Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Календарно-тематическое планирование по казахской литературе 5-9 класс (2015-2016 учебный год)

Календарно-тематическое планирование по казахской литературе 5-9 класс (2015-2016 учебный год)

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ – 5 сынып

уровня основного среднего образования (с неказахским языком обучения)

Аптасына - 1 сағат, барлығы - 34 сағат

Шығарма – 4, Сыныптан тыс оқу -4.





Тақырыбы


Мазмұны

Сағат

саны

Өткізілетін

күн



І-тоқсан (9 сағат)


1

1

Кіріспе.

Әдебиеттің өнердің бір саласы және оқу пәні ретіндегі сипаты. Әдебиет пәнінің мақсаты мен міндеті.

1



«Халық ауыз әдебиеті» (13 сағат):


2

1

Тұрмыс-салт жырлары.

Олардың түрлері, ерекшелігі. Жан-жануарларға және Наурызға байланысты жырлар. Наурыз жырларындағы малшылық кәсіпке ықылас пен сүйіспеншілік, еңбекті дәріптеу, төрт түлік туралы. Әдебиет теориясы: өлең туралы. Тіл дамыту: «Мен өз халқымның салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын құрметтеймін» деген тақырыпқа шағын эссе жазу. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Төрт түлік – қазақтың асыл қазынасы» деген тақырыпта ойтолғау

1

14.09.


3

2

Төрт түлік малға арналған жырлар.

1

21.09.


4

3

Наурыз жырлары.

1

28.09.


5

1

Мақал-мәтелдер. Отан, өнер-білім туралы,

Олардың ерекшеліктері. Онда қазақ халқының тыныс-тіршілігінің көрініс табуы. Адамгершілік, ерлік, өнер, білім тақырыбындағы мақал-мәтелдер. Әдебиет теориясы: астарлау, метафора. Тіл дамыту: мақал-мәтел айтудан сайыс өткізу. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: көркем шығармалардан мақал-мәтелдер қолданылған үзінділерді тауып, ондағы автордың ойын түсіндіру

1

5.10.


6

2

Мақал-мәтелдер. Адамгершілік, ерлік туралы.

1

12.10.


7

1

Жұмбақтар.

Олардың мәні. Жұмбақтардың ой шапшаңдығына тәрбиелейтін ерекшеліктері. Әдебиет теориясы: астарлау. Тіл дамыту: мақал-мәтел, жұмбақтарды жатқа айту. Мақал-мәтелдер сайысын ұйымдастыру. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс әдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» жинағы

1

19.10.


8

2

«Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ».

1

26.10.


9


Шығарма «Наурыз».

Шығарма жазу.

1

2.11.


II-тоқсан (7 сағат)


10


Сыныптан тыс оқу


1

16.11.


11

1

Ертегілер. Оның түрлері, тақырыптары.

Ертегінің ұлттық, жанрлық ерекшелігі, түрлері. Ертегілерден көрінетін халықтың арман-тілегі, даналығы. Жауыздық пен зұлымдықты ізгіліктің жеңуі. Халықтың арман-қиялы. Әдебиет теориясы: дамыту, баяндау. Тіл дамыту: сюжеттік жоспар құру арқылы ертегілерді көркем баяндау. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс әдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Қазақ ертегілері» кітабы

1

23.11.


12

2

«Түлкі мен ешкі» ертегісі.

1

30.11.


13

3

«Қанбақ шал» ертегісі.

1

7.12.


14

4

«Мақта қыз бен мысық» ертегі.

1

14.12.


15


«Мақта қыз бен мысық» ертегі. Шығармаға дайындық.

Шығармаға дайындау. Жоспар жасау.

1

21.12.


16


Шығарма «Мақта қыз бен мысық».

Шығарма жазу.

1

28.12.


ІІІ тоқсан (10 сағат)


17

1

Аңыз әңгімелер. Қожанасырдың тойға баруы», «Алдаркөсе мен қу жауырын», «Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?»

«Қожанасырдың тойға баруы», «Алдаркөсе мен қу жауырын», «Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?» Қожанасырдың тапқырлығы. Шешен сөзі. Ұтқыр жауабы. Аңыз әңгіменің тәлім-тәрбиелік маңызы. Әдебиет теориясы: астарлау. Тіл дамыту: шешендік сөз үлгілерін мәнерлеп оқу, жаттау. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, кино («Алдаркөсе» фильмі). Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Алдардың шық бермес Шығайбайға қонақ болуы»

1



18

2

«Алдаркөсе» фильмі

1



«ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» (3 сағат):




Ыбырай Алтынсарин. «Әке мен бала» әңгімесі

Өмірі мен шығармашылығына шолу. «Әке мен бала» әңгімесіндегі адамгершілік тақырыбы, еңбекке үндеу, жақсы мінезге баулу мәселесі. Әдебиет теориясы: сюжет, әдеби кейіпкер ұғымы. Тіл дамыту: рөлге бөліп оқу. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс әдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ы.Алтынсарин. «Бақша ағаштары» әңгімесі

1



19

1

Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы.

Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы. «Қыс» өлеңіндегі табиғат көріністерінің адам кейпінде бейнеленуі. «Жазғытұры» өлеңінде көктемнің жан-жануарға, айналаға әсері туралы. Әдебиет теориясы: пейзаж туралы түсінік. Тіл дамыту: «Қыс» өлеңіндегі бейнелі сөздерді (ақкиімді, үсті-басы ақ қырау, аязбенен қызарып, бұрқ-сарқ етіп долданғанда) қолданып, ауызша әңгімелеу. Эпитет, кейіптеу. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс әдебиеті, электрондық оқулық).

1



20

2

Абай Құнанбайұлы «Қыс», «Жазғытұры» өлеңдері»

1



21

3

«Дара Абай – дана Абай» телесабағы

1



22


Шығарма «Дара Абай – дана Абай».

Жоспар жасау. Шығарма жазу.

1



«ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» (9 сағат):




1

23

1

Ахмет Байтұрсынұлы «Балаларды оқуға шақыру» өлеңі

А.Байтұрсынұлы – ақын, тіл және әдебиет зерттеушісі, педагог, қоғам қайраткері. «Балаларды оқуға шақыру» өлеңі арқылы балаларды оқу-білімге, еңбекке үндеуі. Әдебиет теориясы: лирика туралы. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, электрондық оқулық (А.Байтұрсынұлы мұражайы). Өзіндік ізденіс жұмыстары: М. Жұмабаев. «Балалық шақ» өлеңі

1



24

1

Міржақып Дулатов «Шешенің балаларын сүюі» өлеңі

Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы. Өлеңдегі ананың балаға деген махаббаты, баланың ананы қадірлеуі. Әдебиет теориясы: эпитет. Тіл дамыту: мәнерлеп, түсініп оқу, өз аналары туралы әңгімелеу. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: А.Байтұрсынұлы. «Анаға хат» өлеңі

1



25

1

Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңі

Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы. «Мен жастарға сенемін» өлеңіндегі ақынның жастарға сенімі. Халықтың тағдырын, елдің ертеңін жастарға аманат етуі. Әдебиет теориясы: лирика жанры. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Жұмабаев. «Тез барам» өлеңі

1



26


Сыныптан тыс оқу


1



ІV тоқсан (8 сағат)


27

1

Бауыржан Момышұлы «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»

Ұлы тұлғаның өмірі мен шығармашылығы туралы. Қарлығаштың адамзатқа ізгілікті қарым-қатынасы, оның ерлігі. Қарлығаштың қасиеті, жыланның әрекетін суреттеуі. Әдебиет теориясы: әңгіме жанры. Тіл дамыту: мәнерлеп, түсініп оқу, тақырыпқа сәйкес ой бөлісу. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, электрондық оқулық («Ерлер есімі – ел есінде»). Өзіндік ізденіс жұмыстары: Б.Момышұлы. «Моя семья» повесі (үзінді оқу)

1



28

2

Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» кітабынан үзінді

1



29


Шығарма «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»

Жоспар жасау. Шығарма жазу.

1



30

1

Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым» өлеңі

Ақынның шығармашылық өмірі туралы. Ақынның халыққа, тілге, Отанға деген перзенттік сезімі. Өлеңдегі азаматтық рух, мақтаныш сезімі. Әдебиет теориясы: өлең ырғағы туралы. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Мақатаев. «Қара өлең»

1



31

1

Төлеген Айбергенов «Көктем әуендері» өлеңі

Ақынның жыл мезгілдерін суреттеуі, көктемнің айналаға әсері. Ақынның тілі, ой-өрнегі туралы. Әдебиет теориясы: ұйқас түрі. Тіл дамыту: мәнерлеп, түсініп оқу. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, бейнелеу өнері. Өзіндік ізденіс жұмыстары: І.Жансүгіров. «Көктем» өлеңі

1



32

1

Бердібек Соқпақбаев «Менің атым – Қожа» повесінен үзінді

Шығарманың кейіпкері Қожа қиялшыл, сезімтал, зейінді бала. Бала табиғатына тән мінездердің көрінуі. Әдебиет теориясы: хикаят туралы. Тіл дамыту: түсініп оқу, әңгімелеу. Пәнаралық байланыс: «Менің атым – Қожа» фильмінен үзінді көру. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ғ.Мүсірепов. «Жаңа достар» әңгімесі («Қазақ солдаты» романынан үзінді).

1



33

2

«Менің атым – Қожа» фильмінен үзінді көру.

1



34


Сыныптан тыс оқу


1



Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ – 6 сынып

уровня основного среднего образования (с неказахским языком обучения)

Аптасына - 1 сағат, барлығы - 34 сағат

Шығарма – 4, cыныптан тыс оқу -4.





Тақырыбы


Мазмұны

Сағат

саны

Өткізілетін

күн

І-тоқсан (9 сағат)

1

1

Кіріспе.

Көркем әдебиеттің адам өміріндегі орны. Әдебиеттің өнердің басқа түрлерімен (музыка, бейнелеу, театр, кино) байланысы. Оқулықпен жұмыс істеу дағдысын дамыту (мазмұны мен құрылымы туралы).

1


«Халық ауыз әдебиеті» (9 сағат):

2

1

Халық ауыз әдебиеті туралы түсінік


Ауыз әдебиетінің түрлері: ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, аңыз әңгімелер. Ертегі туралы. Мақал-мәтелдердің тақырыптары. Жұмбақтардың түрлері.

1


14.09.


3

1

Ертегілер. Қиял-ғажайып ертегілері

Олардың өзіндік ерекшеліктері туралы. Әдебиет теориясы: баяндау. Тіл дамыту: сюжеттік жоспар құру арқылы ертегілерді көркем баяндау. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс әдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Қазақ ертегілері» кітабы.

1

21.09.

4

1

«Алтын сақа» ертегісі



Ертегінің кейіпкерлері және олардың іс-әрекеттері туралы. Тіл дамыту: түсініп оқып, мазмұндау. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс әдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Халық ертегілері

1

28.09.

5

1

Әбділда Тәжібаев. «Толағай» (ерлік туралы аңыз)

Әдеби ертегілердің халық ертегілерінен айырмашылығы. Толағайдың ерен іс-әрекеті. Шығарманың отансүйгіштік мәні. Тіл дамыту: түсініп оқып, әңгімелеу, негізгі ойтүйіні бойынша сұрақтар құрастыру білу. Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ө.Тұрманжанов. «Құмырсқалар, аралар – қиыспас дос құдалар»

1

5.10.

6

1

Мақал-мәтелдер.

Мақал-мәтелдер – халық даналығы. Мақал-мәтелдің мағыналары. Адамгершілік, туған жер тақырыбындағы мақал-мәтелдер

1

12.10.

7

1

Жұмбақтар.

Жұмбақтардағы ой қисыны, олардың тапқырлыққа, ой ұшқырлығына тәрбиелейтін ерекшелігі. Әдебиет теориясы: астарлау. Тіл дамыту: мақал-мәтел, жұмбақтарды жатқа айту. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс әдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» жинағы

1

19.10.

8


Шығарма ««Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»».

Жоспар жасау. Шығарма жазу.

1

26.10.

9


Сыныптан тыс оқу.


1

2.11.

II-тоқсан (7 сағат)

10

1

Аңыз әңгімелер

«Жиренше мен хан», әл-Фараби туралы аңыздар. Аңыз әңгімелердің тарихта болған адамның іс-әрекетіне байланысты туындауы. Әдебиет теориясы: астарлау. Тіл дамыту: аңыз әңгімелерден үзінділер жаттау. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу

1

16.11.

11

1

«Жиренше мен хан», әл-Фараби туралы аңыздар.

1

23.11.

12

1

Шығарма «Жиренше шешен»

Жоспар жасау. Шығарма жазу.

1

30.11.

13

2

Айтыс





Айтыс туралы түсінік. Айтыстың даму ерекшеліктері. Айтыстың түрлері, айтылу дәстүрі, жанрлық ерекшеліктері. Драмалық жанрмен ұқсастығы. Тіл дамыту: мәнерлеп оқу, сұрақтар дайындау. Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: жұмбақ айтысы.

1

7.12.

«Ежелгі дәуір әдебиеті» (3 сағат):

14

1

Ежелгі дәуір әдебиеті туралы түсінік

Ежелгі дәуір әдебиеті туралы. Түркі халықтарына ортақ құндылықтарға шолу. Заманымыздан бұрынғы жазу-сызулардың сыры. Тіл дамыту: талдау, ой бөлісу, көне сөздермен жұмыс. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы (Түрік қағанаты туралы мәлімет). Өзіндік ізденіс жұмыстары: Күлтегін жыры

1

14.12.

15

2

Мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт

Аңызға айналған Қорқыттың бейнесі. Қорқыт айтқан нақыл сөздердің тәрбиелік мәні. Қазіргі қолданыстағы мақал-мәтелдермен ұқсастығы. Тіл дамыту: мақал-мәтелдерді жатқа айту, мазмұнын қарасөзбен айту. Пәнаралық байланыс: музыка (Қорқыт күйлері). Өзіндік ізденіс жұмыстары: Қорқыт ата кітабы

1

21.12.



Сыныптан тыс оқу

Жоспар жасау. Шығарма жазу.

1

28.12.

ІІІ тоқсан (10 сағат)

16

1

Дерсеханұлы Бұқашжан туралы жыр

Жырдың тарихы. Ерлік істері. Тіл дамыту: жырды мәнерлеп оқу, мазмұнын әңгімелеу. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Алпамыс батыр» жыры.

1


«ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» (2 сағат):

17

1

Шоқан Уәлиханов. «Ғылымға бастаған жол»

Ұлы ғалым туралы мәлімет, өмірбаяны мен балалық шағы, достарының берген бағасы. Әңгіме туралы түсінік. Тіл дамыту: түсініп оқу, диалог құру. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, кино («Шоқан Уәлиханов» фильмі). Өзіндік ізденіс жұмыстары: С.Мұқанов. «Аққан жұлдыз» романы (үзінді)

1


18

2

Абай Құнанбайұлы. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі

Өлеңнің тағылымдық-тәрбиелік мәні. Жастарды өнер-білім, ғылым үйренуге шақыру. Тіл дамыту: мәнерлеп оқу, ой бөлісу. Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Әсемпаз болма әр неге» өлеңі.

1


19


Шығарма «Ғылым таппай мақтанба».

Жоспар жасау. Шығарма жазу.

1


«ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» (10 сағат):

20

1

Шәкәрім Құдайбердіұлы. «Адамдық борышың» өлеңі

Шәкәрім – Абайдың рухани ізбасары. Ақынның өскен ортасы, шығармашылығы. Ақын, ұлы гуманист. Адамгершілік идеялары. Бақыттың сырын ұғындыруы. Абай шығармаларымен үндестігі. Өлең құрылысындағы ерекшелік. Тіл дамыту: мәнерлеп оқу, түсінгенін әңгімелеу, елі мен ата-ана алдындағы міндет пен борыш туралы пікірлесу. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, орыс әдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: мұғалімнің ұсынуы бойынша

1


21

1

Ахмет Байтұрсынұлы. «Аққу, шортан, һәм шаян» мысал өлеңі

Ақынның өмірі, шығармашылығы. «Аққу, шортан, һәм шаян» мысалының ерекшелігі, тәрбиелік мәні. Әдебиет теориясы: мысал туралы. Тіл дамыту: мәнерлеп оқу, түсінгенін әңгімелеу. Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті

1


22

1

Жамбыл Жабаев. «Алатау»өлеңі

Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы. Алатаудың көрінісі, суреті. Көркемдік ерекшелігі. Тіл дамыту: мәнерлеп оқу, жаттау. Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті, бейнелеу өнері. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Жамбыл. «Абайдың суретіне»

1


23

1

Сәкен Сейфуллин. «Дала» өлеңі

Ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу. Дала келбетінің өлеңде көрініс табуы. Өлеңдегі көтеріңкі көңілкүй, жаңарған тіршілік

1


24

1

Ілияс Жансүгіров «Көкшетау» («Құлагер» поэмасынан үзінді)»

Ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу. Көкшетаудың сұлу табиғаты туралы, туған жерге деген сүйіспеншілік. Оқжетпес суреттері. Тіл бейнелілігі. Тіл дамыту: өлеңді нақышына келтіріп оқу. Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті, бейнелеу өнері. Өзіндік ізденіс жұмыстары: С.Сейфуллин. «Біздің жақта» өлеңі

1


25

1

Сыныптан тыс оқу


1


ІV тоқсан (8 сағат)

27

1

Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» повесі (үзінді)

Болашақ ұлы ғалымның өмірге, адамдарға деген адамгершілік қарым-қатынасының әңгімедегі көріністері. Шоқан мен мүсінші Мысықтың достығы. Тіл дамыту: әңгімені мазмұндау, сценарий құрып, рөлдерге бөліп оқу. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Қырдың жас түлегі»

1


28

1

Мұхтар Әуезов «Әжемнің әңгімесі» («Абай жолы» романынан үзінді)

Жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу. Зере мен Ұлжан сияқты аналардың рухани байлығы. Әже мейірімі. Тіл дамыту: әңгімені оқып, өз сөзімен әңгімелеу, шығарманың идеясын ашу. Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Әуезов. «Оқудан қайтқанда» (романның 1-кітабынан үзінді)

1


29

1

Сәбит Мұқанов «Каронмен күрес» («Балуан Шолақ» повесінен үзінді)

Жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу. Балуан Шолақтың дүниежүзінің чемпионы, ағылшын балуаны «Қара масканы» жеңуі. Балуан Шолаққа тән жүректілік, қажырлылық. Үзіндіде берілген күресу тәсілдері туралы. Тіл дамыту: әңгімені оқып, мазмұнын әңгімелеп айту. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Нұрмағанбеттің Балуан атануы (повестен үзінді)

1


30

1

Ғабит Мүсірепов «Тимка-Димка»

Жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы. Әңгімеде суреттелген қарапайымдылық пен қайырымдылық. Тіл дамыту: әңгімені оқу, түсінгендерін өз сөзімен әңгімелеу. Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Аңға шыққанда» («Ұлпан» повесінен үзінді)

1


31

1

Сырбай Мәуленов «Менің Республикам», «Мен елімді сүйемін» өлеңдері

Ақынның Қазақстан жеріне деген мақтанышы мен сүйіспеншілігі. Тіл дамыту: өлеңді мәнерлеп оқу, жаттап алу. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Наурыз», «Жаңбыр» өлеңдері.

1


32

1

Шығарма «Мен елімді сүйемін».

Жоспар жасау. Шығарма жазу.

1


33

1

Сыныптан тыс оқу.


1


34


Қорытындылау.


1










Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ – 7 сынып

уровня основного среднего образования (с неказахским языком обучения)

Аптасына - 1 сағат, барлығы - 34 сағат

Шығарма – 4, cыныптан тыс оқу -4.





Тақырыбы


Мазмұны

Сағат

саны

Өткізілетін

күн

І-тоқсан (9 сағат)

1

1

Кіріспе.

Әдебиеттің адам өмірінде атқаратын қызметі туралы. Көркем әдебиеттің қоғамдық, эстетикалық, тәрбиелік мәні. Қазақ әдебиеті пәнінің мақсаты мен міндеттері.

1


«Халық ауыз әдебиеті» ( 5 сағат):

2

1

Батырлар жыры туралы түсінік.

Батырлар жырының тақырыбы мен идеясы. Батырлар жырының өзіндік ерекшеліктері. «Қобыланды батыр» жырының тақырыбы мен мазмұны. Жырдың кейіпкерлері. Қобыланды бейнесі, оның ерлік істері мен адамгершілік тұлғасы. Жырдағы Құртқа бейнесі. Тайбурыл образы. Әдебиет теориясы: эпостық жырлар. Тіл дамыту: жырды оқу мақамы (аудио/бейне таспалардан үзінділер тыңдату), жоспар құру, баяндау, кейіпкерлерге салыстырмалы мінездеме беру. Пәнаралық байланыс: театр (М.Әуезов. «Қарақыпшақ Қобыланды» пьесасы). Өзіндік ізденіс жұмыстары: мұғалімнің ұсынуы бойынша

1




3


2

«Қобыланды батыр» жыры

1

16.09.

4

5

1

2

Шешендік сөздер туралы түсінік

Шешендік сөздердің мәні мен маңызы. Шешендік сөздердегі астарлы ой, көркемдік таным мәселелері. Қазақ билерінің қоғамдағы қызметі. Олардың айтқан сөздерінің өмірлік ұстанымдармен бірлігі. Шешендік сөздердің ерекшеліктері. Әдебиет теориясы: шешендік сөз туралы ұғымды кеңейту. Тіл дамыту: билердің сөздерін мәнеріне келтіріп жатқа оқу, қысқаша мазмұнын әңгімелеп беру. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, электрондық оқулық (сандық білім беру ресурсы). Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Үш пайғамбар». Алматы, 1992

2

23.09.

30.09.

6

1

Қанатты, нақыл сөздер

Қанатты, нақыл сөздердің мақал-мәтелдерге ұқсастығы мен айырмашылығы. Олардың көбінесе авторының болуы. Қазақ нақыл сөздерінің мән-мағынасы, ішкі философиялық, эстетикалық, этикалық сыр-сипаты. Қанатты, нақыл сөздер қорының молығуы. Әдебиет теориясы: қанатты, нақыл сөздер. Тіл дамыту: достық, сыйластық, туыстық сезім туралы қанатты, нақыл сөздер тауып жазу. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: өздері қалаған қанатты, нақыл сөздер негізінде ребус құру.

1

7.10.

«ХІХ ғасыр қазақ әдебиеті» (4 сағат):

7

1

Дулат Бабатайұлы.«О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңі

Өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет. Ақынның қазақ поэзиясындағы орны.«О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңінің жеке адамға арнау үлгісінде айтылуы. Ақынның ел болашағы – жастарға деген бата-тілегі, үміті мен сенімі. Ақын арманының риторикалық сұрау арқылы берілуі, өлеңнің көркемдік ерекшелігі. Әдебиет теориясы: өлең туралы. Тіл дамыту: өлеңді мәнерлеп оқу, шығармашылық жұмыс – ата-әже, ата-аналарының тілек-баталарын жазу, жаттау. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Дулат Бабатайұлы. «Аягөз, қайда барасың» өлеңі

1

14.10.

8

1

Махамбет Өтемісұлы. «Тарланым» өлеңі

Ақын жырларындағы Исатай бейнесі. Исатайдың батырлығымен қоса, оның сабырлы, парасатты азаматтық бейнесінің көрінуі. Өлеңдегі көркемдегіш құралдар. Әдебиет теориясы: теңеу. Тіл дамыту: мәнерлеп оқу, теңеулерді табу, оларға түсінік беру, эпиграф таңдап алу, «Туады ерлер ел үшін» деген тақырыпта ойтолғау жазу. Пәнаралық байланыс: тарих. Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Өтемісұлы. «Мен едім» өлеңі

1

21.10.

9


Шығарма «Тарланым»

Сыныптан тыс оқу.

Жоспар жасау. Шығарма жазу.

1

28.10.

II-тоқсан (7 сағат)

10

11

1

2

Абай Құнанбайұлы. Жетінші қарасөзі

Абай – ұлы тұлға, кемеңгер ақын. Абайдың қазақ әдебиеті мен мәдениетіндегі орны. Ақынның туып-өскен, тәрбие алған ортасы. Шығармашылық жолы. Жетінші қарасөз. Абайдың прозалық үлгіде жазылған шығармалары туралы түсінік. Қарасөздерінің жазылу себептері. Ондағы философиялық ой, тәлім-тәрбиенің молдығы. Абайдың сөз өнері туралы айтқан пікірлерінің құндылығы. Әдебиет теориясы: қарасөз туралы түсінік. Тіл дамыту: мәнерлеп, түсініп оқу. Пәнаралық байланыс: тарих, география. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Абай. «Он жетінші сөз».

2

18.11.

25.11.

12


Шығарма «Қара сөздер».

Жоспар жасау. Шығарма жазу.

1

2.12.

«ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» (19 сағат):

13

1

Ахмет Байтұрсынұлы. «Егіннің бастары»

А.Байтұрсынұлы – ақын, педагог, қоғам қайраткері. Шығармашылығына шолу. А.Байтұрсыновтың аударма мысал өлеңінің кейіпкерлеріне мінездеме. Өлеңдегі негізгі ой, басты идея – қарапайымдылық. Ақынның жастарды адамдыққа үндеуі. Әдебиет теориясы: мысал туралы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: А. Байтұрсынұлы. «Қара бұлт» өлеңі

1

9.12.

14

1

Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Шығамын тірі болсам адам болып», «Мен қазақ» өлеңдері»

Ақынның өмірі мен шығармашылығы. Сұлтанмахмұт поэзиясындағы ел мен жер тағдыры, өнер, білімге деген құштарлығы және оның ақын поэзиясында көрінуі. Өлеңге арқау болған ақын арманы, өмірлік мұраты. Оның өз шығармаларында надандық пен қараңғылықты сынауы. «Алаш» ұранын ту етуі. Әдебиет теориясы: лирикалық қаһарман. Тіл дамыту: өлеңді жатқа оқу,туған жерге деген сезімді шағын ойтолғау арқылы беру. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география

1

15.12.

15

1

Жүсіпбек Аймауытов. «Әнші» әңгімесі («Қартқожа» романынан үзінді)

Ж.Аймауытовтың ХХ ғасыр басындағы көрнекті ақын, жазушы, сыншы екендігі. ХХ ғасыр басындағы қала жастары өмірінің көрінісі. Олардың өнерді жоғары бағалауы. Әмірқандай әншінің прототипі қазақтың атақты әншісі, дарынды тұлға Әміре Қашаубаев екендігін түсіндіру. Балаларды әнді, өнерді құрметтеуге үйрету. Әншінің үнтаспаға жазылған әнін тыңдату. Әдебиет теориясы: әңгіме туралы. Тіл дамыту: түсініп оқу, жоспар құру, жоспар бойынша мазмұндау, талқылауға арналған сұрақтар әзірлеу. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Әміре Қашаубаев туралы

1

23.13.

16


Сыныптан тыс оқу.


1

29.12.

ІІІ тоқсан (10 сағат)

17

1

Жүсіпбек Аймауытов. «Әнші» әңгімесі («Қартқожа» романынан үзінді)


1


18

1

Мағжан Жұмабаев. «Сүйемін» өлеңі»

Ақынның өмірі мен шығармашылығы. Мағжанның өлеңдеріндегі адами биік қасиеттер. Өлеңдегі ақынның ішкі толқыныстары. Отанға, елге, жерге, отбасына деген махаббаттың орны. Әдебиет теориясы: лирика туралы. Тіл дамыту: мәнерлеп оқу, жаттау. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Жұмабаев. «Сағындым» өлеңі

1


19

20

1

2

Бейімбет Майлин. «Айт күндері» әңгімесі

Жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы. Әңгімедегі айт мерекесінің көріністері. Құрбан айттың өзіндік дәстүрлері. Адамдардың көңіл күй сезімдері және ақ тілектер. Айтқа қатысты тұрақты тілдік оралымдар. Әдебиет теориясы: әңгіме туралы түсінікті дамыту. Тіл дамыту: түсініп оқу, әңгімелеу. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: С.Торайғыров. «Қымыз» өлеңі

2


21

22

1

2

Ілияс Жансүгіров. «Анам тілі», «Домбыра» өлеңдері

Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы. Ана тілінің адамның дүниені танып, азамат болып қалыптасу жолындағы рөлі туралы. Домбыра өлеңінің мазмұны. Күй құдіретінің поэзия тілінде бейнеленуі. Әдебиет теориясы: лирика туралы. Тіл дамыту: ана тілі, домбыра, күй өнері туралы өзіндік пікірлерін білдіру. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка. Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Жұмабаев. «Қазақ тілі» өлеңі

2


23

1


Мұхтар Әуезов. «Көксерек» әңгімесі (үзінді)


Жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы.«Көксерек» әңгімесінің тақырыбы. Басты кейіпкер Құрмаш пен Көксеректің достығы. Әңгімедегі адам – табиғат арақатынасы. Жазушының басты мақсатының көрінісі. Әдебиет теориясы: әңгіме туралы түсініктерін кеңейту. Тіл дамыту: жоспар құру, жоспар бойынша мазмұндау, пікір алмасу. Пәнаралық байланыс: кино («Көксерек» кинофильмі). Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Әуезов. «Жетім» әңгімесі

1


24

2

Шығарма «Көксерек».

Жоспар жасау. Шығарма жазу.

1


25

1

Ғабит Мүсірепов. «Автобиографиялық әңгіме

Жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы қысқаша мәлімет. «Автобиографиялық әңгіме» - жазушының өз өмірінен алынып жазылған шығарма екендігі. Бекет Өтетілеуовтің ұстаздық тағлымының жазушыға өмірлік өнеге болуы. Шығарманың тақырыбы мен идеясы. Жанрлық ерекшелігі. Әңгіменің баяндау тілінің көркемдігі. Әдебиет теориясы: баллада туралы ұғым. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, электрондық оқулық (Ғ.Мүсірепов мұражайы телесабағы)

1


26

1

Сыныптан тыс оқу.


1


ІV тоқсан (8 сағат)

27

28

29

1

2

3

Зейін Шашкин.«Доктор Дарханов» романы (үзінді)

Жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы қысқаша мәлімет. «Доктор Дарханов» романы дәрігерлердің өмірі мен қызметі туралы тұңғыш шығарма екендігі. Дәрігер Дарханов образы. Ұлттар арасындағы достық идеясы. Әдебиет теориясы: роман туралы. Тіл дамыту: әңгімені оқу, мазмұнын баяндау, образдарға мінездеме беру. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Х.Досмұхамедовтің еңбектері

3


30

1

Жұбан Молдағалиев. «Мен – қазақпын» поэмасы (үзінді)

Өмірі мен шығармашылығы туралы. Поэманың айрықша мән-маңызы. Қазақ елінің отаршылдық кезеңіндегі сыңаржақ түсініктер, ана тілін менсінбеу, өзінің қазақ екенін айтуға қорлану, туған халқын сатып жіберуге икемделген мәңгүрттер туралы. Поэманың халқымыздың ұлттық сана-сезімін оятуға, өзіне деген сенімін арттыруға, өз-өзіне құрметпен қарауға, отаншылдықты нығайтуға қосқан үлесі. Дастандағы халқымыздың жүріп өткен тарихи бел-белестеріне шолу, бүгінгісін бағамдауы. Поэманың көркемдік ерекшелігі. Әдебиет теориясы: поэма туралы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Тұманбай Молдағалиев. «Ана тілі» өлеңі

1


31

32

1

2

Шерхан Мұртаза. «Жүз жылдық жара» әңгімесі (үзінді)

Жазушының шығармашылық жолы туралы қысқаша мағлұмат. Әңгіменің тақырыбы. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қазақ ауылының ауыр тұрмысын суреттеуі. Байшынардың тарихынан әңгімелер. Мыңбұлақ аулының әсем табиғатын, Бақтияр бағының шипалы шөптерін көркем бейнелеуі. Әңгімедегі Жуанқұл, Дадабай, Қабасақал, Кенжекүл, Ахмет образдары. Халықтың наным-сенім, ырымдары хақында. Жуанқұлдың тағдыры арқылы жазушының айтпақ ойы. Жазушының экология мәселесін көтеруі. Әдебиет теориясы: әңгіме туралы. Тіл дамыту: әңгімені бөлімдерге бөліп, мәнерлеп оқу. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ш.Мұртаза. «41-жылғы келіншек» әңгімесі (үзінді)

2


33

1

Қадыр Мырзалиев. «Жеті» өлеңі

Ақын шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет беру. Жеті санының мұсылман халықтары үшін, қазақ үшін қасиетті сан екендігін түсіндіру. Жеті ата, жеті қазына, т.б. туралы мысал келтіру. Әдебиет теориясы: лирика туралы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Қ.Мырзалиев. «Мектеп» өлеңі.

1


34

1

Сыныптан тыс оқу. Қорытындылау.


1

























Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ – 8 сынып

уровня основного среднего образования (с неказахским языком обучения)

Аптасына - 1 сағат, барлығы - 34 сағат

Шығарма – 4, cыныптан тыс оқу -4.





Тақырыбы


Мазмұны

Сағат

саны

Өткізілетін

күн

І-тоқсан (9 сағат)

1

1

Кіріспе.

Қазақ әдебиеті туралы жалпы түсінік. Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті арасындағы байланыс. Әдебиет – өмірдің көркем бейнесі. Әдебиеттің адам өмірінде атқаратын қызметі.

1


«Халық ауыз әдебиеті» ( 3 сағат):

2

1

Лиро-эпостық жырлар. «Қыз Жібек» жыры (үзінді)

Лиро-эпостық жырлардың батырлар жырынан ерекшелігі. «Қыз Жібек» жырындағы қазақ халқының тұрмыс-салт көрінісі. «Қыз Жібек» пен «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырларының ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Жырдың композициялық құрылымы. Кейіпкерлердің портреттері. Тіліндегі көркемдік айшықтар. Жырдың нұсқалары туралы. Әдебиет теориясы: лиро-эпостық жырлар. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі, кино («Қыз Жібек» фильмі). Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры.

1


15.09.


3


1

«Қыз Жібек» пен «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырларының ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

1

22.09.

4


1

«Қыз Жібек» фильмді көру.

1

29.09.


Ислам дәуіріндегі әдебиет (Х-ХІІ ғ.) (1 сағат)

5

1

Әбунасыр әл-Фараби. «Қашықтасың туған жер» өлеңі

Әбунасыр әл-Фарабидің өмірі, туған жері, өлеңдері мен ғылыми еңбектері. «Қашықтасың туған жер» өлеңіндегі ақынның туған жерге деген сағынышы. Әдебиет теориясы: лирика туралы түсінік. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Әл-Фараби. «Тіршілікте құрыштай бол төзімді» өлеңі.

1

6.10.

«ХІХ ғасыр қазақ әдебиеті» (5 сағат):

6

1

Абай Құнанбайұлы. «Сегіз аяқ»өлеңі ,

Абай – қазақ халқының ұлы ақыны. Ақынның туған жері, өскен ортасы, алған білім-тәрбиесі. «Сегіз аяқ» өлеңінің тақырыбы мен композициялық құрылымы. Абайдың қазақ поэзиясына енгізген жаңалықтары. Он жетінші қарасөзі. Шағын сюжетке құрылған қарасөздің философиялық, тағылымдық мәні. Абай қарасөздерінің мазмұны мен тәрбиелік мәні. Әдебиет теориясы: өлең құрылысы, қарасөз туралы түсінік. Пәнаралық байланыс: музыка (Абайдың «Сегіз аяқ» әні). Өзіндік ізденіс жұмыстары: Абай. «Әуелде бір суық мұз ақыл зерек» өлең

1

13.10.

7

2

Абай Құнанбайұлы.Он жетінші қарасөзі.

1

20.10.

8

3

Шығарма «Қара сөздер».

Жоспар жасау. Шығарма жазу.

1

27.10.

9


Сыныптан тыс оқу.


1

3.10.

II-тоқсан (7 сағат)

10


4

Абай Құнанбайұлы. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңдері


1

17.11.


11

1

Шәкәрім Құдайбердіұлы. «Бостандық таңы атты» өлеңі

Шәкәрім – Абайдың рухани ізбасары. Ақынның өскен ортасы, шығармашылығы. Шығармаларының көркемдік ерекшелігі. «Бостандық таңы атты» өлеңінің тақырыбы мен идеясы, елді жарқын болашаққа үндеуі. Әдебиет теориясы: образ және образдылық. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка (Шәкәрім әндері), электрондық оқулық. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Шәкәрім. «Өмір» өлеңі.

1

24.11.

«ХХ ғасыр қазақ әдебиеті» (15 сағат):

12

1

Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Бір адамға» өлеңі

С.Торайғыровтың өмірі мен ақындық жолы. Сұлтанмахмұт поэзиясындағы ел мен жер тағдыры. «Бір адамға» өлеңінің тақырыбы мен идеясы, ирония. Әдебиет теориясы: астарлау. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Қамар сұлу» романынан үзінді

1

1.12.


13

1

Мағжан Жұмабаев. «Сағындым» өлеңі

М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылық жолы. Қазақ поэзиясындағы Мағжанның орны, стилі, ерекшелігі. «Сағындым» өлеңіндегі лирикалық қаһарманның психологиялық күйі, туған жерге, ағайын-туысқа деген сағынышы. Әдебиет теориясы: лирика. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Мағжан Жұмабаев. «Қазақ тілі» өлеңі

1

8.12.

14


Шығарма «Қазақ тілі».

Жоспар жасау. Шығарма жазу.

1

15.12.

15

1


Сәкен Сейфуллин. «Аққудың айырылуы» поэмасы (үзінді)

С.Сейфулиннің өмірі мен шығармашылық жолы. Қазақ әдебиетінің тарихындағы орны. Поэмада ақынның аллегориялық тәсілмен ой айта білуі. Поэмадағы сұлулық, тазалық идеалы. Әдебиет теориясы: поэма туралы. Пәнаралық байланыс: география. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Қ.Мырзалиев. «Қызыл кітап» өлеңі

1

23.13.

16


Сыныптан тыс оқу.


1

22.12.

ІІІ тоқсан (10 сағат)

17

18

2

3

Сәкен Сейфуллин. «Аққудың айырылуы» поэмасы (үзінді)


2


19



Шығарма «Аққудың айырылуы».

Жоспар жасау. Шығарма жазу.

1


20

21

22

23


1

2

3

4

Мұхтар Әуезов. «Татьянаның қырдағы әні» әңгімесі («Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінді)

Жазушының өмірі мен шығармашылығы. «Абай жолы» роман-эпопеясы туралы қысқаша мәлімет. Әңгіменің идеялық мазмұны. Тіл көркемдігі. Әдебиет теориясы: тақырып пен идея туралы. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс әдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Абай. «Онегиннің сөзі»

2


24

25

1

2

Ғабит Мүсірепов. «Өлімді жеңген ана» әңгімесі»

Жазушының өмірі, еңбектері туралы. Ғ.Мүсіреповтің қаламгерлік шеберлігі. Аудару шеберлігі. Шығыстық бояу. Ана ерлігі. Әдебиет теориясы: әңгіме жанры. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география, электрондық оқулық. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ғ.Мүсірепов. «Ананың анасы» әңгімесі

2


26



Сыныптан тыс оқу.


1


ІV тоқсан (8 сағат)

27


1

Мұқағали Мақатаев. «Өмір сүрейік алмасып» өлеңі

Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы. Ақынның қазақ әдебиетінде алатын орны. «Өмір сүрейік алмасып» өлеңіндегі ақынның табиғатпен үндесуі, өлеңнің көркемдік ерекшелігі, өлеңдегі нәзік лиризм. Әдебиет теориясы: параллелизм. Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті, биология, музыка. Өзіндік ізденіс жұмыстары: М. Мақатаев. «Саржайлауым», «Мен сендерді іздеймін» өлеңдері

1


28

29


1

2

Қадыр Мырзалиев. «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңі

Қадыр ақынның шығармашылық жолы. Шығармаларының тақырыбы. «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңіндегі халқымыздың қонақжайлылығы, еркінсүйгіштігі. Халықтың салт-дәстүріне деген құрмет. Әдебиет теориясы: эпитет, теңеу. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, орыс әдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Қ.Мырзалиев. «Кәрі қыран» өлеңі

2


30

31

1

2

Олжас Сүлейменов. «Арғымақ», «Қыз қуу» өлеңдері

Ақынның өмірі мен шығармашылық жолы. Әлем және қазақ әдебиетіндегі орны. «Арғымақ», «Қыз қуу» өлеңдеріндегі пафос, ұлттық өрнек, ұлттық мінез, таным-түсінік. Әдебиет теориясы: теңеу, өлең құрылысы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: О. Сүлейменов. «Махамбетке» өлеңі.

2


32


Шығарма «Арғымақ».

Жоспар жасау. Шығарма жазу.

1


33


Сыныптан тыс оқу.


1


34


Қорытындылау


1





Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ – 9 сынып

уровня основного среднего образования (с неказахским языком обучения)

Аптасына - 1 сағат, барлығы - 34 сағат

Шығарма – 4, cыныптан тыс оқу -4.





Тақырыбы


Мазмұны

Сағат

саны

Өткізілетін

күн

І-тоқсан (9 сағат)

1

1

Кіріспе.

Сөз өнері мен қоғам дамуы арасындағы сабақтастық. Әдебиеттің көркем шындықты жинақтап көрсетудегі өзіндік ерекшелігі. Қазақ әдебиетінің даму тарихы, кезеңдері.

1


«Халық ауыз әдебиеті» ( 7 сағат):

2

1

Халық ауыз әдебиеті және оның туу, пайда болу жолдары

Ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттен ерекшелігі. Әдебиет теориясы: фольклор туралы түсінік. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Қазақ фольклористикасының тарихы»

1



3


1

Тұрмыс-салт жырлары

Тұрмыс-салт жырларының халық өмірімен, күнделікті тыныс-тіршілігімен байланысы және ежелгі дәуірлердегі бабалар дүниетанымы. Фольклор жанрларының тұрмыс-тіршілікпен тікелей байланыстылығы. Тұрмыс-салт жырларының түрлері. Тұрмыс-салт жырларының тәлім-тәрбиелік мәні, жанрлық ерекшеліктері. Төрт түлік мал, наурыз жыры, бесік жыры, жар-жар, беташар, т.б. Әдебиет теориясы: лирикалық және эпикалық жанрлар. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Наурызға байланысты өлең-жырлар

1

16.09.


4


1

Батырлар жыры. «Қамбар батыр» жырынан үзінді

Батырлар жырының жанрлық ерекшелігі. Ондағы ел қорғау идеясы. Батырлар жырының халық тарихымен байланысы. Қамбар батыр жырының көтерген тақырыбы. Жырдағы Қамбар батыр бейнесі. Оның мінезіндегі адамгершілік, қайырымдылық, ерлік, батырлық қасиеттердің көркем бейнеленуі. Батырдың ата-анасына деген қамқорлығы. Жырдағы батырдың тұлпары Қарақасқа аттың образы. Қамбардың Назым сұлумен танысуы, екеуінің арасындағы сүйіспеншілік. Сыртқы жауға қарсы күрес. Жыр тілінің көркемдік ерекшелігі. Әдебиет теориясы: шендестіру, баяндау

1

23.09.

5

1

Лиро-эпостық жырлар.

Лиро-эпостық жырлардың батырлар жырынан ерекшелігі. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырындағы ұлттық мәдениет, тұрмыс-салт көрінісі. Қозының өзіне ақылы мен көркі сай жар іздеп шығуы. Сұлулық, адамгершілік қасиеттердің ерлік және батыр намысымен тұтастықта сипатталуы. «Қыз Жібек» жыры мен «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Жырдағы негізгі кейіпкерлердің портреттері. Тіліндегі көркемдік айшықтар. Жырдың көп вариантты болуының мәні. Әдебиет теориясы: композиция, сюжет, монолог, диалог. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Айман-Шолпан» жыры

1

30.09.


6

2

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырынан үзінді

1

7.10.

7

8

1

2

Айтыс. «Біржан мен Сара» айтысы

Айтыс туралы жалпы түсінік. Айтыстың шығу тегі, даму ерекшеліктері. Әлем әдебиеті тарихындағы көріністері. Ш.Уәлихановтың зерттеу еңбектеріндегі айтыс туралы деректер. Айтыстың түрлері, айтылу дәстүрі, жанрлық ерекшеліктері. Айтыстың драмалық жанрмен ұқсастығы. «Біржан мен Сара» айтысының тарихи негіздері. Айтысқа тән дәстүрлері, композициясы. Сюжеттік даму желісі. Біржан-Сара айтысындағы тартыстың шарықтау шегі. Логикалық қисын. Сөзге тоқтау. Көркемдік ерекшеліктері. Әдебиет теориясы: импровизация. Өзіндік ізденіс жұмыстары: қазіргі айтыс үлгілері.

2

14.10.

21.10.

9


Шығарма «Айтыс».

Сыныптан тыс оқу.

Жоспар жасау. Шығарма жазу.

1

28.10.

II-тоқсан (7 сағат)

«Ежелгі дәуір әдебиеті» (1 сағат):

10


1

Орхон ескерткіштері. «Күлтегін жазуы»

Жазба ескерткіштердің тарихи оқиғалар мен тұлғаларға арнап, тасқа қашалып жазылған жырлар екендігі. Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің зерттелу тарихы. Орхон жазуларының мазмұны, композициялық құрылымы. Жанрлық сипаты. Жырдың танымдық, тәрбиелік мәні. Әдебиет теориясы: жырдың композициясы туралы. Тіл дамыту: жырдан үзінді жаттау. Пәнаралық байланыс: дүниежүзі тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Н. Келімбетов. Ежелгі дәуір әдебиеті. – Алматы, 1991.

1

18.11.

«XV-XVIII ғасырлардағы жыраулар поэзиясы» (2 сағат):

11

1

Асан қайғы. «Бұл заманда не ғаріп?», «Еділ бол да, Жайық бол» жырлары

Жырау өмір сүрген тұстағы тарихи-әлеуметтік жағдай. Асан жырларындағы ел бірлігін сақтау, жайлы қоныс іздеу идеясы. «Құйрығы жоқ, жалы жоқ» жырының идеялық мәні. Жерұйықты іздеуінің түпкі мақсаты. Асан қайғы жырларының көркемдік-философиялық ерекшелігі. «Естіні көрсең, кем деме», «Еділ бол да, Жайық бол» жырларындағы адамгершілік мәселелерінің көркем жинақталуы. Әдебиет теориясы: өлең ырғағы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Жеті ғасыр жырлайды» жинағы

1


25.11.


12

1

Бұқар жырау. «Ай, Абылай», «Батырың өтті Бөгенбай» толғаулары

Бұқар жырау Қалқаманұлы ХV ғасырдан бастау алған жыраулық өнерді биік белеске көтерген жырау, көрнекті қайраткер екендігі. Оның өмірі туралы соңғы деректер. Бұқар шығармаларының көркемдік-эстетикалық мәні. Бұқар жырау жырларындағы замана сипаты, тарихи тұлғалар бейнесі. Оның қазақ поэзиясын тақырыптық жағынан байытуы. Әдебиет теориясы: ұйқас түрлері. Пәнаралық байланыс: тарих, география, электрондық оқулық (Махамбет туралы). Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Мағауин. «Ғасырлар бедері». – Алматы: Жазушы, 1991.

1

2.12.

«ХІХ ғасыр әдебиеті» (6 сағат):

13

1

Махамбет Өтемісұлы. «Баймағанбет сұлтанға айтқаны», «Мен, мен, мен едім», «Арқаның қызыл изені-ай»

ХІХ ғасырдағы Қазақстандағы саяси-әлеуметтік жағдай. Ақынның өмірі мен шығармашылық жолы. М.Өтемісұлы жырларындағы романтикалық сарын. Махамбет шығармаларындағы ақындық «мен». Махамбет жырларындағы Исатай батыр образы. Өлеңдерінің ұйқас ерекшелігі, тіл көркемдігі. Әдебиет теориясы: ерікті ұйқас

1

9.12.


14

1

Нысанбай жырау (1822-1883 жж.). «Кенесары-Наурызбай» жыры»

Нысанбай Жаманқұлұлының өмірі мен жыраулық өнері. Оның ұлт-азаттық көтеріліс туралы «Кенесары-Наурызбай» жыры және ондағы тарихи шындық пен көркемдік шешім. Жырдағы Кенесары мен Наурызбай образдары. Көркемдік ерекшелігі. Жанрлық сипаты. Нысанбай жырау шығармашылығының зерттелуі. Әдебиет теориясы: тарихи жыр

1

15.12.

15

1

Шоқан Уәлиханов. «Ыстықкөл күнделігі» (үзінді)»

Шоқан Уәлиханов қазақтың тұңғыш ғалымы, этнограф, фольклоршы, саяхатшы екендігі. Ғалымның еңбектері туралы. Ыстықкөлдің табиғаты мен сол жерді мекендеген халықтардың әдет-ғұрпын, тұрмыс-тіршілігін суреттеуі. Әдебиет теориясы: эссе, күнделік. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ш.Уәлиханов. «Қашқария саяхаты»

1

23.12.

16


Шығарма «Шоқан Уалиханов».

Сыныптан тыс оқу.

Жоспар жасау. Шығарма жазу.

1

29.12.

ІІІ тоқсан (10 сағат)

17

1

Ыбырай Алтынсарин. «Бақша ағаштары», «Мейірімді бала», «Атымтай Жомарт»

Ы.Алтынсарин қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы. Жас ұрпақты дұрыс тәрбиелеуге, жақсы міне-құлыққа үйретуге мән беруі. Мейірімділік, рақымды болу, адамға жақсылық жасауға, төзімді болуға, еңбек етуге тәрбиелеу. Әдебиет теориясы: архаизм, историзм. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ы.Алтынсарин әңгімелері

1


18

1

Абай Құнанбайұлы. «Әуелден бір суық мұз ақыл зерек» өлеңі

«Ескендір» поэмасы. Абайдың өмірі мен шығармашылығы. Абай поэзиясы. «Әуелден бір суық мұз ақыл зерек» өлеңіндегі адамгершілік жайындағы философиялық ой толғау. Ақыл, қайрат, жүрек үшеуін тең ұстау керектігі. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңінде ақынның көркем сөздің асылы – поэзия деп жоғары бағалауы. Өлеңнің түрі мен мазмұнына талап қоюы. Ақын өлеңдеріндегі көркемдік ерекшеліктері, ой мен сезім иірімдері. «Ескендір» поэмасының тақырыбы мен идеясы. Поэмаларындағы шығыстық сарын. Әдебиет теориясы: көп мағыналы сөздер. Өзіндік ізденіс жұмыстары: А.Құнанбайұлы туралы зерттеу еңбектер.

1


19

2

Абай Құнанбайұлы. «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі

1


«ХХ ғасыр қазақ әдебиеті» (10 сағат):

20

1

Жамбыл Жабаев. «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» өлеңдері»

«Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» өлеңдерінде 1916 жылғы Ресей патшасының жарлығына ақынның қарсылығы, жан күйзелісі, жастарға деген жанашырлығы. Жамбыл жырларының қоғамдық мәні. Басқа тілдерге аударылуы. Әдебиет теориясы: дастан жанры

1


21

1

Мағжан Жұмабаев. «Түркістан» өлеңі, «Батыр Баян» поэмасы»

Ақынның өмірі, шығармашылық жолы. Мағжан нәзік лирик, сыршыл ақын. «Түркістан» лирикасы. Өлеңдегі туған жерге, елге деген ақынның мақтаныш сезімі. Тұран елін, оның тарихын перзенттік сезіммен жырлауы. «Батыр Баян» поэмасының тарихи-әлеуметтік негізі. Абылай хан, Батыр Баян бейнелерін даралап сомдауы. Баян батырға тән биік рух, отты сезім. Поэманың көркемдік ерекшелігі. Әдебиет теориясы: поэма жанры. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Мағжан Жұмабаев. «Күншығыс», «Пайғамбар» өлеңдері

1


22


Ілияс Жансүгіров. «Күй» поэмасы (үзінді)

Ақынның өмірі, шығармашылық жолы. Поэманың композициялық құрылымы. Қобызшы портреті, оның күй тарту шеберлігі. Өнер құдіреті, күй өнері мен күйшіге деген ақынның көзқарасы. Әдебиет теориясы: өлең ұйқасы туралы түсінік

1


23

1


Мұхтар Әуезов. «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінді (І томнан)

М.Әуезовтің шығармашылық жолы. Романның жанрлық ерекшелігі. Шығарманың сюжеті мен композициясы. Роман-эпопеяда суреттелетін Абайдың азаматтық, ақындық келбеті және замана бейнесі. Романның тараулары, пейзаж бен портрет, тартыс және мінез. Шығармада суреттелетін қазақ халқының өмірі, тұрмыс-салты, әдет-ғұрыптары. Жазушының әлем әдебиетіне қосқан үлесі. Әдебиет теориясы: кең көлемді эпикалық жанр.Тіл дамыту: поэмаға сюжеттік жоспар құру. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: І.Жансүгіров. «Жетісу суреттері» өлеңі (үзінді)

1


24


Шығарма «Абай жолы».

Жоспар жасау. Шығарма жазу.

1


25

1

Ғабит Мүсірепов. «Боранды түнде» (әңгіме

Әңгіменің кейіпкер атынан баяндалуы. Боранды түннің сипаты. Әңгіменің сюжеттік желісі. Әңгімедегі негізгі кейіпкер – Қайсар және оған тән қажырлылық, табандылық, биік адамгершілік қасиеттер. Әңгімедегі салт-дәстүр көріністерін, бала мінезін, іс-әрекетін сипаттаудағы жазушы шеберлігі. Шығарманың реалистік сипаты. Жазушының тіл шеберлігі, жеңіл юмор. Әдебиет теориясы: романтикалық образ. Пәнаралық байланыс: «Ғ.Мүсірепов мұражайы» электронды телесабақ

1


26


Сыныптан тыс оқу.


1


ІV тоқсан (8 сағат)

27


1

Ілияс Есенберлин. «Көшпенділер» трилогиясынан үзінді

І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы. Трилогияда қазақ тарихын көркем бейнелеп көрсетуі. «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар» романдары арасындағы ортақ желі. Шығармадағы тарихи тұлғалар (қазақ хандары мен би-шешендері және батырлары) бейнесі. Тарихи романға тән ерекшеліктер. Тарихи шындық пен көркемдік шешім. Әдебиет теориясы: тарихи роман. Өзіндік ізденіс жұмыстары: С.Сматаев. «Елім-ай» романы

1


28

29


1

2

Тәкен Әлімқұлов. «Қараой» әңгімесі»

Т.Әлімқұловтың өмірі мен шығармашылығы. Жазушы шығармашылығындағы өнер тақырыбы. Эпикалық туындылары. «Қараой» әңгімесінің тақырыбы мен идеясы. Әңгімедегі образдар жүйесі. Махамбет образы. Сюжеттік желісі, композициялық құрылымы. Әңгіменің көркемдік ерекшелігі. Әдебиет теориясы: әңгіме жанры. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, кино («Махамбет» фильмі). Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ә.Әлімжанов. «Махамбеттің жебесі» романы

2


30

31

1

2

Мұқағали Мақатаев. «Райымбек, Райымбек!» поэмасы

М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы. Мұқағалидың қазақ поэзиясындағы орны. «Райымбек, Райымбек!» поэмасының тақырыбы мен идеясы. Шығарманың тарихи негізі. Оның тарихи поэма екендігі. Поэманың сюжеті мен композициясы. Поэмадағы ақындық рух, елжандылық сезім. Көркемдігі. Әдебиет теориясы: стиль. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка, электрондық оқулық («Бір өлеңі – бір елдің мұрасындай»)

2


32

1

2

Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті

Тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде еліміздің экономикасымен қатар ұлттық идеологияның да тұрақтап, қалыптасуы. Ақын-жазушыларымыз өз шығармаларында тәуелсіздік жеңістерін, сондай-ақ егемендікті нығайту үшін күресіп жүрген адамдар тағдырын суреттеп, бейнелеуі. Қазіргі жас ақын-жазушылардың әр бағытта ой толғап, әр алуан тақырыптарға қалам тартуы. Әдебиет теориясы: әдеби ағымдар.

2


33


Шығарма «Тәуелсіздік Қазақстан».

Жоспар жасау. Шығарма жазу.

1


34


Қорытынды сабақ


1







Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Автор
Дата добавления 09.10.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров848
Номер материала ДВ-046199
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Комментарии:

1 год назад

Разработано в соответствии с программой.

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх