Инфоурок Другое КонспектыӨнеге сағатының тақырыбы "1-наурыз алғыс айту күні"

Өнеге сағатының тақырыбы "1-наурыз алғыс айту күні"

Скачать материал

Бекітемін: ______________ директордың тәрбие жөніндегі орынбасары  А.Х.Негаев

Тәрбие сағатының тақырыбы

1-наурыз - алғыс айту күні

Өткізілген уақыты

27.02.2016 жыл

9 "Ә" сынып жетекшісі

Еспентаева Клара Кумаргалиевна

Жалпы мақсаты

1) 1-наурыз - алғыс айту күні еліміздің президенті Н.Ә. Назарбаевтің жарлығымен жарияланғанын және алғыс кімге, не үшін айтылатынын айқындау мақсатын көздеді. Оқушылар ата-анаға мәпелеп асырағаны  үшін, мұғалімге білім-тәрбие бергені үшін, Отан соғысы ардагерлеріне жеңіс үшін , жалпы кез-келген жақсылықпен көмекке алғыс айтылатыны туралы ойларын ортаға салды. туралы ой- өрісін кеңейтіп білімін тереңдету;

2) Мемлекет басшысының  «Мәңгілік Ел» жалпыхалықтық идеясын  зерделеу және қазақ халқының алатын орнын сол идеяны жүзеге асырудағы рөлі арқылы  оқушылардың бойында  Отанына деген  патриотизмін  тәрбиелеу, рухани-адамгершілігін қалыптастыру;

3) Білім алушылардың  этносаралық және мәдениетаралық байланыс жағдайларында тағаттылығы мен қарым-қатынас жасау біліктілігін дамыту

Күтілетін нәтиже

Өз Отанының  патриоты, білімге құштар және рухани-адамгершілік қасиеттері бар еңбекқор жеке тұлғаны қалыптастыру.

Сабақты өткізу әдістері

Миға шабуыл,  топтық жұмыс, оқушылар жобасының презентациясы

Ұсынылған ресурстар

Үлестірмелі материал,  плакаттар, сызбалар, маркерлер, кеспе қағаздар

Сабақ барысы:

Уақыты

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың  іс- әрекеті

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Қолданылатын ресурстар

7 мин

Кіріспе

Сәлемдесу:

Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Шаттық шеңберінде: Ризашылық

-Адам өзінің өмірге келгеніне қуанып, риза болады. Қолындағы барын қанағат тұтып, осының да бар болғанына рахмет деп алғысын білдіреді. Алғыс пен ризашылық білдіру өзіңді, өмірді, өмірде барды бағалаудан басталады.

Ризамын бүгінгі күнге,

Ризамын ата-анама,

Ризамын қасымда бірге жүрген сыныптастарыма,

Ризамын саған!

Ризамын, ризамын!,

 

    Мұғаліммен орыннан тұрып амандасады.

ҚР Әнұранын орындайды.

 

формативті

 

 

Әнұран (musik.nur.kz), ноутбук

7 мин

Негізгі бөлім 1) Миға шабуыл

·         Өздерің  қандай  жағдайда  алғыс  айтып  көрдіңдер?

Топқа бөлу.

·         Нұсқау: 3 түсті стикерлер  бойынша топқа бөлу.

·         1)Алғыс пен ризашылық дегенді қалай түсінесіңдер?

·         2)Адам  өзінің  ризашылығын,  алғысын  қандай  сөздермен  білдіреді?

3)Сендерге  кім  қандай  жағдайда  алғыс  айтты ?

  Бейнекөрсетілім: "Қазақстан - бейбітшілік және келісім бесігі", "Ризамын" әні

Бейнекөрсетілім туралы  не айта аласыз?    Не ой түйдіңіз? 

     Оқушылар түстердің санаттары бойынша топқа бөлінеді.

      Бейнекөрсетілім көреді.

 

формативті

 

 

 

 

 

Стикерлер.

1бейнекөрсетілім, ноутбук

 

10 мин

 

 

2) Топтық   жұмыс

 

 

 

 

 

Топтық жұмыстың ережесімен таныстырады.

1-ші топ: Мәтінмен жұмыс; (ресми деректер, тарихи деректер)

2-ші топ: Алғыс сөздері мен мақал-мәтелдерді жазу;

3-ші топ: : «Ұландар» тобының қарттар үйіне барып, қайырымды іс жасау сәтін сахналау.

 

Әр топ көшбасшысын, баяндаушы, уақыт бақылаушы оқушыны анықтап алады. Бейнекөрсетілім бойынша және үлестірілген мәтіндер мен суреттерді пайдаланып өз ойларын Қазақстан халқы бейбітшілік пен келісім негізінде топта талқылап  өз ойларын постерге түсіреді.

 

формативті

 

2 плакат, мәтіндер, суреттер, түрлі-түсті қағаздар, желім, маркерлер, таймер, ноутбук

10 мин

3)  Қорғау

Әр топқа сұрақ қояды

Баяндаушы оқушы өз тобының жобасын қорғайды

шапалақтау

магниттер

4 мин

 

4) Сергіту сәті

«Біз ризашылық сөздерді айта білеміз бе ?» сергіту сәті

Топтар ризашылық сөздерін айтып жарысады.

формативті

MP4

7 мин

Қорытынды

5) Кері байланыс.

 «Білем, білдім, білгім келеді» кестесін ұсынады.

 

Топтағы әр оқушы

«Білем, білдім, білгім келеді»

Кестесі бойынша сабақтан алған әсерін жазады және оқиды.

формативті

«Білем, білдім, білгім келеді»

кестесі, стикерлер

 

 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. 

 Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.

«Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң

 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 

13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес                    ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы 
№ 3827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 1,
 
1-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелердің тізбесінде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Алғыс айту күні - 1 наурыз»;

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Геолог күні - сәуірдің бірінші жексенбісі».

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Президенті    Н.Назарбаев

  Астана, Ақорда, 2016 жылғы 14 қаңтар

 № 173

 

        2015 жылдың сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік Ел: бір ел — бір тағдыр» тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөз сөйлей отырып, Назарбаев халықтардың түгелдей жер аударылғанын еске алған еді. «Сталин режимінде әр жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ. Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді», — деді Президент.

Назарбаев отбасының жер аударылғандарды қабылдап алғанын еске алды. «Саманнан жасалған екі бөлмелі там үйде тұрған біздің отбасы үш баласы бар жанұяны қабылдап алды. Көз алдымда әрқашан, әрқашан олардың бөлменің бір бұрышына жиналғанын елестете беремін, олар қорқып тұрды — киімдері жыртылған, аш, тозып кеткен. Олар біздің отбасыда өмір сұрді, жұмыс істей бастады, өмір бойы алғыс айтып өтті. Мен оның балаларымен дос болдым», — деді ол.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде — 1 наурызда, басқа уақытты қойса да болады — барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді», — деді Қазақстан Президенті.

               

       Қазақстанды уақтысында тарихшылар «халықтардың лабораториясы» деп атады. Бұл сөз тегін айтылмаған. Өйткені, Қазақстан Кеңес үкіметінің, одан әргі Патшалық Ресейдің солақай саясатын жүзеге асыратын орынға айналды. ХХ ғасырдың басында қазақ жеріне ішкі Ресейден көптеген шаруалар күштеп қоныстандырылды. Өткен ғасырдың 30-40 жылдарынан бастап Кеңес үкіметі көптеген ұлттар мен ұлыстарды түрлі себептермен ұлан-ғайыр қазақ жеріне жаппай көшірді. Мәселен, 1936 жылы  Украина мен Польша шекарасынан бір ғана  Қарағанды облысына мыңдаған немістер мен поляктар  жер аударылды. Ал,  1937 жылы елімізге кәрістерді әкеліп қоныстандырды. Жаппай жер аудару соғыс жылдары да тоқтаған жоқ. 1943-1944 жылдары қарашайларды, қалмақтарды, шешендерді, ұңғыштарды, еврейлерді, Қырымда тұратын татарларды,  гректерді, армяндарды, болгарларды құтты мекенінен айырып, қазақ жеріне күштеп көшірді. Бір сөзбен айтқанда, «сатқын», «халық жаулары» саналған көптеген ұлт өкілдері кең байтақ қазақ жерінен пана тапты. 

Ризашылық - адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық  және алғыс білдірушілік сезімі

Алғыс - адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.

 

 

images.jpg     hqdefault (1).jpg

      Отанынан жыраққа кеткендердің бөтен елде қалай, қайтіп өмір сүретіндеріне билік басын ауыртпады. Бір-екі түйіншегімен далада қалған татар, кәріс, шешендерді қазақтар далада қалдырған жоқ.  Керісінше, ашаршылық, соғыстан азып-тозып отырған халқымыз аядай баспаналарына өзге ұлттарды кіргізіп, бір үзім нанын бөліп беріп отырды. Әрбір қазақтың отбасы осылайша жер аударылғандарды қаңғыртып жібермей, жүрегінің кеңдігіне, көңілінің дархандығына сыйғыза білді. Ежелден қонақжайлылығымен, бауырмалдығымен атағы шыққан қазақтар тағдыр талайымен қиын жағдайға тап болған халықтардың алғысына бөленді. Бертінде сталиндік режимнің салқыны басылған соң жер аударылған халықтардың біразы өз отандарына оралды. Алайда, көпшілігі қазақ жерін жерсініп, халқымызға сіңісіп кетті.

       Қазір Тәуелсіз Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Елімізде тұратын көптеген ұлттар қазақ халқының дархандығы үшін, қиын кездерде қол ұшын созған кең пейілдігі үшін алғыс айтады. Қазақстан сан ұлттардың құтты мекеніне, әлем мойындаған татулық пен тыныштықтың ордасына айналды.  Осы ынтымақтың көрінісі ретінде ұлттардың бір-біріне және қазақтарға алғыс айту күнін енгізу туралы жақында Елбасының өзі көпшілікке ұсыныс тастады. Яғни,  Қазақстан халқы Ассамблеясының “Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр” тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөз сөйлеген Н. Назарбаев осындай пікір білдірді.  

—Сталин режимінде әр жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ. Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді. Саманнан жасалған екі бөлмелі там үйде тұрған біздің отбасы үш баласы бар жанұяны қабылдап алды. Көз алдымда әрқашан, әрқашан олардың бөлменің бір бұрышына жиналғанын елестете беремін, олар қорқып тұрды - киімдері жыртылған, аш, тозып кеткен. Олар біздің отбасыда өмір сүрді, жұмыс істей бастады және бізге өмір бойы алғыс айтып өтті. Мен оның балаларымен дос болдым. Аталмыш мерекені Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде - 1 наурызда немесе басқа уақытты қойса да болады. Бастысы - барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді, - деді Президент жиында.

 

 

 

• Бастай бақ, шаштай дәулет берсін! • Тарыдай тасып, бидайдай бөк! • Қаздай қалқы, қудай жүз! • Қаймағы бұзылмасын! • Қабыл болсын! • Тілегіңді берсін! • Шаңырағың биік болсын! • Өзегің талмасын! • Өмірің ұзақ болсын! • Несібелі бол! • Той тойға ұлассын! • Жаныңа жамандық бермесін! • Қоныс жайлы болсын! • Көңіліңді кір шалмасын! • Күлкіден айырмасын! • Адалынан берсін! • Көш-көлікті болсын! • Ауызбіршілік болсын! • Торқалы той болсын! • Алла абырой берсін! • Талабың өссін! • Сапарың сәтті болсын! • Ел-жұрт аман болсын! • Құдай сәтін салсын! • Ақ мол болсын! • Мұратыңа жет! • Ғұмырлы-бақытты бол! • Қыдыр ата жолдасың болсын! • Аспаның ашық болсын! • Ниетің қабыл болсын! • Көсегең көгерсін! • Нұр жаусын! • Бақытты бол! • Иманды бол! • Мың болғыр • Құтты болсын! • Қайырлы қадам болсын! • Жұлдызың жансын! • Талабыңа нұр жаусын! • Өнерің өрге жүзгей! • Бауы берік болсын! • Мың жаса! • Ұзағынан сүйіндірсін! • Бармақтай бақ, шаш-етектен дәулет берсін! • Айың оңыңнан, күнің солыңнан тусын! • От басы, ошақ қасы аман болсын! • Дастарқаныңа береке берсін! • Алладан рақым болсын! • Көйлегің көк, көңілің тоқ болсын! • Қоныс құтты болсын! • Мерейің үстем болсын! • Құдай күлкіден айырмасын! • Үбірлі-шүбірлі бол! • Қыдыр ата жолдасың болсын!

Дереккөзі: 
https://www.zharar.com/kz/tilek/7720-soz.html#title
© www.ZHARAR.com

 

«Алғыс алған арымас...»

«Алғыс алған арымас...»

Қазақ халқы қайырымдылықтың қадіріне жете білген халық. Жақсылық жасаған жанға лайықты алғысын айта білген жұрт. Алғыс айтудың бірнеше формалары бар. Қазірде кең тарағаны «рахмет» деп айту. Бұл сөздің түп-төркіні «сізге Алланың рахымы жаусын!» деген тіркес. Уақыт өте келе қысқаша нұсқасы қалыптасқан. Ұлтымыздың бұрынғы мұраларына зер салсақ, көпшілік арасында қайыр қылған жанға «Құдай жарылқасын», «Алла алдыңнан жарылқасын», «Жолыңды ашсын», «Жағың қисамай жамандық көрме» деген сияқты игі тілектерді жаудыратынын көреміз. Сондай-ақ, алғыс алған адамның жаман болмайтындығын білдіретін мынадай мақал-мәтелдер де бар. «Алғыс алған арымас, қарғыс алған жарымас». «Алғыс алған жігіттің аты бәйгеден келеді». «Баталы құл арымас, батасыз құл жарымас». «Баталы құлға бақ қонар».

Рахмет!   Жасың ұзақ болсын!    Таудай бол!  Өренің өссін!  Бақытты бол!   Білімді бол! Өнерлі бол! Бағың жансын!  Мұратыңа жет!  Өнерің өрге жүзсін!  Азамат бол!  Еліңе қорған бол!

Анаға – өмір сыйлағаны үшін,

Әкеге – қорған болғаны үшін,

Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,

Сөзге – жанды жылытатыны үшін,

Күнге – шуағы мен назары үшін,

Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,

Досқа – құшағы мен иығы үшін,

Әжеге – ыстық алақаны үшін,

Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,

Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,

Отқа – жылулығы үшін...

Ал сен тағы неге рахмет айтар едің? Қалыс қалма!

 

 

 

Шаттық шеңбері: Ризашылық

-Адам өзінің өмірге келгеніне қуанып, риза болады. Қолындағы барын қанағат тұтып, осының да бар болғанына рахмет деп алғысын білдіреді. Алғыс пен ризашылық білдіру өзіңді, өмірді, өмірде барды бағалаудан басталады.

 

Ризамын бүгінгі күнге,

Ризамын ата-анама,

Ризамын қасымда бірге жүрген сыныптастарыма,

Ризамын саған!

Ризамын, ризамын!,

 

Қортындылау:

–Балалар, жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңдар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат –Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.

Жүректен жүрекке:     Біздің тілек

 

Бізге ашық күн керек

Аспан керек мөп-мөлдір

Қуанышқа тұр бөлеп

Бақытты өмір төккен нұр

Тыныш болып жер беті

Түршікпесін денеміз

Азамат боп ер жетіп

Ағаларға ереміз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңақала мектеп-гимназиясы

 

 

 

 

 

Тәрбие сағатының тақырыбы: "1-наурыз - алғыс айту күні"

9"Ә" сынып жетекші: Еспентаева Клара Кумаргалиевна

1 (ілгері) деңгей мұғалімі

 

 

 

 

 

 

 

Жаңақала, 2016 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өмірге риза болып, алғыс айт

халық даналығы

 

 

Сабақтан көрініс

             

 

  

 

 

 

«Топтық жұмыстың тиімділігі» тақырыбындағы коучингтің жұмыс жоспары

 

    Күні: 17.09.2014 ж  сағат- 1105-1240

Сабақтың  тақырыбы

Топтық жұмыстың тиімділігі

Сабақтың SMART –қа сай ақылды   мақсаты

Топтық жұмыстың тиімділігін үйрене отырып, түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану

Негізгі идеялары

Оқушыларды топтық жұмысқа ынталандыру

 

Оқу нәтижесі

Тәлім алушылар жаңа бағытта  жұмыс жасауды үйренді. Топтық жұмыс орын алды.

Уақыты

Тәлімгердің   іс-әрекеті

Тәлім алушылардың іс-әрекеті

Ресурстар

10 минут

Сергіту сәтін өткізу, топқа бөлінуді ұсынады.  

Сергіту сәтінен алған әсерлерімен ой бөлісуді ұсыну.

Ақын-жазушылардың шығармаларынан үзінділер түрлі түсті қағаздарға жазылған, соларды оқып кімнің шығармасынан үзінді екенін тауып таңдау арқылы топқа бөлу (Абай, Мұхтар, Мұқағали).

Парақшалар

Түрлі –түсті 

стикерлер

10  минут

Таныстырылым

Мақсатқа жету жолы (бейнежазба)

Бейнежазбаны    мұқият    көріп   тыңдайды.

Бейнежазба

15 минут

Талқылау. Осы көргендері бойынша мұғалімдерден өз ойларын айтуды    сұрады.

1.      Әрқайсысы жеке ойларын білдіреді

2.      Топпен ақылдаса отырып ойларын білдіру

Парақшалар.

10 минут

5 минут үзіліс

Жеке жұмыс пен топтық жұмыстың айырмашылығы туралы (ойларын флипчартқа түсіру)

Тәлім алушылар топтық жұмыс пен жеке жұмыстың айырмашылығын атап көрсетеді. (топпен жасаған постерлерін қорғайды)

Флипчарт,маркерлер,

Түрлі-түсті қағаздар

Қайшы,желім,т.б

5  минут

Сергіту сәті

Әуен

АКТ   (әуен)

10 минут

«Диалогтық оқыту» бейнекөрсетілім

Бейнежазба «1 жастағы екі егіз баланың диалогы»

 

Бейнекөрсетілімді  мұқият    көріп   тыңдайды.

Бейнежазбаны қарап, өз ойларын қосады.

АКТ

20 минут

Тапсырма (конверттегі тапсырма)

Тәлім алушылар берілген тапсырма бойынша топпен жұмыс жасайды (ХХІ ғасырдағы «Алтын балық ертегісі, ХХІ ғасырдағы «Жеті лақ ертегісі, ХХІ ғасырдағы «Бауырсақ ертегісі») 1-топ дебат, 2 топ- коммулятивтік, 3-топ-зерттеушілік.

 

Мұғалімдер тақырып бойынша жағдаяттан шығу жолын образға еніп ортаға салып, тиімділігін анықтайды.

 

Ұйымшылдық, әр түрлі пікірлер, қармақ, себет, т.б.

5 минут

Екі жұлдыз, бір тілек әдісін қолдану.

Сәтті және сәтсіз  тұстарды көрсетіп, өз ойын білдіреді.   

Жеке пікірлері Стикерлер

5 минут

Жүзеге асыру жолдары (кесте б\ша топтар өздерін бағалайды, 4 крит\й белсенді тыңдау,идеяларды ұсыну, сұрақ қою, сұраққа жауап беру)

Мұғалімдер сәйкес ойларын жазады. Топтағы әрбір мүше өздерін, сосын топты бағалайды

Топтық жұмысты бағалау кестксі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күз

 

 

 

 

Қыс

 

 

 

 

 

Көктем

 

 

 

 

 

Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебі

 

 

 

 

 

Коучингтің тақырыбы: "Топтық жұмыстың тиімділігі"

1 (ілгері) деңгей мұғалімі  Еспентаева Клара Кумаргалиевна

 

 

 

 

 

 

 

Жаңақала, 2014 жыл

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Өнеге сағатының тақырыбы "1-наурыз алғыс айту күні""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 567 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.05.2016 5274
    • DOCX 327.9 кбайт
    • 56 скачиваний
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Еспентаева Клара Кумаргалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 89370
    • Всего материалов: 27

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой