Инфоурок Другое КонспектыМатематика 3-класс

математика 3-класс

Скачать материал
Скачать материал "Математика 3-класс"

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по связям с общественностью

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ СТАНД...

    1 слайд

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫ * 24 қаңтар 2014 жыл Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

  • Баяндама жоспары * Қазақстан Республикасында бастауыш білім беруді жүйелі жаң...

    2 слайд

    Баяндама жоспары * Қазақстан Республикасында бастауыш білім беруді жүйелі жаңарту қажеттілігінің негіздемесі Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты Пәндер бойынша оқу бағдарламалары мен оқу жоспарлары Бастауыш мектеп құрылымының негіздемесі Критериалды бағалау жүйесі

  • * 1. Қазақстан Республикасында бастауыш білім беруді жүйелі жаңарту қажеттілі...

    3 слайд

    * 1. Қазақстан Республикасында бастауыш білім беруді жүйелі жаңарту қажеттілігінің негіздемесі

  • Уақыт талабы және білім беру саласындағы инновациялар * Қоғамның жаһандануы;...

    4 слайд

    Уақыт талабы және білім беру саласындағы инновациялар * Қоғамның жаһандануы; Адам ресурстарының мобильділігі; АКТ саласындағы үлкен өзгерістер; Қолжетімді және алуан түрлі ақпаратқа көшу (Интернет); БАҚ пен технологиялар ықпалының артуы; Ғылымдағы инновациялар. Күтілетін білім беру нәтижелерін нақтылау; Білім беру мазмұнын жаңарту; Оқытудың жаңа әдістері мен тәсілдері; Объективті бағалау жүйесі; Білім беру ортасын жаңарту; Өмір бойы оқу (LLL); Мектеп басқарудың инновациялық және ашық жүйесі

  • Болып жатқан өзгерістерге қалай дайын бола аламыз? Білім беру жүйесіне ықпал...

    5 слайд

    Болып жатқан өзгерістерге қалай дайын бола аламыз? Білім беру жүйесіне ықпал ететін факторлар Нақты не істеуіміз керек? * Ғылыми білім тұрақты жаңаруда; Техника мен технологиялардың жылдам даму қарқыны байқалуда; Еңбек ұйымдастыру формасы өзгеруде; Қазіргі кезеңде белгілі бір сала мамандықтары бойынша берілетін стандартты біліктердің жұмысқа орналасуға жеткіліксіздігі; Еңбек етуші ересек қауымда қазіргі еңбек нарығына қажетті дағдылардың тапшылығы. Орта білім берудің жүйелі жаңартылуын жүзеге асыру (мақсаттары, мазмұны, әдістері, формалары, күтілетін нәтижелер). Жаңа талаптарға сай білім беруді ұйымдастыруға қажетті негізгі құжатты (МЖБС - ГОСО) әзірлеу. Білім беру үрдісін оқушыларды 21-ғасырдың өмір талаптарына сапалы даярлауға бағыттау. Атап айтсақ, «ХХІ ғасырда қажетті дағдылардың» дамуын қамтамасыз ету: 1 Сыни тұрғыдан ойлау және туындаған мәселелерді шеше білу 2 Ұжымдық жұмыс және көшбасшылық қасиеттері 3 Икемділік және жаңа шарттарға бейімделу қабілеті 4 Бастамашылық және кәсіпкерлік дағдылар 5 Өз ойын ауызша да, жазбаша да сауатты және анық білдіру қабілеті 6 Ақпарат іздеу және табу қабілеті 7 Білімге құмарлық және қиял Тони Вагнер, 2010

  • Орта білім беруді жүйелі жаңарту себептері * Әлемдік білім беру тәжірибесінд...

    6 слайд

    Орта білім беруді жүйелі жаңарту себептері * Әлемдік білім беру тәжірибесінде: парадигма өзгерісі: «өмірлік білім алудың» орнына «өмір бойы білім алу»; білім берудегі құндылықтардың маңыздылығы: «білім берудегі құндылықтар»; мектеп түлектеріне қойылатын жаңа талаптар: рухани-адамгершілік негізді арттыру, функционалды сауаттылық пен бәсекеге қабілеттілікті көрсету, оқу және өмір жағдаяттарын шығармашылықпен шешу .

  • Бастауыш білім беруді жүйелі жаңарту ерекшеліктері * Бұл: нәтижеге бағытталғ...

    7 слайд

    Бастауыш білім беруді жүйелі жаңарту ерекшеліктері * Бұл: нәтижеге бағытталған жаңа бастауыш білім беру моделін жасау. «өмір бойы білім алу» бағдарламасын жүзеге асыру үшін жағдай жасау. тек оқушылардың жүктемесін жеңілдету үшін бір жыл қосу емес, балалардың дамуындағы өтпелі (дағдарыс) кезеңнің психологиялық-физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, бастауыш мектепте білім беру мерзімін ұзарту.

  • * Білім беру жүйесі қызметінің арнайы шарттары (Майкл Барбер)

    8 слайд

    * Білім беру жүйесі қызметінің арнайы шарттары (Майкл Барбер)

  • Қазақстан Республикасында орта білім берудің жүйелі жаңартылуын жүзеге асыру...

    9 слайд

    Қазақстан Республикасында орта білім берудің жүйелі жаңартылуын жүзеге асыру * орта білім берудің құндылығының маңыздылығын күшейту; нәтижеге бағытталған тың білім беру стандартын әзірлеу; мектеп құрылымын жетілдіру; білім беру сапасын бағалаудың сенімді жүйесін дайындау: оқушы, мектеп және тұтас жүйенің жетістіктері негізінде.

  • 4. Бастауыш мектеп құрылымын негіздеу *

    10 слайд

    4. Бастауыш мектеп құрылымын негіздеу *

  • Зерттеу нәтижелері бастауыш мектептегі оқу мерзімін ұзарту факторы ретінде *...

    11 слайд

    Зерттеу нәтижелері бастауыш мектептегі оқу мерзімін ұзарту факторы ретінде * Келесі зерттеу нәтижелері ескерілді: «Орта мектептегі түлектердің білім деңгейі айтарлықтай шамада бастауыш білім беру сапасына тәуелді,…» М. Барбер, М. Муршед. Как добиться стабильности высокого качества обучения в школе.2007., с. 56. Бастауыш мектепте оқушылардың ой дамуы шынымен жүруі және «зердесі ойшыл, ал түйсігі ойлампаз» болуы үшін уақыт жеткілікті болуы тиіс (Выготский Л.С). Демек, оқушы оқу, жазу және есепке ғана емес, сонымен қатар жас ерекшеліктеріне сай жинақталған ақпаратты іздеу, талдау және интерпретациялау дағдыларына да үйренеді. Егер бала бастауыш мектепте таным қуанышын сезінбесе, үйрену қабілетіне ие болмаса, достасып үйренбесе, өзіне, өз қабілеттеріне және мүмкіншіліктеріне деген сенім қалыптаспаса, бұларға кейіннен қол жеткізу анағұрлым жоғары рухани және физикалық шығындарды қажет етеді (Петровский А.В).

  • Жас дағдарысы * Өтпелі кезеңдерде оқу үрдісін оқушыларға жақын және таныс жағ...

    12 слайд

    Жас дағдарысы * Өтпелі кезеңдерде оқу үрдісін оқушыларға жақын және таныс жағдайларда жүргізген орынды. Сонымен, бірінші және бесінші-алтыншы сыныптар – бір жастан келесі жасқа сатылай, бірқалыпты көшуді ұйымдастыру жөніндегі педагогикалық әрекеттердің орны мен уақыты болып табылады. Міндет – ЖАС ЖӘНЕ БІЛІМ ДАҒДАРЫСЫНЫҢ САЙ КЕЛУІНЕН АУЛАҚ БОЛУ. Жас дағдарысын бастан кешу керек, ал бастауыш және орта мектепте оқыту шарттарының шұғыл өзгеруінен туындайтын білім дағдарысын жеңілдетуге болады және жеңілдету керек. (Воронцов А.) Петровский А.В. : ең алдымен, балалар дамуындағы өтпелі (дағдарыс) кезеңдердің психологиялық-физиолгиялық ерекшеліктерін ескере отырып, кіші мектеп оқушыларымен жұмыс мазмұнын, әдістері мен формаларын құрастыру керек. Жас кезеңі (Воронцов А.): Мектепке дейінгіден (6-7 жас) кіші мектеп оқушысына көшу дағдарысы 1-оқыту жылына сай келеді; Жеткіншекке дейінгі дағдарыс (10–12 жас) 4–5 сыныптарға сай келеді; Жасөспірімге дейінгі дағдарыс (15–16 жас) мектептің 9–10 сыныптарына сай келеді. Ескермеу балалар үшін маңызды салдарларға әкеліп соқтыруы мүмкін: қобалжудың артуы, депрессивті жағдай мен күйзеліс жүктемесінің жоғарылауы, жылдам қалжырау, өсудің баяулауы, дене салмағының түсуі, жүйкелік сипаттағы шағымдардың пайда болуы. Сонымен қатар, түрлі аурулар көзі бола алады. 7 жас-1-сынып-6 жас 8 жас-2-сынып-7 жас 9 жас-3-сынып-8 жас 10 жас-4-сынып-9 жас 11 жас-5-сынып-10 жас 12 жас-6-сынып-11 жас

  • Бастауыш мектеп - жалпы білім беру мектебінің құрамдас бөлігі * Бастауыш мект...

    13 слайд

    Бастауыш мектеп - жалпы білім беру мектебінің құрамдас бөлігі * Бастауыш мектеп жаңартылған мектептің бөлігі ретінде қарастырылады. Бастауыш мектепте оқу мерзімі тұтас мектеп құрылымынан бөлек қарастырыла алмайды. Сондықтан оқытудың жаңа құрылымы, мазмұны, тәсілдері ортақ мақсаттар мен міндеттерге, атап айтсақ: - құндылықтарға, - мектептен «шығу» кезіндегі нәтижелерге, - білім беру салалары бойынша күтілетін нәтижелерге бағындырылады. Бастауыш, негізгі және жоғары мектеп сабақтастығы барлық орта білім беру деңгейлеріне ортақ болып бекітілген білім беру салалары бойынша күтілетін нәтижелер қамтамасыз етіледі.

  • Айырмашылығы неде? Қазіргі мектеп: Жаңарту аясындағы бастауыш мектеп: * Оқыту...

    14 слайд

    Айырмашылығы неде? Қазіргі мектеп: Жаңарту аясындағы бастауыш мектеп: * Оқыту нәтижелері: оқушылардың оқу жетістіктері негізінен репродуктивті сипатқа ие. Шынайы оқу үрдісі жеделдетумен сипатталады: барлық пән бойынша үлкен көлемдегі дайын ақпаратты «беріп үлгеру» керек Оқушы – оқу үрдісінің нысаны, мұғалім – ақпарат беруші. Оқыту нәтижелері : оқу жетістіктері продуктивті сипатқа ие (біледі, түсінеді, пайдаланады, талдайды, жасайды). Шынайы оқу үрдісі оқушылардың әр сабақта білім «өндіру» үшін өздерінің белсенді іс-әрекетімен сипатталады. Оқушы – өз танымының субъектісі, мұғалім – оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырушы.

  • 3. ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты *

    15 слайд

    3. ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты *

  • Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты: бұл не? * Мемлек...

    16 слайд

    Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты: бұл не? * Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты: бастауыш білім берудің жалпы білім беретін бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарындағы білім беру үрдісін ұйымдастыруға арналған негізгі құжат болып табылады, себебі: оқушылардың дайындық деңгейіне, бастауыш білім беру мазмұнына, оқушылардың ең жоғары оқу жүктемесіне қойылатын талаптарды айқындайды, мөлшерлейді; мектеп қызметкерлерінің іс-әрекетін, оқушылар, ата-аналар, қоғамдастық өкілдері, барлық білім беру деңгейлерінің басқарушалырының іс-әрекетін, білім беру үрдісінің барлық субъектілерінің даму үрдісін реттейді.

  • ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты: қолданыстағы қ...

    17 слайд

    ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты: қолданыстағы құжаттан айырмашылығы неде? Қолданыстағы құжат (МЖБС ГОСО) Жаңа құжат – Бастауыш білім беру МЖБС Білуге негізделген (знаниецентрической) білім беру моделі; Білім берудің құндылықтары «Мектепте нені оқыту керек?» сұрағы аясында қаралады. пәндер тізімі, әр пән бойынша білім, білік және дағды қалыптастыру Нәтижелерге негізделген білім беру моделі; Білім берудің құндылықтары «Мектепте не үшін оқу керек?» сұрағы аясында қаралады. Күтілетін нәтижелер, кең ауқымды дағдыларды дамыту *

  • Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты: заманауи басымдыл...

    18 слайд

    Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты: заманауи басымдылықтар қалай көрініс табады? Басым ерекшеліктер ҚР Бастауыш білім беру МЖБС-2014-те көрініс табуы * Білім берудегі құндылықтар: «Мектепте не үшін оқу керек?» мәселесінің мәнмәтінінде жүргізіледі Құндылықтар «шығу» кезіндегі нәтижелер ББС бойынша күтілетін нәтижелер пәндер бойынша КН = оқыту мақсаттарының жүйесі Құндылықтар мектептегі жалпы білім беру философиясында көрініс табады: оқушылармен қатар мұғалімдер, оқушылардың ата-аналары үшін де өмірлік бағдарға айналады. Оқыту мақсаттары жүйесі мектептегі білімнің әрбір адам тағдырындағы құндылық мәнін ашады: қызметтік сауаттылық, кез-келген өмір проблемасын шешуде, қойылған мақсатқа жету құралдары, әдістері мен жолдарын таңдауда рухани және адамгершілік жігерді көрсету қабілетіне ие болады. Оқыту мақсаттары жүйесі білім беру саласы, оқу пәнінің мәнін ашады (Олар оқушыға не үшін керек?)

  • Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты: қандай құндылықта...

    19 слайд

    Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты: қандай құндылықтарға негізделген? * ҚҰРМЕТ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АШЫҚТЫҚ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ және АЗАМАТТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ӨМІР БОЙЫ БІЛІМ АЛУ

  • Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты: мектептен «шығу»...

    20 слайд

    Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты: мектептен «шығу» кезінде қандай нәтижелерге бағдар жасайды? * білімді шығармашылықпен пайдалану; сыни тұрғыдан ойлау; зерттеу жұмыстарын орындау; ақпараттық-коммуникативтік технологияларды (АКТ) қолдану; коммуникативтік қарым-қатынас тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды пайдалану; топпен және жеке жұмыс.

  • Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты : мектеп түлегінің...

    21 слайд

    Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты : мектеп түлегінің қандай сипаттарына бағдар жасайды? * Дұрыс шешім қабылдау және қоғам өміріне жасампаздықпен араласу, икемділік пен өзгерістерге бейімдік көрсету үшін шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлау Ақпараттық-коммуникациялық құралдарды қолдана отырып, кез-келген тілдік ортада ұжымдық жұмыста коммуникативті болу Қоршаған ортаны объективті бейнелеу үшін мәдениеттер мен көзқарастарға құрмет көрсету Отан алдында өз міндеттерін орындау және Қазақстанның дамуына үлесін қосу үшін жауапты болу және белсенді азаматтық позицияны ұстану Өзіне және өзгелерге құрметпен қарау үшін жылы шырайлы және қамқоршы болу Кез келген өмірлік жағдаяттарда өзінің танымдық үрдісін және мансабының жоғарылауын өз бетінше реттеу үшін өмір бойы білім алуға дайын болу

  • Білім беру салалары * Тіл және әдебиет Математика және информатика Жаратылыст...

    22 слайд

    Білім беру салалары * Тіл және әдебиет Математика және информатика Жаратылыстану Адам және қоғам Өнер Дене тәрбиесі

  • Білім беру салалары бойынша күтілетін нәтижелер * Күтілетін оқу нәтижелері –...

    23 слайд

    Білім беру салалары бойынша күтілетін нәтижелер * Күтілетін оқу нәтижелері – бастауыш, негізгі және жоғары мектептерді қамтитын әрбір білім беру саласы үшін бекітілген ұзақ мерзімді сипаттағы білім беру мақсаттарының жүйесі. Күтілетін нәтижелер бірнеше жақын оқу пәндерін біріктіретін әрбір білім беру саласының ерекшеліктерін ескере отырып жобаланған Ұзақ мерзімді сипаттағы күтілетін нәтижелер қысқа мерзімді оқыту мақсаттары қысқа мерзімді оқыту мақсаттары Күтілетін оқу нәтижелері пәндер бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеуге негіз болады. Бұл нәтижелер оқу бағдарламаларында қысқа мерзімді оқыту мақсаттарының көпсатылы жүйесін құрайды

  • Оқу мақсаттары жүйесі қалай жүзеге асырылады? * Құндылықтар: - мектептің жалп...

    24 слайд

    Оқу мақсаттары жүйесі қалай жүзеге асырылады? * Құндылықтар: - мектептің жалпы білім беру философиясында; - мектептен «шығу» кезіндегі нәтижелерде; - оқу пәндерінің мазмұнында көрініс табады. Мысалы: ҚҰРМЕТ секілді құндылық барлық пән мазмұнының құрамдас бөлігі болып табылады. Барлық пәннің оқу бағдарламаларында «Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру» тарауы бар. Кең ауқымды дағдыларды дамыту: - білім беру салалары бойынша күтілетін нәтижелерде; - әр пәннің оқу бағдарламаларында; - әр пәннің қысқа және ұзақ мерзімді жоспарларында беріледі. Мысалы: «АКТ қолдану» секілді кең ауқымды дағдыны дамыту барлық пәннің оқу бағдарламаларында қарастырылған. «Ақпараттық технологияларды қолдану құзыреттілігі» тарауы бар.

  • Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты: бастауыш мектепте...

    25 слайд

    Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты: бастауыш мектепте қандай жаңалықтар бар? * Уақыт талабын ескере отырып, бастауыш мектептің міндеттері кеңейтілген: жаңа идеяларға бағындырылған міндеттер оқу, жазуға үйрету, оқу іс-әрекеті тәсілдеріне үйрету, ойын логикаға сай жеткізу, себеп-салдар байланысын айқындау; рухани-адамгершілік тәрбиемен байланысты міндеттер күшейтілді оқушының бойында адамгершілік негіздерін қалыптастыру, оның ең жақсы қасиеттерін дамыту; жаңа міндеттер айқындалды ақпарат іздеу, талдау және интерпретациялау дағдыларын жас мүмкіншіліктеріне қарай дамыту. Әрбір оқу пәні арқылы үштұғырлы тіл саясаты жүзеге асырылады Оқушы ілгерілеуін (прогресс) объективті бағалауды қамтамасыз ету және әрі қарай жеке даму траекториясын құру мақсатында критериалды бағалау жүйесі қолданылады.

  • Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты: бастауыш мектепте...

    26 слайд

    Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты: бастауыш мектепте қандай жаңалықтар бар? * Жаңа пәндер енгізіледі: - «Ағылшын тілі»; - «Ғылымға кіріспе»: жаратылыстану ғылымдарының пропедевтикалық курсы ретінде; - АКТ: базалық дағдыларды қалыптастыру үшін. «Әлемтану» пәнінің мәртебесі өзгертілді: гуманитарлық ғылымдардың пропедевтикалық курсы болады. Бірінші тіл мен әдебиет кіріктіріліп оқытылады. Жалпыеуропалық тіл құзіреттілігін бағалау жүйесіне сәйкес екінші және үшінші тілді деңгейлі меңгеру қамтамасыз етіледі. «Бейнелеу өнері», «Музыка» және «Технология» пәндері жаңа кіріктірілген «Өнер» пәніне біріктірілді.

  • Ғылымға кіріспе Әлемтану * Бастауыш мектепте оқушылардың ой дамуы шынымен ж...

    27 слайд

    Ғылымға кіріспе Әлемтану * Бастауыш мектепте оқушылардың ой дамуы шынымен жүруі және «зердесі ойшыл, ал түйсігі ойлампаз» болуы үшін уақыт жеткілікті болуы керек. Выготский Л.С.

  • «Ғылымға кіріспе» пәні * зерттеу, ойлау және коммуникативтік дағдыларды дамыт...

    28 слайд

    «Ғылымға кіріспе» пәні * зерттеу, ойлау және коммуникативтік дағдыларды дамыту және қалыптастыру білім құмарлықты, ғылыми түсінікті дамыту тәжірибелік іс-әрекет сыртқы әлем туралы білімін кеңейту Теорияны тәжірибе арқылы үйрену

  • «Ғылымға кіріспе» пәні Бағдарламада «Зерттеу дағдылары» тарауы берілген Бөлім...

    29 слайд

    «Ғылымға кіріспе» пәні Бағдарламада «Зерттеу дағдылары» тарауы берілген Бөлімдер: Бақылау Ғылыми зерттеу жұмысын жоспарлау Деректерді алу (жазу) және ұсыну (презентация) (мысал берілген) Нәтижелерді түсіндіру Бөлімдер сынып бойынша оқу мақсаттарынан тұрады. Оқу мақсаттары әр бөлім ішінде «қарапайымнан күрделіге қарай» қағидатын ескеріп, бірізділікпен ұйымдастырылған. *

  • * Ғылымға кіріспе «Деректерді алу және ұсыну» дағдысын дамыту үлгісі 1-сынып...

    30 слайд

    * Ғылымға кіріспе «Деректерді алу және ұсыну» дағдысын дамыту үлгісі 1-сынып2-сынып3-сынып4-сынып5-сынып стандартты емес өлшем бірліктерін пайдалану, (мысалы, елі, сүйем, қарыс, табан) мұғалімнің көмегімен нұсқаулықтарға сәйкес қарапайым өлшеулер жүргізунұсқаулықтарға сәйкес стандартты бірліктерді өздігінен пайдаланып не мұғалімнің бақылауымен өлшеу жүргізу; бақылаулар мен салыстырулар (уақыт, салмақ, ұзындық) жазбаларын жүргізу  ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтау, мысалы, заттар не тіршілік иелерін салыстырутүрлі мәнмәтінде бақылау және салыстыру барысында айнымалы шамаларды тану  шамаларды алу үшін жабдық, құралдарды таңдау; нақты деректер алу үшін қайтадан өлшеу жүргізу; (температура, уақыт, ұзындық, күш, көлемді өлшеу)   бақылау нәтижелерін ұсыну, мысалы, сурет, таңба («ия» - қанат белгісі, «жоқ» - крестик), бағанды диаграмма түріндебақылау нәтижелерін ауызша не сурет, жазба не қарапайым кесте түрінде ұсынусалыстыру нәтижелерін компьютерді қолдана отырып, жазба, сурет, кесте, гистограмма түрінде ұсынусалыстыру нәтижелерін компьютерді қолдана отырып, жазба, кесте, гистограмма, сызықты график түрінде ұсынусалыстыру нәтижелерін қолмен не компьютерді қолдана отырып, жазба, кесте, гистограмма, сызықты график түрінде ұсыну

  • * Ғылымға кіріспе «Адам» бөлімі Адам денесінің құрылымы Ортақ тақырып «Өзім т...

    31 слайд

    * Ғылымға кіріспе «Адам» бөлімі Адам денесінің құрылымы Ортақ тақырып «Өзім туралы» 1-сынып2-сынып3-сынып4-сынып5-сынып Түрлі нышандарды пайдаланып, адамдар арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтау, мысалы, шаш түсі, бойы, көз түсі, т.б.Сезім мүшелерін атап, олардың қоршаған ортаны танудағы рольдерін анықтау; адамның негізгі дене бөліктері мен олардың қызметтерін атау  Адамның кейбір ішкі органдарының құрылымын атау және сипаттау; Қаңқа жүйесін атап сипаттау және қаңқаның адам денесінің тірегі екендігін білуСуреттерді не муляжды пайдаланып, ас қорыту, қан айналымы, тыныс алу жүйелерінің құрамына кіретін органдарды атау және сипаттауЗәр шығару, репродуктивті және жүйке жүйелеріне кіретін органдарды атау және сипаттау

  • «Әлемтану» пәні * сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамытады; оқушыларға өз дер...

    32 слайд

    «Әлемтану» пәні * сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамытады; оқушыларға өз дербестігін дамытуға, жанұя, жергілікті, аймақтық, ұлттық және жаһандық қауымдастықтағы өз орнын түсінуге мүмкіндік береді; Балаларда тұтас әлем бейнесін, табиғат, қоғам және әлемдегі құбылыстар арасындағы байланыстар түсінігін қалыптастырады. Оқушылар әлемде болып жатқан үрдістерді, оқиғалардың хронологиялық тәртібін зерттейді, тарихи, географиялық және әлеуметтік ғылым дағдыларын дамытады.

  • «Әлемтану» пәні Бұл бағдарламада «Ойлау дағдылары» тарауы берілген Бөлімдер:...

    33 слайд

    «Әлемтану» пәні Бұл бағдарламада «Ойлау дағдылары» тарауы берілген Бөлімдер: Дерек көздермен жұмыс Түсіндіру және талдау Кеңістікті бағдарлау (орын) (мысал берілген) Уақытты бағдарлау (хронология) (мысал берілген) Әлеуметтік бағдарлау (қоғам) (мысал берілген) *

  • «Әлемтану» пәні Ойлау дағдылары * Тараулар	1-сынып	2-сынып	3-сынып	4-сынып	5-...

    34 слайд

    «Әлемтану» пәні Ойлау дағдылары * Тараулар1-сынып2-сынып3-сынып4-сынып5-сынып Уақытта бағдарлау (хронология)Уақытты білдіретін қарапайым түсініктерді қолдануБірқатар оқиғаларды хронологиялық тәртіппен орналастыруУақыт сызығын қолдану, онда тарихи кезеңдер мен күндерді белгілеуЖалпы хронологиялық шеңберде оқиғалар мен үрдістер арасында байланыстар табуЗерттеу жүргізу барысында қауымдастықтар мен кезеңдер арасында хронологиялық байланыстар табу Кеңістікте бағдарлау (орын)  Берілген үлгі бойынша сызба (бөлмелер, кабинеттер) жасауЖергілікті жердің сызбасын жасау және шартты белгілерді сипаттауКез-келген нысандардың орналасқан жерін анықтау және сипаттауӨзі тұрған жері туралы ақпаратты түрлі мультимедия құрылғыларын пайдаланып жинақтауАдамның қоршаған ортаға әсерінің салдарларын түсіну Әлеуметтік бағдарлау (қоғам)Ойластыру және өз көзқарасы мен пікірін қарапайым формада білдіруӨз көзқарасы мен пікірін оқушылар мен достарына білдіруӨз көзқарасы мен пікірін оқушылар мен мұғалімнің алдында түсіндіруӨз көзқарасын сенімді білдіру және басқа оқушылар мен ересектердің пікірлерімен салыстыруТүрлі мультимедия құрылғыларын пайдаланып, өз көзқарасы мен пікірін білдіру

  • «Әлемтану» пәні «Тарихты білу және түсіну» тарауы «Атақты тарихи тұлғалар мен...

    35 слайд

    «Әлемтану» пәні «Тарихты білу және түсіну» тарауы «Атақты тарихи тұлғалар мен мәдениет қайраткерлері» бөлімі (Хронологиялық жағынан ұсынылған оқу материалының үлгісі) * 1-сынып2-сынып3-сынып4-сынып5-сынып Томирис – сақ патшайымы   Әл-Фараби – Шығыстың ұлы ғұламасы      Әйгілі Абылай хан. Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би Кенесары – өз халқының азаттық күрескері. Шоқан Уәлиханов –қазақтың тұңғыш ғалымы. Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ойшылы. Ахмет Байтұрсынов – ғалым, ағартушы, қоғам қайраткері. 

  • «АКТ» пәні * Ақпараттық сауаттылықты дамыту: ақпаратты іздеу, алу, ұсыну жолд...

    36 слайд

    «АКТ» пәні * Ақпараттық сауаттылықты дамыту: ақпаратты іздеу, алу, ұсыну жолдары мен тәсілдерін меңгеру және ақпаратты әртүрлі мәтін, сан, бейне түрінде беру АКТ-біліктілік негіздерін қалыптастыру: ақпараттық міндеттерді атқару үшін компьютерді (және басқа АКТ құралдарын) пайдалану негіздерін меңгеру Логикалық және алгоритмдік ойды дамыту: атап айтсақ, алгоритмге сай әрекет етіп, қарапайым алгоритмдер құра білу

  • * Бастауыш мектептегі «АКТ» пәнінің оқу бағдарламасы: оқу мақсаттарының мысал...

    37 слайд

    * Бастауыш мектептегі «АКТ» пәнінің оқу бағдарламасы: оқу мақсаттарының мысалдары

  • ҚР МЖБС-дағы тілдердің мәртебесі, ролі және орны *

    38 слайд

    ҚР МЖБС-дағы тілдердің мәртебесі, ролі және орны *

  • Тілдік дағдыларды дамыту тәсілдері * * Тыңдау	Сөйлеу	Оқу	Жазу Болжау Белсенді...

    39 слайд

    Тілдік дағдыларды дамыту тәсілдері * * ТыңдауСөйлеуОқуЖазу Болжау Белсенді тыңдау Экстенсивті және интенсивті тыңдау Басқарылатын тыңдау Бірлесіп оқу стратегиясы Ұзақ және қысқа мерзімді еске сақтауды дамыту TPR (физикалық қозғалыстарға сүйену әдісі)Талқылаулар мен пікірталастар Рольдік ойындар Ой-талқы Симуляция және имитация Әңгімелеу Ақпараттық олқылықты толтыру Сұхбат Репортаж Суреттер мен фотосуреттерді сипаттау Салыстыру Дәйектеу Пікіртерім Бірлесіп оқу стратегиясы Презентациялар TPR (физикалық қозғалыстарға сүйену әдісі)Болжау Графикалық байланыс сызбасы Қарастырып оқу Танысып оқу Зерттеп оқу Ой-талқы Бірлесіп оқу стратегиясы Сыни тұрғыдан оқуОй-талқы Болжау Басқарылатын жазу Ерікті жазу Шығармашылық жазу Құрылымдау Редакциялау Модельдеу

  • Кіріктірілген «Тіл және әдебиет» пәні * Сөйлеу іс-әрекетінің 4 түрлі дағдысын...

    40 слайд

    Кіріктірілген «Тіл және әдебиет» пәні * Сөйлеу іс-әрекетінің 4 түрлі дағдысын (тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу) төмендегілердің негізінде дамыту:

  • Екінші тіл ретіндегі «Орыс тілі және әдебиеті» пәнінің негізінде деңгейлік оқ...

    41 слайд

    Екінші тіл ретіндегі «Орыс тілі және әдебиеті» пәнінің негізінде деңгейлік оқыту (оқу дағдысы) A1 A2 *

  • «Өнер» пәні * «Өнер» пәні – «Бейнелеу өнері», «Музыка», «Технология» пәндерін...

    42 слайд

    «Өнер» пәні * «Өнер» пәні – «Бейнелеу өнері», «Музыка», «Технология» пәндерін біріктіретін жаңа кіріктірілген пән. Іс-әрекет түрлері: сурет салу, қышпен жұмыс, компьютерлік графика, ән айту, 3D модельдеу, музыкалық аспаптарда ойнау (дәстүрлі және виртуалды).

  • «Өнер» пәні *

    43 слайд

    «Өнер» пәні *

  • Күтілетін нәтижелер * Бастауыш мектепті аяқтағаннан кейін оқушыларда: оқу дер...

    44 слайд

    Күтілетін нәтижелер * Бастауыш мектепті аяқтағаннан кейін оқушыларда: оқу дербестігі; қарым-қатынас және ынтымақтастық дағдылары; пән салалары бойынша бастапқы білім; зерттеу іс-әрекетінің бастапқы дағдылары қалыптасады.

  • Тәжірибелік бағыттылық бастауыш білім беру стандарты *

    45 слайд

    Тәжірибелік бағыттылық бастауыш білім беру стандарты *

  • 4. Пәндер бойынша оқу бағдарламалары мен оқу жоспарлары *

    46 слайд

    4. Пәндер бойынша оқу бағдарламалары мен оқу жоспарлары *

  • Пәндер бойынша оқу бағдарламалары *

    47 слайд

    Пәндер бойынша оқу бағдарламалары *

  • *

    48 слайд

    *

  • Орта мерзімді жоспар * «Қазақ тілі және әдебиет» (Т1) пәні Бастауыш мектеп 1-...

    49 слайд

    Орта мерзімді жоспар * «Қазақ тілі және әдебиет» (Т1) пәні Бастауыш мектеп 1-сынып 1-бөлім: «Өзім туралы» Осыған дейін меңгерілген білім 1-бөлім үйде/балабақшада алынған білім мен дағдыларға негізделеді. Оқушылар әңгімелер мен өлеңдерді, өздерін сипаттауға керек кейбір сөздерді білуі керек. Контекст Бірінші бөлім оқушыларға бірін-бірі танып білуге мүмкіндік береді. Бірінші бөлім қоғамдық және гуманитарлық білімдермен байланысты. (география). Бөлімде жүйелі әрі арнайы фонетикалық білімдер оқытылуы тиіс. Мұғалімдер тапсырмаларға қатысты әңгімелер, өлеңдер немесе санамақтар айтуы және оларды қайталау арқылы оқушыларға қосылуға мүмкіндік беру керек. Қысқаша шолу Бұл бөлім «Менің ұнататын заттарым» деген тақырыптан бастап, үй туралы ақпаратты ортаға салуға ауысады , осы арқылы оқушыларға топта, жұпта бір-біріне сұрақ қоюға және жауап беруге мүмкіндік туады, бірігіп өлеңдер және әдеби емес мәтіндер құрастыруды бастайды. Оқу бағдарламасына сілтемеОқу мақсаттарыҰсынылатын оқыту іс-әрекеттеріМұғалімге арналған ескертпелерОқыту ресурстары

  • Қысқа мерзімді жоспар (сабақ жоспары) * Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттар:	Ж...

    50 слайд

    Қысқа мерзімді жоспар (сабақ жоспары) * Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттар:Ж1 Ж2 Ж4 Сабақ мақсаттары1. Барлық оқушылар: 2. Оқушылардың көпшілігі: 3. Кейбір оқушылар: Бұрыннан бар білімдері Жоспарланған уақыттарЖоспарланған жаттығулар (іс-әрекет түрлері)Ресурстар 1- этап. Кіріспе 2-этап. Жүзеге асыру 3- этап. Рефлексия Дифференциациялау - оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалайша жоспарлайсыз?Пәнаралық байланыс Рефлексия Өткізілген сабақ бойынша мұғалім түсініктемерлері Қорытынды бағаҚандай екі әдіс өте сәтті болды (оқыту мен үйрену)? Келесі сабағымда ескеретіндей сынып және жеке оқушы жайында қандай мәлімет алдым?Қандай екі әдіс-тәсіл толықтырылуы тиіс (оқыту мен үйрену)?

  • Барлық пәндер арқылы өтетін ортақ тақырыптар * Тоқсан 	№	Тақырыптар І тоқсан...

    51 слайд

    Барлық пәндер арқылы өтетін ортақ тақырыптар * Тоқсан №Тақырыптар І тоқсан1.Өзім туралы 2.Менің мектебім ІІ тоқсан3.Менің жанұям және достарым 4.Бізді қоршаған әлем ІІІ тоқсан5.Саяхат 6.Дәстүрлер мен ауыз әдебиеті ІV тоқсан7.Тағам және сусындар 8.Тәні саудың жаны сау

  • Бастауыш білім беру	 	1-сынып	2-сынып	3-сынып	4-сынып	 5-сынып  ПӘНДЕР	 6-7 ж...

    52 слайд

    Бастауыш білім беру 1-сынып2-сынып3-сынып4-сынып 5-сынып  ПӘНДЕР 6-7 жас 7-8 жас8-9 жас9-10 жас 10-11 жас Инвариантты бөлім Кіріктірілген бірінші тіл және әдебиет5 (7\7)5 (8\8)5 (8\8)5 (8\8)5 Екінші тіл3 (-\2)3 (-\2)3 (2\3)4 (2\3)4 Ағылшын тілі2 (1)2 (1)3 (1)4 (1)4 Математика4 (4)4 (4)4 (5)4 (5)4 АКТ11111 Әлемтану1 (1)1 (1)1 (1)1 (1)1 Ғылымға кіріспе22222 Өнер2 (2+2)2 (2+2)2 (2+2)2 (2+2)2 Дене тәрбиесі2 (2)2 (2)2 (2)2 (2)2 Өзін-өзі тану1 (1)1 (1)1 (1)1 (1)1 Инвариантты оқу жүктемесі23 (20\22)23 (21\23)24 (24\25)24 (24\25)26 Вариативті бөлім Таңдау бойынша сабақтар (элективті курстар)2 (2\1)2(2\1)2 (3\2)2 (3\2)2 Белсенді қимыл сипатындағы жеке және топтық кеңестер, сабақтар1 (2\1)1 (2\1)1 (2\2)1 (2\2)1 Вариативті оқу жүктемесі3 (4\2)3 (4\2)3 (5\4)3 (5\4)3 Ең жоғары оқу жүктеме көлемі26 (24\24)26 (25\25)27 (29\29)29 (29\29)29

  • 5. Критериалды бағалау жүйесі *

    53 слайд

    5. Критериалды бағалау жүйесі *

  • Оқушылардың оқу жетістігін БАҒАЛАУ * Сабақтың тақырыбы Сабақтың мақсаты(оқыту...

    54 слайд

    Оқушылардың оқу жетістігін БАҒАЛАУ * Сабақтың тақырыбы Сабақтың мақсаты(оқытудың мақсаты) Сабақты ұйымдастыру және өткізу Сабақты жоспарлау Сабақтың тиімділігі туралы кері байланысты алу (бағалау, оқушының оқу мақсатына жетуі) Сабақты ұйымдастыруды және жоспарлауды түзету Бағалау – оқытуды ұйымдастыру мен жоспарлауды түзету үшін оқушының нақты нәтижесін оқу бағдарламасындағы күтілетін нәтижелермен сәйкестендіру механизмі

  • КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ – оқу бағдарламасындағы күтілетін нәтижелерге жету мақсат...

    55 слайд

    КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ – оқу бағдарламасындағы күтілетін нәтижелерге жету мақсатында оқушылардың білім алудағы жеке даму жолына түзетулер енгізуге мүмкіндік беретін, оқушының оқу жетістігін алдын-ала нақты анықталған бағалау критерийлерімен сәйкестігін бағалау болып табылады. Оқушылардың оқу жетістігін бағалау үшін критериалды бағалау жүйесі дайындалды * ДӘСТҮРЛІ БАҒАЛАУКРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ Бағалар оқушы білімінің нәтижесін салыстыру және сыныптағы орта деңгейде қолдана алатынын бағалау арқылы қойылады. Бағалау олардың нақты жетістіктерінің сипатын көрсете алмайды.Оқушылар мен ата-аналарға түсінікті БІРЫҢҒАЙ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ анықталған: Әр критерийлерге жету деңгейлері оқу бағдарламасының оқу мақсатына сәйкес әр тақырыбына және бөліміне анықталған және олар оқушыларға алдын – ала белгілі. Бағалау оқу бағдарламасының нақты тақырыптарын меңгеру деңгейін көрсете алмайды.Қолданыстағы журнал оқу бағдарламасындағы НАҚТЫ ТАҚЫРЫПТАРДЫ МЕҢГЕРУ ДЕҢГЕЙЛЕРІН және оқылатын тақырыптар мен дағдыларда оқушылардың біліміндегі кемшіліктерді көрсете алады. Бағалау субъективті түрде өтеді.Бағалау объективті түрде өтеді және МҰҒАЛІМ әр оқушыға нашар игерген тақырыптары бойынша НАҚТЫ КӨМЕК көрсете алады.

  • Бағалау критерийлері – оқу мақсатына сәйкес жоспарланған нәтижеге жетудің сип...

    56 слайд

    Бағалау критерийлері – оқу мақсатына сәйкес жоспарланған нәтижеге жетудің сипаттамасы Бағалау критерийлері Оқу мақсаты – білімге жету бойынша күтілетін нәтижелерді, пәндер бойынша оқу бағдарламасына сәйкес оқу барысында түсінуді және дағдыларды қалыптастыратын ұйғарым *

  • * Критериалды бағалаудың түрлері ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ (оқыту үшін бағалау ж...

    57 слайд

    * Критериалды бағалаудың түрлері ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ (оқыту үшін бағалау және ағымдағы бағалау) ІШКІ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ (оқытуды бағалау немесе қорытынды бағалау) СЫРТҚЫ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ (оқытуды бағалау немесе сыртқы қорытынды бағалау) мұғалім тоқсан барысында өткізеді; сыныпта күнделікті жұмыста оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес білімді игерудің ағымдағы деңгейін анықтайды; оқушыларға жаңа тақырыпты оқу барысында ол тапсырмаларды қаншалықты дұрыс орындағанын түсінуге мүмкіндік береді. мұғалім әр тоқсан аяқталғанда жүргізеді; тоқсан бойында оқу бағдарламасының бөлімін оқып біткендегі білім, біліктілік және дағды деңгейлерін қолдана алуын анықтайды; жылдық және тоқсандық қорытынды бағаларды анықтау үшін негіз болып табылады. кезекті оқу сатысын аяқтағанда тәуелсіз сыртқы ұйыммен өткізіледі; оқу сатысында оқу бағдарламасының бөлімін оқып біткенкендегі білім, біліктілік және дағды деңгейлерін анықтайды; оқу сатысында емтихандық және қорытынды бағаны анықтау үшін негіз болып табылады. Бастауыш мектепті аяқтау кезінде сыртқы бағалау өткізу қарастырылмаған

  • * Қалыптастырушы бағалау – сабақ берудің және оқытудың бөлігі, «оқыту үшін ба...

    58 слайд

    * Қалыптастырушы бағалау – сабақ берудің және оқытудың бөлігі, «оқыту үшін бағалау»; Сабақ беру барысында мұғалім оқушылардың оқу бағдарламасының мақсатына жетуін бағалайды; Оқытудың мақсат сандары пәндер және тоқсан бойынша әр түрлі болады; Оқытудың мақсатына жетуді бағалау критерийлеріне сәйкес бағаланады; Критерийлер әр мақсаттарға жеке әзірленген; Критерийге жету үшін дескрипторлар қолданылады. Дескрипторлар – оқыту мақсаттарына сәйкес критерийлерге жету деңгейлері ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ

  • * Оқушының мақсатқа жеткені туралы мұғалімнің шешімі екі түрлі белгіленеді: «...

    59 слайд

    * Оқушының мақсатқа жеткені туралы мұғалімнің шешімі екі түрлі белгіленеді: «жетті» немесе «талпынады» және олар журналда белгіленеді Оқу бағдарламасының тақырыбын немесе бөлігін меңгеруде оқушылардың мақсатқа жетуіне бірнеше рет мүмкіндік беріледі ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ

  • Бағалау парағы * Пәндер атауы:	Әлемтану Сынып: 1 Бөлім:	Бізді қоршаған әлем Т...

    60 слайд

    Бағалау парағы * Пәндер атауы:Әлемтану Сынып: 1 Бөлім:Бізді қоршаған әлем Тақырып:Климат және ауа-райы Оқыту мақсаты:Жыл уақыттарын олардың белгілері арқылы айыру КритерийлерДескриптор Бағалау Жетті Талпынады Білу Оқушы: - Барлық жыл мезгілін айтады - Әр жыл мезгілінің 2-3 белгісін атайды ҚолдануЖыл мезгілінің суреттері бар суреттер бойынша: - нақты жыл мезгіліне сәйкес келетін суреттерді дұрыс таңдайды; - жыл мезгілінің белгілерін атап, таңдаған суретті түсіндіреді. Қорытынды: оқушы оқыту мақсатына жетті

  • * Қалыптастырушы бағалау бойынша оқыту мақсатына жетуі туралы мұғалімнің шеші...

    61 слайд

    * Қалыптастырушы бағалау бойынша оқыту мақсатына жетуі туралы мұғалімнің шешімі келесілерге негізделінген: пән туралы білімі; сабақ беру және бағалау тәжірибесі; оқу бағдарламасының және жоспардың әдістемелік ұсыныстарын қолдануы; әріптестерінің пікірі. Оқытудың әр мақсаты бойынша мұғалімнің шешімі журналға жазылады. ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ОҚУ МАҚСАТЫНА ЖЕТУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ

  • * МҰҒАЛІМНІҢ ОҚУШЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУЫ ОҚЫТУ МАҚСАТЫ - «Жетті...

    62 слайд

    * МҰҒАЛІМНІҢ ОҚУШЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУЫ ОҚЫТУ МАҚСАТЫ - «Жетті» оқу мақсатына жетуі, егер оқушы:«Талпынады» оқу мақсатына жетуі, егер оқушы: Сұрақтарға дұрыс жауап береді, тапсырмаларды жетістік критерийлеріне сәйкес орындайды. Сұраққа дұрыс жауап бере алмайды, тапсырмаларды жетістік критерийлеріне сәйкес дұрыс орындамайды, жиі көмек алуға мұқтаж Берілген тапсырмаларды өзі орындайды.Тапсырма орындау үшін мұғалімнен немесе сабақтастарынан көмек алуға мұқтаж. Керекті ойлау дағдыларын көрсетіп (жоспарлау, сараптау, сұрақтарды және шешімдерді тұжырымдау, сұрақтарды талқылау, өз пікірін негіздеуге), белсенді қатысады. Негізінен басқалардың сұрақтарына тек жауап беріп немесе келісіп шектеулі түрде немесе бәсең қатысады   Білгенін айқын тұжырымдайды және оқу нәтижесін болжайды.Өзінің оқу нәтижесіне сенімді емес және не оқып үйренгенін айта аламайды. .

  • * ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУДЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ Бағалау түрлері	Бағалау құр...

    63 слайд

    * ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУДЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ Бағалау түрлеріБағалау құралдары Үй тапсырмасын тексеруӘр типтегі және күрделік деңгейдегі сұрақтар мен тапсырмалар. Ауызша сұрау Өзін-өзі бағалау Жұппен жұмыс Топпен жұмыс Пікірталастар Презентациялар Басқа түрлері

  • * ІШКІ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ Ішкі жиынтық бағалау әр тоқсан соңында өткізіледі. Жиы...

    64 слайд

    * ІШКІ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ Ішкі жиынтық бағалау әр тоқсан соңында өткізіледі. Жиынтық жұмыс – практикалық жұмысты қосқанда, әр түрлі типтегі және күрделік деңгейдегі тапсырмаларды қолданатын жазбаша жұмыс. Ішкі жиынтық бағалауға жұмыстарды дайындау бойынша ұсыныстар әзірленетін болады. Жиынтық жұмысты тексеруден кейін модерация өткізіледі. Мұғалімдердің оқушылар жұмыстарын бір пән және сынып бойынша талқылап, бағаларды стандарттау мақсатында баға қоюдың әділ және айқын түрін қамтамасыз ету процессі. Модерация білім беру процесінің сапасын және нәтижелілігін айтарлықтай жоғарлатады. Жиынтық бағалаудың нәтижесі журналда балл түрінде жазылады.

  • * Бағалау нәтижесін ұсыну Оқушының оқу нәтижесі келесі түрде ұсынылады: Әр то...

    65 слайд

    * Бағалау нәтижесін ұсыну Оқушының оқу нәтижесі келесі түрде ұсынылады: Әр тоқсан соңында, анықталған пайыздық қатынастағы қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалаудың нәтижелері қосылған тоқсандық баға ретінде. Төрт тоқсанда пәндер бойынша анықталған пайыздық қатынастағы қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалау нәтижелері қосылған жылдық баға ретінде. Бағалау түрлеріҚалыптастырушы бағалауІшкі жиынтық бағалау Тоқсандық баға30%70% Қорытынды баға30%70%

  • Тоқсан бойынша максималды балл саны ( жыл бойынша) – 60 балл. Бұл балдар қалы...

    66 слайд

    Тоқсан бойынша максималды балл саны ( жыл бойынша) – 60 балл. Бұл балдар қалыптастырушы бағалаудың (30%) және ішкі жиынтық бағалаудың (70%) нәтижелерінің қосындысы. Қалыптастырушы бағалау үшін максималды балдар саны – 18 балл (30%) Ішкі жиынтық бағалау үшін максималды балдар саны – 42 балл (70%) Балды және бағаны қою механизмі Мұғалім қалыптастырушы бағалаудағы оқыту мақсатына жету туралы белгі жасайды және жиынтық жұмыстың балдарын журналға қояды. Журналға, оқушылардың тоқсан бойында жеткен мақсаттар санын есепке алғанда (жыл бойында), пайыздық қатынастағы 30%:70% балл бойынша ішкі жиынтық бағалау нәтижелерінің қорытынды бағаларын есептеу формуласы енгізілген. Журнал Excel бағдарламасында жасалынған тоқсандық және жылдық бағаны автоматты түрде есептейді. Журналды мектептің АБО (Ақпараттық білім ортасына) салуға болады. *

  • * ЖУРНАЛ ҮЛГІСІ

    67 слайд

    * ЖУРНАЛ ҮЛГІСІ

  • * Балды 5-тік бағалау жүйесіне айналдыру Балды бағаға айналдыру	 Жалпы балл с...

    68 слайд

    * Балды 5-тік бағалау жүйесіне айналдыру Балды бағаға айналдыру Жалпы балл саны 5 балдық шкала бойынша баға 48-60 5 36-47 4 24-35 3 2-23 2 0-11 Балдарды 5-тік бағалау жүйесіне айналдыру халықаралық кеңесшілермен келісілген

  • * КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ Критериалды бағалауды қолдан...

    69 слайд

    * КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ Критериалды бағалауды қолданудың беретін мүмкіндігі: МұғалімдергеОқушыларғаАта-аналарға Әр оқушының оқу процесінің әр кезеңінде дайындық деңгейін анықтауға Оқуда өз табыстарын сезінуді және нәтижелерін болжау үшін бағалау критерийлерін білуге және түсінугеӨз баласының оқу деңгейі туралы объективті дәлелдер алуға Оқушы дамуында оның оқудағы прогресін және жеке траекториясын қадағалауға Өз нәтижелерін растау үшін оқудың әр түрлі стильдерін, ойлау қызметі және қабілеттерінің әр түрлі типтерін қолдануғаБаласының оқудағы жеке дамуын қадағалауға Оқу бағдарламасын меңгерудегі кемшіліктерді жоюда оқушыларды ынталандыруға Өзін және құрдастарын бағалауға, рефлексияға қатысуғаОқу процесінде балаға қолдау көрсетуге Оқу бағдарламасының тиімділігі туралы мониторинг жүргізуге Нақты тапсырмаларды шешу үшін білімді және дағдыны қолдануға, әр түрлі пікір айтуға, сын тұрғысынан ойлауғаМектеп әкімшілігі және мұғалімдермен кері байланыстың болуына. Мұғалімдер, ата-аналар және оқушылар арасында кері байланысты орнатуға.

  • * Назарларыңызға рахмет!

    70 слайд

    * Назарларыңызға рахмет!

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Пәні:

Математика 15.11.2014

.Сыныбы: 3 «а» сынып

Сабақтың тақырыбы:

Есептерді салыстыру

Жалпы мақсат:

Есептерді шешу арқылы салыстыру. Көбейту амалы, көбейтудің компоненттері туралы түсінік,

білім беру Қосындыны көбейтінді түрінде, көбейтінді

қосындыны түрінде жазуды ұғындыру.

Сілтеме:

математика оқулығы. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 41, 78, 104 беттер.

Электронды оқулық, muzik.com

Оқу нәтижелері:

Оқушылардың ойлау қабілеті,шапшаңдығы,математикалық

терминдерді дұрыс айтуы дамиды

Қолданатын материалдар:

Оқулық, интер белсенді тақта, флипчарт, электронды оқулықтар, тақырыпқа байланысты суреттер, слайд. А форматтағы қағаздар, маркер,стикер, күлегештер.

Негізгі идеясы:

Көбейту мен бөлумен таныстыру; зейінін, жадын дамыту

Әдіс тәсілдер:

Топпен жұмыс, кері байланыс. Сыни тұрғыдан ойлау: Блум таксономиясы.

Диалогты оқыту: әңгіме дебат. Оқытуда басқару мен көшбасшылық. АКТ ны қолдану. ОҮБ: Табыс критерийлері бойынша бағалау.Өзін- өзі бағалау.

Тапсырма түрлері

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының әрекеті

Тапсырмалар жүйесі

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

1. ауызша амалдарды орында

11 – 2 = 9 12 – 4 = 8 9 + 2 = 11 8 + 4 = 12

9 + 3 = 12 7 + 4 = 11 12 – 3 = 9 11 – 4 = 7

11+ 3 = 14 14 – 5 = 9 8 + 3 = 11 9 + 5 = 14

Қызығушылықты ояту.

№2 Ұжымдық жұмыс. №2.Санды өрнектер құр және олардың мәнін тап:

4 . 2 = 8 2 . 4 = 8 16 – 12 = 4 12 + 4 = 16 6 + 3 = 9 6 : 3 = 2

8 : 2 = 4 8 : 4 2 16 - 4 = 12 4 + 12 = 16 3 + 6 = 9 6 : 2 = 3

М:Үйге қандай тапсырма берілді?

О:5,6 есептерді шығару.

М:Қане кім айтады?

О:есебімен тексерейік

Оқушылар өзара алған білімдерін топта толықтырады, талдайды, қорытындылайды

Мағынаны тану.

а)5 3 = 15 Жауабы: 15 кілт. ә ) 24 : 8 = 3 Жауабы: 3 қорапқа

Оқушылар табады№1

18 ойыншық қорап 2сөреге тең бөліп

Біз алдымен бөлу мен көбейтудің компаненттерін еске түсірейік.Ол үшін:

14:2=7 20:4=5 6х4=24 30:6=5

7:7=1 5х4=20 24:4=6 5х6=30

білу

М: Егер бөлінгіш белгісіз болса қалай табамыз?

О: Бөліндінің мәнін бөлгішке көбейтеміз.

№ 3 Көбейтінді қосындыны түрінде жаз:

6*4=24 6+6+6+6=24

Кестедегі қосылғыштарды жазады.


№4 Салыстыр: 6 = 3*2 3*3 > 4*2 2*2 < 5 6*4 > 4*5

түсіну

.

Оқулықпен жұмыс Жазбаша түрде есептеу

Талдау.

Дәптермен жұмыс.

№ 5. Салыстыр:

Оқушылар топпен орындайды

Кесте бойынша есептер құрастыр, оларды шығар.

№5

Кім жылдам? № 10 1) 2-ден 6 рет , 2*6 =12

2) Сәйкестікті анықта: жазылуы 4+4+4, оқылуы 4- тен 3 рет алынды.

қолдану

.
Тірек сөздер схемасы арқылы жаңа сабақты түсіндіру

Жазбаша Қосу мен азайту тәсілдерін оқып үйрену Көпбұрыш периметрін табу№5

№3

15:3=5

5х3=15 Яғни,көбейту мен бөлу кері амалдар екенін түсіндік

талдау

Суретпен жұмыс. Кенеттен сұрау

(Кері байланыс орнату.)

Есептің талдауы

М:Есеп не туралы?

М:Есепте не белгілі?

М:Есепте не белгісіз?

М:Есепті қандай амалмен табамыз?

М:Есеп толық шешілді ма?біз нені таптық?

Жауапты тапқырлықпен табу

Жұппен өзара бағалау жасайды. Екі таңбалы сандар

жинақтау

Әр топтың талдауы салыстырылып, өзара жинақтайды

Мұқият тыңдап жылдам жауап табу№6

Табыс критерийлері бойынша талдау бағаланады. Ой түйіндеу.

Үй тапсырмасын беру.

№7 ә (Кері байланыс орнату.)

Математикалық эстафета

Бағалау.

Мұғалімнің бағасы мен оқушылардың оқыту үшін қойылған бағаларын қосып бағалау парағы толтырылады.

Рефлексиялық кезең.

Екі жұлдыз, бір тілек.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 104 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.05.2015 5699
    • PPTX 4.8 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Омарадинова Сандуғаш Кабиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Омарадинова Сандуғаш Кабиевна
    Омарадинова Сандуғаш Кабиевна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9697
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Социальная и поведенческая психология

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 17 регионов

Мини-курс

Возрастные кризисы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Библиотечная трансформация: от классики до современности с акцентом на эффективное общение и организацию событий

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 35 человек