Инфоурок Другое Рабочие программыПайдалы кеңестер және жағымсыз әдеттер

Пайдалы кеңестер және жағымсыз әдеттер

Скачать материал

 

Сыныбы: 4

Тәрбие сағатының тақырыбы:  Пайдалы кеңестер және жағымсыз әдеттер

 

Мақсаты: Пайдалы кеңестер және жағымсыз әдеттермен таныстыру.  Өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға баулу; жеке бас гигиенасының талапқа сай болуын қадағалау; аурудың алдын алуды үйрену; Жаман әдеттерден бойларын аулақ салуға үйрету.

Барысы:

(Аулада балалар ойнап жүреді. Сотқар бала әйқайсына тисіп жүреді. Екі бала әңгімелесіп келеді.)

Диас: Әсел мына алманы саған арнайы әкеліп едім.

Әсел: Рахмет! Қандай әдемі!

(Осы уақытта алдарынан сотқар бала шығады.)

Сотқар бала: Алма берші.

Әсел:  Міне,ала ғой.  Тоқтай тұр қолыңды жудың ба?

Сотқар бала: (Қолына түкіріп үстіне жағады.)

Әсел: Ала, ғой

Әсел:  Тоқтай тұр алманы жуып жеу керек ғой

(Сотқар алманы жейін деп тұрады.)

Әсел: Туу, бір сенің жағымсыз әрекеттерің көп екен.

Сотқар:Жағымсыз әдет, ол не нәрсе?

Жүрек  кіріп келеді.

Сотқар бала: Сен кімсің?

Жүрек: мен сенің жүрегіңмін!Сенің жағымсыз қылықтарыңның әсерінен мен жаралымын.Себебі, сен жеке бас гигиенасын, орта тазалығын  сақтамайсың, дұрыс тамақтанбайсың, спортпен шұғылданбайсың өзге адамдарға зияныңды тигізесің.

Соның салдарынан әбден шаршап, қажыдым.

Сотқар бала: Мен енді не істеуім керек?

Жүрек:Қазір достарың түрлі пайдалы кеңестер айтады.Соны мұқият есте сақтап, есіңнен шығарма.

Мерей: (Жеке бас гигиенасы)

Ұйқыңнан ерте тұр,

Жадырап, жарқын күл.

Әдетің болсын әрқашан

Жаттығу жасау, жуыну!

Аузыңды шай артынан, тамақ ішсең,

Тісті жуу соншалық түспес күшке.

Екі мәрте күніне тазаласаң,

Қартайғанша жүрерсің аппақ тіспен.

Дәрігерге тісіңді көрсетіп тұр,

Өзін сыйлар баланың дағдысы бұл.

Сотқар: Маған нағыз керек кеңес екен.Енді мен мұны іс жүзінде дәлелдеймін.

Жүрек:Міне, керемет!Рақмет саған!

Сен жеке бас тазалығыңды сақтауды үйрендің.Енді сен орта тазалығына мән беруді үйренің қажет.Ол үшін алдымен өз бөлмеңнің тазалығынан бастауың керек.

Сотқар бала: Жүрегім олай болса, маған сенің көмегің қажет секілді.

Жүрек: Олай болса, тыңдааа!

Динара: Оп-оңай!

Жүрек: Міне, керемет!бәрі оп-оңай .

Сотқар бала: Менің де қолымнан келеді екен ғой.

Жүрек: Менің жақсы тыныс алып, керемет көңіл күйде жүруім үшін спортпен шұғылдануың қажет.Өйткені, «Тәні саудың  - жаны сау» -  деген керемет сөз бар.

Сотқар бала: Неге, мен  күнде жаттығу жасап жүрмін ғой. Қалай жасайтынымды көрсетейін бе?

Жүрек: Әрине.

(Сотқар бала керіліп жаттығу жасап көсетерді )

Жүрек: Ол дұрыс емес.Оның өз жасау ережесі бар.Олай болса, достарыңнан көмек сұрайық.

Би:  Гимнастика

Әділжан: Суық қардан онша қорқа қоймасаң,

                 Шынығасың таза ауада ойнасаң.

                 Осы кезде спортпенен шұғылдан,

                 Сұлулық пен денсаулықты ойласаң

Жүрек:   Жаттығу жасауды үйрендің бе, оңай мекен.

Сотқар бала: Әрине, достарыма рахмет! Тез ақ үйреніп алдым.

Жүрек:   Тазалық сақтауды үйрендің, дене шынықтыруды үйрендің. Енді сен дұрыс тамақтануды үйрену керексің. Себебі,  Менен басқа іші ақзаларыңа зияныңды тигізесің. Сен майлы тағамдарды көп жейсің. Түрлі газдалған сусындар мен чипси, кирешикилерді көп жейсің. Бұлардың барлығы денсаулығыңа зиян. Мына бейнекөріністің көмегі тиіп қалар. Мұқият тыңдап ал.

Бейнекөрініс.Дұрыс тамақтану.

Сотқар бала: Менің жеп жүрген тағамдарымның барлығы денсаулығыма зиян екен гой. Жүрегім саған рахмет! Сенің арқаңда көптеген мәліметтерге қанық болдым.

Жүрек: Ұлықпан Хакім мың жасапты.Ұлықпан Хакім ерекше дарынды, зерек болыпты. Қандай кесел болмасын емдеп жазады екен. Күндердің күнінде сол Ұлықпан Хакім қатты науқастанып, төсек тартып жатып қалады. Шәкірттері жиналып, емдеуге кіріседі.

     Жүрек: «Жетеліге жеті өсиет» аңызы

            Ұлықпан Хакім:

-          Қымбатты шәкірттерім, мені емдеп босқа әуре болмаңдар! Мен көз жұмған соң қайғырмаңдар. Сендерге қалдырар 7 өсиетім бар. Сол өсиетке бой ұсыныңдар, өзгелерге де тарата жүріңдер,- депті.

Сотқар бала: Ұлықпан Хакім 7 өсиетінде не айтып кетті екен?

Жүрек: Оны қазір достарыңнан тыңдаймыз.

Оқушылар:

            Бірінші өсиеті: Ерте тұру.

Екінші өсиеті: Орта тазалығын сақтау.

Үшінші өсиеті: Дене шынықтыру.

Төртінші өсиеті: Үнемі денені таза ұстау.

Бесінші өсиеті: Үнемі сергек жүру.

Алтыншы өсиеті: Артық тамақ ішпеу.

Жетінші өсиеті: Көп ұйықтап жалқау болмау.

Достар!

Осы 7 өсиеттіке бой ұсыныңдар

Және

Хор: Өзгелерге де таратыңдар!

Сотқар бала: Ұлықпан деген расында данышпан адам болған екен. 7 өсиетін әттең ертерек естігенімде, Әселдің алдында бүгінгідей ұятқа қалмас едім. Өзім байқамаған екенмін, бойымдағы қаншама жағымсыз әдеттерді жинап алыппын ғой.

Жүрек: Осы жағымсыз қасиеттердің барлығынан арылу үшін адамның  дені сау және көңіл күйі жақсы болу қажет. Ал, Сен үнемі ашуланып жүресің.  Сонымен қоймай ашуыңды өзгелерден аласың,тисесің, ұрысасың, заттарын тартып аласын. Сосын сенің қайдан досың болсын

Сотқар бала: Жүрегім сенің көмегіңнің және сыныптастарымның арқасында мен жағымсыз қылықтардан арылдым. Бүгіннен бастап денімнің саулығын және көңіл күйімнің жақсы болуын қадағалаймын.  Бүгіннен бастап ешкімге тиіспеймін, ешкімді ренжітпеймін, Үнемі жан-жағыма көңілді күй сыйлауға тырасамын. Жүрегім саған мың алғыс!

Жүрек:  Жоқ, керісінше саған рахмет! Мен сенің арқаңда жеңілдеп, тазарып қалдым.

Ән: Көңілді күн.

Әсел: Мағжан, сен мүлдем өзгеріп кетіпсің гой.

Диас: Бізбен дос болуға қалай қарайсың?

Сотқар бала: Әрине, бүгін бір керемет, әрі өте көңілді күн болды ғой.

Франковский

Іс істесең әдеппен,

Шырайлы жүзің, көрік – бет.

Жиреніп жаман әдеттен,

Салауаттылықты серік ет.

Қалмайсың сонда ұятқа,

Жетесің барша мұратқа.

Жүрек:  Құрметті қонақтар! Бүгінгі «Пайдалы кеңестер және жағымсыз әдеттер» атты ашық тәрбие сағатымыз осымен тәмәм.

Сотқар бала: Келгендеріңізге көп-көп рахмет!

Жүрек: Бүгінгі пайдалы кеңестеріміз кәделеріңізге жарасын.

Сотқар бала: Деніміз сау, жанымыз тыныш, ең бастысы жүрегіміз таза болсын.

Хор:  Хош сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ертеңгілік асыңды ішкеннен соң,

Таза ауамен мектепке беттеген жөн.

Қабақ түйсең, саған ешкім қарамас.

 

.

 

 

      «Жетеліге жеті өсиет» аңызы

     

Бірінші өсиеті: Ерте тұру.

Екінші өсиеті: Орта тазалығын сақтау.

Үшінші өсиеті: Дене шынықтыру.

Төртінші өсиеті: Үнемі денені таза ұстау.

Бесінші өсиеті: Үнемі сергек жүру.

Алтыншы өсиеті: Артық тамақ ішпеу.

Жетінші өсиеті: Көп ұйықтап жалқау болмау.

 

(Денсаулық рөліндегі бала)

Өс, ұлан, сау болсын десең

Он екі мүшең, ерте тұр,

Құлақ түр, тыңда сыр.

Жапырақтар жырлар, гүлдер сыбырлар.

 

Күн нұры – құт, таза ауа жұт,

Бойыңды күт.

Селмен алысып жүгір,

Желмен жарысып жүгір,

Нұрға сылан, болып қыран,

Өс, ұлан.

 

(Тамақ гигиенасы рөліндегі бала)

Сорпа, көже, кеспені іш,

Сорпылдатпай еппен іш.

Алып жаймен алдыңа,

Үгітпей же нанды да.

Келген асты алдыңа

Тауысып іш, қалдырма,

Асты шашпай, төкпей іш,

Алақ-жұлақ етпей іш.

 

(Еңбек гигиенасы)

Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты – еңбек.

Кесте тіксең терлеп,

Мұның аты – еңбек.

Сабағыңа жөндеп

Әзірленсең – еңбек.

Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек.

 

(Тазалық гигиенасы)

«Көр,- деп,- қане жайнамай»,

Жарқыратып айнадай,

Жусам, сүртсем көне зат

Жаңа затқа айналар.

Өстіп күнде тазалық

Жүргізген үй тазарып,

Қуанышты анам жұмыстан

Келеді үйге жаз алып.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Пайдалы кеңестер және жағымсыз әдеттер"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ученый секретарь

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 412 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.02.2018 7763
    • DOCX 22 кбайт
    • 181 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Курумбаева Айжан Султанбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16589
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 22 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 500 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 335 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 288 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 852 человека

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 157 человек

Мини-курс

Основы дизайна в Figma

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 86 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Судебные процессы и их особенности

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Стратегии и инструменты для эффективного привлечения и удержания клиентов

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе