Инфоурок Начальные классы КонспектыНөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша көбейту тәсілдері. (4 сынып)

Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша көбейту тәсілдері. (4 сынып)

Скачать материал

                                Математика. Ашық сабақ. 4 сынып

Сабақтың тақырыбы: Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша көбейту тәсілдері. 91 бет.

Сабақтың мақсаты: Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша көбейтуге үйренеді. Оқушылар жазбаша есептеу дағдыларын  жетілдіреді. Ұйымшылдыққа тәрбиеленеді.

Сабақтың түрі: сабақ-саяхат

Сабақ типі: жаңа білім меңгеру

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, әңгімелеу.

Көрнекілік: АКТ, Астананың суреттері, сандар, цифрлар.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.  Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Өзара көз тастаймыз.

Табыс тілеп көзбенен –

Жаңа білім алуға

Алға қадам аттаймыз.

2. Психологиялық дайындық:

Көп қызық бар әлемде,

Құштар бол сен білімге

Бізбен оқы, жалықпа

Білмегенді анықта.

3. Бүгінгі   сабақ ерекше өткелі отыр.  Сабақ-саяхат. Астанаға барып, көрікті жерлерімен танысып келеміз. Алдымен 4 топқа бөлініп отырайық.

Бүгін сабақта нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша көбейтуге үйренеміз және тез санау дағдыларымызды жетілдіреміз.

4. Саяхатты бастамас бұрын  үй жұмысын тексеріп алайық. № 7 (90 бет)

Есеп: 1) 9 х 24 =216(сағ)           2) 216 : 4 =54 (сағ)

5. Астанаға автобуспен барамыз. Ол үшін билет алу керек.  Ендеше тақтадағы тапсырмаларды орындасақ,  бәрімізге  билет  беріледі.

(Ауызша есеп)

23 х 200 = 4600              3500 : 50 = 70                 15 ғас= .........жыл

400 х 7 = 2800                18000 : 60 = 300             12050 г=……..кг……  г

5 х 800 = 4000                 9000 : 300 = 30               649001кг = ………т…….кг

 

4 тәул - ............сағ              а)Төртбұрыштың ұзындығы - ? см, ені – 7 см,

5900 мм - .........см               ауданы -   84 кв.см, периметр -? см

980 ц - ............т          б) Текшенің көлемін (V) табу:  а – 6 см, в – 5 см, с-3см

Жақсы орындадық.  Балалар,  Астана туралы не білесіңдер?

Астана - Қазақстан астанасы.

Бұл қаланың негізі 1830 жылы қаланған/ ол кезде Ақмола деп аталатын. Қазақ тілінен аударғанда «астана» деген мағынаны білдіретін Астананың қазіргі атауы 1998 жылы берілді.Қала Сарыарқаның солтүстігінде, Есіл өзенінің оң және сол жағалауында орналасқан. Тарихи тұрғыдан алсақ, Еуропа мен Азияны байланыстыратын мекен болып табылады. Астана – ең ірі көлік торабы, автомобиль, теміржол және әуе көлігінің орталығы.

6. Ал  кеттік балалар, бәріміз автобусқа мініп  бірінші  «Бәйтерек» монументімен танысайық.

Бәйтерек – тәуелсіз Қазақстанның символы Астананың ең көрікті орны ғана емес, сонымен қатар жаңартылған Қазақстанның визиттік карточкасы болып табылады.Бұл монументті салу идеясын Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған. Бәйтерек өз тарихи тамырын сақтаған, мықты тірегі бар және болашақ гүлденуге талпынған және тұтас әлемдік қауымдастық үшін Қазақстанның тәуелсіздік символы болып табылатын мемлекетті бейнелейді.«Бәйтерек» күн сайын әр түрлі жастағы және түрлі ұлт қонақтарын күтеді. Келушілер панорамалық лифттермен шыны «шарда» орналасқан ашық, кең залға көтеріледі.

-         Дәптерлермен жұмыс. Бүгінгі күнін жазу, көркем жазу.

45.236 ....... 

 987.456.........

 – Бұл қандай сандар? – класс, разряд бойынша сипаттама  беру.

-         Жаңа  сабақ :  Мұғалім тақтада көбейтуді түсіндіреді. (баған түрінде)

-         230 х20=          2300 х 20=        230 х 2000=

7. Енді балалар  «Нұр-Астана » мешітімен танысайық.

2005 жылдың наурыз айында Астанада жалпы Қазақстанның жаңа көрікті ғимараты – «Нұр-Астана» мешіті салынды. Заманауи тұрғыда салынған үйлердің арасында айтарлықтай кездейсоқ, бірақ үйлесімді көрінеді. Мешіттің биіктігі 62 метрге жететін төрт мұнарасы бар. Күмбездері алтынмен жалатылған. Күмбезді ұстап тұрған сегіз тірек жай ғана ою-өрнекпен емес, ойып жазылған сүрелермен   шебер безендірілген. Ішіне кірсең, бір мезгілде 5 мың адам ғибадат қылатын үлкен зал құшағын жаяды. Екінші қабатта -  намаз оқуға және 2 мың әйелге арналған балкон бар. Мешіт аумағы шамамен  4000 ш.м. тең.

Қазір оқулықпен жұмыс . 91 бет № 3. Жазбаша орындау.

1 баған – 1 топ орындайды                               2 баған – 2 топ орындайды

3 топ – 3 топ орындайды                                  4 топ – 4 топ орындайды.

450х300=135000              180х700=126000               460х30=13800               

147х2000=294000             6800х60= 408000            7410х60=  444600 

530х90=47700

230х400=92000           

Сергіту сәті:   Есептедік шаршадық

                          Орнымыздан тұрайық

                          Қимылдатып аяқты

                          Шапалақты ұрайық

                          Отырайық, тұрайық

                          Соқтығысып қалмайық               

8. Ал енді балалар,   Бейбітшілік  пен Келісім сарайына барайық.

Бейбітшілік пен Келісім сарайын  әлемнің сегізінші кереметі деп атайды. Оның  биіктігі және ені 62 м дұрыс пирамида пішінінде салынған.Ғимарат он бес метрлік жасанды үйінді үстіне орналасқан. Аты шулы мэтр, ағылшын сәулетшісі Норман Фостер өз жобасы үшін арнайы діни қалыпқа ұқсамайтын пішінді таңдаған.

Есеп шығару. № 5

а) 1 топ шығарады.  1)200 х 3=600(б)  2) 600 х 22=13200(б) Жауабы: ...

ә) 2 топ шығарады      720 : 60 =12 м/с.    Жауабы:

б) 3 және 4 топ шығарады. 1) 50 – 10 =40(тр)     2) (50+40) :2 =45(тр). Ж/ы:....

9.  Келесі Қазақ Елі монументі – Қазақстанның Тәуелсіздігін әспеттейтін, ұрпақ жалғасын айғақтайтын сәулет-мүсін кешені. Алаңның өзі 5 гектар, айналасындағы жер 11 гектар, монументтің биіктігі – 91 метр. Ол Қазақстанның дербес елге айналған 1991-ші жылды білдіреді. Тігінен тұрған бейнеде доңғалақ ойылып салынған – ол көшпенді халықтың нышаны. Жоғарғы белдеуінде ою нышаны айнала өрнектелген. Оның 4 жағы қалқан секілді. Монументтің ең негізгі бейнесі – ұшар биігіндегі Самұрық құс. Астыңғы жағы  төрт тағаннан тұрады. Төртеуінің де өзіндік мәні-мазмұны бар. Бірінші Президент және халық, 2-ші -Қаһармандық, 3-ші -Жасампаздық және 4-ші - Болашақ. Кешеннің авторы – Президент Нұрсұлтан Назарбаев.

 

92 бет -  № 6  Өрнектердің мәнін табу.   (4 өрнектің мәнін табу). Тақтада оқушылар орындайды.

1 баған – 1 топ орындайды

2 баған – 2 топ  -/-/-

3 баған – 3, 4 топ  -/-/-                                   

1900 -  317=1583                1500-582=918                   1500 – 582 =918

1900-964=936                     1200-524=676                   1500-725=775   

1900-825=1075                    1200-672=528                   1500-924=576

1900-914=986                      1200-488=712                   1500-718=782                                                                

10. Ал, енді балалар   Президент резиденциясына барайық.

Президент резиденциясы  Есілдің сол жағалауында 2001 ж. қыркүйек айында салына бастады. Ғимараттың жалпы көлемі 36720 м2.  Ақ орданың ресми тұсаукесері 2004 ж. 24 желтоқсан күні өтті.  Ғимарат жер бетіндегі 5 және жер астындағы 2 қабаттан тұрады.  1-қабатта  салтанатты хол орналасқан. 2-қабатта қызметтік орынжайлар орналасқан. 3-қабатта киіз үйге ұқсатып жасалған, мәрмәр және гранит таспен өңделген Шығыс залы; сыйлықтар мен сенім грамоталарын тапсыру залы; екі жақты кездесулерге арналған “Алтын зал”; камин залы; қызметтік орынжайлар мен мәжіліс залдары орналасқан. 4-қабатта қызметтік орынжайлар мен мәжіліс залдары; Саммиттің Үлкен залы; кітапхана; кіші Шығыс залы орналасқан.

Енді  № 8 – шамалармен жұмыс. Өздік жұмыс .

1 баған – 1 топ орындайды, 2 баған – 2, 3 топ орындайды, 3 баған – 4 топ орындайды.

4.580 м = 458.000 см                          2.500 см= 250 дм= 25.000мм

257.036 см = 250.360 мм                   25км500м=25.500м=255.000дм

4.580 м = 4 км 580 м                         25.036см=250м 3дм 6см

 

10 кв.см= 1000кв.мм

6 кв.м= 60.000 кв.см=6.000.000кв.мм

56.000.000 кв.м=56 кв.км

 

11. Логикалық  тапсырмалар: Топтық жұмыс .

1 топ: Таяқшаның екі шеті бар. Бір шетін кескенде таяқшаның шеті нешеу болды? (екеу)

2 топ: Таяқшаның ұзындығы 4 см, ал қарындаштың ұзындығы 20 см. Қарындашпен 6 рет өлшеген үстелді таяқшамен неше рет өлшеу керек?

(30 рет)

3 топ: Бозторғайлар 9 болса, сарышымшықтардың олардан 3-і артық. Барлық құстардың үштен бір бөлігі ұшып кетті. Неше құс ұшып кетті? ( 7 құс)

4 топ: Тор ішінде 10 бас қырғауыл мен көжектер отыр. Олардың барлық аяқтарының саны 28. Қырғауыл -6 болса, көжектер нешеу? ( 4 көжек)

Осымен балалар, біз Астананың  кейбір көрікті жерлерімен таныстық, мәлімет алдық. – Қандай  тағы  көрікті жерлерін білесіңдер?

Бәйтерек (монументі)Абу-Даби ПлазаХалықаралық Астана ӘуежайыҚазақстан Орталық концерт залыАстана АренаАқ-ОрдаБейбітшілік пен келісім сарайыНазарбаев УниверситетiАлау (мұзайдыны сарайы)Қазмедиа орталығыТәуелсіздік СарайыХан ШатырӘзірет Сұлтан мешітіНұржол желек жолыАсыл тас (әкімшілік кешен) Қазақ елі (монумент)Атамекен (мұражай)

Қорытынды: - Бүгін  сабақта не үйрендік? – Не ұнады?

Үйге тапсырма:

Бағалау.

Сабақ мына жолдармен аяқталады:

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан

Математикаға орын берсең басыңнан

Барлық ғылым соған үйір болады

Досың солар табылатын қасыңнан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша көбейту тәсілдері. (4 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий отделом архива

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша көбейту тәсілдері. 91 бет.

Сабақтың мақсаты: Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша көбейтуге үйренеді. Оқушылар жазбаша есептеу дағдыларын  жетілдіреді. Ұйымшылдыққа тәрбиеленеді.

Сабақтың түрі: сабақ-саяхат

Сабақ типі: жаңа білім меңгеру

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, әңгімелеу.

Көрнекілік: АКТ, Астананың суреттері, сандар, цифрлар.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.  Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Өзара көз тастаймыз.

Табыс тілеп көзбенен –

Жаңа білім алуға

Алға қадам аттаймыз.

2. Психологиялық дайындық:

Көп қызық бар әлемде,

Құштар бол сен білімге

Бізбен оқы, жалықпа

Білмегенді анықта.

3. Бүгінгі   сабақ ерекше өткелі отыр.  Сабақ-саяхат. Астанаға барып, көрікті жерлерімен танысып келеміз. Алдымен 4 топқа бөлініп отырайық.

Бүгін сабақта нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша көбейтуге үйренеміз және тез санау дағдыларымызды жетілдіреміз.

 

4. Саяхатты бастамас бұрын  үй жұмысын тексеріп алайық. № 7 (90 бет)

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 131 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.11.2014 3173
    • DOCX 25.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байменова Қарлыға Сейталимханқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 754448
    • Всего материалов: 231

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Курс повышения квалификации

Внедрение Федеральной образовательной программы начального общего образования

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 285 человек из 55 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 104 человека

Курс повышения квалификации

Инклюзивное и интегративное образование детей с ОВЗ в условиях введения и реализации ФГОС НОО ОВЗ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 303 человека из 61 региона
  • Этот курс уже прошли 1 201 человек

Курс повышения квалификации

Возрастные особенности детей младшего школьного возраста

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 128 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 2 092 человека

Мини-курс

Техническое обслуживание и диагностика сельскохозяйственной техники

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегия продаж и продуктовая линейка: успех в современном бизнесе

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интеллектуальная собственность: медиа и фотографии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 24 регионов