. Егер кедейшіліктен бастайтын болсақ, Қазақстандағы кедейшілік қастанды болып келеді. Кедейлер қатарына зерттейшілер, ауыр материалды жағдайда өмір сүретін, кірісі төмендерді жатқызады. Бұл категорияға еңбекақысы төмен, квалификациясы мен білімі төмен қызметкерлер және жұмыскерлер, жұмыссыздар, оқығандардың көп бөлігі арнайы және жоғары оқу орындарында оқитындар жатады.

Барлығымызға да кедейшілік негізінде қылмыс туындайтыны белгілі. Өмір сүру үшін күресу керек дегенге және бұл күресте бәсекелестікке сенетін адам, өзін-өзі жайлап, алғашқы (материалды) қажеттілікті қанағаттандыруға дайындай бастайды. Қалғандарына оның күші қалмайды немесе бұл оларға қызығушылығын жоғалтады, бұл кедейлер арасындағы қылмысты жоғарылатады.

Өтіп бара жатқан кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық қиыншылықтар Қазақстан халықтарының кірістерін азайтты. 1999 жылы орта есеппен бір айлық еңбекақы 3000 теңгені құрады. Кедейшілік балалар мен жеткіншектерге де әсер еткені айқын. Көп балалы жанұялар ең аз қамтылғандар қатарына жатады. 1998 жылы желтоқсан айында 3000 теңге кірісі балалардың 93,2 пайыз – төрт, не одан да көпбалалы жанұялар құраса, 87,3 пайыз – үш балалылар, 70 пайызын – екі балалылар және 52,5пайызын – бір балалы жанұялар құраған. Тамақтануға шығыстар өсті. 1999 жылы ол шығыстың 50 пайызын құрады. Тамаққа ақшаның көп кетуі отбасылық бюджеттің төмендеуіне, ал бұл материалды жағдайдың төмендеуіне және кедейлер санының өсуі. Қазақстандықтардың барлық кірістерінің тек тамаққа кетуі қазіргі жағдайдағы тіршілік стратегиясы болып есептеледі.

Қылмыстың өсуі, жұмыссыздыққа әкеледі. Жұмыссыздықтың аз тіркелуіне қарамай (1999 ж. 3,9% құрады) 1999 жылы аудандағы 3,9 - 10% жұмыссыздық 60-тан 76-ға дейін, ал 10%17-ден 24-ке дейін көтерілді. Жұмыс нарығындағы төмен бәсекелестік, кәсіби тәжірибе мен білімнің болмауы жастар арасында да жұмыссыздыққа әкеледі.

Қылмыстық рөлді «әлеуметтік түпте» ойнайды, бұларға әртүрлі әлеуметтік қабаттар, панасыз қалған балалар мен жасөспірімдерден бастап кедейлер мен қаңғыбастарға дейін жатады. Әр түрлі бөлімдер бойынша жанама деректер бар. Мысалы: 1991-1995 жыл аралықтарында әдейі адам өлтірген жасөспірімдер Республика бойынша 51,5%, әдейі денеге ауыр жарақат түсіргендерге – 25,9%, қарақшылық – 8,6% өскен. Бұл көрсеткіштің өсуі «қауіпті топтың» арқасында. Қылмыс әртүрлі қаңғыбастар, панасыздар және басқа да «әлеуметтік топтың» негізінде өсуде. Бұлар қазіргі нарыққа бейімделе білмеген адамдар қатары.

Сіздердің ойларыңыз бойынша соңғы бірнеше жылда Қазақстанда қылмыс жағдайы өзгеріп пе?

Қылмыстың факторлары

Эксперттер тобы

дамуы

өзгеріс жоқ

тынышталды


едәуір

едәуір емес

Қылмыстың жалпы деңгейі

30/39

35/32

21/19

4/3

Қиын балалар саны

53/60

22/17

15/14

S

Кәмелетке толмағандар қылмысы

43/49

26/19

16/19

2/2

Қамтылмаған отбасылар

57/60

19/12

8/16

2/2

Эксперттердің көбісі елде жалпы қылмыс көтерілді (барлық эксперттердің 65% және білім беру саласының қызметкерлерінің 71%) дегенде. Сонымен біргеолар қоғамда әлеуметтік қамтылмаған отбасылар, девиантты мінез-құлықты балалар, жасөспірімдер қылмысы көтерілуде дейді.

Қазақстанда қылмыстың көтеріліп жатқан жағдайында жастардың ұрпақтан ұрпаққа беру және білім мен тәрбие саласында қиындықтар туғызады. Республикадағы кәмелеттік жасқа толмағандар қылмысының құрылымы мен динамикасы әртүрлі процестер туғызуда. Қылмыстық статистикаға сүйене отырып, оған баға мен талдау беруге тырысайық (3-кесте). Республикада жасөспірімдер қылмысының динамикасы келесідей:

Төмендегі кестеде көрсетілгендей, кәмелеттік жасқа толғандармен жасалынған тіркелген қылмыстар елдегі қылмыстармен байланысты.


Қазақстан Республикасындағы қылмыс жағдайы жөнінде мәлімет

1992

1993

1994

1995

1997

1998

1999

ҚР есепке тіркелген қылмыстың жалпы саны

200975

200975

201796

183913

165401

137511

139431

Кәмелеттік жасқа толмағандар қылмысы

13326

13115

11447

9968

7435

7185

7510

Жасаған қылмыстың басым бөлігі

14,1

11,5

9,6

8,2

7,4

7,6

7,6

1992 – 1999 жыл аралықтарында жасөспірімдер қылмысының жалпы саны төмендеді. Бұндай тенденция тек қуанту керек сияқты. Бірақ жасөспірімдер қылмысында ересектер қылмысында оның негізгі бөлігіне қарау қажет. Шындығына келсек, жасөспірімдер қылмысы көрсетілген статистикадан әлдеқайда жоғары. Бұлар әсіресе қарақшылық, ұрлық, сонымен бірге бұзақылық, зорлау тәрізді қылмыстарға да қатысты.

Екіншіден, зорлық қылмыстарының жоғарылап баруы алаңдатады. Сонымен бірге жасөспірімдер қылмысының құрылымы жоғарылап барады. Дәстүрлі қарақшылық, ұрлықтан гөрі қазір қорқытып алушылық кездесуде.

Үшіншіден, кейінгі кездерде жасөспірімдер топтасып жасаған қылмыстар көп кездесуде. Қазақстан зерттеушісі И.В.Корзун деректері бойынша қылмыстарға жасөспірім қыз балаларды да тарту тенденциясы бақылануда. Осылай олардың топтарға қатысулары 17,5% құрайды. Басқа да зерттеушілердің айтулары бойынша қылмысты топтардың 70% - ін жасөспірім қыз балалар құрайды. Себебі топпен ұрлық жасайды, жалғыз ұрлағаннан гөрі әлде қайда жеңіл. Қазақстанда жасөспірімдермен 1989-1993 жыларалықтарындағы қылмыстар 52-59% арасында. Жасөспірімдер көбінесе ересектермен бірігіп қылмыс жасауда. ҚР ІІМ деректері бойынша ересектермен бірігіп қылмыс жасағандары үшін сотталған жасөспірімдер саны 1993-1996 жыл аралықтарында 30,2 % өскен. Бұндай ересектер мен жасөспірімдер бірігіп жасаған қылмыстардың өсуі қылмыстық жағдайды жоғарылатып, жасөспірімдер қылмысына жетекші күш болады.

Отандық криминалистердің статистикалық деректерінің негізінде жасөспірім құқық бұзушының әлеуметтік сипаты келесідей: «еркектер көбірек болды». Құқық бұзушы жасөспірімдердің шамамен жастары 16-17 жас. Жартысы (5-10% әртүрлі жылдарда қосылып, алынады) жұмыс істейтіндер және оқымайтындар, 45 %жалпы білім беретін мекемелерде, техникумдарда, кәсіби мектептерде, кейінгі кездері лицейлер мен гимназияларда оқитындар. 75-80% төмен отбасылардан шыққандар, 40% ата – аналарының біреуі ғана бар, олардың білім деңгейлері 8-10 сынып арасында.

Қылмыстық жағдайлардың негізгі факторы жасөспірімдер арасындағы маскүнемдік болып есептеледі. Мектептердегі, гимназия, лицейлердегі жасөспірімдердің наша қолдануларының өсілері алаңдатады. Жасөспірімдер жасаған әрбір үшінші қылмыс мас күйінде жасалған. Республикадағы тәрбиелеу колониясындағы жасөспірімдер арасында өткізілген сұрақ-жауап негізінде 64% арақ ішетіндіктері, әрбір төртіншісі наша қолданатындары анықталды.

Мақалада жастар қылмысының әлеуметтік сипаты берілген. Кәмелетке толмаған жеткіншекетр қылмысының динамикасы мен тенденциясына талдау жүргізіліп, оның негізгі факторлары, себептері мен жағдайлары қарастырылады.Қазақстан қоғамының қылмыстық потенциалына баға берілді. Эксперттік сұраулардың нәтижелері беріледі.

Жеткіншектердің бұндай тәртіптері бірнеше объективті және субъективті факторлармен сипатталады. Жеткіншектер арасындағы қылмыстардың негізгілеріне келесілерді жатқызуға болады:

  • отбасыларындағы, мектептегі, жұмыстағы ұжымдардың тәрбие азабы;

  • жанындағы ересектердің кері әсерлері, әсіресе бас бостандығынан айыру жерлерінен босатылып келгендердің, не жазаланбаған құқық бұзушылардың;

  • жұмыссыздық, ашық және жабық түрде, отбасын жеткілікті қамтымау;

  • елдің құқықты білмеулері;

  • жеткіншектер арасында маскүнемдік, нашақорлық таралуы, спорттық шаралардың болмауы;

  • құқық қорғау органдарының қызметкерлері және қазіргі заңға байланысты кәмелетке толмаған жеткіншектердің қылмыс жасауларының алдын алу органдарының қызметкерлері профилактикалық жұмысты қажет деңгейде атқармаулары;

  • қылмыстық тәртіптің алдын алу әдістерінің адикванты болмауы;

  • жасөспірімдерге көмек көрсететін әлеуметтік қызметкердің дамымағаны, не мүлдем болмауы;

  • мемлекеттік, қоғамдық, педагогикалық ұйымдардың, құқық қорғау органдарының қамтылмаған жанұялармен жұмыс істеудегі құрұлымдық, функционалды жұмыстары бір текті болып жоспарланбағаны.

2000 жылы 9 ай ішінде жеткіншектер 5604 қылмыс жасады, бұл алдындағы жылмен салыстырғанда 5,7% көп. Әртүрлі бұзақылықтар үшін 32122 жасөспірім әкімшілік жазаға тартылды. Шығыс Қазақстан ( +13,6%), Жамбыл ( +48,5%), Павлодар( +21%), Қостанай ( +17%) және Оңтүстік Қазақстан ( +16,8%) облыстарындағы жеткіншектер қылмысының өсуі алаңдатады.

Қылмыс жасайтын жеткіншектердің көбісі, қылмысты 12-13 жас аралықтарында жасай бастады, ал 17-18 жас аралықтарындағылар өз істерін аморальды деп санамайды.

Жасөспірімдердің өмірлік қажеттіліктері

Жауаптар

Сұраушылар

Жоғарғы еңбек ақылы жұмыс

81

Адал достар

75

Ақша

65

Жақсы отбасы

64

Махаббат

41














2.2 «Қиын» балалармен Әлеуметтік педагогикалық- психологиялық қайта тәрбиелеу жұмыстың әдістері.

Қиын бала оған жасалынған қандай бір педагогикалық ықпалдар болмасын, оған іштей қалай қарайды? Осы мәселе педагогтың есінен шықпауы тиіс.

Егерде олардың ішкі жан дүниесі «табиғатын» біле-білсек, соғұрлым қиын баланың мінез-құлқындағы адамгершілікті шағын ғана сыр-сипатын бөлектеп алып, соған негіздей жеке тәрбие жұмыстарын ғылыми тұрғыдан құра біліп, жағымсыз қылықтарын жоюға мүмкіндік туғызу қажет. Осыған орай қайта тәрбиелеу процесіне қойылатын шарттар:

    1. әрбір қиын баланы жан-жақты зерттеп,мінез-құлықтарының бағыт-бағдарын айқындау, оның ішіндегі адамгершілік ниеттегі қасиетін іріктеп алу;

    2. әрбір баланың адамгершілік сынды тәжірибелерін құра біліп, соның негізінде тәртіпті, айналасындағы өмірге дұрыс көзқарасты, ұжымдық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруды ұйымдастыру;

    3. әрбір жеке адамның ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне және шығармашылық талап-тілектеріне орай қабілеті мен икемділіктерін дамыту, қоғам жұмыстарына қатыстыру.

Әрбір қиын балаға жинақталған мінездемелерді белгілі бір жүйеге келтіріп, оларды қайта тәрбиелеуде және жеке тәрбие жұмыстарын ғылыми тұрғыдан ұйымдастырған жөн. Осы саладағы қайта тәрбиелеу әдістерінің бірі-этикалық әңгімелесу, ол баланы реттеп тануда, тәрбиелеуде және жеке тәрбие жұмыстарында өз ерекшеліктерімен танылуда.

Әңгімелесу – оқу тәрбие процесінде ең қажетті құрал. Оқушының жеке уайым-қайғысы, кейбір моральдық нормаларға жатпайтын іс-әрекеттері, отбасы жағдайындағы ыңғайсыз келіспеушілік қылықтар жайлы этикалық мәселелерді оқушылар коллективі арасында жария етуге болмайды және қиын баланың кейбір қылықтарының себебін, ауыр сезімдер, қайғы-қасіреттерін сынып ұжымы түсінбеуі мүмкін. Осындай жағдайда тәжірибелі педагог баланың басынан өткен оқиғаны және әртүрлі жағдайларды дұрыс түсінуге, болмаса ұжымның обьективті түрде ұғынуға әңгімелесу, сырласу арқылы көздерін жеткізеді.

Қиын балалармен тәрбие жұмыстарын жүргізуге көңіл аударарлық әдіс-олардың бейім – қабілеттерін ескеріп, қоғамдық мәні бар тапсырмалар беру және педагогикалық талаптар қою. Көптеген қиын оқушылардың мінез-құлық стереотиптерін өзгертіп, адамгершілік қасиеттерге бағдар беруде. Олардың психикалық күйлерін, яғни қуанышты эмоциясын пайдалана білсек, мектептегі қызықты, тартымды қоғамдық жұмыстарға белсенді қарастыруға болар еді.

Қайта тәрбиелеу процесінде өз орнын тауып келе жатқан әдіс – педагогикалық иландыру. Педагогикалық иландырудың бір ерекшелігі – қиын баланың психикасына қатты әсер ететіндігін (қатты дауыс шығару, бұйыру, өктемдік білдіру, байкот жариялау т.б. байқаймыз). Әрине бұл әдіс басқа да тәрбие әдістерімен тығыз байланысты жүргізілуі тиіс.

Педагогикалық иландыру фактор ретінде оқу-тәрбие процесінде жекелеген тәрбие процесінде жекелеген оқушыларға педагогикалық ықпалдар жасалынғанда еріксіз, стихиялық түрде болғанымен де белгілі мақсатқа негізделінеді.1

Еріксіз, стихиялы түрде иландыру тәсілін қолданғанда, оны алдын ала жоспарламай, еріксіз сипатта жүргізіледі. Бұл тәсіл қиын оқушының дөрекі қылықтарынан кейін артын суытпай, педагогтың ақыл – кеңесін, талап – тілегін, таңдаусыз қабылдауын суггестия деп атаймыз. Педагогикалық процесте еріксіз, стихиялы тәсілді қолданудың методикалық ерекшелігі бар. Мысалы, егер де оқушының интеллектік жағы басым болса, оның ықпалын төмендеткен орынды. Ал, керісінше иландырудың әсерін күрделендіріп, қиын баланың санасына жеткізу немесе ол аффективтік күйде дидактогения еріксіз, стихиялы иландыруды қолданудың нәтижесі жоғары болмақ. Өйткені қиын оқушы ашуланшақ, өзінің эмоциясын басқара алмайды. Сондықтан тәртіпсіз қылықтарын жалғастыра беруі мүмкін. Сонда педагог ашудың қарқының төмендетуге, онымен тіл тауып, тежеп, өзін-өзі ұстауға себепші болып, дауыс ырғағымен, мимикасымен қолдау білдіреді.

Мақсатты түрде қиын балаларды қайта тәрбиелеудің ең басты әдісі- «көше» жолдастарымен жағымсыз байланыстарын үзу. Бұл әдістің мәні-қиын балалардың «көше» жолдастарымен қарым-қатынастарына тыйым салып, байланыстарын үзу. Айтылып оырған тәсілді іс жүзінде асырудың мектеп практикасында бірнеше жолдары бар.

Соның бірі-территориялық тұрақты мекенін ауыстыру, мектеп алмастыру, қиын жеткіншекті бір жылға, бірнеше жылға басқа облыс, аудандарда тұратын туған-туыстарына жіберу. Кейбір ата-аналар мектепті ауыстырғанмен қиын балалар бірін-бірі тауып алып, байланыстарын жалғастыра береді. Көптеген отбасылардың басқа қалаларда, аудандарда туыстары болмауы мүмкін. Бұл жағдайда іске асыратын екінші тәсіл-жағымсыз достық байланыстағы қиын балаларға екі жақтан да кездесулеріне тыйым салу.

Моральдық тұрғыдан айыптау әдісі. Осы тәсілдің тыйым салу тәсіліне қарағандағы артықшылығы баланың ар-ұятына бағытталып, көлемді нәтижелер бере алатыны. Мысалы қиын баланың әрбір теріс қылығын, істерін, тәртіпсіздігін былайша айтқанда, темекі, наша тарту, арақ ішу, оқуға бармау, қаңғыбастықпен айналысу, ұрыс-керіс, дау-жанжал шығару істерін ата-ана, аға-іні, қарындастары, туған-туыстары тарапынан педагогикалық этикаға сай отбасында айыпталады.

Қиын жеткіншектердің қоғамға жат қатынастарын адамгершілікті жаңа қатынастармен алмастыру /трансформация/ әдісінің мәні-олардың жүріс-тұрыстары мен мінез-құлықтарына қоғамдық мәнді бағыт-бағдарларды, талаптарды қалыптастыруда алғашқы күндерден бастап күнделікті іс-әрекеттерінде адамгершілікті әдет-дағдылар мен іскерліктерге тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу.

Осыған орай екі жақтың, яғни қиын бала мен жолдастарының бастарын қосып, арақатынастарындағы іс-әрекеттерін қоғамға пайдалы жұмыстармен алмастырып, олардың бейім қабілеттерімен байланыстыра жүргізу. Ал егер оқушының икемділіктері байқалынбаса, педагог, ата-ана, милиция қызметкері оның болашақ талап-мұқтаждықтарын болжап, жаңа қоғамдық мәні бар қызметтерін ұйымдастырса, бұрынғы қоғамға жат байланыстарын өзгертуге жағдай туғызады.

Оқу-тәрбие процесінде қиын оқушыларға педагогикалық ықпалдар дара ерекшеліктерін ескере отырып, құқықтарын, мақсат-міндеттерін, қатар құрбыларының арасында болатын табиғи қарым-қатынастарына тежеу немесе өзгерістер енгізіліп отырады. Бұл әдісті – жаңа мағыналы мінез- құлықтарды ынталандыру деп атаймыз. Оны оқушылардың жетістіктерін дәріптеуге тәрбиесіндегі кемістіктерін сынауда қолданудың өз ерекшеліктері бар.

Мектептерде нерв жүйесі нашарлаған «қиын» балалар мен тәрбие жұмысын жүргізу көптеген қиындықтар туғызады. Өйткені әрбір баланың өзіндік ерекшеліктерімен қатар сырқаттарына байланысты туындайтын өзгешеліктері бар. Нерврастения, неврозға шалдыққан қиын баланың басы ауырып, түнде ұйқысы қашады. Сол себептен, өткен оқиғаны есте қалдыру процесі нашарлап, жүріс – тұрысында шаршап-шалдығудың белгілері байқалады. Осындай балалармен тәрбие жүргізгенде ар-намысына тимейтін тәсілдер арқылы ақылдасу ретінде педагогикалық ықпалдар жасалынады. Кей сәтте ашуланып, долданып, жан-жағындағыларды балағаттай бастағанда, оған көңіл аудармай өзін жеке қалдыру керек. Тек сонда ғана нерв жүйесінің қозғыштық күші басылады. Тек оқушы бір қалыпқа түскеннен кейін ғана орынды емдеу жүйесін жүргізіп, оның жасаған қылықтарына талдау беріп, қателігін түсіндірген абзал. Міне, сонда ғана қателігін мойындап, келесіде өзін-өзі қадағалауға уәде береді.

Қиын балаларды қайта тәрбиелеу процесіндегі әдіс - тәсілдерді методикалық жағынан қолданудағы тәжірибелерді жалпы қорытудан туындайтын қайта тәрбиелеу жүйесінің кезеңдері:

А) дайындық кезеңі – «қиын» баланың тәртібінің төмендеуіне себепші болған жағдайларды анықтау;

Б) екінші кезең – «қиын» балалар мен «көше» жора-жолдастары арасындағы байланыстардың дәрежесін, тереңдігін айқындау.

В) үшінші кезең - өзгеріс кезеңі. Көптеген қиын балалардың ішкі жандүниесінде өзгерістер туа бастайды. Көптеген жеткіншектердің мінезіндегі тесіс қылықтары, әдет-дағдылары мен қалыптаса бастаған және адамгершілікті сапалардың арасында «күрес» басталады. Ұжымдық қарым- қатынастарда әрбір қиын баланың бағыт- бағдарлары мен мұқтаждықтарын, ішкі дәлеліне ( мотив) айналдуруға педагог ат салуы қажет.

Г) соңғы кезең – бекіту кезеңі. Әрбір қиын баланы мінез-құлқындағы адамгершілік мәнді өзгерістер болған сайын өзін-өзі тәрбиелеуге талаптанып мінез-құлықтарындағы онды қасиеттерін дамыта береді. Қиын балалардың өзін-өзі тәрбиелеу әрекеттерін ынта-ықыластарымен ұштастыру, сынып жетекшісі олардың өзін-өздері тәрбиелеудің педагогикалық ұтымды методикалық жолдарымен қаруландырып отыру.

Қиын оқушылардың есебін алу оларды қайта тәрбиелеуде ұйымдастыру және қол процесте түсінік хатты пайдалану жөніндегі алуан түрлі директордың жұмысының жүйесін белгілей отырып, алға қойылған мақсатты орындау үшін жалпы білім беретін мектептегі ішкі резервтерді жан-жақты қарастырып оларды орынды қолдану жағы көзделді.









Қорытынды

Қурстық жұмысымызды қорытындылай келгенде «Қиын» балалар әлеуметтік педагогикалық - психологиялық іс-әрекеттің объектісі ретінде қарастырылады.

Онда қиын балалар ұғымының мәні мен бұзылу факторлары, себептері және жағымсыз әдеттердің пайда болуы жайлы айтылады.

Жалпы білім беретін мектептеріндегі бастауыш сынып педагогтың практикалық жұмысына қолданбалық модель жобасы және оған тәжірибелік нұсқаулары беріледі. Біздің жүргізген тәжірибемізде анкеталық зерттеу әдістерін қолдандық. Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы №86 орта мектебіндегі және Шет ауданындағы №1 орта мектебіндегі оқушыларға арнайы анкета жүргізу барысында 145 оқушы қатысты. Бұл анкета барысында мінез-құлықтың қандай формасын ауытқыған және қандай формасы жасөспірімдердің ортасында кең таралған деген көзқарастарын зерттедік. Мінез-құлықтың формасын нормадан ауытқыған деп атайсыз? Оқушылардың пікірінше, мінез-құлықтың нормадан ауытқыған түрі – бұл нашақорлықты пайдалану деп есептейді. Ауылдың және қаланың балалары үйден қашу, дөрекілік, ішімдікті пайдалану, темекі шегу, бұзақылық, үлкендердің тілін алмау бұларды норма деп есептейді. Бірақ ауылдың оқушылары қаланың оқушыларына қарағанда мектепте тәртіп ережесін бұзуды (сабақты босату, сабаққа келмеу, берілген үй тапсырмасын орындамай бас тарту) нормадан ауытқушылық деп есептейді (ауыл – 75 пайыз, қалада – 24 пайыз).

Осы зерттеу жұмысы барысында қандай формалары жасөспірімдердің ортасында кең таралғанын байқадық, қорытындалай келе төмендегі ұсыныстарды ұсынамын:

  • қиын оқушыларды тәрбиелеу ісіне үнемі араласып, әрбір қиын оқушылармен жеке – жеке қарым-қатынас жасап, оның қорытындысын тәрбие жұмысына пайдалануға ұсыныс жасап отыру керек;

  • тәрбие берудің барлық жүйесінде тәрбиеленушінің ой-өрісіне әсер етуде ең басты орын алатын мәселе үлгі – беру.

  • педагогтар тарапынан көмек керек, барлық жүргізілетін шараларға мұғалімдердің белсене араласып, бақылап отырғаны жөн;

  • Қиын балалардың есебін дәл алуды, олардың әрқайсысын психико-педагогтық жағынан зерттеуді әбден дайындалған, тәжірибесі мол әлеуметтік педагогтар жүргізеді;

  • Ең алдымен «қиын» оқушылардың өз күшіне, мүмкіндіктеріне, қабілеттілігіне сенімін қалыптастыру, оқуға, еңбек етуге үйретіп, олардың талаптарына, адамгершілігін сезінуіне сәйкес, ұжымнан өздеріне тиісті орнын алуына көмектесу қажет;

  • «қиын» оқушыға отбасында дем алуға, оқуға, еңбек етуге қолайлы жасалуын ата-аналардан талап етіп, қажет болса, оларға көмектесіп те отыру қажет.

















Қолданылған әдебиеттер

    1. Бабасов Е.М. Прикладная социология: Учебное пособие. – Минск, 2000

    2. Беличева С.А. Основы превентивной психологии. – М., - 1993

    3. Воспитание трудного ребенка. Дети с девиантным повидением: Учеб.-метод. Пособие\под ред. М.И. Рожкова. – М., 2001

    4. Агофонов А.Н., Менлибаев К.Н., Буйнова Л.П. Социальная работа с молодежью девиантного повидения.–Петропавловск, 2000

    5. Анисимов Л.Н. Профилактика пьянсва, алкоголизма среди молодежи.-М., 1998

    6. Гилинский Я., Афанасьев В. Социология девиантного повидения: Учебное пособие.-СПб., 1993

    7. Дүйсекенова А.К. «Қиын» балалар және олармен жұмыс істеу ерекшеліктері\\Материалы науч. Конф. Молодых учеников, стдентов и школьников. Сатпаевские чтения – 2003

    8. Джаманбалаевна Ш.Е. Социальная профилактика девиантного повидения подростков как элемент социального контроля\\ Еврозейское сообщество, 2003, №1

    9. Джаманбалаевна Ш.Е., Бискенов К.У. «Динамика и механизм детерминации подростковой преступности в казахстане»\\Вестник КазНУ сери психологии и социологии, 2002, №1

    10. Жұмабаев Ә. «Қиын» оқушыларды мектеп жағдайында тәрбиелеу мәселелері-Алматы, 1974

    11. Джаманбалаева Ш.Е. Безпризерность детей и подростков в Казахстане\\ Саясат, 2002 №11

    12. Керимов Л.К. «Қиын» оқушылар және оларды қайта тәрбиелеу мәселелері – Алматы, 1974

    13. Колясов Д.В. Беседы об антиалкогольном воспитании. – Москва, 1987

    14. Казымбетова Д. Алкоголизация как причина обострения криминогенной ситуации в обществе\\ Вестник КазНУ сери психологии и социологии 2002, №1

    15. Казымбетова Д. Молодежь – глазами молодежи. Девиатное поведение как объект социологического исследования\\Мысль, 1998, №10

    16. Личко А.Е., Битенский В.С. Подростковая наркология, М., 1991

    17. Леднева Ж.М. Молодежные деликвентные группировки и механизм их формирования\\Вестник КазНУ серия психологии и социологии, 2002 №2

    18. Морозова Ю. Проблемы детей группы социального риска\\ Саясат, 2003, №6

    19. Нарикбеев М.С. Правовая охрана детытва В РК. – Алматы, 1996

    20. Овчарова Р.В. Справочная книга социального педагога. – М., 2001

    21. Олифиренко Л.А., Шульга Т.И., Дементьева И.Ф. Социально-педагогическая поддержка группы риска: Учебное пособие.-М., 2002

    22. Практическая психология образования: Учебник\ под ред. И.В. Дубриновой. – М., 1998

    23. Рабочая книга школьного психолога. \Под ред. И.В. Дубриновой. Просвещение 1991

    24. Райс Филипп. Психология подросткового и юношеского возроста – СПб., 2000

    25. Раттер М. Помощь трудным детям. – М., 1990

    26. Рагов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. – М.,1996

    27. Стурова М.П., Силенков В.И. Девиантное повидение несовершеннолетних, как педагогическая проблема. \\ Пед. 1999 №7

    28. Таранов А.А. Несовершенно летние правонарушителий в условиях перевода к рынку групповой портрет \\ Бизнес и право, 1994 №1

    29. Б.Н. Чумакова Волеология. – М. 1997

    30. Шлымова Г. Социологический анализ состояня борьбы о наркоммании. – Саясат 2003 №6


1 12.3-5 б

2 5.18-20 б

Автор
Дата добавления 21.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров499
Номер материала ДБ-047051
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх