Инфоурок Школьному психологу СтатьиӘкелерге арналған психологиялық тренинг

Әкелерге арналған психологиялық тренинг

Скачать материал

Әкелерге арналған психологиялық тренинг «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі»

 

Мақсаты: Әкенің отбасындағы тәрбиеге- өте маңызды рөл атқаратындығын көрсете білу, мектеп пен ата-ана байланысын ынтымақтастыру өзара серіктестік орнату, ата-ананың, баланың оқу – тәрбиеге қатысты жауапкершілігін арттыру.
Қатысушылар:
әкелер
Құрал — жабдықтар: түрлі- түсті бояу,
геометриялық фигуралар, желім, плакат, интерактивті тақта, таратпа материалдар.
Тренинг сабақтың міндеті: ата-ананың балаға деген сүйіспеншілігін байқау; өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін құрметтеу; көңіл-күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу.
Тренинг барысы:

1.Топқа бөлу 3-мин

2. Сәлемдесу рәсімі 5-мин
3. «Танысу» жаттығу.5-мин

4. «Топпен» жұмыс (Жағдаят шешу). 10-мин

5. Бейне баян «Папа научи меня вальс танцевать»3-мин
6 «
Типы отцов» мағлұмат.5-мин
7. Сергіту сәті «
Джунглидегі жаңбыр» ойыны 10-мин
8. Бейне баян 3-мин
9. Рефлексия «Жүректен жүрекке»3-мин
Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың басты ұстазы – ата-ана. Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ, сондықтан да баласының әдепті, білімді болып өсуін армандайды.
Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қазығы алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Сондықтан да мектеп өміріне, бала тәрбиесіне белсене араластыру, мәдениетін арттыру, ата- ана мен мектеп арасында серіктестік орната отырып ынтымақтастықта жұмыс жасау мақсатында ұйымдастырылатын тренингтердің маңызы орасан зор.

І. Амандасу.
Мақсаты: Ата-аналарды орындарына отырғызу, жақсы психологиялық көңіл-күйді қалыптастыру.
«Сәлем – сөздің анасы» демекші кез-келген жерде, қандай жағдайда болмасын адамдар бір-бірімен қарым-қатынасқа жеңіл өту үшін алдымен амандасып, сәлем алысқаннан кейін жұмысы жөнінде сөз қозғайды. Бұл қашанда осылай болған, болады да, болуы керек. Дүниежүзіндегі сан алуан халықтардың сәлемдесу салты да түрлі-түрлі болып келеді. Қазір сіздерге бірнеше елдің амандасу салтын көрсетемін.
1. «Еуропалықтар» — қолын қысады.
2. «Жапондықтар» — иіледі.
3. «Тайланд» — арқаларымен үйкелеседі.
4. «Жаңа Зеландия» — маңдайларымен үйкелесіп.
5. «Малайзия» – жұдырықтарын соғып.
6.  Ал енді, өзіміздің ұлттық қазақша амандық – саулық сұрап, қал-жағдайымызды біліскенге не жетсін! Олай болса, қол алысып бір-бірімізбен сәлемдесейік.

ІІ «Танысу» жаттығуы:

Мақсаты: Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және өз бойындағы 1 қасиетін кезекпен айтып шығады.

Нұсқау: Алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтып, өзіңіз туралы қысқаша мәлімет беруіңіз керек.
Мысалы: Мен бақытты – Бақытжан;
Мен көңілді – Қуанышпын;
Мен дарынды – Дидармын.
Психолог келесі сұрақтарды қояды:

Бұл сұрақтардың көмегімен қатысушылардың тілдік белсенділігін шақырып, олардың ойындарға, жаттығуларды орындауға қызығушылыгы бар ма, жоқ па екенін анықтап алуға мүмкіндік туады.
Әрбір бала- дара тұлға. Бала тәрбиесінде ата-ана балаға қысым көрсетуден, бала көзінше дөрекі сөйлеуден, жат қылықтар көрсетуден аулақ болып, үлгі болу керек.
Сонда ғана білімді, жан- жақты дамыған ұрпақ тәрбиелей аламыз.
ІІІ.
«Топпен» жұмыс (Жағдаят шешу). Геометриялық фигуралар арқылы 3 топқа бөлеміз:

Мақсаты: Ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы туралы түсініктер беріп, өз ойларын айту. Яғни, ата-ана өзінің отбасын салу және отбасы бақытын сурет арқылы көрсетіп, суреттің жан-жағына отбасы сөздері арқылы жеткізу керек.

1-топқа-Қыз тәрбиесіндегі әкенің рөлі?

2-топқа- Ұл тәрбиесіндегі әкенің рөлі?

3-топқа-Отбсында әкенің рөлі қандай?
Топ ішінен бір ата-ана жасалған жұмысын қорғайды.
ІҮ. Бейне баян «Папа научи меня вальс танцевать»

Мақсаты: ата-аналардың бала тәрбиесіндегі өзара түсіністіктерін қалыптастыру.

Ү. «Типы отцов» мағлұмат. Сергіту сәті:

Мақсаты: әкелер туралы ой-пікір.

ҮІ. «Джунглидегі жаңбыр» ойыны.

Мақсаты: Иық. мойын, омыртқа аймақтарындағы бұлшық еттің жирылуын жою, босаңсу, шаршағанды басу. 
Уақыты: 10 минут 
Нұсқау: Тар шеңбер құрамыз. Джунгли ну орманындамыз деп ойлаймыз. Ауа райы бастапқыда өте керемет болады. Күн көтерілгенде өте ыстық, ауа қапырық болды. Бір мезетте жеңіл самал жел соқты. Алдынызда тұрған адамның арқасына қолынызбен жеңіл қимылдар жасаңыз. Жел күшейе түседі. (арқаға батырынқырайтын кимылдар жасалады) Құйын басталады (күшті айналыс қозғалыстарын жасаңдар) .Содан кейін жәй жаңбыр сіркірейді ( көршіңнің арқасын саусақтарынмен түртесің). Нөсер жауын басталады (жоғары төмен алақан, саусақтармен сипайсың) . Бұршақ аралас жауын жауа бастады ( барлық саусақтарынызбен түртесіз). Содан кейін қайтадан нөсер жауын, жай жаңбыр, одан кейін күн ашылады. 
Енді 180 градусқа бұрылып,жаттығуды қайталаймыз. 
Талдау: 
Мұндай массаждан кейін өзіңізді қалай сезіндіңіз? 
Жаттығуларды орындағанда қай әрекеттер жағымды, қайсысы жағымсыз болды? 
Өз сезімдеріңізбен көңіл –күйлеріңізбен бөлісіңіз.
 
ҮІІ. Рефлексия «Жүректен жүрекке»

Ой — түйін:
Нұсқау: Ал, енді мына жүрекке назар аударайықшы. Ол тірі емес, біз қазір оған жан береміз. Мына жүрекшелердің артына балаға деген ақ тілектеріңізді оқи отырып, үлкен жүрекке жапсырайық. Жүрек тірілді, ол үнемі дүрсілдеп соғып тұратын болады. Қорытынды.
Құрметті ата-аналар!
Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасын түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ошақ ұя – жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса, барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.
Ата-аналар қажеттіліктерді түсіне отырып, ынтымақтастықта бірлесіп жұмыс істеу және әр тұлғаны тәрбиелеуде қателіктерге жол бермеу мақсатында ата-аналарға арналған жадынама таратылады.
Ж.Ж. Руссо: «Бала туылғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де солай сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» — деген екен.
Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екендігімізді ұмытпайық. Олай болса балаға әрдайым жылы сөздер айтып, дұрыс тәрбие беруге сіз болып, біз болып бірге атсалысайық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«№4 Жалпы орта білім беретін мектеп»КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әкелерге арналған психологиялық тренинг

«Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі»

 

 

 

 

 

 

Педагог-психолог: Жакатаева М.Ч.

 

 

 

 

 

2017-2018 оқу жылы

 

              
                

 

               

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Әкелерге арналған психологиялық тренинг"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Семейный психолог

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 657 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.06.2018 7513
    • DOCX 1 мбайт
    • 274 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жакатаева Макпал Чайсунуровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жакатаева Макпал Чайсунуровна
    Жакатаева Макпал Чайсунуровна
    • На сайте: 8 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 36854
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Нейропсихологические технологии раннего вмешательства

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО ОВЗ для детей с умственной отсталостью (интеллектуальными нарушениями)

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 92 человека из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 831 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Основы психологии личности, социальной и дифференциальной психологии

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 114 человек

Мини-курс

Управление коммуникациями в кризисных ситуациях

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Нейропсихология в школе: путь к успеху и благополучию детей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 84 человека из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 60 человек

Мини-курс

Педагогические идеи выдающихся педагогов и критиков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе