Инфоурок Другое Конспекты«Менің Қазақстаным – менің болашағым» (Тәрбие сағаты)

«Менің Қазақстаным – менің болашағым» (Тәрбие сағаты)

Скачать материал

http://i051.radikal.ru/0812/b8/1cc65e13f281.jpg
tmp7AB

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Тәрбие сағаты

Тақырыбы:

«Менің Қазақстаным менің болашағым»

 

 

 

Дайындаған: З.А. Ерекешова

                                                                                                             

 

 

 

 

 

 

Менің Қазақстаным – менің болашағым

 

Мақсаты: Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Отанын сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.Өнерге деген қабілеттерін дамытып, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту. Ел рәміздерін тарихын білу.

Көрнекілігі: қазақ елі рәміздерінің суреттері. Плакатқа жазылған нақыл сөздер.

Барысы:

Қанатты сөз:

1.      Туған жер – алтын бесік.

2.      Отан! Отан! Бәрінен биік екен. Мен сені мәңгілікке сүйіп өтем. М. Мақатаев

 

Қазақстан Республикасының Гимні.

 

Мұғалім: «Отан оттан да ыстық», - дейді халқымыз. Егер сол Отан бөтенге бодан болса, оның оты перзентінің өзегін өртейді, ешкімге тәуелсіз болса, мақтаныш алауын маздатады.

 

Менің туған өлкем – кең –байтақ Қазақстан. Оның асқар таулары мен айдын көлдері, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы – менің ақ бесігім. Сондықтан да мен оны ардақтаймын. Шексіз сүйемін. Әрқашан аялап, қорғап жүремін.

 

Ата-бабамыздың өткен жолына біраз шолу жасап қарасақ, «Не деген дархан ел, не деген төзімді де қайратты ел, не деген батыр да батыл менің елім!» деп көңілің көкке көтеріледі.

 

(Музыка ойнап, аяғын ақырын басып Ата шығады. Орындыққа келіп, демалып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі шығады).


Немересі: Ата, не ойлап отырсыз?

Атасы: Ә, балам, атаң не атаң не ойламайды дейсін! Сенің болашағынды ойлаймын. Еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын, қуанамын!

Немересі: Ата, «өткен өмір» деген не?

Атасы: Ә, балам, «өткен өмір» деген сонау ежелгі бабаларымыздан бергі өткен өмір жолы, тарихи емес пе?

Немересі: Ол қандай болған?

Атасы: Ендеше тыңда, балам, атаң бір сөйлесін:

Болмаса да оқыған тарихшы атын,

Жинадым ескілерден тарих хатын.

Мақсатым – кейінгі ұрпақ ұмытпаса,

Айтылған аталардың аманатын.

Есімі еш адамның өшпейді екен,

Артында ұрпақ жүрсе өздерінде,

Ұмыттырмас «Жеті атасын» парыз екен,

Бұрыңғылар ұрпақтың қамын жеген.

«Білмеген жеті атасын жетесіз» деп,

Өткендерін қалай да білесін деген.

 

Сондықтан, балам, сен де өз тарихынды, жеті атанды білуге тиіссің. Сонау ерте кезде біздің ата - бабаларымыз 29 қазақ руының басын қосып, халық болып қалыптасуының негізгі болғаннан басталмай ма бұл тарих?

Автор: Ата ұзақ ойланып, өткен тарихты әңгімелейді.

 

Мұғалім: Өмірімізді, өткенімізді көріп,

Әнімізді, жырымызды тыңдап,

Ерлігімізге, тірлігімізге қарап,

Тұқымымызды, ғұрпымызды көріп,

Өзімізді, сөзімізді тыңдап,

 

Оқушылар хормен: «Бұл - қазақ», - дейді.

 

Мұғалім: Менің елім – Қазақстан. Бұл әрбір дала перзентінің (кәрісі бар, жасы бар) көкірегінде мақтанышпен айтатын сөзі. Бұл тақырып төңірегінде сан ойландым, көп толғандым. Елім жайлы, алтын бесігім туған жерім жайлы азаматтық жүрегіммен толғана сыр шерте алар ма екем?!

«Құс ұясыз,

Жыртқыш інсіз болмайды.

Отансыз жан өмірінде оңбайды,

Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды.

Тірі адамға сол қайғы,»,- деп ақын ағамыз Мұқағали жырлағандай, Отаны жоқ адамдар нағыз бақытсыз жан екен.

Ал біз қазақ халқы нағыз бақ қонған халықпыз деп шаттана айта аламыз. Өзіміздің

мемлекетіміз, тарихымыз, тіліміз, тәуелсіз еліміз бар.

 

Оқушы: Қазақстан туған өлкем.

Жер көп пе сендей көркем?

Көрсін деп күллі әлемге,

Жалауыңды желге желпем.

 

Қорытынды:           «Ата – қоныс жер қымбат,

Туып - өскен ел қымбат», - демекші, балалар, бүгінгі тәрбие

сабағында айтылғандарды өнеге етіп, елді, жерді сүюді, қадірлеуді

өмірлік мақсат етейік.

 

Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елдеріңді

өркениетті мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең ететін сендерсіңдер. Ол үшін терең

әрі жан – жақты білімді болу – міндеттерің.





Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Менің Қазақстаным – менің болашағым» (Тәрбие сағаты)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по сертификации продукции

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 184 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.04.2017 1543
    • DOCX 223.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ерекешова Зайра Амирхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ерекешова Зайра Амирхановна
    Ерекешова Зайра Амирхановна
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2116
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой