Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Информатика / Конспекты / Конспект Windows операциялық жүйесі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Информатика

Конспект Windows операциялық жүйесі

библиотека
материалов

Windows операциялық жүйесі, объектілері

Операциялық жүйе ДЭЕМ–нің программалық құралдарының ажырамас бөлігі болып саналады. Әрбір қолданушыға ЭЕМ-нің барлық құрылғыларын басқару мүмкіншілігін беретін, сол себепті басқа программаларды аппаратурамен байланыс жасаудан босататын, компьютерде жұмыс істегісі келетін әрбір адамға өте қажет операциялық жүйенің алатын орны ерекше болып есептеледі.

ОЖ екі негізгі қызметті орындайды:

1. барлық қолданбалы және жүйелік программалардың жұмыстарын қолдап, олардың бір – бірімен және аппараттық жабдықтармен байланыстарын қамтамасыз ету;

2. әрбір адамға ЭЕМ – ді жалпы басқару мүмкіншілігін беру.

ОЖ-нің негізгі мақсаты – программалардың бір-бірімен және сыртқы құрылғылары мен әрекеттестігін қамтамасыз ету, ЭЕМ– нің жадын бөлу, жұмыс кезінде туындайтын әр түрлі оқиғаларды анықтау, жұмыс нәтижелерін қағазға, экранға шығару жолдарын ұйымдастыру, мәліметтерді сыртқы ортадан алу және беру т.б. ОЖ-нің негізгі ядросы машина іске қосылған сәттен бастап ЭЕМ – нің жадында болады. Машинаны жалпы басқару үшін ОЖ-нің командалық тілі пайдаланылады, оның көмегімен дискіні белгілеу, мәліметтерді көшіру, кез келген программаны іске қосу, керекті жұмыс режимін орнату сияқты әртүрлі әрекеттер орындалады.

Сонымен, ОЖ-нің адам мен ЭЕМ аппараттық құралдарының арасындағы байланысты ұйымдастыратын программа немесе өзара байланысқан программалар тобы. Оның құрамына өз командалары және драйверлер– сыртқы құрылғыларды басқару программалары, утилиттер – жұмысты жеңілдететін программалар және тағы басқалар кіреді.

ОЖ-нің атқаратын қызметін мынадай үш топқа жіктеуге болады:

1. Мәліметтерді енгізу – шығарудың барлық түрлерін ұйымдастыру;

2. ЭЕМ – нің сыртқы ортамен қатынасын ұйымдастыру;

3. Мәліметтерді сақтау және өңдеу жұмыстарын атқару.

Компьютерлердің әртүрлі модельдерінде қарай ОЖ-нің архитектурасы (құрылымы) мен мүмкіндіктері де әрқалай бола береді.Ең коп тараған ОЖ түрлері MS-DOS (PS-DOS), CDOS, MSX, UNIX және де соңғы кезде кеңінен қолданыла бастаған көп терезелі операциялық жүйелер – Windows программалары жатады.

Біз қарастырғалы отырған MS-DOS операциялық жүйесі 1981 жылы IBM дербес компьютерлерімен бір мезгілде пайда болып, әрбір компьютерге орналастырылған болатын.

Қазіргі кездерде стандартты операциялық жүйе ретінде Windows есептеледі, бірақ MS-DOS жүйесінің негізгі қағидалары операциялық жүйелердің барлығында толық пайдаланылады.

Дербес компьютерлерде программалар мен мәліметтерді сақтаушы рөлін магниттік дискідегі жинақтауыштар (МДЖ) атқарады, сондықтан ЭЕМ жұмысының пәрмендігі оларды дұрыс қолдана білуге байланысты. Дискілер латын алфавитінің алғашқы бас әріптерімен А:, В:, С:, Д: және т.с.с. болып белгіленеді.

ДЭЕМ іске қосылғанда ОЖ көбінесе С: қатты дискісінен немесе А: иілгіш дискісінен оқылып жедел жадқа жүктеледі де, экранға ОЖ – тің қызмет атқаруға дайындығын білдіретін төмендегідей стандартты түрдегі жұмысқа шақыру белгісі шығады.

А\> - бұл А: дискісінің жұмыс істеуге дайындығын көрсететін шақыру белгісі, егер компьютер іске қосылғанда А: дискіжетек ұясына дискет салынбаса, онда ЭЕМ автоматты түрде В: немесе С: дискілерінен ОЖ – ті оқуға тырысады;

С:\> - С: дискісінің жұмыс істеп тұрғанын көрсететін шақыру белгісі.

ОС ЭЕМ жедел жадына дұрыс жүктелген соң, экранға А:\> немесе С:\> тәрізді команда енгізу жолдары шығады.

Сонымен, ОС магниттік дискіде (қатты) немесе дискетте (иілгіш) сақталады. Дискілердің негізгі бөлігі мәліметтерді немесе программаларды сақтауға арналған. Оның шамалы бөлігінде ғана ОС пен әрбір адамның программаларының мазмұны (каталог не директорий) сақталады.

Мәтіндер мен программаларды сақтауға арналған мәліметтер жиыны файл деп аталады да дискіде сақталады. Файл (file – бума, десте) белгілі бір атпен магниттік дискіде жазылған біртекті информациялар жиыны. ОЖ жұмысы үшін керекті мәліметтер рөлін әртүтлі типтегі файлдар атқарады. Файл программадан, не оларға қажетті берілген сандар тобынан, мәтіннен тұруы мүмкін. Әрбір файлдың файлдар каталогында тіркелген өзіндік аты болуы керек. Дискіде аттары әртүрлі көптеген файлдар болады. Файлдың аты – 8 таңбаға дейінгі әріптен басталатын сандар мен әріптер жиыны, ал оның 3 таңбадан аспайтын екінші бөлігі оның типі не атының кеңейтілуі (тіркеуі) деп те айтылады. Бір каталогта аттары бірдей файлдар болмауы тиіс. Файлдың типі кейде болмауы мүмкін. Файлдың аты мен типі нүктемен бөлінеді.

Файлдың толық аты латынның бас не кіші әріптермен беріледі (цифрлар а кіреді). Мысалы:

COMAND. COM NORTON. EXE TANIA5. DOC START GAME.BAS AIGUL.TXT MARAT.DOC TEXT1

Файлды дискіге жазғанда не өзгерткенде, оның көлемі, жазылған уақыты, мерзімі де тіркеледі. Файлдың аты, типі, символмен берілген (байт) көлемі, операциялық жүйенің календары мен сағатынан алынып жазылған күні, айы, сағаты файлдың атрибуттары (көрсеткіштері) деп аталады. Олар файл жазылғанда, өзгертілгенде немесе көшірілгенде тіркеліп отырады.

NORTON COMMANDER

DOS операциялық жүйесімен жұмыс істеу үшін NORTON COMMANDER қабық - бағдарламаның ролі ерекше. Осының көмегімен қолданушы 2 каталогты қарайды, көшіреді, атын құрады, бағдарлама енгізеді.Әрине бұл іс-әрекеттерді DOS операциялық жүйесімен де істеуге болады. NC қабық-бағдарламаның қолдануға ыңғайлылығында. NC-ді жүктеу –бұйрық NC-ны тереміз. Содан кейін экран бетіне екі кесте шығады. Кестенің төменгі жағында NC функциональды пернелерінің қызметі жазылған. NC кестесін басқару үшін мына пернелер комбинациясын қолданамыз:

Ctrl O- экрандағы қос кестені жою немесе қайта орнату

Сtrl P- экранда ағымдық емес кестені жою

Ctrl U- кестенің орындарын ауыстыру

Ctrl F1-экрандағы сол жақ кестені жою

Ctrl F2-экрандағы оң жақ кестені жою немесе қайта орнату

Мәліметтік кесте. NC кестеде диск және каталог жайында жинақ мәліметтерді шығаруға болады. естенің жоғарғы жағында «INFO» өзі пайда болады, яғни кестеде мынадай мәліметтер беріледі.

- компьютердегі оперативті жадының сыйымдылығы, байт бойынша

- бос оперативті жадының орны

- көрші кестедегі каталогтың файлдарының саны және өлшемі жайында

Экранда мәліметтік кестені шығару үшін, курсорды ағымдық емес кестеге қойып, Ctrl L пернесін басу керек.

Функциональды пернелердің қызметі.

Tab келесі кестеге өту. Келесі каталогқа өту үшін сол каталогты белгілеп алып, ENTER пернесін басу керек.

F1-(HELP)

-анықтамалық мәлімет алу

F2-(USERMENU)

-қолданушының бұйрықтар мәзірін көрсету

F3-(VIEW)

-файлды қарп өту

F4-(EDIT)

-файлды редакторлеу

F5-(COPY)

-файлды көшіріп алу, жазу

F6-(RENMOV)

-файлды жаңа атпен атау, басқа ат беру немесе бір жерден екінші жерге орын ауыстыру

F7-(MKDIR)

-жаңа ішкі каталог құру

F8-(DELETE)

-файлдар тобын немесе бос каталогты жою, өшіру

F9-(PULLDN)

-NC мәзірі

Alt F1

-сол кестеде басқа дискінің мазмұнын беру

Alt F2

-оң кестеде басқа дискінің мазмұнын беру

Alt F3-(EDIT)

-NC-ді көріп өту, іс-әрекетін компьютерлік бағдарлама арқылы жүргізу

Alt F4(EDIT)

-альтернативті редактордың көмегімен файлды редакторлеу

Alt F5

- архивтеу

Alt F6-

-архивті ашу

Alt F7-(SEARCH)

-дискіден файлды іздеу

Alt F8-(HISTORY)

-бұрын енгізілген бағдарламаларды қайта қарап шығу және қайта орындалуы

Alt F9-(EQALN)

-25 қатарлық экраннан 43 қатарлық экранға шығу

Alt F10-(TREE)

-басқа каталогқа жедел түрде өту

Shift F3-(VIEW)

-файлды қарап өту, файл аты сұралады

Shift F4-(EDIT)

-файлды редакторлеу

Shift F5-(COPY)

-файлдар тобын көшіру, қай файлды қандай каталогқа көшіру сұралады

Shift F6-(RENMOV)

-файлды жаңа атпен атау .Қай каталогқа жіберу сұралады

Shift F9

-NC-де тәртіп сақтау




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 11.02.2016
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров153
Номер материала ДВ-444521
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх