Инфоурок Другое Другие методич. материалыМектепішілік іс-шара "Күзгі баққа саяхат" тақырыбына (8-11 сынып)

Мектепішілік іс-шара "Күзгі баққа саяхат" тақырыбына (8-11 сынып)

Скачать материал

Бекітемін                                                               Келісемін

Мектеп директоры                                             тәрбие ісі  жөніндегі орынбасары

__________________                                             _____________________

  К.Н. Шакабаев                                                    Д.М. Оразбаев

 

 

«Шақаман жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

 

 

"Күзгі баққа саяхат"
күзгі балл кешінің сценарий

 

Орындыған:

8 сынып

Сынып жетекшісі Рахимгалиева Г.Т.

 

 

                                               2016-2017 оқу жылы

Тақырыбы:    «Күзгі баққа саяхат»

Күні:14.10.2016

Өтетін орны: акт залы

Кештің мақсаты: оқушылардың ұйымшылдығын, қызығушылығын, арттыру, ой-өрісін кеңейту. Табиғат сұлулығын сезіне білуге, оны аялай білуге тәрбиелеу.

                                            Кештің өтілу барысы:

1  Жүргізушісі:

Армысыздар ағайын, құрбы - құрдас!
Бармысыздар жанкүйер, әз - қауымдас!
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық
Сайыста көңілменен қол соғайық.
Біздерде ойын - сауық басталады,
Тамаша күй тартылып, ән салады.
Қошеметтеп, қол соғып отырайық
Ұмыттырар күн бойғы шаршағанды.

2 жүргізушісі:

Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Күзгі баққа саяхат» байқауына қош келдіңіздер!
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,
Әр үйде ататұғын жаңа таңбыз.
Жан мен тән сұлулығын тепе - тең ғып,
Бар елді өзімізге қаратамыз.
Ортаға қатысушы жұптарды шақырамыз.(музыканың сүйемелдеуімен ортаға қатысушы жұптар шақырылады)

1  Жүргізушісі:

Ерке өсіп, ең жайланған ұл мен қыз,
Асыға сәлем жолдап, жүректен біз.
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп келіп тұрмыз.


2 жүргізушісі:
Көп сөйлеп жан жобадан аспайық біз,
Қандай сайыс болса да қашпайық біз.
Ал, енді сіздер рұқсат етсеңіздер
Қанеки, жұптар сайысын бастайық біз.

Сайыс бағдарламасы 8 кезеңнен тұрады.
1. «Кел, танысайық» (өздерін таныстыруы)
2. «Қас- қағым сәт» (сұрақ - жауап)
3. «Сиамдық егіздер»(қағаздан белгілі бір өрнекті қию)
4. «Мәдениет» (мимикамен көрсету)
5. «Сұр мерген»
6. «Модельер»
7. «Бояулар сыры»
8. «Көңілді аспазшы»

1  Жүргізушісі:

Әділ қазылар алқасымен таныстыру (әр кезеңдердің арасында музыкалық сәлемдеме жолдауға болады)

Әділқазы, алқасына бір сәлем.

Әділдікке бас иеді күллі әлем

Жүйрік озар сайыстарда неше бір

Сарапқа сал әділдікпен шеше біл, - дей келе бүгінгі сайысымызға қазылық жасайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!

1. Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі -  Маширбаева Лазатия Саматовна

2. Бейнелеу және сызу пәні мұғалімі – Рахимова Ажар Нурлыбековна

3.Математика  пәні мұғалімі – Айтишева Енлик Рыскалиевна

 

2  Жүргізушісі:
Деген екен қазақ халқы «Сәлем - сөздің анасы»,
Біледі оны еңкейген қарт, еңбектеген баласы.
Амандасу - ізгіліктің, сыпайылықтың белгісі,
Сәлем достар? Амансың ба? Қалайсың? - дегендей
1 - кезең «Кел, танысайық» кезеңін бастаймыз. Шарты: әр сыныптан қатысушы жұптар өздерін таныстырып шығады.
1  Жүргізушісі:

2 - кезең Сұрақ - жауап.
Шарты: Берілген жапырақтағы сұрақтарға  жауап беру керек. Әрбір жапырақта 2 сұрақ.

1 жапырақ.

-Күз мезгілінде табиғат қандай өзгерістерге ұшырайды? (күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшады. Адамдар, балалар жылы киінеді)

-Ағайынды бәрі, шықса-жасыл, түссе-сары. Бұл не? ( Жапырақ)

2 жапырақ.

-Күз мезгілі нешеге бөлінеді? (ерте күз, алтын күз, қара күз)

-Күз айларын ата? (қыркүйек, қазан, қараша)

3 жапырақ.

-Жұмбақ шешу: Аспай піскен, қайнамай түскен? (жеміс)

- «Мақал-мәтелді жалғастыр»

Еңбек етсең ерінбей-               .

4        жапырақ.

- «Мақал-мәтелді жалғастыр»

Еңбек түбі –

-         Бес жеміс жидекті атап беру. (алма ,алмұрт, жүзім, өрік, шабдалы)             


2  Жүргізушісі:
3 - кезең «Сиамдық егіздер»
Шарты: екі жұптың біреуінің оң, екіншісінің сол қолы байланады. Оң қолы бос оқушы қолына қайшы ұстайды, сол қолы бос оқушы қолына қағаз бетіне түсірілген өрнекті ұстайды. Екеуі бірігіп қағаздағы өрнекті қиып шығуы керек.

1  Жүргізушісі:
4 - кезең «Мәдениет»
Шарты: әр жұп әділқазылар алдындағы конверттегі тапсырмаларды ыммен (мимикамен) көрермендерге айтып жеткізуі керек. Тапсырмаға берілген сөйлемдер: Кешке мейрамханаға келіңізші. Ертең сабақ болмайды екен. Мен сіздің суретіңізді салғым келеді. Біз сіздерді жаңа жыл мерекесін қарсы алуға шақырамыз, т. б.

2  Жүргізушісі:


5 - кезең «Сұр мерген»
Шарты: Жұптардың қолдары байланады. Байланған қолдарымен себетке алманы лақтырып түсіруі керек.

1  Жүргізушісі:
6 - кезең «Модельер»
Шарты: қатысушыларға бірдей керекті нәрселер беріледі, солардан киім үлгісін құрастырып, ұсыну керек (7мин беріледі). Керекті заттар: орташа кастрөл, 3 түрлі лента, ойыншықтан босаған 25х40х40 көлемдегі қорап, қыстырғыштар, гүлдер, ремень, 1 бос қалта, қайшы, желімдегіш лента (скотч)

2  Жүргізушісі:
7 - кезең «Бояулар сыры»
Шарты: Екі ойыншының көздері байланып, қолдарына қарындаш пен бояулар беріледі. Екеуі бірігіп жеміс - жидектердің суретін салуы керек.( алма, алмұрт, қарбыз, лимон, т. б.)

1  Жүргізушісі:
8 - кезең «Көңілді аспазшы»
Шарты: жұптардың бірінің қолына картоп, екіншісінің қолына пияз беріледі. Картоптың сыртын үзбей тазалап, пиязды тазалап, жіңішкелеп сақиналап турау керек.

2  Жүргізушісі:
Жеңіс пенен жеңілістен тұратын,
Өмір - күрес, жеткізе ме мұратың.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң оны ұғатын

(Жеңімпаз жұпты марапаттау және ең әдемі Күз ханшайымы мен ең батыл да ержүрек ханзаданы анықтап марапаттау)
2  Жүргізушісі:
Қорытынды. Марапаттау.
«Қош» дейміз, әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдала берсін, қалыспаңдар.
Көрермендер көбейсін күннен - күнге
Келе берсін қонақтар ғарыштан да - деп «Күзгі баққа саяхат» сайысын аяқтаймыз.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мектепішілік іс-шара "Күзгі баққа саяхат" тақырыбына (8-11 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный аналитик

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 379 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.03.2017 753
    • DOCX 806.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рахимгалиева Гульстан Толегеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2957
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой