Инфоурок Литература КонспектыМұхтар Мағауиннің шығармашылық шеберханасы.

Мұхтар Мағауиннің шығармашылық шеберханасы.

Скачать материал

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Семей көп салалы колледжі

 

 

 

 

«Бекітемін»

оқу ісі жөніндегі

директордың орынбасары

_______О.И.Мачахина

«     »             2018ж.

 

 

 

 

 

Ашық сабақ

 

Тақырыбы: Мұхтар Мағауин – аңыз адам.

 

 

 

 

 

 

Дайындаған: казақ әдебиетінің

оқытушысы Мукашова Г.Б.

ПЦК отырысында қаралып, бекітілді         

Хаттама №       “_____”______ 2018ж.

Өткізген тобы: «Негізгі орта білім»

мамандығының ҚТӘ-41 тобы

 

 

 

 

Описание: writingonbook

 

Семей, 2018

 

_____сабақ жоспары

Топ

Күн

ҚТӘ-41

09.04.2018

Пән: Әдебиеттануға кіріспе

Сабақтың тақырыбы: Әдеби тілдің әсерлілігі. Құбылту және оның түрлері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Құбылту және оның түрлерін талдай отыра сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп таныту, ойды өзгертіп, кейде тіпті өзін айналдырып айту жолдарын көрсету.

Дамытушылық: сөз астарын түсінуге баулу, есте сақтау қабілеттерін арттырып, ақын, жазушының шеберлігін таныта отыра шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: патриоттық сезімін ояту, адамгершілікке, адалдыққа, әділеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту

Қолданылатын әдіс-тәсілдер, технологиялар: дамыта оқыту технологиясы, сатылай кешенді талдау технологиясы, мұғалімнің түсіндіруі, сұрақ - жауап, баяндау, мәнерлеп оқу.

Пәнаралық байланыстар: қазақ әдебиеті, қазақ тілі,философия, тарих.

Сабақтың жабдықталуы: интербелсенді тақта, нақыл сөздер, түсіндірме, синонмдер, омонимдер сөздігі.

Ұсынылған әдебиеттер:

1. Қабдолов З. Сөз өнері: Монография. – 1983. – 465 бет.

2. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. – А, 2003. -208 бет.

3. Дайырова Ә.Әдебиеттану. 1997. – 254 бет.

4. Мақпыров С. Әдебиеттану. – Ана тілі, 1991. – 184 бет.

 Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі                              

3 мин

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру                          

30 мин

ІІІ.  Сергіту                                                       

3 мин

IV. Зертханалық жұмыс

25 мин

V. Сабақты бекіту                                               

7 мин

VІ.Қорытынды кезең:

1.  Сабақты қорытындылау                             

2  Бағалау                                                            

3.Үйге тапсырма беру                                        

 

5 мин

5 мин

2 мин

 

II. Жаңа сабақты түсіндіру

Әдеби тілдің әсерлілігі. Құбылту және оның түрлері.

Айтамыз біздер ақын деп,

Адамды от боп маздаған.

Ақынға керек ақыл көп,

Асаулық керек аздаған.

Ақынның асаулығы мен ақылдылығы – толқыған, буырқанған, арнасынан асып төгілетін, сөз өнері дариясының қасиеті. Сөз өнері дариясының ішінде үлкен Ажарлау, Құбылту, Айшықтау деген үш теңіз бар. Осы үш теңіздің түбіндегі  асыл, гауһар, жақұттың буына мастанбай, жасандылықтан сақтанып, әр лағыл тасты талғаммен қолдану – ақын шеберлігі. Олай болса бүгінгі сабақта біз сіздермен Құбылту теңізінің лағылдарымен танысамыз.

Суреткер қолындағы сөз суретші қолындағы бояу секілді, иінін тауып мың құбылтуға болады, құбылған сөз әсерлілік үстіне адам баласының танымын байқатпақ, бір сөз бір-ақ нәрсені танытса, оны түрлендіре құбылту арқылы тіршіліктің сан алуан сырын тануға болады.

Әдеби тілді ажарлау аз, құбылту керек. Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлілігі үшіні де орасан қажет тәсіл – құбылту, яки троп (гр. tropos – иін, иірім) – сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп таныту, ойды өзгертіп, кейде тіпті өзін айналдырып айту. Бұл ретте әдеби тілді ажарлау оны құбылтудың алғашқы кезеңі – ең қарапайым түрі деуге болады.

(Ортаға әйнек ыдысқа су құйылып, тастар ішіне салынады, әр тас құбылтудың бір түрі, студентерді бір-бірден шақырып, су түбінен тас алдыртамын)

1-лағыл тас - ауыстыру, яки метафора; 2-лағыл тас - кейіптеу;  3-лағыл тас - пернелеу, яки аллегория; 4-лағыл тас - алмастыру, яки метонимия; 5-лағыл тас - мегзеу, яки синекдоха...

Ауыстыру, яки метафора (гр. мetaphora – көшіру) – сөз мәнін өңдендіре өзгертіп айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай түсу үшін, ажарландыра түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау, сөйтіп суреттеліп отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу, мазмұнын тереңдетіп, әсерін күшейту.

Гималай – көктің кіндігі,

Гималай – жердің түндігі. (І.Жансүгіров)

 

Қыр төсінде мөлдір айдын – ақ сынап,

Жиегінде жасыл кірпік – жас құрақ.   (Ә.Сәрсенбаев)

 

Метафора жалпы алғанда, қандай да бір (ішкі немесе сыртқы) ұқсастыған қарап, бір нәрсені екінші нәрсеге балау, яғни екі нәрсенің арасына тепе-теңдік белгісін қою.

 

Сөз – жібек жіп, жыр – кесте...  (Д.Бабатайұлы)

Ауылдың атқа мінері – желікке қонған күшіген...   (Д.Бабатайұлы)

 

Метафораның 5 түрі бар:

1.                             жай түрі;

2.                             жалғау арқылы;

3.                             көмекші етістік арқылы;

4.                             «бейне бір», «тең» сөздері арқылы жасалатын түр;

5.                             күрделі метафора

Метафорада «Исатай - арыстан» (Махамбет), «атқамінерлер - тазқаралар» (Сүйінбай) деп кесіп айтылса, теңеуде «бұл – пәлендей, сол секілді, сол тәрізді» дейді.

Дулат Бабатайұлы «Даналар сөзі» (видео)

Күрделі метафора.  Дем алысы – үскірік, аязбен қар... (Абай)

                                                                      

Мен – тауда ойнаған қарт марал,

Табаным тасқа тиер деп,

Сақсынып шыққан қиядан...

...мен бір шарға ұстаған –

Қара балта едім

Шабуын таппай кетілдім,

Қайрасаң тағы жетілдім.     (Махамбет)

 

1964 ж жазында Алматының күншығысындағы тау үстінде көз жасындай мөлдіреп жататын атақты сұлу Есік көлі қас пен көздің арасында жоқ болды.

 

Күйдірген хан мен қазыңды,

Күйдірген талай патшалар

Ұрлаттым гауһар тәжімді!

Қай жақтан табам, бәтшағар?

Жоғалды алтын балдағым,

Салып ем көзін лағылдан,

Қапа боп жанды қармадым!

Қақты екен қандай қағынған?

Күл-талқан болды шар айнам

Інжуден еді жиегі,

Сұқтанған еді-ау талай жан!

Өзегім отбоп күйеді,

Айырылдым алтын алқамнан

Жақұтпен үзіп ойдырған.

«Есік» деп жазған бар таңбам, -

Көрдіңдер қайсы ой-қырдан?

Пері боп ұшты ғашығым,

Дертіне дәт қып төзбедім!

Есігім – есіл асылым,

Түскендей ағып көздерім!  (Қуандық Шаңғытбаев)

 

Түлкі қыз қызыл алтай, кер марал қыз,

Ақ қоян, бозша байтал, ақша нар қыз.

Қымыздай балға ашытқан тәтті қызға,

Жігіттер, бәріңіз де сұқтанарсыз.     (І.Жансүгіров)

 

Кейіптеу - әр түрлі табиғат құбылыстарына, жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп немесе қалайда жан бітіргендей етіп суреттейтін көркемдік тәсіл. Кейіптеу – ертегілер мен аңыз-әңгімелерде жиі қолданылады.

 

Терек Каспийге келіп:

-Аптығып асау інің келді, ақсақал!

Тау-тасқа, адамзатқа салып жанжал.

Дем алайын деп келдім, аш қойныңды,

Сәлем-сауқат әкелдім, қош көріп ал!-деп адамша саудырап сөйлеп тұрса, қартаң Каспий, қалғыған қалпы көзін де ашпады, тіл де қатпады. Амалы құрыған Терек ақырында:

-Азырқандың білемін, ақсақал шал,

Тентегіңнің сөзіне құлағың сал,

Қазақ-орыс қатыны бір сұлуды

Әкеліп ем, қайтейін, оны-дағы ал!-деп бағанадан бері қимай тұрған аяулы асылын ұсынғанда ғана:

Кәрі Каспий қара көк көзін ашты,

Жылы жүзбен терекке амандасты...-керемет кейіптеу.

 

Мысал өлеңдеріндегі құбылту, көбіне, пернелеу, яки аллегория (гр. allegoria – пернелеп айту) түрінде келеді. Мұнда әншейін ұғым қалпында тұрған дерексіз нәрселер кәдімгі көзге көрінер деректі нәрсеге ауыстырылады. С. Дөнентаевтың «Ауырған арыстан» мысалында: қулық – түлкі, зорлық – арыстан, қастық – қасқыр бейнелеріне көшіріліп, пернелеп көрсетілген.

 

Алмастыру, яки метонимия (гр. metenymia – қайтадан атау) - өзара шектес заттар мен себептес құбылыстардың, өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздердің бірінің орнына бірін қолдану. Метонимия кейде ой ықшамдығы үшін, кейде образ нұсқалығы үшін қажет. Метонимия - шағын деталь.

 

Үйі мәз боп қой сойды,

Сүйіншіге шапқанға.  (Абай)

Болдыстың отбасын түгел тізіп жатқан жоқ, бәрін үйі деген бір сөзбен арқылы ғана алмастырды.

 

Мамасы, босат, еркімен өссін тал шыбық!

Ауа мен күнге, ай менен нұрға малшынып.

Бұлқынып жатыр, ұмтылып жатыр, қарашы,

Кішкентай жүрек, көрсетіп жатыр қарсылық.   (М.Мақатаев)

 

Мегзеу, яки синекдоха (гр.synekdoche – арақатысын ашу) – метанимияның бір түрі. Синекдоха – бүтіннің орнына бөлшектінемесе керісінше, жалпының орнына жалқыны немес керісінше қолдану.

 

Дұғай сәлем жазамын Күйісбайға,

Бермеу болған айғырдың көзі қайда?

Көзді көрсең – бересің, тайсаң-танып,

Алдамшы атанғаннан несі пайда?     (Абай)

 

Яки жетпіс, яки жүз,

Яки өтті сексен жыл –

Бәрібір сол Бетпақ түз,

Бәрібір сол сексеуіл.

Мейлі көктем, мейлі күз,

Оны қайтсін Бетпақ шөл?

Бәрібір сол сұрғылт түз,

Бәрібір сол тентек жел.    (Х.Ерғалиев)

ІІІ.  Сергіту. Қамшыгер Жарқын өз шығармашылығынан эпитет пен теңеуден өрілген өлең оқиды.

IV. Зертханалық жұмыс

Сатылай кешенді талдау

Жақсы мен жаман адамның қасиеттері

1. Авторы: Сүйінбай Аронұлы

2. Тақырыбы: «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері»
3. Жанр түрі: Лирика (көңіл - күй лирикасы)
4. Идеясы: адамгершілік асыл қасиеттерді дәріптеу
5. Шумақ саны: 3
6. Тармақ саны: 42
7. Бунақ саны: 3
8. Буын саны: 11 - 12
9. Ұйқас түрі: аралас
10. Әдеби - теориялық ұғымдар
10.1. Троп - сөзді құбылту..
а) метафора - көкірегі - көр, көзі - соқыр
ә) метонимия - жамандар, жақсылар
б) антоним - жақсы - жаман, үлкен - кіші, алыс - жақын,
в) синоним - үлкен, кесек,
г) дисфемизм - өтірікші, өсекші,
10. 2. Сөзді ажарлау
а) Теңеу ел - жұртының қаласындай, әмме жұрттың анасындай, елінің ағасындай, алма, өріктің ағашындай, жанбай қалған шаласындай, сиырдың тентек болған танасындай, жылқының қотыр болған аласындай, басшы серкесіндей, қалың жүнді көрпесіндей, күймей піскен бөлкесіндей, жыл құсындай, балтаның ұңғысындай, ақылы ауысқан адамның жындысындай
11. Түсіндірме сөздік: тана - сиыр жасы

Қыс

1. Авторы - А. Құнанбаев
2. Тақырыбы -  Қыс

3. Жанр түрі - табиғат лирикасы
4. Идеясы - қыс сипатын күшейтіп суреттеп, адамдарды табиғаттың долы күшіне қарсы тұра білуге шақырады.
5. Шумақ  - 5

6. Тармақ - 22

7. Бунақ  - 3
8. Буын саны - 11
9. Ұйқас түрі - қара өлең (а-а-б-а) және кезекті ұйқаспен жазылған (а-б-в-б)
10. Әдеби теориялық ұғымдар:
Эпитеттер - ақ киімді, денелі ақ сақалды, ақ қырау, кәрі құда, ақ орда, жас балалар, қайран жылқы, кәрі шал.
Кейіптеу - Ақ киімді денелі ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Демалысы - үскірік аяз бен қар
Кәрі құдаң қыс келіп әлек салды.
Теңеу - ұшпадай, бұлттай.
11. Сөздікпен жұмыс.
Ұшпа-бұлт (жеке, шоқ бұлт),
бурадай—түйенің долданып, ашулануы

 

Далада

Авторы: С.Сейфуллин 

2.Тақырыбы: «Далада»

3. Жанр түрі: Лирика (арнау- жарлай арнау)

4. Идеясы: «...Шығыңдар далаға, жолға-                                             

                     Бұрынғы ерлер салған жолға!

5.Шумақ саны:1

6. Тармақ саны: 42

7. Бунақ саны: 2

8. Буын саны: 7-8

9.Ұйқас түрі: аралас

10. Әдеби- теориялық ұғымдар

10.1 Троп- сөзді құбылту

а) теңеу- танаулары шелектей, демі көріктей, оттай көріктей,

ә) эпитет- қиырсыз дала, кең дала, күшті дауыс, қамыс- құрақты көк өзен, аққулы- қазды шалқар көл, 

б)  синоним- әділдік, теңдік, еркіндік; жүйткіп, зымырап; тулады, орғыды

в) кейіптеу- күңіренді дала

11. Түсіндірме сөздік: жүген- құрық- ноқта-

12. Өлеңнің түйіні: «..Еркіндік, теңдік іздеген,

                     Көкіректері жанып бақыт іздеген, жастар

                     Сендерге арналды бұл әндер! ...»

 

Мен кім?

Авторы: Мағжан Жұмабаев

2.Тақырыбы: «Мен кім?»

3. Жанр түрі: Лирика (арнау)

4. Идеясы: «Көкте -күнмін, көпке нұрым шашамын...»

5.Шумақ саны: 3

6. Тармақ саны: 9

7. Бунақ саны: 3

8. Буын саны: 11

9.Ұйқас түрі: қара өлең

10. Әдеби- теориялық ұғымдар

10.1 Троп- сөзді құбылту

а) синоним- шеті, түбі

ә) антоним-көкте- жерде 

б)   метафора- көкте- күнмін,арыстанмын, жолбарыспын, жерде- желмін, тұлпармын, теңізбін, жалынмын.

в) табу- көк

 

Анау - аспан, мынау - бақ

1.Авторы: М.Мақатаев 

2.Тақырыбы: Қыс  көрінісі, қоғамдық  шындық  көрінісі

3. Жанр түрі: Лирика (табиғат  лирикасы)

4. Идеясы: Қыс  мезгілінің  тазалығын  дәріптеу

5.Шумақ саны: 4

6. Тармақ саны: 16

7. Бунақ саны: 3

8. Буын саны: 7-8

9.Ұйқас түрі: шалыс  ұйқас

10. Әдеби- теориялық ұғымдар

10.1 Троп- сөзді құбылту

а) метафора – қыс -  тазалық , қыс -  аппақ

Эпитет – ақ  дәке , қу  бұтақ, кәрі  емен

Кейптеулер :

Дәрігер  қыс  алуда

Бақты  кезіп  тал – қайың

Жалаң  аяқ  жылап  тұр

Түксиеді  кәрі  емен.

11. Түсіндірме сөздік: бақ  жадау – жайқалған  жасыл жоқ

12. Өлеңнің түйіні: «Қыс – тазалық, қыс – аппақ

                            Әрі өкініш , әрі  өлең».

 

V. Сабақты бекіту  

VІ.Қорытынды кезең:

Студенттерге жіп, ине, кесте, асыл тас, моншақ көрсетіп, бүгінгі тақырыпқа сай баламасын (метафора) жасату. Мыс:

 Сөз – жібек жіп, жыр – кесте

Ине – ақын ізі бар.

Сөз – асыл тас, жыр – моншақ,

Зергер - ақын құбылтар.

 

2  Бағалау. Студенттерді өлеңді сатылай кешенді талдауы бойынша бағалау

                                                       

3.Үйге тапсырма беру. Иса Байзақов «Жазғы кеш», Қасым Аманжолав «Дауыл», Мұқағали Мақатаев «Мен таулықпын» өлеңдерін сатылай кешенді талдау.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мұхтар Мағауиннің шығармашылық шеберханасы."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по корпоративной культуре

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 641 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.11.2019 1982
    • DOCX 187 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мукашова Гаухар Бекежановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мукашова Гаухар Бекежановна
    Мукашова Гаухар Бекежановна
    • На сайте: 4 года и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5184
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Легоконструирование и робототехника как средство разностороннего развития ребенка дошкольного возраста в условиях реализации ФГОС ДО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 218 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 871 человек

Курс повышения квалификации

Методические основы онлайн-обучения одаренных и «трудных» детей

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 37 человек

Курс повышения квалификации

Выполнение плотнических работ

144 ч.

2160 руб. 1290 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные стратегии успешного взаимодействия: от понимания до саморазвития

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

ФАОП: регулирование образовательного процесса и программ

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Занимательное обучение русскому языку: основы орфоэпии и тайны русской орфографии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 35 человек