ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (7 мин)
|
«Зымыран сұрақтар»
«
Қартқожа әлемі» тақырыбында төрт топтан тақырыпты меңгергендігін білу
мақсатта жетекші сұрақтар:
1.Жүсіпбек
Аймауытов кім?
2.Жүсіпбек
Аймауытов қайда,қай жылы туылған?
3.Жазушының
романдарын атаңыздар.
4.«Қартқожа»
романы қай жылы кітап болып басылып шығады?
5.Романда
негізгі кейіпкер кім?
6.Роман
қалай басталады?
7.Қарқожаның
әкесі кім,қандай адам еді?
8.Қартқожа
кімге еліктеді?
9.Қартқожаның
«қалаға оқимын»деп өзіне серт беруіне кім себепкер болды?
10.Қартқожаға
қарап бұрынғы қазақ жастары қандай болды деп ойлайсындар?
11.Қартқожа
қандай мінез ,іс-әрекеттерімен көрінеді?
12.Ауылға
қандай суық хабар келеді?
13.Жазушының
Қартқожаны романға негізгі кейіпкер етіп алуының сыры неде?
|
Әр
топтан жеке жауап береді.Жеке жұмыс орындалады..
|
ІІІ. Мағынаны тану.
Тапсырма
(
І, ІІ, ІІІ, ІV топ: Жүсіпбек Аймауытовтың
шығармашылығын постерге түсіру.
(10 минут)
|
«Кубизм»
әдісі .
1.Шығарманы мазмұнына талдау.
Шығарма тақырыбы:
Әлеуметтік теңсіздік, білімге ұмтылу.
Шығарма идеясы:
Революция тұсындағы қазақ қоғамының шындығын бас кейіпкердің өмір жолы арқылы
жан –жакты бейнелеген.
2.Шығарманың композициялық
құрылысына талдау.
Шығарманың құрылысы:
1)
Басталуы: Қартқожаны
, оның отбасын суреттеуі, жоқшылық, зорлық, оқу оқуға талпыныс.
2)
Дамуы: Жоқшылықтың
зардабы, әкесінің өлуі, суық хабар,елдің урейі, дүрбелең.
3)
Шиеленісуі : Жасаққа
косылу,1916 жылғы солдатқа алыну, әскер өмірі.
4)
Оқиғаның байланысы:
Қараңғылықтан жарыққа ұмтылу,елге оралу, әділдік жолындағы күреске дайын
азамат бейнесі,әмеңгерлік, оқу оқу.
5)
Шарықтау шегі: Ақпан
көтерілісі, елдегі күрес ,ұстаз болу.
6)
Шешімі: Орысша білім
алуға ұмтылу, мақсатқа жету, елдегі тыныштық, оқыган азаматтың елге еңбек
етуі.
3.
а) Шығармадағы негізгі кейіпкерлер (топтастыру)
Шығармадағы негізгі кейіпкерлер: Қартқожа, Жұман,
Қартқожаның әжесі, Дәрмен,Андрей, Қасен, Полидуб.
Шығармадағы қосалкы кейіпкерлер (топтастыру)
Тұңғышбай, жеңгесі, Кенжеқара,Шідербай,шәкірт,болыс,Имақан,Бәтіш,Гүлсім,
карындас, өшетіл,Бабатай
4.
Бас кейіпкер бейнесін мәтіннен табу.
”Сол кезде қожадан талай бала оқиды. Сол
балалардың ішінде босаға жақта –астында бір жапырақ тай тері, мұрнын қос-
қостан тартып, қожасының ақ сабауына қарай түсіп, шиге шанышқан бір жапырақ
қағазына үңіліп, құнысып. Бір бала отыратын еді. Жасы 10- 11 шамасы болар ма
екен, қалай... Екі жеңі сауыс,бетінің бір жағы сатпақ ,көзінің былшығы да
жөнді тазармайды.Сол баланың қақ соқпен ісі жоқ, момақан,аңқау, козі
бажырайып аузын ашып ,мұрны қоңқиып отырганы Жасында болпиған, сүйкімді бір
бала болады ғой,тап сол бала осы еді.Құдай оңдап ,аты да түріне сай бола кетер
ме? Қартқожа...”
|
Оқушылар
кубик тастау арқылы берілген тапсырманы бөліп алып,топ болып орындайды.
Кубикте
сұрақтар жасырылған.Сұрақтар бойынша постер қорғайды.
|
ІV. Ой-толғау
Топтар шығармашылық жұмыстар орындау
(10 минут)
(6
минут)
|
«Кубизм» әдісі
2.Тапсырма.
1.
Шығармадағы монологті тапқызу.
“ Қартқожа қазағын, елін сүйеді.
Байын, жауызын емес, бұқарасын, кедейін, жалшысын, жерін, суын сүйеді. Қазақ
пен орыс төбелесіп жатса ,орыстікі зорлық деп ұққысы келеді. Бірақ орыстан
көрген жақсылығын ұмытпайды,орысты да бауыр тұтқысы келеді. Андрей, Полидубтерге
қазақтың неше Жайдарқандарын құрбан қылғысы келеді. Қазақ та орыс та
Андрейдің ,менің көргенімді көрсе,көзі ашылса,менің жүрегімдей бауырмал
жүректері болса, зорлық, қиянат, теңсіздік жоғалар еді –ау деп, бір мезет
ойлайды. ”
-Монолог қандай жағдайда айтылған?
2.Шығармада суреттелетін салт
–дәстүр.
Підиеге отыру (өлген адамның күнәсін
мойнына көтеру), әмеңгерлік салты,тұрмыс- салт суреттері, күрес,ән салу.
3.
Қартқожаның мінез-құлқы: (топтастыру) момын, аңқау, зұлымдық,әлімжеттік көрсету,үрей,
надандық, көзін ашуға жарыққа ұмтылу, елге еңбек етуге талпыну.
4.
“Үй іші”
бөлімі бойынша шығармадағы көркемдегіш тәсілдер:
а) Эпитет-аз, нашар атаның тұқымы, момын
адам, қоңыр адам,біртоға жан.
ә)Метафора
(ауыстыру)
– төрт- бес қарасын, алданышы, азбеніші- ораза ашары;қуаты, қуанышы- үш
–төрт қарғасы;
б)Тұрақты
сөз тіркесі- құтты жеріне кондырды; тұңғышының аяғын шырмады;
5.
а)
Синекдоха (арақатынасын ашу)- әр ауылдың,әр үйдің бір қазан бұзары, бір биі.
ә)
Ирония (кекесін) –осы байғұстың.
б)
Егіздеу( параллелизм)- іздеу барға қанағат, жоққа сабыр ететін бір бейуаз.
6
а)
Синоним сөздер- жабықса,тарықса; жыртық-тесігін; аман-есенінде; момын, біртоға;
қарағым,шырағым; ұрыс-жанжал;
Антоним сөздер-
жазы-қысы:
ә)
Көнерген сөздер: болыс, ауылнай, молда.
б)
Басқа тілден енген сөздер: қожа,тақуа молда, таямим,крестьянский нашалнік,
періуатшік,стражнік, тілмәш, үшкөл, отарба, медресе, шәкірт,пароход,
автомобиль,аэроплан, окоп, пулемет, самолет, мотор, революция,мұжық т.б.
«Эссе»
немесе «Еркін жазу» әдісі
1.
«Менің мақсатым»
2.
«Мен не үшін,кім үшін
оқып жүрмін»
3.
«Ақылды Қартқожаға»,
4. «Жүсіпбек атаға»
|
Оқушылар
кубик лақтыру арқылы берілген тапсырманы бөліп алып,топ болып орындайды.
Оқушылар өз ойларын,пікірлерін жазып,оқиды.
Оқушылар сауатты хат жазуды үйренеді.
|
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.