Инфоурок Биология КонспектыКонспекты по биологии на тему "Жүрек және қантамырлар жұмысының реттелуі. Жүрек жұмысының автоматизмі. Орталық жүйке жүйесінің қатысуымен жүрек жұмысының ре" (8 класс)

Конспекты по биологии на тему "Жүрек және қантамырлар жұмысының реттелуі. Жүрек жұмысының автоматизмі. Орталық жүйке жүйесінің қатысуымен жүрек жұмысының ре" (8 класс)

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: § 35. Жүрек және қантамырлар жұмысының  реттелуі.

                                          Жүрек жұмысының автоматизмі. Орталық жүйке жүйесінің

                                          қатысуымен жүрек жұмысының рефлексті реттелуі.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жүрек жұмысының реттелуін ұғындыра отырып,

                                      Абай Құнанбаевтың «Жүрек» туралы өлеңдері мен   

                                      қарасөздерінің мағынасын ұғындыру.

Күтілетін нәтиже:

1.     Адам ағзасындағы жүрек және қантамырлар жұмысының реттелуін ұғынады.

2.     Жүректің атқаратын қызметін Абай Құнанбаевтың өлеңдері мен қарасөздерін байланыстыра отырып, талдау жасай алады.

3.     АКТ-ны пайдалана біледі.

4.     Топтық жұмыс арқылы ұжымдық жұмысқа, ұйымшылдыққа, сыни ойлауға үйренеді.

5.     Өзіндік идеяларын, ойларын ашық айтады.

6.     Пән бойынша бағалау критерийлерін жасайды, өз идеяларын қорғайды.

Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ.

Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер: блиц сұрақтар, СТО технологиясының

                                                                         элементтері.       

Пәнаралық байланыс: анатомия, математика, әдебиет.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, флипчарт, бейнекөрініс «Жүрек

                                         жұмысы», қима қағаздар / Абай Құнанбаевтің «Жүрек»

                                         туралы өлеңдері, он төртінші, он жетінші қарасөздері/,

                                         чемоданның, еттартқыштың, жәшік шелегінің суреттері.

Пайдаланылған әдебиеттер: Е.Очкур. Л.Аманжолова. Р.Жұмабаева «Биология»

    «Мектеп баспасы»  2012 ж, Абай Құнанбаев   «Таңдамалы өлеңдер» Алматы «Жазушы» 1985 ж ,

Абай «Қара сөздер. Поэмалар». Алматы «Атлас» 2001 ж.

Сабақтың құрылымы:

І. Қызығушылықты ояту.

«Блиц сұрақтар».

ІІ. Мағынаны тану.

ББҮ әдісі.

Бейнекөрініс «Жүрек жұмысы».

«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі.

ІІІ. Ой толғаныс.

«Галерияда ой шарлау» әдісі.

Үйге тапсырма. «Ойтолғау»

Рефлексия.

Бағалау. «Басбармақ» әдісі.

 

 

 

І. Қызығушылықты ояту.

Тренинг.

«Атомдар мен молекулалар»

1. Топқа бөлу.

Описание: C:\Users\User\Desktop\345.jpeg

 «Атомдар» деген кезде ойыншылар жеке дара жүреді де, «молекулалар, бесеуден» немесе «молекулалар, үшеуден» деген кезде, бес немесе үш адамнан тез арада топтасады да, топқа бөлінеді.

 

 

2. Блиц сұрақтар.

1.Қанайналым дегеніміз не?

2. Жүректің құрылысы қандай?

3. Жүрек құрылысындағы қандай бейімделу бір бағытта қозғалуын қамтамасыз етеді?

4. Жүректі қандай ұлпалар қамтиды?

5. Жүрек қандай қабаттардан тұрады?

6. Жүректен қандай қантамырдлар жүйесі тарайды?

7. Артерияның құрылысы қандай?

8. Вена құрылысы қандай?

9. Капиллярлар дегеніміз не?

Тұсаукесер.

Жанды мотор сынбайды,

Күні – түні тыңбайды

Кейде оның жүрісін,

Дәрігерлер тындайды.

                                      (жүрек)

ІІ. Мағынаны тану.

3. ББҮ әдісі.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

ü  

ü  

 

 

4. Бейнекөрініс. «Жүрек жұмысы».

/ оқушыларға қосымша мәліметтер айтылады/.

5. «Ойлан – жұптас – бөліс».

І топ. Жүрек автоматизмі.  Абай Құнанбаев «Жүрегім, нені сезесің?»

ІІ топ. Жүрек циклы.           Абай Құнанбаев « Журегім менің – қырық жамау».

ІІІ топ. Жүрек жұмысының реттелуі. Абай Құнанбаев «Он жетінші қара сөз».

 

 

 

Жүрегім, нені сезесің?

/Абай Құнанбаев/

Жүрегім, нені сезесің,

Сенен басқа жан жоқ па?

Дүниені, көңілім кезесің,

Тиянақ жоқпа, қой, тоқта!

Сезгеніңді сездіріп,

Жете алмадың ортаққа.

Тірі жаннан бездіріп,

Апарасың қай жаққа?

Досты қайдан табарсың,

Кеңесерге адам жоқ.

Әрлі – берлі шабарсың,

Жалғыздықтан жаман жоқ.

Күйерсің, жүрек күйерсің,

Күйгенінен не пайда?

Дүниеде нені сүйесің

Өмір қайда дос қайда?

ЖҮРЕГІМ МЕНІҢ – ҚЫРЫҚ ЖАМАУ

/Абай Құнанбаев/

Жүрегім менің – қырық жамау,

Қиянатшыл дүниеден.

Қайтып аман қалсын – ау,

Қайтқаннан соң әр неден.

Өлді кейі, кейі  - жау,

Кімді сүйсе бұл жүрек.

Кімі – қастық, кімі – дау,

Сүйенерге жоқ тірек.

Кәрілік те тұр тақау,

Алдымызда айла жоқ.

Қайғысыздың бәрі асау,

Бізге одан пайда жоқ.

Қан жүректі қайғылы – ау,

Қайырыла кет сен маған.

Қасиетін ойлан – ау,

Қам көңілдің тынбаған.

Он жетінші қара сөз.

/Абай Құнанбаев/

         Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті.

         Қайрат айтыпты: «Ей, ғылым, өзің білесің ғой дүниеде еш нәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын; әуел өзіңді білуге ерінбей, жалықпай үйрену керек, ол менің ісім; Құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей, жалықпай орнына келтірмек те  менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абұйыр, мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен көрсе қызар жеңілдіктен, шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатырған бойды қайта жиғызыпа латұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады? – депті.

         Ақыл айтыпты: «Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса білетұғын – мен, сенің сөзінді ұғатұғын – мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?» - депті.

         Онан соң жүрек айтыпты:

-         Мен адам денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен

қылады, менсіз тіршілік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің, тамақсыз аштың күй – жайы қандай болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашылтып, төсегінде  дөңбекшітетұғын – мен. Үлкенге ұят сақтап, кішіге рақым қалдыратын – мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп, еритұғын – мен, жаманшылыққа жиреніп, тулап кететұғын – мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады депті.

         Сонда ғылым бұл үшеуін тыңдап болып, айтыпты:

-         Ей, қайрат, сенің айтқанының бәрі де рас. Ол айтқандарынан басқа да  көп

өнерлерінің бәрі рас, сенсіз болмайтұғыны да рас, бірақ қаруына қарай қаттылығың да мол, залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, Кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман,  - депті.

-         Ей, ақыл! Сенің айтқандарының бәрі рас. Сенсіз еш нәрсе табылмайтұғыны да

рас. Жаратқан тәңіріні де сен танытасың, жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да - бәрі сенен шығады. Жақсының, жаманның – екеуінің де сүйенгені сең; екеуінің де  іздегеніп тауып, беріп жүрсің, соның жаман, - депті. – Сен еуеуінің де басыңды қоспақ – менің ісім, - депті. – Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек болса жарайды.

     Ақыл, сенің қырын көп, жүрек сенің ол көп қырына жүрмейді. Жақсылық айтқаныңа жаны – діні құмар болады. Көнбек түгіл, қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл, жиреніп, үйден қуып шығарады.

     Қайрат сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрің жүрекке билет, - деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен.

-         Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам сол.

Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым.

    Құдайшылық сонда: қалпыңды таза сақта, Құдай тағала қалпыңа әрдайым   қарайды деп кітаптың айтқаны осы, - депті.

ІІІ. Ой толғаныс.

6.«Галерияда ой шарлау» әдісі.

 «Жүрек үздіксіз жұмыс істесе де қажымайды».

І топ. Эссе жазу.

ІІ топ. Журек аурулары туралы, жүрек ауырғанда пайдалынатын дәрі – дәрмектер туралы өз білетіндерін айту.

ІІІ топ. Өлең шығару.

7.ББҮ әдісі.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

ü  

ü  

ü  

 

Үйге тапсырма: «Абай тағылымынан»...

 Он төртінші қара сөз.

Абай Құнанбаев.

Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың жүректі кісі дегені – батыр дегені. Онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап білмейді. Рақымдылық, мейірбандылық, уа әрбір түрлі адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай ойды оларға да болса игі еді демек, бұлар - жүрек ісі, асықтық та – жүрек ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Амалдың тілің алса, жүрек ұмыт қалады. Біздің қазақтің «жүректісі» мақтауға сыймайды. Айтқанға көнгіш, уағдада тұрғыш, бойын жаманшылықтан тез жиып алғыш, көштің соңынан итше ере бермей, адасқан көптің атының басын бұрып алуға жараған, әділетті ақыл мойындаған нәрсеге, оңай да болса мойындамау – ерлік, батырлық осы болмаса, қазақтың айтқан батыры – әншейін жүректі емес, қасқыр жүректі деген сөз.

         Қазақта адам баласы ғой, көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылықтың жоқтығынан азады. Білместігімнен қылдым дегеннің көбіне нанбаймын. Білімді білсе де, арсыз қайратсыздығынан ескермей, ұстамай кетеді. Жаманшылыққа бір ілігіп кеткен соң, бойын жиып алып кетерлік қайырат қазақта кем болады.

         Осы жұрттың көбінің айтып жүрген мықты жігіті, ер жігіт деп ат қойыпжүрген кісілерінің бәрі – бәлеге, жаманшылыққа ілңртпек үшін, бірін бірі «айда, батырлап!» қыздырып алады да, артын ойлатпай азғыратұғын сөздері.

         Әйтпесе, Құдайға терістіктен, не ар мен ұятқа терістіктен сілкініп, бойын жиып ала алмаған кісі, үнемі жаманшылыққа, мақтанға салынып, өз бойын өзі бір тексермей кеткен кісі, тәуір түгілі, әуелі, адам ба өзі?!

І топ. «Жүрек жұтқан».

ІІ топ. «Кең жүректі».

ІІІ топ. «Жүрексіну» / мағыналарын аша отырып, «Ойтолғау» жазып келу/.

 

 

8.Рефлексия.

 

чемодан

Чемодан – алған керекті ақпарат.

 

Screenshot_2015-10-05-01-45-40

  Еттартқыш – әлі толықтыруым керек.

 

 

мусорный

    Қоқыс жәшігі – артық дүние.

 

 

 

Бағалау.

Әр топ бірін – бірі бағалайды.

9.«Басбармақ» әдісі.

Бас бармақ  жоғары қарай – өте жақсы.

Бас бармақ  көлденең – орташа.

Бас бармақ  төмен - төмен

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспекты по биологии на тему "Жүрек және қантамырлар жұмысының реттелуі. Жүрек жұмысының автоматизмі. Орталық жүйке жүйесінің қатысуымен жүрек жұмысының ре" (8 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Шеф-повар

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 789 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.02.2017 881
    • DOCX 319.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жауарбекова Гулзира Орынгалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7505
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания биологии в условиях реализации ФГОС

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 810 человек

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 59 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Биология» в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 396 человек

Мини-курс

Неорганическая химия

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 14 регионов

Мини-курс

Общие понятия и диагностика антивитального поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методы и подходы проведения трекинга и менторства

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе