Инфоурок Технология Научные работыОқыту жүйесінде кейс стади әзірлеу – танымның жетілуі, білім беру мазмұнын жаңарту

Оқыту жүйесінде кейс стади әзірлеу – танымның жетілуі, білім беру мазмұнын жаңарту

Скачать материал

Оқыту жүйесінде кейс стади әзірлеу – танымның жетілуі, білім беру мазмұнын жаңарту»

Нұрланқызы Алтынай

 

Болашағымызға дұрыс әрі тиімді бағыт – бағдар қарастыру мақсатында білім беру мазмұнына өзгерістер енгізіліп жатқаны баршамызға аян. Республикамыздың орта білім беру жүйесінде педагогтардың деңгейлік курс бағдарламасын меңгеруі – білім саласына біршама өзгерістер алып келді. Педагогтардың жұмысы арқылы оқушының танымы артып, қабілеті дами түскенін аз пайызбен болса да көруге болады. Әрине, өзі инемен құдық қазғандай білім саласының бір жүйеге келуі біраз еңбек пен төзімділікті қажет  етеді. Дегенмен, алған беттен қайтпау – діттеген мақсатымызға, нақтылы нәтижеге жетуімізге даңғыл жол болмақ.

Енгізіліп жатқан жаңа бағдарламалар арқылы мұғалімдер 21 ғасырдың ерекше тұлғаларына ерекше білім беру, ерекше тәрбиелеу әдістерін үйреніп, өз қалыптарына, икемдеріне қарай жүзеге асыруда. Сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсілдер, яғни, жеті модуль аясында жұмстар жүргізіліп жатыр. Бұған бәс жоқ. Енді жаңа әдіс – тәсілдерді практикада қолданып, өз пәніміз бен мектеп оқушыларының жағдайына қарай бағыттап, мұғалімдер арасында талқылай отырып, жаңа технологияға қызығушылық танытқан мұғалімдерге ұсынатын кез келді.

Бұл тұрғыда алдымен әр ұстаз кейс жұмысын жүргізуді қолға алуы қажет. Атқарылып жатқан кез  – келген жұмыстың артықшылығы мен кемшілік тұстары болады. Кейс жұмысын жүргізу сол мәселе туындаған жұмыстың шешу жолдарын қарастырып, оны тиімді әрі нақты шешімін табуға таптырмас жұмыс болар еді.

Дәл қазіргі мектептік білім беру мазмұнын жаңарту кезеңінде кейс жұмысын қолға алып, нәтижелі жүргізу – таптырмас жаңалықтың бастамасы болары сөзсіз.

Көптеген инновациялық технологиялардың негізгі идеясына оқытушылар мен оқушылардың танымдық қабілеттерін өздері дамыта отырып, өзін-өзі анықтауына, өзін-өзі бағалауына қол жеткізеді. Осындай мақсаттың толық орындалуы оқу – тәрбие жүйесінің үлесіне тиетінін ескеретін болсақ, мұғалімдер мен жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында кейс - әдісінің алатын орны ерекше. Кейс – әдісі арқылы педагог немесе оқушыны білім алуға, оқуға, жаңашылдыққа дамуға қызықтыруға болады. Кейстер әдісі – шынайы экономикалық, әлеуметтік, іскерлік және педагогикалық жағдаяттарды суреттеуді қолданатын оқыту әдісі. Кейстер әдісін қолдану барысында оқытушылар мен оқушылар жағдаятты талдап, проблеманың мән-мағынасын түсініп, оның болжамды шешімдерін ұсынып, олардың ішінен ең жақсысын таңдайды. Кейстер әдісі шынайы нақты материалдарға негізделеді немесе мазмұны жағынан шынайы өмірден алынған жағдаятқа жақын болуы тиіс. Кейспен жұмыс жасаудың нұсқалары өте көп. Бұл оқытушы мен оқушының шығармашылығы үшін үлкен мүмкіндік болып табылады.

Деңгейлік курс бағдарламасының ІІІ деңгейін игерген ұстаз ретінде өзімнің кейс жұмысымды таныстыруды жөн санадым. Менің кейс жұмысым бірнеше бөлімдерден тұрады. Олардың әрқайсысының тақырыбы мен зерттеу жоспары бар.

Назарларыңызға ұсынғалы отырған жұмыс «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулінде ерекше тоқталатын – топтастыру әдісі тұрғысында болмақ.

Топтарда жұмыс істеу не үшін қажет? «Ынтымақтастық» және «бірлескен оқу» дегеніміз не? Ынтымақтастық оқу – өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен оқу соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады. Ынтымақтастық оқу сыныпта пайдаланатын әдіс қана емес, жеке философия болып табылады. Адамдар топтарға бірлескен барлық жағдайларда топтың жекелеген мүшелерінің қабілеті мен іске қосқан үлесі құрметтеліп, атап көрсетілетін,адамдардың жұмыс істеудің басқа тәсілі орын алады. Топтың жұмысы тиімді болуы үшін билік пен топ пен жауапкершілік топ мүшелерінің арасында бөлінеді. Ынтымақтастық оқудың негізгі аспектісі топ мүшелерінің ынтымақтастығы арқылы бітімге, келісімге қол жеткізуіне негізделген. Бірлескен оқудың мәні Ынтымақтастық оқу – бұл оқыту мен оқу тәсілі, аталған тәсіл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді. Ынтымақтастық оқу оқуды табиғи әлеуметтік әрекет ретінде қабылдауға негізделген, оған қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі, және осы әңгімелесу арқылы білім алады.

 Педагогикада ынтымақтастық оқу тәсілдерінің саны жеткілікті, бірақ та бірлескен оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай:

1. Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады.

 2. Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталау емес, құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.

3. Қатысушылар әр адамдардың көзқарасымен танысудан пайда алады.

4. Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. Осы зияткерлік жаттығу кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады.

 5. Оқудың ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады. Мұндайда оқушылар сарапшылардың немесе мәтін аясында шектеліп қалмай, өздерінің ерекше тұжырымдамалық түсініктерін құруды бастайды.

 Осылайша ынтымақтастық оқу жағдайында оқушылар құрбы- құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және оған белсенді қатысуға мүмкіндік алады. Жалпы алғанда, топтардағы бірлескен жұмыс төмендегі мақсаттарда жүзеге асырылады:

Әлеуметтік •Тәжірибемен және идеялармен алмасу; •Мәселені бірлесіп шешудің амалын табу; •Барынша жоғары ұжымдық нәтижелерге қол жеткізу Танымдық •Жұмыстың баламалы амалдары туралы идеяларды ұсыну және пікір алмасу; •Маңызды дағдыларды және түсініктерді дамыту Эмоционалдық •Топтың жекелеген мүшелерінің білімі мен тәжірибесіне сүйену; •Күрделі тапсырмаларды орындау үшін қолайлы ортаны қамтамасыз ету.

         Топтарда қалай жұмыс істеуге болады? Топтық жұмыстан барынша көп басымдылық алу үшін, мұғалімдер мен оқушылар барлығынан хабардар болуы қажет және бақылау мен қарым-қатынас жасау барысында жеке тұлғалық дағдыларын дамытып, өз ойларын білдіріп және басқаларға қолдау көрсету өте маңызды.

         Топты ұйымдастыру ережелері.  Топтар түрлі тәсілдермен құрылуы мүмкін. Кей кездері мұғалімдер (және оқушылар) әріптестерінен (немесе достарынан) бірге жұмыс істеуін өтінеді, басқа жағдайларда кездейсоқ іріктеп алынған топтар құрастырылады. Ал кейде топтар жекелеген мүшелердің нақты бір мықты қасиеттеріне қарай құрылады. Топтың қандай тәсілмен құрылғанына қарамастан, жаңадан құрылған кез келген топқа бір-бірімен жұмыс істеу сипатына, дағдылары мен стиліне икемделіп, бейімделуге уақыт талап етіледі. Табысты топтар осы айырмашылықтардың артықшылығын пайдалануды, оларды бастапқы кезеңде анықтауға және тиісінше топтың қызметін ұйымдастыруды бірден үйренеді. Қалыптасу кезеңі топ жұмысының басталуымен шектелмейді. Топ мүшелерінің бір- бірі туралы хабардар болуына қарай, топтың қарқыны біртіндеп өзгереді, және де топ мүшелеріне мұндай өзгерістерге қатысты әрекет ету үшін қажеттілігіне қарай жұмысты түзетуге дайын болу керек. Топта жұмыс істеу ережелері Топтық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырмаларды шешуді көздейді. Кез келген команда барлық мүшелері білетін және түсінетін жалпы ережелерді басшылыққа алуы қажет. Ол топтың әрбір мүшесінің одан не күтілетіндігін, жұмыс қалай бөлінетіндігін және қолдау көрсетілетіндігін, сондай-ақ нәтижелерге қалай қол жеткізілетіндігін білулері үшін қажет.

         Топ мүшелерінің саны қанша болуы қажет? Топтағы оқушылардың саны оқушылар арасындағы сонымен қатар, оқушылар мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты барынша тиімді қамтамасыз етуі тиіс. Топтың көлемі мен санының арасындағы тепе теңдікті орнату маңызды. Мысалы, көптеген шағын топтар немесе жұп шектеулі қысқа уақыт (мысалы, шамамен 5 минут) барысында тиімді жұмыс істей алады. Аздаған үлкен топтарда оқушылардың көңілі басқаға ауып, тәртіптерінің бұзылуына әкелуі ықтимал. Белгілі бір тапсырманы айрықша тиімді орындау үшін, мұғалім топ қатысушылар саны канша болатынын анықтап алуы қажет. (4-сурет). Мұғалімдердің рөлі Мұғалімдер топтық жұмыстарды ұйымдастырып және оны қолдап отыруы қажет, сонымен қатар, тапсырманы орындағаннан кейін оны талқылауға уақыт беру керек. Мұғалімдер топтың тиімді жұмысына қолдау көрсетіп, оңтайлы нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етулері керек. Сыныппен жұмыс істеу барысында неге қол жеткізетіндерін және нені білу жоспарланғандығын, топтық жұмысқа арналған тапсырмалар барлық сыныпты оқытумен қалай байланысты екендігін талқылауды қамтуы тиіс. Талқылау барысында оқушыларға олар қолдана алатын дағдылар, стратегиялар мен ережелер туралы ескерту қажет. Оқушылардың жұмысына мұғалім сыпайы түрде араласып, оқушыларға ұсынылатын әдістерді модельдеуі тиіс. Топтың бірлескен жұмысын қамтамасыз ету үшін, мұғалім бастапқы кезеңдерде барынша көп қолдау көрсетуі керек. Сабақ аяқталған соң мұғалім оқушыларды топтағы жұмыс үдерісі жайлы және оның нәтижелері туралы ойланулары үшін түрткі жасау керек.

         Топтық жұмыс ұтымды, тиімді болу үшін белгіленген тапсырмалар мен топтың қызметі стратегиялық тұрғыдан дұрыс құрылуы тиіс, олар топта тиімді жұмыс істеуге ынталандырып/қамтамасыз етіп, жоғары деңгейдегі оқытуды, ойлауды және түсінуді дамыту үшін қолданылады. Топтағы бірлескен жұмыстың нәтижелері Жақсы ұйымдастырылған топтық жұмыс оқушылар арасында әлеуметтік өзара қарым-қатынасты, тиімді араласу және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Бұл, өз кезегінде оқушыларды өздерінің оқуларына белсенді қатысуға итермелейді. Оқушыларды алынған ақпаратты ойластыруға және талқылауға, өзгелердің пікірлерін түсінуге немесе теріске шығаруға ынталандырған жағдайда топтық жұмыс тиімді болады. Фактілер бұл үдеріс кезең-кезеңмен өтетінін растап отыр. Айталық, бастапқы кезеңдегі топтық жұмыс әлеуметтік өзара әрекеттестік дағдыларын дамытуы қажет, содан кейін оқушылардың арасында қарым-қатынас біршама орнаған соң, мұғалімдер олардың тиімді қарым-қатынас жасау және мәселелерді шешу дағдыларын дамыта алады

         Әлеуметтік өзара әрекеттестік дегеніміз не? Төменгі және жоғарғы сынып оқушылары топқа мүше болудың мәні туралы ойды қалыптастыру мүмкіндігіне ие болып, басқа адамдардың пікірлері мен идеяларына төзімді бола білуге үйренуі тиіс, соның нәтижесінде олар басқа адамдарға қатысты өзара сыйластыққа және түсіністікке келеді. Тапсырмаларды орындау барысындағы бірлескен жұмыс оқушыларға жағдайды басқа адамдардың пікірлерін ескере отырып, қарауға мүмкіндік береді. Тиімді топтық қарым-қатынас дегеніміз не? Қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігі топтағы жұмыстың барынша қолайлы аспектісі болып табылады, алайда ол тек айта білуді ғана емес, сонымен қатар тыңдай білуді де қажет етеді, сондықтан оқушылар білуге тиісті бірнеше негізгі ережелер бар, олар: • кезекпен сөйлеу; • белсенді тыңдау; • сұрақ қою және сұрақ бар ма екенін сұрау; • ұсыныс енгізу және басқаларда ұсыныс бар ма екенін сұрау; • өз ойларын және пікірлерін ортаға салу және басқалардың идеялары мен пікірлерін білу; • ұсыныстарды, идеяларды және пікірлерді ұжыммен талқылау; • көмектесу және көмек сұрау; • түсініктеме беру және түсініктеме беруді өтіну; • идеяларға түсініктеме беру және оны бағалау; • топтық шешім қабылдау және бір тоқтамға келу; • талқылаудың қорытындысын шығару; • дәйекті айғақтар келтіру. Проблемаларды шешу стратегиялары Орын алған проблеманы шешу мақсатындағы топтық жұмыс – оқытудың өте ықпалды тәсілдерінің бірі. Оқушылар ересек адамдарға тәуелді болмау үшін тапсырмаларды жоспарлайды және оларды орындауды ұйымдастырады. Бұл тәсіл оқушыларға: • уақытты ұтымды жоспарлауға; • инновациялық көзқарастар мен идеяларды ұжыммен талқылауға; • топтағы жұмысқа дейін қандай да бір жеке-дара қызмет немесе ойластыру қажет пе екендігін анықтауға; • топ ішінде рөлдерді анықтауға (басшы, хатшы, тілші, бақылаушы және т.б.) немесе топ мүшелеріне тапсырмаларды бөліп тапсыруға; • тапсырмаларды орындау барысында келісімге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Мұғалімге арналған нұсқаулықты пайдалана отырып, топтық жұмыс туралы нұсқаулықты басшылыққа алып, топтастыру жұмысы туралы кейс папка жинақтадым.

Бағдарлама бойынша сертификатталған және курстан өтпеген мұғалімдердің топтастыру әдісін пайдалануларында төмендегідей мәселелерді көріп, байқап жүрмін. Топтық жұмысты нәтижеге бағыттамау; Сабақ тақырыбынан алшақ кету; Байланыстың болмауы; «Топтастыру» сөзін  «топқа бөлу» деп атау. Жұмыстарды бақылай келе мәселені шешу жоспарын құрып, сол жолда зерттеу жұмысымды жалғастырып келемін. Нәтижесінде топтық жұмыстың өзіме, оқушыға тиімділігі туралы рефлексия жасап, ұжымда талқылау, тәжірибемен бөлісу.

Тіптен 6 –сыныпқа жүргізіп келе жатқан әдебиет пәнімнің І тоқсанда жүргізген топтастыру әдістерін әкеліп отырмын.

Кейс жұмысын жандандыру, кейс стади әзірлеу – жаңа технологиялардың қыр – сырын жетік меңгеруге, өзге әріптестермен тәжірибе алмасуға, мектептік білім жүйесіне өзгеріс енгізуге бағыттайтын бірден – бір тиімді жұмыс деп есептеймін. Әрбір шығармашыл мұғалім өзіне қиын әрі қызық көрінген жұмысты бүге – шүгесіне дейін зерттеп, нәтижеге жетуге бағыт алса жұмыс жемісін берері анық.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Оқыту жүйесінде кейс стади әзірлеу – танымның жетілуі, білім беру мазмұнын жаңарту"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер-постановщик

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 215 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.11.2016 1553
    • DOCX 20.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нұрланқызы Алтынай Нұрланқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нұрланқызы Алтынай Нұрланқызы
    Нұрланқызы Алтынай Нұрланқызы
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11685
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания технологии в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 241 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 072 человека

Курс повышения квалификации

Методика инструктажа и обучения в социальном учреждении по вопросам трудовой деятельности

180 ч.

3300 руб. 1650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Технология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель технологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 982 человека из 76 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 575 человек

Мини-курс

Психологические аспекты развития и состояния личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Формирование здоровых детско-родительских отношений: влияние и преодоление сепарации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 160 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 85 человек

Мини-курс

Педагогические и психологические основы образования

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек