Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНЕН САБАҚ ЖОСПАРЫ «ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНЕН САБАҚ ЖОСПАРЫ «ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ»

библиотека
материалов

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Ж. Жабаев.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:      Ж. Жабаевтың өмір тарихына шолу жасай отырып,    шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі алатын орны мен маңызына тоқталу, «Аттандыру» өлеңінің мәнін ашу.
Тәрбиелік: Оқушыларға Ж. Жабаевтың өмірбаяны мен өлеңін оқытып, мазмұнын аша отырып, оқушылардың бойында өз еліне, тіліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ж. Жабаевтың өлеңін оқыта отырып,

оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын дамыту, есте сақтау қабілетінің үнемі жетілдіріліп отыруын қадағалау, еркін ой білдіруге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: Аралас сабақ

Әдісі: Сұақ-жауап, әңгімелеу, «Ойлан тап» ойыны.

Пәнаралық байланыс: Тарих, халық ауыз әдебиеті

 Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу

ә) оқу құралдарын тексеру

б) оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.

ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жамбыл дүниеге екі рет келді:

тоғыз ай тоғыз күн ана құрсағынан,

тоқсан жасқа келгенде заман құрсағынан

Ғ. Мүсірепов

Жоспары:

 1. Ж. Жабаевтың өмір жолы және «Менің өмірбаяным»

2. Жамбыл атамыздың ақындық жолға түсуіне не себеп болды?

3. «Дастан атаның» қаламынан туындаған алғашқы өлеңдері

4. Айтыстың асқан шебері (Құланаян Құлмамбетпен айтысы)

5. «Аттандыру» өлеңінің мазмұны мен құрылысын талдау.

 Ж. Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын 3 кезеңге бөліп қарастырсақ…

І кезең – 1846-1916 жылдар аралығы

ІІ кезең – 1917-1940 жылдар аралығы

ІІІ кезең – 1941-1945 жылдар аралығы

І кезең

1846 ж.  28 ақпанда  Жамбыл  дүниеге  келді. Туған  жері – Жамбыл тауы.

Қақаған қар аралас соғып боран,

Ел үрей-көк найзалы жау торыған.

Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын

Жамбыл деп қойылыпты атым содан.

 13 жасында Жамбыл алғашқы өлеңдерін шығарып, атақты Сүйінбай ақыннан бата алған.

      Менің  пірім – Сүйінбай

      Сөз сөйлемен сыйынбай

      Сүйінбай деп сөйлесем

      Сөз келеді бұрқырап,

      Қара дауыл құйындай.

Жыр алыбы – Жамылдың алғашқы өлеңдеріне тоқталу («Шағым», «Әкеме», «Менің пірім – Сүйінбай»)

Шағым

Оқымаймын молдадан,

Не оқытпақшы ол маған?

Бала келсе сабаққа

Жем дәм еткен дорбадан.

Ақ сәлдесін төңкеріп,

Көзін жұмып теңселіп,

Күн ұзынға боздаған

Оқығанша мен одан

Домбыраны қолға алам.

ІІ кезең 

1912 жылы Балуан Шолақпен кездеседі.

1913 жылы Романовтардың 300 жылдық тойына арналған көрмеге барады.

1937 жылы Ш. Руставелидің «Жолбарыс терісін жамылған батыр» поэмасының 750 жылдық тойына қатысуы.

1938 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесіне депутат.

ІІІ кезең

1941 жыл СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

1941 жылы «Ленинградтық өренім» өлеңінің жазылуы.

1943 жылы Жеңістің алғашқы көріністеріне арналған айтысты ашуы.

1945 жылы, 23 маусымда қайтыс болды.

Жылдарды сөйлетейік» ойыны (Сәйкестендір)

 р\с

Жылдар тізбегі

Қандай жағдай болды?

11916 жыл

92 жасқа келгенде Қазақ ССР Жоғарғы кеңесіне депутат

21938 жыл

Жыр алыбы, Дастан атамыз қайтыс болды

31941 жыл

СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

41941 жылы, маусым

Жамбылдың Жеңістің алғашқы көрініс табуына арналған айтысты ашуы.

51943 жыл

Ұлт-азаттық көтеріліс. «Зілді бұйрық», «Патша әмірі тарылды».

61945 жыл

Ұлы Отан соғысы. «Ленинградтық өренім»

71946 жыл

Ж.Жабаевтың музейі мен мавзолейі ашылды.

 Ү. Жаңа сабақты бекіту

«ББҮ» әдісін пайдалану.

ҮІ. Үйге тапсырма беру

«Аттандыру» өлеңін жатқа айту, «Білгім келеді» бөлімі бойынша зерттеу жұмысын жасау.

 ҮІІ. Оқушыларды бағалау.













Тақырыбы: Ж.Жабаев.

Мақсаты: 1.Оқушылардың танымдық қабілеттерін жетілдіре отырып, ақынның өмірі мен шығармашылығын таныту.

2. Оқушылардың ойын дамытып, Ж.Жабаевтың қазақ әдебиетінде қалдырған мұрасымен таныстыру.

3. Ақынның шығармаларының тәрбиелік жақтарын ашу, тарихымызда, әдебиетімізде осындай ұлы тұлға барын мақтан тұтуға шақыру.

Сабақ тәсілі: әңгіме, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақ түрі: конференция сабағы.

Қосымша материалдар: 1Оқулық авторлары: Ақшолақов Т, Жұмажанова Ж. Қалиев С, Дүйсебаев С. «Жақсылар айтқан екен» жинағы», № 5 «Парасат» журналы.Алматы 1996 жыл, оқулық, «Тоқсан толғау»..

Көрнекілігі: ақын суреті, альбом, рефераттар.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі. Кезекшімен сұхбат.

II. Үй тапсырмасы. 1. XX ғасыр басындағы әдебиет. Оқу – ағарту ісі.

2.Баспасөз. «Айқап» журналы - қазақ журналистикасының алғашқы бастауы, мектебі болғанын түсіндіру.

.3. Әдебиеттегі ағартушылық сарын.

4. XX ғасырдың басында қазақ халқы үшін ең керегі не еді? Ал, XXI ғасырда Қазақстанның болашағы үшін ең керегі не деп ойлайсыңдар? (ҚР-ның президентінің жолдауымен байланыстыру)

III Жаңа сабақ. Эпиграф « Сүрінбес қара өлеңге даңғыл едім...»

Сыныпты үш топқа бөлемін. І топ. Білгір мамандар.

ІІ топ. Зерттеушілер.

ІІІ топ. Тілшілер

1-ші оқушы «Ақынның өмірі»

Жамбыл Жабаев (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлділі, жырау, жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы Мойынқұм ауданына қарасты Хантау тауының етегі. Топырақ бұйырған жері – Алматы облысындағы Ұзынағаш елді мекені. Шыққан тегі – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы. Әкесі Жаппа Жамбылдың өсіп өнген топырағында ән-күй жыраулық өнерді айрықша биікке көтерген.

Домбырамды қолға алам.

Өлең кірген түсіне,

Жөргегінде мен болам, - деп ақындық жолға түсуді армандаған Жамбыл «Әкеме» деген алғашқы өлеңінде:

Өлең мен сөзді дос қылып,

Құрамын ақын санатын...

Батаңды маған бер, әке,

Тіліме менің ер, әке,

Жапаның ұлы ақын боп,

Жақсы істепті, - дер, әке.

Жамбыл ақын-жырау ретінде қалыптаса бастаған кезі Ресей отаршылдары –бір жағынан, Қоқан хандығы –екінші жағынан қазақ халқын әлеуметтік –саяси қыспаққа алған шақ еді. Жаны сергек, санасы өрелі Жамбыл өзінің «Шағым», «Шәбденге», «патша әмірі тарылды» сияқты өлеңдерінде елдің әлеуметтік-саяси өмірін ақындық шыншылдықпен, азаматтық жауапкершілікпен бедерлейді.

Осындай өнер бесігінде тербеліп өскен Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен ақ таныла бастады. Ол бозбала шағының өзінде-ақ өскен ортасын ән мен жырға кенелтіп, тіптен көршілес қырғыз елінеде даңқы жайылып үлгерген.

«Өлеңді өркендеттім, өршіп, өстім,

Көргенде жақсы жырды құстай ұштым.

Жас ақын, жап-жақсы ақын, Жамбыл – ақын,

Дегенде дара болып, көзге түстім.

Он бесте – ақ домбыраны алдым қолға

Тең басқан төрт аяғын болдым жорға! – деп сипаттайды жасөспірім Жамбыл өзін «Менің өмірім» атты толғауында. Өзінің туа біткен дарынын, құдай берген таланты мен өнерін Жамбыл бәрінен жоғары қояды, соған арқа сүйеп, ештеңеден тайсалмайды, болыстардан қорықпайды, әкімдерден қаймықпайды. Оның ақындық «мені» ұшқыр ой, кестелі сөз, өрнекті шумақ арқылы бейнеленеді. Әсіресе, Жамбылдың ақындық «мені» оның дүлдүл ақындармен айтыстарында жарқын да оқшау көрінеді, контраст арқылы, қарсыласымен салыстыру негізінде сипатталады.

Тілші: Жамбылдың ең алғашқы шығарғын өлеңдері қандай? / Абылай «Әкеме», Дана «Шағым», жатқа айту/

Тілші: «Жүз жасаған Жамбыл», «Жамбылдың жасын берсін» деген мәтелге айналған тілектерді қалай түсінесіз?/Әсел/

Тілші:М. Әуезов Жамбымдың ақындығын қалай бағалаған? /Гүл/

Тілші: Жамбылдың шығармашылығы тәуелсіздікке дейін жан-жақты терең зерттелмеуінің себебі неде?

Білгір мамандар:/Сапарбек, Арай/ Біздің ойымызша, бірнеше себеп бар. Жамбыл Кеңес дәуірі кезінде біржақты, көбінесе саяси-идеологиялық тұрғыдан талданды да, оны халықтар достығының жыршысы, советтік патриотизм жыршысы деп бағалады. Ал Жамбылдың ақындық өнері мен шеберлігі, қазақ әдебиеті мен көркем ойына қосқан үлесі атүсті айтылып,арнайы зерттелген емес. Оның импровизаторлық лабораториясы, өзіндік жаңалығы мен фольклорлық дәстүрге қатынасы ашылған жоқ. Сондықтан араларыңызда талаптанушылар болса, бүгінгі сабағымыз көптеген ойдың ұшығын шығарады-ау деген ойдамыз.

Ал, қазір Жамбыл әлеміне саяхат жасаймыз! Албом беттерін көрсете тұрып әңгімелеу.

2-ші оқушы «Айтыс ақыны»

. М.Әуезовтың «Қазақ халқында ерекше дамыған айтыс өнері XIX ғ. бергі жерде өзге жерлерде саябырсып, Жетісу, Оңтүстік өлкелерінде шоғырлана бастайды» деуінде үлкен тарихи себеп бар. Біріншіден: Қазақстанның өзге өңірлерін ертерек шарпыған отаршылдық ел ішінің дәстүрлі қалыбына өктемдігін жүргізіп, шырқын бұзып үлгергенде, Жетісу алабы әзірше қаға берісте еді. Екіншіден: Бұл өңірдің ертеден тамырын тереңге жайған өнерпаздық дәстүрі шын мәнінде 19ғ бері айрықша биік өреге көтеріліп еді. Осы кезеңде Жетісуге сонау ұлы арқадан ұлы Абайдың келуі, Біржан,Шашубай,Балуан Шолақ сияқты дауылпаз ақындардың келуі, Таластан – Жалайыр Түбектің келуі, Оңтүстіктен - Майкөт пен Майлықожаның келуі, ту-ту Атыраудан Құрманғазының келуі,сөз жоқ,

ең алдымен олардың алыстан жаңғырығы жеткен ұлы өнер мектебіне деген ұмтылыстарына байланысты еді.

Ол кезде өрттей жалындап , жұрт аузына іліккен жас Жамбыл Жетісудің дүлділ ақыны Сүйімбайға жолығып , оның арқалы өнеріне құныға ден қойып батасын алады. Мұнан әрі жал-құйрығы сүзілген жүйріктей арындап, сол кездегі Айкүмүс, Бақтыбай, Досмағанбет, Құлманбет сияқты ақындармен айтысқа түскен. Бұлар ғана емес қырғыздың Тыныбек, Қалығұл, Найманбай сияқты ақын –жыраулармен өнер өрелестіріп, қырғыздың көл-көсір поэзиясынан тағлым алады, ақындық өнерін одан әрі шыңдай түседі.

Ол өзін небір әдемі теңеулер мен метафоралар арқылы суреттеп,көркем образ жасайды, сондай әдісті қарсыласыласын мінездегенде де пайдаланады. Өзін аспандата, қарсыласын жерлете сөйлейді. Мысалы Досмағамбетпен айтысқандағы Жамбылдың «мені» мынадай:

Құйындап көкке шапқан мен бір пырақ,

Арамыз екеуміздің тым-ақ жырақ.

Төменде шықылдаған сен торғайсың...

Немесе:

Сен- күйкентай, мен – тұйғын,

Жүр жайыңа бұдан да!

Яки болмаса:

Ұзын сонар жүйрікпін,

Отымнан жырды тербетсем,

Ауылыңнан танасың.

Албырт жиен Жалайыр,

Дедің маған кедейсің.

Мен – қорғасын сақамын,

Сен – ұтылған кенесің.

Мен – бір соққан дауылпаз,

Сен – салмақсыз арты бос,

Ебелек қаққан ебейсің.

Басқа ақындармен айтысқанда да Жамбылдың «мені» осы мәндес болып келеді. Әриен, бұл философиялық «мен» емес, сондықтан мұнда «мен» - «менікі» деген тұрғыда ой айтылмайды. Оның «мені» образдылыққа құрылған да, оның ақындық табиғатын ашуға қызмет етіп тұр әрі шеберлігін танытып, өнерінің, талантының күшін, қуатын айқындап тұр.

Отырған 9 ақынды менсінбеген Құлмамбет:

Өлеңші толып отыр көбелектей,

Тоғыз ақын толғанып төңіректей,

Тоғыз тұрмақ ақының он бір болса,

Немене бәріңді де басып өтпей,- деп, Жамбылды алдыртуының өзі оған жоғары баға беріп, өзінен еш кемдігі жоқтығын дәлелдейді. Осы айтыста Құлмамбет ақын бірінші рет тосылады. Жамбыл сөз тиісімен Құлмамбеттің мақтап отырған бақ-дәулеті, руының көптігі шын мақтанарлық нәрсе емес деп:

Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт,

Ел бірлігін сақтаған татулықты айт.

Қарынбайдай сараңдар толып жатыр,

Оны мақтап әуре болмай жөніңе қайт.

Жамбыл Сұраншы, Саурық сияқты ел қамқоры ерлерді, елін жаудан қорғаған әйгілі батырларды ардақтап, Құлмамбеттен биік парасат көрсетеді: Батыр Саурық, Сұраншы жаудан өлген,

Халық үшін шейіт боп, жанын берген...

Қалың қазақ құрметпен соңына ерген...

Мақтаған байларыңның оңғаны жоқ,

Төңіректің төрт бұрышын жалмап өлген, - деп Жамбыл жеңіп шығады.

Сарбас ақынмен айтысында да ел мүддесін, ел мұқтажын жырлап, ел тарихын жақсы білетінін көрсетеді.

Жамбыл енді ақындық-суырыпсалмалық өнеріне қоса «Көрғұлы», «Шаһмардан» сияқты жыр- дастандарды апталап-айлап жырлап, ақындық-жыраулық өнерін таныта бастайды.

Тілші: Жамбыл мен Құлмамбеттің айтысуына не себеп болды?

Айтыста өзін мақтап, қарсыласын кемсіту – бұрыннан келе жатқан дәстүр. Құлмамбетпен айтыста Жамбыл осыны қолданды ма?

Жамбылдың « Менің пірім -Сүйінбай» деуінің мәні не?

Жамбылдың тапқырлығы, артықшылығы неде болды?

Зерттеуші: Жамбыл батырлық, ерлік, адамгершілік сияқты құндылықтарға ұтымды сүйенеді;

Халықта бар «бәлекет қуу» тәсілін шебер пайдаланып, «кет, бәлекет, кет, көш, бәлекет, көш» деп Құлмамбетті қатты састырады.

Құлмамбет сияқты бір жақты, бір сарынды емес, ойлауы кең;

Тілші: Жамбыл өз ұстазының өсиетін орындады ма?/білгір маман жауап береді/

Тілші: Бұл айтыс –күрделі, мазмұны кең болғандықтан тағы қандай ерекшеліктерін атауға болады?

Білгір мамандар толықтырады:

Жамбыл өз руының батырын ғана емес, бүкіл қазаққа әйгілі Асанқайғы, Бұқар жырау, Балта, Шөже, Сүйінбай, Майлықожа, Қылышбай, Құлыншақ секілді ақындарды ту қып көтеріп, оларды өзінің рухани қазынасы дегені бұрын – соңды ақындар айтысында болмаған тәсіл еді.

Қазақтың ырысы тек өз ішіндегі байлықпен шектелмей, көрші жатқан елдермен қарым-қатынаста екенін болжап айтады, Қызылжар, Семей, Ташкент, Әндіжан, Нәмәнган сияқты кеңістікті қамтыған сауда қозғалысын дұрыс бағалап, арқа тұтады.

Енді ортаға Жамбыл мен Айкүмісті шақырып, айтыстарын тамашалайық./ қосымша материалдан қара/

3-ші оқушы «Жамбыл - фольклоршы ақын»

Жамбыл хат танымаған, барлық туындыларын тек ауызша ғана тудырған, демек оның барлық туындыларына фальклорлық сарын тән.

Кеңестік дәуір кезінде Жамбыл жырларында Компартия мен оның қайраткерілері, кеңестік дәуір құбылыстары мадақталса, ол Жамбылға тағылатын айып болуға тиіс емес, ол – Жамбылдың ел жағдайы жақсы болса екен деген арманынан туған елшілдік тілегі. Ал олардың таңғажайып суретпен жырлануы - бар болғаны фольклорлық ақындық әдіс қана. Жамбыл нені жырласа да, шегіне жеткізе айтады, сондықтан да ақын мұрасы халық үшін аса қымбат.Ақын атымен облыс, елді мекендер, көшелер аталған. А. Тоқмағамбетов:

«Әр қалаға келгенде терезеден қарап, оның қай қала екенін сұрап алып, оның тарихына тоқтайды. Поезд Қызылордаға тоқтап еді:

- Е, бұл Қалқаманның ауылы екен ғой. Бұл астана болған, аруақ орнаған жер. Мұнда Қажымұқан да болды, Әміре де болды, - депаузын күбірлетті де, бетін сипады.

Поэзд Жамбыл станциясына тоқтағанда, одеялын жамылып жатып алды.

- Жарықтық Әулие – ата, атыңды мен тартып алғаным жоқ, халық солай атады, - деп, Әулие –атаның алдында айыпты адамдай жатып қалды, тек Алматыға жақындағанда барып орнынан көтерілді.

Жамбыл тек төкпе ақын емес, сонымен қатар тамаша жыршы да, күйші де болған.Ол қырғыздың әйгілі «Манас», түрікменнің «Көрұғлы», шығыстың «Ләйлі-Мәжнүні», «Жүсіп-Зылиха», т.б. жыр – қиссаларын жатқа сағаттап, тіпті тәулік бойы талмай жырлайтын болған.

Тішілер сұрақтары:

«Жамбыл –фальклоршы ақын» дегенге түсініктеме берсеңіз екен.

Ауыз әдебиетінің қандай негізгі белгілерін білесіз?

Ақынның Кеңестік дәуірді мадақтай бергенінің тағы қандай себептері бар?

«Шегіне жете айту» дегенді қалай түсіндіресіз?

Білгір мамандар:

4-ші оқушы «Сатиралық өлеңдері»

Бұл ащы сын, өткір мысқылға толы өлеңдер.Ақынның бізге жеткен алғашқы («Шағым») өлеңінен бастап өмірінің соңында шығарған әзіл-сықақ, ажуаларына («Әке -әзілі») дейінгі аралықтағы шығармашылығында сатиралық күш бәсеңсіп көрген емес. Ақын назарына іліккен ұнамсыздықтар күлкілі өлеңге айналмай қалмаған.

Жамбылдың үлкен сатирашы ақын екені оның «Кәдірбайдың төбеті», «Кәкімге», «Сәт сайланарда», «Өстепкеде», «Есенәлі мешкейге» сияқты өлеңдерінен-ақ айқын сезіледі.

«Кәдірбайдың төбеті» - сюжетке құрылған, композициялық құрылымы бар өлең. Ақын жолаушылап келе жатып, бір жігітке жолығып қалады. Жөн сарай келе, әлгі жігіт: «Ақын болсаңыз, мына төбенің арғы жағындағы Кәдірбай байдың аулына барып, байдың итін мақтаған өлең жарысына қатыспайсыз ба?» дейді. Мұндай естіп-көрмеген қызыққа сол маңайдағы ақын біткентегіс жиналған екен.

Жамбыл олардың өлеңін тыңдап қараса, байдың бір жақсы иті қарақұрт шағып өліп, ақындар ит иесі байдыжер-көкке сыйғйзбай мақтап, жұбата алмайәуреге түсіп жатыр екен. Ақырғы кезек Жамбылға жетеді. Сонда жамбыл байды да , оның итін де жер-көкке сиғызбай мақтаған ақындарды мінеп, «өлеңін сатқан ақын- ақын емес, ол да бір – су жүрек қоян, қоқыс пен тәттіге үймелеген шыбын да бір» дейді. Енді Кәдірбайдың өзіне шүйлігіп састырады:

Ал Кәдірбай, құлақ сал,

Жамбыл сөзін тыңдап қал,

Итіңді жаман демеймін,

Күзетіп жүр малыңды.

Көпшілікті бүлдіріп,

Ұрлап алғандарыңды...

Өлеңдегі күлкінің шарықтаған жері тіптен қызық әдіспен берілген. Иттің қадірі ел үшін Кәдірбайдан артық екенін, ит өлгенше, байдың өзі өлуі дұрыс еді деген ақындық шешім итті мақтау арқылы оның иесі Кәдірбайды келемеж етіп, жанама сықақтау әдісінің нағыз үлгісі болып шыққан.

Ауылды торып аңдыған,

Қасқырды талап қан қылған,

Сенен жұртқа ит жақсы –

Күзеткен қотан ауылды.

Қайнатып құдай сорыңды,

Ит өлмей-ақ, сен өлсең,

Болар ед тым-ақ орынды,- деп дәулетіне мастанып, асып-тасыған байды масқара етеді.

Жамбыл ащы тілін біреуге қадағанда, көбінесе оларды қайрымсыздығы, халқына пайдасының жоқтығы, адамгершіліктен ада болған азғындығы үшін мінейді. «Есенәлі мешкейге»- деген өлеңінде әлеуметтік теңсіздікті нақты шенейді. Кейде айтайын дегенін астарлап, тұспалдап, шендестіріп, жанамалай білдіреді. Бұл –ақын сатирасының әсерлі, ұтымды тәсілі.мысылы «Сәт сайланарда» өлеңінде:

Лашын құстай таранып,

Сыртың сұлу крінген.

Неңді медеу саналық...

Қайымады түйелер,

Қыста қарсыз жұт болдың...

Шығынмен де шаршаттың

Енді қайтіп күй енер.

«Сен болыс болғанда, биелер мен түйелер де қысыр қалып, қыс жұтқа айналды» деп күлкі қуатын күшейте түседі.

М.Әуезов: «... ызалы сайқымазаққа, әжуаға, мысқылға-қалжыңға Жамбыл тапқырлығы елден ерек» деп, ақын шеберлігін жоғары бағалағандай, оның ақындығының күшті бір қыры осы сатирасының қуатынан танылады.

«Өстепкеде» деген өлеңінде:

Үйсін, Найман саңлағы,

Өстепкеде жиылдың...

Ұлық көрсең ұйлығып,

Желді күнгі қамыстай

Жапырылып иілдің...

Келтірдіңдер намысты,

Бек қорланып күйіндім...

Шұлғымаймын сендерше,

Керегі жоқ сыйыңның.

Қор болмаймын өлгенше

Өлеңіме-ақ сиындым.

Міне, нағыз азамат ақын деп, айтқыштық пен батылдық, батырлық деп осыны айтса керек. Бұл деңгейге Жамбыл өзінің өткір сатирасы арқылы көтерілді.

Тілші:Осы «Өстепкеде» өлеңінің шығу тарихын айтып берсеңіз./Ұлдана/

Тілші: Сонымен ақын өлеңдерінің сатиралық ерекшелігі неде? / Ұлдана/

Тілші: «Кәдірбайдың төбеті» өлеңінің сатиралық сипатын қалай бағалауға болады? /Ермек/

Тілші: «Күлкі – қазақ халқы ұғымындағы ең үлкен жаза» деген пікірмен келісесіз бе? / Ермек/

IV Бой сергіту уақыты.

Жамбылдың бірқақпайлары. « Динаға наз»

Жамбыл күйші Динамен қатты қалжыңдасады екен. Жамбыл Мәскеуден орден алып келгенде Дина алдынан шығып, оны құттықтапты. Сонда Жәкең: Көп болды Дина сені көрмегелі,

Орден ап, өрге шауып өрлегелі.

Сен дегенде көңілдің ілгіші бар,

Келдің бе сол ілгішті жөндегелі? – деп наз білдіріпті.

Теке сақалдының аты кім?

1936 –жыл. Мамыр айы. Қазақ әдебиеті мен өнерінің мәскеудегі онкүндігі өтіп жатқан кез. Онкүндік аяқталған соң, бір топ қайраткерлерге награда, тоқсандағы Жамбылға Еңбек Қызыл Ту ордені тапсырылмақ. Осы хабарды есіткен ақынның қасындағылар : «Жәкең Калинин ақсақалға жырмен алғыс айтатын шығар» , - деседі. Ақын мақұл деп домбырасын қолға алады:

Тойлы думан күнімде,

Колхозыма келіп ең.

Мәңгілікке мекенге,

Жерімді бөліп беріп ең, - дейді де, сәл тосылып, қасында отырған хатшысын түртіп қалады:

- Әй, әлгі қызыңды ұрайын теке сақалының аты кім еді, айтып жіберші, - депті. Жан-жағында отырғандар ду күледі. Хатшысы:

- Ойбай, олай демеңіз! Калинин ғой. Байқаңыз, - деп қатты сасыпты.

Кенен-ау!

Тау шабытты Кенен-ау!

Тартқаның ба керенау.

Өйтсең көңілім қайтады,

Жұрт бағынса екен деп,

Сен жүрсің секеңдеп,

Өлеңді кім айтады?

Өзінің шәкірті Кенен Қордайда ревком болып жүргенде Жамбыл кездесіп, оған осы бірқақпайды айтыпты. Кенен ақынның айтуынан 1967- жылы тамыз айында жазып алынды. / жинап, әзірлеген Н.Төреқұлов/

5-ші оқушы «Отаншыл өлеңдері»

Жамбыл Қазан төңкерісінен кейінгі елдің әлеуметтік өміріндегі тарихи өзгерістерге үлкен үмітпен ден қояды. Оның «Туған елім» атты толғауы 1936ж жарық көріп,онан соң орыс тіліне аударылып, нұсқасы «Правда» газетінде жарияланып, қарт ақынның аты бүкіл әлемге жайылды. Халқына қадірі артып, даңқы өрлеген Жамбыл шабыт тұғырына қонған Алатаудың ақ иық қыранындай жыр нөсерін сөйлетеді. Оның 1936-1945ж аралығында шығарған жыртары 13000 тармақтан асады екен. Ол ел өміріндегі табыс пен жаңғыруларды, жеңіс пен ерлік істерді ерекше шабытпен жырлайды.1916 жылы қазақтан соғыстың қара жұмысына адам алу туралы жарлығына батыл қарылық білдіріп, Жамбыл өзінің кең тараған белгілі «Зілді бұйрыұ», «Патша әмірі тарылды» сияқты өлеңдерін шығарған. Патша әкімдігі халық наразылығын алдап баспақ болып, Жетісу ақындарды жиып, осы әмірді мақтап өлең айтыңдар деп қамап ұстайды. Тап осы жерде Жамбыл патша әмірін масқаралайтын өлең шығарады:/Ардақ жатқа оқиды/

Көген көзді қосақтап,

Қалай қиып береміз.

Көздің жасы моншақтап,

Көңіл шер боп өлерміз.

Көк жайлауды қалдырып,

Қайда көшіп кетерміз.

Көкіректі зар қылып,

Қорлықпен қайтіп өтерміз...

Кеңестік дәуірде ақын көптеген өлеңдер шығарған. Ел өміріндегі әрбір тарихи оқиғаға үн қосып, халқының еңбектегі және майдандағы ерлігін асқан шабытпен жырлады.Отан бейнесін Жамбыл « бақыт ордасына», «алтын бесікке», «асқарға біткен зәулім бәйтерекке», «махаббаты өлшеусіз анаға» балайды. Оның ойындағы Отан түсінігі мейлінше кең: «шалқып жатқан ен дәулет; салтанат, шаттық, сән-сәулет»:

Одағым десем ойыма –

Шалқыған шалқар көл түсер.

КӨКЖИЕГІ БАЛБҰЛАҚ,

КӨКОРАЙ ШАЛҒЫН ЖЕР ТҮСЕР. /»Одақ»/жатқа оқитын Анарбек .Х.

«Ұлы көш» толғауында:

Бүгін, міне қарасам,

Бір көш кетіп барады.

Салтанатты, сәулетті,

Гүлдей болып жанары,-

Масаты кілем жамылған,

Алтыннан қоңыпау тағынған,

Дыбысы жерді жарады.../ жатқа оқитын зерттеуші Абай.

Жамбылдың «Ленинградтық өренім» өлеңі соғыс жылдары поэзиясындағы ерекше көркемдік құбылыс болды. Ақын онда халық поэзиясының барлық бейнелеу мүмкіншіліктерін сарқа пайдаланып, отаншылдық рухы керемет әсерлі өлең өрнектерін жасады. Жырау Ленинград ұғымы Отан ұғымымен біртұтас деп көрсетеді, еліне ерлік рухын береді.

/жатқа оқитын Самарқан Ермек/.

Жамбылдың аса бір әсерлі өлеңдері – баласы Алғадайды майданға аттандырғанда және Алғадай ерлікпен қаза болғанда айтқандары.Екеуі де ауыз әдебиеті үлгісінде, батагөйлік сарында айтылған:

Алатауды айналсам,

Алғадайды табам ба?

Сарыарқаны сандалсам,

Саңлағымды табам ба?- деп ақын өз қайғысы арқылы бүкіл ел қайғысын танытып, жауға деген өшпенділігін күшейтіп, ерлікке жігерлендіре түседі. / оқитын М. Зульфайра/.

Жамбылдың отаншыл жырларының ішінде дастандары ерекше орын алады: «Өтеген батыр», «Замана ағымы», т.б. ұзақ жырлары бар.Қай-қайсысында болмасын ақын ел мүддесін мұрат етіп, отаншылдық бағытты берік ұстанған.

V Сабақты қорыту. Оқушылар білімін бағалау.

 



Краткое описание документа:

  Пәні: Қазақ әдебиеті Сабақтың тақырыбы: Ж. Жабаев. Сабақтың мақсаты: Білімділік:      Ж. Жабаевтың өмір тарихына шолу жасай отырып,    шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі алатын орны мен маңызына тоқталу, «Аттандыру» өлеңінің мәнін ашу. Тәрбиелік: Оқушыларға Ж. Жабаевтың өмірбаяны мен өлеңін оқытып, мазмұнын аша отырып, оқушылардың бойында өз еліне, тіліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Дамытушылық: Ж. Жабаевтың өлеңін оқыта отырып, оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын дамыту, есте сақтау қабілетінің үнемі жетілдіріліп отыруын қадағалау, еркін ой білдіруге дағдыландыру. Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ Сабақтың типі: Аралас сабақ Әдісі: Сұақ-жауап, әңгімелеу, «Ойлан тап» ойыны. Пәнаралық байланыс: Тарих, халық ауыз әдебиеті
Автор
Дата добавления 20.05.2014
Раздел Иностранные языки
Подраздел Конспекты
Просмотров5552
Номер материала 109496052021
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх