Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Рабочие программы / Inkscape векторлық графикасының редакторы. 7 сынып

Inkscape векторлық графикасының редакторы. 7 сынып

  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

Күні: 08.02.2016

Сынып: 7

Сабақтың тақырыбы: Inkscape векторлық графикасының редакторы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды Inkscape векторлық графикасының редакторымен таныстыру, Inkscape бағдарламасында жұмыс жасауды үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ой–өрістерін, білім–білік дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды жан-жақтылықа, жауапкершілікке, жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Көрнекілік: слайд, ДК, интернет желісі

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу.

Оқушыларды түгендеу.

Оқушылардың оқу құралдарын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын қайталау.

  1. Растрлық кескіндермен жұмыс істейтін программаларды атаңдар.

  2. Растрлық кескіндер қандай пішімді файлда сақталады?

  3. Қандай пішімде сығымдау қолданылады?

  4. Графикалық файлдың пішімі дегеніміз не?

  5. Анимациялық кескіндерді сақтау мүмкіндігі бар графикалық пішім.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Inkscape тегін таратылатын, ашық коды бар векторлық графиканы өдеу редакторы. Интерфейстің параметрлері – тіл, құралдар батырмаларының өлшемдерін және т.б баптау ФайлInkscape баптауИнтерфейс бұйрығымен орындалады. Редкатор терезесі 9 элементтен тұрады:

  1. Бас мәзір;

  2. Құралдар параметрлері;

  3. Құралдар панелі;

  4. Таңбалау элементтері;

  5. Жұмыс аймағы;

  6. Бұйрықтар панелі;

  7. Жабысу параметрлерінің панелі;

  8. Түстер үлгілері – бояу палитрасы;

  9. Қалып-күй жолы.

Inkscape-те жұмысты бастамас бұрын құжаттың қасиеттерін анықтау керек: өлшем, фон, бағыттауыштың параметрлері, торлар және т.б.

IV. Сабақты бекіту тапсырмалары:

Оқулықта берілген тәжірибелік жұмысты орындау.

V. Қорытынды.

  1. Құжаттың өлшемін қалай орнатады?

  2. Бағыттауыштар мен тор не үшін қолданылады?

  3. Inkscape құжаттарын қандай пішімдерде сақтау керек?

  4. Қалай сақтау және Көшірмесін сақтау бұйрықтарының қандай айырмашылықтары бар?

  5. Іс-әрекетті қайтаруды қалай жүзеге асырады?

VI. Бағалау.

Оқушыларды тапсырма орындауларына қарай бағалау.

VII. Үй тапсырмасы.

Тақырыпты оқу, өзіңді тексер сұрақтарына жауап беру.



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 12.05.2016
Раздел Информатика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров1275
Номер материала ДБ-077032
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх