Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / "М.Жұмабаев. Өмірі мен шығармашылығы" ашық сабақ жоспары
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

"М.Жұмабаев. Өмірі мен шығармашылығы" ашық сабақ жоспары

библиотека
материалов

«Бейнеу ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Оразалы Перузаның 9 «Ә » сыныбына арналған қазақ әдебиеті пәнінен қысқа мерзімдік жоспары

6-апта

6.04.2015ж.

1 -сабақ

Сабақтың аты

М.Жұмабаев. Өмірі мен шығармашылығы

Ресурстар

АКТ. Интерактив тақта. Орта мерзімді жоспар. Стикер,маркер, А3 қағазы

Сабақтың мақсаты

Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат алу

Сабақтың міндеті

-Сыни ойлау арқылы ой қорытуға үйрету. -Ойлау қабілетін дамыту.
-Дүниетанымын қалыптастыру және білгенін қолдануға дағдыландыру.

Күтілетін нәтижесі

Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат алады.

Сыни ойлау арқылы ой қорытуға үйренеді.

Негізгі идея

Топпен жұмыс және өз бетінше білім алуға, бағалауға үйрету

Топқа бөлу

Топқа бөлуді « суреттер құрастыру» арқылы бөлінеді

Тапсырма көздері

1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс.


1-модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. ДЖИГСО

2-тапсырма. Танымдық сұрақтар.


1-модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Диалогтық оқыту.






Сергіту сәті «Қызыл өрік.wmv» физминуткасы .4-модуль.АКТ.

4-тапсырма.Постер қорғау.1-топ «М.Жұмабаевтың өмір жолы» 2-топ«Мағжан – лирик ақын»3-топ « Мағжан – ұлы ақын»

5-модуль.Талантты және дарынды балаларды оқыту.2-модуль.Сын тұрғысынан ойлау.
1-модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.Қалай оқу керектігін үйрену.

Кейінгі тапсырмалар

Ақын өлеңдерін жаттап келу

Бағалау

Формативті бағалау, топты бағалау

Рефлекция

-Бүгінгі сабақтан не түсіндік? -Сабақ сіздерге ұнады ма?

-Сабақта не ұғындыңдар?



Сабақ этаптары

Сабақ жүрісі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдас

тыру

Психологиялық тренинг



Сыныппен байланыс орнату











Өткен сабақты еске түсіру арқылы ойлау қабілетін дамыту



Топқа бөлу




Сыныптың білім деңгейін анықтау





«Сын есімді қос»



- Өлең шумақтарын мәнерлеп оқығанда неліктен адамның көңіл-күйіне әсер етеді деп ойлайсыңдар?








Сәйкестендіру тест арқылы өткен сабақты қайталау.





Сурет арқылы топқа бөлемін.


-Поэзияның ерекшелігі неде деп ойлайсыңдар? –Өлең оқығанды ұнатасыңдар ма?



Оқушылар өз есімдеріне сын есім қосып айтады. «Қанағатшыл Қарагөз», «Мейірімді Мөлдір» т.б.



Оқушылар ойланып қалады, жауап іздейді.

Болжамды жауаптар:

- Өлеңнен ақынның ішкі сезімін,көңіл-күйін танимыз,ол тыңдаған адамға ерекше көңіл-күй сыйлайды.



Сәйкестендіру тест орындайды.





Суреттер құрасту арқылы топқа бөлінеді.



Оқушылар ойланып қалады, жауап іздейді.

Болжамды жауаптар:

-Поэзия адамның көңілін толқытады,ойландырады.Өлең оқыған ұнайды.














Тұсаукесер

Оқушылардың қызығушылығын ояту



Логикалық ойлауға жетелеу



Сабақ тақырыбын ашу







Сабақтың мақсаты мен табыс критерийі




Ақынның «Сағындым» өлеңінен үзінді оқу.




-Бұл өлең жолдарының авторы кім деп ойлайсыңдар?



Бүгінгі тақырып кім жайында деп ойлайсыңдар? –Мағжан Жұмабаев кім? –Ақынның қандай шығармаларымен таныссыңдар?


-Сабақтың мақсатын оқушылармен бірге құрады.

Оқушылар өлеңді тыңдайды.





Оқушылар ойланып қалады, жауап іздейді.

Болжамды жауаптар:

М.Жұмабаев

Оқушылар ойланып,жауап береді: Мағжан Жұмабаев. Ақын. «Сағындым» өлеңінің авторы



Оқушылар өздеріне қойылып отырған мақсаттар мен міндеттерді түсінеді.




Негізгі бөлім

Түсіну үшін тапсырма

























Сергіту сәті
















Назар аударту

( түсініктеме беру)







Қорытынды шығару
Қиындықты, түсінбеушілікті анықтап оқушыларға көмектесу

Танымдық сұрақтар:1.Неліктен жарты ғасырдан аса уақыт Мағжан Жұмабаев есімі

аталмай келді?

2.Мағжан Шығыс әдебиетімен қай кезде танысты, Шығыс

әдебиетінен кімнің шығармаларын оқыды?

3.Мағжан кімнің өлеңдерін оқып,ақын болуды армандады?

4.Неліктен Мағжан өмірін оның поэзиясымен тоғыстырамыз?

5.Мағжанның сыршыл,лирик ақын аталуының себебі неде?

6.Неліктен Мағжанды ұлы ақын дейміз?

Сергітуге «қызыл өрік.wmv» физминуткасын пайдалану



Оқушылар топ болып постерде қорғау үшін тапсырма:
1-топ«М.Жұмабаевтың өмір жолы»
2-топ «Мағжан – лирик ақын»
3-топ« Мағжан – ұлы ақын»


Оқушылар жұмысты орындап жатырған кезде оларды бақылап, сұрақ қою арқылы назарын дұрыс жолға бағыттаймын.
-Неге олай ойлайсыз?
-Неліктен?


Топтарды өз жұмыстарын қорғауға шақырамын.

Олардың жұмысты қалай түсінгенін, қорғауын тыңдаймын және зерттеп жатқан оқушыларымның іс-әрекетін бақылаймын.

Оқушылар түсініктеме алады,талқылайды,пікірлеседі.






























Оқушылар сергіту сәтін жасайды



Оқушылар топта постермен жұмыс жасайды







Оқушылар мұғалім тарапынан тапсырмасына бағыт,көмек алады.






Топтар өз жұмыстарын

постерде қорғайды

Қорытынды

Сабақтың басты сәттеріне тоқталу





Кері байланыс

Бағалау



Кейінгі тапсырмалар

- Оқушылар, бүгінгі сабақта кімнің шығармашылығымен таныстық?


-Бүгінгі сабақта не үйрендік? -Нелерді білгіңіз келеді?Топтарды бағалау Бағдаршам арқылы


М.Жұмабаевтың өлеңдерін жаттау

Оқушылар не білгендерін айтады .Оқушылардың болжамды жауаптары;
-М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мол мағлұмат алдық.

Оқушылар өзін-өзі, топты бағалайды.



Үйге тапсырма алады.







Бірінші сабақты талдау

Мектепте өтетін практика кезеңінде 9-сыныпты таңдадым.Осы сыныпта өткізіліп жатқан тарау тізбектелген сабақтар жоспарын жасауға және оларды байланыстыруға ыңғайлы еді.Бірінші сабағымда алынған «Мағжан Жұмабаев.Өмірі мен шығармашылығы» тақырыбы қазіргі таңда жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеуде маңызы зор екені сөзсіз. Тағы бір себебі, 9- сынып биыл ОЖСБ тапсыратын сынып болумен қатар,таңдау пәні ретінде қазақ әдебиеті пәнін көпшілік оқушы таңдап отыр.Жоспар құруда «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулін басшылыққа алдым.Сабақтың мақсат – жыр пырағы –Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралымағлұмат алу.Сабақтың міндеттері:ақын шығармашылығы арқылы оқушылардың әдебиетке деген құштарлығын қалыптастыру,өз ойын еркін жеткізуге дағдыландыру,елін,жерін сүюге тәрбиелеу.Сабағымды оқушыларды түгендеуден бастадым. Бұдан соң психологиялық тренинг өткіздім.Оқушыларға «Сын есім қос» ойыны бойынша есімдеріне сын есім қосып,өздеріне сипаттама беруін тапсырдым.Оқушылардың кейбірі есіміне қиналмастан сын есім қосып айтты,ал кейбірі қобалжып,ортаға шығудан қысылды ма,ойланып тұрып қалған оқушылар да кездесті. «Қанағатшыл Қарагөз», «Мейірімді Мөлдір», «Батыл Бекарыс» дегендей жауаптарды атап өтуге болады.Сабағымда үй жұмысын сәйкестендіру тестімен тексердім.Оқушылар тесттің жауабын интербелсенді тақтадан қарап,бір-бірінің жұмысын тексерді.Әр оқушы өзіне деген жауаркершілікті сезініп,жұмысты тексеріп шықты. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында М.Жұмабаевтың «Сағындым» өлеңінен үзінді оқыдым.Оқушыларға –Бұл өлең жолдарының авторы кім деп ойлайсыңдар? Ол туралы не білесіңдер? Оның қандай шығармалары бар? -деген ойқозғау сұрақтарын қойдым.Оқушылар ойланып барып:-Бұл Мағжан Жұмабаевтың «Сағындым» өлеңі.-Ол ақын,бес арыстың бірі ,-деп жауап берді.-Ендеше ,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай ? дегенімде,оқушылар: Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы ,-деп жауап берді.Сыныпта өзімен-өзі отыратын оқушылардың өзі ойланып,сұрақтарға жауап беріп қатысқаны қуантарлық жағдай болды.Оқушыларды топқа суреттер құрастыру арқылы бөлдім.Оқушылар үш топқа бөлінді.Әр топқа құрастыратын суретті тастадым.Сол бойынша оқушылар үш топқа жинақталды.Алайда алғашқы сабақ болғандықтан,оқушылар суреттерді салыстырып,ортада біраз әуре-сарсаңға түсіп,жүріп қалды.Оқушылар арасында шамалы абыр-сабыр шу да болды.Менде де қалай болар екен деген қобалжу да болды.Өйткені кейбір оқушылар бір топқа отырғысы келмейтіндігін сөзімен де,ісімен де байқатты.Одан соң жаңа тақырыпты бастап та кеттім.Оқушылар топқа бөлініп отырған соң, оларға оқулықпен жұмыс ретінде әр беттегі жаңа тақырыпты бөліп тапсырдым.Оқушылар оқулықтан жаңа тақырыппен танысып,өзара талқылады. Менің байқағаным:әр топтан белсенді оқушылар мұғалім берген тапсырмаға бірден кірісіп кетті,ал үнемі сабақта қозғалыссыз отыратын оқушылар тапсырмаға өздігінен араласып кете алмай отырды.Бірақ топ басшысы оларды өз тобының жұмысына тартып,өзара қарым-қатынасқа түсіп жатты. Сабағымның келесі бөлімінде «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.Диалог» модулі бойынша оқушыларға интербелсенді тақтадан жаңа тақырыпты талқылау мақсатында танымдық сұрақтар бердім.

Танымдық сұрақтар: 1.Неліктен жарты ғасырдан аса уақыт Мағжан Жұмабаев есімі аталмай келді?

2.Мағжан Шығыс әдебиетімен қай кезде танысты, Шығыс

әдебиетінен кімнің шығармаларын оқыды?

3.Мағжан кімнің өлеңдерін оқып,ақын болуды армандады?

4.Неліктен Мағжан өмірін оның поэзиясымен тоғыстырамыз?

5.Мағжанның сыршыл,лирик ақын аталуының себебі неде?

6.Неліктен Мағжанды ұлы ақын дейміз?

Камерамен видеоға түсіріп жатқандықтан ба,оқушылар бірден сұраққа жауап беруге ортадан суырылып шыға қоймады.Бұл сәтте сыныпта сәл қобалжу болғаны байқалып тұрды. Оқушылар сұрақтарға сыни тұрғыдан ойланып,жауап берді.Алайда байқағаным, топтағы белсенді оқушылар бұл тапсырмада да алға шығып,кейбір оқушылар көлеңкеде қалып қойды.Атап өтер болсам,сыныптағы үздік оқушы М.М. және екпінді оқушы З.М., І.Г, Қ.А. сынды оқушылар.Сыныпта сонымен бірге оқушыларды сергіту мақсатында «Қызыл өрік» физминуткасын ұйымдастырдым.Оқушылар сергіту сәтінде ұйымшылдықпен қозғалыс жасап,біршама сергіп қалды. Үшінші тапсырмада әр топқа тақырып беріп,сол бойынша постер қорғау тапсырылды. І топ: «Мағжан Жұмабаевтың өмір жолы», ІІ топ: «Мағжан – лирик ақын», ІІІ топ: «Мағжан – ұлы ақын». (Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Қалай оқу керектігін үйрету. Бірін-бірі оқыту, ынтымақтастықта жұмыс) Топтарға тапсырма беріп болған соң, олар бірден не істейтінін түсіне қоймады, осы кезде мен оларға өзімнің ойымды айттым. Бұл қателік болды,өйткені постер қорғау кезінде оқушылардың идеялары менің ойымды қайталағанын байқадым.І топ «Мағжан Жұмабаевтың өмір жолы» тақырыбындағы постерінде ақынның өмір жолынан,яғни балалық шағы,оқып ,білім алған жылдары,ақындық жолы туралы деректер,фактілер келтіре білді. –Мағжанның өмір жолынан қандай деректер келтіре аласың? -деген сұраққа толық мағлұмат берді.ІІ топ «Мағжан-лирик ақын» тақырыбына постер дайындады.Постерге Мағжанның лирик ақын екендігіне дәлел келтіріп,сезімге толы сыршыл өлеңдерін атап өтіп,мысалдармен талдады. Оқушылар неліктен Мағжанды лирик ақын деп танитындығын өздерінің топтық жұмысымен жеткізді.Ал ІІІ топ «Мағжан –ұлы ақын» тақырыбында постерін қорғады.Мағжанның ұлы ақын екендігін М.Әуезовтың «Абайдан кейін Мағжанды сүйемін.Мағжан – культурасы зор ақын.» деген сөзімен байланыстырып,дәйектеме келтірді.Оқушылардың осы тапсырмаларды тиянақты орындағанына қарай отырып, оқушы жаңа тақырыпты түсінгенін байқадым.Сабақтың басынан бастап зерттеуге алған оқушыларым М.М мен М.Ә., Ж.Б. бақылауымда болды. М.М. тапсырманы түсініп, топта көшбасшылықты өз қолына алды және постерде тапсырманы қорғаса, Ж.Б. сабаққа араласпай отырды. Ж.Б-мен нені түсінбей отырғанын білу мақсатында сұрақ- жауап өткіздім. Сабақта өз білімімен көзге түскен оқушыЗ.М.-ны, ал сурет салу бойынша М.Ә.-ні атар едім.Бағалауда топтар бір-бірін бағалады,өзін-өзі бағалауға келгенде уақыт жетіспей жатты. Кері байланыс стикерге жазып,оны бағдаршамға жапсыру арқылы жүргізілді.Бағалауға тоқталатын болсам, үй тапсырмасын бағалауда «Жарайсыңдар!» деп мадақтап отырдым.Топқа бөліне отырып оқушылар белсенді жұмыстана отырып, бұл сабақта тақырыпты жақсы түсінгенін байқадым. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, қалай оқу керектігін үйрету, жұп болып бірін-бірі оқыту , ынтымақтастықта жұмыс жасауға және сабақтың тиімділігін арттыратынын түсіндім.Болашақта оқушыларға берілетін тапсырмаларды түрлендіріп жетілдіру керек екенін білдім.





Автор
Дата добавления 29.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров2436
Номер материала ДВ-206996
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх