Инфоурок Другое Другие методич. материалыМектепшілік шара жоғары сыныптармен

Мектепшілік шара жоғары сыныптармен

Скачать материал

Фанфар:

1- жүргізуші: Тыңда жолдас, тыңда дала, тыңда ел! Сөйлеп тұрған күн шығыстан жомарт өңір Қазақстан! Жұмыр жердің оңтүстік шығысында  еркін көсілген байтақ өлке – менің елім келбетті, нұр сәулетті Қазақстан!

2- жүргізуші: Жасыл шүйгін, кең жайлау, асау өзен, асқар тау, кербез орман көркем бел, лебі жұпар ерке жел. Жанға сая панамыз – Қазақстан көркем жер!

1 - жүргізуші: Құрметті қонақтар!Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерей тойына арналған «Тәуелсіз еліме тарту» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер.

2-жүргізуші: Қазақстан – бүгін міне достық туын тіккен жер! Мәуелі бақтай жемісін шашты көп ұлттар, бір кісідей маңдай терін төккен жер!

 1-жүргізуші: Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

2-жүргізуші: 
Қуан  халқым  қуанатын  күн  бүгін

Серпіп   таста  мұңды  жүрек  түндігін

Шарықтайық , шаттанайық , тынбайық

Тәуелсіздік  күнін  бүгін  тойлайық

Михаил Ломоносов орта мектеп ұжымының шағын концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар.

Хор: «Астана»

1 - жүргізуші: Дирижер :  Айдарова Райхан

2 - жүргізуші: Жеке  дауыста  Айтбаева Замира. Айбекова Салтанат

1 - жүргізуші: 
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің 
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті 
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

2-жүргізуші: 
Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер,

Мейрамың құтты болсын, тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы келе берер.

Терме: «Амандасу»     (Гаухар)

1 - жүргізуші: 

Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген…

Ж. Молдағалиевтің  осы өлең жолдары қазақ деген дана халықтың бүкіл болмысы мен өмір жолын айғақтап бергендей: ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама, 30-жылдардағы ашаршылық, 37- жылдардағы нәубет,

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысы, желтоқсан көтерілісі:

Тәуелсіздіктің құны міне осындай…

2-жүргізуші: 

Мен қазақпын, бір биік белеспін мен,

Еуропада,  Азияда емеспін мен.

Аралықпын жетінші материктей,

Бірақ барша адаммен тең өстім мен.

Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім қайта өлмеске

Айта бергім келеді, айта бергім.

Ән: «Қазақстаным алға»         (Рйхан)

1 - жүргізуші:

Бостандық! –деп аталатын асқақ арман жолында  қаншама қан төгілді,

қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл,  бір мезет емес, талай ғасырларға созылған.

Осы  арпалысты жай тілмен тарих дейді. Ендеше тарих беттеріне тағы  бір зер салайық.

2-жүргізуші: 

Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан

кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Енді осы кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік.

1 ж:   1723-1725 жылдар Ақтабан шұбырынды.

2 ж:   1836-1838 жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс.

1 ж:   1837-1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

2 ж:   1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

1 ж:   1932-1933 жылдар ашаршылық кезеңі.

2 ж:   1936-1938 жылдар репрессия кезеңі.

1 ж:   1941-1945 жылдар Ұлы Отан соғысы.

2 ж:   1986 жылы Желтоқсан оқиғасы.

Көрініс: Қазақ хандығы   

1 - жүргізуші:

1991 жыл

25-қазан. «Қазақ КСР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы» Заң жүзінде бекітілді.Декларация Республиканың тең құқылы шарт негізінде алғаш рет Қаз КСР-нің Егемендік құқығы жағдайы үшін мемлекеттік – құқықты нормалар бекітті.

2 - жүргізуші:

1991 жыл, 1-желтоқсан.

Республикада бүкілхалықтық Президент сайлауы болып өтті.Қазақ КСР-нің Президенті болып Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Республика тарихында халық алғаш рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп, өз басшысын сайлады.

1 - жүргізуші:

Отаным ордасы ғой йгіліктің,

Көңіліне күн орнатқан күллі жұрттың.

Шаңырағы он бес орда тең биіктеп,

Баянды бағы өрлеген жүз бір ұлттың.

2 - жүргізуші:

Достық тапса діндер менен білімді

Салт-дәстүрлер сыйға ұласты бүгінгі

Бір туғандай ұлтаралық келісім

Бір көтерген басқа түскен жүгімді.

Би: Өзбек биі           (Ұлдана)

1-жүргізуші:

Тауелсіздік тұғыры ғой бұл елдің,

25 жасың құтты болсын нұрлы елім.

25 жылда шықтың талай белеске,

Қазақстан жасай берші гүл елім

Ән: «Қазағыммен мақтанам»             (Шерхан)

2-жүргізуші:

Тәуелсіздік! Осы бір қасиетті сөзді естігенде қалайша тебіренбейсің! Бодандықтың бұғауынан, қыспағынан құтылған қазақ халқы еркіндік, азаттық ауасымен тыныстауда. Қанымызда бар ұлттық қасиеттеріміз қалпына келуде. Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік, ең алдымен, қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші – ең қадірлі күш. 
Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Бүгін Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел.
 

Ән: «Астана»           (Салтанат)

1-жүргізуші:

Бүгінгі күні Қазақстан әлем таныған алдыңғы қатарлы елдердің бел ортасында келеді. Дүние жүзілік бірқатар ықпалды ұйымдарға мүше болып, мемлекетіміздің мерейін асырып, іргесінің нығая түсуіне Елбасымыздың ат үстінде жүріп, ел үшін еткен еңбегі ұшан-теңіз. 
2-жүргізуші:

Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың Тәуелсіздіктің 25 жылындағы ғаламат көшбасшылығымен қол жеткізілген Қазақстанның тамаша табыстарын айғақтайтын аса жарқын да сенімді цифрларға назар аударайық. 
- Біздің еліміз әлемдегі аса дамыған 50 елдің қатарына енді; 
- Соңғы 4 жылда тұрғындардың ақшалай кірісі, бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақысы, студенттердің стипендиясы 2 есе өсті; 
- Зейнетақы төлемдері мен баланы күтуге арналған жәрдемақы 2,6 есе көбейді; 
- Білім беру, ғылым мен денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы 2 есе ұлғайды; 
- Республика бойынша 4000 жаңа балабақшалар, 350 мектеп, 50 колледж салынды. 
Би: «Үкілі ару»                (Ұлдана)

2-жүргізуші:

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәріне айтам.
Ән: «Туған өлке»               (Замира)

1-жүргізуші:

Қазақ елім! 

Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!

Күй: «Келіншек»                (Оқушылар)

2-жүргізуші:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті 
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
Би: «Қазақ биі»                   
(Оқушылар)
1-жүргізуші:

Қазақстан  дейтін  менің  бар  елім ,

Жатыр  алып  жарты  дүние  әлемін !

Бұл  даланы  анам  жаспен  суарған

Бұл  далада  өскен  жанда   жоқ  арман

Көркем сөз: «Қазақстаным»              (Гүлнар)

2-жүргізуші:

Әрқашан да мақтанамын жеріме,

Қазыналы, дархан, байтақ еліме.

Ешбір қала тең келе алмас өзіңе,

Тілеймін мен бейбітшілік еліме.

Ән: «Қазақ елі»                     (Райхан)

1-жүргізуші:

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,

Кетпесін туған жердің берекесі.

Ән: «Анашым»               (Замира)

2-жүргізуші:

Атыңнан айналайын егемен ел,  

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

 Мерейің құтты болсын Қазақстан!

 Ғасырлар тойы болшы келе берер!

Күй: «Ерке сылқым»             (Ажар, Аяулым)      

1-жүргізуші:

Халқымның мақтанышы - алып тұлға.        

Әлемнің назары ауды Ақ ордаға

Бәйтерек – көкке қолын созып тұрған,

Ұқсайды менің асқақ арманыма.

Ән: «Туған  жер»              (Салтанат)

2-жүргізуші:

Көз қуанып күн сайын көркеміне,

Көңіліміз сенеді ертеңіне                         

Қазақстан – алып ел, төрі Астана,

Таңым ғана лайық ел төріне.

1-жүргізуші:

Жаралдық молшылықтан толы ағыстан

Жолың бар жақсылықты қалап ұшқан

Ғасырдың биігіне шықтың ту боп,

Көркейген елім менің – Қазақстан!

Терме: «Тәуелсіздікке  тарту»               (Бану)   

2-жүргізуші:

 Дүбір  қосып  өзіңдей  сәйгүлікке

Ақ  боз  аттың  алдынан  жанды  үміт  те

Ту   ғып  ұстап  аңсаған  азаттықты

Қазақстан  бет  алды  мәңгілікке !

Би: «Флэшмоб»                           (Оқушылар)

1-жүргізуші:

Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі.

Ән: «Жаса Қазақстан»                     (Жамалов)

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерей тойына арналған «Тәуелсіз еліме тарту» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне келіп жетті .

1-жүргізуші:

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мектепшілік шара жоғары сыныптармен"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Главный бухгалтер

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 206 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.04.2017 507
    • DOCX 334 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Карткожаев Талгат Есетбаевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Карткожаев Талгат Есетбаевич
    Карткожаев Талгат Есетбаевич
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 37671
    • Всего материалов: 17

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 499 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 332 человека

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Самосовершенствование: шаги к личному росту и эмоциональному благополучию

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 258 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 79 человек

Мини-курс

Самопознание и личностный рост

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Самоповреждающее поведение у подростков: профилактика и методы работы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов