Инфоурок Доп. образование СтатьиМұқағали жырлары менің жүрегімде мәңгілік сақталады.

Мұқағали жырлары менің жүрегімде мәңгілік сақталады.

Скачать материал

Мұқағали жырлары-менің мәңгілік жүрегімде сақталады


Қостанай облысы

Қарабалық ауданы

Станционный  орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Қожахметова Ботакөз Қуанышқызы

Мақсаты: 
а) білімділік: М.Мақатаев өмір жолымен, шығармашылығымен оқушыларды таныстыру 
ә) тәрбиелік: отанды туған жерді сүюге тәрбиелеу, ақын жырларынан үлгі алу 
б) дамытушылық: оқушының сөйлеу мәдениетін дамыту 
Көрнекілігі: ақынның портреті, шығармалары, ақын туралы естеліктер, нақыл сөздер, буклет 
1-жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді жыр сүйер қауым! 

 Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың шығармаларына арналған «Мұқағали  жырлары- менің жүрегімде сақталады» атты әдеби сазды кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер. 
Мұқағалиды  күллі халық сүйіп оқыды. Әлі де оқи береді. Мен оған сенімдімін.Мұқағали шын мәнінде, бір туар екенін халыққа таныта білді. 
Вероника
Фариза,
Фаризажан, Фаризақыз
Өмірде ақындардың бәрі жалғыз, 
Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз, 
Бірімізден-біріміз арылармыз.
Біздерді де жоқтайтын жан болса егер,
Шаң басқан архивтерден табылармыз.

Сен мені білесің бе, білесің бе?
Жаралмаған жан екем күресуге. 
Жылай жүріп, өтірік күлесің де
Жүресің де қоясың, жүресің де. 
Бірі итеріп кеудемнен, бірі шалып, 
Тастағысы келеді күресінге
Фаризажан сен соны білесің бе?
Александр
Дос
Дос болам десең, 
Досыңды сыйла, қымбаттым!
Досыңа сонда
 
Досыммен ғана қымбатпын.
Дос болам десең,
Мендегі доспен достасқын,
 
Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын.
Достарың көп пе?
Апырау неткен жақсы едің!
 
Досым аз менің...
Досым –ау менің, тапшы емін?
Достарыңменен достастыр мені, асылым,
Достастыр мені,
Болайын құлың нақ сенің!
Достыққа жүрмін құмартып!
Өлгелі жүрмін
 
Өзіме - өзім мін артып...
Жауыздың барып жанына уәзір болғаннан
 
Достардың барып ауласына өлген мың артық

«Махаббат диалогы» Қанат пен Кристина
- Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің? - Сені іздеумен мәңгілік өтер едім - Отқа түсіп өртенсем не етер едің? - Күл боп бірге соңыңнан кетер едім - Бұлдырасам сағымдай не етер едің? - Жел боп қуып ақыры жетер едім - Қайғы әкелсем басыңа не етер едің? - Қойшы сәулем бәрін де көтеремін!
Дарья
Көрер едің 
Шаламын ба, отпын ба 
Білер едің, 
Ақынмын ба, жоқпын ба?
Кектендірген хан Жәңгір де жоқ мұнда, 
Көктенетін Махамбетте жоқ мұнда 

Анастасия

Сырым да осы, 
Жырым да осы, 
Алдыңда. 
Байқашы бір, 
Бықсыдым ба, жандым ба? 
Махаңдар жоқ, 
Махаңдардың сарқыты –

Мұқағали Мақатаев бар мұнда
.
Регина:
Бүгін менің туған күнім, 
Ой бәлі-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай 
Мына дүние неге жатыр үндемей,
Алаулатып тойдың шоғын үрлемей.
Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып, 
«Мынау шапан, 
Мынау атың мін » демей. 
Мына жұртқа жақпады ма әлденем?!
Бекер өмір сүргенім бе әлде мен?
Халқым,
Сенің қасиетіңді білем деп, 
Босқа өмірім өтті ме екен әуремен?!
Айтамын деп қуанышың, мұңыңды,
Басқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды?!
Мен бәрібір өзіңменен бір болам

Өзегінен тепсең –дағы ұлыңды
1-жүргізуші: М. Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келді. Әкесі Сүлеймен осы өңірде колхоз ұйымдастырушы болды. Мұқағалидың азан шақырып қойған аты-Мұхаметқали. «Пайғамбардың атын түгел айту балаға ауыр болады»,-деп еркелетіп,қысқартып Мұқағали атап кеткен.Ақын 10 жасынан бастап өлең жаза бастайды.  1941 жылы майданға аттанып, содан оралмады. Шешесі Нағиман қарапайым шара адамы еді. 
Инна
О, махаббат! 
Сен әлі тірі ме едің, 
Көзімнен ғажаып болған күнім едің, 
Гүлім едің...
Елтіген түнім едің, 
О, махаббат! 
Сен әлі тірі ме едің?!
О, махаббат!
Сен әлі тірі ме едің?
Тірі ме едің...
Мен әлі тірілемін! 
Ақ періште алдында жүгінемін. 
...Қолдай гөр, ғашықтардың пірі, мені!
«Ғашықпын!»
Ғашықпын, 
Шын ғашықпын сол адамға!
Мен болмасам болмайын, сол аман ба?!
О. Тәңірім неткен жан ед қайырылмайтын,
Жүрегі еттен бе, әлде қоладан ба?!
Кристина
Ғашықпын,
Қайтып оны жасыра алам, 
Бір алтын оның әр тал шашы маған. 
Сағынайын, таусыла сағынайын,
Сағынышқа жаралған ғашық адам. 
Шарықтап, қолым жетпес көкте Күнге,
Ақ қанат құсым менің кеткенім бе?
Шарқ ұрып бар ғаламдышыр айналып,
Мәнгілік сені іздеумен өткенім бе?
Сарғайған сағынышты басып толық,
Бар үміт, бар сенімді шашып болып,
Өтермін сірә да мен бұл өмірден, 
Мәңгілік қалармын мен ғашық болып. 
1-жүргізуші: Балалық шағынан–ақ ақын ерте есейді, еңбекке ерте араласты. Орта мектепті бітірген соң ауылдың хатшасы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол қызметінде болды. 1954-1962 жылдар арасында қазақ радиосында диктор болды, 1962-1972жылдар аралығында «Социалистик Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында білім меңгерушісі, 1972-1973 жылы Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші болып жұмыс істеді. 
 София:  Қалқам, 
Мен Лермонтов, Пушкинде емен,
 
Есен
инмін демедім ешкімге мен.
Қазақтың қара өлеңі – құдіретім,
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген.
Жат жерді жастанғанда жазатайым, 
Қанымен жазды мүмкін ағатайым. 
...Қасиетіңнен, қара өлең айналайын, 
Қазақтың дәл өзіндей қарапайым.
1-жүргізуші: Ақынның «Аманат» жыр жинағы 2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бүгінде Мұқағали ақынның 13 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар екені анықталып отыр. 
Мұқаңның 35 мың жолға жуық өлеңі поэзия сүйер қауымның іздеп жүріп оқитын жырына жырына айналды. Ақын өлеңдеріне 100-ден астам әндер жазылды. 
Анатолий:Пай, пай, өмір! 
Пай, пай, өмір! 
өтесің – ау бір күні, 
тиясың ау қуанышты күлкіні.
өмір деген – бір жарқ еткен найзағай, 
өмір деген көк аспанның күркірі.
Пай, пай өмір,
Өтесің-ау бір күні!
Болмағандай жүрмегендей сен д,е біз, 
Кетеміз-ау, әй кетеміз... пендеміз 
Ұрпақтарға береміз де кезекті, 
Біз кетеміз, кету үшін келгенбіз.
Артур:
Өмір деген – бұйым емес қолдағы, 
Өмір дейтін ұлы бекет жолдағы. 
Қаның кеуіп қаталаған кезінде 
Сусыныңды қандырасың бір болғаны.
Мына күнде, мына аспан да дала анау 
Бәрі бізден, бәрі бізден қалады-ау!
Өмір дейтін тағатсыз бір қозғалыс,
өмір дейтін - өлемін деп қарамау. 
2-жүргізуші: Ендеще қашан да ақиқаттық ақ туын көтеріп, әділет пен адалдақты тең ұстаған ақынның ғажайып сырлы өлеңдеріне кезек берейік. 
Виктория:
Пай! пай! пай! 
Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер, 
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер, 
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер.
Қарсы алмаса, 
Құрсын, қарсы алмағын, 
Ән салып бер, 
Әніңмен жан сап маған!
Жаңғырып жасыл тау жөнелсін бір, 
Жатсын ұйып жапанда дел-сал далам. Ән сал, жаным,
Әніңмен тербет мені 
Бір сәтке тынсын тірлік жер көктегі.
Дала ұйысын,
Дамылдап таулар жатсын, 
Таулар жатсын мәңгілік жөргектегі.
1-жүргізуші: Ақынның сөзі өлмесе, өзі де өлмегені.  Осымен М. Мақатаев шығармашылығына арналған «» атты әдеби сазды кешімізді аяқтаймыз.
Менің сүйікті ақыным Мұқағали Мақатаев. Мен туған жылы 197

 Жылы өмірден өтіпті.

Ендеше Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған Нұрғиса Тілендиевтің «Саржайлау» әніне кезек берейік. 
Орындайтын 6 сынып оқушылары


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мұқағали жырлары менің жүрегімде мәңгілік сақталады."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель службы приёма заявок

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 630 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.01.2018 812
    • DOCX 23.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кожахметова Ботагоз Куанышевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 6 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 96043
    • Всего материалов: 23

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Теоретические и методологические основы образовательной робототехники в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 568 человек

Курс повышения квалификации

Методическое обеспечение деятельности учреждений физкультурно-спортивной направленности

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности педагога дополнительного образования при обучении академическому вокалу

Преподаватель академического вокала

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Мини-курс

Занятия спортом при заболеваниях опорно-двигательного аппарата

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 50 человек

Мини-курс

Windows для начинающих: файлы, папки, текстовые документы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление производством и оптимизация затрат

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе