Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / Информатика пәнін оқытуда ақпараттық –коммуникациялық технологияларды қолданудың тиімділігі.баяндама

Информатика пәнін оқытуда ақпараттық –коммуникациялық технологияларды қолданудың тиімділігі.баяндама

  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп














Информатика пәнін оқытуда ақпараттық –коммуникациялық технологияларды

қолданудың тиімділігі

(баяндама)











Дайындаған:Информатика

пәнінің мұғалімі

Сұлтанова Бақтылы

Айтқалиқызы




с.Миялы

Информатика пәнін оқытуда ақпараттық –коммуникациялық технологияларды қолданудың тиімділігі

Сұлтанова Бақтылы Айтқалиқызы

Атырау облысы,Қызылқоға ауданы

Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп

Информатика пәні мұғалімі



Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез-құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. Бүгінде мектептерді компьютерлендіру толықтай аяқталды. Орта білім берудің 12 жылдық моделі енгізілуде. «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» делінген.

Ал Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарламада «Е-learning» электронды оқыту жүйесі бойынша білім беру сапасын және басқару тиімділігін арттыру үшін оқу процесін автоматтандыру, мұғалімдер мен оқушыларды ең жақсы білім беру ресурстарына және технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсаты атап көрсетілді.

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру енгізілді.


hello_html_m7a8e7c37.gif


Информатика сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыпастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр.

Информатика сабақтарында ақпараттық - коммуникациялық

технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

  • оқушының өз бетімен жұмысы;

  • аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;

  • білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;

  • шығармашылық есептер шығару кезінде ақпараттық процестерді түсіндіру арқылы жүзеге асыру;

  • қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;

  • қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

  • экономикалық тиімділігі;

  • іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;

  • оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.

Оқытушы сабағында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық - коммуникациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймын.[4.25бет]

Оқытушы үшін электрондық оқулық – бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, әрі қарай жетілдіре алады. Электрондық оқулық арқылы үй тапсырмасын, жаңа сабақты түсіндіруге және тест тапсырмаларын орындауға болады.

Қазіргі таңда мен өз тәжірибемде оқушыларға информатика сабағында электрондық оқулықты пайдаланып келемін. Онда әр тарауда тақырыптың мазмұны, тапсырмалар, тараудағы оқу материалдары бойынша берілген анимациялық тәжірибелер оқушыларға информатика сабағына көрнекілік түрінде көрсете отырып түсіндіруге ыңғайлы.

Сонымен қатар тақырыпты қорытындылау үшін тест сұрақтары берілген. Бұл тест сұрақтарының нәтижесі әр оқушыға жауап беру деңгейіне қарай пайыздық көрсеткішпен бағаланып беріледі. Бұл әдіс оқушының білімін көтеруге, сабаққа ынтасын қалыптастыруға оң әсер ететіндігі сөзсіз.

Электрондық оқулықтар мен компьютерлік оқу-әдістемелік құралдарды өз дәрежесінде қолдануды үйренген оқушылар өзі белсенді жеке жұмыс істей алады. Оқытушының жұмысын жеңілдетіп, оқушыны жалқаулықтан құтқарады. Электрондық оқулық пән оқытушылары үшін бұл күнделікті дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны сабақта қолдану оқытушының шығармашылықпен жұмыс жасауына, белсенділігін арттыруына мол мүмкіндік береді.

Оқу процесінде оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын тиімді пайдалану және қолдану айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ, оқушылардың өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр.

Білім – болашақ бағдары, кез-келген оқу орынның басты міндеттерінің бірі – жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Ақпараттық құзыреттілік – бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру және ақпараттық – коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті. Ол – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа.[4.25бет]

Білім беру жүйесін ақпараттандыру мен ақпараттық- коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану оқушының өз мамандығына қызығушылығы мен мамандық сапасын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда қоғамның даму жолдарын анықтайтыны сөзсіз.

Жаңа ақпараттық технология құралдары оқыту құралы қызметiн атқарады. Дәстүрлi оқу құралдарынан басқа тыңдаушыға мына типтегi материалдар ұсынылады:

  • компьютерлiк үйрету бағдарламалары;

  • электрондық оқу құралдары;

  • компьютерлiк тестiлеу жүйесi мен бiлiмдi бақылау;

  • аудио және видеоматериалдар;

  • Интернет желiсiндегi ақпараттық материалдар.

Аталған құралдар оқу материалдарын жеделдетiп меңгеруге және оқытудың сапасын арттыруға игi әсерiн тигiзедi. Қашықтықтан оқыту материалдарын жасақтаушылар осы құралдарды негiзге алуы қажет. Оқу құралдарын жасақтау ұзақ процесс. Оқу құралдарын жасақтау қашықтықтан оқыту формасының тиiмдiлiгiн арттырудың негiзгi көзi болып табылады. Қазіргі кезде білім беру саласын, оқытудың әр түрлі техникалық құралдарын пайдаланусыз елестету мүмкін емес. Сондықтан, уақыт талабына сай білім мазмұны жаңарту-бүгінгі күннің басты міндеті. Қазіргі жағдайда еліміздің білім беру жүйелерінде ХХІ ғасыр жастарына білім беру мен тәрбиелеу бағытынд сан алуан жұмыстар жүргізілуде. Ал мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты- білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенін бақылаудың сан түрлі жаңа әдіс -тәсілдерін іздестіру,жаңа технологияларды сабақта тиімді пайдалана білу. [8.45бет] 

Әр түрлі ғылыми зерттеулер мен алдыңғы қатарлы ұстаздардың тәжірибесі дәлелдегендей, оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану,оқыту-тәрбиелеу үрдісін толық жетілдіруге, педагогикалық еңбектің тиімділігін арттыруға, оқушылардың білім, білік, дағды сапаларының жақсаруына септігін тигізеді. Интерактивті оқыту құралдары, мұндағы интерактивті сөзі- "inter-бірлесу", "act-әрекет жасау"-бұл нақты уақыт режимінде қолданушы мен ақпараттық жүйе арасында диалог құрушы құралдар. hello_html_m1cab37ba.gif

Интерактивті құралдарды пайдаланатын оқыту әдістемесі дәстүрлі оқыту әдістемесінен ерекшеленеді.Алайда,кез келген жағдайда, соның ішінде интерактивті құралдарды пайдалану арқылы сапалы білім беруді ұйымдастыру үшін сабақтың жоспарын, құрылымын, оқытудың мақсаты мен нәтижесін анықтау қажет. Интерактивті құралдарды қолданумен бірге сабақ құрылымы да өзгереді. Дербес жағдайларда, интерактивті құралдар (интерактивті тақта,панель) индуктивті оқыту әдісінде  қолданылуы мүмкін. Интерактивті құралдарды қолданатын сабақ сапасы, бірінші кезекте мұғалімнің өзіне, яғни интерактивті құралдардың мүмкіндіктерін қалай қолданатынына тәуелді екенін ескертіп кеткен жөн. Интерактивті құралдарды пайдалану,кез келген сабақты  серпімді етеді, ал бұл сабақтың бірінші  минутынан оқушылардың танымдық іс-әрекетінің артуына ықпал етеді. Интерактивті  тақта-бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге  немесе баядамашыға екі түрлі құралдарды: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал.Интерактивті  тақтаны пайдаланудың артықшылықтары оқушы мен мұғалім үшін маңызды болып табылады. Мұғалім қажет материалдарды гиперсілтемемен байланыстыра отырып, бір файлдың ішінде сақтай алады. Аудио және бейне-файлдарды қажет болған жағдайда интерактивті тақтаның көмегімен ойнатып,қадағалауға болады.Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген мұғалім өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс. Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудан күтілетін нәтиже жаңа заманға сай ақпараттық мәдениеті мен құзіреттілігі қалыптасқан, теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алатын, информатика пәнін басқа пәндермен байланыстыра алатын жеке тұлға қалыптастыру. Қазіргі технологиялар дамыған заманда оқушылардың компьютерді қолдануы және бағдарламалармен жұмыс істеу мүмкіншілігі жоғары. Сонымен  қатар телекомуникациялар жүйесі қарқынды дамып, интернет жүйесі әр тұтынушыға ұсынылып, әр оқушы интернет жүйесіне кіруіне мүмкіншілік туып  отыр. Осындай мүмкіншілікті пайдаланып, ЖАТ қолданып, қашықтықтан оқыту технолгиясын пайдалану.[9.55бет]  Мақсаты: Информатика пәнін қашықтықтан оқыту арқылы оқушыларды өз бетімен қашықтықтан білім алуға және алған білімдерін тексеруге, оны практикада қолдана алуына дағдыландыру. 

Қашықтықтан оқытудың   міндеттері:
 қашықтықтан оқыту технологиясының ерекшелігі мен мәнін анықтау;

  •  локальді желі мен интернет жүйесінің мүмкіншіліктерін пайдалану;

  •  қашықтықтан оқыту технологиясын деңгейлеп, саралап оқыту технологиясымен байланыстыру;

  •  пән аралық байланыстарды арттыру;

  •  қашықтықтан оқыту технологиясы негізінде жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың түрлерін анықтау;

  • қашықтықтан оқыту технологиясы түрлерін жүзеге асырудың ұтымды әдістерін ұсыну;

  •  қашықтықтан  меңгертудің сапалылығы мен тиімділігін педагогикалық тәжірибе жүзінде дәйектеу;

Қашықтықтан оқытудың артықшылықтары:

  • кез келген жерде, кез келген мерзімде оқуға мүмкіндігі бар;

  • оқу үрдісінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар-дың жаңа жетістіктерін пайдалана отырып, оқушылар мен мұғалімдер арасындағы  белсенді диалог, оқу ақпаратына мүмкіндік беру;

  • білім алушының мекен жайына, денсаулық жағдайына, элитарлық және материалдық жағдайына қарамастан тепе-тең дәрежеде білім алуға мүмкіндігі бар.

Қашықтықтан оқыту – мұғалімнің  оқушымен оқыту құралдары арқылы интерактивті қарым-қатынас әрекет үрдісін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық-педагогикалық технология.Қашықтықтан оқыту технологиясы  екі технологияға бөлініп оқытылады.

Желілік технология – дәріс алушы оқушылардың мұғаліммен және бір-бірімен интерактивті қарым-қатынас түрінде  локальді желіні колдану негізінде оқу үрдісін басқаруда оқу-әдістемелік материалдармен қамтасыз ету технологиясы.

Кейс технологиясы – интернет ғалам торындағы «инфоратика пәнін оқыту әдістемесі» атты сайт арқылы, электронды, өзге де жеткізу түрінде және оларды өздік оқитын білім алушылар үшін жіберілетін мультимедиялық оқу-әдістемелік материалдар жиынтығы негізінде жинақталған технология. Меніңше, оқыту жүйесінде сабақтарда ақпараттық және коммуникативтік технологияларды қолдану төмендегідей нәтиже береді:

  • Ілімділік оқу материалын оқу бағдарламасы бойынша ғылыми негізінде ең жоғарғы дәрежеде меңгеріп шығуы және ілімдік білімін іс жүзінде тиянақты, саналы түрде қолдана білуі;

  • Ақпараттық технология мүмкіндіктерін қолданып, өз бетімен білімін толықтыруға дағдылануы;

  • Игерген материалдарын шығармашылықпен талдап, өңдеп, қорытындылап, өз көзқарасын қорғай алуы;

  • Жеке қабілеттеріне қарай шығармашылық жұмыстарға белсене араласып, белгілі бір ғылыми білім саласында өз мүмкіндігін көрсете алуы;

  • Ілімді жаңалық ашуға немесе ілімді іс жүзінде қолданудың жаңа жолдарын іздеуге ұмтылуы тиіс. Нәтижесінде өзім және шәкірттерім қашықтық олимпиададан «үздік нәтиже» алдық,облыстық бейне байқаудан Бағдат Гүлжанат 3 орын ,Нұрлыбекова Гулфайрус аудандық ғылыми жобдан 2 орынға ие болда.Өзімнің әдістемелік құралым «Паскаль тілінен зертханалық жұмыстар жинағы» аудан көлемінде таратылды.Электронды түрде 5 сыныптарға арналған тапсырмалар мен тест жұмысын жинақтадым.

Баяндамамды қорытындылай келе төмендегідей ұсыныстарға тоқталамын:

  • Білім беретін орта мектептерде қазіргі заманға сай жаңа ақпараттық құрал-жабдықтармен жабдықтау, интерактивті тақталармен, мультимедиялық кабинеттермен және арнаулы пәндер бойынша да мультимедиялық кабинеттер, электрондық оқулықтармен қамтамасыз ету;

  • Білім саласында оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану бойынша білім жетілдіру курстарын жиі ұйымдастыру; Информатика пәні бойынша ұлттық тілде оқулықтардың сапасы артып,әдістемелік құралдар,тәжірбиелік зертханалық жұмыстар жазылып таратылса;

  • Мектептерді жаңа үлгідегі компьютерлермен жабдықталып, мұғалімдердің, жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік жасалса;

  • Электрондық оқулықтарды әр мұғалім өзі жасап,электрондық оқулықтардың саны көбейтілсе;







Пайдаланылған әдебиеттер:



1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы

2.“Болашақтың іргесін бірге қалаймыз” Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан

халқына Жолдауы, 2011 жыл

3.Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020ж

жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

4.Репкина Н.В. Что такое развивающее обучение? М, 1993г.

5.Педагогикалық ізденіс. – Алматы: Рауан, 1990ж.

6.Выбор методов обучения в средней школе. Под ред.

Ю.К.Бабанского. – М,2000г.

7.Махмутов М.И. Мектепте проблемалық оқытуды ұйымдыстыру. Алматы : Мектеп. 1981ж.

8.Занков Л.В. О предмете и методах дидактического исследования.

М. 2013г.

9.Щукина Г.И. Роль деятельности в учебном процессе. М, 2009г.

10.Бегалиев Т.Б. Педагогика. Тараз: ТарМУ, 1999г.

11.Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. М.Педагогика. – 1991г.











Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 09.02.2016
Раздел Информатика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров191
Номер материала ДВ-436592
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх