Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / Информатика "сабақ жоспары"5 сынып

Информатика "сабақ жоспары"5 сынып



Внимание! Сегодня последний день приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m289a7021.gifhello_html_ma7e9ff7.gifhello_html_m702342c0.gifКүні____________ Сыныбы_____________

Сабақтың тақырыбы: Масштаб. Суреттің трансформациясы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға трансформация туралы ұғым беру, суреттерді верикаль және горизонталь бойынша бұруға үйрету;

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілік дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, интерак.тақта, электронды оқул

Сабақтың өту барысы:

1.Оқушыларды ұйымдастыру.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Тапсырмаларды орындау.

5.Сабақты бекіту.

6.Үйге тапсырма беру

Жаңа түсініктер:

Кескіннің детальдарын дәлдеу масштабтың көмегімен жасалады.Widows-тегі барлық амалдар сияқты, масштабты әртүрлі тәсілмен өзгертуге болады. Мыналарды пайдаланыңдар:

-Түр (Вид) тіркеме бетінің саймандарын;

-Негізгі тіркеме бетіндегі Масштаб hello_html_5042fe9c.png сайманын;

-Жай-күй жолындағы Масштаб жүгірткішінhello_html_m7de4dce0.png


«Трансформация» сөзі латын тілінен түрлену, алмасу деп аударылады.


hello_html_6534fd43.pnghello_html_71f76291.png

92-сурет. Вертикаль шағылдыру 93-сурет. Горизонталь шағылдыру


Қане, Кескін тобындағы Қырқу, Мөлшерді өзгерту, Бұру бұйрықтарының қалай жұмыс істейтінін қарастырайықшы. Бұл бұйрықтар амалдарды тұтас суретпен және ерекшеленген фрагментпен орындайды.

Тұтас суретті немесе ерекшеленген фрагментті вертикаль және горизонталь орналастыруға (92-93 сурет) және 90 немесе 180 градусқа бұруға болады.


Суретті тышқанның көмегімен тура қажет болғандай етіп созу немесе кішірейту әрқашан қолдан келе бермейді. Егер пропорцияларды сақтау, мөлшерін бір пиксельге дейінгі дәлдікпен өзгерту керек болса, онда Мөлшерді өзгерту бұйрығын қолданыңдар (94-сурет)

hello_html_cb4820d.png94-сурет Мөлшерлер мен бұруды өзгерту


C:\Users\завуч\Desktop\images.jpgКомпьютердегі тәжірибелік жұмыс:

Жаңа сурет құрыңдар.

Бұрыштары дөңгелектенген тікбұрыш салыңдар. Оны бірнеше рет көшіріңдер. Әр көшірмесін әртүрлі бұрыңтар: тек горизонталь бойынша, тек вертикаль бойынша, горизонталь және вертикаль бойынша. Бұрыштың мәні теріс бола алам ма? Бұрыш мәнінің қандай ең үлкен шамасын белгілеуге болады? Неге


Қырқу-суреттің тек ерекшеленген бөлігін қалдыратын бұйрық. Ол өте қолайлы, мәселен, өрнектердің суретін салғанда – алдымен элементтерін салып, одан кейін оларды көшіріп (бүлдіріп алмас үшін), өрнекті құрып, оны ерекшелеп, енді керек емес детальдарын қырқамыз.Сол сияқты, бұл бұйрық фотосуреттегі артық бейнелерді қырқуға мүмкіндік береді.


C:\Users\завуч\Desktop\images.jpgКомпьютердегі тәжірибелік жұмыс:

  1. Бастау-Басқару тақтасы Безендіру және жекелеу (персонализация) Жекелеу – Жұмыс үстелінің фоны бұйрығын орындаңдар.

  2. Тышқанның оң бастырмасымен таңдалған суретті шертіңдер.

  3. Paint-тің көмегімен ашу бұйрығын таңдаңдар.

  4. Жекелеу терезесіне қайта оралыңдар.

  5. Есепке алу жазбасының суретін өзгерту сілтемесін шертіңдер.

  6. Терезені алмасу буферіне көшіріңдер. (Alt+Print+Screen).

  7. Тағы бір Paint терезесін ашыңдар.

  8. Алмасу буферінен сурет кірістіріңдер (Ctrl+V)

  9. Ұнаған персонажды ерекшелеңдер.

  10. Қырқу бұйрығымен орындаңдар.

  11. Суретті өз бумаларыңа «Персонаж» деген атпен сақтаңдар.

  12. Фондық суреті бар Paint-тің терезелеріне ауысыңдар.

  13. Кірістіру-Қайта кірістіру бұйрығын орындаңдар, Персонаж файлын көрсетіңдер.


C:\Users\завуч\Desktop\images (1).jpg- Суреттің мөлшерін, еңкейтуін, бұрылуын және шағылуын өзгерту үшін Кескін тобының бұйрықтары қолданылады.

- Суретті өзгертпей тұрып оның көшірмесін сақтап қойған дұрыс.

- Егер өзгерту сәтсіз орындалса - hello_html_65b607a5.png батырмасымен бұрықтың нәтижесінен бас тартыңдар.

- Масштаб өзгергенмен суреттің, суреттегі мәтіннің мөлшері өзгермейді.


C:\Users\завуч\Desktop\images.jpgКомпьютердегі тәжірибелік жұмыс:

А-деңгейі:

Суретке «Құттықтаймын!» мәтінін орналастырыңдар. Суреттің масштабын өзгертіңдер. Түс толтыру сайманын пайдаланып, әр әріпті өз түсіне қайта бояп шығыңдар.

hello_html_m37fb1eb3.png


В-деңгейі:

  1. Көбелектің суретін салыңдар

  2. Кескінді бірнеше рет көшіріңдер.

  3. Суреттің мөлшерін барлық мүмкін тәсілдермен өзгертіңдер.

  4. Әр өзгертуді жазып, белгілеңдер. Мысалы, «30 градусқа бұру»

  5. Суретті сақтаңдар.

hello_html_m525550ae.png

С деңгейі:

«Жаңа жылдық орман»

  1. Шыршаның суретін салыңдар. Алдымен бір бөлігін:

hello_html_612d5df6.png

  1. Оны көшіріңдер және бұрыңдар:

hello_html_4d838f61.png

  1. Бірінші сол жағын, одан кейін оң жағын көшіріп, қосыңдар:

hello_html_m7db1e577.pngжәне бояңдар: hello_html_795e5a31.png

  1. Файлды өз бумаларыңда «Шырша» деген атаумен сақтаңдар.

  2. Paint-тің тағы бір терезесін ашып, орманның суретін салыңдар.

  3. Шырша файлынан шыршаның суретін қайта-қайта көшіріп, оларды созып және бұрып әртүрлі шыршалардан орман жасаңдар.

  4. Суретке ағаштарды, бұлттарды, гүлдерді, жеміс ағаштарын, жануарлар мен өзендерді салыңдар.

  5. Файлды өз бумаларыңда «Орман» деген атпен сақтаңдар.


Сабақты бекіту: 146 беттегі тест сұрақтарына жауап беру.

Үйге тапсырма: 17 тарау. Оқып келу және бақылау сұрақтарына жауап беру













Күні____________ Сыныбы_____________

Сабақтың тақырыбы: Суретті басуға дайындау. Суретті басу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға дайын суретті бапаға шығаруды үйрету;

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілік дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, интерак.тақта, электронды оқул

Сабақтың өту барысы:

1.Оқушыларды ұйымдастыру.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Тапсырмаларды орындау.

5.Сабақты бекіту.

6.Үйге тапсырма беру

Жаңа түсініктер:

Дайындалған суретті ашыңдар.Тапсырманы принтерге жібермей тұрып, суреттің біз ойлаған түрде көрінетіндей екеніне көз жеткізейік. Беттің параметрлері терезесін шақырыңдар. (96 сурет)

hello_html_3494efca.png

96-сурет. Беттің параметрлерін баптау

Paint – Басып шығару батырмасы – Беттің параметрлері.


Беттің толтырылу бағыттарын (ориантация), ортаға түсуді, масштабты өзгертіңдер. Сендерің суреттерің көлденең сызылған тікбұрыш сияқты болып көрінеді. Қарап шығу терезесінде беттің өзгертулерін қадағалаңдар!

Бетті баптағаннан кейін келесі қадамға – Алдын ала қарауға көшуге болады. Бұл терезеде сендер таңдаған параметрлермен суреттің бетте қалай орналасқанын көруге болады.

Бәрі сендер ойлағандай болса – тапсырманы hello_html_m9a7f2bc.png батырмасын шертіп, сенімді түрде басып шығаруға жөнелтіңдер. Егер бір нәрсе өзгерту керек болса, онда Беттің параметрлері терезесіне қайтып оралуға тура келеді. hello_html_m1986ec48.png

97-суретте суретті басып шығару үшін беттің кітаптық толтырылуы бағыты таңдалған. Суретті парақты тұтас алып жатқан жоқ.

Оның 13,22х17,75 см мөлшерін Жай-күй жолында көруге болады. Сондықтан Қарап шығу тобында батырмалар пәрменді емес (солған, айқын көрінбейді).

hello_html_m62152fe6.png

97-сурет. Алдын ала қарау терезесі

Егер hello_html_m28d12da8.png батырмасын шертсеңдер, онда алдын ала қарау тіркеме беті жабылады да сендер қайта сурет салу аймағына ораласыңдар.

C:\Users\завуч\Desktop\images (1).jpg

-Суретті басып шығармай тұрып, бет параметрлерін баптау, алдын ала қарап шығу орындалады.

- Суретті басып шығару үшін Paint- Басып шығару бұрығы қолданылады.


C:\Users\завуч\Desktop\images.jpgКомпьютердегі тәжірибелік жұмыс:

  1. Өз суреттеріңді ашыңдар.

  2. Беттің параметрлерін: ернеулері 10 мм (барлық жағынан), толтырылу бағыты- альбомдық етіп тағайындаңдар.

  3. Масштабты сурет беттің үлкен бөлігін алатындай етіп таңдаңдар.

  4. Суретті беттің ортасына орналастырыңдар.

  5. Алдын ала қарауды орнатыңдар.

  6. Мұғалімнен принтердің атын біліңдер.

  7. Жылдам қол жеткізу тақтасына Басып шығару батырмасын қосыңдар.

  8. Суретті басып шығаруға жіберіңдер.



Тест жұмысын беру: «Өзіңді тескер!»

Оқулықтың 151-152 беттегі тест жұмысы

Жауаптары:

  1. Д

  2. В

  3. В

  4. А

  5. А



Сабақты бекіту: 151 беттегі бақылау сұрақтарға жауап беру

Үйге тапсырма: 18 тарау. Оқып келу, қайталау


















Күні____________ Сыныбы_____________

Сабақтың тақырыбы: Мәтінді теру және түзету ережелері. Мәтін бойынша жылжу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға мәтінді тез теруге және қателерін түзетуді үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілік дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, интерак.тақта, электронды оқул

Сабақтың өту барысы:

1.Оқушыларды ұйымдастыру.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Тапсырмаларды орындау.

5.Сабақты бекіту.

6.Үйге тапсырма беру

Жаңа түсініктер:


Мәтіндермен жұмыс істегенде кейде оларды біріктіруге, кейде фрагменттерді әр құжаттардан алып, оның жаңасын құруға тура келеді. Егер барлық құжаттарды әртүрлі ережелер бойынша құратын болсақ, онда нәтижесінде мәтін көріксіз болып көрінеді. Мысалы, сендер дәптердің шетінен бастап жазбайсыңдар ғой? Кітаптардан да ондайды көрмейсіңдер. Тырнақшаларды, жақшаларды мәтіннен кенет бөлініп қалмайтындай етіп қойып шығу, осының бәрі маңызды.

Біз бұған дейін бірнеше құжатқа мәтін теру ережелерін айттық, енді олардың бәрін атайық:

  1. Бас әріпті немесе символды жоғарғы регистрден енгізу үшін Shift пернесін басып, жібермей ұстап тұру керек.

  2. Егер бас әріппен бірнеше сөз енгізу керек болса – CapsLock пернесін қос.

  3. Бір бос орын сөздердің арасына және тыныс белгілерінен кейін қойылады.

  4. Дефис бос орынсыз қойылады. Мысалы:жан-жақты, бетпе-бет.

  5. Ұзын сызықша (тире) алдынан да, соңынан да бос орынмен қойлады: «Блокнот-қарапайым мәтіндік редактор».

  6. Даталарды, қысқартылған аты мен әкесінің аты (инициалы) енгізілгенде және ұқсас жағдайларда үзілмейтін бос орын тізбектемесін терумен орындалады. Мысалы: 2013 ж., 1 қыркүйек, Ш.Уалиханов.

  7. Тырнақшаларға немесе жақшаларға алып жазылған сөздер олардан бос орынмен ажыратылмайды: «Информатика» журналы, Целиноград қ. (Қазіргі Астана қ.).

  8. Рим цифрларын енгізу үшін латынша бас әріптер қолданылады. Мысалы: ХХІ ғасырдың басы

  9. Enter пернесін абзацтың соңында басады. Жолдарды тасымалдау автоматты түрде жүзеге асады.


Мәтін бойынша жылжу

Курсорды мәтін бойынша стрелкалармен,

  • Home(жолдың басына)

  • End (жолдың соңына)

  • PageUp , PageDown(бір ретке жоғары немесе төмен) пернелерімен жылжытуға болады.

Егер құжат бері көп болса, мәтіннің соңына бірдей қалай жетуге болады? Көмекке Ctrl+End пернелер тіркесімі келеді.


C:\Users\завуч\Desktop\images.jpgКомпьютердегі тәжірибелік жұмыс:

Word Pad мәтіндік редакторын ашыңдар. Теру ережелерін пайдаланып, мәтінді теріңдер.

(159 беттегі мәтін)



C:\Users\завуч\Desktop\images (1).jpg- Түзетуге (редактирование) жататындар: мәтін фрагменттерін жою, қосу, жылжыту, көшіру, іздеу және алмастыру.

- Мәтінді ерекшелеу үшін пернетақта мен тышқанды қолданған қолайлы. Мәтін бойынша жылжу пернелері бірге пайдаланылуы мүмкін.


C:\Users\завуч\Desktop\images.jpgКомпьютердегі тәжірибелік жұмыс:

А-деңгейі бойынша:

Мәтін теру ережелерін сақтай отырып, теріңдер. (160-бет)

В-деңгейі бойынша:

Мәтін теру ережелерін сақтай отырып, теріңдер. (161-бет)

С-деңгейі бойынша:

Мәтін теру ережелерін сақтай отырып, теріңдер. (161-162-бет)



Сабақты бекіту: 162 беттегі бақылау сұрақтарына жауап беру.

Үйге тапсырма: 20 тарау. Оқып келу




































Күні____________ Сыныбы_____________

Сабақтың тақырыбы: Мәтін бөліктерін ерекшелеу.Қаріп. Абзацты пішімдеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға мәтін бөліктерін ерекшелеуге, қаріппен, абзацты пішімдеуге үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілік дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, интерак.тақта, электронды оқул

Сабақтың өту барысы:

1.Оқушыларды ұйымдастыру.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Тапсырмаларды орындау.

5.Сабақты бекіту.

6.Үйге тапсырма беру

Жаңа түсініктер:

Кейде экранда бірден жолды, абзацты немесе тұтастай мәтінді ерекшелеген ыңғайлы. Бұл жағдайлар үшін арнайы тәсілдер ойластырылған.

  1. Тұтастай жолды ерекшелеу. Егер тышқанның сол жақ батырмасымен жолдың басын бір рет шертсеңдер, жол тұтастай ерекешеленеді. Тышқанның сілтемесі бұл жерде ақ стрелка кейіпіне енедіhello_html_6a9b268b.png. Міне былай:

hello_html_6a9b268b.pnghello_html_m9c13e81.png


  1. Егер экранның осы жерінде тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шертсек, онда тұтас абзац ерекшеленеді:

hello_html_288f2628.png

  1. Тышқанның сол жақ батырмасын үш рет шерту мәтінді тұтастай ерекшелейді:

hello_html_3e7ec868.png

Мәтінді тұтастай бірден ерекшелеу үшін пернетақтадан бір мезгілде Ctrl пернесі мен цифрлық қосымша пернетақтадан «5» санын басуға да болады.

Мәтін бөліктерін түзетуге: жою, қосу, жылжыту, көшіру, іздеу және алмастыруды жатқызуға болады.


Windows операциялық жүйесіндегі басқа нысандар сияқты, мәтіндегі нысандарды Delete пернесімен- курсордың оң жақта орналасқан символды, BackSpase пернесімен – курсордың сол жағындағы орналасқан символды жоюға болады.

Егер мәтінде ауыстыру режимінде терсек, онда бұрын болған символдарды алмастыруға болады. Ол Insert пернесін қайтадан басу керек.

Егер мәтіннің барлық бөлігінде тұтас сөзді немесе сөз тіркесін алмастыру керек болса, онда Ауыстыруhello_html_m2741078c.pngбұйрығын қолданған ыңғайлы.

Мәтіннің ерекшеленген бөлігін 2 тәсілмен Жылжытуға болады:

  • Тышқанмен сүрету (сілтемесі hello_html_6a9b268b.png);

  • Алмасу буферін қолдану: мәтін бөлігін ерекшелеп, оны алмасу буферіне қиып алу/вырезать/ (Жолақтағыhello_html_m301cec23.png батырмасы), мәтіндік курсорды керек жерге апарып, бөлікті алмасу буферінен кірістіру hello_html_m5466f40e.png.


Көшіру амалы жылжытуға ұқсас:

  • Ерекшеленген бөлікті тышқанмен Ctrl пернесін баса отырып жылжытамыз;

  • Немесе оны алмасу буферіне көшіреміз/копировать/ (жолақтағы hello_html_mcf9c2ee.png батырмасы). Керек жерге кірістіреміз.


Егер мәтінге амал қолданғанда бір нәрсе дұрыс шықпай жатса, абыржудың қажеті жоқ. Жылдам қолжеткізу тақтасындағы Кері қайту hello_html_m5c49657d.png пернесін немесе Ctrl+Z пернелерін басу арқылы кез келген әрекеттен бас тартуға болады. Әрекеттер тізбектеліп кері қайтарылады, сондықтан олардың кез келгенін өз таңдауларың бойынша қайтара алмайсыңдар.


C:\Users\завуч\Desktop\images (1).jpg

  • Түзетуге жататында: мәтін бөліктерін жою, қосу, жылжыту, көшіру, іздеу және алмастыру.

  • Мәтінді ерекшелеу үшін пернетақта мен тышқанды қолданған қолайлы. Мәтін бойынша жылжу пернелері мен Ctrl, Shift пернелері бірге қолданылуы мүмкін.

  • Delete пернесі– курсордан оң жақта орналасқан, ал BackSpase пернесі-курсордың сол жағында орналасқан символды (немесе мәтіннің ерекшеленген бөлігін) жояды.

  • Ауыстыруды екі тәсілмен орындауға болады: енгізілген ауыстыру режиміне көшу – Insert пенесімен, Түзету-Ауыстыру бұйрыңын орындау.



C:\Users\завуч\Desktop\images.jpgКомпьютердегі тәжірибелік жұмыс:

А-деңгейі бойынша:

166 бет

В деңгейі бойынша:

166-167 бет

С деңгейі бойынша:

167 бет.


Сабақты бекіту: 167 беттегі бақылау сұрақтарына жауап беру.

Үйге тапсырма: 21 тарау. Оқып келу












Күні____________ Сыныбы_____________

Сабақтың тақырыбы: Мәтінді пішімдеу. Әріптер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға мәтінді пішімдеу мүмкіндіктерін үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілік дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, интерак.тақта, электронды оқул

Сабақтың өту барысы:

1.Оқушыларды ұйымдастыру.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Тапсырмаларды орындау.

5.Сабақты бекіту.

6.Үйге тапсырма беру

Жаңа түсініктер:


Сонымен біз мәтінді тердік. Ал енді өз құжатымызды қалай әдемі және тартымды етеміз?

Оларды ретімен қарастырайық.

Біріншіден, пішімдеу бұйрықтарын бірнеше тәсілмен шақыруға болады: Контекстік мәзір лентасындағы бұйрықтар батырмаларын шерту (101 сурет)

Екіншіден, пішімдеу мәтіні енгізілгенге дейін тағайындалу немесе енгізілгеннен кейін (бұл жағдайда мәтін алдымен ерекшеленуі керек) орындалуы мүмкін.

Әріптің кескінін мына батырмамен өзгертуге болады.

hello_html_md0ee8db.png

Экранда әріптердің көлемін өзгертуге де болады. Оларды үлкейтуге де, кішірейтуге де болады. Ол үшінhello_html_2dd671fb.png батырмасын қолданады. Келесі үш батырманың қызметі:

  • - Әріптерді жуандатады;

hello_html_75ea6741.png- Әріптерді қисайтады (мұндай әріп курсив деп аталады);

hello_html_7886fb.png- мәтіннің астын сызады.


hello_html_50c4a010.png

101-сурет. Жолақты пішімдеу бұйрықтары

C:\Users\завуч\Desktop\images.jpgМәтіннің ең кіші элементі қандай?

Символ үшін мынадай баптауларды тағайындауға болады:

  • Әріптің түрін(гарнитураны);

  • Мөлшерін (кегльмен);

  • Түсін;




C:\Users\завуч\Desktop\images.jpgКомпьютердегі тәжірибелік жұмыс:


А-деңгейі бойынша:

171 бет

В деңгейі бойынша:

172 бет

С деңгейі бойынша:

172 бет.


Сабақты бекіту: 173 беттегі тест тапсырманы дәптерге орындап келу

Үйге тапсырма: 22 тарау. Бақылау сұрақтарына жауап беру













































Күні____________ Сыныбы_____________

Сабақтың тақырыбы: Мәтінді пішімдеу. Абзац

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға мәтінді пішімдеу мүмкіндіктерін, яғни абзацпен жұмыс істеуге үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілік дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, интерак.тақта, электронды оқул

Сабақтың өту барысы:

1.Оқушыларды ұйымдастыру.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Тапсырмаларды орындау.

5.Сабақты бекіту.

6.Үйге тапсырма беру

Жаңа түсініктер:


Егер электрондық құжатта тасымалдау орнатылмаса, онда абзацта сол жақ шет бойынша түзеу анықталады. Автор құжаттың қандай принтерде, қандай әріппен және мөлшермен басып шығарылатынын білмейді. Сондықтан көбіне тақырып ортаға, ал авторға сілтеме немесе құжат құрылған мерзім – оң жақ шет бойынша түзетіледі.

Абзац үшін келесі баптаулар анықталады:

  • Түзету;

  • Жоларалық интервал;

  • Шегінулер;



Түзету

hello_html_m3de4e097.png- Мәтін жолдың басына, сол жақта орналасады. Негізгі мәтінді осылай жазады.

hello_html_m643ecf0d.png- Мәтін ортаға теріледі. Тақырыптарды осылай тереді.

hello_html_m29694522.png- Мәтін жолдың соңынан, оң жақтан теріледі.


Шегіністер

Сол сияқты абзацтың бірінші жолында шегініс – «қызыл» (азат) жол болуы мүмкін. (102-сурет).

hello_html_581e52.png










102-сурет. Абзацтағы шегіністер.

Абзацтың бірінші жолынан шегінісі


hello_html_m1c0412ec.png


Оң жақтан шегініс


Шегініс

Мәтіннің сол жақ жолдан шегінісі шегінісі


hello_html_21a1d1da.png

hello_html_2b38437.png







103-сурет. Сызғыш

hello_html_6a211e88.png






104-сурет. Табуляцияның мысалы.


Табуляцияның мәнін анықтай отырып, мысалы, мәтінді екі бағанға бөлуге болады. (104-сурет).

Бұл мысалда Абзацhello_html_m173bdfe5.png - Тіркеме беттер (Вкладки) бұйрығы орындалған, Табуляция позицияларының өлшемі 6 см етіп алынған. (104-сурет). Мәтін енгізілгенде Tab пернесін басу жеткілікті. Абзацта бірнеше табуляция позициялары анықталуы мүмкін.


Тізім

hello_html_m3c30384b.pnghello_html_m6b73b538.png

Word Pad мәтіндік редакторында мәтінді тізім түрінде ұйымдастыруға болады. Тізімде әрбір абзац бірдей пішімделген және нөмірден немесе арнайы таңбашадан-маркерден басталады. (105-сурет). Тізімді бастау немесе аяқтау үшін Тізімді бастауhello_html_m11d6abe2.png басыңдар.

Абзацты тізімдегі шегініспен құру үшін, Shift және Enter пернелерін бір мезгілде басыңдар. Осылай мәтінге абзац символы емес, жолды күштер айыру символы кірістіріледі. Жолдың басында маркер пайда болады. (105-сурет).

C:\Users\завуч\Desktop\images (1).jpg

  • Абзацты пішімдеудің негізгі параметрлері – шегіністер, түзеу, жоларалық интервалдар.

  • Абзацты пішімдеу бұйрықтарын лентаның Бас бөлімінен таңдауға болады.

  • -Абзацты түзеу сол жақ шетімен, ортасымен, оң жақ шетімен орындалуы мүмкін.

  • Шегіністерді сызғыштың көмегімен тағайындайды.

  • Word Pad маркерленген тізімдер құру мүмкіндігі бар.

C:\Users\завуч\Desktop\images.jpgКомпьютердегі тәжірибелік жұмыс:

А-деңгейі бойынша:

177 бет

В деңгейі бойынша:

177 бет

С деңгейі бойынша:

177-178 бет.


Сабақты бекіту: 178-179 беттегі тест тапсырманы дәптерге орындап келу

Үйге тапсырма: 23 тарау. Бақылау сұрақтарына жауап беру

Күні____________ Сыныбы_____________

Сабақтың тақырыбы: Мәтінмен жұмыс істеу. Практикум

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушылардың Word Pad мәтіндік редакторы бойынша алған білімдерін тексеру. Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілік дамыту.

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, интерак.тақта, электронды оқул

Сабақтың өту барысы:

1.Оқушыларды ұйымдастыру.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Тапсырмаларды орындау.

5.Сабақты бекіту.

6.Үйге тапсырма беру

Жаңа түсініктер:

C:\Users\завуч\Desktop\images.jpgКомпьютердегі тәжірибелік жұмыс:

1-тапсырма:

  1. Өлеңді теріңдер.

  2. Өлеңнің әрбір жолын әртүрлі түске бояңдар, әріптің мөлшерін 13-ке өзгертіңдер.

  3. Алғашқы үш жолды әртүрлі тәсілдермен өлеңнің соңына көшіріңдер.


Өлең керек

Сая болып жаныңа емен, терек,

Жетер енді жатқаның көлеңкелеп.

Өгейсінбей өзі боп қалу үшін,

Өнер керек ұрпаққа, өлең керек!


Арғы атасы ақынның жырдан туған,

Жыр жолында жанын да қылған құрбан.

Жырлар тұнған хандардың сарайында,

Жыр айтылған бесікте құлдар тұрған. (М.Мақатаев)


2-тапсырма:

  1. Мәтінді теріңдер.

  2. Екінші жолды күлгін түспен безендеріңдер.

  3. Мәтін атауын 16 мөлшермен теріңдер.

  4. Мәтінді «Автобуста» деген атаумен сақтаңдар.


Автобуста

Арман ман Аян қаланың ортасындағы үлкен бес қабатты үйде тұрады. Екеуі де екінші сыныпта оқиды және мектепке бірге барады. Бір күні олар әдеттегідей, автобуспен келе жатқанда, аялдамалардың бірінен сөмкелері бар әжей отырды.

Аян бірден орнынан тұрып, әжейге жақындады да, сыпайы ұсыныс жасады:

  • Мархабат, отырыңыз.

Арман терезеге қарап қалған түр танытты. Екі аялдамадан кейін әжей шығуға дайындалды және сөмкелерінің біріне қол жүгіртіп, одан хош иісті екі алма алып шықты.

Аянға ұсынып:

  • Ала ғой, алтыным!- деді.

  • Оныңыз қалай, рахмет, керек емес, - деп қымсынды Аян.




3-тапсырма:

  1. Мәтінді теріңдер және безендіріңдер.

  2. Мәтінге атау ойлап табыңдар және оны мәтіннің алдына қосыңдар.

  3. Бірінші сөйлемді мәтіннің соңына көшіріңдер.

Адамдар заман талабына сай ақпаратты сақтаудың жаңа тәсілдерін ойлап тапты: магниттік таспалар, лазерлік дискілер. Олар тек мәтіндерді ғана емес, жанды дауысты, музыка мен жылжитын кескіндерді де сақтауға мүмкіндік береді.

Ақпарат сақталатын құрылғылар ақпарат тасығыштар деп аталады.

Ақпарат тасығыштар:

  • Қатты диск;

  • Дискета;

  • Лазерлік диск;

  • Флеш-карта.


4-тапсырма:

1. Екі өлең мәтінін теріңдер.

2. Мәтіндері бұзылған сөздер мен жолдардың ретін анықтаңдар.

3. Тасымалдау амалдарының көмегімен сөздер мен жолдарды дұрыс ретімен орналастырыңдар.


Шегіртке мен құмырсқа


Шырылдауық шегіртке,

Күз болған соң кетті күй.

Көгалдлы қуып гөлайттап,

Жапырақ кетті, жаз кетті.


Жаздыгүнгі жапырақтың,

Ыршып жүріп ән салған.

Қызықпен жүріп жазды алған,

Бірінде тамақ, бірінде үй, (И.А.Крыловтан)


5-тапсырма:

Мына сөздерді септеңдер: монитор, пернетақта, информатика. Тапсырманы орындағанда мәтіннің фрагментін көшіру немесе кірістіру амалдарын қолданыңдар.

Мысалы:

Атау септіккомпьютер

Ілік септіккомпьютердің

Барыс септік компьютерге

Табыс септіккомпьютерді

Жатыс септік компьютерде

Шығыс септіккомпьютерден

Көмектес септіккомпьютермен



6-тапсырма:

«Ком» буынынан басталатын сөздерді ойлап табыңдар және мәтіндік редакторда жазыңдар. Сөздерді маркерленген тізім ретінде бағанға жазыңдар. Мысалы:

  • Компас;

  • Компьютер.


7-тапсырма:

  1. Кез келген 5 жұмбақ теріңдер;

  2. Жолдастарыңмен орын алмастырыңдар;

  3. Ол сенің, ал сен оның жұмбақтарын шешіңдер, жауаптарын әрбір жұмбақтан кейін кірістіріп жазып шығыңдар.

8-тапсырма:

  1. Мына сөздерді теріңдер:шам, Алладин, сиқырлы.

  2. Тышқанның сол жақ батырмасын басып, сөздерді араб ертегісінің аты шығатындай етіп жылжытыңдар.

  3. Атауды жуан әріппен ерекшелеңдер.

  4. Ертегінің фрагментін төмендегі тапсырмада көрсетілгендей етіп теріңдер. Мәтінде жұмыс істеген кезде «Алладин» сөзін кездескен айын қайтадан термеу үшін көшіріп алыңдар.

  5. Мәтінді сақтаңдар.

Араб ертегісі

Бір кездері парсы қалаларының бірінде кедей тігінші өмір сүріпті. Оның әйелі мен Алладиндеген ұлы болыпты. Алладин он жасқа толғанда, әкесі оны бір қолөнер кәсібіне үйреткісі келіпті. Бірақ оның оқыту үшін төлейтін ақшасы болмапты, сондықтан,ол өзі Алладинге көйлек тігуді үйрете бастапты.

Алладин өте жалқау болыпты. Оның ештеңе үйренуга құлқы болмапты және әкесі тапсырыс берушіге кеткен сайын, Алладин өзі сияқты тентек балалармен ойнау үшін көшеге қашып шығады екен. Олар ертеден кешке дейін қала аралап жүгіріп жүреді және торғайларды атады немесе бөгде адамдардың бақшасы мен жүзім бақтарына түсуді әдет қылыпты.

Ұлының тентектігіне әкесінің ренжігені сондай, мұңайғаннан ауырып, қайтыс болады. Сонда тігіншінің әйелі өзі мен іссіз баласы аштан өлмес үшін одан қалған дүние-мүліктің бәрін сатып, мақта иіріп, жібін сата бастайды.

Ал Алладин анасына көмектесуді ойламайды және үйіне тек ас ішіп, ұйықтау үшін келетін болыпты...


9-тапсырма:

  1. Көп нүктенің орнына жауаптарын қойып, жұмбақтарды теріңдер.

  2. Пішімдеу сызғышының көмегін пайдаланып, жұмбасқарды тапсырмада көрсетілгендей етіп орналастырыңдар.

  3. Барлық жауаптарды курсив етіңдер, әріптің мөлшері 13 болсын.


Тұмсығынан торайдың,

Тұмсыңы бар аумаған.

Үстін түгел орайтын,

Тоны ине қаулаған. ...


Тірірейіп құлағы

Менен бұрын тұрады.

Бойын жазып керіліп,

Беті-қолын жуады. ...

Еркін самғап ұшсын деп,

Мәпелейміз, баптаймыз.

Бейбітшілік құсы, - деп,

Қайсы құсты мақтаймыз? ...


Сабақты бекіту: Орындаған тапсырмалары бойынша сұрақтар қою

Үйге тапсырма: Word Pad мәтіндік редактор тараулары бойынша оқып келу, қайталау.













Күні____________ Сыныбы_____________

Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік және графикалық ақпаратты өңдеу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға мәтіндік және графикалық редакторлардың өзара ақпаратпен алмасуын үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілік дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, интерак.тақта, электронды оқул

Сабақтың өту барысы:

1.Оқушыларды ұйымдастыру.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Тапсырмаларды орындау.

5.Сабақты бекіту.

6.Үйге тапсырма беру

Жаңа түсініктер:


Осындай әдемі безендірілген кітапты оқу қызықты емес пе, келісесіңдер ғой? Енді сендердің мәтіндеріңді суреттермен безендірейік!


Word Pad-те суреттермен жұмыс істеудің бірнеше мумкіндігі бар.

1-тәсіл:

Мәтінге дайын суреттердің фрагменттерін қосу үшін алмасу буферін қолдануға болады.

2-тәсіл:

Егер сендер иллюстрациялар дайындап, оларды файлдарда сақтасаңдар, онда Кірістіру – Кескін бұйрығын пайдаланыңдар.

Сурет мәтіннің символы сияқты болады:

C:\Users\завуч\Desktop\images.jpgМынау мәтіндегі сурет. Оған мәтіннің ерекшеленген фрагментімен орындалатын жылжыту, көшіру, жою сияқты амалдарды орындауға болады.


C:\Users\завуч\Desktop\images.jpgМәтіндегі суреттің мөлшерін қалай өзгертуге болады?

Бірақ, сурет – ол символ емес! Оны тышқанмен жай шерту арқылы ерекшелеуге,

hello_html_66b34ab7.pngал мөлшерін ерекшелеу маркерін тышқанмен жылжыту арқылы өзгертуге болды.


C:\Users\завуч\Desktop\images.jpgКомпьютердегі тәжірибелік жұмыс:

  1. Paint-ті іске қосыңдар.

  2. Жұлдызшаның

суретін салыңдар және файлды өз бумаларыңа

«Жұлдызша» деген атаумен сақтаңдар.

  1. Word Pad-ті іске қосыңдар.

  2. «Мен мәтінге файлдан сурет кірістіремін» мәтінін теріңдер.

  3. Кескін батырмасын hello_html_1d5e3ae5.png шертіңдер.

  4. Жұлдызша файлын таңдап, Ашу батырмасын шертіңдер.

  5. Paint-ке ауысып, суретке бейнесін қосыңдар. Файлды сақтаңдар.

  6. Word Pad-ке ауысыңдар. Мәтінде сурет өзгерген жоқ!



Қалай ойлайсыңдар, мәтінде түзетілген суретті көру үшін не істеу керек? Әрине, оны қайтадан мәтінге кірістіру керек!

3-тәсіл:

Егер сендер мәтінмен жұмыс істеу барысында кішкене сурет қосуды шешсеңдер, онда Кірістіру – Paint суреті (hello_html_6f785f1c.png батырмасы) бұйрығын пайдаланыңдар. Графикалық редактордың терезесі ашылады. Сендер суретті салып болып, Paint-ті жапқанда – сурет мәтіннің ішінде болады!

Мына сұраққа жауап беріп көріңдерші: құжатқа осындай тәсілмен қосылған суретті түзетуге (өзгертуге) бола ма?

C:\Users\завуч\Desktop\images.jpgКомпьютердегі тәжірибелік жұмыс:

  1. Word Pad мәтіндік редакторын іске қосыңдар.

  2. «Мен мәтінге сурет қосамын» мәтінін теріңдер.

  3. hello_html_6f785f1c.pngбатырмасын шертіңдер.

  4. Фигурасының суретін салыңдар.

  5. Paint-ті жабыңдар.

  6. Мәтінді ерекшелеңдер.

  7. Әріп мөлшерін 36 етіп өзгертіңдер.

  8. Жүректі тышқанмен шертіп ерекшелеңдер.

  9. Оның мөлшерін өзгертіңдер.

  10. hello_html_6f785f1c.pngбатырмасын шертіңдер.

Мұндай суретті енді өзгертуге болмайтынына көз жеткізесіңдер.


C:\Users\завуч\Desktop\images (1).jpgМәтінге кескінді 3 тәсілмен кірістіруге болады:


  1. Алмастыру буфері арқылы (суретті ашу, қажет фрагментті ерекшелеу, оны алмастыру буферіне көшіру, алмастыру буферінен мәтінге кірістіру);

  2. Суретті файлдан кірістіру (Кірістіру - Кескін);

  3. Мәтінмен жұмыс кезінде суретті Paint-те салу (Кірістіру- Paint суреті)


C:\Users\завуч\Desktop\images.jpgКомпьютердегі тәжірибелік жұмыс:

  1. Графикалық редакторда «Жалау» өлеңіне сурет салыңдар.

  2. Мәтіндік редакторда өлеңнің мәтінін теріңдер. Сызғыштың көмегімен өлеңнің екінші бөлігін оның бірінші бөлігінен 5 см оңға қарай жылжытып орналастырыңдар.

  3. Өз суреттеріңді графикалық редактордан мәтінге көшіріңдер. (187 бет)



Сабақты бекіту: 188 беттегі бақылау сұрақтары

Үйге тапсырма: 25 тарау оқып келу, қайталау.








































Күні____________ Сыныбы_____________

Сабақтың тақырыбы: Практикум. Аралас құжаттар құру

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушылардың Word Pad мәтіндік редакторы және Paint графикалық редакторы бойынша алған білімдерін тексеру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілік дамыту.

Сабақтың түрі: Практикалық және аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, интерак.тақта, электронды оқул

Сабақтың өту барысы:

1.Оқушыларды ұйымдастыру.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Тапсырмаларды орындау.

5.Сабақты бекіту.

6.Үйге тапсырма беру

Жаңа түсініктер:



C:\Users\завуч\Desktop\images.jpgКомпьютердегі тәжірибелік жұмыс:

А-деңгейі бойынша:

Шежіре ағашы

  1. Paint графикалық редакторында ағаштың кескінін салыңдар.

Ол мынадай болуы керек (106-сурет)

  1. Сурет салатын рамкалар дайындаңдар (фигураларды қолданыңдар) және оларды ағашқа орналастырыңдар.

  2. Ағаштың кескінін WordPad мәтіндік редакторына көшіріңдер. Ортасы бойынша түзетуді тағайындаңдар.

  3. Суреттің алдына «Менің отбасым» тақырыбын қосыңдар. Әріпті өз қалауларың бойынша таңдаңдар.

  4. Өз отбасыларың туралы әңгіме құраңдар (теріңдер)

  5. Жұмысты өз бумаларыңда сақтап, мүмкіндігінші басып шығарыңдар. Шежіре ағашымен жұмысты үйде аяқтаңдар – туыстарыңның суреттерін желімдеңдер немесе редактордың көмегімен қосыңдар.

hello_html_m7274fad4.png

106-сурет. А-деңгейі

В-деңгейі бойынша:

  1. Әңгімеден үзінді теріңдер.

  2. Автордың тегін курсивпен, мәтін атаумен жуан әріппен ерекшелеңдер.

  3. Бірінші жол үшін шегіністі 1 см етіп белгілеңдер.

  4. Жануарлардың, құстар мен балық атауларының жанына Paint-те дайындалған кескіндерді кірістіріңдер.

  5. Жұмысты өз бумаларыңда сақтап, мұғалімге көрсетіңдер.

Кім қанша өмір сүреді?

Ұзақ жасаудың рекордшылары –тасбақалар, олар 300 жыл өмір сүреді. Тиіндер мен қояндар 10 жылдай, ал құндыз – олардан 3-4 есе артық өмір сүреді. Қасқыр – 15 жыл, түлкі 12-13 жыл жасайды. Бұғы мен бұлан- 20 жыл, ал піл 80 жыл жасайды. Үй жануарларының ішіндегі ең ұзақ ғұмыр кешетіні – есек-50 жылға дейін. Түйелер мен жылқылар 30 жылға жуық, иттер 15 жыл жасайды. Құстардың ішінде қаздар басқалардан көп өмір сүреді, 40 жылдай. Балықтар арасында – шортандар, олар 200 жылға дейін өмір сүреді.


С-деңгейі бойынша:

  1. Өз отбасыларың туралы әңгіме дайындаңдар. Оны WordPad мәтіндік редакторында теріңдер.

  2. Өз ата-аналарың мен туыстарыңның суреттерін дайындаңдар.

  3. Ерекшелеу-Еркін аймақ сайманын пайдаланып Paint графикалық редакторында суреттерді қырқыңдар.

  4. Суреттерді рамкаларға (мысалы, мынадай виньеткаға) орналастырыңдар.


C:\Users\завуч\Desktop\images.jpg

  1. Графикалық редактордан көшіріп, мәтіндегі есімдердің жанына суреттер кірістіріңдер.

  2. Мәтіннің алдына «Менің отбасым» тақырыбын қосыңдар. Оны өз қалауларың бойынша безендіріңдер.

  3. Жұмысты өз бумаларыңда сақтаңдар және мұғалімге көрсетіңдер.


Сабақты бекіту: WordPad мәтіндік редакторы бойынша сұрақтар қою

Үйге тапсырма: 19-26 тарауларды оқып келу, қайталау.


























Күні____________ Сыныбы_____________

Сабақтың тақырыбы: Блокнот және Калькулятор

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Блокнот пен калькулятор программаларының қызметі мен мүмкіндігін, блокнотты іске қосуға және калькуляторда қарапайым есептеулерді шығаруға үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілік дамыту.

Сабақтың түрі: Практикалық және аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, интерак.тақта, электронды оқул

Сабақтың өту барысы:

1.Оқушыларды ұйымдастыру.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Тапсырмаларды орындау.

5.Сабақты бекіту.

6.Үйге тапсырма беру

Жаңа түсініктер:


Стандарттық программалардың ішінде тағы да бір мәтіндік редактор бар. Ол Блокнот деп аталады.

Блокнот – мәтінмен жұмыс жасауға арналған ең қарапайым программа. (107 - сурет).

Оның ерекшелігі – онда әріпті немесе абзацты пішімдеу мүмкіндігі қарастырылмаған.

hello_html_m7e43bd4.png

107-сурет. Блокнот

Блокноттың қызметі – мәтінді, мәтіндік пішімде сақтау. Осының арқасында Блокнотта сақталған файл дискіде ең аз орын алады.

Сендер бұл программаны қандайда бір ақпаратты – мысалы, телефон нөмірін немесе мекенжайды – жылдам жазып алу үшін қолдана аласыңдар. Блокноттың басқа мәтіндік редакторлардан артықшылығы – ол өте жылдам жүктеледі.


Калькулятор

Бүгінгі күні сендер «калькулятор» сөзінің бірнеше мәнін атап, сандық ақпаратты өңдеуге арналған программалардың да мысалын көптеген келтіре аласыңдар.

Осындай программалардың бірімен бұрыннан таныссыңдар – ол Калькулятор стандарттық бағдарламасы. Осы программаның кейбір мүмкіндіктері мен оны қолдану тәсілдерін қарастырайық.


C:\Users\завуч\Desktop\images.jpgСандық қосымша пернетақтаны қалай қосуға болады?

Сендер сандар мен арифметикалық амалдардың таңбаларын тышқанның көмегімен программаның терезесіндегі батырмаларды шерту арқылы немесе пернетақтадан енгізе аласыңдар. Калькулятормен жұмыс істегенде келесі пернелерге назар аударыңдар:

C:\Users\завуч\Desktop\images (1).jpg

  • Блокнот программасы – мәтінмен жұмыс жасауға арналған ең қарапайым құрал.

  • Калькулятор Стандартты программа – сандық ақпаратты өңдеуге арналаған қосымшалардың бірі.

  • Калькулятор программасы бірнеше режимде жұмыс істей алады. Жеңіл, оңай есептеулерді қарапайым режимде жүргізуге болады.

  • Сандық мәндерді Num Lock пернесін басып, цифрлық қосымша пернетақтадан енгізген ыңғайлы.

hello_html_m4c621795.png

108-сурет. Калькулятор программасының

қарапайым режимдегі терезесі

C:\Users\завуч\Desktop\images.jpgКомпьютердегі тәжірибелік жұмыс:

А-деңгейі бойынша:

Төмендегі өрнектерді калькуляторда есептеңдер және есептер нәтижелерін мәтіндік редакторда толтырыңдар. Жұмыстың асына өз тектеріңді теріп, құжатты принтерден басып шығарыңдар.

  1. 100-67=

  2. (30*5)-6=

  3. (456+76)-(76+3)=

  4. 6*(45+5-21)+9=

  5. 207+65-(54+32)*2=

  6. 76-9*(5-2)=

  7. (300+200)-(54+3)=

  8. 66:3+11=

  9. 80:2+4*(34+12)-1=

  10. 100+58-(34+5*2):2=

  11. 45:5+15-6*3=

  12. 670+300-2*4+(56-2)=


В-деңгейі бойынша:

Төмендегі өрнектерді калькуляторда есептеңдер және есептер нәтижелерін мәтіндік редакторда толтырыңдар. Жұмыстың асына өз тектеріңді теріп, құжатты принтерден басып шығарыңдар.

1 Есеп

Ботаның салмағы – 35 кг, ал қаздың салмағы 7 есе кем. Қаздың салмағы неге тең?



2 Есеп

Қоймаға 567 кг сиыр еті, сиыр етінен 127 кг артық қой еті және қой етінен 3 есе артық жылқы еті жеткізілді. Қоймаға қанша кг жылқы еті әкелінді?


С-деңгейі бойынша:

  1. Калькуляторды іске қосыңдар:Бастау – Барлық программалар – Стандарттық – Калькулятор

  2. Түр мәзірінде Инженерлік режимді таңдаңдар.

  3. Қарапайым режимге көшіңдер (108-сурет)

  4. Өз туған жылдарыңды енгізіңдер.

  5. Түр – Цифрлардың разряд бойынша топтасуын таңдаңдар. Мыңдықтардың разрядтары саннан ажыратылған.

  6. Түр – Журнал таңдаңдар. 2+2 теріңдер. Өрнек журналда көрсетіледі және жұмыс уақытында сонда сақталады.

  7. Журналды тазалаңдар: Түзету – Журнал-Тазалау



Сабақты бекіту: 195 беттегі бақылау сұрақтарына жауап беру

Үйге тапсырма: 27 тарауды оқып келу, қайталау.





































Күні____________ Сыныбы_____________

Сабақтың тақырыбы: Калькулятордың жады

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Калькулятордың жады туралы ақпарат беру

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілік дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, интербелсенді тақта, электронды оқулық

Сабақтың өту барысы:

1.Оқушыларды ұйымдастыру.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Тапсырмаларды орындау.

5.Сабақты бекіту.

6.Үйге тапсырма беру

Жаңа түсініктер:


2-1:4 өрнегін есептегенде не болады? Сандар мен амалдар таңбаларын тізбектеп енгізгенде 0,25 шығады. Бірақ 1,75 шығуы керек еді, алдымен бөлу амалы орындалуы керек емес пе?

Мұндай жағдайда программаның жадын пайдалануға болады. Сонымен, мына әрекеттерді орындаңдар:

hello_html_4d3689e9.pnghello_html_3d16037f.pnghello_html_4adb2b23.pnghello_html_m412362b1.pnghello_html_m300e05c7.pnghello_html_m19ae40da.pnghello_html_m7301b5e9.pnghello_html_mcd9ec74.pnghello_html_a375976.png.


Одан hello_html_m300e05c7.png батырмасының қызметі – жадқа орналастыру болса, hello_html_mcd9ec74.png батырмасының қызметі – санды жадтан алып шығу екеніне көз жеткізіңдер.


Бұдан күрделірек есептеулер үшін Калькулятордың басқа режимдерін қолданады. Мысалы, бөлу амалынан кейін алынатын бөлшекті табу үшін Инженерлік режимінде hello_html_2ef22332.png батырмасын қолданады:

hello_html_m76f40111.pnghello_html_m2ec447c8.pnghello_html_2ef22332.pnghello_html_m76f40111.pnghello_html_m412362b1.png(нәтижесінде 1 шығады).



C:\Users\завуч\Desktop\images.jpgКомпьютердегі тәжірибелік жұмыс:

Түр (Вид) мәзірінен Мерзімді есептеу (Вычисление даты) режимін таңдаңдар, екі мерзім арасындағы интервалды есептеңдер. Өз туған күндеріңді енгізіңдер. Енгізу үшін пернетақтаны пайдалануға болады, онда күннің, айдың және жылдың арасында бағытпен жылжуға болады. Немесе мерзімді тізімнен белгілеңдер:


hello_html_1a3163fe.png

C:\Users\завуч\Desktop\images (1).jpgАмалдардың мәртебелерін (орындалу ретін) сақтау үшін және күрделі есептеулер жүргізу үшін жад қолданылады: МS батырмасы – мәнді жадыда сақтау үшін, MR – жадыдан шығарып алу үшін.


C:\Users\завуч\Desktop\images.jpgКомпьютердегі тәжірибелік жұмыс:

А - деңгейі бойынша:

Калькулятор программасының терезесі элементтерінің аттарын жазыңдар. Ол үшін:

  1. Калькуляторды іске қосыңдар.

  2. Калькулятор терезесінің кескінін Windows -тің алмасу буферіне көшіріп алыңдар

(Alt-PrintScreen)

  1. Paintграфикалық редакторын іске қосыңдар.

  2. Paint құжатына алмасу буферінің мазмұнын кірістіріңдер (Контекстік мәзір-кірістіру)

  3. hello_html_77bb2290.png- Мәтін сайманын таңдаңдар және астын толтыруды орындаңдар.


В – деңгейі бойынша:

  1. А - деңгейінің тапсырмасын орындаңдар.

  2. Word - ті іске қосыңдар.

  3. Шыққан суретті мәтіндік құжатқа кірістіріңдер.

  4. ((0,52+0,017)*177):15 өрнегін WordPad мәтіндік редакторында теріңдер.

  5. Есептеулерді Калькуляторда орындаңдар. Жауапты WordPad құжатына кіргізіңдер.


С – деңгейі бойынша:

Айталық, сендерге бірнеше құрылғы сатып алу керек: принтер, сканер, құлақтық. Олардың әрқайсысының бағасын мәтіндік құжатқа жазыңдар. Бағандар құру үшін табуляцияны пайдаланыңдар. Жалпы соманы Калькуляторда есептеңдер. Есептеу нәтижелерін тасымалдау үшін алмасу буферін қолданыңдар.

  1. WordPad-ті іске қосыңдар.

  2. Есептің мәтінін толтырыңдар:

Алшақ орналасқан құрылғылар сатып алу қаражатын есептеу

Принтер 17700

Сканер 18576

Құлақтық 3395

Барлығы

  1. Калькуляторды іске қосыңдар және қосуды орындаңдар.

  2. Түзету мәзірінде Көшіру бұйрығын таңдаңдар.

  3. Мәтіндік редакторға ауысыңдар.

  4. Кірістіру бұйрығын орындаңдар.



ҚЫЗЫҚТЫ АҚПАРАТ!!! (сканерленген қағаз)










Сабақты бекіту: 198 беттегі бақылау сұрақтарына жауап беру

C:\Users\завуч\Desktop\images.jpg

  1. Инжинерлік режиміне қалай көшеміз?

  2. Мерзімді есепппен болған соң Қарапайым түрге қалай орналасамыз?

  3. Мына батырмалардың hello_html_m441fcace.png, hello_html_74d9a92b.png, hello_html_4a67f1bc.png, hello_html_m5556afa9.png, hello_html_27c898fe.png қызметі не?

  4. MS және MR қысқартуларын ажыратып оқыңдар.


Үйге тапсырма: 28 тарауды оқып келу, қайталау.













































Күні____________ Сыныбы_____________

Сабақтың тақырыбы: Дыбыстық ақпаратты өңдеу. Дыбыс жазу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Компьютерге дыбыс жазуды, оны пайдалануды, дыбыспен жұмыс істегенде программаның оңай жіктелуін, дыбыс жазу программасының қызметін, микрофон, құлаққапты қосуды, дыбыс жазу программасында дыбыс жазуды, дыбыс реттегішті пайдалануды үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілік дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, интербелсенді тақта, электронды оқулық

Сабақтың өту барысы:

1.Оқушыларды ұйымдастыру.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Тапсырмаларды орындау.

5.Сабақты бекіту.

6.Үйге тапсырма беру

Жаңа түсініктер:





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 11.01.2016
Раздел Информатика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров476
Номер материала ДВ-325167
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх