Инфоурок Другое Рабочие программыЛитературный вечер "Абай оқулары"

Литературный вечер "Абай оқулары"

Скачать материал

Мектепішілік « Абай оқулары» байқауының сценарийі 
2015-2016 оқу жылы.

                 Алматы қаласы ,Түрксіб ауданы , №170 ЖББМ

Мақсаты: Таланты ақын Абай Құнанбайұлының ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы мәнерлеп жатқа айтуға, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымын кеңейту.

Көрнекіліктер:Абай суреті, оқулық, Абай шығармалары, кітапбұрышы, нақыл сөздер, интерактивті тақта, бейне материал, слайдтар.


Нақыл сөздер:1) «Абай өз заманынан анағұрлым биік тұрған ақын еді»
Ғ.Мүсірепов
2) «Абайдың ұлылығы өз халқының мұқтажы мен болашағын әрі дұрыс, әрі 
көргендікпен ұға білуінде жатыр»
К.Семенов

1-жүргізуші: Өнердің түрі көп. Бейнелеу өнері, кино өнері, театр өнері, сурет өнері, сәулет өнері, мүсін өнері, т.б. өнерлердің ішіндегі ең құдіреттісі ол – сөз өнері. 
(«Көзімнің қарасы» әні орындалып турады)

2-жүргізуші:Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Бүгінгі кешіміз таланты ақынымыз Абай Құнанбайұлына арналады.

1-жүргізуші: Жылуы мол жібітердей тоң-тасты,
Жылдар легі жылжып алға жалғасшы.
Жақсылық пен жақсы үміттің ғасыры,
Жылың мынау барады өтіп алғашқы.

2- жүргізуші: Жүректердің жарқылдағай жасыны,
Тыныш өмір-адамзатқа асылы.
Ел тілегі: адал еңбек, маңдай тер,
Ей ғасырым, бол білімнің ғасыры! 

1-жүргізуші:озық ойлы Абайтанушылар! Жыл керуені алға жылжыған сайын Абай Құнанбайұлының артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қайнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырап, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Асыл сөздері келешек заманымызда да гауһардай жарқырап, көзі ашық көкіректерге нұр болып құйыла берері хақ.

2-жүргізуші: «XҮІІ Абай оқулары» байқауын бастауға рұқсат етіңіздер.


1-жүргізуші: «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе,» - деп Сұлтанмахмұт ағамыз айтқандай, сайысымыздың басты үш номинациясымен таныстырып өтейік.

Бірінші номинация: «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» Абай , Шәкәрім, Махамбет шығармаларын жатқа айту сайысы.
Екінші номинация: «Көңілім әнді ұғады» Абай мен Шәкәрім, Махамбет әндері мен күйлерін орындаушылардың сайысы.
Үшінші номинация: «Жүйріктен, жүйрік озар жарысқанда» жас дарындылар сайысы.

2- жүргізуші: Енді осы байқауға сайыскерлеріміздің оқу мәнерін, әнді орындау сазы мен сахналық шеберлігін, інкәр сезімдерінен өлең өрнектеген жас ақындарымыз даындылығын бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:
1.Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, аудандық шығармашылық топ мүшесі- 
2.  №73 ЖЖБМ  қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі -----
3 №170 ЖЖБМ қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі -------
1- жүргізуші: Әділқазылардың міндеттері:
- қатысушылардың өнеріне талдау жасайды және бес ұпайлық жүйемен 
бағалайды;
- жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орынға бөледі;
- қатысушылардың өнерін бағалаудағы даулы мәселелерді талқылайды және 
қажет болған жағдайда тиісті түзетулер енгізеді;.

2-жүргізуші: Жарыстар өтсін алуан,
Сынасын күшін барлық жан.
Жүлдесін алып шаттансын,
Білімді, мықты әрбір жан.

1- жүргізуші: Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы-дей келе 
бастаймыз.

«Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша сайысымызды бастаймыз.

Ортаға: (қатысатыноқушылардың аты мен тектері аталады). 


Әділқазылар алқасы баға бергенше Абай туралы бейне материал көру.
2- жүргізуші: Әлем танып, таңданды, ұлыАбайға,
Нұрын шашты, сөз зергері маңайға.
Жылдар көші лек-легімен өтсе де,
Құрмет тұтып, іліп қойдық маңдайға.
Абай салған ән қосып жырға екпінін,
Солар менің жырымда жүрмек бүгін.
Тірілерін құрметтеп, өлілерін
Тірілтуде әнменен міндеттімін.
«Көңілім әнді ұғады» атты  номинациясы бойынша сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Ортаға: ( қатысатын оқушылардың аты мен тектері аталады). 


1-жүргізуші: Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауыртқан  таулардан  сені іздедім, - деп бүгінгі жас ұрпақ өзс ағынышы, жүректегі ыстық ықыласын  жыр шашу етіп шашады.
«жүйріктен- жүйрік озар жарысқанда» аттыноминациясы бойынша сайысымызды бастаймыз.
Ортаға: (қатысатын оқушылардың аты мен тектері аталады). 



1-жүргізуші:
Әділқазылар алқасынан бағаларын берулерін сұраймыз.

2--жүргізуші:
Абай бізбен мәңгі бірге, өйткені Абай шығармалары ұлттық өнерді дамытудың  жаңа бағыты ретінде қызмет атқарыпк еледі. XXІғ. Қазақ әдебиеті Абай дәстүрін жалғастыра отырып өсті, жетілді. Абай ұлтымыздың туы.Абай адам өмірін мағыналы етуді, ақылға, еңбекке сүйеніп өмір сүруді, жамандық жасамауды ,адамгершілікті сақтауды, жастарға өсиет етті.

1- жүргізуші:
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Біздің міндетіміз бәсекелістікке лайық ұрпақ тәрбиелеу», - деген пікірі жастарға Абайша білім алу, Абайша ойлау, Абайша өмір сүру дегенді ұқтырады.

2- жүргізуші:
Құттықтау сөз әділқазылар алқасына беріледі.
(оқушыларды марапаттау).

1-жүргізуші: Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер ұлы Мұхтар«Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек қана           сол теріңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білімге ұмтылушылықтан, ізденуден жалықпайық.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Литературный вечер "Абай оқулары""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель службы приёма заявок

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 990 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.10.2016 991
    • DOCX 970.6 кбайт
    • 17 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байшемирова Бакытгуль Хайруллина. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5143
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой