Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыОйын – ойлау қабілетін арттыру құралы

Ойын – ойлау қабілетін арттыру құралы

Скачать материал

Ойын – ойлау қабілетін арттыру құралы     

 « Баланың балалығын тыйдым дегенше, ер жеткендегі даналығын тыйдым деңіз»

« Бала ер жетпей тұрғанда бала болсын – табиғаттың талабы осы. Егер біз бұл тәртіпті бұзуға ниеттенсек, онда шала піскен, оңай бұзылуға бейім, дәм- татуы жоқ жеміске ие боламыз»

« Балалық шақты балалық шағында көктетіңдер» Ж.Ж.Руссо

Бастауыш сынып оқушысының білуге деген ынтасы мен мүмкіндігін толық пайдалану және оларды оқу үрдісінде үздіксіз дамытып отыру, сабақ барысында алған білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын  қалыптастыру үшін сабақтарда ойын түрлерін пайдаланудың орны ерекше. Ойын- өмір танымының алғашқы қадамы. Ж.Ж.Руссоның  «Балаң ақылды әрі есті болсын десең, дені сау, мықты етіп өсір. Ол жұмыс істесін, әрекеттенсін, жүгірсін, айқайласын, тынымсыз қимыл үстінде болсын» дегендегі  ойынның бала өміріндегі ажырамас бөлігі екендігін айтқысы келгендей. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С. Макаренко былай деп жазды: « Бала өміріндегі ойынның маңызы зор , ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады».

Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады. Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан басталады. Халық даналығындағы «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озған, өмірде де озады» деген аталы сөздің сырына жүгінсек, баланың бастауыш сыныпта ойынға деген құлшынысы, қарым- қатынасы, мінез-құлық көріністері, олар өсіп есейгенде де өмірінде де жалғаса береді. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, білімді меңгерту болса, мұғалімнің міндеті- сол ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушылардың өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу болып табылады.

Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай, оның өмір құбылыстары  жайлы таным түсінігіне де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез табысып, жақсы қарым-қатынас барысында:

1)    Іс-әрекеттің жақсы жақтарын аңғарады, жағымды ойлауды үйренеді.

2)    Жанындағы адамдарды ұнатып, жақсы көре біледі, оларды қуантуға асығады.

3)    Бір-біріне көмектесе біледі, жанашырлық сезімі оянады, қамқорлық жасай біледі.

4)    Кешірімді болуға, өзгені ренжітпеуге тырысады.

Бастауыш сынып балаларымен ойналатын ойынның мазмұны жеңіл болады, сыныбы үлкейген сайын ол күрделенеді.

Овал: Ойын                                            Ақыл-ойды кеңейтеді

 

                                                      Шығармашылық қабілеті ұшталады

                                                Өзінің денесін шынықтырады

                                                  

                                                   Эстетикалық тәрбие береді

         Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті ойын болса, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен, оқуға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асырылады.

         Қазіргі таңда қай сабақта болмасын талапқа сай дайындалған көрнекілік пен жұмбақ, ребус т. б. араластыра отырып, ойын түрлерін кеңінен пайдаланған дұрыс.Сөзіміздің дәлелді болуы үшін 1-2 сыныптарда қазақ тілі сабағында қолданатын ойын түрі «Қай  әріпті жоғалттым? » ойыны. Мысалы: да...ла, д...п, ай...а, л...қ. « Қай буынды жоғалттым? » ойыны. Мысалы: та...., пар..., ша...ла, те...мет, а...ша. Ойын жаттығуларға сөзжұмбақтар, ребус, жаңылтпаштар жатады. Қимыл-қозғалыс ойын түрі оқушының барлық психологиялық қабілетін арттырады.Мысалы: «Сыңарын тап», «Сөйлемді жалғастыр». Бұл ойындар балаларды кішіпейілділікке, бауырмалдылыққа тәрбиелейді. Оқушылардың сөздік қорын кеңейтеді.Ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады.

        Бастауыш сыныптарда оқушылар ойынды көп қажет етеді. Ойынды математика сабағында қолдана отырып, балаларды саналы ойлауға үйретеміз. Бала ойын іс-әрекеті үстінде білімді қалай игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің

 Қалай ойнауға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс.Мысалы: математика сабағында балалардың ой-өрісін дамытатын «Санамақ»ойыны. Оның басты ерекшелігі – баланың ойлау қабілетін жетілдіру. Ұйқастап санау арқылы бала санап үйренеді, санға аты ұқсас заттарды танып біледі. Бір дегенім – білім, екі дегенім-егеу т. б.

         Ұлттық ойындар ойнау арқылы оқушылардың өз салт – дәстүріне, әдет – ғұрпына деген сүйіспеншілігі артады. Сондықтан мен өз сабақтарымда  мынадай ойындар ойнатамын. « Бәйге»,  «Қанталапай»,  «Орамал тастамақ» т.б. ойындары.

        Я.А. Коменский: «Ойын- айналадағы дүниені танудың тәсілі» деп атап көрсеткен болатын. Осы сөздің өзінен-ақ балалардың  танымдық әрекетін қалыптастыруда ойынның қаншалықты маңызы бар екенін түсінуге болады. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймай, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.

        Ойын технологиясының атқаратын қызметіне қарай түрлері: күш жұмсау арқылы, интелектуалды ойлау қабілетін дамытатын, әлеуметтік және психологиялық. Осы түрлерінің ішінен маған тиімділеуі – интелектуалды оқушының ой өрісін дамытатын ойын технологиясы.  

         Қорыта келгенде, ойын – балалар үшін күрделі әрекет, ол білімді, ақылды ұйымдастыруды қажет етеді. Психологтардың айтуы бойынша, бала ойын үстінде қандай болса, өскенде еңбекте де сондай болады дейді. Жас сәбидің өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Ойын баланы мінез-құлқының қалыптасуына, психикалық процесс кезіндегі гармониялық жетілуіне әсер етеді.

          Қолданылған әдебиеттер:

1.     Психология.Жарықбаев К. Алматы 1993ж.

2.     «Бастауыш сынып әдістемесі» 2012ж.№3

3.     Қараев Ж.А.,Қуанбаева Б. Жетілдірілген педагогикалық жүйені жобалаудың дидактикалық шарттары // Ізденіс. Алматы, 2004.-№1

4.     «Заманауи білім» 2014ж.№1

5.     Ералиева М.Оқытудың жаңа технологиялары. 2006.-№5

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ойын – ойлау қабілетін арттыру құралы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по кредитованию

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Ойын – ойлау қабілетін арттыру құралы     

 « Баланың балалығын тыйдым дегенше, ер жеткендегі даналығын тыйдым деңіз»

« Бала ер жетпей тұрғанда бала болсын – табиғаттың талабы осы. Егер біз бұл тәртіпті бұзуға ниеттенсек, онда шала піскен, оңай бұзылуға бейім, дәм- татуы жоқ жеміске ие боламыз»

« Балалық шақты балалық шағында көктетіңдер» Ж.Ж.Руссо

Бастауыш сынып оқушысының білуге деген ынтасы мен мүмкіндігін толық пайдалану және оларды оқу үрдісінде үздіксіз дамытып отыру, сабақ барысында алған білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын  қалыптастыру үшін сабақтарда ойын түрлерін пайдаланудың орны ерекше. Ойын- өмір танымының алғашқы қадамы. Ж.Ж.Руссоның  «Балаң ақылды әрі есті болсын десең, дені сау, мықты етіп өсір. Ол жұмыс істесін, әрекеттенсін, жүгірсін, айқайласын, тынымсыз қимыл үстінде болсын» дегендегі  ойынның бала өміріндегі ажырамас бөлігі екендігін айтқысы келгендей. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С. Макаренко былай деп жазды: « Бала өміріндегі ойынның маңызы зор , ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады».

Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады. Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан басталады. Халық даналығындағы «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озған, өмірде де озады» деген аталы сөздің сырына жүгінсек, баланың бастауыш сыныпта ойынға деген құлшынысы, қарым- қатынасы, мінез-құлық көріністері, олар өсіп есейгенде де өмірінде де жалғаса береді. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, білімді меңгерту болса, мұғалімнің міндеті- сол ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушылардың өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу болып табылады.

Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай, оның өмір құбылыстары  жайлы таным түсінігіне де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез табысып, жақсы қарым-қатынас барысында:

1)    Іс-әрекеттің жақсы жақтарын аңғарады, жағымды ойлауды үйренеді.

2)    Жанындағы адамдарды ұнатып, жақсы көре біледі, оларды қуантуға асығады.

3)    Бір-біріне көмектесе біледі, жанашырлық сезімі оянады, қамқорлық жасай біледі.

4)    Кешірімді болуға, өзгені ренжітпеуге тырысады.

Бастауыш сынып балаларымен ойналатын ойынның мазмұны жеңіл болады, сыныбы үлкейген сайын ол күрделенеді.

                                            Ақыл-ойды кеңейтеді

 

                                                      Шығармашылық қабілеті ұшталады

                                                Өзінің денесін шынықтырады

                                                  

                                                   Эстетикалық тәрбие береді

         Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті ойын болса, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен, оқуға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асырылады.

         Қазіргі таңда қай сабақта болмасын талапқа сай дайындалған көрнекілік пен жұмбақ, ребус т. б. араластыра отырып, ойын түрлерін кеңінен пайдаланған дұрыс.Сөзіміздің дәлелді болуы үшін 1-2 сыныптарда қазақ тілі сабағында қолданатын ойын түрі «Қай  әріпті жоғалттым? » ойыны. Мысалы: да...ла, д...п, ай...а, л...қ. « Қай буынды жоғалттым? » ойыны. Мысалы: та...., пар..., ша...ла, те...мет, а...ша. Ойын жаттығуларға сөзжұмбақтар, ребус, жаңылтпаштар жатады. Қимыл-қозғалыс ойын түрі оқушының барлық психологиялық қабілетін арттырады.Мысалы: «Сыңарын тап», «Сөйлемді жалғастыр». Бұл ойындар балаларды кішіпейілділікке, бауырмалдылыққа тәрбиелейді. Оқушылардың сөздік қорын кеңейтеді.Ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады.

        Бастауыш сыныптарда оқушылар ойынды көп қажет етеді. Ойынды математика сабағында қолдана отырып, балаларды саналы ойлауға үйретеміз. Бала ойын іс-әрекеті үстінде білімді қалай игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің

 Қалай ойнауға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс.Мысалы: математика сабағында балалардың ой-өрісін дамытатын «Санамақ»ойыны. Оның басты ерекшелігі – баланың ойлау қабілетін жетілдіру. Ұйқастап санау арқылы бала санап үйренеді, санға аты ұқсас заттарды танып біледі. Бір дегенім – білім, екі дегенім-егеу т. б.

         Ұлттық ойындар ойнау арқылы оқушылардың өз салт – дәстүріне, әдет – ғұрпына деген сүйіспеншілігі артады. Сондықтан мен өз сабақтарымда  мынадай ойындар ойнатамын. « Бәйге»,  «Қанталапай»,  «Орамал тастамақ» т.б. ойындары.

        Я.А. Коменский: «Ойын- айналадағы дүниені танудың тәсілі» деп атап көрсеткен болатын. Осы сөздің өзінен-ақ балалардың  танымдық әрекетін қалыптастыруда ойынның қаншалықты маңызы бар екенін түсінуге болады. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймай, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.

        Ойын технологиясының атқаратын қызметіне қарай түрлері: күш жұмсау арқылы, интелектуалды ойлау қабілетін дамытатын, әлеуметтік және психологиялық. Осы түрлерінің ішінен маған тиімділеуі – интелектуалды оқушының ой өрісін дамытатын ойын технологиясы.  

         Қорыта келгенде, ойын – балалар үшін күрделі әрекет, ол білімді, ақылды ұйымдастыруды қажет етеді. Психологтардың айтуы бойынша, бала ойын үстінде қандай болса, өскенде еңбекте де сондай болады дейді. Жас сәбидің өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Ойын баланы мінез-құлқының қалыптасуына, психикалық процесс кезіндегі гармониялық жетілуіне әсер етеді.

          Қолданылған әдебиеттер:

1.     Психология.Жарықбаев К. Алматы 1993ж.

2.     «Бастауыш сынып әдістемесі»2012ж.№3

3.     Қараев Ж.А.,Қуанбаева Б. Жетілдірілген педагогикалық жүйені жобалаудың дидактикалық шарттары // Ізденіс. Алматы, 2004.-№1

4.     «Заманауи білім» 2014ж.№1

 

5.     Ералиева М.Оқытудың жаңа технологиялары. 2006.-№5

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 090 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.01.2015 1651
    • DOCX 20.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кайрбаева Айман Жаксыбайкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кайрбаева Айман Жаксыбайкызы
    Кайрбаева Айман Жаксыбайкызы
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8780
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 223 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 059 человек

Курс повышения квалификации

Гендерный подход в обучении и развитии учащихся младшего школьного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс повышения квалификации

Развитие предметных навыков при подготовке младших школьников к олимпиадам по математике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 101 человек

Мини-курс

Разнообразные методы и формы обучения в высшем образовании

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Творческие возможности в мире фотографии и медиа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 417 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 48 человек

Мини-курс

Детские и взрослые эмоции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе