Инфоурок Философия КонспектыФилософия және оның қоғамдағы орны, түсінігі

Философия және оның қоғамдағы орны, түсінігі

Скачать материал

№ 1 сабақ жоспары

Топ

Күн

 

 

 

Пән: Философия негіздері

Тараудың тақырыбы:  Философиялық білімнің өзіне тән ерекшеліктері

Сабақтың тақырыбы:  Философия және оның қоғамдағы орны, түсінігі

Сабақтың мақсаты:   

Білімділік: Оқушыларға  философия пәні туралы түсінік қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды өз елінің барлық құндылықтарды құрметтеуге, мәдениетке деген сүйіспеншілігін арттырып, мәдениетті жалғастырушы жас ұрпақты тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық қызығушылығын, белсенділігін дамыту.

Сабақтың типі:  жаңа тақырыпты меңгеру

Қолданылатын әдіс-тәсілдер, технологиялар: дәріс,түсіндіру,тестілеу, иллюстрация.

Пәнаралық байланыстар: Тарих

Сабақтың жабдықталуы: Презентация, жұмыс дәптер, сабақтың тақырыбы

Қолданылатың әдебиеттер:

1. Кішібеков С., Сыздықов Ұ. Философия. Оқулық. Алматы. 2000.

2. Тұрғанбаев Т. Философия. А, 2002.

3. Алтай Ж., Қасабек А. Философия тарихы. Алматы, 1999.

4. Ақназаров Х.З. Философия тарихынан дәрістер курсы. – Алматы, 1992.

5. Философиялық сөздік. – Алматы, 1996.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.                                                                              3 мин

1) аудитория мен оқушыларды оқу-тәжірибе жұмысына дайындау,

2) сабақтың таныстырып мақсатын қою;

Студенттермен амандасу, тексеру. Сабаққа дайындығын қадағалау. Сабақ барысымен таныстыру.

ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.                                                               35 мин

Дәріс

ІІІ.Сабақты бекіту                                                                                      34 мин  

-         Семантикалық карта

-         Кестені дұрыс толтыру

-         Дискуссиялық карта

-         Сәйкестендіру тестімен жұмыс

IV.Қорытынды кезен

1.Бағалау.                                                                                                       5 мин

2.Үй тапсырмасы                                                                                          3 мин

ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Жоспар:

1.     Философия туралы түсінік. Философия бүкіл ғылыми жүйелердің көкесі.

2.     Философия пәні, құрылымы және атқаратын қызметі.

3.     Дүниетаным және философия.

4.     Қазіргі кезеңде философияның алатын орны.

           Философия рухани мәдениеттің ең көне және адамзат ілімінің жауапты бөлімі. Оның тарихы 25 – ғасырға созылады, философия ежелгі шығыс (үнді қытай) елдерінде пайда болып өзінің класикалық деңгейінде ежелгі Греция еліне жетті. Ежелгі грек ғалымдарының еңбектерінде философия деген термен пайда болды, ғалымдардың ішінде өзін алғашқы философпын деп атаған грек математика ойшылы Пифагор ( б.э.д 580 -500). Ал ғылымның ерекше саласы деп философия терминін енгізген Платон 428 -347. Философия грек тілінен аударғанда даналыққа құштарлық, ежелгі дәуірде даналық бұл асқақтық мәні бар құбылыс. Философияның негізгі тақырыбы дүние және адам туралы. Алғашқы философтар универсалды энциклопедист ғалымдар мысалы: Фасель 624 – 547ж. ол ірі математик геометрия негізін қалағн  астраном гидротехник болған  ол тек философия проблемасымен айлалыспаған сонымен қатар физика медицина математика техника логика т.б. Алғашқы философтар өздерінің еңбектерінде мынадай сұрақтарға жауап іздеді: дүниенің мәні неде, дүниенің құрлымы, құрылыс неде, дүние шектеулі ме, әлде шексіз бе, жақсылық пен жамандық деген не?

          Ежелгі дәуірде күні бүгінге дейін дүниетанымдық сұрақтарды негіздеу дүниетенымның негізгі принциптерін қалыптастыру философияның кәсіби ісі.

          Фиолософияның теориялық білімге және ерекшелігіне анықтаған философ ойшыл Аристотель б.э.д 384 – 322.өтсе де философия пәні туралы түсінік үнемі өзгеруде бірақта ол өзінің тұрақты түсінікте ойлар ерекшеліктерін сақтап қалды. Дүниетаным адамның дүниеге қатынасы бұл жерде эмоциальдық психологиялық және интелектуалдық факторлерге байланысты.

           Дүниетаным адамның тәртібі мен қызметінің принциптерімен анықталды оның идеялары мен моральдық нормалары әлеуметтік және саяси аринтацияларын қалыптастырады.

           Адамзаттың рухани даму тарихында дүниетанымның мынадай түрлерін ажыратамыз (мифология) діни философия. (өмірлік практикалық)

Ең алғашқы дүние танымдық пікір  мифология түрінде пайда болды. Бұл гректердің екі сөзінен құралған : mifos – аңыз, logos – ілім. Мифологиямен  бірге жазу мәдениеті пайда болды. Мифология негізінде дін дүниеге келді. Барлық діндер мифологияда кездесетін ертегі, аңыздарды пайдаланады. Ал дін нәрсенің себебін ашып көрсетпеді. Олар тек илануды талап етті. Философия дүниеге келген кезінен бастап мифологиямен қатар және онымен бірге діни түсініктерге қарсы күресте шыңдалып, дамыған. Егер дін мифологияны қабылдап, оның қағидаларын, аңыздарын бүтіндей қолдану негізінде қалыптасқан болса, философия ойлау, зерттеу, сын көзбен қарау негізінде дүниеге келді. Философия барлық ғылымдардан бұрын дүниеге келгендіктен, оны ғылымдардың ғылымы деп те атаған. Өйткені, ол кезде әлем туралы барлық алдыңғы қатарлы тұжырымдар мен пікірлер өз алдына ғылым ретінде дараланып, бөлінбеген соң, ол туралы пікірлерді философия өз бойына жинақтаған болатын.  Сондықтан да философ әрі дана, әрі табиғатты зерттеуші, сынаушы, байқаушы ретінде бой көрсетті. Адамзат дамуымен қатар философия да өз алдына дүниеге көзқарас ілім ретінде қалыптаса түсті. Сонымен қатар ол басқа ғылымдарға методологияляқ жол сілтейтін әдістемелік рөл де атқаруда.  

           Философия пайда болғаннан бастап дүниені тұтас және бірліктегі құбылыс деп қарастырады дүниенің тұтастығын оның заңдарымен байланыстырады. Философия табиғаттын даму заманының қоғам және ойлау проблемаларын зерттейді қолданыста мынадай философиялық категорияны пайдаланады. Болмыс, сана, қозғалыс, шексіздік т.б. Философия дүниенің мәні және адам туралы білім «Дүние және адам» қарым қатынастарын зеттейді осы тұста болмыс және ойлау физикалық және психикалық материалдық және идеалдық рух және табиғат объективтік және субъективтік, яғни философия универсалды ілім.

          Философияның негізгі сұрағының екі жағы бар:

1.     Ең алғашқы материя және сана?

2.     Дүниені тануға бола ма?

  Философияда екі бағыт қалыптасты, материализм және идеализм.

           Материализм бағытын ұстаушылар материя алғашқы санаға қарағанда ал идиализм сананы бірінші кезекке қояды.

      Дүниені танылады деген философтар материалистер ал дүние танылмайды деген ілімнің өкілдері агностицизм философия тарихында материализм мынадай бағыттарын ажыратамыз:

1 Ежелгі ойшылдардың материализімі   (Демокрит, Гераклит, Эпиркур).

2 Метафизикалық материализм (16 – 18ғасыр өкілдері Бэкон, Спиноза, Дидро т.б.)

3 Диалектикалық материализм.(К.Маркс Ф.Энгельс).

Идеализмнің екі негізгі түрін ажыратамыз.

1 Объективтік (Платон, Гегель, Неотомистер)

2 Субъективтік идеализм өкілдері ( Беркли, Юм, Мах, Экзистенциалистер).

     Философияның тарихи 2 әдісі бар Диалектика және Метофизика диалектиканың негізгі принципі даму принципі және жалпылама байланыс принципі философияның екі функциясын ажыратамыз дүниетанымдық және методолоиялық.

    Ақыр соңында, философтар әрбір тарихи кезеңдерде жеке – жеке емес, топ болып, кездейсоқ емес, белгілі қоғамдық заңдылықтарға сай дүниеге келген. Себеп олардың өмір талабы күн тәртібіне қойған сұрауларға жауап іздеуден туындағандығы.

    Сонымен, философия дегеніміз материя мен сана, таным мен болмыс, адам мен қоғам жайлы адамзат ой – санасының дамуы барысында жинақталған, жүйеленген ғылыми ой – пікірдің теориялық жиынтығы. 

ІІІ.Сабақты бекіту     

Тест


 

1. Философиялық көзқарас пайда болғанға дейін, адам өз өмірі мен қоршаған ортасын қалай түсінген:

В) Моральдық талап.

С) Ырымшылдық.

Д) Мифология.

Е) Дін.

 2. Мына аталған факторларды қайсысы философияның пайда болуының мәдени-тарихи шарттарына жатпайды:

А) Дифференциация процестері мен ғылыми-теориялық білім интеграциялары.

В) Мифологиялық саналар дағдарыстары.

С) әлеуметтіліктің дәстрлік түрлерін ыдырату (адамдар қауымдастығы рутайпаларының  формалары).

Д) Ойлаудың тауарлық-рефлекторлық тәсілдерінің туындауы.

Е) Ойлаудың сыншыл-рефлексивті тәсілінің пайда болуы.

 3. Әлем туралы философиялық ой-пікірлердің туындалған уақыты:

А) Біздің э.дейінгі I ғасыр.

В) Біздің э. дейінгі IV - Ш ғасырлар.

С) Біздің э. дейінгі VI ғасыр.

Д) Біздің э. I ғасыр.

Е) Біздің э.дейінгі Ш-П ғасырлар.

 4. Дүниетанымнық тарихи түрлері:

А) Мифтер, эпостар, аңыздар.

В) Мифы, дін, философия.

С) Ертегілер, аңыздар, мифтар.

Д) Мораль, ғылым, дін.

Е) Дін, ғылым, философия.

 5. Натурфилософиялық білім жүйесі мыналардың сайсысына негізделген:

А) Сырт туралы фантастикалық түсінік.

 В) Жоғарыда болған бастауларға сенім.

 С) Этикалық  принциптерде.

 Д) Кеңінен тараған табиғи процестер мен қоғамның өндірістегі қызметін    үйренудегі рационалды жақындасу.

Е) Барлық табиғатты толықтай қамтитын, ақылмен кірудің жалпы принциптерінде.

 6. Грек тілінен аударғанда философия - бұл:

А) Даналыққа деген махаббат.

В) Танушылыққа деген махаббат.

С) Адамдарға деген махаббат.

Д) Өмірге деген махаббат.

 7. Философиядағы негізгі бағыттар:

А) Материализм және позитивизм.

 В) Идеализм және прагматизм.

 С) Эмпиризм және рационализм.

 Д) Материализм және идеализм.

 Е) Позитивизм және прагматизм.

 8. Философияның негізгі сұрағы - бұл сұрақ:

А) Субъектінің объектіге қатынасы туралы.

  В) Ойлаудың тұрмысқа, руханилықтық материалдыққа қатынасы туралы.

С) Тепе-теңдік және бар реалдық заттар айырмашылығы туралы.

 Д) Бірінші және екінші объект сапаларының байланысы туралы.

 Е) Қоғамдық дамудың заңдары туралы.

  9. Философияның негізгі әдісі:

А) Эксперимент.

 В) Метафизика.

 С) Диалектика.

 Д) Эклектика.

 Е) Герменевтика.

10. Философияның аксиологиялық функциясы сайсысына бағытталған :

 А) Рационализм.

 В) әлеуметтік тұрмыс.

 С) қызмет.

 Д) Рухани құндылық.

 Е) Адаптациялық рөл.

 11. Субъективті идеализм көзқарасы:

А) Әлемді танимыз.

 В) Менің сезінуімдегі кешенде әлем бар.

С) Ауылға негізделген, білім.

Д) Адам әлемді мойындауға қабілетті емес.

Е) Принцип бойынша әлемді танимыз.

 12. Философияға дейінгі тарихи алдын-ала болған түсініктерге не жатады:

А) Пұтқа табынушылы?.

 В) Миф.

С) Сиыр.

Д) Дін.

 Е) Дүниеге көзқрас.

  13. Онтология - бұл:

А) Тұрмыс туралы ілім.

 В) Құндылық туралы ілім.

 С) Таным теориясы.

  Д) Адам туралы ілім.

  Е) Даму туралы ілім.

 14. Діни дүниетанымдардың неғұрлым шын анықтамасын белгілеңіз:

  А) Дін мәнгілікті мойындаудың ерекше тәсілі.

  В) Дін қоғамдық мойындаудың незіне тән формасы, құдайға сенудің әлеуметтік қатынастарының тәртібін белгілеу тәсілдері.

 С) Дін - бұл өзін-өзі жұбату тәсілі, әлемді фантастикалық түрде ойлау иллюзиясы.

 Д) Тек қана сауатсыз адамдарға қатысты діни саналар.

 Е) Діни дүниетаным бұл адамдарды біріктірудің бірден-бір тәсілі.

 15. Философияны қалыптастырудағы көрсетілген алғы шарттардың қайсысы неғұрлым мәндірек болып табылады:

 А) Алғашқы мемлекеттік пайда болуы.

 В) Қоғамдық қатынастардың жаңа түрлерінің қалыптасуы.

 С) Сауданың, мәдениеттің, қатынас формаларының дамуы.

 Д) Объективті әлемнің дәстүрлік формаларын ойлаудың сыни қажеттіліктерін жеңу.

 Е) Еңбекті қоғамдық білу процесі.


 

 

 

 

 

 

 

 

Сәйкестендіру тестімен жұмыс


Философиялық мектептер

              Философиялық мектептер өкілдері

Ежелгі ойшылдардың материализімі  

                                           К.Маркс Ф.Энгельс

Диалектикалық материализм.

                                       Бэкон, Спиноза, Дидро

Метафизикалық материализм

                           Демокрит, Гераклит, Эпиркур

                                                                 

IV.Қорытынды кезен

 

1.Бағалау.  Студенттерді үй тапсырмасы бойынша, сабаққа қатысқандығын ескере отыра бағалау.

2.Үй тапсырмасы. Жұмыс дәптеріндегі тақырыпты оқу

 

 

                                                                                                       

Оқытушы: Байболов.Ж.Ж

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Философия және оның қоғамдағы орны, түсінігі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инженер лифтового оборудования

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 082 материала в базе

Материал подходит для УМК

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.12.2017 9396
    • DOCX 78 кбайт
    • 35 скачиваний
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байболов Жаслан Жунисбекович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Байболов Жаслан Жунисбекович
    Байболов Жаслан Жунисбекович
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 35686
    • Всего материалов: 14

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Оптимизация бизнес-процессов с использованием искусственного интеллекта

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Детские и взрослые эмоции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Видеомонтаж в программе CapCut

36 ч. — 144 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 370 человек из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Мини-курс

Фитнес: особенности построения смешанных групповых тренировок

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Мини-курс

Психологические концепции и практики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов

Мини-курс

Психоаналитический подход: изучение определенных аспектов психологии личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе