Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / ИЗО, МХК / Конспекты / "Өнер тарихы " 1 сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • ИЗО, МХК

"Өнер тарихы " 1 сынып

библиотека
материалов

Ежелгі Рим өнері



Рим тарихы екі кезеңге бөлінеді , біріншісі-республика кезеңі б.э.д. VI-I ғ. Дейін. Бұл кезең Рим өнерінің дамуының бастапқы сатысы.

Рим қаласы әуелі қарапайым ауыл еді.Уақыт өте үлкен қалаға ,мемлекет астанасына айналды.Қаланың негізін құрған –Юпитер,Юиона, Минерва храмдарына орналасқан және базар алаңы форум .Форумде негізгі қалалық шаралар өтетін –жиналыс,кеңес,сауда,балаларды оқыту.

Ең алғашқы форум Помпей атымен белгілі

Жан-жағындағы елдерді жаулап алып , өзінің билігін жүргізген римдіктер,оларға тәуелді,яғни тиесілі патшалықтардың ең құнды заттарын,әсем ескерткіштерін өз еліне әкетіп жатты .Римде сәулетшілігімен жоғары көтеріліп,қоғамдық ғимарат алаңдары неше түрлі мүсіндерге толы болды.Олардың ішінде Фидий, Мирон, Поиклет сияқты ұлы шеберлердің туындылары бар.Римдіктер көп нәрсені гректерден үйренді.

Бейнелеу өнерінде римдіктер портретке көп көңіл бөлді.Олардың портреттік мүсінінде нақтылық пен айқындық бар.Тарихи тұлғаларды мүсіндеу жолға қойылды және ақиқат ,шындық бейнелер жасау мақсат етілді.




Италияда республикалық құрылыс құрып,оның орнына Рим империясы орнады.Алғашқы болып Октавиан Август тағайындалды.Ол басқарған үкімет басқа халықтарға қатысты өте қатаң саясат ұстады.Августтің дәуірі өнерді гүлдендіру ,яғни гректің классикасын гүлдендіру кезеңі болды.Ол Рим қаласын ескі кірпіштен қаланған шахарды қайта жаңғыртып ,жарқыраған ақ мәрмәр тастан салдырды.Соның бірі 50-60 жылдары салынған Колизей амфитеатры ерекше аталады.Оның қабырғасы ірі тас кесектерден қаланған және биіктігі 50м дейін жетті,оған 50 мың адам сыяды.Императорлар өздерінің жеңісі мен айбынын білдіретін ескерткіштер соғуда арка тәсілін қолданды.Осындай арканың бірі император Титидің жеңісіне қойылған ескерткіш.Биіктігі-20м.Ақсүйек,абыздардың үйлері, сарайлары росьпистермен көмкеріліп,мозайкалармен безендірілген.Сол әдемі мозайканың бірі-Фавы үйінен табылған.Ондағы мозаика көлемді , 15 м аумақты алады.

Троян қорымы көне қорымдардың бірі.Жалпы ,қорым төртбұрышты алаңды алып жатыр аумағы 116х95 м-ге дейін.Алаңның дәл ортасында атқа мінген император Троянның қоладан құылып алтынмен апталған мүсіні бар.Осы Рим бейнелеу өнерінде ең көрнекті ескерткіші болып табылады.

476 жылдар шамасында Рим шапқыншы одақтас тайпалардың қолына көшті,сөйтіп Рим империясының бір бөлігі-Батыс өз өмірін тоқтатты.Екінші бөлігі- Шығыс империясы өз экономикасы мен өнерін дамытып ,одан әрі өркендеді.










Грек классикасы

Грек классика кезеңі негізінен 3-ке бөлінеді.

  1. ерте классика.

  2. жоғары классика

  3. кейінгі классика .

Ерте классика кезеңі б.э.д. 490-450 ж аралығы.Бұл кезең Грецияның құдіретті Персид державасымен күресі кезі, Греция мемлекетінде ,қалаларында демократияның орнатылу кезеңі болды.Б.э.д. V ғ.60 жылдары Олимп қаласында 4 жылда бір рет өтетін әлемге әйгілі олимпиада ойындары өтетін Зевс храмы қайтадан салынды.

Сол жылдары әйгілі Мирон «Дискобол» статуясы жасалды . Ол атақты диск лақтырушы .

Б.э.д. V ғ ортасында жоары классика кезеңі дамыды .Осы кезеңде Афины Акрополь храмы қаланды.Ол биік таудың басында орналасқан .Осы кезде астананың шығыс бөлігіндеде ,Афина Парфиносқа арналған үлкен дорикалық храм - Парфенон салынды.

Бұл храм б.э.д. V ғ. Ортасында Иктанам және Кликрат салған бұл зрам ең керемет храмдардың бірі болған .Ол алдынан 8 колоналы, қапталынан 17 колоналы.

30 жылдары Эллада плитикалықкүйзеліске ұшырайды,бірақ соған өарамастан классиканың кейінгі өнеріне әсер етпейді. Сол кезеңдегі шеберлер Скопас және афиналық Пракситель екі түрлі бағытта жұмыс жасады.

Скопас әр түрлі бағыттыа жұмыс жасап ,тапсырыстар алды.Оның амазоанкалар шайқасы бейнеленген – Галикарнас мовзалейінде жұмыс жасады.Оның «Вакханка» атты үлкен статуясы бар . Пракситель лирикалық образдарды шебер бейнелеген, солардың бірі - Афрадита Книдскойдың торсы Viғ.











Грек архайкасы


Ежелгі Грецияда көркемдік ерекшелігі бар архайка кезеңінде де өте қажетті тенденция пайда болды.Ғылым ,философиялық ойлау ,әдебиет, театр дамыды.Грекия өнерінің алғашқы гүлденуі басталды. Храм және зәулім сарайлар салына бастады.Храмдарды безендіру құрылыспен байланысты болды.Храм құрылысы бірнеше типке бөлінеді.

1.Екі калоналы ,бір есікті храмның босағасы шығысқа қарады.

2.Екі есікті төрт калоналы храмдар пайда бола бастады.

3Колоналары барлық жағында орналасқан , классикалық деп

аталатын тіктөртбұрышты храмдар пайда болды.

4 .Ордерлі храмдар.

Архайка кезеңінде ордерлердің екі түрі қолданылады:дорикалық және ионикалық.

Доикалық ордерлердің негізі тастан жасалған.Кеінен классика кезеңінде корифтік ордерлер пайда болды.Ол пропорциялық қатынас жағынан ионикалық ордерге жақын.

Архайка дәуірінде грецияның монументті мүсіндері пайда болды.Олар тас,ағаш, күйдіріген балшыөтан жасалды. Архаика кезеңінде негізгі кейіпкерлер –құдай,батыр,соғыс ерлері,қыздар ретінде бейнеленген статуялар жасалды.

Б.з.д.Viғ құдай стауялары дәл алдынан мүсінделген дәл абстрактылы геометриялық формада жасалған.

Б.з.д. 650 жыл Афинада пайда болған мүсініне қарап ,б.з.д.VI екінші жартысында адам тұлғасын сомдауда адам образы шынайы бейнеленгенін байқауға болады.










Крит, микен өнері.


Бұл өнер Жер орта теңізінің шығыс бөлігінде , Эгей теңізінен оңтүстікке қарай Крит аралында б.э.д. ІІІ және ІІ мың жылдарда гүлденеді.Критте де құрылыс өнері гүлденеді,бұл жердегі өнердің көбінесе сарайлық сипатта болғаны байқалады.Осы кезде Кносс Сарайы салынады.Микен ең жоғары даму шегіне б.э.д. ХVІғ және ХІІІ ғ арасында жетті.,сірә пайда болған Эгейлік өнер Крит күцрегенне кейін де гүлдене берді.

Алайда Микен Криттік сарайлрға дейін –ақ арашалап алынған болатын,сондықтанда Микен ашқан адамды Эгейлік мәдениті дүниесін бірінші ашушы деп санаған жөн .Ол адам –Генрих Шлимон (1822-1890)

Микен өнері Криттікімен салыстырғанда шынайылау көріннеді . Микендік өнер көркемдік кемеңгерліктің жаңа сипттары әсіресе cәулет өнері мен монументті мүсуіндерден айқын көрінеді. Крит өнерінде дамыған Кносс сарайы ең үлкен,алаңның аумағы 16 мың шаршы метр.Мұның ішіндегі тіреуіш колоналардың ағаштан жасалғаны ғсарайда су құбырын жүргізу жүйесі ойластырылғаны дәлелденген. Оның қабырғасына сәндік суреттер салынған ,б.э.д. ІІ мыңжылдықта Крит шеберлері әр түрлі бояауларды қолдана білген. Кносс сарайының қабырғасы аңдардың суретімен безендірілген(маймыл,мысық,елік). Қабырғаға жазылған суреттерде діни және мифологиялық кейіпкерлермен табиғи көріністері қиял-ғажайып ертегі сияқты бейнеленген.










Ежелгі грек өнері


Археолегиялық зерттеулер бойынша б.з.д.IV мыңжылдықта Балқан түбегі мен Эгей теңіз аралын ,Орта Азияның батыс жағалауын эгейліктер жайлаған .

Ежелгі Эгей мәдениетінің гүлденуі б.з.д.ІІ мыңжылдықта пайда болды.Эгей мәдениетінің орталығы б.з.д. ІІІ-ІІ мыңжылдықтарда Крит аралының бас қаласы Кносс болған .Сол себепті «Кносс Миностың резиденсиясы» деп жазылған.

Кносс сарайының қабырғасы аңдардың суретімен безендірілген ( мысық,маймыл, елік) .Қабырғаға жазылған суреттерде діни және мифологиялық кейіпкерлермен табиғат көріністері өиял-ғажайып ертегі сияқты бейнеленген. Кескіндеме түрлері монументті фресеалармен бейнеленген,онда акробат,бұқаның үстінде секіріп жүрген адамдар салынған (б.з.д. 1500 жыл). Олардың еркін қимыл әрекеттері шынайы кескінделген.Бейнелеуші қыздармен ұлдардың дене бітімін әдемі көрсеуге тырысқан. Бұл суреттер Бұқалармен ойын көрсету сол кездегі діни нанымдармен тікелей байлансыты екендігі айқын байқалады. Мүсін үстінде ұсақ пластикалық жұмыстар пайда бола бастаған.

Ежелгі грек мифтері тәңірлік әрекеттер .ішінара ғажайып батылдық дарыған

әр алуан ерлі-зайыпты құдайлар ұрпағы болып есептелген қаһармандардың ерлікрерімен бастан кешкен оқиғаларын суреттеген.

Ежелгі Грейияда көркем формалы өнер пайда болды. Эладада

өздеріне ғана емес басқа елдергеде түсінікті ғажап өнер тапты.

Греция өнерінің түп тамыры Крит және Микенадан алынған

болатын.

Б.Э.Д. І мыңжылдықта Эгей щеберлерінің жетістіктерін

эллиндіктерге мүра болып қалды.Ерте Гректердің классикалық

ескерткіштері осылардың жерінен тұрғауылды айтуға болды. Осылай

жерге әйгілі болды.









Вавилон өнері.



Вавилон тарихи соғыстармен шайқастарға толы болды, бірақ бәрі бірдей жеңіспен аяқталған жоқ. Әсіресе ауыр күрес Ассириялықтармен болды. Б.э.д.689 жылы Ассирия патшасы Синаххериб Вавилонияны талқандап, халқын асқан қатігездікпен жойып жіберді.

Кейіннен Ассирия мемлекеті жер бетінен жойылғаннан кейін Вавилон Алдыңғы Азияда өз үстемдігін орнатты. Вавилон 53 храмы бар саяси және рухани орталыққа айналды, мәлениетіннен шумер аккард дәстүрінің тікелей ұрпағын көре аламыз. Өкінішке орай сол кезеңдегі ескерткіштерден аз мұра қалды. Новуходоносордың II Семирамида ханшайымға арнап салғызған сарайы «Аспалы бақшалар». Мұны гректер әлемнің жеті кереметінің бірі деп санады Қаланың бас құдайы Мардукқа бағыштап салынған Этемананки деп аталатын зикураттың биіктігі 90 метр 7 қабаттан тұрады. Ең жақсы сақталған архитектуралық құрылыс «Иштар құдайының қақпасы», бұл салтанатты жеті қақпалардың бірі.

Б.э.д. 538 жыл II Кир патша басып алғаннан кейін Вавилония бірте-бірте күшейді. Б.э. бірінші ғасырының орта шенінде бұл қаланың орнында арабтардың жұпыны лашықтары ғана тұрды.


Ассирия өнері.


Асиириялықтар асқан қатігездікпен өз қарсыластарын жеңіп отырды, қалаларды құлатып, адамдарды жазалап, ондаған адамдарды құлдыққа сатып отырды. Бірақ соған қарамастан Ассирия басқа мемлекеттермен салыстырғанда бейнелеу өнері мен мәдениеті жақсы дамыды. Әр елдің дәстүрі мен мәдениетін біріктіре отырып қайталанбас өнерді дүниеге әкелді.

Патша сарайлары мен храмдарды безендіргенде релеф өнерін қосып отырды. Ассириялықтардың рельеф өнері б.э.д IX ғ.жақсы дамыды. Қазіргі заманға жеткен шығармалары Британ музейі Лондон мен Париждің Луврінде сақталды. Б.э.д.VII ғ. аяғында Ассирия Вавилония мен Мидиялықтардың шабуылынан соң жеңіліс тапты. Ассирияның қалған әскерлері қырылып қылды. Ассирия өнері, оның ішіндегі бедерлеу өнері көпке дейін қоғамда басты. Кейін Иранның мүсін өнеріне үлкен әсерін тигізді.


Алдыңғы Азия өнері.


Алдыңғы Азия аумағына көптеген табиғаты әр түрлі жерлер кіреді. Ефрат және Армения мен Иран таулары жатады.

Бұл жерде тұрақтаған тұрғындар үлкен қалалар мен мемлекет орнатты. Тиындар, жазу құралдарын, арба аяғын да ойлап тапқан керемет өнер туындыларын да өмірге әкелді.

Алдыңғы Азия өнері біршама түсініксіз де қиындау болды. Әр бір салынған суреттерде үлкен мән мағына болды. Өлім мен өмір, жамандық пен жақсылықты бейнелейтін. Оны қарапайым адамдар тез түсіне білмейтін.

Шумерлер мен Анадтар – ежелгі екі халық б.э.д. IV-III ғ.ғ. қайталанбас тарихи мәдениетті дамытты. Бұлар IV мыңжылдықта Оңтүстік Месопатамияда пайда болды. Ефрат өзенінің маңында УР, Урук, Ниппур, Лагаш және т.б. қалалар тұрғызды. Шумерлердің архитектуралық ескерткіштері ұзақ сақталмады. Себебі олрда ағаш та, тас та болған жоқ, құрылыстарын кірпіш тастармен салатын. Осы кезге дейін Ақ мешітпен Уруктегі қызыл үй ғана жеткен. (3200-3000 жылдар б.э.д) Храмдардың қабырғалары рельефпен суреттелген, соғысып жатқан, әулиелерге жалбарынып жатқан адамдарды көрсеткен. Рельеф бірнеше ярустан тұрады. Бейнеленген адамдардың бәрі бір біріне ұқсайды, тек қана патшаны басқалардан үл

кенірек етіп бейнелеген.

















Палеолит


Ежелгі Қазақстан өнерін үш кезеңге бөліп қарастырады: тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірі. Тас дәуірі үш кезеңге бөлінеді. Олар: Палеолит, Мезолит, Неолит.

Палеолит кезеңінде тас өңдеу өнері жақсы дамыды. Адамдар жалпақ тастар бетіне бедерлі сурет салуға бейімделе бастады. Сонымен қатар осы кезеңде адамдар өздері тұратын үңгірлердің қабырғаларына табиғи бояумен сурет салуды үйренді. Мұнда көбіне жылқылар, бизондар, сонымен қатар адамның аң аулау сәттері бейнеленген. Олар сүйектен адам мүсінін ойып жасай білді. Сонымен қатар ұрып ойнайтын аспаптар ойлап тапқан. Шолаққорған қалашығының батысындағы Ащысай тұрағыннан арқар, жабайы жылқы, бизон сүйектерінен және шақпақ тастан жасалған әр түрлі қарулар табылған. Жалпы ерте кезде бейнелеу өнері жеке дара емес бірлескен тұрғыда дамыған.


Мезолит және Неолит. Қола дәуірі.


Мезолит кезеңінде адамдар жебелі садақ ойлап тапты. Ал неолит кезеңінде олар саз балшықтан жасалып, отта күйдірілген қыш ыдыс керамика жасауды үйренді. Палеолит кезеңінен қалған үңгірлердегі суреттер бір бірімен байланысы жоқ, жеке пішіндер болса, мезолит кезеңіндегі жартастарда бейнелерден аңшылардың өмірінен алынған әр түрлі композицияларды байқауға болады. Осы суреттерде көбіне аңшылардың аң аулау сәттеріндегі түрлі іс әрекеттер мейлінше бір тұтас бейнеленген.

Б.э.д.V мың жылдықта басталған неолит дәуірінде тас құралдарды пайдалану кезеңінен дамыды. Әсіресе тастарды тесіп бұрғылау, жалпақ тастарды тегістеу технологиясы қалыптасты. Қола дәуірінде Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар жартас бетіне салынған суреттер мен ескерткіштер қалдырды. Бұл кезеңде ескерткіштер Оңт.Сібірдегі Андронов мәдениеті д.а. Қола дәуіріне жататын ыдыстардың ерекшелігі бүйірлері тік немесе шығыңқы, мойны сыртқа қайырылған, түбі жалпақ болып келеді. Қола дәуірінде адамдар күнге отқа табынды. Олар металдан еңбек құралдарын, қару жарақ, сәндік бұйымдар жасай білді. Әсіресе түп жағы шығыңқы балта, шот, орақ, сағанасы ойық пышақ, т.б.жасады


Автор
Дата добавления 05.12.2015
Раздел ИЗО, МХК
Подраздел Конспекты
Просмотров346
Номер материала ДВ-231258
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх