Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / "Кәсіптік білім беру" презентация
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 203 курсов со скидкой 40%

"Кәсіптік білім беру" презентация

библиотека
материалов

КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ – КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ

Бүгінде отандық білім беру мен бизнес саласы арасындағы әріптестік байланыс күшейіп келеді. Оған ел экономикасының­ дамуына қажетті мамандықтар даярлаудың себепкер екенін ескер­сек, бұл арнадағы жұмыстар өз ретімен орындалуда. Бұл бағыттағы жүйелі жасалған жұмыстар екінші жағынан аймақтық бәсекені арттырары сөзсіз. Дей тұрғанмен, жасыратыны жоқ, елімізде кәсіптік білім беруді көздейтін стандарттарға енді ғана көңіл бөлініп келеді. Осы ретте ірі кәсіпорындар кәсіптік білім беру жүйесіне қыруар қаржы салып, жас мамандарды даярлау ісіне белсене қатысуда.

Осылайша аймақ экономикасына қажетті техникалық және кәсіптік білімді мамандарды даярлау мәселесі қолға алынды. Нәтижесінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде түбегейлі реформалар бас­талды. Кәсіптік-техникалық оқу орындары индустриалық-инновациялық сала үшін кадрлар даярлауға баса назар бөлді. Бұл орайда Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында және «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында осы мәселеге арнайы тоқталып кеткені­н айрықша айтуға болады.

Білім беру жүйесін дамыту­ үшін елімізде аталмыш сала құрылымдық, мазмұндық бағытта жаңаруда. Озық әлемдік технологиялар енгізіліп, ауқымды жұмыстар жасалып жатыр. Білімнің жоғары деңгейге көтерілген заманда адамның білімі мен кәсіби біліктілігі экономика дамуының басты тетігіне айналып, мұның өзі заманауи техниканы жан-жақты меңгерген кәсіби білікті мамандардың қажеттілігін туғызуда. Осы мақсатта қабылданған білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аталған мәсе­лелерді шешуге арналған ұлттық мамандар даярлаудағы негізгі қарқынды жоба болып табылады. Техникалық және кәсіптік білім беруде оқу орын­дары мен әлеуметтік серіктестіктердің байланысының жақсарғандығын осы секілді игі бастамалардан аңғару қиын емес. Жақында Сырдария ауданы, Бесарық ауылында өткен «Кәсіптік білім және бизнес: Әріптестер сұхбаты» атты ІІІ облыстық форум ынтымақтасты­ғымызды ілгерілету үшін жаңа идеялардың туындауына арқау болатын істердің алға жылжитынын бір дәлелдеп берді. Оған ҚР Білім және ғылым министрлігі техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Қ.Бөрібеков, облы­с әкімі Б.Қуандықов, облыстық білім басқармасының бастығы А.Мұхимов және басқа да білім саласы жанашырлары қатысты. Жиын облыс әкімі­нің қатысуымен ауыл орталығында 140 орынға лайықталып салынып, қайта жаңғ­ыртылған «Бөбек» балабақшасының ашылуымен бастау алды. 2007 жылы ашылған мұнда әзірге 75 бала тәрбиеленуде. Балабақшадағы 24 қызметкердің 9-ы педагог болса, қалған­дары – техникалық қызметкерлер. Олардың қарауында бүгінде «Сәби», «Балапан», «Балдырған» секілді үш топ жұмыс жасайды. Балалар тәлім-тәрбие алатын балабақшаға өткен жылы 53 млн. теңге­ге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бал қылығымен тамсандырған бөбектермен жүздесу ауыл жастарының бос уақытын тиімді пайдалану және бұқаралық спортты дамыту мақсатында салы­нған спорт алаңының салтанатты түрде ашылуына ұласты. Барлығы 2300-ге тарта тұрғыны бар ауылдағы спорт алаңының салынуына облыстық бюд­жетт­ен 6 млн. 205 мың теңге трансферт­телген. Көлемі 20х50 метрді құрайтын спорттық алаң ішінде теннис столы, баскетбол қақпасы, стритбол, брус және әткеншек те орналастырылған. Негі­зінде биылғы жылы аудан бойынша 5 спорт алаңы салыну керек болса, берекелі Бесарықтағы нысан солардың алғаш­қысы болып тұсауын кесті. Жыл соңына дейін тағы да дәл осындай 4 алаң ел игілігіне пайдалануға берілмек. Ал келер жылы ауыл орталығында аудандық бюджет есебінен сквер салынады деп жоспарлануда. Ауылдың көркейіп, жылдан-жылға қанат жаюы үшін «Абзал­ и К» ЖШС жыл сайын белгілі бір мөлшерде қаржы бөліп тұрады, үсті­міздегі жылы ауылды ажарландыруға 30 млн. теңге қарастырылған. Айта кетейі­к, өндірісі өтімді бұл мекеме – аймағы­мыздағы жүйелі жұмыс жасап жатқан, кәсіптік білім беру саласына үлес қосып отырған бірден-бір әлеуметтік серіктестік.

Аймақтағы кәсіби техникалық маман­дар даярлап жатқан оқу орын­дары да бұл форумда өздерінің жұмыстарын таныстырғанды жөн көріпті. Мәселен, ауыл орталығында ұйымдастырылған кәсіптік лицейлердің қо­салқы шаруашылығында өндірілген өнімдердің жәрмеңкесі сөзіміздің дәлелі. Сонымен қатар білім алушылардың жаңа құрылғылармен жұмыс үдерісінің көрініс көрсеткені де форум қонақтарының көңілінен шықты. Мәселен, Мейрамхан Мұсаханұлы басқаратын Шиелі аудандық индустриялды-аграрлық колледж студенттерінің еңбегі еленбей қалмады. 2011 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан колледж цехы спорттық, әскери үлгідегі арнайы қазақша киімдерді тігумен айналысады. Тіпті ақылы негізде тапсырыс қабылдап, халыққа қызмет етуде.

- Аймақ экономикасына қажетті кәсіптік мамандарды даярлау мен шешімін таппаған мәселелерді саралау­ға арналған бүгінгі форум Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласына орай ұйымдастырылып отыр. Ел Президенті­нің бағдарламалық мақаласы облыста жан-жақты талқыланып, үндеу қабылданған болатын. Бұл бағытта әлеумет­тік саясатқа жіті қабілетті және жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру облыс­ халқының зор қолдауына ие болып отыр. Қазіргі кезде республикада еңбек білімін арттыруға, экономикамызды дамытуға, халықты жұмыспен қамтуға, әрбір тұрғынның өзінің мүмкіндіктерін пайдаланып әл-ауқатын жақсартуға бар жағдай жасалуда. Бұл ретте біріншіден, Елбасы тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша өңірімізде ауқымды жұмыстар қолға алынған. Бағдарламаны іске асыру барысында 2010 жылы 14,1 млрд. теңгені құрайтын 68 жоба мақұлданды. Бір ғана өндірістік инф­рақұрылымды дамыту бағытында аймақ­та 7 жоба жүзеге асырылуда, оның ішінде жалпы аумағы 44 га құрайтын өндірістік өнеркәсіп алаңы, 761 га құрайтын индустриялдық аймақ, Қамбаш дема­лыс аймағы, қуаттылығы жылына 6000 тонна ет өндіретін құс фабрикасының құрылысы қолға алынған. Сонымен қатар «Жұмыспен қамту – 2020» бағдар­ламасы бойынша өткен жылдың шілдесінен бері 1282 адам тұрақты жұмысқа орналасты. 2346 адам әлеуметтік жұмыс және жастар тәжірибесі бойынша еңбек етуге жолдама алды. Экономикалық әртүрлі қызмет бойынша 415 адамға шағын несие берілді. Елді мекенде­рді дамыту бойынша 456 млн. теңге қаржы бөлініп, ауылдық елді мекен­дерді абаттандыру да жүйелі түрде жүргізілуде. Бүгінгі Бесарық ауылы да – мемлекеттік жекеменшік серіктестік есебінен дамытылып, абаттандырылған елді мекендердің бірі. Және де мемлекет бұл бағытта қосымша қаражат бөлетін болады. Аталған екі бағдарлама да халық тарапынан зор құрметке ие болып, табысты жүзеге асырылып келеді. Алдағы уақытта да ауқымды шаралар атқарылатын болады. Бұлар – халықтың әл-ауқатын арттыруда, жұмыспен қамтуға арналған құнды құжаттар, - деді облыс әкімі Б.Қуандықов әріптестік форум барысында.

Түптеп келгенде, облыс халқының басым бөлігі ауылшаруашылық саласында еңбек етеді. Бірақ, облысты өзге аймақтармен қатар дамыту керектігін ескерсек, индустрияландыру бағытына негізгі басымдық беру керек. Оған республикада қабылданған индустриялық-инновациялық бағдарлама зор мүм­кіндік беріп отыр. Облыс бойынша инду­стрияландыру картасы аясында 122 млн. теңгені құрайтын 27 жоба жүзеге асырылды. Бұл – тек қана республикада белгіленген жобалар. Ал жалпы облыс бойынша жүзеге асырылған жобалардың саны 70-80-нің шамасында. Оның ішінде 2010-2011 жылдары 21 жоба жүзеге асырылып, жаңадан тек қана ірі жобалардың өзінде 2000-ға жуық жаңа тұрақты жұмыс орындары ашылған болатын. Оның ішінде құрылыс материалдарын шығару, агроөнер­кәсіп саласында 8 жобадан, электрэнергиясын өндіру, мұнай-газ саласын тиімді пайдалану 2 жобадан және Жаңа­қорған ауданында қиыршық тас шы­ғару зауыты іске қосылғаны да көпке қуаныш сыйлады. Алдағы уақытта да инвестиция тарту аясын кеңейту қолға алынбақ. Жаңа технологиялар енгізі­ліп, заман­ талабына сай зауыттар қатары да күн санап көбеюде. Сол себепті өндірістерде тұрақты жұмыс істейтін білікті кадрлар қажеттілігі туындайды. Кәсіпкерлер кәсіптік білім беру ошақтарымен серіктестік байланысын нығайтатын болса, қажетті маман даярлау жұмысы жолға қойылар еді. Жалпы, жастардың жоғары оқу орындарында білім алумен қатар кәсіптік білім алуының да ел дамуы үшін маңызы айрықша. Бүгінгі еңбек нарығында техникалық мамандық иелері инженер-құрылысшы, энергетик, механик, жобалаушы, геолог, сметчик, жоғары дәрежелі газэлектр дәнекерлеуші, жол жөндеу жұмыстарына қажетті машинистер, бетоншы, ағаш ұстасы секілді құрылыс мамандары тапшы. Сондықтан әлеуметтік серіктестіктер маман даярлап, оқытуға ынталы болуы қажет. Өндіріске қажетті жаңа технологиялармен жұмыс жасай алатын білікті кадрлар дайындауға қол жеткізілетін болады. 2013-2015 жылдары ірі және кіші өндіріс орындарында құрылыс және көлік байланыс саласында сұраныс 30 пайызға, машинистер мен операторларға 2 есеге­, тұрғын үй шаруашылығына 10 есеге дейін артады деп күтіліп отыр. Оларды даярлау – кәсіптік білім мекемелерінің міндеті. Сондықтан жергі­лікті бюд­жеттен жасақталатын тапсырысты «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасымен ұштастыру қажет екенін аймақ басшысы тілге тиек етуді ұмытпады. Сондай-ақ, техникалық және кәсіптік білім беруде оқу орындары мен әлеуметтік серіктестіктерінің байланысын нығайтудың маңызы аса зор. Ел­басының халыққа кезекті жолдауында ел экономикасын дамыту, әлеуметтік ахуалды арттыру, еңбек нарығындағы мәселелерді шешу жолдары айқын көрсе­тіліп, нақты бағыт-бағдарлар бе­рілген. Сол себепті бірлесе жұмыс жасай­ отырып, өңірдегі өзекті мәселені шешуге атсалысу керек-ақ. Бұл бағытта кәсіп­керлер жасап жатқан жұмыс ауқымын одан әрі кеңейтіп, игі жұмыстар жал­ға­сын табады деген сенім де жоқ емес.

Кәсіпкерліктің кең қанат жаюына аймақтың ресурсы, географиялық­ жағдайы зор мүмкіндік береді. Өндірісті дамытып, тың бастамаларды іске асырамын деген кәсіпкерлерге қолдау көрсетілетіндігін тағы бір еске салды аймақ басшысы. Мемлекетке қажетті мамандарды даярлау тек мемлекеттің міндеті ғана емес, бұл жұмысқа бизнес өкілдері, кәсіп­кер азаматтардың белсенді қатысулары өте қажет секілді. Сонымен қатар бүгінгі күні қос желілі білім беру үрдісі кеңінен дамып келеді. Бұл әлемдік тәжірибеде кәсіптік білім беру жүйесінің өрістеуіне оң ықпал етеді. Жиын соңында облыс әкімі аймақтағы бірқатар колледж басшыларына тәжірибе барысында қолданатын МТЗ-80, МТЗ-82 тракторла­рының, УАЗ фермер, ЭО-2621 экскаваторы мен ГАЗ-35071, «Газель» автокөліктерінің кілтін салтанатты түрде табыстады. Айта кетейік, осымен үшінші мәрте өткізіліп отырған аталмыш форум бұл жолы Бесарық­ ауылының төрінде түйткілді мәселелердің түйінін тарқатты.


«КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ СТУДЕНТТІҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»

Қазақстан Республикасында білім беру жүйесіндегі модернизациялау үдерісі – білім мазмұны мен сапасын арттыру, білім берудің ұлттық моделін жетілдіру, ақпараттық технологиялар жөнінде жаңаша педагогикалық көзқарас қалыптастыру секілді кешенді шараларға тікелей қатысты. Әлем тәжірибесі көрсеткендей, кез-келген мемлекеттің экономикалық жетістігі сол елдің білім жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесіне байланысты. Өйткені білім арқылы ғана қоғамның интеллектуалдық капиталы мен инновациялық әлеуеті қалыптасады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет», – деп атап көрсетті

Қазіргі замандағы білім берудің негізгі мақсаты: еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, құзыретті, өз жұмысын жақсы білетін, жан-жағына бағыт-бағдармен қарайтын, әлемдік стандарт деңгейінде нәтижелі жұмысқа, кәсіби өсуге, әлеуметтік-саяси оңтайлы тез әрекет жасауға, болып жатқан өзгерістерге тез бейімделуге қабілетті білікті маман, индустриалды-инновациялық жағдайды шешуге лайық, өз қалауы мен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім, өз ойын еркін айта алатын, жоғары білімді, ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, отандық және әлемдік мәдениетті бойына қалыптастырған, шығармашыл, оңтайлы кәсіби маман дайындау.

Бұл мақсатты жүзеге асыруда еліміздегі білім беру саласының бағыт-бағдарын айқындайтын Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданғаны бәрімізге белгілі.

Бағдарлама бірнеше мақсаттар мен міндеттерден туындап отыр,

соның ішінде техникалық және кәсіптік білім берудің мақсаты: қоғамның және экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту, әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу, педагог мамандығының беделін көтеру, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.


Білім беру жүйесіндегі жаңа білім парадигмасы білім, білік, дағды жиынтығын толық меңгерген, қоғам өміріне белсене араласатын, шығармашылықпен ойлайтын, өзін-өзі көрсете алатын, өздігінен ақпаратты іздеп, талдайтын және оны дамытуға қабілетті, кәсіби құзыретті, функционалды сауатты жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.

Мемлекетіміздің тек саясат пен экономика емес, білім беру жүйесіне де үнемі назар аударуы еліміздің болашағы жайындағы кемел ойлардан туындап отырғаны түсінікті. Өйткені, ел байлығы тек мұнай мен газ емес, адам екені белгілі. Қай қоғамда болмасын шешуші фактор – адам және жеке тұлға болып қала бермек.

Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер, республиканың әлемдік деңгейде білім беру жүйесіне жетуде жасаған қадамдары осы кезге дейін педагогика теориясы мен практикасында бекітілген білім беру парадигмаларын, жүйелерін, әдістерін, формаларын жетілдіру талабын қойды. Білім берудегі жаңа басымдықтар – ізгіліктік педагогика, студенттердің тұлғалық әлеуетін анықтау және дамыту, әлеуметтік үдерістер мен тұлғааралық қарым-қатынастарды ұйымдастырудың ерекше формасы ретінде танылатын оқыту үдерісінің тиімділігін арттыру болып отыр.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі білім беру мен тәрбие жұмыстарының талапқа сай жетілдірілуі студенттердің болашақ кәсіби құзыретті маман болып қалыптасуына зор ықпал етеді.

Қазіргі таңда білікті маман даярлаушы техникалық және кәсіптік білім жүйесінде бәсекеге қабілетті маман қалыптастыру үшін, алдымен маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру керек деген әр түрлі пікірлер жиі айтылуда.

Болашақ кәсіби құзіретті маман осы ақпараттық қоғамнан қалыспай, жедел ойлаушы, жедел шешім қабылдаушы, ерекше ұйымдастырушылық қабілетті, нақты бағыт – бағдар беруші болып шығуы – бұл қазіргі заманның талабы.

Құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі болашақ кәсіби маманның – қазіргі студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың, интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезінуге үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып табылмақ.

Студенттердің кәсіби құзыреттілік мәселелері туралы пікірлер кәсіби маман даярлау мәселелерімен айналысып жүрген отандық және шетелдік ғалымдар, педагогтар, психологтар еңбектерінде көрініс табуда.

Құзыреттілік” түсінігі білім беру саласында 1960-1970 жылдардағы шетел әдебиеттерінде, ал 1980 жылдардың соңында отандық әдебиеттерде кездесті. “Кәсіби құзыреттілік, жете білушілік” ұғымын енгізудің қажеттілігі оның мазмұнының кеңдігімен, интегративтік сипатымен, “кәсіптілік”, “біліктілік”, “кәсіби мүмкіндіктер” және т.б. түсініктерді біріктіреді. [2]


Д.И.Ушаковтың редакциясымен жарық көрген түсіндірме сөздіктің авторлары “құзыреттілік” және “құзырет” сөздерінің арасындағы айырмашылықтарды дәлелдеуге тырысқан. “Құзыреттілік” – хабардар болушылық, абыройлық; “құзырет” – жеке тұлғаның кәсіби қасиеті және қызметтік сипаттардың нақты жиынтығы.


Ғалым С.М.Вешниякованың «Кәсіптік білім беру» сөздігінде: «Кәсіби құзыреттілік competenens – қабілетті, белгілі бір саланың тұлғаларының білімінің, білігінің, тәжірибесінің сәйкестігінің мөлшері»,- деген анықтама берілген.


Ғалым Дж. Равеннің «Қазіргі заманға қоғамдағы құзыреттілік» атты еңбегінде «кәсіби құзыреттілік» терминіне жеке тұлғаның көп қасиеттерін топтайтын ұғым деген анықтама беріледі. [3]


Л. М. Митина «құзыреттілік» ұғымына «білім, дағды, білік, сонымен қатар практикада, тілдесімде, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуда қолданатын тәсілдері»,- деген анықтама береді. [4]


Г.Ж. Ниязова зерттеу жұмысында «құзыреттілік» ұғымына «Білім беру құзырлары – бұл студенттің мағыналық бағдарлары, білімдері, біліктіліктері мен тұлғалық және әлеуметтік іс-әрекетін жүзеге асыруына қажетті нақты анықталған объектілер шеңберіне қатысты тәжірибелерінің жиынтығы»,- деп анықтама береді.


Б. Т. Кенжебеков құзыреттілік жөнінде: «Құзыреттіліктің бар-жоғын адам еңбегiнiң нәтижесiне қарап пайымдау кажет. Кез – келген қызметкер, өз әрекетiмен кәсiби iс-әрекеттiң түпкi нәтижесiне сай талаптарға жауап беретiн жұмыстарды орындаса ғана, кәсiби кұзыреттi болып саналады»-, деп анықтама береді. [5]


Ғалымдардың пікірлерін басшылыққа ала отырып, біз «құзыреттілік» ұғымына – студенттердің жеке тұлғалық психологиялық ерекшеліктеріне байланысты меңгерген білімдерін, дағдылары мен біліктерін, танымдық және тәжірибелік іскерлігін өмірде дұрыс қолдануы деген анықтама бере аламыз.


Сонымен педагог-психолог, ғалымдардың пікірі бойынша еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, кәсіби оңтайлы маманнның бойында белгілі бір құзіреттіліктер қалыптасуы қажет:


бағдарлы құзіреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере білу, елжандылық, т.б);

мәдениеттанымдылық құзіреттілік (ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз халқының мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті);

оқу-танымдық құзіреттілік(өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу);

коммуникативтік құзіреттілік (адамдармен өзара қарым-қатынас тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуы);

ақпараттық-технологиялық құзіреттілік (ақпараттық технологиялармен, техникалық обьектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті);

әлеуметтік- еңбек құзіреттілігі (әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті);

тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттілігі (отбасылық еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті). [6]

Сонымен, кәсіби құзыреттілік дегеніміз ең алдымен студенттің функционалдық сауаттылығы мен кез-келген мәселені дұрыс шеше білу қасиетінен көрініс табады. Студент қоғам талабына сай өзін-өзі үздіксіз жетілдіріп отыратын, кәсіби білімді, жаңа технологияларды меңгерген, ортамен қарым-қатынасқа тез бейімделе алатын, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, тәжірибесі мол, т.б. қасиеттерді жинақтағанда ғана кәсіби құзыретті маман бола алады.

Студенттің кәсіби құзыреттілігі кәсіби және жеке сапалардан құралады. Кәсіби құзыретті маман деп өзінің педагогикалық әрекетін жоғары дәрежеде жүргізе алатын, қарым-қатынасқа әрдайым дайын, педагогикалық үдерісте үнемі оң нәтижелерге қол жеткізіп отыратын маманды атауға болады.

Кәсіптік-техникалық білім беру саласы көп жылдар тасада қалып келгені рас. Осы жөнінде Асқар есімді лицейдің түлегі де пікірін білдірген болатын. Ол өзі оқитын дәнекерлеушімамандығындағылардың басым бөлігі басқа ұлт өкілдері екенін айта келе, қазақ жастарының көпшілігі лицейде оқуды ар санайтынын айтады. Тіпті амал жоқтықтан оқуға түсіп, кейіннен қаншама жастардың басқа салаға ауысып кеткенін де сөз етті. Сірә, кәсіптік-техникалық білім беру ордалары жайлы дұрыс қоғамдық пікір қалыптастыру қажет болар.

Ұлттық дәстүріміз ұрпақты еңбекке баулу арқылы жаңғырып келгені белгілі. Халқымыз өскелең ұрпақты қарапайым кәсіпке баулып, тәрбиелеудің маңыздылығын жақсы түсінген. Ал бүгінгі күндері, кәсіптік білім беруге, кәсіптік мамандықтарға өз деңгейінде мән берілмеуінен ата дәстүрімізден де қол үзеріміз анық. Бұған мал шаруашылығына, агроөнеркәсіпке, тіпті қарапайым тігіншілік салаларында мамандардың жетіспейтінін айтуға болады. Шындығында әлемдік өркениеттің барлық құндылықтары, барлық экономикалық және мәдени байлық­тары түптеп келгенде, виртуалды қаржы институттарымен емес, адам­ның еңбегімен жаса­латынын түсінетін уақыт жетті. Мерзімді баспасөздерде, телевизия мен радиода инженерлік, техни­калық-кәсіптік мамандар мен осы сала жұмысшылары жайында айтыл­ғандарын көп байқамаймыз. Көлік жүргізушісі, сауыншы, егінші, токарь секілді мамандық иелерінің теле-радиобағдарламалардың кейіпкерлері бол­ғанын көрген де, естіген де емеспіз.

Қазір елімізде техникалық және кәсіптік білім берудің сапа­лық жағынан жаңа мазмұнына көшу жұмыстары басталды. Бұл жұ­мыстар кәсіптік оқу орындарын бітірушілердің әлеуметтік қорғалуы мен ішкі және халықаралық нарықта бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған. Шикізат шығарушы елден оны өңдейтін жаңа технология еліне айналу міндетін іске асыратын бәсекеге қабілетті жұмысшылар мен орта буын мамандар екендігі белгілі. Сондықтан экономиканы дамытудың басты маңызы кәсіптік білімнің деңгейін көтеруде жатыр. Дамыған отыз елдің қатарына ену міндеттерін тиімді және жедел іске асыру үшін техникалық және кәсіби оқу орындарын басқару жүйесін жетілдірудің де маңызы зор. Кәсіптік-техникалық білім саласын материалдық-техникалық қамтамасыз етілуінен бастап, оқу жоспары, ұстаздардың біліктілігі мен қалыптасқан стандарттарға өзгерістер енгізу керек-ақ. Техникалық және кәсіптік ұлттық кадрларымызды бәсекеге қабілетті ету қажет. Олай болмайынша, мемлекеттік жедел индустриялық-инновациялық даму жобасы да іске аспайды. Біз ең әуелі, сырттан жұмыс көзін тартқаннан гөрі ел экономикасын өркендететін ұлттық кадрларымызды даярлауды басты мақсат қойғанымыз жөн. Бұл ретте кәсіптік-техникалық мамандықтарды насихаттап, мектептерден бастап тәлім-тәрбие жұмыстарын жүргізіп, әсіресе, қазақ қоғамында кәсіптік-техникалық мамандыққа деген құрмет пен сүйіспеншілік көзқарасын орнықтыруға күш салған жөн.


КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДЕ РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУ


Әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған білім берудің негізгі мақсаты: білімді меңгеріп қана қоймай, білік пен дағды арқылы дербестік, ізденімпаздық, дені сау, өзгермелі жағдайда білімді де білікті жасөспірімдерді жан-жақты жеке тұлға ретінде даярлау. Осы мақсаттарды іске асыруда бүгінгі мектеп оқушыларына қойылып отырған мәселелер күн сайын талаптануда. Өйткені, келешек қоғамыздың басты тұлғасы- бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан мектепте берілетін кәсіби бағдар жұмыстарының бүгінгі күні маңызы зор болып табылады.

Кәсіби бағдар беружас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы таңдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті. Кәсіби бағдар беру арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді.

Кәсіби бағдар берудің негізгі мақсатыжас ұрпақты саналы түрде мамандық таңдауға дайындау, үйрету екендігі белгілі. Ол үшін мына нәрселер қажет:

оқушылардың бойында ішкі психологиялықәлеуметтік мәнділікті реттейтін қызмет түрлерін тәрбиелеу;

түрлі еңбек қызметтері мен сыйластық қатынастарын тәрбиелеу;

кәсіпті өз бетінше, саналы түрде жеке қасиеттерін есепке ала отырып орындау бағытын жетілдіріп, тәрбиелеу.


Республикамыздың Конституциясында еліміздің азаматына еңбек етуге құқық берілген, оның ішінде біліміне, қабілетіне, кәсіптік даярлығына сәйкес, 24-бап бойынша «Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар». Бұл құқық толығымен жүзеге асырылуы үшін еңбек барлық азаматтардың табиғи қажеттілігіне айналуы тиіс [1].

Қазақстан 2015 жылғы білім беру бағдарламасында: Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсене қатысуға дайын бәсекеге қабілетті тұлға дайындау деп атап көрсетілген, сондықтан оқу тәрбие үрдісінің алдынды тұрған негізгі міндет табысты және тиімді әрекетке дайын өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс- әрекетін өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті отбасындағы, қоғамдағы, ұжымдағы әлеуметтік ролін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың бойында шығармашылық іс-әрекетті, ізденіпаздықты қалыптастыру, жүйелі қорытынды жасай білу, дәлелді пікір айту іскерлігін арттыру, оқу материалдарын сараптау, талдап салыстыру іскерліктерін үйрету қажеттілігі туындайды.

Бүгінгі таңдағы ең өзекті міндеттің біріеңбек нарығында сұранысқа ие бола алатын, бәсекелестікке қабілетті кәсіби мамандар дайындау. Жеке тұлғаның әлемдік өркениетке ұмтылып, дүниеге Қазақстан Республикасының іргелі ел ретінде танылуына үлес қосатын білімді, білікті, саналы азаматтар тәрбиелеу. Өздігінше еркін ойлау қабілеті бар, тәрбиебілім беру үрдісін модельдей алатын, білім берудің жаңа технологиялары мен жаңа идеяларын өздігінше іске асыра алатын жеке тұлғаның кәсіби құзіреттілігінің деңгейін арттыруөзекті мәселе, себебі, біріншіден, кәсіби құзіреттілік тәрбиебілім беру процесінде шығармашыл оқушылардың қалыптасуына дұрыс әсер етеді; екіншіден, өзінің кәсіби қызметінде жақсы нәтижелерге қол жеткізе алады; үшіншіден, кәсіби мүмкіндіктердің іске асуына ықпал жасайды. Бұл міндет білім алушы жастардың шығармашылықтарын арттырып, өздігінен білім алуға және алған білімін іске асыра білуге үйретуді міндеттейді. Осы міндеттерді толығымен қанағаттандыру үшін қазіргі таңда күннен-күнге дамып келе жатқан жаңа ақпараттық құралдардың пайдасы өте зор.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндетіұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, еңбек нарығында бәсекелесуге қабілетті білікті жұмысшылар мен мамандар даярлау, олардың біліктілігін арттыру» мәселесі аталып көрсетілген [2]. Жалпы білімнің басты үш міндеті бар, олар: баланың өзіндік жалпы дамуын, жан-жақты дүниетанымын қамтамасыз ету және оны болашақ белгілі бір кәсіпке даярлау. Осы үш міндеттің ішінде қоғамдық даму күрделенген сайын баланы жастай алдағы кәсіпке бағдарлай әзірлеуең көкейкесті мәселеге айналып отырғаны дәлелденді. Қазіргі кезеңде жалпы білімнің міндетібаланың жалпылама дамуын қамтамасыз ету ғана емес, ең бастысы оларды жастай өз қабілеті мен қызығуына қарай белгілі бір мамандыққа арнайы бағыттай білу.

Адамның белгілі бір әрекетке бейімделуіне негіз болатын факторлар бөлігіне мыналар кіреді:

азаматтық қасиеті;

еңбекке деген қарым-қатынасы, мамандыққа қызығуы;

тұлғаның кәсіби еңбек бағыттылығы;

дене және ақыл-ой өрісінің жарамдылығы;

арнайы қабілеттері (белгілі бір іс-әрекетіне қажетті сапалар);

білім, дағды, тәжірибе.

Әрбір оқушының сана-сезімі, мінез-құлқы, мәдениеті, өмірге көзқарасы, әр түрлі мамандықтардың ерекшелік сипаттарына қабілеттері бірдей бола бермейді. Олардың өзіндік ерекшелігітәрбиесіне, шыққан ортасына да байланысты.

Мектепоқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырушы және үйлестіруші орталық. Ал мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысын негізінен іске асыратын мұғалім, сынып жетекшісі, еңбек сабағының оқытушысы, сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, яғни бүкіл педагогикалық ұжым болып саналады.


Кәсіптік бағдар беру процесінде мамандықтың маңыздылығын ғана көрсетпейді, сонымен қатар тұлға ретінде рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады. Мамандықты таңдай отырып жастар осы мамандық туралы толық мағұлмат алуы керек. Ол адамдарды жақсы көре ме? Адамдарға жақсылық істей ала ма? Адамдардың күнделікті бақытсыз жағдайларына төзе алуға дайын ба, сонымен қатар бұл адамгершілік сұрақтарды мамандық таңдағанда шешуі қажет. Мамандығын таңдаған кезде адамгершілікті реттеуді қажет етеді, яғни қате таңдаудың негативті салдарын болдырмайды. Солай болғандықтан мамандық таңдау-әрбір адамның өміріндегі маңызды қадам және әсіресе жастар үшін өзінің күшіне сәйкес саланы таңдау өте қиын. Мамандық таңдау үшін әуестік қызмет ету, мүмкін, болашақ маманның жеке рухани-адамгершілік құндылықтарының өзіндік образдық табиғи байланысын үйлестіреді. Егер адам саналы түрде мамандығын өз қалауынша және тұлғалық құндылықтарға сәйкес таңдаса, онда ол үшін моральды жағынан ауыр болмайды. Тұлғаның өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады. Руханиадамгершілік құндылық-белгілі бір бағытты, мақсатты, жүйені, ұлттық көзқарасты, мінез-құлықтағы адамдық тәртіп пен рухани дағдыны қалыптастыратын жүйе.

Өз еліне адал, халқын қастерлейтін, білімді, саналы, рухани құндылықтарды бойына толық қалыптастырған қоғамда өз орнын таба білетіндей кәсіби бағдар берудің қажеттілігіне басты назар аударылуда [3].

Қазіргі кезеңде он екі жылдық білімге көшуге байланысты, оқушылардың кәсіби мамандық алуына жете көңіл бөлінуде. Заман талабы, уақыт ағысы жастарды кәсіби мамандық алуына итермелейді. Қазір еліміздің экономикасы көтерілген, халқымыздың әл-ауқаты, тұрмыс жағдайы жақсарған кез. «Қазақстан- жас мемлекет, біздің болашағымыз да жастар», – деп Елбасымыз ылғи да жастарға қолдау көрсетіп отырады. Болашақта елімізді өркендетіп, өсіретін де жастар.

Әсемпаз бол ма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан, – деп Абай атамыз айтқандай, мамандықты дұрыс тандай білу дегенімізболашақ жұмыс адамға қанағат, қоғамға пайда әкелуі екенін біз түсінуміз керек [4]. Осы бағытта 11- сынып оқушыларының студенттермен «Мамандық таңдауөміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау» атты кездесу кеші өтті. Бұл кездесу кештің мақсаты: 1. Мамандық таңдау кезеңінде оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу. Оқушыларға мамандық таңдау, олардың әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынтаықыласын, қызығушылықтарын арттыру. Өз еліне адал, халқын қастерлейтін, білімді, саналы, рухани құндылықтарды бойына толық қалыптастырған қоғамда өз орнын таба білетіндей кәсіби бағдар беру.

Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу;

Жоғары оқу орындары, арнаулы оқу орындарының студеттерімен кездесіп, оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын арттыру,ғылымға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.


Ісім оңсын десеңіз,

Сол істің маманы болыңыз.

Даңқым шықсын десеңіз,

Көпшіліктің адамы болыңыз. – деп атақты ғұлама ӘлФараби сөзімен кездесу кешімізді аяқтадым.


Мектеп оқушыларының мамандық таңдауда дұрыс бағыт алу мәселесі мектептің психологиялық қызмет аясында жүргізілетін аса жауапты да маңызды жұмыстарының бірі болып отыр. Бала үшін болашақ мамандықты таңдау өмірлік жолын дұрыс таңдаумен бірдей. Өкінішке орай, біз, балалардың таңдауының ақылмен емес, біреудің сөзіне ере отырып, немесе ата – анасының ықпалымен «қай жерге оқуға түсу оңай» деген көзқарастармен болып жатқанын байқаймыз. Ақпараттың көптігі де, өзін – өзі танудың әліппесі де, оларды қалай пайдалану керектігін білмегендіктен кейде қателесетін жағдайлар жиі кездеседі. Жалпы айтқанда, бүгінгі күні жасөспірімдердің өзін – өзі тану арқылы мамандық таңдауда дұрыс бағыт алуы және оған бейімделу мәселесі туындауда.

Бүгін Астанада «Қазақстан -2050» Демократиялық күштердің жалпұлттық коалициясының отырысы өтіп, онда ел экономикасының түрлі саласына жұмысшы мамандарды дайындау үшін техникалық және кәсіби білім беру жүйесін дамыту мен жетілдіру мәселесі талқыланды. ДКЖК отырысы «Бірлік» партиясы бастамашы болған күн тәртібімен өтті.

Мәжіліске «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Қазақстан Коммунистік халықтық партиясының үйлестіруші-хатшысы Жамбыл Ахметбеков, «Бірлік» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының міндетін атқарушы Төлеген Қуанышев, «Ауыл» социал-демократиялық партиясының төрағасы Ғани Қалиев, вице-премьер Гүлшара Әбдіхалықова, Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова және басқалары қатысты.

Мәселенің өзектілігі қазақстандық экономикадағы индустриалды-инновациялық дамуға байланысты бүгінгі заманғы технологиялық білімі мен дағдысы бар мамандарға деген қажеттіліктің өсуіне орай, техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау мен жаңғыртудың үсті-үстіне өрістеп бара жатқанынан туындап отыр. Қазақстандық экономика жағдайында жұмысшы кадрлар мәселесі алаңдаушылық туғызады, соған сәйкес, кәсіби-техникалық білім беру жүйесіне ауқымды реформалар қажет. Реформалар кәсіби-техникалық білім беру жүйесіне өндіріске арнап жүздеген мың кәсіби мамандар дайындауға мүмкіндік туғызатын түбегейлі болуы тиіс.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жыл басындағы халыққа Жолдауында «таяудағы 2-3 жылда дуальдік, техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру керек», дей отыра, білім саласындағы бұл бағыттың стратегиялық маңызын атап көрсетті. Кәсіби техникалық білім беру мәселесін оңтайлы шешу бізге екі бірдей нәтижеге қатар қол жеткізуге мүмкіндік береді. Ең алдымен, қарапайым ауыл жастарының қысқа мерзімде нақты мамандыққа ие болып, еңбекке нық қадам басуына, олардың өмір сапасының артуына жағдай тудырса, екінші жағынан, күн санап өсіп келе жатқан ел экономикасын білікті техникалық мамандармен қамтамасыз етеді» -деп атап өтті «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.

Отырыстың қорытынды құжатында Үкіметке дуальдік, техникалық және кәсіби білім беру жүйесін қалыптастыру барысында заңнамалық, экономикалық ынталандыратын және ұйымдастырушылық сипаттағы шараларды қарастыруға кеңес берілген.

Атап айтқанда, Үкіметке «Кәсіби квалификациялар туралы» заңды қабылдауды тездетуге, техникалық және кәсіби білім берудің инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық базасын жаңартуға байланысты шаралар қабылдауға, инженерлік-педагогикалық кадрлардың бүгінгі заманғы корпусын құруға жағдай туғызуға қатысты ұсыныс айтылды.

Кәсіпкерлердің Ұлттық палатасына жұмысшы орындарында тәжірибеден және кәсіби оқудан өту мәселесіне байланысты өндірістердің міндеттерін заңнамалық тұрғыдан бекітіп беруге, студенттердің тәжірибелік икемділігін артыру үшін кәсіпорындарда шәкірттік жұмыс орындарын ашуға, сондай-ақ тәжірибелі нұсқаушы - өндірістегі тәлімгерлердің жалақысына қосымша ақы қосу т.б. кеңестер айтылды.













Инновациялық технологияларды білім сапасын көтеруде пайдалану


Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында : «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек….Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту жүйесіне қызмет ететіннің барлығы – біздің еліміздің болашағына қызмет етеді»,-деп кәсіби білім,ғылым саласына өте үлкен көңіл бөліп, ерекше мән берді.Сондықтан да колледж қабырғасында студенттерге тек белгіленген білім мен іскерлік дағдыны беріп қана қоймай, сол алған кәсіби білімдерін күнделікті өмірде қолдана біліуге үйрете оқытып,тәрбиелеу қажеттілігі туындауда.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі – білікті жұмысшы мамандарды даярлаудың түп қазығы екендігі айқын.Сондықтан да заманауи техникалық және кәсіптік білім беретін колледждер еңбек жағдайының жедел өзгеруіне бейімделуге қабілетті, өндіріс процесіндегі заманауи өзгерістер мен жаңа техниканы меңгеруге лайықты қосымша мамандығы бар, қабілеті жоғары жұмысшы мамандарды даярлауға бағыт алуы міндетті.

Кәсіптік білім беретін оқу орнында студенттерге білім мен біліктілік беру – өте жауапты іс. Бұл жерде – ертең ел тізгінін ұстайтын ел азаматы «жеке тұлға» тәрбиеленеді. «Тұлға» деген түсінік – өз ұлтына, мемлекетіне, елі мен жеріне, халқы мен тіліне құрметпен қарайтын, өз ұлтының ұлттық мәдениетін бойына сіңірген, рухы берік, елжанды азамат деген сөз.

Соңғы жылдары Отандық жаңа білім жүйесі «Мәдениет, Білім, Тарих» үштағанына, негізгі талаптар: «Сапа, Құзіреттілік, Бәсекеге қабілеттілік» үштағанына негізделіп, Қазақстанда білім алған азаматтар еліміздің түпкір-түпкірінде сұранысқа ие болатындай дәрежеде білім алуы және тәрбиеленуі көзделуде.

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Ғылыми-техникалық әлеумет және оның өзін-өзі дамытуға қабілеттілігі жалпыға бірдей бәсекелестік жағдайында басты фактор ретінде қарастырылуда. Осы заманғы экономикалық өсімнің басты факторлары микроэлектроника, сандық және ақпараттық жүйелер, бағдарламалық қамтамасыз ету, байланыс және коммуникация т. б. салалардағы инновациялық технологиялар болып отырғаны баршаға белгілі.

Инновациялық технология – бұл жаңашылдыққа негізделген технология. Оның студенттер үшін пайдасы төмендегідей:

-оқу-әдістемелік әдебиеттер мен материалдарды тиімді пайдалануына жағдай туғызады;

кәсіби білім-білікті терең үйренуге жол ашады;

түйінді-ізденгіштік ойлау қабілетін дамытады;

болашақ кәсібі жөніндегі танымын қалыптастырады;

ғылыми-зерттеушілікпен айналысу белсенділігін арттырады;

алған білімін өзіндік бақылау мүмкіндігі кеңиді;

Оқытушы-ұстаздарға тигізер пайдасы тіптен зор, олар:

-оқу-әдістемелік материалдарын жедел жаңартуға мүмкіндік жасайды;

оқытудың әртүрлі үлгілік технологияларын енгізеді;

оқытудың ұқсастыра, теңей оқыту технологияларын қолдануына мүмкіндік туады;

студенттер білімін бақылау мен қадағалау мүмкіндігі кеңиді;

кәсіби мамандарды дайындаудың қолданылып келген технологияларының сапасын жетілдіреді.

Инновациялық технологиялар білім берудің сапасын жақсартады,сонымен қатар,білім беру қызметі нарығында білім беретін оқу орнының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, қамтамасыз етеді. Білім беру процесінің ең негізгі міндеттерінің бірі – кәсіби білімі бар маманның ізденгіштік қызметі арқылы құзіреттілігін қалыптастыру.

Мұндай қызметтер түріне:

бірлесе оқыту;

модульдық оқыту;

проблемалық оқыту;


деңгейлеп,саралап оқыту, тағы басқалары.

Заман талабы алға қойған осындай күрделі міндеттерді шешу барысында біздің Алматы темір жол көлігі колледжі де оқытудың жаңа технологияларын үздіксіз пайдалануда. Атап айтар болсақ:

қазіргі таңда колледждерді және басқада арнайы орта білім беретін мекемелерді бітірген жас мамандарды өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналастыру өте келеңсіз,қиыншылық жағдайларды туғызып отыр. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартының бекіткен оқу жоспарында өндірістік практикалық сабақтарға өте аз сағат берілуіне байланысты,оқу бітірген жас түлектердің практика жүзінде тәжірибесі аз болады.Осы себептердің салдарынан колледжді енді ғана бітірген жас мамандардың мамандықтары бойынша жұмысқа орналасуы өте қиын болып отыр. Осы аталған проблемаларды болдырмау мақсатында оқу жүйесінде жаңа оқыту жүйесі пайда болды. Ол жүйе – дуалдық оқыту жүйесі.

«Дуалды» деген термин негізінде «бірлескен»деген мағына береді.Дуалды оқыту жүйесі – мемлекетіміздің болашақ мамандарға деген қызығушылығынан туған жүйе. Дуалды жүйе – жас мамандардың өз мамандығына деген қызығушылығын арттыру, жұмыс берушілермен серіктестігін берік нығайту және жұмыспен қамтылуы үшін таптырмас жүйе болып табылады. Дуалды оқу жүйесінің дәстүрлі оқу процесінен айырмашылығы – практикалық және кәсіптік білімнің біріктірілуінде.Дуалды оқыту жүйесі мынадай принциптер бойынша жүргізіледі: оқу процесінің 40% -да студенттер теориялық білім алады, оқу процесінің 60% пайызында студенттер өндіріске жіберіледі. Өндірісте студенттер өндірістегі шеберлердің көмегімен практика жүзінде білімдерін жетілдіріп, толықтырады.Дуалды оқыту жүйесінің жас түлектер үшін тиімділігі қандай? Дуалды оқыту жүйесімен оқыған түлектер ертерек өндірістік мекемелерге жұмысшы маман ретінде қабылданады, өндірістегі барлық функционалдық міндеттерді орындайды және оларға тікелей бағынады, қызметтік жауапкершілікке жүктеледі, мамандығы бойынша өз жұмысын үйренеді, кейбір жағдайларда жалақы да ала алады.

Дуалды оқыту жүйесі барысында студент,өз мамандығын жетік меңгереді, практикалық білімін ертерек жетілдіреді, сонымен қатар қоғаммен тез тіл табысуға үйренеді, өз ортасында беделі жоғары болады және жауапкершілікке тәрбиеленеді. Жұмыс үрдісінде студент өз мамандығына жаңаша көзқараспен қарайды және өз мамандығын жаңылмай дұрыс таңдағанын түсінеді. Осылардан басқа болашақ маман өндірісте жұмыс істей жүріп, жұмыс өтілін жинайды, қосымша табыс табады және оқу орнын бітіргеннен кейін, жаңа заман талабына сай шарттарға байланысты яғни, еш қиындықсыз қызметке орналасады. Дуалды оқыту жүйесінің өндірістік мекемелер үшін тиімділігі қандай?-деген сұраққа тоқталар болсақ: дуалды оқыту жүйесі өндірістік мекемелер үшін таптырмас мүмкіншілік болып табылады. Себебі, мекемелер өздері үшін мамандандырылған кадрлар дайындайды, жұмысшылар іздеу үшін және жұмысшылар таңдауда уақыт үнемдейді және шығынға ұшырамайды. Өндірістегілер жаңа мамандарды үйретуге, алғашқы бейімдеушілік жұмыстарына да уақыт үнемдейді. Мамандар өндірісте жұмыс жасағанда кейбір мәселелер туындамас үшін, жұмыс беруші оқу процесінің барлық уақытын тиімділікпен мұқияттылықпен өткізеді. Оқу орындарымен бірлесе отырып жұмыс жасау өндірістік мекемелер үшін де өте тиімді, себебі өзіне қажетті кадрларды ерте бастан дайындап,болашаққа білікті маман дайындайды .

Дуалды оқыту жүйесінің колледж немесе арнаулы оқу орындары үшін де тиімділігі жоғары екендігін атап өткен жөн.Олар: колледж өндірістік мекемелермен келісім шарт бойынша іскерлік қарым-қатынас орнатады , колледжді бітірген түлектерге деген қызығушылығы болады. Өндірістік процесстердегі өзгерістермен оқу орындары оперативті түрде ақпараттандырылып отырылады, мамандарға деген сұраныстарды (өндірісте қандай мамандар тапшы) біліп, сондай мамандықтар енгізуге бейімделеді. Оқу мекемесінің тартымдылық беделі артады, студенттер контингенті жоғарылайды.

Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін біз не істеуіміз керек?


Заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген ұстаз ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде саналады.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында «экономиканың барлық салалары үшін жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаудың сапасын арттыру, әрі шығармашылық тұрғыдан шешуге, кәсіби қызметтің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсінуге оның нәтижелерін үшін жауап беруге қабілетті кәсіби құзыретті жеке тұлғаны, бәсекеге қабілетті мамандықты қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беруді басқарудың тиімді жүйесі құрылатын болады» – деп атап көрсетілген.

Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің тиімді жолы білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. Қазақстан Республикасының «Білім беру» Заңында білім беру жүйесін ақпараттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат негізінде анықталып осы жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр. «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделін қалыптастыруымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктіруімен сипатталады.Сол ұлы істерге мына біздер, кәсіби білім беру саласындағы ұстаздар, аянбай атсалыса отырып, мұратқа жетеріміз анық!






Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-326661

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"