Инфоурок Другое Статьи"Менің мамандығымның маңыздылығы " ұстаз

"Менің мамандығымның маңыздылығы " ұстаз

Скачать материал

ҚАЗАҚСТАНРЕСПУБЛИКАСЫҒЫЛЫМЖӘНЕБІЛІММИНИСТРЛІГІ

С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ КОЛЛЕДЖІ

 

 

 

 

 

 

 

 Баяндама

Тақырыбы:«Менің мамандығымның маңыздылығы»

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                            Орындаған:Нурланова Назерке    

                                                                        «Бастауыш білім беру»

                                                                                      мамандығының 3 курс студенті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,   

ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»

Н.Ә. Назарбаев

                              (мұғалімдердің II съезінде сөйлеген сөзі)                      

 

XXI ғасыр – бұл ақпараттық, технологиялық мәдениет дәуірі. Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселе – білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі – білім, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы – мектеп, ал мектептің жаны – мұғалім екендігі баршаға мәлім.

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.

Тәрбиенің сан салалы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнде-лікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы – бастауыш мектеп. Бастауыш саты – білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Келешекте жалпы білім алу мен кез келген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы бастауышта қаланбақ. Сондықтан, оның сипаты мен мазмұны, оқытудың әдістері мен формалары қазіргі жағдайда жан-жақты талданып отыр. Өйткені, баланың жеке бас қасиеттері, оның адамгершілігінің, белсенділігінің қалыптасуы мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш сыныптарда жүзеге аспақ. Оқушының рухани күш-қуаты мен ерік-жігерінің, шығармашылық қабілетінің, жалпы мүмкіндіктерінің ашылар кезі. Бастауыш мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға – Ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады.

Халқымыз әрқашан да ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп, бағалаған. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», «Адамның адамшы-лығы жақсы ұстаздан болады» деп айтқан ұлы Абай. Ал чехтің педагогы Я.А.Коменский: «Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі» деп ұстаздар қауымын жоғары бағалаған.

Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу – әрбір ұстаздың борышы. Бүгінгі мұғалім кіші мектеп оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, оларды халықтық педагоги-каның нәрлі қайнарымен сусындату, әрбір оқушы бойында ұлттық мінез-құлық, адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейілділік қасиеттерін қалыптастыруға, бала-ның жан дүниесін рухани қазыналармен байытуға, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін меңгертуге тиіс.

Алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, оқушылардың жалпы дамуын қамтамасыз етуі керек. Бала жаны жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі келіп, белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болған-дықтан, бастауыш сынып мұғалімі олардың осы талпынысын дамытуға көңіл бөлуі тиіс. Оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді енгізіп, оны ұйымдастыру формасын түрлендіріп отыру – мұғалімнің басты міндеті екені белгілі. Мұндай жағдайда мұғалімнің шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеті үлкен рөл атқарады.

Кіші мектеп оқушылары үшін мұғалім олар еліктейтін, үлгі ететін абыройлы жан. Олар ұстазының бүкіл іс-қимылына, жүріс-тұрысына, сөйлеу мәнеріне, адаммен қарым-қатынасына еліктейді. Сондықтан да, жауапкершілігі мол, адал да мейірімді, әділ де парасатты, рухани дүниесі бай педагогтар ғана балаға білім мен тәрбие беріп, оның жан дүниесіне әсер ете алады.

Абай атамыздың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегеніндей, 28 жылға жуық ұстаздық қызметттің талай суығын да, ыстығын да сезініп, соған төзіп келе жатқан Жаннат Әбзелейқызы ешқашан ізденуден жалыққан емес. «Болдым, толдым» деп көкірек керіп, тоқмейілсіген емес. Мұғалімдердің барлығымен әріптес ретінде, сырлас құрбы-құрдас ретінде сөйлеседі. Әрине, басшы екенін де бір сәт естен шығармайды. Білікті басшының білгірлігі, көрегендігі болар мектептегі барша бастауыш сынып  ұстаздар қауымы әркезде «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарып, ұйымшылдықпен жұмыс атқарып келеді. Мектептегі ұстаздардың басшыға деген құрметін әр сөз арасынан-ақ аңғаруға болады.
Әр басшы өзіне алған кадрларды баптауы керек. Ал сол баптауыңа көнген, яғни сенің дұрысыңды дұрыс деп қабылдай білген мұғалімнен ғана бірнәрсе шығады. Керісінше сенің айтқаныңды ақыл деп санамай, өз дегенінен қайтпайтын бірбеткей ұстаз ертең балаға қандай тәрбие береді? Әрине, мен бәріне «менікі дұрыс, соны ғана тыңдаңдар» деп шарт қоймаймын. Кейбір жас кадрлардан да үйренер тұстар да болады. Ондай жайттарды көргенде олардың сол қасиеттерін бағалаймын. Талапшылмын, бірақ қатаң сөгіс беріп, қаралап та көрмеппін. Қайта сол талаптың өзін тең дәрежеде сөйлесе отырып, сырласа отырып қоямын. Біздің атақ-абыройға кенелгеніміз тек менің арқам емес. Ұжым мүшелерінің еңбекқорлығының, шығармашылыққа жақын болуының, ізденімпаздығының арқасы деп білемін дейді. Сырбаз да сұлу табиғаттан нәр алып өскен жанашыр жан сол сұлулықты әр адамның бойынан көргісі келетіндей өзінің оқушыларына да солай тәрбиелеуде,әр өткізген сабақтары өте қызықты және тәжірибенің жемісі көрінуде.Әліде олимпиада жеңімпаздарын дайындауда.Ол кісі маған керекті материалдарды және қосымша мәліметтерді көрсетіп маған үйретіп отырды.Бастауыш сыныпта мұғалім қандай болса оқушылардың мінездері сондай болады деген рас екен.Оқушылардың да жан дүниесі таза әрі ақкөңіл.

Менің әрбір сабаққа дайындығым екі бөлімнен тұрады – пәнді оқытуға жалпы дайындық және әрбір сабаққа дайындық.

Пәнді оқытуға жалпы дайындық оқу жоспарын, бағдарламасын оқып-үйреніп, күнтізбелік-тақырыптық жоспармен танысудан және сабақтың материалдық-техникалық базасын – оқу бөлмесін, көрнекі құралдар, құрал-саймандармен танысудан басталды. Бұл дайындық, әрине, біз іс-тәжірибені бастамай тұрып жасалады.

Менің әрбір сабаққа дайындығым күрделі де жауапты жұмыс болды. Оқу материалының мазмұнын ойластыру дайындықтың алғашқы бөлігі болып табылады. Іс-тәжірибе өту кезінде маған бағдарламаның өткен, алдағы және одан кейінгі сабақтарға қатысты бөлігін, олардың арасындағы байланыс пен дәйектілікті орнату үшін талдау керек. Осы сабақта алдына қойып отырған нақты педагогикалық міндеттер мен мақсаттарды жақсылап ойластыру – сабаққа дайындықтың өте маңызды бөлігі болып табылады. Содан кейін оқулықтағы (немесе бірнеше) оқу материалының жазылуын – қандай тезистер мен негіздемелер берілгенін, материалдың оқушыларға түсінікті болуын, мысалдардың тақырыпқа сай болуын, тақырыптардың жүйелілігін мұқият оқып-үйрену қажет. Сұрақтар мен тапсырмалардың оқушыларға түсініктілігін, олардың орындалу жүйелілігін, маңызын талдау қажет. Еске түсерлік сұрақтарды танымдық сұрақтармен, үйреншікті тапсырмаларды ізденісті қажет ететін, келелі тапсырмаларға алмастыру қажет. Жеке және ұжымдық ойлану қызметін ұйымдастыруға ықпал ететін іскер ойынның элементтерін (немесе толығымен сценарийін), өндірістік жағдайлардан мысал келтіре отырып, сүйеніш білімнің белсенділігін арттыратын сұрақтарды ерекше ойланып, дайындауы қажет. Мен ең алдымен сабақ үстінде оқушылардың дүниетанымының, білімге құштарлығының, қисынды ойлауларының азаматтық тұрғыдан қалыптасуы – тәрбиелеуге өте көп көңіл бөлуім қажет.

Сабаққа дайындық негізгі оқулықпен танысып қоюмен шектелмеуі тиіс. Мен материалды білуім, кеңінен, тереңінен түсінуім қажет. Бұл маған сабақты басқаруға, материалды оқулықтағыдан басқаша түсіндіруге, оқушылардың танымдық және ақыл қабілеттерін белсендетіп, өз беттерімен шығармашылық жұмыс істеуге үйретуге, тапсырманы ілгерілеу әдісімен беруге мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде сабақта қолданылған әдістемелердің нәтижелілігі туралы тұжырымдауға мүмкіндік береді.

Мұғалімдердің шеберлігі, біріншіден, сабаққа дайындығы мен жаңашыл әріптестерінің тәжірибесін пайдалана алуымен тікелей байланысты. Ол үнемі және мақсатты түрде өз білімін, өз тәжірибесін жұмыстың жаңа тәсілдерімен толықтырып отыруы керек.

Мұғалімнің сабаққа қалай дайындалуы керектігін, Ю.А.Львова нақты сипаттап көрсеткен. Ол мұғалімнің сабаққа дайындалуына көмектесетін, педагогтың шығармашылық жұмысын ұйымдастыратын ұтымды ұсыныстар жасады:

1.     Бағдарламаның осы сабаққа қатысты бөлімін ұғына оқы.

2.     Осы бөлімнің материалдарын, тақырыптарын, сұрақтарын оқып біл.

3.     Осы сабақта неге жетуім қажет деген сұраққа жауап бере отырып, сабақ мақсатын жаз.

4.     Осы топтық ұжымды көз алдына елестетіп, жеке оқушыларды еске ал. Олардың психологиясын ойша еске түсіріп, педагогикалық түрлену өнерін қолдана отырып, олардың алға қойған мақсатқа жету жолдарын белгілеуге тырыс.

5.     Осы материалға және осы оқушыларға тиімді әдістемелік тәсілді таңдап ал.

6.     Таңдалған әдісті өз мүмкіншілігіңмен салыстыр, сабақтағы өз іс-әрекетіңді ойша салмақта.

7.     Сабақ құрылымын ойластырып, «тапқаныңның» барлығын жоспар-конспектіге жаз.

8.     Көрнекі және оқу құралдарын дайында, тексеріп, реттеп, әзірлеп қоюды ұмытпа, приборлар мен жабдықтарды, есептеу техникаларының дұрыстығын жұмыс үстінде тексер. Көрнекі құралдарды көрсету тәртібін ойластыр.

9.     Қойылған мақсатқа жетуге көмектесетін көрнекіліктерді көзбен шолу құралдарын ғана қолдану қажет. Егер олар көп болса, оқушылардың назары соған ауады.

10.                 Жоспардың негізгі тұстарын қайтала (оқу материалының).

11.                 Өзіңнен сұра:

- Сен сабаққа дайынсың ба?

Бұл ұсыныстардағы педагогикалық іс-әрекеттер тиімді, өйткені осылардан сабақ туындайды, сабақты ойластырудың үлкен шығармашылық еңбек екендігі айқындалады. Ал осыған сабақтың тиімділігі мен нәтижелілігі байланысты.

Мен әрбір сабақты өткізген сайын бұрынғыдай емес өзімді еркін және байсалды ұстап үйреніп қалдым. Оқушылармен қарым-қатынасым еркін жүре бастады. Бақылау кезінде байқаған ұстаздың әдіс-тәсілдерін қолдана алдым деп ойладым. Оқушылардан біріншіден үй тапсырмаларын сұрап, одан қайталау жұмыстарын жүгізіп, болған соң жаңа тақырыптарды да түсіндірдім. Бұның өзі маған үлкен сынақ секілді болып көрінді. Өйткені егер балалар жаңа тақырыпты түсінбей қалса менің ұстаздық қабілетім жеткіліксіз деп санаймын Сондықтан шамам келгенше жеткіздім деп ойлаймын Оқушылардан да түсіндірген тақырыпты сұрасам да бірден сұрақтарыма жауап беріп жатты. Яғни менің оқушылардың ойын жеткізе алғаным, көздеген мақсатыма жетудің бір бөлігі болып есептеледі.

Мұғалімдердің қызметіндегі дидактикалық қиындықтар, негізінен, олардың мынадай іс-әрекетінен байқалады:

-оқушылардың   танымдық, әрекетін қалыптастырудағы іс-әрекетінде;

-дарында балалармен, үлгермейтін оқушылармен дара жұмыс істеудегі әрекетінде,
- оқушылардың    оқу   әрекетін, дағдыларын қалыптастырудағы қиындықтар,бұл менің басымнанда өтті.

Оқушылардың іс-әрекеттерін әділ бағаламау жиі кездесетін құбылыс. Осының негізінде қарым-қатынас барысында мұғалім мен оқушы арасында дау-жанжал болып жатады. Қарым-қатынас барысында кездесетін осы және өзге қиындықтарды жоюдың бірден-бір жолы:

-әр жастағы оқушылардың өзіне тән психикалық ерекшеліктерін ескере отырып, қарым-қатынас орнату;
-мұғалім өзінің жағымсыз көңіл-күйінің болмауын қадағалау;
-қарым-қатынаста педагогикаға жатсөздер айтпау;
-бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау;
-қарым-қатынаста дау-жанжалға жол бермеу;
-сұхбаттасуда жеке оқушының пікірін сыйлау;
-қиын, қыңыр, қырсық оқушылармен жеке дара қарым-қатынас орнатып, олармен тіл табысу;
-қарым-қатынаста мұғалімнің – оқушыға, оқушының мұғалімге сенуі;
-сезімдік, әскерлік қарым-қатынаста болу.
Қарым-қатынаста кездесетін қиыншылықтарды осы және өзге де жолдар арқылы жеңе отырып, мұғалім қарым-қатынастың үш функциясын орындайды. 1.Мұғалім қарым-қатынаста оқушыны жеке тұлға ретінде дамытады. 2.Оқушыны қоғам мүшесі ретінде тәрбиелейді. 3.Қарым-қатынас тек адамдар арасында ғана емес ол қоршаған дүниемен, табиғатпен байланысты екенін оқушының санасына ұқтырады.Адамның өмірі адаммен, бірінсіз-бірінің күні жоқ. Адамдар арасындағы қарым-қатынас жақсы болса, көрер күндері қызықты болады. Жас кезінде бұзақы болған Б.Франклин уақыт оза келе адамдармен қарым-қатынас жасауда зор табыстарға қол жеткізіп, нәтижесінде Франциядағы американ елшісі болып тағайындалған екен. Мұның сырын ол былай түсіндіріпті: «Мен еш адам туралы жаман әңгіме айтпаймын, керісінше жақсы әңгімелерін ылғи айтып жүремін». Адамдар арасындағы қарым-қатынас, шын мәнінде, өте нәзік дүние. Өйткені қылт етсе сынып кетуі мүмкін көпір болады. Әркімнің қабағына қарау да оңайға соқпайды. Жоғарыда айтылғанды ескеріп, оқып-үйренгенде, яғни әр мұғалім психологиялық тұрғыдан білімді болғанда, жетістікке жетері анық. Қалай дегенмен де қарым-қатынастың жетістікке жеткізер жолдары болады:
1. Оқып үйрену
2. Тәжірибе алмасу.
3. Әдіс-тәсілдерді іс жүзінде қолдану.
4. Әр үйренген нәрсені қай жерде, қалай пайдалану керектігін білу.
5. Ерік жігерді талап ету.
6. Үлгі алу.
7. Көңілге ықыласпен тоқу

Бастауыш сынып мұғалімі бастауыш сыныпта жүргізілетін пәндерде балаларға
берілетін барлық білімді жетік білуі, материалды түсінікті жеткізуі, оқушылардың білімін дұрыс бағалай білуі, олардың бойында тәжірибелік білімдерді қалыптастыруы болып табылады. Өзінің іс-әрекетін сыни тұрғыдан бағалап, кәсіби құзіреттілікті жетілдіру, оқушылармен дұрыс қарым-қатынас орнықтыра білу, ата-аналармен тіл табыса алу, сөйлеу мәдениетін жаттықтыру сияқты қасиеттер мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, оқушылары мен олардың ата-аналарына сыйлы болатына даусыз. Өз білімін жетілдіре отырып, оқушыларды арнайы ұғымдар мен терминдерді пайдаланып сөйлеуге үйрету, оқушыларды ғылымға жақындатады, әрі олардың алған білімдері негізді болады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын ояту, оларды өздігінен білімдерін жетілдіруге дағдыландыру, сабақты жүргізуде қазіргі іс-тәжірибе мен еткеннің озық тәжірибелерін шебер пайдалана білу оқытушының құзіреттілігін танытады. Мүғалімнің құзіретгілігі оның сабақты нәтижелі жүргізуіне де тікелей байланысты. Сабақ нәтижелі болуы үшін маған Жаннат апай төменгі ережелерді ескергенің дұрыс деді:

 - өте жинақы болу, оқушылардың алдына қоятын мақсат нақты,айқын болуы және мақсатқа жетудің жолдарын ретімен, бірізділікпен жүргізе білу;

 - оқушыларды төмендетіп, жөнді-жөнсіз ұрыспау, олардың білмегеніне ренжімеу, мейірімді болу.

-егер сыныптың көпшілігі түсінбеген болса, онда өзіңіздің кемшілігіңізді іздеңіз;

- оқушылардың сөзін бөлмеу, соңына дейін сөйлеуге мүмкіндік беру, оқушының жауабы дұрыс болмаса, ол қойылған сұрақтың нақты болмауынан;

 -тапсырма мен нұсқау анық, оқушы мұғалімнің талабын анық түсінетін болуы шарт;

 - сабақ барысында оқушылардың зейінін тұрақтандыру, егер ауытқулар болса, тақырыпты өзгерту немесе қосымша материалдарды пайдалану, оқушылардың ынта-ықыласын, қызығушылықтарын қадағалап отыру;

 - сабақты дәл уақытында бастау, уақытты үнемдей білу, тәрбиелік ақыл-кеңесті ұзақ уақыт айтып тұрудың қажеттілігі аз;

 - оқушыларға қойылған талап міндетті түрде жүзеге асуы керек;

- сабақтың өткізілу темпі интенсивті, бірақ оқу материалдарын оқушылар толық меңгеруіне жағдай жасалуы шарт;

- оқушылардың жауабын мақұлдап, ынталандырып, қоштап отыру қажет.

Маған Жанат апай сабақтарды бөліп  бермей тұрып барлық сабақтардан оқушы осы оқу жылында қандай білім қорын жинақтау керек екенін көрсететін материалдармен таныстырды.Мен берілген үшінші сынып биыл

·     ауыз  әдебиеті үлгілерінің жанрларын (аңыз, ертегі, мақал – мәтел, жаңылтпаш, айтыс, шешендік сөздер, батырлар жыры, айтыс өлеңдер т.б.) ажырата алуды;

·        шығарма авторларын, олардың көзқарасын;

·        авторы арқылы шығармаларын атауды;

·        көлемі 200-250 сөзден тұратын мәтінді толық және қысқаша әңгімелей алуды;

·        көркем шығарма жанрларын (әңгіме, өлең, қара сөз т.б.) ажырата алуды;

·        өлең жолдары мен шумағын;

·        шығарманың тақырыбы мен басты кейіпкерлерін атауды біледі.

·        Мысалдағы аллегорияны;

·        көркем шығарманы өмірмен байланыстыра білуді;

·        мәтінді  тапсырмаға сәйкес теріп оқуды;

·        мәтіндегі белгілі мен белгісізді түсінеді.

·        Мазмұндама мен шығарма жазуды (30-35 сөзден тұратын);

·        ата – аналарына құттықтау, достарына хат жазуды;

·        жыл аяғына дейін 4-5 тақпақ, 4 - 5 өлең, 3 - 4 үзінді, 4 - 5 жұмбақ, 5 - 6 мақал-мәтелді жатқа білуді;

·         мәтінге жоспар құруды;

·        мәтін бойынша сұрақтар қоя алудымеңгереді делінген.

Осы жоспарды қарай отырып мен сабақ өткізу барысында қандай жаттығуларды орындата алатынымды түсіндім.

Мен ана тілі пәнінен он төртінші қараша күні «Ағыбай батыр» деген тақырыпта сабақ өткіздім.Кіші жастағы оқушылар үшін ана тілі сабақтары өмірді, ондағы адамдық қарым-қатынастарды түсінуге ашылған терезе іспеттес. Мұнда қайырымдылық, адалдық, бір-бірін түсіне білу, парыз және басқа да көптеген түсініктердің алғашқы бастамаларының негізі қаланады. Әрине, осындай маңызды ұғымдар бала санасында дайын күйінде қалыптаса салмайды. Міне, сондықтан ана тілі пәні мұғалімдері сабақ құрылымын құруда көркем сөздер арқылы  тек баланың санасына әсер етуді көздемей, бірінші кезекте баланың сезіміне  әсер етуге, оларды жақсылыққа қарай итермелеуге жағдай жасап, шығарма арқылы шынайы өмірге көпір салуға ұмтылуы тиіс.

Сабақ барысында оқушылардың мәтінді бірнеше қайтара оқуы оқу дағдыларының жетілуіне мүмкіндік береді. Бұл іріктеп оқыту, рөлдерге бөліп оқу, хормен оқу, тізбектей оқу, іштей оқу, «көзбен оқу» сияқты әр түрлі оқу түрлері арқылы жүзеге асырылады. «Көзбен оқуды» мәтінмен ауызша жұмыс түрлері алдында (мазұндау, жоспар құру, тақырып қою т.б.) қолданған тиімді.

         Оқу шапшаңдығы да оқу тәсіліне байланысты. Буындап оқитын оқушылардың шапшаңдығы бір басқа болса, ал тұтас сөздерді оқитын оқушылардың шапшаңдығы бір басқа. Оқу дағдысын тексеру кезінде баланы «тезірек оқы» деп асықтыруға болмайды. Мұндай асықтырудан кейін ол 1-2 сөзді немесе сөйлемді ғана тез оқуы мүмкін, алайда қайтадан сол кезеңдегі өзінің қалыптасқан шапшаңдығына түседі.

Бастауыш мектепте іштей оқу дағдыларын қалыптастыру да көзделеді. Дауыстап оқу арқылы материалды оқушы ғана емес, тыңдаушы да қабылдайды. Іштей үндемей оқуға тек оқып жатқан бала қатысады, алайда түсіну, есте сақтау және оқығанын меңгеру іс-әрекеті жақсара түседі. Іштей оқу – бұл дауыс шығармай көзбен оқу. Сыбырлап және еріндерін жыбырлатып оқу дауыстап оқудан іштей оқуға көшу кезеңінің көрінісі болып табылады және іштей оқуға жатпайды.

Егер іштей оқу шапшаңдығы дауыстап оқу шапшаңдығынан аспаса, онда іштей оқу өз дәрежесінде қалыптаспаған деген сөз.  Іштей оқу дауыстап оқуға қарағанда 20-40 сөзге дейін артық жүретіні белгілі, сондықтан оқудың бұл түрін қадағалап отырудың да маңызы зор.

Іштей оқуға көлемді, мазмұны жағынан қызықты, тілі анық, балаларға онша таныс емес шығармаларды оқытқан абзал. Іштей оқуды тексеру әдісі дауыстап оқуды тексеру әдісімен бірдей. Іштей оқу аяқталғаннан кейін оқушының мәтіннің негізгі мазмұнын қаншалықты меңгергені тексеріледі.Мен сабаққа қойған үш дидактикалық мақсатқа жеттім.Менің бұл сабақ өткізгенде көрнекілік пайдаланғаным өте тиімді болды.Ал маған кездескен қиындық бұл жерде оқушылардың танымдық белсенділіктері әртүрлі болуы.Маған бұл жерде оқушыларға арнайы қосымша тапсырмалар жасақтау керек екенін түсіндім.

3 «ә» сыныбына дүниетанудан «Су және оны қорғау. Табиғаттағы су» деген тақырыпта сабақ өткіздім. Менің бұл сабақта алға қойған мақсатым:

 1.  Өмірдің қайнар көзі мен тіршілік көзі ретінде су туралы оқушылардың білімін қалыптастыру. Судың қасиеттері туралы түсініктерін нығайту.

2. Өздігінен қорытынды шығара білуге дағдыландыру, ізденімпаздыққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрете отырып, ой-өрісін дамыту.

3. Дүниетанымын,ой-өрісін,салауатты өмір салтын, табиғатты қорғауға,суды үнемдеп жұмсауға үйрету, экологиялық тәрбие беру.

Мен бұл мақсатқа жеттім деп ойлаймын.

3 сыныпқа арналған дүниетану кітабына талдау жасадым.Оқулықты Жүнісқызы, Бірмағамбетов, Аймағамбетова жазған 2010 жылы Алматыда Атамұра баспасында жарық көрген.Оқулық 206 беттен тұрады.Оқулық беттері өте жұқа, әдемі суреттермен безендірілген.

Сабақты өткізіп болғанда ең алдымен өзіндік талдау жасадым.Көбіне сабақты талдау алға қойылған мақсаттардың дұрыстығын, оқушыларды қорыту және тәрбиелеу тәсілдерінің тиімділігін, олардың кеңестік дидактика көзқарасына, мазмұны мен мақсаттарына, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуын бағалаудан басталады. Сосын идеялық және оқытылатын пәннің ғылыми-теориялық (немесе материалдық) деңгейі, пәнаралық байланыстардың қолданылуы, ғылыми-техникалық өрлеудің заманға сай деңгейін ашып көрсету, өмірмен байланысы қаралады. Содан соң сабақ құрылымы, оның ұйымдастырылуы, уақыттың ұтымды қолданылуы қаралады. Мұғалім әр түрлі білім көздерін (оқулық, үкімет, ғылыми құжаттар, саяси-қоғамдық, техникалық, анықтамалық әдебиет, тізбелер, үлгілер, кестелер, оқытудың техникалық құралдары т.б.) қолдана отырып, өтілген материалдың терең де мықты ұғынылуына қол жеткізуі керек, оқушылардың ой-санасын оятып, ынталандырып, оларды өз беттерімен жұмыс істеуге үйретуіне ерекше көңіл бөлу қажет. Сабақта қолданылған оқу-көрнекі, есептеу құралдарының тек көрсетуге пайдаланылғанын немесе оқушылардың өз беттерімен жаңа тұжырымға келіп, білімді алу көзі болғандығын талқылау да маңызды болып табылады.

Маған мұғалімнің ескерткені:

1.     Бала мектеп үшін емес, мектеп  бала үшін жұмыс істейді.

2.     Баға құнды емес, бала  құнды.

3.      Ұстаз қызметінің мақсаты - өз пәнін жақсы үйретуден гөрі тереңіректе. Ол – адамды жасаушы  адам..

4.     Сабақ – ұстаз бен шәкірттің адами қарым – қатынасы.

5.     Сабақтың мақсаты – баланың басқаға ұқсамйтын қасиетін аша білу.

6.     Кісі екеніне күмәнмен қараған баладан кісі шықпайды.

7.     Мұғалімнің өз сабағын білу жеткіліксіз, оған қоса баланың жанын ұға білсін.

8.     Әр баланың өмір тіршілігі- өзінше бір тағдыр баланың тағдырына ойланып қара, сабаққа келмесе, сабағына қызықпаса, тентек болса, себебіне үңіл. Себебін алдымен өзіңнен ізде.

9.     Баланың ықыласын ойата біл.Қолынан келетініне сендір.

10. Мұғалім мен баланың қарым – қатынасы, қуанышты әрі пайдалы болсын.

11. Мұғалімнің сөзі мен ісі жасанды емес, шынайы болуы шарт.

12. Баланы таң қалдыруды ұмытпа: « Даналыққа ұмтылу таң қалудан басталады».

13. Шәкірттің келешегін көргіш болсаң,ықыласын ілерсің, жеңісін ізде.

14. Балаға сыйлы болам десең, баланы өзің сыйла.

15. Көптің көзінше баланың кемшілігін бетіне баспа , сеніп айтқан сырын шашпа.

16. Сабақ үстінде тыныштыққа көп ізденіспен , еңбекпен ғана жетуге болады.

17. Қиын тақырыпты түсіндіре салып, сұрауға асықпа, келесі сабақты қайта түсіндіруден баста.

18. Импровизация – сабақтың жаны.

19. Баланы сабақтың негізгі кейіпкері ете біл.

20. Әр бала – табиғаттың ғажайып құбылысы. Әр бала ханзада және ханша.Мен осы ақыл-кеңестерді есімнен шығармауға тырысамын.

Менің мамандығым — қиындығы мен қызығы тең түсетін мамандық. Бұл жұмыста жақсы нәтижеге әрбір шәкірттің жүрегіне жол тауып, оларды жеке тұлға ретінде толық зерттегенде ғана қол жеткізе аласың. Мектеп есігін алғаш ашқан бүлдіршіндерді мектеп өміріне, ережесіне үйретіп, оқудың болашақ өмірде өте қажет екенін психологиялық тұрғыдан дайындаудың өзі мұғалімнің үлкен шеберлігін қажет етеді. 

Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» заңында  «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.

 Білім алу, шеберлікке, іс-әрекет дағдыларына үйрету мен меңгеру барысы және адамды өмір мен еңбекке бейімді етіп даярлаудың негізгі құралы – оқыту. Оқыту барысының нәтижесінде білім беру мен тәрбие мақсаттары жүзеге асырылады. Түрлі оқу орындарындағы оқыту – білім берудің басты жолы, сол сияқты оқу отбасында, ондірісте, жұмыста т.б. күнделікті адамның тіршілік және қызмет барысындағы жағдайларды іске асып отырады.

Оқытудың мазмұны мен сипаты қоғамның материалдық және мәдени даму дәрежесіне сай белгіленеді. Оқудың мақсаты мен мазмұны, оны ұйымдастырудың түрлері мен әдістері адамзат қоғамының даму кезеңдеріндегі қоғамдық қатынастар негізінде, жалпы білімге, адамдардың даярлығы негізінде қойылатын талаптардың сипатына және оқыту жөніндегі педагогикалық идеяларға сай өзгеріп отырады.

Білім беру саласындағы болып жатқан өзгерістер соңғы жылдары педагогикалық білім алатын болашақ мамандарға, олардың кәсіби дайындықтарына елеулі талаптар қоюда. Әсіресе, бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауға қойылатын талаптар күрделі де сан-салалы болып отыр. Себебі бастауыш сынып мұғалімі – жас ұрпақ бойына ең алғашқы білім негіздерін сіңіретін, олардың дағдылары мен машықтарын дұрыс бағытта қалыптасуын қамтамасыз ететін, ізгілікті және отаншылдық қасиеттерге баулитын  тұлға.

Мемлекеттік білім стандартында бастауыш сынып мұғалімдеріне кәсіби жан-жақты теориялық және практикалық білім мен дағдыларды, әлеуметтік және гуманитарлық пәндер негіздері өнерпаздық қабілеттерді, оқыту мен ақпараттық технологияларды пайдалану дағдыларын, іскерлік машықтарын жан-жақты меңгерту көзделген. Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ десек,жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келесі мәселе – сапалы білім беріп, ғылымды дамыту.Осы орайдағы білім ордасы –мектеп, ал мектептің жаны – мұғалім екендігі баршаға мәлім.Ахмет          Байтұрсынұлының «Мектеп керектері »еңбегінде былай делінген:»Мұғалім қандай болса, мектеп һәмсондай болмақшы.Яғни, мұғалім білімді болса,ол мекпептен балалар көбірек білім алып шықпақшы.Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі -білімді,педагогика – методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім».

Педагогикалық әдептің негізі - оқушыға деген шын ықыласты және олардың адамдық ар-ұятына деген қөзқарасында жатыр. Педагогикалық әдеп баланы адам ретінде сыйлау деп есептеуге болады.

Мұғалім жұмысында педагогтік әдеп сақталмайынша оқушылармен тіл табысу мүмкін емес, ал оқушылардың тілін таппайынша оқу–тәрбие үрдісінде ілгерілеу жоқ

Педагогтің әдебі ілтипаттылық, сенім білдірушілік, әділдік, төзім мен сабыр сақтау деген сияқты қасиеттермен өлшенеді. Енді осы түсініктерге тоқталайық.

Ілтипаттылық.  Әдетте оқушылар өздері жақсы көретін мұғалімдер оларға дауыс көтеріп сөйлесе де көңілдеріне ауыр алып қалады. Дауыс көтеру, жазықсыз жазғыру, әділ қойылмаған баға ғана емес, мұғалімдер көзге ілмей, өтініштерін құлықсыз, жүрдім–бардым тыңдаса да, ең болмағанда қастарына жақындап көңіл аудармаса да, ренжіп қалады. Өздеріне мұғалімнің назарын аудару үшін тәртіп бұзатын бірді-екілі балалардың болатыны да бар.

Мұғалім оқушыларға жаңа материалдарды түсіндірумен қатар оларға назар аудара білуі керек. Өйткені мұғалімдер тарапынан оқушыларға ілтипат болмаса, олардың араларына жарықшақ сызаты түседі.

Сенім.  Педагогикалық әдеп мұғалімнің оқушыларға сенім арта білу қабілетін де қамтиды.  А.С. Макаренконың пайымдауынша; қателесу қаупі төніп тұрса да мұғалім оқуда болсын, тәлім-тәрбие жұмысында болсын оқушыларға өзінің батыл-батыл ойларымен ықпал жасауы қажет.

Балалар өздерінің күштері мен мүмкіндіктерін толық шамалай алмайды. Олар  ересектердің бағасына, әсіресе өздерінен де артық сенетін мұғалімнің бағасына сүйенеді. Сондықтан мұғалімдер олардың қабілеттерін бағалауда өте сақ болғандары жөн. Оқушының қабілетін, әрине асыра бағалау дұрыс емес, ал оларды құлдыратып бағалау одан да оғаш.

Әділдік.  Мұғалімнің қандай қасиеттерін бағалайсыз деген сауалға оқушылар көбіне көп: “әділдігін” деп жауап қайтарады. Егер мұғалім әділ болғанның үстіне әдебі мол, көңілді, жайдары болса, мектепте одан беделді адам болмайтыны түсінікті.

Мұғалімге “әділетсіз” деген ат оның тек әділетсіз болғандығын ғана емес, сонымен қатар оқушылармен жұмыс барысында әдеп сақталмауынан да таңылуы мүмкін. Мұғалім оқушыларға тек қана әділ қарап қоймай, соған қоса өз ісінің дұрыстығына иландыра білуі керек. Мұғалімнің әдеп сақтамауы оның айнымалы мінезінен немесе өзіне-өзінің ұдайы талап қоймауынан және оқушылардың білімін бағалай білмейтіндігінен болуы да мүмкін.

Мұғалім ар-ұяты кіршіксіз болса, оқушылар оның кез келген қатесін кешіреді. Керісінше мұғалім әділетсіздік жасап, жалған мінез көрсетсе, оқушылардың көңілдері қалып, араларының салқындауы осыдан басталады. 

Төзім мен сабыр сақтау. Мұғалімнің педагогтік әдеп әлемі үшін бұл қасиеттердің маңызы үлкен, тіпті көп жағдайда шешуші мәні бар. Бұл, әрине, өртеніп жатсын, күйіп жатсын, мұғалім еш нәрсеге ашуланбауы тиіс деген сөз емес. Ондай жағдайларда оған өзін ақылға жеңдірмей болмайды.

Ашу үстінде ешқандай шешім қабылдамау керек. Сабырлылық, өзін-өзі ұстай білушілік сияқты қасиеттер ұстаздың белсенді құрамы болуы тиіс.

Қай кезең, қай дәуірде болсын адамға білім мен тәрбие беруден асқан мұрат жоқ. Ұстаз – ұрпақ тәрбиелеп өсіруші, қоғам сенген адам. Ұстаздық  қызметтің қыры мен сыры мол. Сондықтан да болашақ ұстаздар өз ісінің әрбір қыр-сырын жетік игеру жолында жоғарыда көрсетілген кәсіптік сапаларды толық меңгерсе, бүгінгі қоғамымызды байытатын, дамытатын, жаңартатын адам тәрбиелеуге мол мүмкіндік ашылатыны күмәнсіз.

      Мен осы іс- тәжірибеден   өткізу  кезіндегі  қойылған  мақсатыма   жеттім. Осы бір ай уақыт  аралығында жас ерекшеліктері әр түрлі    балалармен қалай қарым–қатынас жасау керектігін, қалай жақсы тәрбиеші болу керектігін, тәрбие  сағатын  дұрыс  ұйымдастыруды,  ұстаздық  өнердің  қыр- сырын және тәрбиелік іс- шараларды ұйымдастырып, оны жүргізуді  үйрендім. Бұл  іс- тәжірибеден  өтуім менің  теориялық  біліміме жақсы  әсерін  тигізді және де осы таңдаған мамандығыма қызығушылығымды арттырды.Осы іс- тәжірибені қорындылай келе  мен өзіме керекті көптеген мағлұматтар ала алдым. Оқушылырмен жақсы тіл табысып көңілдерінен шықтым және өзімді болашақ мұғалім ретінде сезіне білдім. Осы педагогикалық іс- тәжірибе мен  үшін  өте қызықты да әсерлі болып өтті. 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Менің мамандығымның маңыздылығы " ұстаз"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный дизайнер

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 409 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.05.2016 2241
    • DOCX 43.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нурланова Назерке Нурланқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нурланова Назерке Нурланқызы
    Нурланова Назерке Нурланқызы
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16563
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Мини-курс

Электронный архив: нормативно-правовые требования и основы оцифровки

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Готовимся к ЕГЭ по литературе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Взаимоотношения в семье и успех детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек