Инфоурок Другое ПрезентацииОткрытый урок на тему: Тәуелсіздік - ел тілегі

Открытый урок на тему: Тәуелсіздік - ел тілегі

Скачать материал

«Бекітемін»                                                                                                               «Келісемін»                                   

Директор                                                                                                               Оқу  ісінің меңгерушісі                   

___________                                                                                                          _____________________                  

 

«__»_______2016ж                                                                                                  «__»_______2016ж                       

 

Тәуелсіздік - ел тілегі

Тәрбие сағатының тақырыбы: Тәуелсіздік - ел тілегі

Мақсаты: Тәуелсіздік күні, желтоқсан оқиғасы туралы мағлұмат беру.

Оқушыларға патриоттық тірбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқынның тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Желтоқсан оқиғасы тақырыбына арналған буклеттер, нақыл сөздер, магнитофон, 25 – жылдыққа арналған плакаттар, видео-фильм.

Барысы:

1. Ұйымдастырушылық кезең.

Жоспар:

I. Тәуелсіздік Қазақстанға 25 жыл.

II. Әдеби монтаж

III. Видео-фильм

Мұғалімнің сөзі: Құрметті қонақтар, ұстаздармен оқушылар, халқымыз үшін ең қасиетті де қастерлі тәуелсіздікке 25жыл толды. Бүгінгі «Тәуелсіздік – ел тілегі» деп аталатын тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

1-жүргізуші:

Әнұраным жанұраным

Айтар әнім, сөйлер сөзім.

Туған жерім – сағынарым

Мәңгі бақи шырқалады.   

 

Мемлекеттік ән ұран орындалады.

Докладқа сөз беріледі

Әдеби монтаж

 

1-оқушы:

Мен қазақпын мың өліп мың тірілген

Жүрегімде таныстым мұң тіліммен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн тірілген.

 

2-оқушы:

Мен қазақпын, биікпін байтақ елмін,

Қайта тудым өмірге қайта келдім

Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді айта бергім!

 

3-оқушы:

Біз қазақ деген мал баққан елміз,

Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.

Елімізден құт-береке қашпасын деп,

Жеріміздің шетін жау баспасын деп,

 

4-оқушы:

Найзаға үкі таққан елміз.

Ешбір дұшпан басынбаған елміз

Басымыздан сөз асырмаған елміз.

Досымызды сақтай білген елміз,

Дәм-тұзын ақтай білген елміз.

 

5-оқушы:

Атадан ұл туса құл болам деп тумайды,

Анадан қыз тусы күң болам деп тумайды.

Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз

Асқақтаған хан болса, хан ордасын алмайтын елміз.

 

1-жүргізуші:

Басымызға ноқта киіп, аяғымызға арқан байлағалы 260 жыл болды. Бұдандықтың бұдасын о баста өзіміз тілеп алғанымызбен, өз еркімен қосылған елдің «еңірегенде етегін жасқа толтырып, тілеп алған аурудың емі жоқ»- дегендей, елімздін де, жеріміздін де айырылып қала жаздадық.

 

2-жүргізуші: « Еңку – еңку жер шалып, егеулі найза қолға алып», ұлан байтақ жерін көздің қарашағындай қорғап қалған ата бабаларымыздың ақ арманы ұрпақтарының әз елінде, өз жерінде жайраңдап күліп, көкірегін керіп, еркінсіп жүретін тәуелсіздік таңының атқанына, сол тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тұтқасы – бізге аманат» атты тарихи шеруді бастаймыз!

 

1-жүргізуші:

Осындай боп, білмеймін, кімнен тудым?

Бәлки сақ, бәлки бір ғұннан тудым.

Деп шатыпты біреулер «күннен тудым»

Жоқ, сірә мен қара құл, күннен тудым...

 

Күй орындалады

 

2-жүргізуші:

Тәуелсіздік Қазақстанға оңай келген жоқ. Қазақ халқы осы тәуелсіздік жолында небір қиын-қыстау кезеңді бастан кешірді десеңші, арыға бармай 1720 жылдан бергі тарихқы қысқаша шолық өтсек. 1723 жылғы «Ақтабан шұбырындыда» 1 млн. адамнан, яғни сол кездегі халықтың 40 % айырылды.

 

1-жүргізуші:

1916 жылы патша үкіметі қазақтарды тыл жұмыстарына мобилизациялаудың тәртібін жариялады. Ашу-ыза кернеген жұмысшылар мен шаруалар көтеріліске шықты. Өзінің сипаты жөнінен ол отаршылдыққа және феодализмге қарсы ұлт-азаттық көтеріліс еді.

 

2-жүргізуші:

1917 жылы ақпан жәнеқазан төңкерілісі салдарынан, Аамат соғысы жылдарында шаруашылық күйзіліске, адамдардың ашаршылыққа душар болуынан 950 мың қазақ, яғни ел халқының 19 % апат болды. 400 мың қазақ отбасы, елден кетуге мәжбүр болды.

 

1-жүргізуші:

1937 жылы қазақ халқының қаншама аяулы азаматтары, бетке ұстар шамшырақтары қуған-сүргінге ұшырап, халқым, елім деп жүріп, «халық жауы» атады. Сол кезде абақтыға жабылғандардың саны 105 мыңға жетті. Олардың 27 мыңнан астамы атылды. Халқымыз осылайша жапа шекті.

 

2-жүргізуші:

Қазақ халқының ең соңғы өліп – тірілуі біздің халқымыздың қайғылы қасіретіне, сонымен бірге мақтанышына айналған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Осы оқиғаға қатысты жалған жаламен 99 адам сотталып, 264 адам жоғарғы оқу орнынан қуылып, әртүрлі жазаға ұшырады. Қазіргі күнде 16-17 желтоқсан Президент жарлығымен Желтоқсан құрбандарын еске алу күні, Тәуелсіздік мерекесі болып жарияланды. Міне, 1991 жылы жарияланған тәуелсіздігімізге бүгінде 25 жыл толып отыр.

 

1-жүргізуші:

Желтоқсан оқиғасы ХХ ғасырдың ірі оқиғаларының бірі. Ол тек тоталитарлық жүйенің күйреуінің бастаушысы болып қана қоймай, сондай-ақ ол бұрын бағынышты болып келген көптеген елдерге егемендік, тәуелсіздік сыйлаған зор саяси әлеуметтік құбылыс болды. 1986 жылдың желтоқсанындағы қазақ жастарының төгілген қанымен бүгінгі тәуелсіздігіміздің тұңғыш парағы жазылды.

 

 6-оқушы:

Желтоқсан туып,

Шашырап жатыр ақ мамық,

Желтоқсан түні тұрғандай мұңын ақтарып.

Шыңғырған дауыс естіліп қалып құлаққа,

Теңселіп кеттім,

Үзіліп кетуге шақ қалып...

 

7-оқушы:

Желтоқсан – майдан, жанжалы деме көшенің,

Желтоқсан – зары боздаған көмген шешенің.

Сызылған қанмен желтоқсан ұлы шекара.

Бүгінгі мен кешегің.

 

8-оқушы:

Қалса да қайда жерің, қайда көлің,

Қасқайып хақ жолыңнан таймап едің.

Айырылып күніз күлкі, түнде ұйқыдан,

Күткенің осы еді ғой, қайран елім!

 

9-оқушы:

Өр едің өлсеңде беріспеген,

Зар-мұңның әні барма сен айтпаған?

Тағдырдың зәрі барма сен ішпеген?

Тербетіп тұрса болды жер бесігім,

Дәулеттің тілеймін көл-көсірін.

Көз тимей, кірбің түспей қабағыңа

Жалғыз-ақ құтты болғай енді осы күн!

 

1-жүргізуші:

Аз ғана уақытта әлем назарын өзіне аударған толқу күшпен басылғанмен, оның мәні мен маңызы еш уақытта өшпейді. Өйткені азаттық аңсаған теңдік талап еткен халқымыздың жүрегінде ол мәңгі қалады.

 

Ә. Тінәлиевтің «Желтоқсан желі» әні орындалады.

Видео-фильм көрсету.

10-оқушы:

Тәуелсіздік үшін тігіп бастарын

Желтоқсанда шықты алаңға жастарым

Әр ұрпақтың құрбандары жеткілік

Дербестікке құн ұрамақ басқа кім?!

 

11-оқушы:

Намысымның шуағы да – Желтоқсан!

Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан!

Жігіттердің ұраны да – Желтоқсан!

Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан!

 

Желтоқсан құрбандарын еске алып, 1 минут үнсіздік жариялаймыз.

 

12-оқушы:

Өсер алдың қай уақытта да бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула желтоксанның мұзаға жанған алауы.

Өздеріңдей ар-намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда тиіс емес еңкеюге жалауы!

 

13-оқушы:

Тәуелсіздік бабалардың ұраны

Бейуақытта бойға таққан тұмары

Тәуелсіздік – жүректерде тұншығып

Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы!

 

14-оқушы:

Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,

Ол әркімге еркін өмір сыйлады.

Мектебіміз алға шығып өмірде

Жақсы атақпен нұр шапағын жинады!

 

2-жүргізуші:

Тәуелсіздігіміз жарияланғаннан кейін аз уақытта бұрын өніміз түгілгі түсімізге енбеген оқиғалар болды. Сол жетістіктерімізді атап өтейікші (оқушылар кезекпен)

•    1991 жылы 29 тамызда Семей полигоны жабылды;

•    1991 жылы 2 қазанда Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты;

•    1991 жылы 1 желтоқсанда тұңғыш Президентіміз сайланды;

•    1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кірді;

•    1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесі мемлекеттік рәміздерді қабылдады;

•    1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз мемлекетіміздің негізгі заңы Конституция қабылданды;

•    1993 жылдың 15 қарашасы жас мемлекетіміздің тарихында еркеше күн  болды. Осы күннен бастап, ұлттық валютамыз – теңге айналымға енді. Қазақстанды бүкіл әлем таныды.

1-жүргізуші:

Қазақ ешқашан басқаның жеріне сұқтанбаған, өз жерін жатқа сыйламаған және сатпаған халық.

Ұлан-ғайыр жерінің ұлтарақтай үшін жанын жалау еткен бабаларымыз тіркескеннің тізесін бүктіріп, белдескеннің белін үзген.

Сол марқасқа батыр бабаларымыздың өмір өткелдерін, ерлік жорықтарынан деректер білу – ұрпақтарға парыз міндет.

 

15-жүргізуші:

Тәуелсіз елдің ұлы өжет,

Қызы – қайратты,

Халқы – қаһарман.

Тәуелсіздікті анаңдай ардақта,

Баландай мәпеле,

Құдайдай құрметте!

16-оқушы:

Тәуелсіздік үшін тәніңді де,

Қаныңды да,

Жаныңды да аяма!

 

17-оқушы:

Елтаңбамыз ажарлы

Ән – ұранымыз әуенді

Асқақ бола түссін!

Елдігімзідң белгісі –

Көгілдір туымыз әрқашан желбірей берсін!!!

 

Қортынды сөз:

Құрметті қонақтар!

«Тәуелсіздік – ел тілегі» атты тәрбие сағаты өз мәресіне жетті.

ЕЛІМІЗДІҢ ЕГЕМЕНДІГІ ЖАСАЙ БЕРСІҢ

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Открытый урок на тему: Тәуелсіздік - ел тілегі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер гостиничного комплекса

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 641 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.01.2019 463
    • DOCX 19.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байкубекова Айнур Жолдасовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Байкубекова Айнур Жолдасовна
    Байкубекова Айнур Жолдасовна
    • На сайте: 5 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 52995
    • Всего материалов: 34

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 157 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 500 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 335 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Wildberries: от управления заказами до продвижения товаров

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 26 регионов

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с детьми: эмоциональные и зависимые расстройства

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Мини-курс

Развитие детей: сенсорика, самостоятельность и моторика

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек