Инфоурок Технология КонспектыОқушыларды техникалық еңбекке баулу

Оқушыларды техникалық еңбекке баулу

Скачать материал

А.Құсайынов атындағы орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы

Оқушыларды техникалық еңбекке баулу

                                                         А.Т.Казенова  технология пәні мұғалімі,

                                      А.Құсайынов атындағы ОЖББМБ.

    

Білім беру саласында сабақтан тыс уақытта жүргізілетін әрбір үйірменің жеке тұлғаны қалыптастырудағы ролі ерекше.

Мектепте сабақтан тыс уақытта жүргізілетін техникалық – шығармашылық үйірмелері өзге үйірмелерге ұқсамайтын өзіндік атқаратын қызметі мен тәлім – тәрбиелік мүмкіндігі зор үйірме. Жас техниктер үйірмесін базалық мазмұны оқушылардың болашақ кәсіптерін анықтап, қабілеттерінің дамуымен қатар өздерін - өзі танып білуге, техника әлемін зерделеуге, әртүрлі салалар бойынша қабілеттерін, біліктіліктерін шыңдауға мүмкіндік жасайды. Техникалық шығармашылық үйірмелерінде оқушы тек мұғалімнің үйретуімен модель түрлерін жасаумен шектеліп қана қоймай, оған талдау жасап, жасалу, өңделу технологиясына өз ой пікірлері мен ұсыныстарын айтуға дағдыланады. Оқушы жұмысты өз қолымен істеп көреді, тапсырмаларды  қызығушылықпен орындап, оның қорытындысын көрсеткісі келеді. Үйірме сабағында өзін еркін сезініп, орындаған жұмыстарынан моральдық қанағат алады. Тапсырманы орындап қана қоймай, өзге оқушыларды да шығармашылықпен жұмыстануға тарта біледі. Осылайша үйірме жұмыстарында оқушы үйренуші шәкірттен белсенді үйретуші, өзіндік шығармашылық ой - өрісі бар, жан – жақты дамыған дара тұлға дәрежесіне көтеріледі. Осы белсенділік арқасында оқушы әрбір жұмысын шығармашылық оймен жасап, зерттеп, оған жан – жақты талдау жасап, өз бағасын берумен қатар, өз бойында келешек кәсіби мамандығын да қалыптастырады,

Техникалық-шығармашылық үйірмелер оқушылардың болашақ кәсіптерін анықтап, қабілеттерін дамытумен қатар өз - өздерін танып – білуге, техника әлемін зерделеуге мүмкіндік жасайды.

Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлдем жаңа міндет қойып отыр.

Бүгінгі таңда технология пәнін оқытуда мектепте оқушылар екі топқа бөлінеді. Қыздар үшін көркем еңбек, ұлдар үшін техникалық еңбек. 

Қазіргі таңда республикамыздың көптеген мектептері интернет желісіне қосылған. Ұлдарды техникалық еңбекке үйрететін үйірмеде оқушыларды осы интернет желісі арқылы техниканың жетістіктерімен әртүрлі сайттар арқылы таныстыра аламыз. Шығармашылықпен жұмыс істеп, жаңа технологияларды үйірме барысында пайдаланып отырса, оқушылардың техникалық үйірмеге деген ынтасы мен қызығушылығы артатыны анық. Үйірме барысында әртүрлі әдістерді қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, олардың шығармашылық қабілетін және өздігінен жұмыс істей алуын жетілдіруге тиіс. Жан-жақты қамтылған, бүгінгі заман талабына сай әдістерді пайдалана отырып, оқушыларға техникалық – шығармашылық білім беру, оқушылардың сабақта алған білімдерін тереңдету, кеңейту және бекіту  «Кеме үлгісі» үйірмесінің мақсаты. Практикалық жұмыс кезінде олар техникалық құрылғы үлгілерін құрастырушылық қабілеттерін, шығармашылық ойларын дамыта отырып өз беттерінше жұмыс істей алу ептілігін дамытады.

Оқушыларға техникалық-шығармашылық білім беру мақсатында А.Құсайынов атындағы орта жалпы білім беретін мектеп – балабақшасында «Кеме үлгісі» үйірмесіне жетекшілік жасаймын. Үйірмеде 5 – 10 сынып оқушылары сабақтан тыс уақытта шикізат түрлерінен техникалық құрылғы үлгілерін жасаумен айналысады. Практикалық  жұмыс кезінде оқушылар техникалық құрылғы үлгілерін құрастырушылық қабілеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Үйірме мүшелері алғашқы жұмыстарын шаблон үлгімен істейді, сызбалармен танысады, үлгілерді сызба бойынша жасайды. Үйірме барысында оқушы жұмысты өз қолымен істеп көреді, жұмыстың қорытындысын көрсетеді. Оқушының ой - өрісі дамып, шығармашылық шеберлігі шыңдалады.

       Үйірме мүшелері белгілі бір дәрежеде, жасалынатын нысанды ойлап табудың тиімді жолдарын үйренеді. Үйірме жұмысында оқушылардың графикалық білім алуы да қарастырылған. Үйірме мүшелері алғашқы жұмыстарын қалыптағыш (шаблон) үлгімен істесе, одан әрі сызбалармен танысып, үлгілерді сызба бойынша жасайды.

      Осындай жетістіктерге қол жеткізу мақсатында үйірме сабақтарында әр түрлі әдістемелік тәсілдерді қолданамын.

1.     Баяндау әдісі (әңгімелеу, түсіндіру)

2.     Көрнекіліктермен жұмыс (кітап, журналдар, сызбалар, суреттер, жобалар)

3.     Жобалау әдісі (жаңа үлгілер жобасын сызу, техникалық суреттер салу)

4.     Сарамандық жұмыс (жобалар, сызбалар, үлгілер бойынша жұмыстану)

  1. Проблемалық ізденіс (оқушылар қабілетінің дамуына, ізденуіне, жаңа үлгілер жобасын жасауына жағдай жасау).

      Үйірмеге алғашқы жылы қатысып отырған оқушылар алдымен қима үлгілерді (шаблон) қолдана отырып, қарапайым (автокөліктер, ұшақтар, зымырандар, су көліктері т.б.) үлгілер жасайды. Өз жұмыстарын саралап, салыстыру арқылы бағалауды үйренеді.

    Үйірме жұмысының екінші жылдары оқушылар неғұрлым күрделі (жер көліктері мен су көліктерін, ғарыш кемелері мен зымыран түрлерін т.б.) техникалық үлгілердің сызбаларын жан-жақты зерттей отырып жасайды.

     Ал үйірменің үшінші жылдары оқушыларымыз өздері жобалаған сан алуан үлгілерді жасаумен айналысады. Жұмыс барысында туындаған жаңа идеяларды саралап, салыстыру арқылы жұмыстарын нақтылауды, бағалауды үйренеді.

    Қорыта келгенде бұл үйірменің берері – оқушы бойындағы белсенділікті арттырып, өз күшіне деген сенімділік, шыдамдылық, икемділік сияқты қасиеттері пайда болады.

      Оқушының ой-өрісі дамып, шығармашылық шеберлігі шыңдалады.

      Шығармашылық – бүкіл тіршілік көзі. Мектепте білім беру ісіндегі басты бағдар – оқушылардың тек шығармашылық мүмкіндіктерін ашу. Мұғалімнің кез келген сабағы шығармашылық сипатта өткізіліп отырса, оқушы дербестігінің қалыптасуы жоғары деңгейде көтерілері сөзсіз. Оқушының шығармашылық белсенділігінің артуына ата-ана мен мұғалімнің қолдауы болғаны дұрыс. Бала өз жұмысын жан-жағындағыларға көрсетуге ұмтылады. Сол кезде оны ересектер дұрыс бағалап, қолдау көрсетіп, дұрыс бағыттау керек. Бала бойындағы байқағыштық қабілетімен қатар шыдамдылық та мол болғаны дұрыс.

     Оқушыларды техникалық еңбекке баулу, яғни еңбек тәрбиесі – барлық тәрбиенің қайнар көзі. Оқушыға дұрыс бағыт берсек, шығармашылық жұмысына еркіндік беріп, нәтижесін көрсете білсек, еңбектің әр кезде, кез келген істе өтемі болатынын, еңбексіз ешнәрсеге қол жеткізе алмайтынына оқушының көзін жеткізсек көздеген мақсатымызға қол жеткіземіз.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                             

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Оқушыларды техникалық еңбекке баулу"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Юрист

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Білім беру саласында сабақтан тыс уақытта жүргізілетін әрбір үйірменің жеке тұлғаны қалыптастырудағы ролі ерекше.Мектепте сабақтан тыс уақытта жүргізілетін техникалық – шығармашылық үйірмелері өзге үйірмелерге ұқсамайтын өзіндік атқаратын қызметі мен тәлім – тәрбиелік мүмкіндігі зор үйірме. Жас техниктер үйірмесін базалық мазмұны оқушылардың болашақ кәсіптерін анықтап, қабілеттерінің дамуымен қатар өздерін - өзі танып білуге, техника әлемін зерделеуге, әртүрлі салалар бойынша қабілеттерін, біліктіліктерін шыңдауға мүмкіндік жасайды. Техникалық шығармашылық үйірмелерінде оқушы тек мұғалімнің үйретуімен модель түрлерін жасаумен шектеліп қана қоймай, оған талдау жасап, жасалу, өңделу технологиясына өз ой пікірлері мен ұсыныстарын айтуға дағдыланады. Оқушы жұмысты өз қолымен істеп көреді, тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, оның қорытындысын көрсеткісі келеді. Үйірме сабағында өзін еркін сезініп, орындаған жұмыстарынан моральдық қанағат алады. Тапсырманы орындап қана қоймай, өзге оқушыларды да шығармашылықпен жұмыстануға тарта біледі. Осылайша үйірме жұмыстарында оқушы үйренуші шәкірттен белсенді үйретуші, өзіндік шығармашылық ой - өрісі бар, жан – жақты дамыған дара тұлға дәрежесіне көтеріледі. Осы белсенділік арқасында оқушы әрбір жұмысын шығармашылық оймен жасап, зерттеп, оған жан – жақты талдау жасап, өз бағасын берумен қатар, өз бойында келешек кәсіби мамандығын да қалыптастырады,Техникалық-шығармашылық үйірмелер оқушылардың болашақ кәсіптерін анықтап, қабілеттерін дамытумен қатар өз - өздерін танып – білуге, техника әлемін зерделеуге мүмкіндік жасайды.Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлдем жаңа міндет қойып отыр. Бүгінгі таңда технология пәнін оқытуда мектепте оқушылар екі топқа бөлінеді. Қыздар үшін көркем еңбек, ұлдар үшін техникалық еңбек.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 366 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.11.2020 551
    • DOCX 43 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Парамонова Ирина Валетиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Парамонова Ирина Валетиновна
    Парамонова Ирина Валетиновна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 85059
    • Всего материалов: 220

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания технологии в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 242 человека из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 074 человека

Курс повышения квалификации

Методика инструктажа и обучения в социальном учреждении по вопросам трудовой деятельности

180 ч.

3300 руб. 1650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Технология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель технологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 989 человек из 76 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 585 человек

Мини-курс

Эффективное управление электронным архивом

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные практики по работе с тревожностью

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 112 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 56 человек

Мини-курс

Развитие и воспитание дошкольника: ключевые аспекты

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе