Инфоурок Другое КонспектыКлассный час на тему «Құқық өмір айнасы»

Классный час на тему «Құқық өмір айнасы»

Скачать материал

Құқық - өмір айнасы.

Мақсаты: 1. Тәрбиеленушілерге адам құқығы мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік беру, кездесуге шақырылған құқық қорғау қызметенің өкілдерінің кеңестері арқылы білімдерін толықтыру, оның жаңа қырларын білу, өмірге көзқарастарын тың мәліметтермен толықтыру, тапсырманы орындауда ыждағаттылыққа, басқалардың балалық шағынмен өзінің өмірін салыстырып өмірге, басқа адамдар арасында болатын басқа жағдайларға баса назар аударуға қалыптастыру.

2. Адамгершілік ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру.

3.  Балалардың саяси саналылығы мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз беттерімен салыстыра, өмірде қолдана білуге баулу.

Түрі: құқықтық сауаттандыру.

Әдісі: сыр-сұхбат.

Тәрбие үрдісі: құқық бұзушылықтың алдын алу.

Көрнекілігі: Заң туралы қанатты сөздер, арнайы слайдтар, шарлар.

Алдын ала жұмыс: заң туралы мағлұмат беру,  өзекті сұрақтарға дайындалу.
 Қатысушыларбелсенді қатысушылар: жауапты педагог,  қалалық   кәмелетке толмағандар істері  бөлімшесі   қызметкерлері, тәрбиеленушілер,  бейтарап қатысушылар: дәрігер, мекеме педагогтары, ата-аналар.

Барысы:

Тәрбиеші: Құрметті балалар, Мемлекетіміздің ата Заңының І-бабына «Қазақстан Республикасы  құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөз кіргізген. Бүгіндері құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан, заңды білу – заман талабы. Құқық саласында біздің тыныштығымызды құқық саласының органдары қорғайды. Арнайы слайдтар көрсету Қазіргі таңда біздің еліміз Қазақстан Республикасы – бүкіл әлем қауымдастығы мойындап отырған тәуелсіз, егемен мемлекет. Әр мемлекеттің өз заңы болады. Елбасы Н.Ә. Назарбаев ҚР-да бірден бір әр бір адам өміріндегі маңызды құжатқа «Құқықтық жалпы білім беруді ұйымдастырудың шаралары туралы» 1995 жылы 21-маусымда № 2347 қаулысын жариялаған. Елбасы «Заңды білу – заман талабы» екенін көрсетті. Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет, оның ең қымбат қазынасы - адам және адам өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары. Әрбір азамат өзінің әлеуметтік құқықтары мен бостандықтарын пайдалана білу керек, бірақ оны жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс. Адам құқықтары жайлы құжат, яғни «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы» 1948 жылы 10-желтоқсанда БҰҰ-ның шешімімен қабылданған.

 

 Арнайы слайдтар көрсету. Халқымызда «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» деген тамаша мақал бар. Ақылды болу айналаңдағы адамдарды сыйлай, қадірлей білу деген сөз. Құқықтық тілмен айтқанда бұл - заңды білу, яғни заңды білген адам өзгелерге құрметпен қарайды. Заңды білмегендіктен заңсыз істер істеп, зардап шегіп, өзін қорғай алмай жүргендерді көптеп кездестіреміз. Құқық саласынан көп мағлұмат алу үшін бүгінгі біздің шарамызға  қаламыздағы балалар құқығын қорғау мекемесінің маманын арнайы шақырылып отыр. Ендеше қонағымызды ортаға шақырайық.


(Қонақ арнайы дайындалған орынға отырады).
Қонақпен таныстыру 
Бүгінгі сұхбат барысы мынадай бөлімдерден тұрады 
1.Балалардың қояр сұрағы
2.Қонаққа тапсырмалар
3.Қонақпен ойын

1.Балалардың сұрақтары
Балалық шағыңыз қалай өтті? Мектепте қалай оқыдыңыз? Заң саласы қызметкері болуды бала кезіңізден армандадыңыз ба? Не себепті инспектор болдыңыз?
Біздің елімізде бала құқығы заңмен қалай қорғалған?
Сіздің инспектор ретінде міндетіңіз қандай?
Бос уақытыңызда немен шұғылданасыз?
Кәмелетке толмаған балаларға қандай шектеу қойылған?
Кәмелетке толмаған бала қылмыс жасаса,
қалай жазаланады?
Ең алғашқы жұмыс күніңіз есіңізде ме?
Несімен есте қалды?
Жасөспірімдердің ауыл болып төбелесуіне қалай тосқауыл қоюға болады?
Сізге қайта мамандық таңдау реті түссе, қандай мамандықты таңдар едіңіз?
Қорыққан кезіңіз болды ма?
Өтірік айтасыз ба?

2.Қонаққа тапсырмалар

Өлең айту 
Би билеу
Картоп, сәбіз аршу
Есеп шығарту
Сурет салу 
Машина маркаларын ажырату
3. Қонақпен ойын
Смайликтер арқылы кештен алған әсерін, көңіл - күйін көрсету.
Балалар қойған сұрақтардың ішінде өзіңізге ұнаған сұраққа естелік ретінде мына кітапты жазып қалдырсаңыз. Сыр сұхбатқа келіп, шынайы ой бөліскеніңіз үшін рақмет айта отырып, шығармашылық табыс тілейміз және естелікке фотоға түсейік. Қош, сау болыңыздар
.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Классный час на тему «Құқық өмір айнасы»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор детского оздоровительного лагеря

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 273 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.10.2016 614
    • DOCX 34 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Айтмаганбетова Айнур Кашкенбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3524
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой