Предпросмотр материала:
Выберите файл для просмотра:
Всего файлов: 2
Сабақтың
тақырыбы: Солтүстік америка материгін қайталау
Сабақтың мақсаты:
|
1) Білімділік: Оқушылардың
Солтүстік Америка материгі туралы алған білімдерін тиянақтау, өткен сабақтан
алған білімдерін жүйелеу арқылы тақырыптарды тереңірек меңгерту. |
Сабақтың түрі: Ойын сабағы
Сабақтың көрнекілігі: Солтүстік Американың физикалық картасы, интерактивті
тақта, слайд, жұмыс дәптері.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Қызығушылықты ояту
ІІІ. Материкке шолу
IV. Бекіту
V. Қорытындылау. Бағалау
VI. Үйге тапсырма беру
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың
көңіл-күйін сабаққа аудару.
ІІ. Қызығушылықты ояту. Солтүстік Америка материгін таныстыру туралы тақпақ
оқып, тақырыпты ашу. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Мен өзім үш бұрышқа ұқсас жермін,
Қазір де әл-ауқатты бірнеше елмін.
АҚШ бар, Канада бар, Мексика бар,
Даңқымен таң қалдырған барлық елдің,
Тауларым бар Кордильер мен Аппалачтай,
Макензи, Миссисипи суым қандай!
Виннипег, Ұлы көлдер, тұзды көлім,
Тамаша көрген адам таң қалғандай.
-Балалар осы өлең жолдарында қай материк туралы
айтылған? (Солтүстік
Америка)
Әділқазылар алқасы сайлап сыныпты екі топқа бөлдім
«Аппалачи» тобы «Кордильер»
тобы
-Солтүстік Америка материгінің қандай
ерекшеліктерін білеміз? (Ерекшеліктерін
атап интерактивті тақтаға «өрмекшінің торын» құрайды)
Ең ұзын жер асты үңгірі – Флинт-Мамонт
Солтүстік Америка
Ұзын тау – Кордильера Ең биік ағаш – секвоя
Ең үлкен арал – Грнеландия Ең үлкен каньон – Колорадо
Ең үлкен тау мұздығы – Аляска
ІІІ. Материкке шолу.
-Бүгінгі сабағымыз Солтүстік Американың ең биік
жері Кордильер тауының Мак-Кинли (6193
м) шыңына саяхат жасаймыз. Оған
шығуда жолымыздағы кедергілер бар екен, одан өту үшін Солтүстік Америка
материгіне байланысты тапсырмаларды орындауымыз керек. Саяхатқа дайынбыз ба? (сынып төрт топқа бөлініп жұмыс жасайды)
1-кезең «Ойлан тап»
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫ.
1- тапсырма
Кескін картаға Солтүстік Американың шеткі
нүктелерін белгілеу. (әр топтан
бір оқушы шығып орындайды)
«Аппалачи» тобы
1 топ – Солтүстік Американың солтүстік шеткі нүктесін
көрсету. (Мерчисон мүйісі)
Солтүстік Американың оңтүстік шеткі нүктесін көрсету. (Марьято мүйісі)
«Кордильер» тобы
1 топ – Солтүстік Американың батыс шеткі
нүстесін көрсету. (Принц Уэльский
мүйісі)
Солтүстік Американың шығыс шеткі нүктесін көрсету. (Сент-Чарльз мүйісі)
|
“Аппалачи” тобы |
|
Солтүстік Американың солтүстік шеткі нүктесін көрсету |
|
Солтүстік Американың оңтүстік шеткі нүктесін көрсету. |
|
“Кордильер” тобы |
|
Солтүстік Американың батыс шеткі нүктесін көрсету. |
|
Солтүстік Американың шығыс шеткі нүктесін көрсету. |
2 кезең «Іздеген жетер мұраттқа»
ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
2-тапсырма
Солтүстік Америка материгінің зерттелу тарихы
бойынша кестені толтыру. (2,
3-ші бағандарда зерттеушінің суреті тұрады атын және ашқан жерлерін табуы тиіс)
|
«Аппалачи» тобы |
||
|
Жылдар және ғасырлар |
Зерттеушілердің |
Ашқан және зерттеген жерлері |
|
1492 жылы |
Хростофор Колумб |
Материктің оңтүстік жағалауын ашты |
|
17 ғасырда |
Джон Кабот |
Ньюфауленд аралы мен Лабрадор түбегі жағалауын ашты |
|
«Кордильер» тобы |
||
|
Жылдар және ғасырлар |
Зерттеушілердің |
Ашқан және зерттеген жерлері |
|
17 ғасырда |
Генрих Гудзон Александр Макензи |
Материктің солтүстік және шығыс жағалауында жаңа жерлерді ашты |
|
1741 жылы |
Витус Беринг Алексей Чириков |
Аляска жағалауын зерттеді |
3кезең «Адасқан нысандарды сәйкестендіру»
3-тапсырма
Картада Солтүстік Америка мен Еуразия материгінің карточкада өзендері берілген,
сіздер сол өзендерді қандай материкте орналасқандығын көрсетіп картаның бетіне
жабыстыру керексіздер
«АППАЛАЧИ» тобы


![]()

![]()
«КОРДИЛЬЕР» тобы





4 кезең «Кім көп біледі»
4 – тапсырма
Солтүстік Америка өзендерінің және осы ерекшеліктерін туғызып отырған себептерді белгілеу
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5-тапсырма
Сандық диктант: Төменде берілген зоналарға сәйкес келетін белгілерді
санмен көрсету.
№1 топ. Арктикалық шөл – 6, 2
Тундра және тайга – 1,7
№2 топ. Аралас жалпақ жапырақты орман және
шөлейт – 4, 5
Орманды дала – 3, 8
1. Бұл зонада карибу бұғысы тіршілік етеді.
2. Өсімдігі мүк пен қына.
3. Зонада биіктігі 1,5 метрге жететін селеу, боз, шалғын т.б. өсімдіктері өседі.
4. Мұнда тікенекті бұталар, жусан өседі.
5. Климаты ылғалды, жұмсақ болып келеді.
6. Дүниежүзілік Қызыл Кітапқа еңген қойөгіз тіршілік етеді.
7. Жануарлардан қара аю, гризли аюы, сілеусін т.б. бар.
8. Ылғал мен жылу жеткілікті болғандықтан топырағы қара және күрең болып келеді.
6 кезең «Табиғат таңғажайыптары»
6- тапсырма
«Аппалачи» тобы
1.Канадада тіршілк ететін солтүстік бұғысының түрі. Қыста оңтүстікке, орманды тундра мен тайгаға қарай көшеді. Қалың қар астынан жемістерді тауып жейді. Қалың табын ішінен өз қодықтарын иіскеп тауып алады. Жас қодықтарға мүйіз үш аптадан соң шығады. Ал төрт жаста мүйізі толық қалыптасады. Бұл қандай жануар? (Карибу)
2.Солтүстік Американың ең ірі
бақасы? (Бақабақ)
«Кордильер» тобы
1.Американың шығысындағы ормандарда қалталы жануар тіршілік етеді. Оның үлкендігі мысықтай. Күндіз ініне тығылып ұйықтап, түндн қорегін аулауға шығады. Өте саққұлақ, шөп үстінен жүрген тышқандар дыбысын да естіп қояды. Қорек таңдамайды. Бұл қандай жануар? ОППОССИУМ
2.Солтүстік Американың ең биік ағашы. Оның
биіктігі 12 қабат үйденде биік. Ол АҚШ тың Калифорния штатында өседі. (Секвоя)
7кезең «Ой қозғау»
7-тапсырма
Солтүстік Америка материгінің бір мемлекеті
берілген, қай топқа сол елдің астанасын, халқының саны, шаруашылығы тез жазып
берсе сол топқа ұпай беріледі.
|
Мемлекеттер |
Астанасы |
Халқының саны |
Шаруашылығы |
|
АҚШ |
Вашингтон |
290 млн |
Машина жасау шаруашылығы, ауылшаруашылығы, бидай, жүгері, мақта, астық, ет сүт, құс өнімдерін өндіруден әлемде бірінші орында |
8 кезең «Танымдық тест»
8 – тапсырма
Аппалачи тобына
1.Солтүстік
Америка материгінің экваторға қатысты орны.
а) тек оңтүстік жарты шарда жатыр
ә) көпшілік бөлігі солтүстік жарты шарда
б) экватор материктің ортасын кесіп өтеді
в) тек солтүстік жарты шарда жатыр
2. Солтүстік Америка материгінің ең төмен жатқан жері.
а) Каспий теңізі ә) Өлім аңғары
б) Өлі теңіз в) Валдес түбегі
3. Көлемі жағынан ең үлкен арал.
а) Куба ә) Гаити
б) Баффин жері в) Гренландия
4. Мына белдеудің қайсысы Солтүстік Америкада кездеспейді?
а) экваторлық ә) арктикалық
б) қоңыржай в) тропиктік
5. Солтүстік Америка шығыс жағалауындағы жылы ағыс.
а) Калифорния ә) Лабрадор
б) Гольфстрим в) Батыс желдер
«Кордильер» тобы
1. Солтүстік Америка материгінің бастапқы меридианға қатысты орны.
а) түгелдей шығыс жарты шарда жатыр
ә) көпшілік бөлігі батыс жарты шарда
б) түгелдей батыс жарты шарда жатыр
в) көпшілік бөлігі шығыс жарты шарда
2. Өлім аңғарының абсолюттік биіктігі.
а) -150 м ә) -132 м б) -86 м в) -403 м
3. Солтүстік Американың ең ұзын өзені.
а) Миссисипи ә) Ниагара
б) Макензи в) Колумбия
4. Солтүстік Америка материгінің көпшілік бөлігі қай климаттық белдеуде
орналасқан?
а) арктикалық ә) қоңыржай
б) тропиктік в) экваторлық
5. «Прерий» деп нені айтады?
а) шөлді ә) саваннаны
б) орманды в) дал
Жауаптары:
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Әр топ бір-бірлерін тексереді. Дұрыс жауабы
тақтада жазылып тұрады.
V. Қорытындылау. Бағалау.
-Бүгінгі саяхат-сабағымызда біз Солтүстік
Американың ең биік Мак-Кинли шыңына жеттік. Шыңға шыққанда нені көрдік? (биік таудың суретінде Қазақстанның туы тұрады ). Әр топ тапсырмаларды жақсы орындады. Өмір де,
білімде де осындай биік шыңдарға жете біліңіздер.
Профессия: Учитель географии
Профессия: Учитель географии
Профессия: Директор по бухгалтерскому аутсорсингу
В каталоге 7 494 курса по разным направлениям
Учебник: «География (базовый уровень)», Максаковский В.П.