Инфоурок Другое Другие методич. материалыОбщешкольная линейка, посвященная открытию декады языков 2015 г. на тему: "Мемлекеттік тіл - менің тілім!"

Общешкольная линейка, посвященная открытию декады языков 2015 г. на тему: "Мемлекеттік тіл - менің тілім!"

Скачать материал

Мемлекеттік тіл - менің тілім! 

Ма
қсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүйуге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой- өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу. 

Барысы: 
1-ж
үргізуші: Саламатыздар ма? Құрметті ұсаздар, қонақтар, даярлаған мерекелік бағдарламамызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз. 
2-ж
үргізуші: Тілдер мерекесіне арналған 8,9 орыс сыныптары даярлаған мерекелік бағдарламамызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз. 
1-ж
үргізуші: Мемлекетіміз тәуелсіздік, ана тіліміз мемлекеттік мәртебе алып, көптен күткен арманымыз орындалды. 
2-ж
үргізуші: Ия, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрлері, тіл ерекшелігі болады. Біздің ұлттық тәрбиеміз ананың сүті, ананың әлдиі, ананың тілінен бастау алады. 

Лена: Тілім мені
ң! 
Тілім
үшін мың өліп, тірілді елім, 
Аралыммен арыммен
қатар қойып, 
Тілді
қорғау –парызым бүгін менің, 

Маша:
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып, 
Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық, 
Өсер балаң байтақ далаң тұрғанда, 
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік. 

Таня:
Қазақ тілің-Атаң, Анаң, 
Қуат алар Отан да одан. 
Д
үниеде ешбір асыл 
Те
ң келмейді қатар оған. 

Маша: -
Қуан далам! Қуанатын күн бүгін! 
Серпіп таста, м
ұңды жүрек түңдігін! 
Тіл туралы За
ңым енді күшінде, 
Паш еткендей кескен жа
ңа кіндігін! 

Леша: -
Қуан бабам! Қуанатын күн бүгін! 
Халы
қ жауы атандың-ау сол үшін, 
Ғұмырыңды құрбан етіп жолыңда ар. 

Лена:
Қуан анам! Ұстазыңнан сүйініп, 
С
әтің де көп кеткен кейде түңіліп. 
А
қ сүтіңмен бойға біткен тіліңді 
Пір т
ұтамын мен алдыңа иіліп. 

Алириза: -
Қуан балам! Туған тілдің киесі. 
Жебеп сені бол
ғаныңа иесі. 
Тек м
ұнымен бітпейтінін ұғып өс, 
Д
үниеде тіршіліктің күресі. 

Алина: -
Қуан халқым! Күшіне енді тіл заңы, 
С
үйінші деп ақын ұлың жырлады 
Ел елдігі ба
ғаланар тілімен, 
Сол ар
қылы құлпырады, гүл бағы. 

1-ж
үргізуші: Слава: 
- Туып
өскен Торғайдың даласында 
Қайран елі- қазағы санасында, 
Тілі
үшін жазықсыз жапа шеккен 
Арысы
ң кім, ойланбай табасың ба? 
О
қушылар: Хормен Ахымет Байтұрсынов! 

2-ж
үргізуші: Айдана. 

- Елім деп, тек алып со
ққан жүрегі 
Ахмттей а
ғасына іні еді. 
Қазақ тілін терең зерттеп, танытқан. 
Ғұламаның есімін кім біледі? 
О
қушылар: Хормен Құдайбрген Жұбанов! 

1-ж
үргізуші Слава: Қазақ халқының салт-дәстүрінен хабар беретін кішкене сахналық көрінісімізді назарларыңызға ұсынамыз. Ол Бата беру рәсімі. 
2-ж
үргізуші Айдана: Халқымызда батаны әдетте жасы үлкен, көпті көрген ақсақал қариялар береді. Ақсақалдың біз бойжеткен қыз бен балалы келіншекке бата беру сәтін бейнеледік. 

Бата беру. 
Қатысушылар: 
А
қсақал - Аглиулин Дамир 
Қария - Миннекаев Сергей 
Бойжеткен - Булатова Оля 
Балалы келіншек - Айдана 
К
үйеуі – Ержан 
Бірінші к
өрініс- алыс жолдан шаршап келген қарияға алдынан сусын ұсынған бойжеткенге берген батасы: 
Талдай бой берсін, 
Жа
қсы ой берсін, 
Қардай жанар берсін! 
Ана
ға шуақ болсын, 
А
ғаға қуат болсын. 
Н
әзік жаны болсын, 
Еліні
ң ары болсын. 
Басы
ңа өнердің бағы қонсын, 
А
қ Орданың шамы болсын! 
Әумин! 

Келесі к
өрініс - жас балалы келіншек ауыл ақсақалынан нәрестеге бата сұрай келеді. Келіншек: 
- Армысыз, ата! Мына н
әрестеге бата сұрай келдік. 
- А
қсақал: 
-
Қолыңды жай, балам! 

Н
әрестенің бауы берік болсын. 
Азамат болып ер жетсін. 
А
қсақал болып төрлетсін. 
Мінері болсын салма
қты 
Өнері болсын жан-жақты 
Осы айт
қанның бәрі кеп, 
Алла берсін зор ба
қты! 
Әумин! 

Ана тілім-ба
қытым. 
А
қбота: Ана тілім, дана тілім бақытым 
Қазақ тілін білу менің парызым. 
Тілім мені
ң ұмытылмас тірлігім, 
Кім біледі тілімізді
ң тағдырын. 

Маржан: Ала
ңдатты тіл тағдыры бүгінде. 
Сен болмаса
ң болар ертең күнім не? 
Қазақ тілін сүйемін мен жаныммен. 
Қазақ болып қалу үшін түбінде. 

Алина:
Қазақ тілім бас иемін мен саған 
Тілге деген болу керек ке
ң талғам. 
Мемлекеттік тілімізді сыйласа
қ, 
Қазақ тілі біздер үшін жаралған. 

Азамат: Тілімізді
ң тарихы бар қол жетпес, 
Айтса
ң оның тарихына сөз жетпес. 
Өткеніне тіліміздің көз жүгіртсек, 
Тілімізді
ң тарихы бар сан жетпес. 
Тіл деген
қасиетті ұғым екекн, 
Қазақ тілі жырлайтұғын жырым екен, 
Ұмытпайық тілімізді ешқашан. 
Қасиетін сақтайтұғын сырым екен. 
Тілім са
ған әрқашанда бас иемін, 
Бар
ғой сенің бойыңда қасиетің, 
Тіліміз деп
әрқашан мақтан тұтқан, 
Ұмытпайық бабалардың өсиетін. 

Алина: М
әртебесі тіліміздің биік екен 
Қазағыма қазақ тіл боп енген екен. 
Тілімізді
ұмытпайық әрқашан 
Қазақ тіл боп мәңгілікке қалған екен. 

Ержан: Тілім са
ған арналады бар күнім 
Сен ар
қылы таси түсті шаттығым. 
Қазақ тілін білмесең сен егер де, 
Онда сені
ң қазақ тілге жоқтығың. 

А
қбота: Қазақ тілім сенсің бар гүлім 
Арналады мені
ң саған бар күнім. 
Ана тілін
ұмытпасаң ешқашан, 
Жо
ғалмайды ешқашанда пәктігің. 

1-ж
үргізуші Слава: Бәріңіз білесіздер. Биыл біз Астананың 10 жылдығын тойладық. Сол Астананың құрметіне біздің 8 «в» сынып оқушыларының орындауында «Астана» әні. 

2-ж
үргізуші Айдана: Келесі кезекте біздің оқушылардың қазақ тілінде мақал-мәтелдерді қаншалықты білетіндіктерін байқап көрейік. 

Ма
қал-мәтелдер сайысы: 
1 топ-8 сынып о
қушылары. 
1. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады). 
2. Д
әлелсіз сөз ... (желмен тең). 
3. Ине к
өзінен сынады, ... (шешен сөзінен сынады). 
4. Піл к
өтермегенді, ... (тіл көтереді). 
5. С
өз тапқанға ... (қолқа жоқ). 
6. Жеті ж
ұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл). 
7. Шеберді
ң қолы ортақ, ... (шешеннің қолы ортақ). 
8.
Қаһарлы сөз ... (қамал бұзар). 
9. Бас кеспек болса да, ... (тілкеспек жо
қ). 
10. Айтыл
ған сөз, атылған ... (оқпен тең). 

2-топ – 9 сынып о
қушылары. 
1. Бал там
ған тілден ... (у тамған). 
2. Тауды, тасты жел б
ұзар, ... (адамзатты сөз бұзар). 
3. Жа
қсы сөз ... (жарым ырыс). 
4. Жа
қсы байқап сөйлер, ... (жаман шайқап сөйлер). 
5. Тіл
қылыштан ... (өткір). 
6. Ана с
үті бой өсіреді, ана тілі ... (ой өсіреді). 
7. Жыланны
ң уы тісінде, адамның уы ... (тілінді). 
8. К
өре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей ... (шешен боларсың). 
9. Тілден арты
қ ... (қазына жоқ). 
10. С
үңгі жарасы бітер, ... (тіл жарасы бітпес). 

Енді бізді
ң оқушылардың мемлекеттік тілді қалай меңгергендігін викториналық сұрақтарға жауап беру арқылы сынап көрейік. 

Викториналы
қ сұрақтар: 
1-топ
қа: 
1.
ҚР қашан тәуелсіздік алады? (1991 ж. 16 желтоқсан). 
2.
Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров). 
3. Шо
қанның әжесі? (Айғаным). 
4. «К
өксерек» әңгімесінің басты кейіпкері? (Құрмаш). 
5.
Қандай ұлттық тағамдарды білесің? (қазы-қарта, жал-жая, бесбармақ, қымыз, шұбат). 
6.
Үстеудің неше түрі бар? (7). 
7. «
Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы.Алтынсарин). 
8. К
үй атасы кім? (Құрманғазы). 
9. «Орфография»
қай елдің сөзі? (герк). 
10.
Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес). 

2-топ
қа: 
1.
Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989). 
2. Абайды
ң туған жылы? (1845). 
3.
Қазақ даласының жарық жұлдызы? (Шоқан). 
4. А
қылды сөзінің түбірі? (ақыл). 
5.
Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім? (А.Байтұрсынов). 
6.
Ұлттық киімдер қалай аталады? (тақия, бешпент, қамзол, сәукеле, тон, ішік, кимешек т.б.). 
7. Беташар
қашан айтылады? (келін түскенде). 
8. Т
ұңғыш кемеңгер? (Ыбырай). 
9. Ал
ғашқы романист жазушы кім? (М.Дулатов «БақытсызЖамал»). 
10.
Қазақ халқының салт-дәстүрлерін ата? (шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату т.б.). 
Ән. 9 «г» сынып оқушыларының орындауында Абайдың әні: «Желсіз түнде жарық ай». 

1-ж
үргізуші Слава: Осымен орыс сыныптары оқушыларының даярлаған сыныптан тыс іс-шарасы аяқталды. 

2-ж
үргізуші Айдана: Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін көп рахмет! 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Общешкольная линейка, посвященная открытию декады языков 2015 г. на тему: "Мемлекеттік тіл - менің тілім!""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Медиатор

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 916 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.06.2016 488
    • DOCX 22 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ахметжанова Жупар Сайрановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ахметжанова Жупар Сайрановна
    Ахметжанова Жупар Сайрановна
    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6822
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой
Сейчас в эфире

Консультация эксперта в сфере высшего образования. Как подготовиться к поступлению в вуз: простые ответы на сложные вопросы

Перейти к трансляции