Инфоурок Другое КонспектыМақала: "Әдепті бала өсірсең – өзіңнің абыройың" (5 сынып)

Мақала: "Әдепті бала өсірсең – өзіңнің абыройың" (5 сынып)

Скачать материал

Әдепті бала өсірсең – өзіңнің абыройың

         Еліміз егемендік алған уақыт ішінде қоғамда қаншама өзгеріс болды?! Сол өзгерістер туғызған соны жаңалықтар бала өміріне тікелей әсерін тигізіп жатқаны белгілі. Бала тәрбиесінің өзекті проблемаларын шешуге тәрбиенің уақыты өткен әдістерін ауыстыратын тәрбиенің жаңа технологияларын қолданудың қажеттігі, ел ертеңі, ұлт болашағы үшін этнопедагогика ғылымының жетістігін әр отбасының тәрбие құралына айналдыру – бүгінгі күннің сұранысы. Алайда, соңғы уақытта еліміздегі нарықтық экономиканың қарқынына ілесу қиыншылығынан, көптеген отбасыларында бала тәрбиесі әлсіреп, тіпті еріксіз қолдан шығып, орны толмас олқылықтар пайда болды.

         Қазіргі ғылым мен өндіріс технологиясына ғалам дамуы, соған табан тіреген жаппай қырып-жоятын қарулардың жетілдіріле түсуі және оның болашағының болжалсыздығы, террористік содырлықтардың етек алып бара жатуы адамдардың моральдық кемелденуінің, жер бетіндегінің бәрі үщін жауапкершілігінің рөлін орасан арттырып жібереді. Бүгінде өркениетті гуманистік негізде құрудың бірден-бір шарты да, келешектен үміт те руханиятқа байланысты болып қалады. Қазіргі адамзаттың «бас ауруына» айналған өркениет проблемасын кемеңгер Шәкәрім:Әрі ғалым, әрі залым,Ел түбіне сол жетер,-деп, көрегендікпен болжаған, сақтандырған болатын. Ол өзінің туысы және ұстазы Абайдың ізімен адам өмірін «...адал еңбек, ақ жүрек, арды ақыл» арқылы түзуге болады деген терең тұжырым жасады.

         Білім беру мен тәрбиелеудің мақсатын айқындау үшін қазақ білімпазы Ж.Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн. Ол «Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек» деген екен.

         Еліміз егемендік алғаннан бергі жерде мектептер мен басқа да алуан түрлі оқу орындарында халқымыздың, инабаттылық өнегесінен бастау алған әдеп ұйымы құрылып, дінтану сабағы оқытыла бастады. Әрине,бұл мәселенің мақсаты мен мазмұны бүгінде қалың көпшілік, ата-аналар жұртшылығы тарапынан қызу қолдау тауып отыр. Ол түсінікті де. Өйткені отбасы, ошақ қасындағы, қауымдастық пен қоғамдағы өмірдің мәні мен сәні, мерейі мен берекеттігі, жақсылығы мен жарастығы, түптеп келгенде, адамдардың әдебі мен инабатына, имандылығы мен ар-ұятына байланысты. Хадистерде: «...Әдетте ынсап, рақым, әдеп болмаса, адамның өзге хайуаннан артықтығы болмас еді... Әдеп – діннің жаршысы. Әдепті кісіде ұят бар, ұяты бар кісіде иман бар»,-делінуі тегін емес. Өмірде кім-кімнің де кісілігі ең әуелі оның іс-әрекетінің, мінез-құлығының әдептілікке жататын – жатпайтынына қарай бағаланады. Әдепті адамдар, әдетте, арлы да иманды, қайырымды да мейірімді келеді; айналасымен, ел-жұртпен сыйластықта, ынтымақ бірлік пен татулықта өмір сүреді. Бағзы заман даналарының « Тіпті күш арқылы жете алмайтын жеңіске әдептің арқасында жетуге болады. Қайда барса да, құрметпен қарсы алынатын адам – әдепті адам» деулерінде өмір шындығы жатыр. Сондықтан да әрбір жеткіншек ұрпақ, ең алдымен, туған халқының әдеп – инабат тағылымын бойына сіңіріп өсуге тиіс.

         Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «...халық Аллаһына, Тәңіріне сеніп, ертеңгі күнін, ар жақтағы ана дүниеге баратын күнін ойлап, дүниедегі мынау бүгінгі күннің күйбеңімен жүре бермей, Пайғамбарымыз мұхамедтің (с.ғ.с.) хадистеріне сәйкес өмір сүрсе деймін» деген сөзін басшылыққа ала отырып, мұсылман балаларына қасиетті хадистерімізде де отбасылық өмір мен өмірге бала әкеліп дұрыс тәрбие беру мәселесі жақсы айтылғанын еске алғанымыз жөн.

         Әр халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі сан ғасырларға созылған өзіндік тарихи тағлымы, ой-пікір бар.

         Тоқырау жылдарында ата-дәстүрімізден қол үзіп қалғандықтан тәлім тәрбие жұмысының тұйыққа тіреліп, жастар арасында келеңсіз құбылыстардың көбеюіне, мейірімділік пен қайырымдылық сияқты қасиеттердің азайып кетуіне, адамгершілік пен имандылықтың құлдырауына әкеліп соқтырады.

         Педагог А. Байтұрсынов: « Бала тәрбиесін, оқытуын жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерді өзі жақсы білу керек, екінші баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам болу керек. Оны білуге баланың туғанынан бастап өсіп жеткенше тәнімен қатар ақылы қалай кіретін жолын іздеу керек. Баланың ісіне, түсіне қарап, ішкі халінен хабар аларлық болуы керек» - дейді. Ахмет Байтұрсыновтың бұл пікірі дәл бүгінгі, ертеңгі күннің талап-мақсатымен үндес, өмір бойы өшпейтін, ескірмейтін өсиет. Бұлай дейтініміз, болашақ ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу ісіндегі басты тұлға – тәрбиеші педагогтар мен ата-аналар.

         Осы орайда жоғарыда сөз еткен дінтану пәнінің өтілуі қазіргі уақыттағы болып жатқан келеңсіз жайттардың болмауына, жат ағымдарды қазақ баласының қабылдамауына айтарлықтай  үлесін қоса алатынына сеніміміз мол.  

Бүгінгі елдің тұғырын шыңдап, сарапқа салар ұлт мақтанышы, ел үміті жастарымыздың келешегіне кесір, бүгініне оралға болған ерсі қылықтардан есімізде тұрғанда аластап, сәби санасына салтын ұқтыруда қасиеті мен қадірі кетпеген қара шаңырағымыздың сәні мен тыныштығын әрқашан сақтай білейік. Сондықтан қазір санадан өте бастаған халықтық педагогиканың тағылымы мол тәжірибесін, дәстүрлерін тәлім-тәрбие жұмысының түп қазығына айналдырған жөн.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мақала: "Әдепті бала өсірсең – өзіңнің абыройың" (5 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист контроля качества

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 663 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.03.2016 706
    • DOCX 17.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Данабекова Салтанат Мелисовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Данабекова Салтанат Мелисовна
    Данабекова Салтанат Мелисовна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9093
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 188 человек из 49 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 499 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 336 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 158 человек

Мини-курс

Галерейный бизнес: медиа, PR и cотрудничество

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные направления в архитектуре: архитектурные решения гениальных изобретателей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Готовимся к ЕГЭ по литературе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе