Инфоурок Другое Презентации«Мамандық таңдаудың өмірлік маңызы» (баяндама)

«Мамандық таңдаудың өмірлік маңызы» (баяндама)

Скачать материал

Тақырыбы: Аяулы күз, Алтын күз

1-жүргізуші:
Көк аспаным мөлдіреп,
Шуақты көзім елжіреп
Асыр салып жүретін
Сары көйлегім желбіреп,
Айтшы Нұртуған
Бұл қай мезгілдің келгені.

2-жүргізуші:
Жайдары күз, жарқын күз
Аяулы күз, алтын күз
Дәнге толы ен далам
Дариядай шалқар күз
Ақбота бұл Алтын күздің келгені.

1-жүргізуші:
- Армысыздар Қымбатты мырзалар мен ханымдар!
2-жүргізуші:
- Қайырлы күн, Ұлағатты ұстаздар, жалынды да жігерлі жас достарым. Берекелі де мерекелі Алтын күз мерекелеріңіз құтты болсын!
1-жүргізуші: - Құрметті халайық бүгінгі өткізгелі отырған байқауымыздың негізгі мақсаты жаңа ғасырдың ұлы көші де егемендігі еңселене түскен Тәуелсіз Қазақстанда тұрып тәрбиеленіп жатқан жастарымыздың рухын көтеріп, эстетикалық талғамын арттыру арқылы өнерге сезімталдыққа, адалдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу болып табылады.

2- жүргізуші: Олай болса, бүгінгі «Аяулы күз, Алтын күз» атты байқауымызға қатысатын үміткерлерді қошеметпен ортамызға шақырамыз.
1- жүргізуші: Қарсы алыңыздар! Балымыздың үміткер ханзадалары мен ханшайымдары
1-жұп 3 – жұп 5 - жұп
2-жұп 4- жұп

2- жүргізуші: « Аяулы күз, Алтын күз -2013»байқауының үміткерлеріне ақ жол тілеп қошемет көрсетейік, құрметті көпшілік.

1- жүргізуші:
Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар сайыстарда неше бір
Сарапқа сал әділдікпен шеше біл, - дей келе бүгінгі сайысымызға қазылық жасайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!
2- жүргізуші; Ендеше бүгінгі кешіміздің бағдарламасымен таныс болыңыздар
Бағдарламамыз 6 кезеңнен тұрады.

1-кезең: «Кел танысайық» (үміткерлерді жеке-жеке таныстырады)
2-кезең Ситуациялық сұрақтар
3- кезең. Өнер сайысы (екеуінің де өнері тамашаланады)
4-кезең. «Жұптасу » ойыны
5- кезең. Сән үлгісі (жарасымды киім үлгілерін көпшілікке ұсынады)
6- кезең. Балл биі (үміткерлердің жұптасып билеу мәнерлері бағаланады)

Ескерту: Әділқазылар алқасы үміткерлеріміздің бағасын жеке-жеке шығарады.Яғни аруларға бөлек, жігіттерге бөлек баға қойылады. Ең төменгі балл -3, ең жоғары балл -5.

1- жүргізуші:
Құрметті көпшілік көрерменім
Жақсылыққа әрдайым артқан сенім
Ақжол тілеп үкілі үміттерге
Таныстыру шартына кезек бердім.
2- жүргізуші: Ендеше бірінші шартымыз «Кел танысайық» үміткерлеріміздің өздерін таныстыруы.

1- жүргізуші:
Күз келді, хан мен ханшайым
Өткізді күзгі бал айын
Ағызар сөйлеп сөз майын
Ал ханымыз ақылды
Барша жұртты шақырды
Би де билеп ән айтты.
Қуаныштан шалқыды.
Ханзадаралымыз бен ханшайымымызды танып білсек сайысымыздың екінші бөлімі «Ситуациялық сұрақтарға» кезек берейік.

жүргізуші:
Қаңғалақтап құлдилайды жапырақ,
Сарғыш тартып мынау дала, атырап.
Күн шуағын жинай алмай тұрғандай
Қатар-қатар шөмелеге шашып ап.

1-жүргізуші:
Баршаға өнер сүйер жар саламыз,
Үкілі үміттерді қарсы аламыз
Күйге енейік баршамыз ерекше бір
Сіздер үшін би билеп, ән саламыз.

Құрметті көрермендер ендігі кезекте үміткерлеріміздің дайындап келген өнерлерінің куәсі болуға шақырамыз.
жүргізуші:
Өз өнерін көрсететін бірінші жұбымыз.........................
Қалған үміткерлерді сахнаның сыртында хабарлап отырады.

1-жүргізуші: «Жастар биі» орындайтын:
2-жүргізуші: Жігіттер мен аруларымыздың өнерлеріне көп рахмет айта отырып, келесі кезегімізге өтейік.
«Жұптасу» ойыны яғни «Сиам егіздері» деп аталады

1-жүргізуші:
Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
Дархандықты қазаққа дала берген секілді.
Еркелікті, ерлікті желден салған секілді,
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді - деп Қадір Мырзалиев ағамыз жарлағандай әнге кезек берейік.
Ән:
жүргізуші:
Бар сұлулық құйылған бір басына,
Жарасып-ақ тұр бәрі сұлбасына,
Бетін шымшып жауратып күз салқыны
Еркелейді еріксіз сырласына
Ендігі кезекте жұптарымыздың сән үлгісін тамашалаңыздар. Бірінші жұпты қошеметпен ортаға шақырайық!
Ән:
жүргізуші:
Көркіңменен жаз жадырап күліп күз
Сұлулықты көргенге үміттіміз
Қуаныш сыйлай берші бал татыған
Биімен айналады қылықты қыз.
Енді әдемі шарттарымыздың бірі «Бал биі»
Үміткерлеріміз әдемі әуенмен ырғақты билеп, өздерін бүгінгі балдың нағыз ханзадасы мен ханшайымы екендерін көрсете білулері тиіс.

2-жүргізуші: Сонымен Қымбатты көрермендер жан дүниесі, рухани әлемі таза, адам баласының ең тамаша қасиеттерінің барлығын бойына сіңірген арыстандай айбатты, жолбарыстай жүректі ер мінезді нағыз ханзадаға лайықты жігіттерімізбен
1- жүргізуші: Сыпайы да мейірбанды , ақ маңдай ашық жүзді, айдай сұлу жылы жүздерінен күннің нұры төгілген нағыз ханшайымға лайықты, ақылды да парасатты қыздарымызды анықтайтын кезге келіп жеттік.
Ән:
1- жүргізуші
Жеңістер мен жеңілістен тұратын
Өмір күрес, жеткізе ме мұратын
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін
Қатысу да бар жеңіс, болсаң егер ұғатын.
1- Жүргізуші:
Келешекте әрі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдалсын қалыспаңдар
Өнерлілер көбейсін күннен –күнге
Өмір күрес әлі талай жарыстырар - дей отырып, «Аяулы күз, Алтын күз -2013 » байқауының нағыз ханзадасы мен ханшасын жариялау үшін ортаға әділ қазылар алқасын шақырамыз.
2- жүргізуші:
Қымбатты көрермендер!
Жеңімпаздарымызға биік шыңдарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешімізді осымен аяқтаймыз?
1- жүргізуші:
Жеңісті күндерде кездескенше достар!

 

 

 

 

 

 

«Мамандық таңдаудың өмірлік маңызы» (баяндама)

Он бес пен жиырма бестің арасында
Бұл жаста аласым көп, бересім де
Алдымда толған мақсат, толған таңдау
Алайын анасын ба, мынасын ба?

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың осы бір шумағы барлығымызды да ойландырары сөзсіз.

Кеше ғана ата – ананың аялы алақанында, ұстаздарыңның қамқорлығында болып келген сіздердің ендігі жерде өмірден өз орындарықызды тауып, қоғамға пайдалы еңбекпен айналысатын белсенді азамат болуларыңыз — өмірлік парыз. Бұл ретте сіздердің алдарыңызда өмірлік мәні бар үлкен бір белес, жауапты міндет тұр. Ол — өз білімдеріңізді жоғары дәрежеде дәлелдеп, ҰБТ – н жоғары нәтиже көрсетіп, белгілі бір мамандықты дұрыс таңдай білу және оны меңгеру . Мамандықты дұрыс таңдау адамның бүкіл болашақ тағдырына тікелей әсер етеді. Бұл ретте мамандық таңдау дегеніміз – тағдыр таңдау десе де болғандай.

Жастарға албырт ой, ұшқыр сезім тән келеді. Әркімнің неше түрлі мамандықтарды игергісі келеді. Бірақ солардың ішінен қайсысының басын ұстарын білмей , қиналатыны бар. Ең жақсы мамандық қайсы? Оны қалай еткенде дұрыс таңдауға болады? Оны тез меңгеріп алудың жолы қандай? Шынында да қазіргі заманда ғылыми – техникалық прогрестің ғаламат өсуінің нәтижесінде еңбектің мамандандырылу дәрежесі соншалықты артып, шырқау биікке шарықтап кеткен

кезінде мамандықтың түрі көп. Ғалымдардың есептеуі бойынша қазір мамандықтың 390 мыңнан астам түрі бар. Соның 15 мыңнан астамы жұмысшы мамандығы. Олай болса, әркім ұшы қиыры жоқ мамандық түрлерінің қайсысын қалап, қайсысын ұстауы тиіс. Бұл ретте әркім ең алдымен өз бойында қалыптасқан қабілетіне, дамып келе жатқан біліміне, бейінеғ денсаулық ерекшеліктеріне қарау керек. Осы аталған қасиеттеріне орай мамандықтың белгілі бір түрлерін таңдауы қажет. Әсіресе осы салада жұмыс істейтін тәжірбиелі мамандардың ақыл –кеңесін тыңдаудың, олардың жұмыс орындарында болып, бәрін көзбен көріп, көңілмен тоқудың зор маңызы бар.

Әркімнің таңдаған мамандығы өзіне ұнауы тиіс. Ол сонда ғана бар ынта – жігерімен сол мамандықты жете меңгеруге тырысады. Адамның өзіне ұнаған, жаны жаратқан , талғамына сай келетін мамандық ризашылық сезімін ұялатады. Ол адам сонда ғана өз мамандығын жете меңгеріп , толық қабілетін жұмсап еңбек етеді, өз еңбегін мақтаныш тұрады. Мұндай еңбек шабытын шақырады, ұдайы шығармашылық ізденіс үстінде болуға итермелейді.

Кездейсоқ таңдай салған мамандық адамның қымбат уақытын босқа ысырап етеді. Егер атқаратын жұмыс адамның өзіне ұнамаса, талап – талғамына сай келмесе, рухани және дене күшінің мүмкіндіктерінен тыс тұрса, ондай жұмыстың ауырлығы да, азабы да көп болмақ . Дегенмен де өз ықыластарымен атқара алмайтын мамандықтағы жұмыстан айырылмай жүре беретін, одан өзіне де, қоғамға да пайда келетіне алмайтынын сезе қаймайтын адамдардың аз кездеспейтініне өкінбеске болмайды.

Мамандық таңдау кезінде әркімнің психологиялық ерекшеліктерімен қатар олардың моральдық көзқарасы, ерік — жігері, борыш пен жауапкершілігі , тәуекелге бел байлағыштығы тәрізді қасиеттерді ескермеске болмайды. Мұның өзі әсіресе геолог, ұшқыш, теңізші , дәрігер сияқты мамандық түрлері таңдағанда ерекше назар аударатын нәрсе. Кейбір мамандық түрлері оймен еңбек етуді, алғырлықты, тез шешім қабылдауды қажет етеді. Міне, мамандық таңдау кезінде оның осындай ерекшеліктерін ескеріп, отыру қажет екенін өмір тәжірбиесі көрсетіп жүр.

Әр кезеңнің өз экономикалық , әулеметтік және мәдени ерекшеліктері болады. Соған орай мамандық түрлерінің маңыздылығы да өзгеріп отырады. Мамандықтың жаманы жоқ , тек оны сүйе білу керек, ынта қойып , қызыға меңгеру керек.

Қазақта: «Ата көрген – оқ жонар», ана көрген – тон пішер», «Ұяда не көрсең – ұшқанда соны ілесің» деген мағынасы терең мақал – мәтелдер молынан кездеседі. Әрі бұл- бүтіндей бір халықтың өмірлік тәжірбиесін бір арнаға тоғыстырған өскелең ұрпақты қаршадай кезінен бастап қандай бір кәсіпке баулудың өзіндік бағыт – бағдары екені даусыз . Ежелден бері ұста, зергер , етікші, өрілші, ембі, атбегі, құсбегі саяткер т.б көптеген кәнігі кәсіби шеберлер өз өнерлерінің құпия- қатпарларын көлденең көк аттыға жайып сала бермеген. Олар қашанда қабілет – бейімі бөлекше ұл – қыздарының біріне немесе өздеріне өте жақын қолының ебі бар балаларға ғана өз кәсібінің қыр – сырын үйретіп өмірлік аманат ретінде қалдырып отырған. Өнерлі ата – ана осыны қазірден бастап өскелең ұрпақтарының құлағына құя бергенінің ешбір айыбы жоқ деп ойлаймын. Бұл бізідң халқымызда ғана емес, дүние жүзі халықтарында бар өнеге. Мысалы: француз де – Шеванилердің отбасы ата – бабаларынан бері асыл тастар мен бағалы зергерлік бұйымдарды жасайды, дүние жүзінде әр түрлі мемлекеттерінде атақты дүкендері бар.

« Кім боламын?»

Бұл аса бір күрделі де қиын сауал. Осыған жауап беретін адам кім дегенде алдымен ауызға ілігетіні тағы да сол баланың ата – анасы. Өйткені олар өз перизентінің жай – күйін бесікте жатқан кезінен жақсы біледі. Одан кейінгі оның бірден –бір ақылшысы: өз шәкіртін күнде көріп, өзіндік мінез – құлық , қабілет бейімін көңіліне түйіп жүретін ұстазы.

Баланы болашақ кәсіпке бағдарлау ісі жас талаптың ең әуелі өз халқының қазіргі ұлттық мүдесін ескеретіндей бағытта жүргізілсе құба – құп.

Қорыта келгенде, мамандық таңдау кезінде бір – бірімен тығыз байланысты екі нәрсені мұқият ескеріп, басшылыққа алған жөн.

1. Бұл мамандық маған не береді? Осы мамандықты таңдасам , өзімнің қабілетімді түгел жұмсап , өзімді өзім көрсете аламын ба?

2. Бұл мамандықты меңгерсем, халыққа, қоғамға қандай пайда келтіре аламын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Әдептілік – әдемілік» тақырыбындағы тәрбие сағаты.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды әр ортада өзін ұстай білуге тәрбиелеу;
2. Оқушыларға адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру;
3. Кішіпейіл де қарапайым, сымбатты да әдемі болуға тәрбиелеу;
4. Дүниетанымдарын кеңейту;
Сабақты өткізу әдісі: Аралас; түсіндіре әңгімелеу;
Сабақтың жабдығы: Интеративті тақта, әртүрлі орындағы адамдар слайдпен.

Сабақ жүрісі
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен танысу.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Мұғалімнің кіріспесі.
а). Қоғамыздың болашақ мұрагерлері қандай болуы керектігі туралы.
ә). Сымбаттылық пен әдеміліктің әдептілікпен байланыстылығы туралы.
2. Негізгі орталарда өзін – өзі қалай ұстау қажеттілігі туралы
а). ҮЙДЕ: Ата - анамен, іні – қарындаспен, аға – апамен қалай сыйласу қажеттігі туралы, қонақ келгенде сәлемдесу, қонақ қабылдау, т. б.
ә). КӨШЕДЕ: Дұрыс, сымбатты жүру, кезкелген үлкен – кішімен сәлемдесу, қарт адам
кездессе көмектесу, орынсыз ысқырық, т. б., төбелеске жол бермеу;
б). МЕКТЕПТЕ: Оқушыларға арналған ережелерді сақтау, жолдастарымен, ұстаздарымен сәлемдесу, мектептегі қоғам мүлкіне дүрыс көзқараста болу,
кезекшілік міндеттерін дұрыс орындау, сабақты бар зейінімен тыңдау,
сабақ үстіндегі бірыңғай талап ережелерін сақтау, ұстаздарын, достарын
сыйлау;
в). ҚОНАҚТА: Қонаққа келген үйінің ішіне тесіле қарай бермеу, әр нәрсеге таңданып
орынсыз дүниелерді қайдан алғанын тексеріп сұрай бермеу, босқа
абыржымау, екеу – екеуден сыбырласып әңгіме айтпау, ерсі күлмеу, үн –
түнсіз, өзімен – өзі мұңайып отырмау, басқа қонақтардың, үй иесінің
пікірлерімен санасу, т. б.
г). ДАСТАРХАНДА: Кітап оқымау, әңгіме айтпау, тырнақты ауызға салмау, ұстамау,
басын ұстап қасымау, үлкеннен бұрын төрді иемденбеу;
ғ). ҚАЛАДА: Жинақы, қарапайым киім кию, көліктер арасында арасында жол
ережелерін сақтау, автобуста үлкен адамдарға, балалы адамдарға
орын беру, т. б.

ІІІ. Қорытынды бөлім
1. Әдептілік туралы ұлы АБАЙ сөзінің мәнін ұғыну
ӘДЕПТІЛІК - ар – ұят
АДАМДЫҚТЫҢ белгісі,
ТҰРПАЙЫ мінез, тағы жат
НАДАНДЫҚТЫҢ белгісі.
2. Өздерінің жөнді – жөнсіз қылықтарын айту
3. Әдептілік туралы мақал – мәтелдер.
Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.
Сәлем – сөз анасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Денсаулығым-байлығым»

       Мақсаты: Оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға,денсаулықтың қадірін түсініп, сақтай білуге тәрбиелеу,салауатты өмір сүре білуге шақыру,адамзат  өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі ЖҚТБ дертінің алдын алу жолдарын айту,адамгершілікке инабаттылыққа,елжандылыққа баулу.

Көрнекілігі: интеративті тақта, нақыл сөздер, оқушылардың шығармашылығы.

                             Барысы.

Кіріспе сөз:

 Еліміздің келешегі жастардың қолында.Сендер – білімді, жаңалыққа жаны құмар, ізденімпаз, еліне адал  қызмет ететін, жаңа буын өкілдерісіңдер. Болашақта күтіп тұрған ауқымды істер атқару үшін білім мен мықты денсаулық керек.

   Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті қашанда С.Ө.С. уағыздайды.Жақсы жұмыс, уайымсыз өмір,ұзақ ғұмыр,жан мен тәннің саулығы – салауаттылықтың негізі. Халқымыз «бірінші байлық – денсаулық » деп тегін айтпаған.Адамға ең бірінші денсаулық керек..Адам денсаулығының жақсаруы салауатты өмір сүрумен байланысты.

   С.Ө.С                ұстанатын болсаң  

                                         Жек бас гигиенасын сақтау.

                                          Күн тәртібін дұрыс ұйымдастыр.

                                          Дұрыс тамақтан.

                                          Зианды әдеттерден аулақ бол.

                                          Спортпен шұғылдан.

                                          Қоршаған ортаны таза ұста.

                                          Жанжалдар мен кикілжіңдердің алдын ал.

                                             Тиімді дем ал.

1.  3  топқа жеке тапсырмалар бөлу.

   І    топ  -   Жеке бас гигиенасын сақтау.

   ІІ   топ   — Күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру

   ІІІ топ -  Дұрыс тамақтану.  (Оқушылардың шығармашылығы,ізденісі байқалады).

2. Менің денсаулығым – менің байлығым

(ІІІ топқа тапсырма беру,жоба қорғау)

 3. Сөз туым «Денсаулық»

  1.Денсаулықты үйрететін ғылым (валеология)

  2.Шылымның зияны тиетін мүше (өкпе)

  3.Медицинаның атасы кім (Гиппократ)

  4.Денсаулықты сақтаудың ең тиімді жолы не ? ( С.Ө.С. ұстану қажет)

  5.Адамның тұлғасы (дене)

  6.Құрамында этиль спирті бар ол не? (ішімдік)

  7.Темекінің құрамындағы улы зат.(никотин)

4. «Тазалық – дененің саулығы»

  ( Әр топ интерактивті тақта арқылы ЖҚТБ – ға жол бермеудің әдісін көрсетеді.)

5.Ақ тілек ( тренинг )

6.Қорытынды

 Бүгінгі тәрбие сағатында оқушылардың ізденісі, шығармашылықтары терең байқалды. С.Ө.С. туралы біраз мағлұмат алдық «Сау дене, азат ақыл,адал көңіл, үшеуімен бақытты болады өмір» деген нақыл сөзбен қорытындылаймыз.Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын !

.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Мамандық таңдаудың өмірлік маңызы» (баяндама)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор музея

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 171 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.10.2015 1121
    • DOCX 36.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кубейсинова Бахыт Кубейсиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3585
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 850 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 490 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 329 человек

Мини-курс

Психологические аспекты развития и состояния личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные тренды в физкультуре и спорте: организация обучения и методика тренировок

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Литературные пути: от биографий к жанрам

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе