Инфоурок Другое Другие методич. материалы«Іскерлік келіссөздер» тақырыбында 10-сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары

«Іскерлік келіссөздер» тақырыбында 10-сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары

Скачать материал

ОҚО, Түркістан қаласы, Оранғай ауылы,

М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі  А.А.Досановтың «Іскерлік келіссөздер» тақырыбында 10-сыныпқа

арналған ашық  сабақ жоспары

Мерзімі

3.02.2016 жыл

Тақырыбы

Іскерлік әңгіме, келіссөздер

Сабақтың мақсаты

Іскерлік әңгіме барысында пайдаланатын әдептілік ережелері мен ресми сұрақтарды талдау. Іскерлік әңгіме мен іскерлік келіссөздің айырмашылығы мен ұқсастығы, түпкі мақсатын ажырата білуге үйрету. 

Ресурстар

Қазақ тілі, Сөз мәдениеті  10- сынып оқулығы, Оразақынова, Әміреева,Мектеп баспасы; Қазақ тілі,ІО сынып Қасымбек А.А.Арман ПВ баспасы,таблица, бағалау парақтары мен Джигсо бойынша мәтіндер.

Күтілетін нәтиже

Оқушылардың іскер ортада өздерін ұстау, мәдениетті қарым қатынас жасай алу мен табысқа жетуге өзін бейімдейді.Іскерлік әңгіме жүргізу тек құжат тілі емес, әдеп пен мәдениеттілік, құрмет пен сыйластық тілі екенін ұғынады.

Әдіс- тәсілдер

Топтық жұмыс. ЖАДА арқылы кейбір оқушыға өзін- өзі реттеуге қолұшын беру,Критериалды бағалау,формативті бағалау, диалог, СТО элементтері

Сабақ кезеңдері

Мақсаты

Мұғалімнің іс-әрекеттері            

Оқушының іс-әрекеттері                     

 Бағалау

  Уақыты

Ұйымдастыру бөлімі

Топтар бүгінгі сабақтағы топтың мақсаты мен ұран айту арқылы жалпы мақсатты көздейді

Бүгінгі сабақтағы Табыс критерийлерімен таныстырады

Топтар өз мақсаты мен бүгінгі күнгі ұранын таныстырады

Мақтау, мадақтау

2 минут

Білу

Үй тапсырмасы

Берілген тапсырманы тыңғылықты орындау ,үй тапсырмасына дайындалып келу, оқушы ережесін және топтық ережені ұстанады

 

 

 

 

 

Жетек сұрақтар арқылы 92-93 жаттығудағы тапсырмаларды сұрайды.

92-жаттығу бойынша; Жібектің биология, тарих пәндері бойынша және өндіріс саласына байланысты өзіндік орнын айқындап беру үшін әр топтан І оқушыны тақтаға шығарамын.

93 жаттығу бойынша әр топтан термин сөздерді атауын сұраймын.Олардың қолдану аясын сұраймын.

 

92-жаттығу бойынша

І топ биология;

ІІ топ тарих;

ІІІ топ өндірісте жібектің орны.

93 жаттығу бойынша

Әр топ он термин немесе жарыспалы нұсқасын атауы тиіс

92-93 жаттығудағы тапсырмаларды орындауына қарай тапсырмадағы әр сұраққа ІІ баллдан алады

 

10 минут

Түсіну

Жаңа сабақ

Мәдениетті сөйлейді,топ тапсырмасын орындау барысында ізденеді, сыныптастарына құрмет білдіреді, өзінен төмен деңгейдегі оқушыға түсіндіреді. Қысылмай сөйлейді,ойын еркін білдіреді.

 

 

 

 

 

«Өзгеге үйрету арқылы өзің үйренесің » ережесін пайдалану арқылы, әр топтағы оқушыларға Іскерлік әңгімеге қатысты жұптық тапсырма береді.

·        Кіріспе сұрақ

·        Нақты сұрақ

·        Балама сұрақ

·        Мақұлдау сұрағы

·        Байқау, бақылау сұрағы

·        Қайрау сұрағы

·        Шешуші сұрақ дегеніміз не екенін түсіну үшін мәтіндік карточкалар береді.

Топтағы оқушылар жұптаса отырып, өздеріне берілген мәтінді түсіндіреді, екінші адам толықтырады.Осылай топтағы оқушылар бүгінгі жаңа сабақты түсіндіреді.

 

Жұпқа ІІІ балл беріледі, екеуі өзара бөліседі. Өзара бағалау.

 

10 минут

Қолдану

Кітаппен жұмыс

 

 

 

 Жаңа тақырыпты түсіну мақсатында оқулықпен жұмыс жасату және Іскерлік әңгіменің өзіндік ерекшеліктерін ұғындыру

Мектеп баспасынан шыққан 10-сынып оқулығының 155- беттегі 80-жаттығуды оқуға тапсырады.

 Әр топ өз беттерінше оқып бір біріне іскерлік әңгіменің негізгі мақсатын айқындауға көмектеседі

Әр құнды идея ІІ балл

 

5  минут

 

 

Талдау 

Кітаппен жұмыс.

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа сабақтың екінші тармағында тұрған іскерлік келіссөздің іскерлік әңгімеден нендей айырмашылығы бар екенін айқындау

 

Мектеп баспасынан шыққан 10-сынып оқулығының 158- беттегі «Іскерлік әңгіме туралы» мәтінді оқуға тапсырамын.

 Оқушылар 158- беттегі «Іскерлік келіссөз туралы» мәтінді және 151- беттегі «Іскерлік әңгіме » туралы мәтіндерді салыстыру арқылы айырмашылығын табады. Топтағы Көшбасшы оқушылар оны жіктеп, түсіндіреді.

 

Тапсырманы түсіндірігені үшін Көшбасшы оқушылар ІІ -ІІІ ұпай алады.

 

5 минут

Жинақтау

Дәптермен жұмыс

 

 

 

 

Алған білімдерін бекіту , жинақтау

10-сынып Қасымбек А.А.Арман ПВ оқулығынан жаттығу жұмыстарын беру

Жеке жұмыс. Әр оқушы оқулықтағы 147 мен 149- жаттығуларды дәптерге орындайды.

Әр жаттығу орындалған тапсырманың дұрыстығына орай І,ІІ,ІІІ ұпай көлемінде бағаланады.

10 минут

Қорытындылау

Үй тапсырмасын беру.

Кері байланыс

 

 

 

Сабақтың нәтижесінде мақсатқа жету мен оны орындаудағы кемшіліктер мен жетістіктерді айқындау

Кері байланысқа арналған парақтар таратады. Үй тапсырмасын береді: 148- 150 жаттығулар «В» және «С» деңгей, ал Көшбасшыларға келесі сабаққа өз топтарының бизнес жоспарын жасап келу тапсырады.

Үй тапсырмасын орындау барысында өзін қай деңгейге жеткіземін десе де таңдау жасайды: 148- 150 жаттығулар «В» және «С» деңгей және «А» деңгейіне жету мақсатында бизнес жобаға өз үлесін қоса алады.

Бағалау парағындағы жалпы ұпай саны шегеріледі

 

3 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


М.Әуезов атындағы жалпы орта мектеп

 

 

 

 

 

Ашық сабақ

 

 

       Пәні: Қазақ тілі

       Сыныбы:   10-сынып      

      

       Тақырыбы: Іскерлік келіссөздер

       Дайындаған: Досанов А.А.

 

 

 

 

 

 

Түркістан – 2016  ж.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Іскерлік келіссөздер» тақырыбында 10-сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель клубного филиала

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 593 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.04.2017 2999
    • DOCX 52 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Досанов Алтынбек Алимжанович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Досанов Алтынбек Алимжанович
    Досанов Алтынбек Алимжанович
    • На сайте: 7 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10136
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой