Инфоурок Другое ПрезентацииМектептің ата-аналармен қарым-қатынасын дамыту

Мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын дамыту

Скачать материал
Скачать материал "Мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын дамыту"

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель службы приёма заявок

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Жоба тақырыбы: «Мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын
дамыту. Ата-аналар...

    1 слайд




    Жоба тақырыбы: «Мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын
    дамыту. Ата-аналар мектебі»

    Мұғалім: Капанова Ж.К.

    ,

  • Мазмұны:
      
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім

     
Мектептің...

    2 слайд











    Мазмұны:


    І. Кіріспе


    ІІ. Негізгі бөлім


    Мектептің ата-аналармен қарым- қатынасын дамыту;

    Ата-аналар мектебі



    ІІІ. Қорытынды бөлім



  • Мақсаты:Тәрбие жұмысының өзекті мәселелеріне ата-аналар назарын аудару, мек...

    3 слайд

    Мақсаты:

    Тәрбие жұмысының өзекті мәселелеріне ата-аналар назарын аудару, мектеп-отбасы тәрбие жұмыстарын дамыту

    Міндеті:

    1.Баланың жас және даму ерекшеліктерін ескере отырып
    жүргізілетін тәрбие жұмыстарын жүйелендіру;

    2. Ата-аналар қауымын, жұртшылықты мектеп өміріне, мектептен тыс
    және сыныптан тыс жұмыстарға белсенді қатысуға тарту,
    оқушылардың өзін-өзі басқару ісіне ықпал ету;

    3. Оқушылардың туған жерін,елін,мәдениетін,тарихын,салт-
    дәстүрлерін сүюіне және құрметтеуіне,әлем мәдениетінің өзіндік
    ерекшелігін түсінуіне, ұлттық құндылықтарға ұқыпты қарай білуіне
    ықпал ету


  • «Адамның адамшылығы – ақыл,ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұ...

    4 слайд


    «Адамның адамшылығы – ақыл,ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады»
    Абай

  • Кіріспе   
   Тәрбие процесінің табыстылығы педагогтер, оқушылар мен ата-анал...

    5 слайд

    Кіріспе

    Тәрбие процесінің табыстылығы педагогтер, оқушылар мен ата-аналар арасында орнаған қарым-қатынасқа тікелей байланысты. Ата-ана мен педагог алдында тұрған міндет ортақ болғандықтан, олардың арасындағы одақ неғұрлым берік болған сайын тәрбие нәтижесі де соғұрлым табысты бола түспек. Әрбір отбасы қоғамның бір бөлігі болып табылатындықтан, бала тәрбиесіндегі жауапкершілік те мектеппен бірдей болуы тиіс. Бала тәрбие әліппесін отбасында алатындықтан өркениетті қоғамға қол жеткізудегі әрбір шара отбасындағы өмірді ұйымдастырудан бастау алады. Салауатты отбасы ғана дені де тәні де сау ұрпақ тәрбиелей алады.

    Ұлы Абай атамыз «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деп көрегендікпен ой түйген. Ендеше, баланың өміріне қажетті тәлім-тәрбиенің іргетасы ата-ананың көмегімен отбасында қаланып, мектеп қабырғасында жалғасын табады.

  • Негізгі бөлім Мектеп және отбасы арасындағы қарым-қатынас Ата-аналар комитеті...

    6 слайд

    Негізгі бөлім

    Мектеп және отбасы арасындағы қарым-қатынас
    Ата-аналар комитеті
    Ата-аналар жиналысы
    Ата-аналарға арналған лекторийлер
    Ашық есік күндері,есеп беру жиналыстары
    Мұғалімдердің ата-аналармен бірлескен еңбегін,демалысын ұйымдастыру
    Ата-аналарға арналған тақырыптық конференция
    лар
    Мектеп әкімшілігінің ата-аналардың өкілімен кездесуі
    Ата-аналардың қамқоршылық кеңестері

  • Ата-аналармен жұмыс жүйесіПедагогикалық,психологиялық білім көтеруЖеке...

    7 слайд

    Ата-аналармен жұмыс жүйесі


    Педагогикалық,психологиялық білім көтеру
    Жеке тақы рыптық кеңес беру
    Педагог білім универ ситеті
    Дәрістер,
    семинар,
    коучинг
    тер
    Шығар машы лық топтар
    Ата-аналармен қоғамдастықты, оқу-тәрбие үрдісін құру
    Ата-аналар жиналы сы,ашық сабақ,іс-шара
    Үйірме, секция, клуб жұмыста рына қатысу
    Матери алдық базаны кеңейту ге қатысу
    Ата-аналар патрулін құру
    Ата-аналарды мектептегі басқаруға қатыстыру
    «Девиант ты» бала тәрбие сіне көмек тесу
    Мектеп кеңесі, сынып кеңесі, ата-ана кеңесі
    Қоғам дық бақы лау комите ті
    Отбасы мен мектеп әрекет тесу кеңесі

  • Ата-аналар мектебі1. Білім беру...

    8 слайд

    Ата-аналар мектебі

    1. Білім беру ұйымындағы ата-аналар мектебі – ата-анлар қауымдастығының,кеңестерінің,комитеттерінің,қорларының қызметін үйлестіруші және өскелең ұрпақты тәрбиелеу жұмысына тікелей атсалысатын,ата-баба дәстүрін насихаттаушы ата-аналар жұртшылығы өкілдерінің қоғамдық бірлестігі,одан әрі «Ата-аналар мектебі».

    2. «Ата-аналар мектебі» білім беру органдарының ата-аналар жұртшылығымен бірге жергілікті өкілетті органдар,қоғамдық ұйымдармен әлеуметтік әріптестік жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ұсыныстарды дамыту,жүзеге асыруға ықпал жасау мақсатында құрылған ұйым.

    3. «Ата-аналар мектебі» қоғамдық бірлестігі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конститутциясын, «Білім туралы» Заңын, жас ұрпақты тәрбиелеу қызметіне қатысты және ата-аналардың ролін арттыру жөніндегі өзге де нормативтік заңнамалық құжаттарды басшылыққа алады.

  • Ата-аналар мектебінің негізгі міндеттері1...

    9 слайд


    Ата-аналар мектебінің негізгі міндеттері

    1. Тәрбие жұмысының өзекті мәселелеріне ата-аналар назарын
    аудару,мектеп-отбасы тәрбие жұмыстарын дамыту;

    2. Баланың жас және даму ерекшеліктерін ескере отырып
    жүргізілетін тәрбие жұмыстарын жүйелендіру;

    3. Ата-аналар қауымын,жұртшылықты мектеп өміріне, мектептен
    тыс және сыныптан тыс жұмыстарға белсенді қатысуға
    тарту,оқушылардың өзін-өзі басқару ісіне ықпал ету;

    4. Оқушылардың туған жерін,елін,мәдениетін,тарихын,салт-
    дәстүрлерін сүюіне және құрметтеуіне,әлем мәдениетінің өзіндік
    ерекшелігін түсінуіне, ұлттық құндылықтарға ұқыпты қарай
    білуіне ықпал ету


  • Қорытынды      Мектеп пен ата-а...

    10 слайд

    Қорытынды

    Мектеп пен ата-ана, қоғам бірлескен кезде ғана тәрбие процесі өз жұмысының нәтижесін бере бастайтыны анық. Қоғамдық тәрбие нышандары жанұядан бастау алады. Бала өмірге келген күннен бастап оның тәрбиесіне ата-анасы, оны қоршаған жақындары, көршілері, дос-жарандары және т.б. ықпал етеді. Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап оның өмірінде жаңа кезең басталады, құндылықтарға деген көзқарасы мен қатынасы өзгереді. Бұл кезеңде ата- ананың жауапкершілігі арта түседі, ол баласы мен мектеп ұжымы арасындағы қарым-қатынастан, баласының жаңа ортадағы тыныс-тіршілігінен хабардар болуы тиіс. Бала мен мектеп арасындағы байланыс сынып жетекшісі мен ата- ана ортасында тығыз ынтымақтастық орнаған кезде сәтті болмақ. . Мектеп педагогтері отбасының жақсы тәжірибесіне сүйенеді, оны тәрбие процесінде оң үрдістерді күшейтуде және теріс үрдістерді тегістеу үшін қолданады. Оң бағытты қарым-қатынастағы басты әрі шешуші шарт – мұғалімдер мен ата-аналар арасындағы сенімге құрылған серіктестік байланыс болып табылады. Ең бастысы байланыс орнатуда ата-аналарда тәрбие процесіне қызығушылықтың тууы, жетістікке жету қажеттілігі, өз күштеріне сенімді болуы маңызды. Ата-аналар белсенділерінің тек өз баласының ғана емес, барлық сынып тәрбиесіне қатысуы осындай педагогикалық өзара қарым- қатынас нәтижесі. Сонда ғана мектепте және сыныпта ата-аналардың атсалысуымен өткізілетін ұжымдық іс-шаралар өз мәресіне жететін болады. Жоғарыда айтылған ой-пікірлерді қорыта келе айтарымыз, мектеп пен отбасы, ұстаз бен ата-ана арасында ынтымақтастық орнатып, жемісті жұмыс жасау – бүгінгі күннің кезек күттірмес мәселесі.
     

  • Күтілетін нәтиже    Ата-анамен жүрг...

    11 слайд

    Күтілетін нәтиже
    Ата-анамен жүргізген жұмыстар нәтижесінде, білім алушы жастарда қазақстандық патриотизм, азаматтық өзіндік сана, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, толеранттық және рухани-адамгершілік қасиеттер қалыптастыруда; жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар арқылы мәдениет негіздерін, ана тілі мен мемлекеттік тілге және этномәдениетке құрметті; тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда білім беру мазмұнының тәрбиелік әлеуетін күшейтуді; бала тәрбиесінде ата-аналардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін арттыруды, жастарды салауатты отбасын құруға дайын болады.
    Ата-аналар қауымы мектеп өміріне, мектептен тыс және сыныптан тыс жұмыстарға белсенді қатысады,оқушылардың өзін-өзі басқаруы қалыптасады.Оқушылар туған жерін,елін,мәдениетін,тарихын,салт-дәстүрлерін сүюге және құрметтеуге,әлем мәдениетінің өзіндік ерекшелігін түсінуге, ұлттық құндылықтарға ұқыпты қарай білуге үйренеді.Өздігімен білім алуды және өзін-өзі жүзеге асыруды, өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі тәрбиелеуін нығайтуға отбасы институтының саналы түрде қатысуын қамтамасыз етеді. Сонымен, жан-жақты дамыған, рухани-адамгершілік қасиеттері бар, таңдау жасау жағдайында өздігімен шешім қабылдауға даяр, ынтымақтастыққа және мәдениетаралық қарым-қатынасқа қабілетті, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімде болады.
    «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаты − Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істерге белсенді қатысатын адам қалыптасады.

  • 12 слайд

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 215 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.04.2016 3113
    • PPTX 4 мбайт
    • 57 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Капанова Жибек Каиргельдиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 136263
    • Всего материалов: 31

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой