Инфоурок Другое СтатьиМонтессори технологиясын қолданудың әдіс-тәсілдері

Монтессори технологиясын қолданудың әдіс-тәсілдері

Скачать материал

Монтессори технологиясын қолданудың әдіс-тәсілдері

 

Мария Мантессори -1870 жылы 31тамыз айында дүниеге келген.

Итальяндық педагок,әрі ғалым. Ол балаларды еркін тәрбилеу идеясын жасап, өмірге енгізді. 1896ж Рим Университетінің медициналық факультетін бітіргеннен кейін М.Монтессори Италиядағы әйелдерден шыққан бірінші медицина докторы болып табылады.

Университеттің емханасында ақыл-ойы артта қалған балаларға бақылау жасап көрді.

1900ж Марияның өзі дамуында ауытқушылықтар бар балаларға арналған Еуропадағы бірінші оқу орнына басшылық етті. Оның кішкентай емделушілері нашар сөйлегендіктен, ол саусақтардың ұсақ моторикаларын жаттықтыру арқылы сөйлеуді дамытатын арнайы жаттығулар және балалардың өзіндік сенсорлық тәжірибе негізінде қоршаған ортаны зерттей алатын арнайы құралдар және ойындар әзірледі. Сөйтіп, Монтессори өзінің бірегей дидактикалық құралдарын әзірлей бастады.

Бірқатар уақыт өткеннен кейін оның тәрбиеленушілері оқу,жазу және есептеуді кәдімгі мектептегі өздерінің құрдастарынан бұрын үйренді.

1909ж бастап М.Монтессори жүйесі өмірге белсенді түрде енгізіле бастады.Түрлі елдердің педагогтары үшін курстар ашылды.1910ж әлемнің көптеген тілдеріне аударылған «Монтессори әдісі» атты кітап жарық көрді.

1929ж Мария Монтессори қазіргі кезде де жұмыс істеп жатқан халықаралық Монтессори Ассоциациясының (АМІ) негізін салды.Италиядағы фащистік тәртіп кезеңінде Марияның елден кетуіне тура келді. Ол Еуропаға 76 жасында қайтып келді. Көптеген еңбектерін шығарды,оқу курстарын жүргізді, психологиялық еңбектер жазды. 1950ж оған Амстердам университетінің профессоры атағы, докторлық құрметті дәрежесі берілді.

Бұл әдіс бойынша 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар зейінін, шығармашылық және логикалық ойлау қабілетін, есте сақтауды, сөйлеуді, елестетуді, қимылды дамытады. Монтессори әдісінің негізгі қағидасы- «оқы, оқы» деп күштеп емес, ойын арқылы оқыту және баламен дербес тіл табысуға негізделген жаттығуларды таңдап алу.Мұнда бала дидактикалық материалдар мен сабақ уақытының ұзақтығын өзі таңдайтын болғандықтан оқытуда ерекшеліктер бар. Сондай-ақ,олар өз қателіктерін өздері көріп,соны өздері түзеп отырады.Монтессори бөлмесінде «Барлығымен еркін айналыс, бірақ басқаларға кедергі жасама» деген ереже үнемі сақталады.

 

Монтессори әдісінің мақсаты:

балаларды еркін тәрбиелеп, өмірге бейімдеу;

өмірде өз мақсаты бар екенін қалыптастыру;

балалардың өзінің үйреніп, өзін дамытуына жаңа мүмкіндіктер беру.

 

Монтессори ұстазының міндеті:

балаға өз жұмысын басқаруға көмектесу;

негізгі түстерді айыра білуге үйрету;

ұсақ моториканы дамыту;

алғашқы математикалық, ғарыштық түсініктерді қалыптастыру;

зейінін тұрақтандыру;

тәртіпке үйрету;

 

Монтессори бөлмесі 5 аймаққа бөлінген:

 

1.Сенсорлық аймақ.

2.Математикалық аймақ.

3.Күнделікті өмір жаттығулары аймағы.

4.Тілдік аймақ.

5.Ғарыштықаймақ.

 

«М.Монтессори технологиясын қолданудың әдіс - тәсілдері»

      ХХІ ғасыр табалдырығын біліммен ғылымды инновациялық Технологиялық бағытты дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Жас ұрпаққа мән - мағыналы, өнегелі тәрбиемен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы екені бәрімізге белгілі. Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой – өрісінің кеңеюі Балабақша қабырғасында басталатыны сөзсіз. Қай кезеңде болмасын балабақшада Монтессори әдісі еш уақытта орнын жоғалтқан емес. Бала табиғатында білуге құмар,тумысынан-ақ өсуге,жетілуге ұмтылысы басым. Сондықтанда қарқынмен дамып бара жатқан мына замандаБалабақшадағы педагогтардың ұлттық қалып, ұлттық мінезді сақтай отырып, бала тәрбиесінің Әдістерін тынбай ізденіп, жиі жаңартып отыруы заңдылық.

М.Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге,Өздігінен шешім қабылдауына, топтада, жекеде жұмыс жасай алуына, таңдау жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады. Бұл әдістің мақсаты – балалардың табиғи мінезін, қабілетін, тәрбиешінің нұсқауымен емес, өз еркімен тәуелсіздік рухында тәрбиелеу.

«Өзімнің жасауыма мүмкіндік бер»дейді мұндағы бала. Балаларға дауыстап сөйлеу бұл әдісте мүлдем жоқ. Ұйымдастырушысы балаларға әр сала жайлы қызықтыра мағлұмат береді. Балалардың жас ерекшеліктері әртүрлі, 3 пен 6 жас бірге өз қалауларымен жұмыс жасайды. Бұл жастың қабілетін ашуға, үлкеннің кішіге мейірім, қамқорлығын сезінуге мүмкіндік берері сөзсіз. Қай салада жұмыс жасау бала қалауында:зертханада, жаратылыстану,аспан әлемі, асхана, қолөнер, бейнелеу, сумен, т.б. Еркін жұмыс жасау барысында жетістігін өзі көріп, қатесінде өзі жөндеуі ішкі дүниесін тәртіпке баулып, жеке адамгершілік қасиеттерін дамытады деп ойлаймын. Пайдаланған заттардың ең басында қалай тұрғанын бақылаған бала жұмыс аяғында тап солай жинастырып, тазартып қояды.

Мектепке дейінгі оқу тәрбие жүйесін жетілдіру мақсатында шынайы өмірде тиімді ету қабілеттерін дамыту үшін–монтессори әдісін қолдану тиімді. Монтессори материалы арқылы бала затты түсінеді және оны

қолдануға тырысады. Монтессори материалы қандайда бір іс-әрекетке

итермелейді. Монтессори  материалы төрттүрлі жолмен іске асады:

 

Сөздік қорын дамыту материалдары қарым-қатынас жасау үшін адамның сөздік қоры ең басты роль атқарады. Бала туғаннан өсе келе қоршаған ортадағы адамдар мен қарым-қатынас жасау үшін сөйлеуге тура келеді. Балабақшаға келген балаларда сенсорлық период болғандықтан, түрлі ойындар, әңгімелесу мен сұрақтар қою арқылы ойлау қабілетімен сөйлеу қабілеті күрт дамиды. Түрлі әңгімелер айтып тыңдауға көмекшілер ата-аналар болып келеді. Жалпы 2 жастағы бала негізінен 200-ден астам сөздерді меңгереді, ал 5 жастағы бала 3000-нан астам сөздерді игереді. Бала түрлі сұрақтар қою арқылы өзіндік сөздік қорындағы жетпей жатқан қажеттілігін қанағаттандырады.Сөйлеу қабілетін дамыту үшін ойындар мен түрлі жаттығулар қолданады. Мысалы:затты атау, ойын-сипаттама, әңгімені жалғастыр т.б

Ойынның аты: «Қозғалмалы алфавит»

Керекті құралдар:екі жәшікте толық алфавит бойынша штамтық әріптердің бірнеше түрлері салынады.Сылдыр қағаздың көлеміндей әріптер болуы керек. Дауысты дыбыстар қызыл түспен,ал дауыссыз дыбыстар көгілдір түспен белгіленеді.Екі жәшікте бір жолда жазылған әріптер салынады.

Мақсаты: әріппен дыбыс туралы түсініктерін қалыптастыру.

Материалмен жұмыс жасау жолдары: Тәрбиеші себетке бірнеше заттарды салады. Мұнда атауларымен жазулары сәйкес болады. Бала затты алып атын атайды, ал тәрбиеші оған сәйкес бірінші әріпін таңдап береді. Бала сосын қалған әріптерді құрып, сөзді тізіп береді.

1.Дыбыс пен шуды ажыратады

2.Сөздік қоры байиды

3.Сұраққа толық жауап береді.

4.Сурет бойынша әңгіме құрастырады.

Күтілетін нәтиже:

1.Заттардың көлемін, түсін, өлшемін, дыбысын ажырата алады.

2.Алдарына қойған мәселені шешуге үйренеді.

3.Өз бетінше жұмыс жасауға машықтанады.

Бұл әдістің тиімділігі балалар өзін-өзі тәрбиелеуге және ұқыпты болуға

үйренеді. Монтессори бақылаушы ретінде баланың ішкі дүниесімен

таныса отырып, қажеттіліктерін қанағаттандыру жолында көп еңбек

сіңіреді.Айналадағы  заттық орта туралы түсініктерін қалыптастыруда

монтессори әдісін жүйелі түрде қолданамын. Педагогикада мектепке дейінгі әсіресе сәбилік жаста ерекше назар аударатын түрі- заттық орта. Заттық орта әртүрлі: ақыл-ой, эстетикалық, елжандық,дене,адамгершілік т.б тәрбие түрлерімен қоса жеке тұлғаның дамуына негіз болады. Соған байланысты заттық ортаны мектепке дейінгі педагогикалық құрамның бір бөлігі деп айтуға болады. Заттық ортаны алдымен қоршаған ортадағы болмысты қабылдаумен түйсікке негізделеді. Айналадағы қоршаған ортаны, заттар мен құбылыстарды көру,есту қабылдау арқылы өзіндік үрдістер:ес, қиял,ойлау пайда болады. Бір нәрсені еске түсіру үшін алдымен оны көруіне

есту керек. Адамның ақыл-ойының дамуына қабылдау мәнді рөл атқарады

әртүрлі іс-әрекетте әрқилы тәжірибелік істердің реттеушісі болады. Көркемдік шығармада заттық ортаның рөлі зор. Мысалы: музыкалық 

шығармаларды музыкалық есту қабілетінсіз, бейнелеуді нәзік түстерді

қабылдаусыз,поэзияны жетілген тіл сенімінсіз түсіну мүмкін емес.

Психологиялық дамуда заттық үрдісінің рөлін бағалай отырып, белгілі

Бір біліммен дағдыны меңгеруде баланың жеке қабілетін ескеру өте маңызды. Ақыл-ой және дене еңбегінің барлық түрлерінде, баланы болашаққа қоғамдық іс-әрекетке даярлауда, оның сезімдік қабілетін дамыту қажет, яғни түстерді, пішіндерді, дыбыстарды дәл және дұрыс айыра білуге үйрету, қоршаған ортадағы құбылыстардың өзіндік қасиеттерін дұрыс қабылдау қажет. Сәбилік шақта айналадағы қоршаған ортаның үдемелі дамуы өте маңызды мәнге ие болады. Дәл осышақта баланың психологиялық дамуының негізі қаланады.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Монтессори технологиясын қолданудың әдіс-тәсілдері"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Эксперт по взаимоотношениям

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 189 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.11.2016 1563
    • DOCX 20 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сапарбекова Гулсим Абдихановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5107
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой