Инфоурок Другое СтатьиОқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жұмыстары

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жұмыстары

Скачать материал

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ

 

«Қазақстанның болашағы білімді ұрпақта»

 Н.Ә.Назарбаев

 

Қоғамда болып жатқан өзгерістер оқытудың, педагогикалық технологияның өзгерісін талап етуде. Жеткіншек тұлғаны заман талабына сай болуға дайындау, яғни алдына мақсат қоя білуге, осы мақсатқа жету үшін өзін-өзі дамыта білуге, ізденімпаздықпен жұмыс істеуге, ақпараттық кеңістікте дұрыс әрекет ете білуге бағыттай алуға тиіспіз. Ежелгі қытай философы Конфуцийдің «Естігенімді – ұмытамын, көргенімді – есте сақтаймын, өз істегенімді – меңгеремін» деген қанатты сөзі бар. Яғни оқу барысында оқушыны өз бетімен іздендіре отырып, өзіне деген сенімділік күшін тудырып, өз ойын анық жеткізе біліп, дұрыс шешім қабылдауға, жеке тұлға болып қалыптасуына  бейімдеу қажет.

Оқушылардың жобалық жұмыстары келесі кезеңдерден тұрады: Негізгі мақсат: бағдарламамен жұмыс істеу дағдыларын дамыта отырып, өз қиялдарын жетілдіру. Мақсаттар: бағдарламада жұмыстарын жүйелеу және жалпылау; ақпараттық құзырлығын, өзгеше, сыни ойлауын жетілдіру; теориялық білімдерін тәжірибеде бекіту; жобалық-зерттеу жұмысымен дағдыларын жетілдіру. Жобамен жұмыс жоспары: I-кезең. Дайындық кезеңі. Оқушылар жобалық-зерттеу жұмыстарының мақсатымен танысып, тақырыбын таңдайды. Нәтижесіне болжау жасайды. Мұғалім ролі – оқушылардың әрекетін қажетті өзекке бағыттау, кеңес беру. II-кезең. Жобаны іске асыру кезеңі. Оқушы осыған дейін алған білімін бекітеді, көп жағдайда олар қосымша материалды өз бетімен игереді, бағдарламалық жабдықтармен жұмыс істеу дағдыларын дамытады. Мұғалім ролі – оқушыларды ынталандырушы, мақсат қоюшы. III-кезең. Қорытындылау, нәтижені көру кезеңі. Жобаны талғамға сай безендіріп, қорғауға дайындық. Мұғалім ролі - оқушының жетістігін құптаушы. IV-кезең. Жобаны қорғау. Алынған нәтиже туралы есеп береді. Бір-бірін мұқият тыңдайды, сөйлеу мәдениетін ескере отырып бір-бірінің ойларын жалғастырып отырады. Сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты ашып, жобасының үздік жақтарын көрсете алады. Мұғалім ролі- жобаны бағалау. Бағалауда оқушы жұмысының нәтижелілігі мен қаншалықты іске асқандығы бағаланады. Кез-келген нәтижелі жұмысты жақсы бағаға бағалауға болады. Бағалауда ескерілетін критерийлер: алған білімдерін тапсырма орындауда қаншалықты тиімді пайдаланғаны; жобамен жұмыста алған жаңа білімдері; пайдаланған ақпаратты ұғыну дәрежесі; тапсырманы орындау барысында пайдаланған идеяларының ерекшелігі; жобаның мәселесін ұғынуы және зерттеудің мақсатын қалыптастыруы; жобаны қорғау деңгейі: көрнекіліктер, сөйлеу мәнері, сұрақтарға жауап бере алуы. Жобамен жұмыс жасау барысында оқушылар өздерінің жұмыстарының кемшіліктері мен артықшылықтарын көре отырып жұмыс істеуге, өзара көмектесу, өз беттерімен жұмыс жасауға дағдыланады. Сонымен, жобамен жұмыс оқушылардың логикалық ойлауын дамытады, өз көзқарастарын қорғай алады, қызығушылығы артады.

Оқушымен шығармашылық жұмыс бастамас бұрын мұғалім өзіне төмендегідей талап қойғаны дұрыс:

1. Дарынды баланы анықтауда психологпен бірлескен жұмыс жасау;

2. Ата-анасымен педагог ретінде сөйлесе білу;

3. Дарынды балаларға арнайы бағдарламалар жасау;

4. Дарынды балаға шығармашылықпен жұмыс істеу үшін жаңа, тың

тапсырмалар беру, орындалуына талап қою;

5. Жаңа технология элементтерін сабақта пайдалану;

6. Тапсырманың орындалу нәтижесін қадағалау.

Оқушыларды ғылыми жоба жарыстарына дайындауда мынадай мәселелерге ерекше көңіл бөлу қажет:

- Тақырыптың ғылыми құндылылығы;

- Таңдаған тақырыпты ашудағы оқушы еңбегінің сипаты, қосқан үлесі;

- Көрнекілігі мен ұсынылған материалдың сапалылығы;

- Ойын ұтымды, жағымды жеткізе алуы, сөйлеу мәнері, өзін ұстауы,

аудиторияны тартуы;

- Жұмыстың көркем безендірілуі.

Оқушылардың бойында дарындылық қасиеттерін, ізденімпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық ой, пәндік апталықтар мен үйірмелер, факультативтік сабақтардың маңызы зор. Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет. Мектептегі пәндік сайыстар, түрлі шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, оң нәтижеге жетуге ықпал етеді.

Мектебіміздің оқушылары аудандық, республикалық және халықаралық ғылыми жұмыстарына да қатысып, жақсы жетістіктер көрсете білді. Мысал ретінде Джаскен Каныш Муратұлы – 9 сынып оқушысы: 1. Аудандық ғылыми жобалар қорғауда І орын иегері. 2. Республикалық қосымша білім беру орталығы өткізген байқауда ІІ орын иегері. 3. ҚР Кіші Ғылым академиясы, ИнЕУ-де өткізілген «Білім мен ғылым интеграциясы - болашаққа нық қадам» атты халықаралық байқауында ІІІ орын иегері. 4. Алматы қаласында «Бейбітшілік әлемі» Қазақ Халықаралық Творчестволық Бірлестігі өткізген халықаралық байқауда І орын иегері.

Заиргельдинов Санжар Куатович – 10 сынып оқушысы: 1. Алматы қаласында «Бейбітшілік әлемі» Қазақ Халықаралық Творчестволық Бірлестігі өткізген халықаралық байқауда бас жүлде иегері. 2. Түркістан қаласында өткізілген Халықаралық байқауда ІІ орын иегері. 3. Халықаралық ғұламалар одағының мүшесі.

Суюшпаева Даяна Руслановна – 5 сынып оқушысы: 1. ҚР Кіші Ғылым академиясы ИнЕУ-де өткізген «Білім мен ғылым интеграциясы - болашаққа нық қадам» атты халықаралық байқауда «Жас ғалым» диплом иегері.

 

Описание: D:\с телефона март 2016 год\20151106_161837.jpg

 

Алматы қаласы, 2015 жыл. Фотосуретте (сол жақтан оңға қарай)

Заиргельдинов Санжар, Нураманов Абен Алдабергенович, Джаскен Каныш.

 

«Бұлақ көрсең, көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін, дарынын ашу және әрбір оқушының өз мүмкіндіктерін, қабілет және икемділігін таныта білуіне жағдай жасау – мұғалімнің басты міндеттерінің бірі. Ендеше мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына көмектесуіміз қажет.

Жаңа ғасырға қадам басқан жас жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімділігі болу керек. Ол өмірдің әр тетігіне үңіліп, тығырықтан шығар жолға даяр болуы қажет. Дарынды да, қабілетті оқушыларды ғылымға баулып, ғылым арқылы егемендігімізді нығайтуға үлес қосайық құрметті әріптестер!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жұмыстары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Музыкальный журналист

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 132 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.06.2017 952
    • DOCX 7.6 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Исабеков Аманжол Сейпилмаликович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 34501
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой