Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Конспекты урока на тему "Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы"

Конспекты урока на тему "Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы"



Внимание! Сегодня последний день приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:



Қазақ тілі мен әдебиеті және іс қағаздарын жүргізу пәнінің оқытушысы :

Маханова Маралдым Оразгелдиевна


Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласы

Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі

maral.78@mail.ru

сот: 87018909101


Тақырыбы:

Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы

85 жыл

D:\Макатаев\сканирование0002.jpg

Ашық сабақ
















Есік қаласы, 2015 жыл

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты:

Ақиық ақын-Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер беру. Өлеңдерін, әндерін тыңдату, шығармаларына қысқаша талдау жасату, алдын-ала берілген ізденіс жұмыстары арқылы меңгерту

Міндеттері:

Білімділік: XX ғасырдың біртуар тұлғасы, поэзияның Хантіңіріне айналған ақын Мұқағали өміріне шолу, оның әдебиет тарихындағы өшпес мұра қалдырған талант иесін оқушыларға меңгерту

Дамытушылық: Оқушының ойлау қабілетін, сөйлеу тілін, өлеңді нақышына келтіріп жатқа оқу, шығармашылық қабілеттерін арттыру, шығарманы талдау қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: Поэзияны сүюге, оны бағалай білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, ізденушілік, мәнерлеп оқу, Н.Оразақынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясы, «5 жолды өлең» стратегиясы, көрініс, «Ұқсастықты топтастыру» әдісі, «кубизм» ойыны, сұрақ-жауап, жинақтау

Техникалық құралдары: интерактивті тақта, слайд, үнтаспа, бейнебаян, видео

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка, физика, тарих.

Сабақтың көрнекілігі: Мұқағалидың портреті, Мұқағали шығармашылығына арналған кітап көрмесі

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. М.Жолдасбекұлы, А.Сейдімбек «Елтұтқа»

  2. Қазақ әдебиеті Алматы, Мектеп 2007 ж

  3. Мұқағали Мақатаев I том, «Жазушы» баспасы 1982 ж

  4. Мұқағали Мақатаев II том, «Жазушы» баспасы 1982 ж

  5. Тарихи тұлғалар

  6. Қазақ әдебиетінің хрестоматиясы

  7. Мұқағали Мақатаев «Жүрек арызы» Алматы 2008 ж

  8. «Жетісу» газеті, «Қазақ әдебиеті» газеті

  9. «Аңыз адам» журналы, Мұқағали Мақатаев

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару

IV. Білімдерін қабылдауға даярлау. Мақсат және міндеттерді құру.

Сабақтың мақсат, міндетімен таныстыру

V. Жаңа білімді меңгерту кезеңі

Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы

Қызығушылығын ояту.

«Көнеміз ғой» әнін бейнебаяннан тыңдату

Бүгінгі сабақта біз ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтерді жүйелеп, төмендегі тақырыпшалар бойынша меңгереміз.

  1. Видео

  2. Ақынның өмір жолы

  3. Мұқағалидың атқарған қызметтері

  4. Отбасы:

Ойлағанда өзегім өртенеді (ақынның анасы: Нағиман)

«Шеше сен бақыттысың», «Ақ кимешек көрінсе» өлеңдерін жатқа айту

  1. Мұқағали-сырласым, Мұқағали-мұңдасым (ақынның жары: Лашын)

«Күрсінбеші», «Мен сені сағынғанда» өлеңдерін жатқа айту

  1. Ақынның балалары: (Жұлдыз, Алмагүл, Шолпан)

«Әке, тұршы, жетер енді жатқаның», «Ұлыма», «Шолпаныма», «Тағы да Мәйгүлге», «Мәйгүлге» өлеңдерін жатқа айту

  1. Шығармашылығы:

Поэмалары: «Райымбек, Райымбек», «Аққулар ұйықтағанда», «Мавр», «Өмірдастан», «Ильич», «Чили, шуағым менің», «Ару ана», «Моцарт. Жан азасы», «Шолпан», т.б.

Әңгімелері: «Марусяның тауы», «Құлпытас», «Әже», «Өзгермепті»

Пьесасы: «Қош махаббат»

Повестері: «Қос қарлығаш», «Жыл құстары»

Ақынның шығармашылығы және оның басты тақырыптары

Мұқағали Мақатаев қазақтың ақиық ақыны, қара өлеңнің Құлагері атанған. Мұқағали поэзиясы түрлі тақырыптар қамтыған: ана туралы, туған жер, Отан, табиғат лирикасы, махаббат лирикасы т.б.

Мұқағалидың өлеңдеріне жазылған әндер:

«Саржайлау», «Есіңе мені алғайсың», «Күрең күз», «Бақыт деген», «Аңса, жаным», «Сәби болғым келеді», «Дариға домбырамды берші маған», Мұқағалиша анкета

А) Екі оқушыға «Менің анкетам» өлеңін рөлге бөліп оқыту

Б) Әр студентке өз өмірбаянын өлең анкета түрінде немесе «5 жолды өлең» стратегиясы арқылы жаздырту

Есімдік: Мен

Сан есім: 1996 жылы

Мекен үстеуі: Есік қаласында

Құрдастарым колледжде

Білімімі бар орташа

  1. Моцарт пен Мұқағали (видео)

  2. Мұқағалидың «Моцарт. Жан азасы» реквиемі туралы мәлімет

  3. «Жан азасы» шығармасына сатылай кешенді талдау

«Реквием» I бөлім « Табыт үні» II бөлім «Халық үні» III бөлім «Жесірлер үні» IV бөлім «Жетімдер үні» V бөлім «Бесік жыры»

Н.Оразақынованың «Сатылай кешенді талдау» жасау

  1. Сергіту сәті.

Мұқағали поэзиясы  физика пәнінде қонақта

«Түнгі Алматы» өлеңі

Судың аты –су ғой ол бұғына ма?

Тау бұлағы көлшікке кеп тығыла ма?

Су сәулеге ұмтылып, сәуле суға,

Айналады ғажайып шұғылаға!

Жарықтың сәулеге шағылысуы (диссперсия)                        

Бозқараған

Көрдің бе, бозқараған?

Сирень иісі аңқиды боз даладан,

Бозқараған тікенек, тікенек өскен.

Сирень гүлін ешкім де қозғамаған

Соның аты-біздіңше  «Бозқараған» 

 «жайылу,таралу» (Диффузия) 

Қарасаздың шыбығын жел тербеген,

Жел тербеген шыбықты мен тербеген

Тербеліс күші

  1. Көрініс «Аурухана бөлмесіндегі оқиға»

Мұқағали: «Дәрігеріме» , «Жоқ дәрігер» өлеңдері оқылады.

  1. Видео: «Ақын шығармалары қытай тіліне аударылды»

  2. Аудармалары.

Данте Алигьеридің «Құдіретті комедиясының» Тамұқ бөлімін аударды.

Уильям Шекспирдің «Сонеттерін» аударды

Уолт Уитменнің өлеңдерін аударған.

  1. Мұқағалидың құпия есебі

«Өзімнің есебімше» өлеңі

  1. Мұқағали өлеңдерін жатқа айтқызу

  • Мен таулықпын, Менің анкетам, Поэзия! Менімен егіз бе едің?, Табиғат, Махаббат диалогы, Бақыт деген... Күрсінбеші, Таңғы ұйқының тәттісі-ай, Үш бақытым,

VI. Жаңа білімді меңгергендерін тексеру кезеңі

«Ұқсастықты топтастыру» әдісі


Үндестік

Абай

Мұқағали

Сөз құдіретін тану

Мен жазхбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды ертеңгіні термек үшін.

Көкірегі сезімді, тілі орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.


Өлмеу үшін, құлқынды жемеу үшін,

Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін.

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,

Абай жаққан бір сәуле бермек үшін.

Рухани үндестік

Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.


Жақтасаң да, өзің біл, даттасаң да,

Соттассаң да еркің бар, ақтасаң да.

Мен де жұмбақ адаммын оны да ойла,

Мыңмен жалғыз алысып жатпасам да.

Табиғатты тану

Желсіз түнде-жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп.

Ауылдың маңы-терең сай,

Тасыған өзен гүрілдеп.


Ұялып барады өтіп бұлақ бала,

Бұйығып үн қатпайды жылап қана.

Баланың маңдайынан сипалаған,

Дірілдеп айдан тамған шуақ қана.


  1. Ақын өлеңін мәнерлеп оқу, талдау.

Теңеу дегеніміз не?

Эпитет дегеніміз не?

Өзеніне асыққан бұлақтайын, 
Енесіне жүгірген лақтайын, 
Жайқалайын жаныңа құрақтайын, 
Енді мен де саған кеп тұрақтайын. 
Асқар тауға соғылған дауылдайын, 
Ақтарылған аспаннан жауындайын, 
Дамылдайын, саған кеп дамылдайын, 
Ауа бермей аулаққа сағымдайын. 

/ Өзеніне асыққан бұлақтайын/ 

«Мұқағали – сырлы әлем» тақырыбында эссе немесе Мұқағалиға арнау өлең жазу

VII. Білімді бекіту кезеңі

«Кубизм» ойыны

1. Баяндау. Мұқағалидың алғашқы өлеңдері. Ол қашан, қайда жарияланды?

(Мұқағали 10 жасынан бастап өлең жаза бастады. Алғашқы өлеңдері «Қырман басында», «Қойшы бала Әкітай» 1949 жылы «Советтік шекара» газетінде жарияланады. )

2. Қолдану. Мұқағали ақынның жыр жинақтарын ата.

(«Армысыздар, достар», «Қарлығашым, келдің бе?», «Дариға жүрек», «Бәйге», «Өмір дастаны», «Жырлайды жүрек», «Күнделік», «Шолпан» т.б.)

3. Салыстыру. Әдебиет тектері неше түрге бөлінеді? (үш негізгі тектері бар: эпос, лирика, драма)

4. Байланыстыру. Мұқағали ақын кімнің тәрбиесінде болды?

(Әжесінің. Ол «Мені сөзге, жырға үйір еткен, тәрбиелеген, халықты сүюге үйреткен - әжем» дейді. Ақынның әжесінің аты – Тиын. Келіндері оны «Мысқыл апа» деген. )

5. Топтастыру. Қазақ поэзиясының тағы қандай өкілдерін білесің?

6. Қабылдау. Мұқағалидың қандай әңгімелері бар? (Құлпытас, Марусьяның тауы, әже, Өзгермепті)

Мұғалімнің қорытынды сөзі.

VII. Үйге тапсырма: «Мұқағали – сырлы әлем» тақырыбына эссе жазып келу.

М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек, Райымбек» поэмаларын оқу, сатылай кешенді талдау жасап келу

Бағалау.

Компьютер арқылы әр студенттің бағасы шығады.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 15.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров175
Номер материала ДВ-157850
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх