Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / Қопа көлінің экологиялық мәселесі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Биология

Қопа көлінің экологиялық мәселесі

библиотека
материалов

Мазмұны

КІРІСПЕ БӨЛІМ

Көкшетаудың ғажайып табиғаты........................................................2

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

    1. Су тіршілік көзі...........................................................................4


1.2. Суды ластайтын көздер................................................................5

1.3. Су-жұқпалы аурулар көздері.......................................................6


1.4.Ластанған сулар арқылы тарайтын жұқпалы аурулар.................7


2.1. Судың дәмі, иісі, мөлдірлігі және температурасын анықтау......7


2.2.Табиғи су иісінің мінездемесі.......................................................8

2.3.Судың лайлылығын анықтау.........................................................9

2.4.Судың түсі мен лайлылығын зерттеу нәтижелері......................11


3.1. Суды тазарту жолдары ...............................................................12

3.2.Судың экологиялық қазіргісі мен келешегі.................................13

4.1 Көкшетаудың көл-өзендері..........................................................15

4.2 Қопа көлі......................................................................................16

4.3 Қопа көлінің қазіргі экологиялық жағдайы.................................18

4.4 Қопаға шомылуға бола ма?.........................................................20

ҚОРЫТЫНДЫ

Қопа көлін тазарту шаралары..........................................................24

Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................26



КІРІСПЕ БӨЛІМ

Көкшетаудың ғажайып табиғаты

Көкшетау-Қазақстанның солтүстігінде орналасқан тарихи-географиялық аймақ.Қазіргі Ақмола облысының солтүстік бөлігі мен оған шектесетін солтүстік Қазақстан облысының:Айыртау,Тайынша,Ғабит Мүсірепов,Ақжар,Шоқан Уәлиханов аудандарын қамтиды.Орталық бөлігінде Көкшетеу қыраты орналасқан.Шығыстан батысқа қарай Көкше,Жақсы Жалғызтау,Жаман Жалғызтау,Имантау,Жылантау,Сандықтау,Үлкентүкті,Бұқпа,Қошқарбай,Зеренді таулары,Айыртау,Сырымбет секілді таулар мен Шортанды,Бүркітті асуы,Үлкен Шабақты,Кіші Шабақты,Бурабай,Айнакөл,Айдабол,Зеренді,Қопа,Атансор,Майлысор,Мамай,Саумалкөл,Шалқар,Үлкен Қоскөл,Кіші Қоскөл,Бурабай көлінің ортасында-Жұмбақтас тұр.Бұл аймақта “Оқжетпес”,”Жеке батыр'',”Кенесары” үңгірі орналасқан.Көптеген ұсақ өзендер көктемде қатты тасығаныменен,жазда суы азайып,көпшілігінің арналары кеуіп қалады.[ 1]

Көкшетау – қала, Ақмола облысының әкімшілік орталығы (1999 жылдан: 1994-97 ж. Көкшетау облысының орталығы болған). Астана қаласынан Солтүстік–батысқа қарай 276 км жерде Көкшетау қыратының солтүстігінде Қопа көлінің оңтүстік жағалауындағы көрікті жерде орналасқан. Тұрғыны 133,1 мың адам (2003). Қаланың аумағы 420,0 км. [1]

Көкшетау қаласының климаты айқын континентальді. Жазы жылы,әрі қысқа, қысы ұзақ және аязды.Орманды сілемде қар көп болады. Қаңтар айындағы жылдық орташа температура мөлшері -16-190 C,шілдеде +18,50 С. Жылдық орташа температура 0,+1,40 C шамасында. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300-350 мм . Жауын-шашын негізінен жаз айларында жауады. [1,2]

Аязсыз кезең ұзақтығы 120 күн.Қар жабыны қазанда тұрақталады,сәуірде ериді.Ірі гранитті және орман сілемдері ауа райы қатаңдығын жеңілдетеді,ол жауын-шашын мөлшері жоғары болуына, жазғы ауа температурасының төмен болуы және жақсы қорғалуына байланысты. [2]

Тік беткейлі құрғақ қарағайлы ормандарда және шоқы бастарында құнарлығы әлсіз қоңыр топырақ орналасқан.Ұсақ топырақ қабаты 10-15см, жиі 25см. Едәуір ылғалды қарағайлы,қарағайлы,қарағайлы-қайынды ормандар сайлары,жазықтары мен жайпақ беткейлерде,шымды қоңыр топырақ,ол шамалы құнарлылау. [2]

Көкшетау – Қазақстанның тарихи бай қалаларының бірі. Қазіргі қала орналасқан аумаққа жергілікті халық ежелгі замандарда – ақ қоныс салып, қорғандар тұрғызған.

Көкшетау қаласында азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, металл өңдеу, химия өндіру, металл емес бұйымдар өндіру, картон мен қағаз өндіру кәсіпорындары, газ және су тарату мекемелері бар. [1]


















НЕГІЗГІ БӨЛІМ

    1. Су тіршілік көзі

Жер шарында ең кең таралған зат -су.Академик В.И. Вернадский кезінде жазған екен: «Біз табиғатта өзінің құрамында су болмайтын қандай да бір денені білмейміз»деп,ал француздың белгілі жазушысы Сент-Экзюпери: «Сені өмір үшін қажетсің деуге болмайды,сен өмірдің өзісің» деген. Жер шарының 71%-ын мұхиттар алып жатыр.Егер мұхиттардың суын жер бетіне жайып жіберсе планетамызды 3 км тереңдікпен су басып кетеді екен [1].

Сыртқы ортаны, суды, ауаны қорғауға заңды түрде шара қолданбайтын бірде –бір мемлекет жоқ.Тіпті теңіз суын қорғау,зиянды заттарды шығару технологиясын реттеу және қалдықтарды барынша азайту жөнінде халықаралық келісімде жасалған.Бұл шаралар бұлжытпай іске асыруды керек етеді, себебі ауаның , судың , топырақтың ластануы ең ақырғы шегіне жетті.Әсіресе бұл мәселе халық өте жиі орналасқан өндірістік аудандарда тым үлкен орын алып отыр.Улы заттар бұл орындардан өзен суларымен, теңіз ағыстары және жел арқылы мыңдаған километр алшақ орналасқан.Аймақтарға тарап, жер шарының алыс түкпірлеріне қауіп тудыруда.Кейінгі жылдарда ластайтын қалдықтардың кәдімгі түрлеріне жерді радиоактивтік заттардың аулау,улау қауіпі қосылды.Ал оның зиянды әсерлері жердің тек белгілі аймағымен ғана шектелмейді.

Судың ластануы әсіресе өнеркәсіп қалдықтарының қосылуы аса қауіпті.Қалдықтардың химиялық құрамының болуына сәйкес, олардың тигізер әсері де әртүрлі.Мысалы, мұндау өңдеуден шыққан қалдықтар су бетін үлкен қабықпен жауып, оттектің алмасуын қиындатады.Үй тұрмысында және өнеркәсіпте өте көп мөлшерде қолданылатын синтетикалық детергенттер деп аталатын жууға қолданылатын заттардың әсері де мұнай қалдықтарымен бір бағыттас.

1.2. Суды ластайтын көздер

Жер үстіндегі және астындағы суларға кері әсер ететін заттар, микроорганизмдер және жылу судың ластану көздері деп аталады. Табиғи сулар түрлі қосындылармен ластануы мүмкін. Бұл ластану олардың биологиялық және физико-химиялық қасиеттеріне байланысты.[6]

Бірінші топқа су ішінде молекулярлық түрде немесе иондық жағдайда болып, еритін заттар жатады. Табиғи суларда ерітілген күйінде түрлі газдар да болуы мүмкін. (Ауа, азот, диоксид, күкірт газы және т.б.) және еритін тұздар (натрий, калий, кальций, алюминий, темір, марганец және т.б.) олардың санын химиялық сараптама арқылы анықтауға болады. Бұл сараптамада қосындылар құмдық, қағаздық фильтрлерде тұрақтамаған жағдайда. [7.8]

Қосындылардың екінші тобы су мен коллоидтық жүйе арқылы байланысады. Коллоидтық қосындылар ерімейтін заттардан пайда болады. Олар мембраналарда (коллоидтан жасалған жұқа үлдірлер) тұрақтайды. Минералдық және органикалық заттар коллоидтық жағдайда болады. Құмның, саздың ұзақ мерзім бойы тұнуы жағдайында олардан тұнба пайда болады. [7.8]

Су биологиялық сипаттағы ластануға ұшырауы мүмкін: бактериялар, вирустар т.б. Бактериялар тұрақты қосындылар жасайды. Ал су астындағы қалың мүктерде көп микроорганизмдер болуы мүмкін. [9]

ХХ ғасырдың 90-шы жылдары табиғи сулардың антропогендік ластануы бұқаралық сипатқа ие болып, жер үстіндегі тұщы суларды қолдану мүмкіндігіне қауіп төндірді. [10]

Ластанудың негізгі көздері – өндірістік және тұрмыстық,канализациялық қалдықтар, түрлі агрохимикаттарды жинақтаған жер қыртысының шайылуы, мал шаруашылығы цехтарының қалдықтары, аэрогендік ластану. [7]

Өндірістік-тұрмыстық және ауылшаруышылығы саласында пайдаланылатын судың жиналуының бір жылдық көлемі әлем бойынша 6-7 пайызды құрайды және жердегі 2,5 мың шақырым өзендердің қосындылары да олармен теңескен. [7]

Судың табиғи ластануы табиғи сулармен салыстырғанда оның сапасын төмендетуге бірнеше есе артық кері әсерін тигізеді. [7,8]

Суды ластау көздерінің ішінде ең қауіптісі-фенолдар, мұнай және оның өнімдері, ауыр металл тұздары, радионуклиттер, пестицидтер, органикалық улы заттар, биогендік органика, минералдық тыңайтқыштар және т.б болып табылады. [8]

1.3.Су-жұқпалы аурулар көздері.

Су көздерінің экологиялық жағдайының күнделікті өндірістің, тұрмыстың талаптарына сай болуы түрлі жағдайларға байланысты. Көпшілік уақытта ашық табиғи су көздері өндірістің, шаруашылықтың қалдық, шайынды суларымен ластануы салдарынан олардың санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуына кері әсерін тигізеді .Мұндай сулардың құрамында хлор бар реагенттердің, коагулянттардың, қосалқы бөлшектердің жоқтығымен қосарланып су құбырының суы өндірісте, тұрмыста пайдалануға жарақсыз болып табылады. Сол себепті қазіргі уақытта су көздерін, соның ішінде ашық  жер үсті сулардың экологиялық тазалығын сақтау ғылыми және тәжірибелік тұрғыдан түйінді мәселелердің бірі.[ http://www.tarsu.kz/lib/doc/Vestnik_2007/]

1.4. Ластанған сулар арқылы тарайтын жұқпалы аурулар.

Кейінгі кезде су құбырларының істен шығуы салдарынан әр түрлі аурулар пайда болуда. Кәсіпорындарда   шайынды  сулардың  оқшауланған  немесе  қарапайым  су  тазалағыш   құралдардың  жоқтығынан,  олар  тазаланбастан  сүзгі алаңдарына  түсуде. Сүзгі  алаңына  түскен   шайынды  сулар  өзен  жағасындағы  елді - мекендер  пайдалану  нәтижесінде  күрделі  экологиялық   жағдай  туғызып  және  аймақта   эпидемиологиялық жағдайды  күрделендіріп  отыр [ http://e.gov.kz/wps/portal/download? ].Судың құрамын аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасында бактериологиялық, химиялық-зертханаларда Сан Пин бойынша тексереді. Адам баласы пайдаланатын судың санитарлық-гигиеналық шаруашылығы эпидемиялогиялық маңызы өте зор.Аудандық СЭС-тің қорытындысы бойынша  аурудың негізгі көзі су деп көрсетеді. Су арқылы көбінесе ішек аурулары пайда болады.[http://kz-ref.ucoz.kz/load/.]
2.1. Судың дәмі, иісі, мөлдірлігі және температурасын анықтау

Су және ауа температурасы өлшеу сараптама жүргізудің негізгі бөлігі болып табылады. Су қоймаларындағы су температурасы өзін өзі тазарту процесіндегі оттегі құрамы анықталатын биохимиялық, физикалық, биологиялық көрсеткіштері арқылы белгілі болады. Су температурасын анықтау судағы оттегі құрамын білу үшін қажет.

Су мөлдірлігі оның түсі мен тұнықтығына байланысты. Оны судың ішіне белгілі бір ақ түсті қатты заттарды салу арқылы анықтауға болады. Егер жақсы көрініп тұрса, су мөлдір. Алайда бұл болжамды көрсеткіш қана. [12]

Анықтау барысы. Суды барынша жақсы шайқап цилиндрге құяды. Ол қозғалыссыз күйде стандартты шрифтан 4 сантиметр биік тұрған дұрыс. Бағананың үстініне шрифті қарап отыру суды целиндрге қойып, шрифті оқуға мүмкіндік беретін бағана биіктігін тауып алу қажет. Аталмыш зерттеу жұмыстары бірнеше мәрте қайталанып, орта көрсеткішін анықтап берген қорытынды көрсеткіш анықталады. [15,18].

Судың иісі ағын сулар арқылы немесе табиғи жолмен иістенеді.

Анықтау барысы. Иістің қандай түрге жататынын анықтау. Оны бөлмелік жылылықта немесе 60 градусқа дейін жылытып, мұнан кейін бірақ анықтайды. 20 градус жылылықты көрестіп тұрған 100 грамм суды 150-200 грамдық әйнек ыдысқа құйып, оның бетін сағаттың әйнеккөзімен түбегейлі жабады. Мұнан кейін сәл уақыт тұрған ыдысты ақырын жылжыту арқылы оның иісін анықтайды. Сонымен бірге ыдысты 60 градус ысытып, осылай судың иісін білуге болады.

2.2. Табиғи су иісінің мінездемесі /кесте-1/

Балл

Иістің өткірлігі

Сапалы мінездеме

0

1.



2.



3


4


5.

Ешқандай

Өте нашар



Нашар



Байқауға болады


Байқалады


Өте қатты байқалып тұратын су.

Иістің жоқ болуы

Бұл иіске тұтынушы мүлдем назар аудармайды. Арнайы зерттеулер жүргізбей анықтау мүмкін емес.

Тұтынушы тарапынан назар аударылмайды, егер әдейілеп назар аудармасаңыз байқамайсыз.

Иісі аздап байқалып тұрады және сәл жағымсыз.

Еріксіз иісіне назар аударасыз, ішуге жарамсыз.

Иісінің қаттылығы сонша, оны шаруашылық мақсаттарға пайдалана алмайсыз


Судың дәмі табиғи су қоймаларындағы (шаруашылық-ауыз су мақсатындағы су қоймаларында) немесе оны хлорлаудан кейін 2 балдық көрсеткіштен аспауы тиіс.

2.3.Судың лайлылығын анықтау

Судың лайлылығы оның құрамында түрлі биоорганикалық, сондай-ақ басқа да химиялық заттардың болуына байланысты. Жер үсті суының лай болуына көп жағдайда балдыр, кремдік қышқыл, темір және алюминий гидроқышқылдары, органикалық коллоидтар, микроденелер мен планктондар әсер етеді.

Фотометриялық анықтау. Судың лайлылығына фотометриялық әдіс арқылы анықтайды. Сонымен бірге каолин суспензиясы, трепела немесе формазин стандарттарымен салыстыру арқылы нәтиже алады.

Анықтау барысы. Фотометриялық анықтау. 50 мл/л ден кіші көрсеткішті лайлы суды шайқап тазартылған сумен қосады. Жуандығы 2-5 сантиметрлі кювет фотошақырымдағы турбидиметрияға мембраналық фильтрден тазартылған суды зерттейтін сумен сәйкестендіру қажет.

Кез келген анықтау барысында судың лайлылыған (мг/л немесе ЕМ/л) тиісті калибралық графика арқылы анықтайды. [12-13,17]

Калибралық график. Барлық жұмыс барысындағы стандарттық суспензияларды қолдану алдында барынша араластырып, мұнан кейін 2.2.1, кестесінде көрсетілген 100 мл көлемге енгізіп, тазартылған сумен қажетті көрсеткішке дайын араластырады.

Су лайлылығын анықтау мақсатындағы стандартты суспензиялар шкаласы

Судың лайлылығын анықтау үшін стандартты суспензия шкаласы/кесте-2/

Қолданылатын стандартты суспензия

Стандартты суспензияның лайлылық мөлшері

Судың жорамалданған лайлылығы

Кіріктірілген суспензия көлемі

Лайлылық мөлшері

Каолин немесе трепел.


Тағыда сол


Формазин


Тағы да сол

0,1 мг/мл



0,1 мг/мл


0,04 ЕМ/мл


0,4 ЕМ/мл

< 20 мг/л



> 20 мг/л


< 40 ЕМ/л


> 40 ЕМ/л

0-0,5-1-5-10-15-20


0-20-30-40-50


0-2,5-10-25-50-75-100

0-10-15-20-25

0-0.-,5-1-5-10-15-20 мг/л

0-20-30-40-50 мг/л

0-1-4-10-20-30-40 ЕМ/л

0-40-60-80-100 ЕМ/л


Суды ауыз су ретінде қолданғанда төмендегі нормаға сүйенген дұрыс /кесте-3/


Ғимараттардың жабдықталу деңгейі

Бip адамға шаққанда су тұтыну нормасы qн

Әркелкілік коэффициенттері



орта тәуліктік (бip жыл ішінде)

макси тәуліктік

К тәуліктік

К сағат

Су құбыры жүйесі, канализация, орта-лықтан ыстық су берілу

275-400

300-420

1,09-1,05

1,25-1,20

Су құбыры жүйесі, канализация және газ колонкалы ванна

180-230

200-250

1,11-1,09

1,30-1,25

Су құбыры жүйесі, канализация, ваннасыз

125-150

140-170

1,12-1,13

1,50-1,40

Су құбыры жүйесі, канализациясы жоқ (көше колонкасы)

30-50

40-60

1,33-1,20

2,00-1,80


2.4.Судың түсі мен лайлылығын зерттеу нәтижелері.

Судың түсі мен лайлылығына жүргізілген сараптама жұмыстары мынадай нәтиже көрсетіп отыр: күзгі уақытта судың түстілігі 32 градусты, ал көктемгі уақытта 39 градусты құрайды. Ал лайлылығы 4,15 мг/л-ден 4,70мг/л-ға дейін ұлғаяды.

Жыл сайынғы қорытындылармен салыстыру барысында 2006-2007 ж. судың лайлылығы орташа есеппен 0,35-0,50 мг/л, ал түстілігі 6-дан 10 градусқа дейін өсіп отыр.

Біздің ойымызша, аталмыш көрсеткіштердің ұлғаюы су қоймасына құйылатын судың құрамында қаладан шығатын өндірістік, улы заттар қалдықтарының ұлғаюына байланысты болса керек. Оның құрамындағы органикалық және органикалық емес ерімейтін және коллоид заттарының ұлғаюы жоғары айтылған ойдың дәлелі іспеттес.

Судың тұздылығы мен қышқылдығын анықтау нәтижелері.

Судың сутегі көреткіштері 2003-2004-ші жылдарымен 2006-2007-ші жылдар аралығынада айтарлықтай өзгермеген. Ол 7,5 –тен 7,8-ге дейін ұлғайған. Ал бұл қанағаттандырарлық көрсеткіш.

Ал құрғақ қалдықтар көрсеткіші 2003-2004-ші жылдармен салыстарғанда 730-103-ке азайған.

Біздің ойымызша құрғақ қалдықтың азаюы көлдің аз көлемде тұздануымен байланысты, сондай-ақ температураның түрленуіне тікелей қатысты. Температураның төмендеуіне байланысты тұздың ерігіштік көбейтіндісі азаяды. Осыған байланысты құрғақ қалдықтар құрамы да азайып отыр. Көл суының тұрақты тұздануы Шағалалы су қоймасының көрсеткіштеріне тікелей әсер етеді. Сондықтан құрғақ қалдық көрсеткіштерінің азаюы да табиғи заңдылық деп білеміз.

Судың кермектілігі мен қышқылдану көрсеткіштерін зерттеу нәтижелері.

2006-2007-ші жылдары судың кермектілігі мен қышқылдануына жүргізілген сараптама қорытындылары мынадай: Судың қышқылдануы шамамен 2,8 мг О/л-дан 3,9 көрсеткішке дейін ұлғайған. Ал кермектіліг 8,3 мг-экв/л-дан 3,8 – ге дейін азайып отыр.

Жыл сайынғы қорытындымен салыстырғанда қышқылдану көрсеткіштері орташа есеппен 0,3-0,8 мг О/лға артса, судың кермектілігі шамамен 0,8-3,9 мг-экв/л-ға азайған.

3.1.Суды тазарту жолдары

1.Биологиялық әдіс,микроағзалардың (балдыр,бактериялардың)бірлестігі арқылы жүзеге асады.Органикалық кіршіктерден тұщы суды тазалау бағытында қолданылып жүрген микроағзаларды ас ретінде пайдаланады.

2.Озондау (су арқылы озонды ауа немесе озонды-оттекті қоспаларды О3 шамамен 3%)айдау).Ол тұщы суды тек фенолдардан мұнай өнімдері,ароматты концерогенді көмірсулар және тағы да басқа улы қоспалардан ғана емес,сонымен қатар судың гигиеналық тазартуын іске асырады-судың иісі мен дәмін залалсыздандырады,адамға патогенді микроағзалар мен вирустарды жояды.

3.Бейтараптану мен қышқылдану-бұлар химиялық тазартудың негізгі әдістері болып саналады.Бейтараптану рН қышқылды сулардың сутекті көрсеткіштерін,әк,бор немесе доломит (CaCO3 MgCO3) қаптамалары арқылы суды айдау барысында бейтарап ортаға апарады.

Суды бейтараптау әдісі-оның қышқылдылығын төмендетіп,су биотасына қолайлы жағдай жасайды.Судың сутектік көрсеткіші неғұрлым бейтарап немесе әлсіз сілтілі болса, соғұрлым фаунасы әр түрлі болады.

Улы қоспалар адам ағзасына зиянды микроорганизмдері бар суларды тотықтыру арқылы залалсыздандырады.

4.Адсорбция( жұту) тұщы суды фенолдар,пестицидтер,бояуыш заттар және де т.б. еритін органикалық қоспалардан тазарту барысында қолданылады.Адсорбит ретінде шымтезек,ағаш үгінділері сияқты құны төмендеу заттарды фильтр ретінде пайдаланады.Ең сапалы да құнды сорбент белсенді көмір болып табылады.

5.Ионалмасу әдісімен құнды қоспалар,оған қоса радиактивті заттарды лай судан бөліп алуға болады.[ 7]

6.Экстракция-бірін-бірі ерітетін екі сұйықты араластырғанда, олардың ішіндегі ластаушы заттардың өзінің еру деңгейіне байланысты бөлінуі.Мәселен, сарқынды судан фенолды бөліп алғыңыз келсе, оны еріткіш бензолмен араластырады.Фенол жоғары деңгейде еритін сұйықтық.Сарқынды суға бірнеше рет бензол араластырып, сарқынды суды фенолдан толық арылтуға болады.

7.Эвапорация-ұшпалы ластаушы заттарды судың бумен щығару әдісі.Ұшпалы ластаушы заттарды арнаулы аппараттарды(дистиляция жүргізетін колонка тағы басқа) қолданып, сарқынды судан айдап шығарады( отгонка с водяным паром летучих веществ).

8.Кристаллизация- сарқынды судағы ластаушы заттардың шоғырлануы тым көп болған жағдайда және оның кристаллдарды түзуге бейім кезде болғанда қолданылады.Ол үшін тазалауға арналған сарқынды суды алдын-ала қайнатылып буға айналдырады (выпаривание). Оны ластаушы заттардың концентрациясын көбейту үшін жасайды.Содан кейін, кристаллдау процесінде сарқынды судан айырып тазартады.

3.2.Судың экологиялық қазіргісі мен келешегі

Қазіргісі:. Қоршаған ортаның қазiргі жай-күйi

2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздiк тұжырымдамасына сәйкес климат пен озон қабатының өзгеруiмен, биологиялық әр алуантүрлілiктің қысқаруымен, шөлейттенумен, топырақ қабатының, судың, ауаның ластануымен, қалдықтардың жиналуымен және тағы басқаларымен байланысты елдiң неғұрлым күрделi экологиялық проблемалары болып табылады.

Су тапшылығы және судың ластануы, ауыл шаруашылық өнiмдерiн және азық-түлiктi алу мақсатында қолданатын, биологиялық ресурстарға керi әсерін тигiзедi. Өзен аумағында немесе су қоймаларына жақын орналасқан ауылшаруашылық алқаптары өндiрiстік және коммуналдық кезеңнен өткен ластанған суды пайдаланады, онда жинақталған лас судың деңгейi өсуде. Ластанған жерде өсiрiлген өнiм, пайдаланудың шектеулі аясын иемденген және жiберiлген шығындар өтелмейді.

Келешегі:2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасын әзiрлеудiң өзектiлiгi және басымдықтары

Әлемдiк тәжiрибе көрсететiндей, экологиялық проблемаларды табысты шешу мен экологиялық апаттардың алдын алудың негiзi кез келген мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық жүйесiн экологияландыру болып табылатынын көрсетедi.

Ұлттық қауiпсiздiктiң құрамдас бөлiгi ретiнде экологиялық қауiпсiздiк тұрақты дамудың мiндеттi шарты болып табылады және табиғи жүйелердi сақтаудың және қоршаған ортаның тиiстi сапасын қолдаудың негiзi болады.

Осы “Экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасы” "Қазақстан - 2030" Стратегиясының басымдықтарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейiнгi стратегиялық жоспарына сәйкес және XXI ғасырдағы Күн тәртiбiнiң негiзгi ережелерi мен Қоршаған орта және даму жөнiндегi 1992 жылғы Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаттарын, сондай-ақ Йоханнесбургке өткен (2002 жыл) Тұрақты даму жөнiндегi дүниежүзiлiк саммиттiң шешiмдерiн ескере отырып әзiрлендi.

Қоршаған ортаның жай-күйiнiң нормативтiк көрсеткiштерiне қол жеткiзе отырып, экологиялық қауiпсiздiктiң оңтайлы деңгейiн қамтамасыз ету,осы Тұжырымдаманың ережелерiн кезең-кезеңмен iске асыруды көздейдi.

Бiрiншi кезең (2004 - 2007 жылдар) - қоршаған ортаның ластану деңгейiн төмендету және оны тұрақтандыру жөнiндегi iс-қимыл жоспарын әзiрлеу.

Екiншi кезең (2008 - 2010 жылдар) - қоршаған ортаның сапа көрсеткiштерiн тұрақтандыру және табиғат пайдалануға экологиялық талаптарды жетiлдiру.

Yшiншi кезең (2011 - 2015 жылдар) - қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның экологиялық тұрақты дамуының қолайлы деңгейiне қол жеткiзу.

[source ref: concepcia_ekolog_bezopasn.doc]

4.1. Көкшетаудың көл-өзендері

Көкшетау жерінде 1515 көл бар. Аумағы атшаптырымнан асатын-80 көл. Ал осы сексеннің онға жуығы Бурабайдың айналасында, кербез Көкшетаудың баурайында шалқып жатыр. Бұл дүниеден озған қазына қарттарымыз Үлкен Шалқар, Күміс көл, Шабақкөл мен Қотыркөл, Шортан көлі, Қопа көлі мен Шағалалы әу баста бір-бірімен жалғасып, бірін-бірі қоректендіріп жатқанын әңгіме еткен. [3]

Ақмола облысының ең ірі өзендері: Есіл, Колутон, Жабай , Сілеті, Нұра, Шағалалы, Қылшақты және Теріс Аққан. Облыс көлемінде 140 ірі және көптеген ұсақ көлдер бар (85%-нің айдыны 1 шаршы шақырымнан аспайды). Көбінің тереңдігі 1-1,5 метр. Тайыз көлдер жаз кездері кеуіп қалады, шөп-шалам, тұнба басып, су көзі болудан қалып барады. [4]

4.2Қопа көлі .

Көкшетау қаласының солтүстік-батыс жақ іргесіндегі Қопа көлінің экологиялық жағдайы қала тұрғындарын адаңдатқалы қай заман. [5] /сурет -1/

Көкшетау қаласының тіршілігімен өте-мөте тығыз байланысты Қопа көлін қорғау туралы ұзақ жылдар бойы әңгіме болып келеді. Өйткені ол қала тұрғындары үшін бірден бір жақын жердегі демалыс аймағын ұйымдастыратын су қоймасы, жазда –саяжай, қыста-әуесқойлардың балық аулайтын орны.[6,7]

Қопа көлінің айдынын толтыратын көзі атмосфералық жаңбыр, қар сулары.

Әр көлдің осындай ағын су жиналатын аумағы болады. [8]

hello_html_m29f17416.jpg

Сурет-1


Ұзақ жылдардан бері көлден орташа есеппен жылына 3,5 миллион текше метр су алынады. [6,7]

hello_html_744d1822.jpg

Сурет-2

Ол аумақтың 80 пайызы Қопа көліне келіп құйылатын- Шағалалы өзені мен Қылшақты өзенінің су жинайтын бассейніне жатады. Ал міне, осы ағынды су жиналатын аумақтың тарылуына байланысты көлдің деңгейі төмендеген. [9] /сурет-2/

4.3. Қопа көлінің қазіргі экологиялық жағдайы.

1959 жылы Қопаның айдыны-300-470 миллион м3, орта терендігі 2,3-3,4 м ,аумағы 13,1-13,8 шақ , ұзындығы 5,1-5,2 шақырым, ені 3,2-3,4 шақырым болған. Ал бүгінгі көрінісі басқаша. 1994 жылдан бері көл 30 млн. м3-ден 19,4 млн текше метрге төмен түскен. Орташа тереңдігі -3,2 метрден 1,9-2,0 метрге дейін кеміген. Бірақ көлдің тайыздауына қарамай, көлемі, ұзындығы мен ені сол күйінде қалған. Оның себебі: көл табанына жиналған Шағалалы мен Қылшақты өзендерінен сумен келіп құйылатын лай-балшықтың көл түбіне тұнуы. [5]

Тек 1994 жылғы зерттеу қөрсеткіші бойынша ғана, көл табанына жиналған лайдың көлемі 22 млн. м3, яғни көл көлемінің жартысына тең келеді. Осының салдарынан су деңгейі көтерілгенмен, тереңдігі азайып, көл суы жылынған. Бұл жағдай-көлді қамыс – қоға басуына әкеп соқтырған. Қамыс-қоға басуы, биохимиялық ыдыраулар, оттегі концентрациясының азаюы ихтиофаунаға қолайсыз жағдай туғызады, әрі концентрациясының көбеюінен шыққан- метан, суды лайлап, көлдің санитарлық, рекреациондық (дем алу) қабілетін жояды. 1959 жылға дейін Қопа көлінің беті таза, мөлдір, тұщы делініп сипатталынса, қазіргі санитарлық сипаттамасы тіпті басқаша. [5]

Соңғы уақытта бұл өзен-көлдерде балдыр және тағы басқа да өсімдіктердің өсуі байқалып отыр. [9]

Балдыр, қамыстың көп өсіп кетуіне байланысты бұлақтар жабылып, таза судың келуі тоқталды. [10]

Судың азаюына байланысты Қопа көлінде балықтар жойылуда. 2001 жылы балықтар көп мөлшерде қырылды. Көлдің түбінен шыны сынықтарын, консерв банкілерін тағы басқа адамға зақым келтіре алатын заттар табылады. [10]

Жағажайдың жағдайы да мәз емес:/сурет-3/ тұрмыстық қалдықтарға толы, демалу үшін қалалық жағажайда қолайлы жағдай қарастырылмаған. Әжетханалар, қоқыстарға арналған контейнерлер, кабинкалар, «саңырауқұлақтар» болмауы қоқыстардың стихиялық түрде көп болуына септігін тигізеді. [10]

hello_html_57722cc.jpghello_html_303593d6.jpg

Сурет-3

Өзінің алтын кесе аясына сыйдыра алған Көкшетаудың сексен көлінің бірі – Қопа көлі десек, оның ластанып, суы лайланып бара жатқандығы расында да алаңдатары бар. [9]

Қазіргі Қопа көлінің химиялық құрамы балықтардың, басқа да жәндіктердің өмір сүруіне қауіп туғызып тұр.

Мысалы, қатты қалдық-1,7 есе, хлоридтер 1,4 есе, аммиак 3,8 –ден 7,4 есеге, мөлдірлігі экологиялық нормадан 4,6 есе кем, темір-екі есе көп. Хлор, сульфат иондары қалыпты мөлшерден он есе асып кеткен. Судың жалпы қатқылдығы ПДК-дан 76,4 пайызға асып түскен. /ПДК –предельно допустимая концентрация/. Нитраттың мөлшері /судың органикалық ластануының көрсеткіші/ 40 пайыз төңірегінде. [8]

4.4. Қопаға шомылуға бола ма?

Жаз туып, күн ысыған сайын, өзен-көлдердің маңайында тынығушылар көбейіп барады. Ал, Көкшетаудың Қопа көлінің жағажайы да бос емес. Суға түсу үшін ағылып келе жатқан балалар, жастар тым көп –ақ. [9]

Соған орай қазір Қопаға суға шомылуға бола ма, болмай ма деген сауалды тұрғындарға қойған едік.

Көкшетау қаласы мен Красный Яр селосының тұрғындары арасында төмендегі сұрақтар бойынша сауалнама өткізген болатынбыз.

Солардың ішінде көбі жасөспірімдер болды.Әрине су мәселесі жайлы олардың назары бейтарап емес. Көбі аяушылық танытып,қол ұшын беруге дайын.Қопа көлінің эқологиялық жағдайы туралы тіпті бәріне мәлім.

Қопаға шомылуға бола ма?(сауалнама)

І-нұсқа

  1. Жазда Қопа көліне шомылуға барасыз ба ?

  2. Қопа суына шомылуға бола ма, болмай ма?

  3. Неліктен Қопа көліне түсуге болмайды деп ойлайсыз?

  4. Жазда көлге түсіумен байланысты ішек, тері аурулары көбейе ме?

  5. Қопаны тазарту үшін не ұсынар едіңіз?


ІІ-нұсқа

  1. Сіз су мәселесі жайында не айта аласыз?

  2. Сіз табиғат және су қорына қандай жәрдемкөрсете аласыз немесе үлес қоса аламын деп ойлайсыз ба?

  3. Сіз Қопа көлі жайлы не айта аласыз?

  4. Қопаның қазіргі экологиялық жағдайы туралы сізге не белгілі?

  5. Сізде ешқашан су мәселесі бойынша өздігінен сұрақтар туындамады ма?


Сауалнаманың қорытындысы

І-нұсқа

Сауалнамаға 50 адам қатысқан болатын. Соның ішінде 48 адам Қопаның лас екендігін айтты. Ішек және тері аурулары көбейгендігін 43 адам дәлелдеді. Қопаға бұрын баратынын, бірақ қазір бармайтындығын 37 адам, өздері Қопаның суынан ауырып шыққандығын 7 адам айтты. Оған қазіргі кезде аз адам баратыннын барлық 50 адам айтқан болатын. Көбінесе жас өспірімдер, жас балалар барады.

ІІ-нұсқа

52 дамның 5-еуі Қопа көліне жәрдем көрсету,бағдар көрсету жағынан іс-шаралар , жаңа жобалар көрсетілуі жайлы беймәлім, ұсыныстар жоқ.(9.6 пайыз)

19 адам судың қасиеті жайлы керемет ұсыныстар айтуда және оны қорғау саласында ой –пікірлерін іске асыру барысында жұмыс атқаруда.(36.54 пайыз)

Алқалған жауап берген тұрғындар Қопа көлінің жақсаруына,қазіргі технология бойынша бөгендер мен су қоймасын тұрғызу ұсыныс айтуда.(53.84 пайыз)


Көлдің жедел түрде лайлануына байланысты оның түбін тазарту идеясы бірнеше жыл бойы алға тартылып келеді. Ниет жап-жақсы, бірақ техникалық жарақтанудың жеткіліксіз болуынан және қалалық бюджетте қаржының болмауынан ол орындалатын емес. [6,7]

Уақыт өткен сайын оның ластануы артып, ал оны тазарту шаралары кенже қалып отыр. Жағдай осылай қала берсе, Қопа көлі жұқпалы аурулар таратып, қала тіршілігіне кері әсерін тигізуі ғажап емес. [9]

Көптеген жайлар Көкшетау тұрғындарына байланысты, әсіресе көл жақ беткейіндегі тұрғындар оны шаруашылық - тұрмыстық қалдықтар орнын жасамауы керек. [6,7]

Көлді алғашқы табиғи қалпына келтіру үшін ең бастысы көл табанына 100 жыл бойы жиналған 22 млн. лай балшықты аршу керек ,сөйтіп көлдің бұрынғы тереңдігіне жету қажет. Бұл тіпті де оңай жұмыс емес. 1974 жылдан 1992 жылға дейін араға уакыт салып ондай әрекеттер жасалынған. Онда земснарядпен көлдің ортасынан 400 мың м. лай балшық шығарылған еді, қаражаттың жетіспеуінен бұл жұмыс ол жолы тоқтап қалды. Кейінірек әртүрлі жобалар жасалынды, бірақ кешенді түрде жасалмағандықтан іске аспай қалды. Жыл сайын қар еріп, жаз шыққанда Қопа көлі қала әкімшілігін дүрліктіреді. Себебі: көлмен байланысты жер асты суларының деңгейі көтеріліп, жағадағы тұрғын үйлердің іргетасын, жертөбелерін, бау-бақшаларын су басып кетеді. Асқынып кеткен осы жағдайды түзеуге кешенді шара, көп қаржы керек.











ҚОРЫТЫНДЫ

Қопа көлін тазарту шаралары

Қопа көлін бастапқы қалпына келтіру үшін төмендегідей жұмыстарды атқару шарт:

Біріншіден, көлдің табанында, жағалауында тұнып жатқан 22 Млн. м3 лай-балшық, күл-қоқысты тазалап, көлдің көлемін, тереңдігін қалпына келтіру.

Екіншіден, көлді ластайтын көздерді аластау. [8] Сол ластану көзін тоқтату үшін өзеннің су арнасына Қопа көлінің ең ластану көзі қала жағалауынан келіп құйылып тұрғаны айдан анық.. Ең бастысы қаладан келетін лай, кір-қоқыстың көлге құйылуын болдырмау. [8]

Қопа көлін тазартып, қалпына келтіру үшін біршама жұмыстарды қажет етеді. Олар :

а ) көл табанына химиялық және механикалық тазарту өткізу. Өйткені, адамдар жағалауды ғана емес, көлдің өзін ластайды.

ә ) биологиялық тазарту: балық майшабақтарын жіберу /ақ амур, толстобик /. 2004 жылы мамырда облыс экологтары мұндай шараны өткізген болатын, бірақ та бұл жеткіліксіз еді. [10]

б ) сүзгі бөгет салу.

в ) көл жағалауын көгалдандыру, тазалау.

Бұлақ көздерін ашып, оларды күл-қоқыстан тазартып, маңайын жөндеп, сауықтыру орындарына айналдыруды күн тәртібіне кіргізу.

Су экологиясын, оның маңыздылығын халыққа жеткізудің бірде-бір жолы оны мектеп арқылы, ақпарат құралдары арқылы кең жариялау.

Қопа көлінің шаруашылық, экологиялық және тұрғындардың демалу орны екенін еске ала отырып және келесі ұрпаққа табиғи қалпында қалдыру үшін төмендегі шаралар қажет:

-көлді тазалаудың жан-жақты құжаттарын дайындау;

-ластанған судың түспеуі үшін арнайы арналар жасау;

-көл жағасын қамқорлыққа алып қала тұрғындарының демалу орнына айналдыру;

-шаруашылық мақсатына көлден су алуды тоқтату;

-көлдің суын молайту мақсатымен Шағалалы және Қылшақты өзендерінің жағалауына ағаш отырғызуды жолға қою.

Бұл шаралар, әрине, үлкен қаражат қажет ететіні анық..

Біз осы күнге дейін табиғатты қорғауға қаржы, еңбек жұмсамауға дағдыланған халықпыз. Ол пиғылдан тез арада арылуымыз керек. Қолда бардың қадірін қазір білмесек, ертең кеш болатынын ескерейік. [10]






















ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1)Қазақстан ұлттық энциклопедиясы.Алматы 2003 жыл.

2 Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары. Алматы кітап 2006

3)С. Калашников «Ақмола облысының экологиялық ахуалы» №1 қаңтар 2008 жыл

4) А.Қазбеков «Қопаның экологиялық ахуалы қала тұрғындарын алаңдата бере ме» /Экологиялық жаршы/ №8 2008 жыл

5) И. Батталов.А.Князев «Қопаға қамқорлық» /Экологиялық жаршы /1999 жыл, мамыр

6) Батталов И. «Озеро Қопа требует внимание» /Степной маяк 1999 жыл 19 наурыз.

7)А.Қазбеков «Қопа көлінің экологиялық ахуалы» Бұқпа №29 21 шілде 2005 жыл

8) « Қопаға шомылуға бола ма?» / Экологиялық жаршы/ 24 маусым 1998 жыл

9) «Невезучая Қопа»

/Степной маяк/ 25 августа 2005 год стр 9

10) Қазбеков А.Қ .Су ресурстарын қорғау және пайдалану.- Көкшетау. 2008.-2,3 бет.


11) Көкшенің көгілдір қазынасы неме ауыз су тапшылығынан құтылар.-Көкшетау газеті,

17, қазан, 1994.- 4,5 бет.


12) Возная Н.Ф. Микробиология және су химиясы.-М.1988.-284 бет.


13)Зарубаев Н.В.Су ресурстарын кешенді пайдалану және сақтау.-Л.:Строительное

издательство.1986.-223 бет.

14)Қоршаған ортаның гигиенасы жөніндегі ұлттық әрекет жоспары.

Астана-Көкшетау. 2000.


15). Здоровье населения РК и деятельность учреждений здравоохранения в 1998

году. Алматы. 1999.


16).С.Г.Маковинм ., А.А.Вакулин. Табиғатты қорғау. Мәскеу. 1983.


17).М.М.Швецов. Жер ресурстарын ұтымды пайдалану міндеттері, Мәскеу. 1979

18). Здоровье населения РК и деятельность организаций здравоохранения в 2000 году, Астана-Алматы. 2001.

19).[ http://www.tarsu.kz/lib/doc/Vestnik_2007/]

20)[ http://e.gov.kz/wps/portal/download? ].

21).[http://kz-ref.ucoz.kz/load/.]
22)
[source ref: concepcia_ekolog_bezopasn.doc]















26



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

 Көкшетаудың ғажайып табиғаты

Көкшетау-Қазақстанның солтүстігінде орналасқан тарихи-географиялық аймақ.Қазіргі Ақмола облысының солтүстік бөлігі мен оған шектесетін солтүстік Қазақстан облысының:Айыртау,Тайынша,Ғабит Мүсірепов,Ақжар,Шоқан Уәлиханов аудандарын қамтиды.Орталық бөлігінде Көкшетеу қыраты орналасқан.Шығыстан батысқа қарай Көкше,Жақсы Жалғызтау,Жаман Жалғызтау,Имантау,Жылантау,Сандықтау,Үлкентүкті,Бұқпа,Қошқарбай,Зеренді таулары,Айыртау,Сырымбет секілді таулар мен Шортанды,Бүркітті асуы,Үлкен Шабақты,Кіші Шабақты,Бурабай,Айнакөл,Айдабол,Зеренді,Қопа,Атансор,Майлысор,Мамай,Саумалкөл,Шалқар,Үлкен Қоскөл,Кіші Қоскөл,Бурабай көлінің ортасында-Жұмбақтас тұр.Бұл аймақта “Оқжетпес”,”Жеке батыр'',”Кенесары” үңгірі орналасқан.Көптеген ұсақ өзендер көктемде қатты тасығаныменен,жазда суы азайып,көпшілігінің арналары кеуіп қалады.

Автор
Дата добавления 21.04.2015
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1677
Номер материала 490495
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх