Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физкультура / Рабочие программы / «Отбасы немесе ересек адамдарды дене тәрбиесіне баулу, дене тәрбиесі жұмыстарын жүргізудің жолдарын ұйымдастыру»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Физкультура

«Отбасы немесе ересек адамдарды дене тәрбиесіне баулу, дене тәрбиесі жұмыстарын жүргізудің жолдарын ұйымдастыру»

библиотека
материалов

«Отбасы немесе ересек адамдарды дене тәрбиесіне баулу, дене тәрбиесі жұмыстарын жүргізудің жолдарын ұйымдастыру»


Сұлтанов Мағжан,

Н.С.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің 3 курс студенті

Ересек және үлкен жастағы адамдардың дене тәрбиесі адамдардың дене тәрбиесінің әлеуметтік маңызы мен міндеттері. Біздің мемлекетіміздегі адамдар жалпы және кәсіптік білімді 17-21 жастары кезінде алады. Оқуларын аяқтаған, армия қатарында Отан қорғаған жастар әртүрлі өнеркәсіп, мекеме, ұжымдарда еңбек қызметтеріне кіріседі. Осы кезеңде еңбекшілер мен қызметшілердің еңбек қызметтері мен денсаулықтарына жағымды әсер беретін дене тәрбиесінің маңызы өте зор. Ол төмендегідей мәселелерде айқын көрінеді.

1 Еңбек етудің қандай түрлерінде болмасын адамдар дене және психикалық күштерін жұмсап шаршайды, жұмысқабілеттіліктері төмендейді. Осы кезде дене тәрбиесі амалдары көмегімен шаршаған адам ағзасын тез қалпына келтіріп, жұмысқабілеттіліктерін жоғарылатуға болады.

2 Көптеген еңбек түрлері арнайы дене қуаты дайындығын керек етеді. Ол дайындықтар арнайы амалдар және дене дайындығы әдістерімен іске асырылады.

3 Қандай сақтанғанымызбен ХХІ ғасырдың өзінде көптеген кәсіптік аурулар бар. Дене тәрбиесі амалдары олардың алдын алады, сауықтырады.

4 Техника дамыған дәуірде көптеген еңбек түрлерінде жұмыс істейтін адамдарда қимыл тапшылығы – гиподинамия бар. Ол еңбек түрлері, отырып не болмаса басқа бір дене қалпында тұрып істейтін жұмыстар. Дене тәрбиесі мен спорт жаттығулары ол қимыл тапшылықтарының орнын толтырып, денсаулықты нығайтады.

Еліміздегі ересек, үлкен жастағы адамдардың дене тәрбиесінің міндеттері, жаттықтыру түрі, амалдары мен әдістері олардың жас ерекшеліктеріне байланысты.

Ересек жастағы адамдардың жас кезеңдері төмендегі кестеде көрсеткендей болып бөлінеді:


Ересек, үлкен жастағы адамдарың жас кезеңдері


Кезеңдері

Ерлер

Әйелдер

1

Жастық шақ

18 – 28

18 – 28

2

Ересек кез I кезең

29 – 39

29 – 34

3

Ересек кез II кезең

40 – 49

35 – 44

4

Орта жастағы адам

50 – 59

45 – 54

5

Үлкен жастағы адам

60 – 74

55 – 74

6

Қарттық кезең

75 – 90

75 90

7

Ұзақ өмір сүрушілер

91 жоғары

91 жоғары

Осы көрсетілген жас кезеңдерін алғанда паспорттық жасын ғана емес, биологиялық, қозғалмалы жасын да ескерген дұрыс. Қозғалмалы жасы олардың дене қуаты дайындығы мен денсаулық күйі деңгейіне байланысты. Дене қуаты дайындығын олардың әртүрлі дене қуаты қасиеттерін бағалайтын сынақтар тапсыруы арқылы анықтаймыз. Денсаулық деңгейі дәрігерлік тексерулер және физиологиялық, спорттық жүктемелер беру арқылы бағаланады.

Дене тәрбиесінің міндеттері:

Жастық шақ, ересек кез – І кезең:

- ағзаны жан-жақты дамыту, жоғарғы денсаулық деңгейіне жеткізу,

ағзаның жұмыс қаблеттілігін, ақылдылық қабілеттілігін жоғарылату;

- қозғалыс ептілігі мен дағысын жетілдіру, жігер-күші қасиеттерін дамыту;

- жеке өз бетімен жаттықтыруларға қажетті білім, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру;

- спорттық жаттықтырулармен белсенді айналысуға, жоғарғы спорттық жетістіктерге жетуге қызығушылықтарын арттыру.

Ересек кезІ-ІІ кезең, орта жас:

- денсаулық деңгейін, сыртқы әсерге ағзаның тұрақты бейімділігін сақтау, ағзаның ақылдылық және дене қуаты, жұмысқабілеттілік деңгейін сақтау;

- еңбек ету және тұрмыс жағдайы кезінде қажетті жігер-күші, дене қуаты қасиеттерін, қимыл ептілігі мен дағдысын жоғары деңгейде тұрақтату;

- еңбек және еңбектен бос уақыттарда қолданылатын жаттықтырулар туралы білімдерді тереңдету.

Үлкен жас, қарттық кезең:

- қозғалыс белсенділігін, ағзаның жақсы денсаулық деңгейін, шығармашылық жас ұзақтығын шамаң келген деңгейде сақтау;

- күнделікті тұрмыс жағдайларына керек қимыл ептілігі мен дағдысы деңгейін төмендетпей тұрақты ұстау;

- дене тәрбиесі жаттығуларының ағзаға жағымды әсері, олардың сауықтыру бағыттары туралы білімдерді тереңдету, сол арқылы жеке өз беттерімен жаттықтырулар жасауға тұрақты қызығушылықтарын ояту.


Ересек адамдардың еңбек қызметтері кездеріндегі дене тәрбиесі

Негізгі дене тәрбиесі және спорттық жұмыстар адамдардың жұмыс істеген ұжымдарында, мекемелерде, тұрған жерлерінде, әртүрлі спорттық ғимараттарда, мамандардың басқаруымен, өздерінің құрған топтарымен және өз бетімен жеке жүргізіледі.

Біздің еліміздегі ересек, орта, үлкен жастағы адамдармен дене тәрбиесі, сауықтыру дене тәрбиесі және спорт жұмыстары өнеркәсіп орындарындағы, әртүрлі мекемелердегі, оқу орындарындағы спорт клубтары, ерікті спорт қоғамдары, кәсіподақ комитеттері арқылы іске асырылады.

Ерікті спорт қоғамдарының негізгі мүшелері оқу, өнеркәсіп орындарындағы жұмысшы, қызметкер, оқытушы, оқушы, студенттер. Олар ерікті спорт қоғамына мүше болған соң, дене тәрбиесі ұжымының мүшелері деп аталады. Ұжымды басқаратын, жұмыс ұйымдастыратын ұжым төрағасы, есепші жалпы жиналыс кезінде сайланады. Жиналыс жыл сайын өткізіліп төраға есеп беріп отырады. Дұрыс жұмыс істемесе жиналыс төрағаны ауыстыру құқығына ие.

Дене тәрбиесі ұжымының жұмыстарының міндеттері:

  • ұжым мүшелерінің санын көбейту;

  • жаттықтырулар, денсаулық топтарын, жарыстар, саяхаттар, туристік жорықтар, спорт мерекелерін ұйымдастыру.

Дене тәрбиесі ұжымының құжаттары:

    1. Жылдық жоспар.

    2. Әрбір үш айға жоспарланатын жұмыс жоспары.

    3. Істелген жұмыстарды есепке алу журналы.

    4. Мәжілістер хаттамасы.

    5. Бұйрықтар кітабы.

    6. Ұжым мүшелерінің тізімі.

    7. Статистикалық есептер.

    8. Дене тәрбиесі мамандарын есепке алу кітабі.

    9. Көпшілік дене мәдениеті және спорт жұмысының жылдық күнтізбе жоспары.

    10. Бес жылдық даму жоспары және т.б.

Еңбек қызметтері кезінде дене тәрбиесі жұмыстарының жүргізілуі ғылыми зерттеулер негізінде дәлелденген. Ол дене тәрбиесіндегі зерттеулер еңбекті ғылыми ұйымдастыру (ЕҒҰ) жүйесіне кіргізілген. ЕҒҰ жүйесінің міндеттері: алдыңғы қатарлы тәжірибе мен ғылыми жаңалықтарды тұрақты қолдану, дамыту арқылы еңбек өнімділігін жоғарылату, адамдардың денсаулықтарын нығайту, кәсіптік шеберліктерін жақсарту, өнеркәсіпте қолданылатын техникаларды жетілдіру.

ЕҒҰ жүйесінде дене тәрбиесі жұмыстарының төмендегідей түрлері ұсынылады:

  1. Кіріспе гимнастика. Жұмыс күнінің басында 4-9 минут, 6-10 шақты дене дамыту жаттығуларын орындау арқылы орындалады.

  2. Сергектік сәттері. Жұмыс кезінде 2,5 сағаттан кейін, ағза шаршай бастағанда 5-8 минут, 6-8 жеңіл жаттығулар орындау.

  3. Саулық минуты. Үзіліс кезінде 3-4 жаттығу, 1-2 минут уақытында орындалады.

  4. Түскі тамақ кезіндегі дене тәрбиесі жаттықтыруы. Мақсаты – тамақ алдында бой жазу, қан тарату, тәбет ашу. 5-6 жеңіл созылу, керілу жаттығуларын, 3-4 минут уақытында орындау.

  5. Денсаулық топтарындағы жаттықтырулар. Жетісіне 3 рет 1,5-2 сағат уақытында орындалады. Бұл жаттықтырулар негізінен жүгіру, шаңғы тебу, жалпы дене дамыту жаттығуларын орындау түрінде жүргізіледі.

  6. Жалпы дене қуаты дайындығы секцияларындағы жаттықтырулар. Денсаулықтары мықты адамдарға арналған жетісіне 3 рет, 2 сағаттан жүргізіледі. Амалдары: ЖДДЖ, жеңіл атлетика, гимнастика, спорттық ойындар, ырғақтық гимнастика, жүгіру т.б.

  7. Спорт секцияларындағы спорт түрлерінен жаттықтырулар. Бұл жаттықтыруларға денсаулықтары мықты жастар мен орта жастағы адамдар қатысады. Спорт секциясы құрамы 10-15 адамнан тұрады.

  8. Туристік жорықтар секциясы. Секцияның негізгі жұмыс мазмұны демалыс кездерінде 1-3 күндік жорықтар ұйымдастыру. Жорық түрлері жаяу, шаңғымен, атпен, велосипедпен, қайықпен т.б. қозғалыс түрлерімен, жолдарымен ұйымдастырылады.

  9. Жарыстар.


3. Ересек орта және үлкен жастағы адамдармен күнделікті тұрмыс жағдайында сауықтыру жаттықтыруларын ұйымдастыру

Спорттық жаттықтырудан сауықтыру жаттықтыруларының көп айырмашылығы бар. Спорттық жаттықтырудың негізгі мақсаты спорт түрлерінен жоғарғы жетістіктерге жету болса, сауықтыру жаттықтыруларының мақсаты денсаулықты нығайту және дене қуаты мүмкіншіліктерін жоғарылату болып келеді. Сауықтыру дене мәдениетінің негізгі бағыты ағзаның функционалдық күйін және дене қуаты дайындығын жоғарылату. Денені сауықтыру әсері болу үшін адам жаттығу орындаған кезде қан айналу және тыныс алу органдарына ұзақ, бірқалыпты жүктеме беруі, бірталай энергия жұмсауы, тканьдарды оттегімен қамтамасыз ететін аэробты жағдайда жұмыс істеуі қажет.

Сауықтыру жаттықтыруларының тиімділігі сабақтардың кезеңдері мен ұзақтығына, қарқындылығына, қолданылатын амалдардың түріне, жұмыс тәртібіне, тынығу арасына байланысты. Сауықтыру жаттығулары адамға тиімді әсер ету үшін мынандай әдістемелік ережелерді сақтау керек:

1 Жүктеме көлемі мен қарқындылығын біртіндеп арттыру. Бұл мынандай жолдармен іске асырылады:

- жаттықтырулардың бір жеті ішіндегі санын көбейту;

- жаттықтырудың уақыт ұзақтығын көбейту;

- жаттықтырудың тығыздығын жоғарылату. Бастапқы жаттығу кезінде 45-50% болса, ағзаның бейімделгеніне байланысты 70-75% дейін жеткізуге болады;

- жаттығуларды орындау қарқындылықтарын жоғарылату;

- жаттықтыруда қолданылатын амалдарды көбейту.

2 Қолданылатын амалдардың әртүрлілігі.

3 Сабақтардың жүйелілігі.

Дене тәрбиесі мен спорт саласының мамандарының ұсынулары бойынша орта жастағы адамдар дене жаттығуларын аэробты тәртіпте орындағандары дұрыс болады. Алдыңғы тарауларда айтылғандай аэробты жаттығуларды орындау кезінде жүрек соғу жиілігі аз, оттегі адам ағзасына еркін, жеткілікті жетіп тұрады. Жаттығушылар өз беттерімен жаттықтырулар жасаған кездерінде қалай жүктеме беруді, жүктеменің жоғарғы және төменгі шектерін білулері қажет. Олар өздерінің жаттықтыруларын бақылау мақсатында жүктеме қарқындылығының жоғарғы және төмен шектерін білгісі келсе, тамыр соғысын есептеу арқылы анықталатын мынандай формуланы қолдануларына болады:

Тамыр соғысының төменгі шегін анықтау формуласы: 220 – адамның жасы х 0,6.

Тамыр соғысының жоғарғы шегін анықтау формуласы: 220 – адамның жасы х 0,7.

Жүктемені анықтаудың, мөлшерлеудің бірнеше жолдары бар. Ол жолдар:

- жүктеменің жалпы күшін анықтау. Бұл жол бойынша адамның оттегіні жоғары деңгейде қабылдау (ОЖДҚ)* пайызын (%) анықтаймыз;

- жүрек соғу жиілігі арқылы жүктеме мөлшерін анықтау;

- жаттығуларды қайталау саны, серия саны, күрделілігіне байланысты анықтау;

- субъективті сезіну арқылы анықтау.

Сауықтыру бағытындағы дене тәрбиесі амалдарының сипаты

Сауықтыру бағытында дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің жаттығуларын таңдағанда негізгі орынды аэробты тәртіптегі циклділік жаттығулар алады. Циклділік жаттығулар, жаттығу орындау кезінде көп оттегіні пайдаланатын үлкен бұлшық ет топтарын жұмысқа кірістіруді керек ететіндіктен тыныс алу және жүрек-қан тамыры жүйесінің қызметін дамытады. Бұл жүйелердің жақсы жұмыс істеуі – мықты денсаулық кепілі. Қазіргі кезде адамдар арасында кең тараған, төзімділікті дамытуға бағытталған циклді жаттығулар түрлері: жүру, жүгіру, суға жүзу, шаңғы тебу және т.б. жаттығулар. Осы жаттығуларға, ол жаттығулармен сауықтыру мақсатындағы жаттықтыру әдістемесіне сипаттама берейік.

Сауықтыру жүрісі. Сауықтыру жүрісі дене тәрбиесі жаттығуларының ішіндегі ең бір қарапайым түрі. Қимыл тапшылығы аз адамдарға ең бір таптырмайтын дене тәрбиесі амалы. Жүру кезінде бұлшық ет, жүрек-қан тамыры, тыныс алу жүйесі жаттығады. Жүру арқылы жүйке ширығуын ақырындатып, жүйке жүйесін тыныштандыруға болады.

Жүру шапшаңдығына байланысты сауықтыру жүрісінің мынандай түрлері бар:

  • ақырын жүру. Шапшаңдық 70 қадам/минут. Денсаулығы мықты адамдарға жаттықтыру әсерін бермейді. Жүрек ауырулары: инфаркт, стенокардиямен ауырған адамдарға ұсынылады;

  • орта шапшаңдық 71-90 қадам/мин (сағатына 3-4км). Дені сау адамдарға өте аз жаттықтыру әсерін береді. Жүрек-қан тамыры ауыруларымен ауыратын адамдарға ұсынылады;

  • жылдам жүру. Қарқыны 91-110 қадам/мин (сағатына 4-5км). Дені сау адамдарға жаттықтыру әсерін береді;

  • өте жылдам жүру. Қарқыны 111-130 қадам/мин. Бұл жүру түрі өте күшті жаттықтыру әсерін береді. Бірақ денсаулығы мықты, жаттықпаған адамдар бұл қарқынмен ұзақ уақыт жүре алмайды.

Сауықтыру жүруінің әсері жүрек соғу жиілігімен анықталады. Жүрек-қан тамыры жүйесіне тиімді әсер беретін ЖСЖ әрбір жастағы адамдардың жоғарғы ЖСЖ - нен 65-80 % мөлшерінде болуы керек. Сауықтыру жүруі кезінде қандай тиімді тамыр соғу жиілігі болу керектігін 35-кестеден қарап білуіңізге болады.


Сауықтыру жүруі кезіндегі ер адамдардың тамыр соғу жиілігі (соғу/мин)


Жүру уақыты,

минут

Жастары

20 – 29

30 – 39

40 – 49

50 – 59

60 – 69

30

145-155

135-145

125-135

110-120

100-110

60

140-150

130-140

120-130

105-115

95-105

90

135-145

125-135

115-125

100-110

90-100

120

130-140

120-130

110-120

95-105

85-95


Ескерту: Әйелдер үшін осы көрсеткіштерге 5-7 соғуды қосу керек.

Жүрудің сауықтыру әсері болуы үшін үш негізгі көрсеткішті ескеру қажет: жүру уақыты, қарқыны, қашықтығы.

Сауықтыру жүруімен айналысқысы келген адам жетісіне 3-5 рет жаттықтыру сабақтарын орындауы керек. Бірінші күні 1,5 км жүруі, келесі жаттықтыруларда ауыру сипаты мен жас ерекшеліктеріне байланысты 200-300 м-ден қосып жүру қашықтығы 4,5-5,5 км дейін жеткізіледі. Жаттықтыру ұзақтығы бірінші сабақтарда 25 минут, біртіндеп 60 минутқа дейін созылады. Бастапқы кездерде жазық жерлермен, сонан соң әртүрлі ойлы-қырлы жерлермен жүре беруге болады. Жүру жаттықтыруларын бастаған кезеңдерде ақырын қарқынмен, кеуде қысуы, жүрек тұсында шаншулар, жүрек қағуы, бас айналулары болмаса ақырындап жүру қарқынын тездете беруге болады.

Жаттығушылардың дене қуаты дайындығы күйін, жүрек-қан тамыры жүйесінің жүктемелерге бейімділігін Американың маманы К. Купер ұсынған арнайы кесте арқылы тексеріп білуге болады (37-кесте). Егер жаттығушылар 5 км қашықтықты 45 минут уақытта жүріп өтетін жағдайға қол жеткізсе сауықтыру жүгіру жаттығуына кірісуіне болады.

Сауықтыру жүгірісі. Жүгіру ағзаның барлық функцияларына, тыныс алу, жүрек қан тамыры жүйесіне, сүйек-бұлшық ет аппаратына және психикаға әсер етеді. Сауықтыру жүгірісінің спорттық жүгірістен айырмасы оның жылдамдығында. Жеңіл атлетика мамандары сауықтыру жүгірісі кезіндегі жылдамдық қарқыны 7-11 км/сағат мөлшерінде болу керек деп есептейді.

Жүгіру жаттықтыруларының тәртібі жынысына, жасына, денсаулық күйіне, дене қуаты дайындығына байланысты әртүрлі болып өзгереді. Барлық жастардағы жаттығушыларға ортақ талап, ағзаның жаттықтыруға бейімделуін қамтамасыз ететін біртіндеушілік қағидасы. Жаттықтыру кезінде тамыр соғысын қатаң бақылау керек. Жүгіруді жаңа бастаған адамдар үшін ЖСЖ орташа 120-130 соғу/минут, орта жастағылар мен денсаулықтары мықты адамдарға 130-140 соғу/минут, жастар үшін 150-160 соғу/минут болуы қажет. Жүгірушілер үшін жүгіру қарқыны мен ұзақтығын бақылайтын қарапайым тәсіл ол – әңгімелесу. Егер жүгіру кезінде адамдар бір-бірлерімен әңгімелесе алса, онда бәрі дұрыс, сол қарқында жүгіре беруге болады. Әңгімелесу қиын болса жүгіру қарқынын азайту немесе жүру түріне ауысқан дұрыс болады.

Бірқалыпты ақырын жүгіру кезіндегі энергия жұмсау сағатына 600 ден 800 ккал болады. Осындай энергия жағу дұрыс ойластырылған тамақтанумен бірге артық салмақтан құтылудың бір таптырмайтын амалы болып келеді. Сауықтыру жүгіруінің қарқыны жаттығушының жеке бас ерекшеліктеріне байланысты 1 километрді 5-10 минутта жүгіру болуы мүмкін. Жаттықтырудың жалпы ұзақтығын 60 минутқа жеткізуге болады. Негізінде ағзаны жаттықтыру және сауықтыру әсерін алу үшін 15-30 минут жүгірсе де болады. Сауықтыру жүгірісі жаттықтыруларының көптеген жолдары бар. Ол жолдардың бәрі адамның жасына, жынысына, дене қуаты дайындығына байланысты, жүгіру қашықтығын, жүгіру уақытының ұзақтығын, қарқынын өзгерту арқылы жүктемені дұрыс мөлшерлеуге негізделген. Жүгіруге ниеті бар адамдардың бастапқы кезеңде, жастарына байланысты қалай жаттығулары керек екені жазылған кестені назарларыңызға ұсынамыз (36-кесте).

Сауықтыру жүгірулерімен жаттығатын адамдардың денсаулық күйлері мен дене қуаты дайындығы деңгейін Американ ғалымы К. Купер ұсынған 12 минуттық жүгірудің тест–сынағы арқылы анықтауға болады (кесте 36).

Суға жүзу. Суға жүзу жаттықтыруларымен шұғылдану тұлға түзулендіреді, бұлшық еттерді үйлесімді дамытады, тыныс алу және жүрек-қан тамыры жүйесінің қызметтерін жақсартады, жалпақтабандылықты болдырмайды. Судың, ауаның температуралары әртүрлі болатындықтан адам ағзасын шынықтыру рөлін де орындайды.

Суда көлденең қалыпта болып (омыртқа тік жүрген кездегі дене ауырлығы қысымынан босайды), тура және біркелкі жүзу қимылдарын орындайтындықтан суда жүзу кездерінде тұлға түзуленеді, әртүрлі қисаюлар болса дұрыс қалыптарға келеді.

Жүзу жаттығулары жүрек-қан тамыры жүйесіне өте жақсы әсерін береді. Судағы көлденең дене қалпы, үлкен бұлшық еттер тобының үйлесімді қимылы, терең, ретті тыныс алу венадағы қандардың қайтуына, қанның систоликалық көлемінің ұлғаюына әсер етеді. Жүзу кезіндегі жүрекке түсетін жүктеменің жеңілдігі кәрі жастағы адамдардың осы спорт түрімен шұғылдануына мүмкіншілік береді.

Суға жүзу тыныс алу бұлшық еттері мен кеуде клеткасын дамытады. Тыныс алу кезінде кеуде клеткасы мен бұлшық еттер үлкен жүктемемен жұмыс істейді. Тыныс алып, ауаны ішке сорған кезде судың кеудені қысу күшін, ауаны сыртқа шығарған кезде судың итеру күшін жеңу арқылы тыныс алу жүйесі жоғары деңгейде дамиды.

Сауықтыруға арналған суға жүзу жаттықтыруымен айналысу екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңде жаттықтырулар жүзу жаттығуларының техникасын үйрену, жетілдіру түрінде жүргізіледі. Екінші кезеңде біртіндеп жүзу қашықтығын өту, ағзаның жалпы төзімділік қасиетін дамыту түрінде жүргізіледі. Екінші кезеңдегі жұмыс адам суда 20-30 минут уақыт жүзе алатын кезден бастап қана басталады. Суда жүзудің сауықтыру әсерінің ең тиімді қашықтығы тоқтамай 800-1000метр жүзу болып есептеледі. 50 жастан асқан адамдарға қашықтық қысқартылады. Жүзу кезіндегі жеңіл жүктеме жүрек соғу жиілігі 120 соғу/минуттан, орта жүктеме – 130 соғу/минуттен, үлкен жүктеме 140 соғу/минуттен аспайтын жұмыс істеу тәртібі болып есептеледі.

51-70 жастағы адамдарға жүктеме шектелген түрде берілуі керек. Оларға жаттықтыру кезіндегі ЖСЖ 120-130 соғу/минуттан аспауға тиісті.

Мамандар суға жүзу жаттықтыруларының әдістемесінің әртүрлі нұсқаларын ұсынады. Ең негізгі мәселе жүрек-қан тамыры және тыныс алу жүйесінің қызметтерін жақсарту, жетілдіру үшін кем дегенде бір жетіде үш -төрт рет, 20-30 минут тоқтамай суға жүзу жаттығуларын орындау қажет.

Суға жүзу жаттықтыруларымен шұғылданатын адамдардың денсаулық күйлерін мен дене қуаты дайындығы деңгейін Американ ғалымы К.Купер ұсынған 12 минуттық суға жүзу тест-сынағы арқылы анықтауға болады (39-кесте).

Шаңғы тебу. Спорт жаттығуларының ішінде ағзаны оттегімен еркін қамтамасыз етіп, ұзақ уақыт аэробты тәртіпте орындалатын жаттығулар денсаулыққа пайдалы әсер береді. Сондай жаттығуларды бірі шаңғымен жүгіру. Жүгіру, велосипед тебу секілді жаттығуларды орындағанда аяқ бұлшық еттеріне көп күш түсетін болса, шаңғымен жүгіру кездерінде қол және кеуде бұлшық еттеріне де көп күш түсіріледі. Шаңғымен жүгірген кезде ағзаның бүкіл бұлшық еттері симетриялы, біркелкі дамиды. Біркелкі ырғақты қимыл, жұмысқа қатысатын көп бұлшық ет топтары, таза ауада жаттығу ағзаның тыныс алу, қан айналу жүйесіне жағымды әсер етеді. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы жоғарылайды.

Шаңғымен жүгіру кездерінде үлкен энергия күші жұмсалады. Адам ағзасы бір сағат уақыты кезінде жүктеме мөшеріне, жер жағдайына, ауа райына, жүгіру қарқынына, дене қуаты дайындығына байланысты шамамен 500-900 ккал жағады. Жас ерекшеліктеріне байланысты шаңғымен жаттығушылардың жүктеме мөлшері 36-кестеде көрсетілген.


Әр түрлі жастағы шаңғымен жүгіретін адамдардың жүрек соғу жиілігіне байланысты жүктеме мөлшері (В.Е. Капланскийдің зерттеуі бойынша)


Жасы

Орта жүктеме, соғу/мин

Үлкен жүктеме, соғу/минут

Ең жоғарғы жүктеме, соғу/минут

20

25

30

35

40

45

50

55

60

65

150

145

140

137

133

129

126

122

118

114

177

172

168

164

160

155

150

145

141

137

200

195

190

185

180

175

170

165

160

155

Сауықтыру мақсатындағы шаңғымен жүгірулерді 5-6 км бастап біртіндеп 10-25 км дейін жеткізуге болады. Жүгіру қарқыны сағатына 4 километрден 5-6 км/сағатқа дейін жоғарылайды. Жаттықтыру бастаған кездегі уақыт ұзақтығы 30-60 минут болса, бірте бірте көбейтіп 2-3 сағатқа дейін созуға болады.

Велосипедпен тебу. Велосипед тебу жүрек-қан тамыры және тыныс алу жүйесін нығайтады. Денсаулықты нығайту үшін жетісіне 3 рет, ең аз дегенде 30 минут уақыт, тоқтамай велосипед теуіп отыру керек. Жаттықтырудың жақсы әсері сағатына 25 км/сағат жылдамдықпен жүру. 15 км/сағат жылдамдықпен жүру төмен аэробты әсер береді. Кәрі жастағы адамдарға сағатына 4-5 км/сағат жылдамдықпен ақырындап жүрсе жеткілікті.

Велосипед тебу жаттықтыруларымен шұғылданатын адамдардың денсаулық күйлерін мен дене қуаты дайындығы деңгейін Американ ғалымы К. Купер ұсынған 12 минуттық тест-сынағы арқылы анықтауға болады (40-кесте).

Аэробика. «Аэробика» сөзі гректің аэро – ауа, биос – өмір деген сөзінен алынған. Оны ең алғаш Американ физиологі, профессор Кеннет Купер өзінің «Аэробика» - деген 1968 жылғы шыққан кітабында жазған. Ол оттегіні адам ағзасына жеткілікті аэробты тәртіпте қолданып төзімділікті дамыту арқылы жүрек-қан тамыры және тыныс алу жүйесінің қызметін жақсартуға негізделген. Негізгі аэробты сауықтыру жаттығулары: жүру, жүгіру, суға жүзу, велесипед тебу, шаңғымен жүгіру және т.б. Аэробты жаттығуларға қойылатын негізгі талап – бүкіл жаттықтыру ұзақтығы кезінде жүрек соғу жиілігі 130 соғу/минуттан төмен түспеуі.

Аэробты жаттықтыру төрт бөлімге бөлінеді:

  • дене қыздыру. Денені қыздыру жаттығуларын орындау, ағзаның жүрек соғу жиілігін ақырындап көтеріп аэробты жаттығу деңгейіне әкелу;

  • аэробты жаттығу. 20 минут бойы негізгі аэробты жаттығуларды тоқтамай жеткілікті қарқында орындау;

  • ақырын жаттығу. 5 минут ақырын қарқында тоқтамай қимылдау. ЖСЖ біртіндеп азайтамыз;

  • күш жүктемесі. Буындарға арналған, буын жылжымалылығы, икемділік, бұлшық еттерді нығайту жаттығуларын орындау. Ұзақтығы 10 минут.

Аэробты жаттықтыру жетісіне 3-4 рет, жалпы ұзақтығы 30-40 минут уақытында орындалады.




Краткое описание документа:

Бұл мақалада отбасы дене тәрбиесі туралы жазылған. Отбасында  дене тәрбиесі пәнінің атқарар  міндеті  мен мақсатын  басты  факторға  айналдыру  арқылы жасөспірімдерді  салауаттылық  пен саламаттылыққа  тәрбиелеу, спортты  қолдауға, денешынықтыру  жаттығуларымен  айналысуға  шақырудың  жоспары  мен бағдарламасын  әзірлеу – біздің  курстық  жұмыстың  зерттеу  нысаны болмақ.  жұмыстың  өзектілігі: Қазіргі заман – жаңа технологиялар  дәуірі. Осындай  жаһандану  дәуірінде  жасөспірімдер  мен өскелең  ұрпақтың  болашағын  ойластырып, саламатты да салауатты, дені сау азамат ретінде өсіру – педагогикалық  ұжымның  міндеттері. Бұл – жас ұрпақты  спорттық  ойындарға  тәрбиелеу, олардың дүниетанымдық  көзқарасын  кеңейтіп, жан-жақты  дамыған азамат  ретінде  қалыптастыру, спорт саласына  қызықтыру – курстық  жұмыстың  көкейкесті  өзектілігі екенін  көрсетеді.   жұмыстың  ғылыми  жаңалығы: Дене тәрбиесі мен спорт  мәдениеті  саласында  отбасылық  спорттық  көзқарасты  арттыру, отбасында  дене тәрбиесі мәдениетін  қалыптастыру  жұмыстары – бүгінгі  таңдағы  өзекті  мәселелердің  бірі. Біздің  осы  жұмысымызда  бұрын-соңды  ғылыми  айналымға  түспеген  ғылыми  тұжырымдар  мен  әдістемелік  нұсқаулығы  жасалуы – жұмыстың  жаңалығына  деректі  дәлел.  Біздің  осы  жұмысымыздың  зерттеу  мақсаты – жанұядағы  спорттық  көзқарасты қалыптастыру, жасөспірімдердің  дене мәдениетіне деген сүйіспеншілігін  ояту, дене тәрбиесі қызығушылығын арттыру. Осы  мақсатқа  жету  үшін  төмендегідей  міндеттер  қойылмақ: -Отбасындағы  спортқа  деген көзқарасты  қалыптастыру; -Отбасы дене  тәрбиесінің  жүзеге  асу жолдарына бағыт-бағдар  жасау; -Ересек  адамдардың  спорттық  жаттығулармен айналысуға шақырудың  жолдарын ұйымдастыру; -Отбасындағы  дене мәдениетінің  даму перспективасы мен тенденциясын саралау.
Автор
Дата добавления 25.05.2014
Раздел Физкультура
Подраздел Рабочие программы
Просмотров770
Номер материала 111880052415
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы
Волейбол
24.05.2014
Просмотров: 376
Комментариев: 0

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх