Инфоурок Другое Другие методич. материалыКембридж тәсілімен ұйымдастырлыған сабақ / баяндама

Кембридж тәсілімен ұйымдастырлыған сабақ / баяндама

Скачать материал

№ 4 Тілеміс батыр орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

КЕМБРИДЖ ТӘСІЛІМЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН САБАҚТЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ МЕН ҰТЫМДЫЛЫҒЫ

/ ТРЕНИНГ/

 

 

 

 

География пәнінің мұғалімі : Сыдықбекова А.Ж.

 

 

 

2013-2014 оқу жылы

                  Кембридж тәсілімен ұйымдастырылған сабақтың

                                    ерекшелігі мен ұтымдылығы

       Кембридж тәсілімен ұйымдастырылған сабақтың ерекшелігі, ұтымдылығы және тиімділігі оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел- уәждерін  нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастарды жүйелі дамыған, сандық технологияларды кұзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғарғы деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы /конструктивті / теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған.

      Сындарлы оқытудың мақсаты-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету, ал негізгі міндеті қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу.

      Мұғалімнің ізденіс нәтижесі- бұл сабақ. Сондықтан сабақты ыңғайына қарай түрлендіріп өтсем, сабақтың мазмұнын аша түсемін бе? Жаңаша оқытуда  “баланың сана сезіміне түрткі болатын әдіс-тәсілдерді қолдану кезінде оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыра аламын ба?” деп Жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланатын жекелеген стратегиялар мен тәсілдерді өзара байланыстыруға болады.

1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер балалардың өздерінің түсінгендерін өзіндік зерттеулері мен  әлеуметтік өзара байланысқа құратын белсенді білім алушылар болып табылып, Диалог негізінде оқыту және оқу арқылы оқыта отырып, оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектеседі.

2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету-оқушылар мен мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойларын дамытып,  тұрғыдан ойлана отырып оқушылар ақпарат пен идеяларды синтездеу қабілеті артады, идеяның шынайлылығы мен салыстырмалы түрде маңыздылығын ойлана білу қабілеті дамиды, ал мұғалімдер өз жұмыс тәжірибесін, жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін үйренеді.

3. Оқыту үшін бағалау және оқуды  бағалау оқыту мен оқудағы барлық жаңа тәсілдермен тығыз байланысты оқуда  алға қадам басуға және оған қолдау көрсету үшін формативті бағалау үдерісін дамыту, оқыту үшін бағалау жүргізу тиімді.

4. Оқыту мен оқуда Ақпараттық Коммуникативтік Технологияларды және сандық технологияларды тиімді пайдалана білетін болады.

5. Бұл оқытудың тиімділігі оқушылардың таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту барысында дамыту өте маңызды. Талантты және дарынды балаларды оқытуды дамыту үшін анағұрлым инклюзивті тәсіл пайдаланылады.

6. Балалардың жас шамасына бейімделген сындарлы диалогті ынталандыру стратегиясы, әр жастағы балалар мүмкіндігіне сай беріледі.

7. Бұл бағдарламаның негізгі идеясы сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту және тәжірибие мен білім саясатын қайта бағалау нәтижесінде мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістер іске асырылып отырады.

      Мұғалім- көшбасшы, мұғалім- бағыт- бағдар беруші, мұғалім- үйретуші, ал оқушы -үйренуші.

      Бұл оқытудың ең бастысы, оқытудың өзіне де үлкен шеберлік керек екенін түсіндім. Осы жоғарыда айтылған жеті  модульді өз тәжірибиеме енгізе отырып оқушылардың қызығушылығы мен оқу ынтасын бақылаудың өзі бір мәртебе.Тамыры тереңге кеткен ұстанымдар мұғалімнің жаңашыл идеяларды қабылдау қабілетін шектеуі мүмкін. Егерде дайын білім беретін дәстүрлі стильмен оқытатын мұғалімдер сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастырғымыз келсе, өздерінің де сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жаңашыл идеяларға көңіл бөлу қажет. Дәстүрлі оқытуда сыныпта барлық жағдайда мұғалім басқарып, оқушының әңгімеге араласуына мүмкіндік бермейтінбіз. Бұл дегеніміз барлық жаңалықты біз дайындап оқушының ойлауына мүмкіндік бермейтінбіз. “Мұғалімнің ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйеніп, ылғи соларды ғана оқытуы дұрыс емес” -деп Мұхтар Әуезов айтқандай, жақсы оқитын оқушыларға көңіл бөліп ынтасы төмен оқушыларды шеттетпей, оларға да сенім білдіріп, есте сақтау, зейіндік қабілеттерін дамыта отырып, пәнге деген қызығушылығын арттырып, ізденушілік жұмыстардың тиімділігін түсіндіре білу қажет екенін меңзейді. Осы мақсатта топтық жұмыстың тиімділігі өте зор. Оқушылар арасында жақын арада даму аймағы қалыптасып, бір-біріне деген сенімділігі артып, өз бетімен жұмыс істеу, бір-бірінің пікірін тыңдау, бір біріне қолдау көрсету арқылы ынтымақтастық қалыптасады. Өз идеяларымен бөлісіп ашық, ойын еркін жеткізіп, бірін- бірі бағалап, оны іске асыра алады.

    Сыныптағы бірлескен жұмыс пәнді ғана меңгертіп қоймайды, сыныптың ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады. Табысты оқыту мен оқытудың мәні оқушылардың өздерін еркін сезінуіне жағдай жасайды. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін « Мен сізді таныстырғым келеді» трейнинг өткіздім. Бұл трейнинг арқылы оқушыларды өз сыныптастарын басқа қырынан тани біледі. Оқушылар туралы өзім білмейтін ақпараттар алдым және аласыздар.

Осы жерде трейнинг өткізіп көрейік. Алдарыңыздағы дәптерлеріңізге көрші отырған әріптесіңіз туралы жазасыз. Бір-біріңізге көрсетпеңіз, дауыстап оқымаңыздар.

1. Қасыңыздағы әріптесіңізді қай жануарға теңейсіз? Мінез-құлқы жүріс-тұрысына қарай теңеңіз.

2. Ауа-райына, табиғаттағы бір құбылысқа теңеңіз

3. Қандай ағашқа теңейсіз?

4. Қандай геометриялық фигураға ұқсатасыз?

5. Қандай музыкалық аспапқа теңейсіз?

6. Қандай машинаға теңер едіңіз?

Ал, жазып болған соң, екі көрші жазғандарын бір-біріне оқып таныстырады. Мысалы Айгүл.

1. Жылқы

2. Боран

3. Қайың

4. Төртбұрыш

5. Гитара

6. Мерседес

Бір-біріне сәйкес келгені бар ма?

Өзіңіздің бойыңыздағы сіз елемеген қасиетті көріп танып білуге болады.

“Маған айт, мен оны ұмытамын, көрсет, мүмкін есімде сақтармын, мені қызықтыр, мен сонда түсінемін”- деп Конфуций айтқандай оқушыларды қызықтарды отырып жеке, жұптық, топтық жұмыс жүргізу арқылы, өз ойларын ашық айтуға бір- бірінің пікірлерімен санасуға дәлеледей білуіне ықпал ету арқылы бірін- бірі бағалай білуге, сыни тұрғыдан ойлануына бағыт бере отырып, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы және болашақ азамат қалыптастыру керек және өз тәжірибиемізге өзгерістер енгізе отырып әрі қарай жұмысымызды  дамытуымыз керек. Бұрынғы тәжіриебемізде оқушының сабақта тыныштық сақтауы маңызды еді. Тек сонда ғана оқушы зейіні сабаққа ауады деген ой болды. Дұрыс тыңдай білген оқушы ғана сабақты дұрыс меңгереді деген ой қалыптасқан еді . Енді міне осы бағдарламаның мақсаты арқылы көп нәрсе дұрыс ұйымдастырылмағанын байқауға болады. Ендігі жерде мұғалім рөлі ақпаратты берушіден ақпарат көздерін өздері еркін табуға, өзін-өзі реттеуге жәрдем беруші- бағыттаушыға ауыстырылған.

    Бір сабақтың үзіндісі немесе оқушылардың іс-әрекеттерінен көрініс.

 

           

 

            

 

     

 

Сабақ барысында оқушылар өздерінің әрбір жауабын іс-қимылын бағалап отырады. Ол бағаны не үшін қойғандарын дәлелдейді. Сабақ кезінде оқушыларды қызықтыру үшін сабақтың негізгі тақырыбы мен мазмұнына сәйкес “Карта ойынын” ұйымдастырып ойнауға болады. Әртүрлі суретті карточканы басқа топтағы оқушыға немесе әр топқа рөлдік іс-қимыл арқылы көрсетеді. Басқа оқушы нені көрсетіп тұрғанын табу керек.

«Карта ойыны» сіздермен бірге ойнап көрейік.

Өз сабақтарымызда балалардың көзқарасын, пікірін тыңдап оларға дұрыс жол сілтеу біздің басты міндетіміз болып табылады. Әр сұраққа сыни көзқараспен қарап, әрбір әдісті жүйелі қолдана білу арқылы жетістіктерге жетуге болады. Тек аянбай еңбек етіп, үздіксіз білімімізді жетілдіріп, басқалардың пікіріне де құрметпен қарауымыз керек.

   Қорыта келгенде Елбасы атап көрсеткендей, “Тек жоғарғы сауатты, дарынды,  дана әрі отансүйгіш мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелеп шығара алады. Бүгінде, мұғалім балаларға білімдер жиынтығын беріп қана қоймай, сонымен бірге, ең бастысы-оларды өмір бойы үйренуге үйретулері керек” дейді. Мұғалім-біздің тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені ел болашағының кілті- бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші-ұстаздардың қолында. Мұғалім дегеніміз- бүкіл білім беру жүйесіндегі ең негізгі , ең басты тұлға болып табылады.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Кембридж тәсілімен ұйымдастырлыған сабақ / баяндама"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по корпоративной культуре

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 151 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.04.2016 958
    • DOCX 549.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сыдыкбекова Анар Жаманкуловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сыдыкбекова Анар Жаманкуловна
    Сыдыкбекова Анар Жаманкуловна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5804
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 850 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 490 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 329 человек

Мини-курс

Личность в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов

Мини-курс

Управление стрессом и эмоциями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 129 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 74 человека

Мини-курс

Методология проектного менеджмента и стратегического планирования в инвестициях

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе