Инфоурок Другое Другие методич. материалыКоучинг на тему: "Сын тұрғысынан ойлауды дамытудың құралы ретінде Блум таксономиясын тиімді пайдалану"

Коучинг на тему: "Сын тұрғысынан ойлауды дамытудың құралы ретінде Блум таксономиясын тиімді пайдалану"

Скачать материал

Құрастырған: Жамбыл облысы,  Тараз қаласы, №29 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Карасаева Г.А.

 

«Сын тұрғысынан ойлауды дамытудың құралы ретінде Блум таксономиясын тиімді пайдалану» тақырыбына арналған коучинг сабағының жоспары

 

Сабақтың

тақырыбы

«Сын тұрғысынан ойлауды дамытудың құралы ретінде Блум таксономиясын тиімді пайдалану»

Жалпы

мақсат:

Мұғалімдерге төмен және жоғары дәрежелі сұрақтарды ажыратуға қатыстыру, оқыту кезінде сұрақтарды «Блум таксономиясына» сәйкес құрастырудың тиімділігіне көз жеткіздіру, сұрақ қою маңыздылығын, дұрыс қойылған сұрақтың оқытудың тиімді құралы екендігін ұғындыру.

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық  41-49 беттер

Түйінді идеялар:

Сұрақтар «Блум таксономиясына» сәйкес болуы керек.

«Кім сұрақты дұрыс қоя алса, сол толық және қажет жауапты ала алады».

Сабақта қолданылатын материалдар:

бейнематериал, таныстырылым «Блум таксономиясы, Ақылдың алты қалпағы», «Сергіту»,  маркерлер, стикерлер, постер;

Оқыту әдістері:

Блум таксономиясы,  ақылдың алты қалпағы, ашық және жабық сұрақтар, постер құру

Дерек көздері:

«Мектеп әлемі немесе мұғалім оқушы көзімен» бейнематериал (you tube), сергіту сәті «Алтын балық»

Оқуға арналған тапсырмалар:

Кластер мен постер құру, Блум таксономиясы бойынша сұрақты құрастыру және орналастыру, Ақылдың алты қалпағын пайдалану арқылы тақырыпты ашу

«Әріптестерді топқа бөлу»

4 мин

 

1. Сәлемдесу.                                      2. Топтарды ұйымдастыру үшін «Сәлеметсіздер ме, бұл мен...» психологиялық тренинг өткізіледі. Әркім өзіне презентация (сурет, сөйлем, өлең) жасау керек. Ең жақсы презентация жасаған 3 адам ортаға шығып сұрақтарға жауап береді:     

1. Кімді өзіңізбен бірге тауға  серуендеуге алар едіңіз?        

2. Кімге өзіңіздің сөмкеңізді  сеніп тапсырар едіңіз?

Әрқайсысы 2 адамды таңдау арқылы 3 адамнан 3 топ құрастырылады.

Тақырыпқа ену

3 мин

Тақырып жарияланғаннан кейін, төмен және жоғары дәрежелі сұрақтар туралы талқыланады.

Өздігінен ой қорытып, тұжырымын ортаға салады.

Тапсырма №1

8 мин

Әр топ ашық және жабық сұрақтар бойынша кластер құрады және қорғайды.

Өз тұжырымын дәлелдейді.

Тапсырма №2

Блум таксономиясы бойынша ой қозғау

10 мин

 

Мұғалімдер «Блум таксономиясы» материалмен танысады. Үлестірмелі материалда «Блум таксономиясының» әр деңгейіне сипаттама мен мысал берілген. Ең төменгі үдерістен жоғарыға қарай кезең-кезеңімен қозғалуды көздейтін 6 кезеңді оқып, топ болып талқылайды.

Өздігінен материалмен танысып, топпен талқылайды.

 

Тапсырма №3

3 мин

«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» тақырыбына Блум таксономиясы бойынша сұрақтар беріледі. Сол сұрақтарды кезең бойынша орналастыру керек.                                 1.  Оқыту мен оқудағы қандай жаңа тәсілдер бар?

2.  Дәстүрлі оқыту мен сындарлы оқытуды салыстырыңыз.

3.  Оқытудың қандай жаңа тәсілін қолдануға болады?

4.  Оқытудың бірнеше жаңа тәсілін сипаттаңыз және олардың қайсысы тиімді екенін түсіндіріңіз.

5.  Сіз таңдаған оқытудың жаңа тәсілінің сіз үшін неліктен тиімді екенін дәлелдеңіз.

6.  Неліктен оқыту мен оқудағы бұл жаңа тәсілді қолданған анағұрлым тиімді деп ойлайсыз? Неге ия немесе неге жоқ?

Әр топ тапсырманы өз бетінше орындайды. Қатысушалар тапсырманы орындау барысында өз сабақтарында Блум таксономиясын қалай пайдалану керектігін өздерінің тәжірибесі негізінде түсінеді. Сабақтарында пайдалана алатын болады.

 

 

 

 

Сергіту сәті

1 мин

«Алтын балық» сергіту сәтін өткізу.

Психологиялық ахуал орнап, сергіп алады.

Тапсырма №4

15

Әр топқа ертегі таратылады. Сол ертегілер бойынша әр топ «Блум таксономиясы» бойынша сұрақ құрастырады. Постер құрып, қорғайды.

Ертегілерды оқып, Блум таксономиясы бойынша сұрақ құрастырады. Әр топқа сұрақ қойылып, талқыланады.

Таныстырылым

3 мин

Таныстырылым «Ақылдың алты қалпағы» (презентация)

Презентация бойынша жаңа мағлұмат алады.

Ақылдың алты қалпағы

 

8 мин

 

«Мектеп әлемі немесе мұғалім оқушы көзімен» бейнематериалды көрсетіп, Қатысушыларды 6-ға бөліп, «ХХІ ғасырда мұғалімге өзгеру қажет пе?» тақырыбында Эдвард де Бононың ақылдың алты қалпағы арқылы жауап іздейді.

6 қалпақ бойынша тақырыпты ашады. Әр түстің мәнін түсінеді.

Рефлексия

2 мин

Әр топ бір-біріне 2 сұрақтан қояды.

Тақырыпты қорытындылайды

Қорытынды рефлексия

3 мин

 «Қол» әдісі арқылы сабақтан Формы руки: Простая рукаалған  әсерін білу.

Әрбір қатысушы қағазға қолының суретін  салуы керек және әр  саусақтар бойынша  бүгінгі күнге рефлексия жасауы қажет.

Басбармаққа не ұнағанын, балаң үйрекке – қиын болғанын, ортаңғы  терекке – не ұнамағанын, шылдыр шүмекке – көңіл-күйлерін, кішкентай бөбекке – ұсыныстарын жазады.


АҚЫЛ КҮШІ

 

Ертеде кісікиік деген, жыртқыш киіктер болыпты. Ол киіктер аң аулап, шыққан адамдарды иығымен соғып өлтіре береді екен. Киік аулаған адамдардың көбі сол кісікиіктерден қорқып, аң аулауға сирек шығады екен.

 

Бір күні бір кедей кісі баласына:
—       Екеуміз аң аулауға шықсақ қайтеді?— дейді. Сонда баласы:
—       Әке, бізді кісікиік өлтіріп тастамай ма?— деп сұрайды.
—       Жоқ, балам. Мен бір амал ойлап тауып отырмын. Осы жолы кісікиіктен аман кұтылып кетеміз,— деп, әкесі аңға баласын ертіп шығады. Олар көп аң атып алады. Содан күн кешкіріп, қараңғылық түсе бастайды.

Әкесі:
—       Балам, сен мына жерге отын жинап қой,— дейді.

 

Үстеріне кигендері қой терісінен тігілген тон мен шалбар екен.

 

Әкесі атып алған бір аңның майлы жерінен кесіп алып, әлгі тықыр тонның үстіне жағады, баласына да соны істетеді.

 

Мұны көріп отырған кісікиіктер де бұлардың істегенін істегісі келіп, ымдап сұрайды. Майдың сырына түсінбеген кісікиіктер майды алады да, үстілеріне жағады. Сол кезде аңшы әлгі тонның үстіне от қойған құсайды. Ал тақыр тон мен шалбар жанбайды. Кісікиіктер де денелеріне май жағып болып, отқа жақындайды. Бір кезде майлы денелеріне от тиіп, жана бастайды. Енді олар отты сөндірмек болып, біріне-бірі сүйкеніседі. От одан сайын қаулап, бәрі бірдей өртеніп өледі.

 

Сөйтіп, аңшы кісікиіктен аман қалады.


АҚЫЛДЫ КЕЛІН

Ерте заманда бір байдың жалғыз ұлы болыпты. Ұлы алды-артын ойламайтын ақылсыз, келіні өте акылды әйел екен. Баласы жылда базарға барған сайын құмар ойнап, ақшасын, малдың бәрін ұтқызып, сымпиып өзі кайта беріпті.

Бір күні байдың өзі базарға мал айдап барады. Ол баласынын құмарға ұтқызған дүниесінің бәрін ұтып алып қайтады. Орта жолда байға қарақшылар кездеседі. Сонда бай:

—        Мен ауылдан көп мал алдырып берейін, босатындар,—дейді.

Қарақшылар бұған көнеді. Бай хат жаза бастайды: «Қырык ат, алпыс атан, үйдің екі алтын босағасын, оны талқандайтын балта беріп жіберіндер. Біз Ащы сай деген жердеміз». Екі қарақшы хатты алып барып, байдың ұлына табыстайды.

—        Әкем ұтылып қалған екен,— деп,баласы мал жинастыра бастайды.

Хатты келіні оқып көреді де, күйеуін оңашаға шығарып, әкесінің жау қолына түсіп қалғанын айтады.

—        Қырык ат дегені — кырық каракшының саны, алпыс атаны — алпыс кісі әкелсең, жеңесің дегені. Екі алтын босаға және балтасы — мына келген екеуінің көзін жой дегені.

Сол күні екі қарақшыны байлап тастап, алпыс адаммен барып, ұлы қарақшыларды талқандап әкесін босатып алады.


ЕСТІ ҚЫЗ

 

 

Баяғыда байдың қолында бір жетім қыз болыпты. Әке-шешесі ерте өліп, жалғыз қалған екен. Орімдей жас бала байдың отын-суын тасып, тамағын асырапты. Күндердің күнінде сол ауылдың қыздары жиналып, шөпшек теруге шығыпты. Терген шөпшектерін буып, арқалап алыпты. Үйлеріне қайтып келе жатқанда жолда жаңбыр құйып кетеді. Қыздар отындарын арқалап үйлеріне қарай жүгіріпті.
Жетім қыз қырық жамау жаман шапанын шешіп алып, отынның үстіне жауып, жаңбырдың басылуын тосып отырыпты.
Алыстан келе жатқан салт атты жолаушы мұны көріп, кыздың қасына келеді де:

                Шырағым, ана балалар ауылға кетіп калды ғой. Сенің бұл отырысың не?—деп сұрайды. Сонда қыз былай дейді.

—        Барса, бара берсін, менің нем кетеді? Олардын отындары да, киімдері де су болады.

Атты кісі ауылға барса, айтқанындай-ақ елдің көбісі отындары су болып, шай қайната алмай отыр екен.

                Жәміш деген қыз бала тұратын үй кайсы?— дейді жолаушы.

                Анау жотаның үстіндегі үй,— деп көрсетіп жібереді.

Жолаушы сол үйге барып түседі: Шайы қайнап, тамағы пісіп тұр екен. Бір-екі кісі келіп, құрғақ отыннан тамызық та сұрап алып жатады. Мұны көріп отырған қонақ жетім баланы шақырып алып:
—        Қызым, сен ақылды бала екенсің, алдыннан жарылкасын!— деп батасын беріпті.


Блум таксономиясы

Білу

Фактілерді, жағдайларды, негізгі тұжырымдамалар мен жауаптарды көрсету арқылы

өткен материалдардың есте сақталғанын растау:

• Арнайы сипаттамаларды білу (терминология, нақты фактілер мен т.б.).

Жалпылайтын сипаттамаларды білу: конвенциялар, үрдістер мен сабақтастық,

жіктелімдер мен санаттар, критерийлер, әдістемелер және т.б.

• Тиісті саладағы әмбебап нәрселер және абстрактілерді білу – қағидаттар мен жал-

пылаулар, теориялар мен құрылымдар және т.б.

Сұрақ қойылу үлгісі: Алманы пайдаланудан денсаулық үшін қандай пайда бар?

Түсіну

Негізгі идеяларды ұйымдастыру, салыстыру, түсіндіру, сипаттау және бекіту жолымен

фактілер мен идеяларды түсінетіндігін көрсету:

• Аударма жасау;

• Интерпретация;

• Экстраполяция.

Сұрақ қойылу үлгісі: Алма мен апельсинді пайдаланудың денсаулыққа пайдасын салы-

стырыңыз.

Қолдану

Жаңа білімдерді, әдістерді және ережелерді түрлі нұсқада пайдалану.

Сұрақ қойылу үлгісі: Бәліш пісіру үшін алманың қандай түрі жарамды, неге?

Талдау

Дәйектер мен себептерге сәйкес ақпаратты тексеру және жіктеу. Қорытынды жасау

және жалпылаудың болғанын растайтын дәлелдерді анықтау:

• Элементтерді талдау;

• Қарым-қатынасты талдау;

• Ұйымдастыру қағидаттарын талдау.

Сұрақ қойылу үлгісі: Алмамен тамақ дайындаудың төрт тәсілін сипаттаңыз және

олардың қайсысы денсаулыққа анағұрлым пайдалы екенін түсіндіріңіз. Сіздің сөздеріңізді

айғақтауға арналған сілтемелер беріңіз.

Жинақтау

Жаңа үлгіде әртүрлі тәсілдермен элементтерді қиыстыру арқылы ақпаратты жүйелеу

немесе балама шешім ұсыну:

• Ерекше байланыс орнату;

• Жоспар әзірлеу немесе ұсынылатын операциялар жиынтығы;

• Абстарктілі қатынастардың жиынтығы негізіндегі қорытындылар.

Сұрақ қойылу үлгісі: Алма бәлішінің «пайдасыз» рецептісіне өзіңіздің қалауыңызша

басқа заттарды қосып, бір «пайдалы» рецепт жасаңыз. Өзіңіз таңдап алған заттардың

алғашқысынан пайдалырақ екенін дәлелдеңіз.

Бағалау

Пікірмен таныстыру және оны дәлелдеу, ақпарат бойынша қорытынды жасау, бірқатар

критерийлердің негізінде идеяларды негіздеу және жұмыс сапасын бағалау:

• Ішкі дәлелдемелер тұрғысынан жасалған қорытынды;

• Сыртқы критерийлер тұрғысынан жасалған қорытынды.

Сұрақ қойылу үлгісі: Мектептен кейін балаларға алма бәлішін берген пайдалы деп

санайсыз ба? Неге – ия немесе неге – жоқ?


Сіз таңдаған оқытудың жаңа тәсілінің сіз үшін неліктен тиімді екенін дәлелдеңіз.

Оқытудың қандай жаңа тәсілін қолдануға болады?

Неліктен оқыту мен оқудағы бұл жаңа тәсілді қолданған анағұрлым тиімді деп ойлайсыз? Неге ия немесе неге жоқ?

Дәстүрлі оқыту мен сындарлы оқытуды салыстырыңыз.

Оқыту мен оқудағы қандай жаңа тәсілдер бар?

Оқытудың бірнеше жаңа тәсілін сипаттаңыз және олардың қайсысы тиімді екенін түсіндіріңіз.

 

 

 

Сіз таңдаған оқытудың жаңа тәсілінің сіз үшін неліктен тиімді екенін дәлелдеңіз.

Оқытудың қандай жаңа тәсілін қолдануға болады?

Неліктен оқыту мен оқудағы бұл жаңа тәсілді қолданған анағұрлым тиімді деп ойлайсыз? Неге ия немесе неге жоқ?

Дәстүрлі оқыту мен сындарлы оқытуды салыстырыңыз.

Оқыту мен оқудағы қандай жаңа тәсілдер бар?

Оқытудың бірнеше жаңа тәсілін сипаттаңыз және олардың қайсысы тиімді екенін түсіндіріңіз.


 


                                           

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Коучинг на тему: "Сын тұрғысынан ойлауды дамытудың құралы ретінде Блум таксономиясын тиімді пайдалану""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по студенческому спорту

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 711 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.04.2016 666
    • DOCX 302 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Карасаева Гулмира Аскаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Карасаева Гулмира Аскаровна
    Карасаева Гулмира Аскаровна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6902
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Мини-курс

Предпринимательские риски

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методология проектного менеджмента и стратегического планирования в инвестициях

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология развития личности: от мотивации к самопониманию

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 85 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 35 человек