Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Другие методич. материалы / "Географиялық алаң" интеллектуалдық ойын

"Географиялық алаң" интеллектуалдық ойын


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • География

Поделитесь материалом с коллегами:

Географиялық алаң

(сыныптан тыс сабақ)


Мақсаты: 1. Оқушылар дүниетанымын кеңейту; Жаңаны білуге қызықтыру;
2. Картамен жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру;
3. Географиядан алған білімдерін ортаға салу.


Қолданылатын құрал - жабдықтар: Интерактивті тақта, слайд, карта, кестелер.


Ойынның жүру барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды топтарға болу, белгіленген орындарына отырғызу, әділ - қазылар алқасын белгілеу, барлық қатысушылардың назарын аудару.
ІІ Кіріспе бөлім
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Ойынның мақсаты мен шарттарымен, ойынға қатысатын топтар мен әділ - қазылар құрамымен таныстыру.
ІІІ Негізгі бөлім
1
-тур: Өзін - өзі таныстыру
2
-тур: «Зымыран» ойыны
Әрбір топқа 20 сұрақ беріледі, әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай. Жауап тез - тез берілу керек.

І топтың сұрақтары
1) Күн жүйесіндегі күнге жақын орналасқан ғаламшар (Меркурий)
2) Елтаңбаның авторы (Ш. Уалиханов)
3) Ауаның ылғалдылығын өлшейтін құрал қалай аталады? (шаш гигрометрі)
4) Қытай мемлекетінің астанасы (Пекин)
5) Жердің тас қабаты (литосфера)
6) Жазықтар қандай түспен боялады? (жасыл)
7) Ең биік тау (Гималай)
Германияның ақша бірлігі (еуро)
9) Тіршілік қабаты (биосфера)
10 Үндістан астанасы (Дели)
11) Васко – до – Гамма кім (саяхатшы)
12) Жер серігі (ай)
13) Қазақ елінің діні (Ислам)
14) Қазақстан жер көлемі бойынша нешінші орында (9)
15) Қырғызстанның ақша бірлігі (сом)
16) Ең кіші материк (Аустралия)
17) Суық материк (Антарктида)
18) Жаздағы таңертеңгілік байқалатын су тамшысы (шық)
19) Мойны ұзын жануар (керік)
20) Ресейдің президенті (Владимир Путин)

ІІ топтың сұрақтары
1) Күн жүйесінде үшінші орналасқан ғаламшар (Жер)
2) Қазақстан туының авторы ( Ш. Ниязбеков)
3) Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал атауы? (барометр анероид)
4) Ресей мемлекетінің астанасы (Мәскеу)
5) Жер бетіндегі ауа қабаты (атмосфера)
6) Таулар қандай түспен боялады? (қоңыр)
7) Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен (Ніл)
8) Өзбекстанның ақша бірлігі (сум)
9) Су қабаты (гидросфера)
10) Канаданың астанасы (Оттава)
11) Ливингстон кім? (саяхатшы)
12) Емен қанша жыл жасайды? (2000 жыл)
13) Ең көп таралған дін (христиан)
14) Ең үлкен арал (Гренландия)
15) Муссон деген не? (жел)
16) Ылғалды материк (Оңтүстік Америка)
17) Ең үлкен материк (Еуразия)
18) Эифель мұнарасы орналасқан қала (Париж)
19) Ең кішкентай құс (колибри)
20) АҚШ – тың қазіргі президенті (Барак Обама)


3-тур: «Елтану» ойыны
1-тапсырма. Әрбір топқа тақтада елдердің мемлекеттік тулары және сол елдерге қатысты нысандар беріледі. Әрбір топ интерактивті тақта құралдарын пайдалана отырып, елді табу керек. Уақыты 30 секунд, түгел дұрыс орындаса 10 ұпай.

2-тапсырма. «Бұл қай ел?»
Бір елдің сипаттамасы беріледі, сол бойынша елді картадан тауып көрсетулері керек. 3 көмек болады, әрбір көмек алған сайын 1 ұпай шегеріліп отырады. Ойлануға 1 минут, дұрыс жауап 10 ұпай.

І топқа сұрақ:

Бұл дамушы елдің аумағы екі дүние бөлігінде орналасқан.

Ел халқының көп бөлігі әлемдегі ең белгілі өзеннің аңғары мен атырауында тұрады. Ел астанасы - материктегі аса ірі агломерациялардың бірі. Тарихи - мәдени ескерткіштер мен рекреациялық ресурстарға бай болуы себепті туризм халықаралық дәрежеде дамыған. Ел аумағында мұнай өндіріледі. Жергілікті халық негізінен ауыл шаруашылығымен айналысады. Мақта - ел экспортының маңызды бөлігінің бірі.

Бірінші көмек: Африка мен Азия дүние бөлігінде орналасқан.

Екінші көмек: Жерорта теңізінің оңтүстігінде орналасқан.

Үшінші көмек: Пирамидалар елі.

Жауап: Египет

ІІ топқа:

Бұл елдің атауы өз тілдерінен аударғанда "төмен жатқан жер"деген мағына береді. Ел Солтүстік теңіз жағалауында орналасқан. ел аумағында халық өте тығыз орналасқан. Өнеркәсіптегі жоғарғы технология салаларының үлесі жөнінен дүние жүзінде Жапониядан кейін 2 орын алады. Ауыл шаруашылығының басты саласы - көкөніс және жеміс - жидек өсіру. Мал шаруашылығының негізі - сүтті сиыр өсіруге маманданған. Дүние жүзіне әйгілі қара ала сиыр тұқымы өсіріледі.

Бірінші көмек: Мұнда сиырға арнап ескерткіш қойылған.

Екінші көмек: Бұл елді гүлдердің отаны деп атайды.

Үшінші көмек: Бұл елді екінші атауымен Голландия деп те атайды.

Жауап: Нидерланд

4-тур: "Қызыл жәшік"
Жәшік ішіне жасырылған заттың оқушыларға сипаттамасы беріледі, сол арқылы оның ішінде не бар екенін табу керек.
3 көмек болады, әрбір көмек алған сайын 1 ұпай шегеріліп отырады
Ойлануға 1 минут, дұрыс жауап 10 ұпай,

І топқа:
Бұл өсімдікті орта ғасырларда ежелгі гректер жыланның шаққан жеріне бірден-бір ем ретінде қолданған. Сондықтан оны "жылан өсімдігі" деп атаған. Ал ежелгі Мысырда оны пирамида құрылысы кезінде мыңдаған құлдарға күн сайын беріп тұрған.

Бірінші көмек: Бұл өсімдіктің отаны - Орта Азия.
Екінші көмек: Францияда шілдеден қаңтарға дейін әр бейсенбіде бұл өсімдіктің ғажайып жәрмеңкесі өткізіліп тұрады.
Үшінші көмек: Исі өткір, ащы, тамаққа пайдаланамыз.
Жауап: Сарымсақ

ІІ топқа:
Ең алғаш бұл сусын 18 ғасырда голландықтар дастарханында пайда болған. Ресейге бұл сусын тосыннан келген. 1638 жылы Москвадан монғол ханына сыйлық келеді. Риза болған хан жауап ретінде өз сыйын жібереді. Орыс елшілері бұл сыйды көріп, жарамсыз зат ретінде қабылдап, өз елдерін төмендету деп есептейді. Дегенмен сыйлық Ресейге жетеді, патша оны ұнатады. Басында оны дәрі ретінде пайдаланады, ал 19 ғасырдан бастап оны өте көп мөлшерде пайдалана бастады.

Бірінші көмек: Отаны - Қытай
Екінші көмек: Қытайдан басқа Үндістанда, Шри-Ланкада, Жапонияда, Индонезияда, Вьетнамда. Грузияда, Таиландта, Бирмада өсіріледі.
Үшінші көмек: Бұл сусынды ішпесе қазақтардың басы аурады.
Жауабы: Шай

І топқа:
Грек мифологиясында Аполлон бұл өсімдік жапырағынан гүлдесте
Жасап басына және өзінің саз аспабына әдемілік ретінде тағып жүрген. Содан бері күні бүгінге дейін бұл гүлдесте" даңқ символы" ретінде халықаралық түрлі сайыстағы жеңімпаздардың мойындарына тағылып жүр.

Бірінші көмек: Отаны - Жерорта теңізі жағалауы.
Екінші көмек: Бұл өсімдік Греция мемлекетінің елтаңбасында бейнеленген.
Үшінші көмек: Бұл өсімдік жапырағын дәмдеуіш ретінде тамаққа да пайдаланады.
Жауап: Лавр жапырағы.

ІІ топқа:
Қытайда бұл өсімдік дәмдеуіш ретінде жоғары бағаланады. Оның тарихы да қызықты. Қытай әміршісінің сарайында аула сыпырушылардан бастап барлық қызмет көрсетушілер ауыздарынан жағымды иіс шығып тұру үшін бұл дәнді ауыздарына салып жүруі керек болған.
Бірінші көмек: Гүлін көбінесе ер адамдарға сыйлайды
Екінші көмек: Емге де пайдаланады.
Үшінші көмек: Бұл өсімдіктің отаны - Индонезия.
Жауап: Қалампыр дәні.

5-тур: " Географиялық ассоциация"
Оқушыларға әр түрлі ұғымдар беріледі, соларды саралап қарап қандай географиялық ұғымды білдіріп тұрғанын табулары керек. Ойлануға 30 секунд, әрбір дұрыс жауапқа 3 ұпай

1. Толқын, қауіп - қатер, жылдамдық, апатты құбылыс, жер сілкіну.
Цунами
2. Өзен, теңіз, булану, бұлт, жауын-шашын, күн.
Дүние жүзілік су айналымы
3. Ессентуки, Анталия, Майами.
Курортты жерлер
4. Москва, Дели, Мадрид, Вильнюс, Осло.
Астаналар
5. Теңіз, көл, өзен.
Су қоймалары
6. Игуасу, Анхель, Виктория
Сарқырамалар
7. Гольфстрим, Солтүстік Атлант, Бразилия
Жылы ағыстар
8. Мариана, Ява, Пуэрто - Рико.
Шұңғымалар
9. Гренландия, Отты Жер, Мадагаскар, Хонсю
Аралдар
10. Атлас, Аппалач, Декан, Анд, Карпат.
Таулар

ІІ топқа:
1. Мұхит, мұз, тау, "Титаник", қауіп - қатер.
Айсберг
2. Тау, су, гүрілдеу, ғажайып көрініс, жыра
Сарқырама
3. Самум, бриз, тайфун, муссон, ураган.
Желдер
4. Гвинея, Бискай, Парсы.
Шығанақтар
5. Гоби, Сахара, Такла - Макан, Тар
Шөлдер
6. Ганг, Евфрат, Колумбия, Хуанхэ, Дунай
Өзендер
7. Чад, Байкал, Гурон, Эри, Виктория
Көлдер
8. Тайга, саванна, тундра
Табиғат зоналар
9. Рим, Пекин, Братислава, Копенгаген, Каир
Астаналар
10. Ла-Манш, Беринг, Гибралтар
Бұғаздар

6-тур:«Интеллектуалды жекпе-жек» капитандар сайысы.
16 сұрақ қойылады, екі топ капитандары қатар шығып тұрады да, кезек-кезек жауап береді. Біреуінің жауап бере алмағанына екіншісі жауап беріп ұпайын алуға болады. Тез - тез жауап беру керек. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай.

1. Ең ұзын өзен? Ніл
2. Ең жүйрік аң? Гепард
3. Ең алып құс? Африка түйеқұсы
4. Ең суыққа төзімді құс? Пингвин
5. Ең үлкен мұхит? Тынық мұхиты
6. Ең үлкен арал? Гренландия
7. Ең терең көл? Байкал
8. Ең биік шың? Эверест
9. Ең биік сарқырама? Анхель
10. Ең қалың мұз жамылғысы? Вилкес жері ( Антарктидада)
11. Ең құрғақ жер? Атакама шөлі
12. Ең төмен теңіз? Өлі теңіз
13. Ең биік тау көлі? Титикака
14. Ең тұзды теңіз? Қызыл теңіз
15. Ең үлкен архипелаг? Индонезия
16. Ең терең шұңғыма? Мариан

Бой сергіту. Жұмбақ сауалнама (көрермендерге)
1. Бөлінген екі елге,
Халық бар азиялық шетелде.(Солтүстік, оңтүстік Корея)
2. Жер бетінде халқы көп,
Кім айтады елді дөп. (Қытай)
3. Шығыс Азиялық мемлекет,
Тұрады 5 мың аралдан.
Әлі күнге пират көп,
Қажетін тонап таба алған.(Индонезия)
4. Өзі - қала, ел - өзі, дамыған үлгі үрдісі.
Азиялық болса да, Еуропалық тұрмысы.(Жапония)
5. Мұсылман үшін қасиетті, дінінің туған жері еді.
Мұнайда қалқып байыған, бұл арабтың қай елі. (Сауд Арабия)
Жүргізуші: Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін қазыларға берейік
Арамызда тапқыш достар көп екен,
Солардың біз нәтижесін көрейік,- дей келе ендігі қорытынды сөз кезегін қазыларға береміз.
Жүргізуші: Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білімнің шыңына.
Дарындылық пен тапқырлық,
Жеткізеді сіздерді,
География сырына,- дей отырып сайысымызды аяқтаймыз.

ІІІ. Қорытынды бөлім
Сайыстың қорытындысын шығару;
Әділ қазыларға сөз беру;
Сайысқа қатысушы топтарды марапаттау.




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 11.03.2016
Раздел География
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров51
Номер материала ДВ-517630
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх