Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Конспекты / Отчет С для уровневиков
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Отчет С для уровневиков

библиотека
материалов

Адрейсова Гульжанат Алданқызы мұғалім портфолиосы С есебі

1 топ І деңгей

Қарағанды қаласы 22.05.2014ж


Өз мектебімде өзгеріс еңгізу үшін маған не істеу керек?


Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев адам бойында ең алдымен ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек болу керек десе, Шульман мұғалімге «Үш көмекші» ретінде жүректің, қолдың , бастың атқаратын қызметін ұсынады. Осы екі адамның өсиеті әрбір мұғалімнің санасында мықтап орын алса алынбайтын қамал жоқ екендігі мәлім. Әлем өзгеріп жатқанда сана өзгереді, біз өзгереміз. Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім», - деген еді. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр.

Өзімізді алдыңғы қатарлы елдер арасында көргіміз келсе, өзімізден бастап көзқарасымызды өзгертуіміз керек, жаңашылдыққа бет бұрып, батыстың заманауи педагогикалық үрдістерін басшылыққа алуымыз керек екендігі – қазіргі заманның өзекті мәселесі болып тұр.

Деңгейлік курстардың тыңдаушылары өздерінің мектептегі тәжірибе кезеңінде аз да болса мектепті өзгертуге, жаңашылдық жаршысы болуға ұмтылады.Өзінің бір ай бойы оқыған білімін өзгелерге үйретуге асығады. Үйрете жүріп, өзі де үйренеді. Мен де өз жұмысымда осындай ұстанымды басшылыққа алдым. Бірінші бетпе-бет кезеңінде алған білімімді практика жүзінде іске асыруға асықтым. Өз жоспарымның іске асырып болғаннан кейін мектебім қандай деңгейде болады, оны дамытуға аз да болса үлес қоса аламын ба, мұғалімдер мені түсіністікпен қабылдай алады ма деген ойлар мазалағаны анық. Бірақ, өз мектебім, өзімнің педагогикалық тәжірибемнің алғашқы баспалдағы екенін ойласам, бәрі сәтті шығатын сияқты. Жұмысымды бастамас бұрын өзім мектеп мұғалімдерінің контингентіне мынандай талдау жасадым: мектеп ұжымы 19 адамнан тұрады, 3 ер адам, қалғандары әйелдер. Ұжымның дені көбі жастар. Жоғары санатты 3 мұғалім, І санатты 8 мұғалім, ІІ санатты 8 мұғалім бар. Орташа жас -40. Ұжымның 90 пайызы жоғары білімді. Мектеп мұғалімдерінің барлығы жаңашылдықпен жұмыс жасауға қызығады, білім жетілдіру курстарынан өткен әрбір мұғалім «Айтарым бар, әріптес!» атты семинар өткізуді дәстүрге айналдырған. Ол семинарларда, оқып келген мұғалімдер ұжымды білім саласында болып жатқан жаңалықтармен, жаңа технологиялар, оларды пайдалану тиімділігімен таныстырады. Педагогика және психология тұрғысынан мықты қаруланған мұғалімдер, баламен жұмыс жасағанда олардың қабілеттерін ашуға, жекелеген оқушыларды ынталандыру жолдарын, олардың эмоциялық ахуалын және сыныптан тыс өмірін терең түсіне алады. Ұжымның мүшелері компьютермен, АКТ құралдарымен жұмыс жасауды жақсы меңгерген. Өздерінің әдістемелік білімдерін үнемі жетілдіріп , республикалық, аудандық деңгейдегі әдістемелік басылымдармен үнемі байланыс жасап отырады. Жаңашылдықты тез қабылдап, оны өз тәжірибесіне қолдануға асығатын мұғалімдер саны басым. Міне осындай ұжымға келіп, жұмыс жасауда менде ешқандай кедергі болмайтын шығар деп, жұмысымды бастадым.

Мектептегі тәжірибе кезеңінің алғашқы күні мектеп директоры Б.А-пен кездестім, өзімнің жоспарларыммен, жұмыс кестеммен таныстырдым. Жалпы оқып келген курстың маңыздылығын көрсетіп, жеткізу үшін мектеп мұғалімдерімен семинар өткіздім. Семинарда мектеп мұғалімдеріне «Деңгейлік курстардың мақсаты не? Тиімді жақтары қандай? деген сұрақтар төңірегінде теориялық мағлұмат бердім. Бірінші бетпе бет кезеңінде алған білімдерімді әріптестеріммен бөлісіп, оларға заманауи оқыту стратегиялары туралы кең көлемде мағлұмат беруді мақсат етіп отырғанымды жеткіздім. Семинарға қатысқан барлық мұғалімдер тың мәліметтерді қызыға отырып тыңдап, өз ойларын білдірді, тәжірибелі мұғалімдер жас ұстаздарды осындай курстарға барып, оқып келуге үгіттеді.

Жұмысымның келесі кезеңі мектеп психологы М.З және әлеуметтік педагог Т.А-мен кездесіп, сұхбаттасып, сауалнама сұрақтарын алу болды. Мектеп психологының көмегімен сұрақтардың мазмұны құрылды, олар оқушыларға, мұғалімдерге, ата-аналарға жеке-жеке топтастырылды. Алынатын күнді белгілеп, барлық оқушылардан бір мезгілде алу үшін арнайы кабинет дайындауды ұйғардық. Мектеп социологы сұрақтардың оқушы қызығушылығынан шығып, оның мақсат мүдделеріне нұқсан келмейтін болу керектігін ескертті. Бұл сұрақтар дер кезінде алынып, талданды. Оқушылардан бір мезгілде алсақ, ата-аналарға сынып жетекшілер арқылы сұрақ парақтарын үйлеріне таратып бердік. Мұғалімдерден жеке-жеке парақшалар тарату арқылы жұмыс жасадық. Сұрақтардың басым тақырыбы оқушының бос уақытын қалай өткізеді, әдеби кітап оқуға балалар қаншалықты қызығады- соны білу болды. Нәтижесінде мектеп оқушыларының көпшілігі кітап оқымайды, теледидар көріп, музыка тыңдайтын болып шықты. Ата-аналар тарапынан да балаларының кітап оқуға қызығушылықтары төмен екендігі алаңдататындығы байқалды. Мұғалімдерде кітап оқудың оқушыға берер пайдасы зор екендігін атап көрсетті. Яғни, алып отырған басымдығым мектепке жаңалық еңгізудің бір бағыты екендігіне көзім жетті. Бұл проблеманы шешу мақсатында арнайы даму жоспарын құрдым. Жоспардың басымдылығы «Оқушыларды кітап оқуға қалай қызықтырамыз?» деген сұрақ төңірегінде болды. Жоспар бойынша іске асатын шаруалар үш бағытта жүргізіледі. Мұғалімдермен, оқушылармен, ата-аналармен жүргізілетін жұмыстардан тұратын даму жоспары аз да болса мектептің дамуына үлес қосады деп сенемін.

Жалпы мектеп мұғалімдерінің СТО стратегиялары туралы білімдерін кеңейту мақсатында, олардың сұраныстары бойынша «Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары» атты шеберлік сабағын өткізуді жоспарладым, себебі СТО стратегиялары жеті модульдің бірі ретінде маңызды тақырып және де қазіргі жаңаша оқытудың басты құралы, әдіс-тәсілі. Қазіргі заманауи оқудың басты тәсілі –сын тұрғысынан ойлау стратегиялары оқушыны өздігінен оқуға және өз бетінше жаңалық ашуға бағыттайтыны белгілі. «ДЖИКСО», «Кубизм», «Автор орындығы», «Серпілген сауал», «ТВ-шоу» тағы да басқа СТО стратегияларын және топқа бөлудің әртүрлі тәсілдерін көрсете отырып, мұғалімдердің әдістемелік білімдерін толықтыруға өз үлесімді қосамын деп есептеймін. Бұған қатысатын мектептің мұғалімдері топқа бөлудің әртүрлі әдістерін, сабақта пайдалануға болатын СТО стратегияларын практика жүзінде көре отырып, оларды жүргізу ережелерін толық үйренеді, ал ата-аналар балаларына беретін пайдасын көре алады. Бұл стратегиялардың сабақ үрдісінде қалай және қай жерде пайдалануға болады, сергіту сәттері қаншалықты пайдалы, топпен жұмыс жасаған кезде оқушы қандай әсерде болады – осының барлығын мұғалімдер өздері түсініп, сабақтарында пайдаланады деген шешімге келіп отырмын.

Мектеп ұстазы К.С өзіммен қатарлас 3 деңгей курсында оқып жатыр, менімен қатар мектептегі тәжірибе кезеңіне келді. Бұл мұғалім өзімнің оқушым болған, жаңа мектепке жұмысқа келгеннен бастап өзіне тәлімгер болғанмын. Осы практика кезеңінде мені өзіне тәлімгер болуымды өтінді. Мен келісім беріп, К.С-мен алдағы жұмысымызды жоспарладық. Ол тізбектелген сабақтар топтамасы бойынша орта мерзімді жоспарын 6-сыныптың биология сабағына жасағандығын айтып, бірінші сабағының қысқа мерзімді жоспарымен таныстырды. Аздаған өзгерістер енгізіп, ол кісінің келісімі бойынша сол сабағына мектеп директорын, пән бірлестік жетекшісін қатыстырамыз деп шештік, себебі оқудан келгеннен кейінгі алғашқы сабақ әрқашанда қызықты болады және де оқып келген жаңалықтарды алғаш мектеп әкімшілігіне көрсетіп, одан кейін әріптестерге көрсетуді ұйғардық. Осылай тәлім алушының әр сабағына сынып жетекшісін, ата-аналарды, фокус топ мүшелерін кіргізіп отырдым. 6 сынып оқушылары тәлім алушының әр сабағында үлкен белсенділік танытып, топпен жұмыс жасағанда бір-біріне үнемі қолдау көрсетіп отырды. Сабақтан кейін оқушылардан алған видеосұхбатта оқушылар өздерінің алған әсерлерімен бөліскен кезде, шынымен сабақтардың қызықты болғанын айтса, біреулері адамгершілік жағын да ескерді. Тізбектелген 4 сабаққа қатысқан ұстаздар мен ата-аналар ерекше сезімде болғандықтарын айтты, СТО стратегиялары, топтық жұмыс оқушыны шыныменде қызықтыратындығын байқадық деді.Мектепте өтетін әрбір сабақ осындай стратегияларды пайдалана отырып өткізілсе, білім сапасының артуына да септігін тигізеді, оқушының сөйлеу мәдениетін дамытып, бір-біріне деген достық сезімдерін қалыптастырады деп шешті олар. Мерсердің айтуы бойынша құрдастар арасындағы қарым-қатынас оқытудың басты рөл атқаратын тетігі. Міне, осы сыныпта 4 сабақ бойы байқағаным сынып оқушылары топпен жұмыс жасағанда бір-бірін жатсынбай, көмектесіп, ортақ шешімге дауласпай келіп, маңызды шешімдерді бірігіп қабылдауды, өз беттерінше жұмыс жасап, жоба қорғап, бір-бірінің пікірінің құндылығын ескеруі- осы жаңаша оқытудың жемісі. Әрине, дәстүрлі оқытудың да өзінше артықшыдығы бар, бірақ қазіргі таңда технология дамып, инновациялық үрдіс кең құлаш жайған заманда ескі оқыту принциптерімен қалып қою – мектеп жұмысын алға жылжытпайды. Сондықтан, І деңгейде оқып жатқан мұғалім міндеті жаңаша оқыту және жаңаша оқытуға өз әріптестерін үйрету.

Міне осындай мақсатпен, жұмыс кестесі бойынша мектеп мұғалімдері арасында «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі бойынша алғашқы коучинг сессия өткізуді жоспарладым. Керемет қызығушылық тудыру үшін мұғалімдерді топқа бөліп, аса зор құлшыныспен жұмыс жасауларына жағдай туғызуым керек деп ойлаймын. Сондықтан коучинг жоспарын құрғанда практикалық жағдайға көп мән беруім керек. Арнайы видеороликтер пайдаланып, миға шабуыл жасап, постерлер қорғату арқылы бар білгенімді мұғалімдерге жеткізуге тырысамын. Мұғалімдердің жоғарғы қызығушылық танытады деп ойлаймын, себебі – мұндай коучингтер бұрын соңды мектепте болмаған, курста оқып жүрген алғашқы ұстаздар біз ғана болатынбыз. Сондықтан мұғалімдер жаңалық жаршысы болған біздің жұмысымызды жылы қабылдауға тиіс . Коучинг соңында арнайы дәптер бастап мұғалімдердің пікірлерін жазып аламын.

Даму жоспарындағы жұмыстарымды да қатар жүргіземін деп отырмын. Алғашқы аптада алынған сауалнама қорытындысы мектептің даму жоспарының басымдығын анықтап берді. Ол «Мектеп оқушыларының жартысынан көбі әдеби кітап оқымайды, бос уақытын теледидар көрумен, музыка тыңдаумен өткізеді. Сондықтан, оларға кітап оқудың маңыздылығын жеткізуім керек. Мектеп мұғалімдерімен, кітапханашымен біріге отырып барлық сыныптарда оқушыларды кітап оқуға тарту мақсатында сынып сағаттарын өткізіп, «Кітап-асыл қазына» атты сайысты 7-8-9 сынып оқушылары арасында кітапханаша К.Г екеуміз жүргіземіз. Төменгі сынып оқушыларымен ауыл кітапханасына саяхат жасап, кітапханашы С.С-мен кездесу ұйымдастырамын. Бұл үрдіске сынып жетекшілері, ата-аналар да тартылады. Ата-аналар арасында «Балаңыз кітап оқиды ма?» атты дөңгелек стол өткізіп, ата-аналармен осы проблема тақырыбында әңгімелесіп, оны шешу жолдарын бірлесе отырып анықтау керек. Себебі , кез-келген проблеманы жалғыз мұғалім шеше алмайды, бірлесіп атқарған жұмыс қана өз жемісін береді деп ойлаймын. Ата-аналар тарапынан алынған сауалнама қорытындысы, олардың осы проблеманы аса маңызды деп есептейтіні айқындалып тұр. Олар да балаларының кітап оқып, тілдерін жаттықтырып, сөйлеу мәдениеттерінің артқанын, ой-қиялдарының жоғары деңгейге көтерілгендерін қалайтыны белгілі, сондықтан алдағы уақытта да мектептің даму жоспарын құрған кезде , осы мәселені шешу бағытында ұзақ мерзімді жоспар құрып, жұмыс жасаймыз.

Сонымен қатар, мектептегі тәжірибе кезеңінде Lesson Study зерттеу сабақтарын өткізуіміз керек. Бұған фокус топ мүшелері ретінде гуманитарлық пәндер бірлестігінің мұғалімдерін алып, олармен «Топтық жұмыс, СТО стратегиялары арқылы оқушының сөйлеу дағдыларын дамыту» атты проблема бойынша жұмыс жасауды жоспарлап отырмын. Бұл тақырып өзімнің даму жоспарымның мақсатынан туындап отыр. Арнайы жұмыс жоспарын құрып, бақылайтын оқушыларды анықтап, сабақтардың күндерін анықтап, фокус топ мүшелеріне жұмыс мақсатын таныстырып, зерттеу сабағы туралы қысқаша мәлімет беруім керек. Ол үшін фокус топ мүшелерімен арнайы кездесу өткізіп, ортақ пікір қабылдауды жөн көрдім. Әрине, бір ай ішінде осындай ауқымды мәселені шешіп бітіру мүмкін емес, сондықтан алдағы оқу жылында да осы бағыттағы жұмыстарды жалғастырамын деп есептеймін. Lesson Study зерттеу сабақтары мұғалімдердің іс тәжірибелерін дамытуға, оқушылардың даму деңгейлерін жоғарылатуға оң ықпал етері анық. Бұл тәсіл өте тиімді, себебі ол мұғалімдерге әдеттегіге қарағанда балалардың білім алғандығының анағұрлым анық, әртүрлі қырларынан және егжей тегжейлі дәлелін көруге, оқытуды нәтижесінде оқушылардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратындай етіп қалай жоспарлау керектігін түсінуге көмектеседі. Егер зерттеулер сәтті шықса, біз оқушының тілін дамытуға, ойын еркін жеткізе алуына топтық жұмыс, СТО стратегиялары қаншалықты оң әсер ететінін анықтап, педагогикалық кеңесте нәтижесімен мұғалімдерді таныстырып, келешекте әрбір мұғалімге оларды сабақта пайдалануға ұсыныс жасай аламыз.

Мектеп мұғалімдері өзге мұғалімдермен, басқа ауыл, аудан, қала берді облыс мектептерінің мұғалімдерімен, кәсіби желілік қоғамдастық мүшелерімен бірлесе отырып жұмыс жасамайтыны белгілі. Біз қазір жұмысымызде тек өз мектебіміздің аясында ғана атқаратын дәрежедеміз. І деңгей тыңдаушысы ретінді менің басты міндеттерімнің бірі – желілік қоғамдастық құру, басқа жақта жұмыс жасайтын мұғалімдерді ортақ проблемаларды шешуге тарту. Осы мәселені шеші үшін өзімнің ұзақ мерзімді жоспарыма арнайы бөлім еңгізіуім керек. Әрине, барлық мектептерде әртүрлі проблемалар баршылық. Соларды бірлесіп шешу – мұғалімге көп көмек берері сөзсіз. Мен Шашубай кентіндегі «Шашубай мектеп-балабақша» КММ кешенімен байланыс жасап, сол мектептің желілік қоғамдастығына мүше ретінде кіріп, болашақта өз мектебімнің басқа мұғалімдерін де кіргізсем деп ойлаймын, себебі ол мектептің көп мұғалімі І,ІІ,ІІІ деңгейлік курстарды аяқтап, сертификатталған. Қазіргі таңда аудан бойынша алдыңғы қатарлы мектеп ретінде жемісті жұмыс жасап жатқан жайлары бар. Біздің мектеп мұғалімдері олармен тәжірибе алмасып, көп нәрсе үйренеді және өзгелерді де үйрете алады деп есептеймін.

Жоғарыда көрсеткен барлық жұмыстарым іске асып, болжамдарым орындалып жатса, өзімнің жұмысымнан кейін мектеп мұғалімдері мен оқушыларыбойынан төмендегідей нәтиже көрсем деп ойлаймын:

  1. Мектеп мұғалімдері деңгейлік курстардың маңызын терең түсінеді және ол курстарды оқуға қызығушылық танытады.

  2. Олар өз сабақтарында топтық жұмысты, СТО стратегияларын сауатты пайдаланып, ұтымды қолдана алады.

  3. Мұғалімдер жаңа тәсілдерді жетік меңгеріп, сабақ үрдісінде тек қана бағыт бағдар беруші ретінде болады.

  4. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі артып, зерттеу жұмыстарына бейімделеді.

  5. Олар «ХХІ ғасырда оқушыны қалай және неге оқыту керектігін түсіне алады.

  6. Оқушылардың оқуға деген ынта жігерлері артып, сыни ойлап, білімдерін өмірлік жағдайларында пайдалана алатын, оқудағы жаңашылдыққа қызығатын, дұрыс қабылдайтын, құрдастар пікірін сыйлап, санасуға үйренген, өз ойын еркін жеткізе алатын, өзін-өзі және өзгелерді әділ бағалай алады.

  7. Мұғалім мен оқушы арасында өзара түсіністік негізінде адамгершілік қарым-қатынас орнайды, оқушылардың тіл байлықтары артып, мәдени және рухани саналары толықтырылады.

Ұлы Абай Құнанбаевтың «Ешкімге сенбе, қиындықтан алып шығар білімің мен күш қайратыңа сен» деген сөздерін өзімнің педагогикалық жолымдағы басты ұстанымым ретінде қабылдағандықтан, мектептегі тәжірибе кезеңіндегі жұмыстарымды жүргізгенде, Қарағанды қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығындағы тренерімнен І бетпе-бет кезеңінде алған теориялық білімдерімді тиімді пайдаланып, жақсы жетістіктерге жетемін деп ойлаймын және оған жетуге бар күшімді саламын.



Пайдаланған әдебиет:

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық І деңгей

2. Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауы


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 03.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров405
Номер материала ДВ-117521
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх