Инфоурок Другое Конспекты«Қыздар сұлу көрінер қылығымен».

«Қыздар сұлу көрінер қылығымен».

Скачать материал

Тақырыбы: «Қыздар сұлу көрінер қылығымен».

Мақсаты: Қыз балаларды ұлттық тұрғыда халқымыздың әдет-ғұрпын,салт-дәстүрін қадірлеу,ұлтжанды,отансүйгіштік сезімдерге баулу,тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд.

Жоспары:

І. Кіріспе.

ІІ. «Салт-дәстүрді білесіз бе?»

ІІІ. «Тапқыр болсаң тауып көр».

IV. «Қыздарды қалай сыйлаймыз».

V. «Қыз еркем – анасымен көркем».

VІ. Қорытынды.

Барысы:

І. Кіріспе

Қыз сұлу көрінеді қылығымен,

Жарыса боймен қос бұрымымен

Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы,

Қыз сұлу көрінеді білімімен,-дей келе, бүгінгі тәрбие сағатымыз «Қыздар сұлу көрінер қылығымен» атты тақырыпта өтеді.

     Көктемнің шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ. Бәрімізде ананың ақ сүтінен нәр алып,өсіп-өніп келеміз. Күллі дүние абзал да асыл жандардың алдында бас иеді. Бүкіл әлемнің әдемілігі, бар тіршіліктің мәні осы ұғыммен өзектесе жатады екен.  8-наурыз адамдарда тіпті табиғаттың өзі де, бұл күні біздің тамаша әже-аналарды даңққа бөлеп тұрғандай. 8-наурыз не үшін әйелдер күні боп белгіленді?  1908 жылдың 8-наурызында өздерінің ауыр тірлігіне төзе алмаған Нью-Йорктің еңбекші әйелдері демонстрацияға шықты. Осы уақиғаны есте қалдыру үшін 1910 жылы ІІ халықаралық конференцияда неміс халқының белгілі қайраткері – Клара Цеткин 8-наурызды бүкіл әйелдердің  тең  құқықтығы үшін күрес күні атап өтуді  ұсынды.

Содан бері бұл күн үлкен мейрамға айналып келеді. Ең бірінші рет Германияда, Австрияда, Швецарияда, Данияда аталып өтті. Халықаралық әйелдер күні біздің елімізде әйел еңбеккерлердің, әйел –ананың отбасының сақтаушысының даңқын шығарушы үлкен мереке ретінде атап өтіледі.

         Қыздарға арнап жыр жазбаған ақын жоқ, ән шығармаған сазгер жоқ. Қызыл гүл, қарақат көз, қиғаш қас, алма мойын бұлардың барлығы біздің әсем қыздарымызға айтылған теңеулер. Құрметті қыз-қызғалдақтар! Көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын. Біздерге өмірдің жарығы мен гүлін сыйлай білген ана атты құдіретті де нәзік символдардың иелері мәнгілікке жасай берсін!

 ІІ. «Салт-дәстүрді білесіз бе?»

Экранда  нөмірленген жұлдызшалар көрсетіледі. Әр жұлдызшада ұлттық дәстүрге негізделген  сұрақтар беріледі. «Біреу білмегенді, біреу білер» дегендей, салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға жол берейік.

Сұрақтар:

1.     Қазақ қыздарының бас киімі   (сәукеле)

2.     Екі қыздың баласы бір-біріне кім болады.   (бөле)

3.     Сәндік бұйым жасайтын адам    (зергер)

4.     Сіздің анаңыз балаларыңызға кім болады         (әже)

5.     Төрт түліктің жайылымы  (өріс)

6.     Екі ақынның сөз өнерімен сайысы (айтыс)

7.     Киіт кигізу қандай дәстүр (құдалық)

8.     Үш ананы ата  (су анасы –бұлақ, сөз анасы- құлақ, жол анасы –тұяқ)

ІІІ. «Тапқыр болсаң тауып көр».

Мұнда алдымен жұмбақтың шешуін тауып, сол сөзге байланысты мақал айту керек.

1.Төрт аяқты шалғы, орып кетер малды     (қасқыр)

    Бөрінің аузы жеседе қан, жемесе де қан

      2.Ұзын мұртты сарылар, қойынында наны бар.  (бидай)

          Арпа бидай ас екен, алтын күміс тас екен.

3.бір ғажап бар, тілі жоқ

Сөйлеп берсе міні жоқ   (хат)  

Ғалымның хаты өлмейді, жақсының аты өлмейді.

4.Кезекті бір жануар, үстінде екі тауы бар.    ( түйе) 

 Соңғы түйенің жүгі ауыр.

5.Кішкентай ғана бойы бар

  Айналдырып киген тоны бар     (қой) 

   Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.

IV. «Қыздарды қалай сыйлаймыз».

Ситуациялық сұрақтар:

1.Өзіңе ұнамайтын құрбы қызбен аялдамада кездесіп қалдың. Ол екеуін бір бағытта баратын болдыңдар. Әрі қарай әрекетінді көрсет.

2. Сенің сыныптас достарын бір қызбен отыруға таласып  дауласып жатыр. Төбелескеде жақын қалды. Сенің әрекетін қандай болады? Қандай кеңес берер едің?

3. Сенімен бірге оқитын қызды басқа сыныптың ұлдары ренжітіп алды. Сенің құрдасын жылады. Осы оқиғаны көрген сенің әрекетін қандай болмақ?

V. «Қыз еркем – анасымен көркем».

Бұл бөлімде оқушылар 8-наурызға байланысты жүрек жарды лебіздерін, құттықтау өлеңдерін айтады.

VІ. Қорытынды.

Тілейміз жақсылықты баршаңызға,

Тұрмасын сұрғылт бұлттар аспанында,

Қыздарымыз құлпырып қызғалдақтай

Мәңгілік жүріңдерші ортамызда.- деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Қыздар сұлу көрінер қылығымен»."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Бухгалтер

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 120 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.02.2016 7544
    • DOCX 40 кбайт
    • 184 скачивания
    • Рейтинг: 2 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ахметова Айымгул Муратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ахметова Айымгул Муратовна
    Ахметова Айымгул Муратовна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 39598
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой